Перифраздары



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата26.10.2022
өлшемі1.63 Mb.
#45500
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
ты аударма деген терминдердің мағынасы баяндалады. 
Соларға ғылыми тұрғыдан анықтама беріледі. ІІ та-
рауда ағылшын жəне орыс тілі құрылысының 
ерекшелігіне байланысты байқалатын аударманың 
негізгі грамматикалық жəне лексика-грамматикалық 
проблемалары талданады. Ал ІІІ тарауда аударманың 
лексикалық жəне лексика-стилистикалық мəселелеріне 
анализ жасалады. Біздің көбірек көңіл бөлген бөліміміз 
осы үшінші тарау.
Мұнда авторлар фразеологиялық единицалардың 
барлық түрлерін, атап айтқанда, фразеологиялық 
тізбектерді (единства), оның ішінде, əсіресе, мақал-
мəтелдерді жəне фразеологиялық тіркестерді (құра-


109
мындағы кейбір сөздерді алмастыруға көнбіс) түгел 
қарастырады. Бұлардың бəрі де аударма үшін аса 
күрделі мəні бар мəселелер. Осы сөз болып отырған 
фразеологиялық единицалардың түрлерін аударудың 
жолы автордың көрсетуінше мына төмендегідей:
Фразеологиялық түйдектер (тұтастықтар) басқаша 
айтқанда, компоненттердің о бастағы негізгі лексикалық 
мағынасынан туындамайтын, жеке бір ғана сөзге тең 
мағынаны білдіретін идиомаларды дұрыс түсініп, 
олардың мағынасын беру қажет. Бұлардың көбінесе 
ұлттық өңі болатындықтан, басқа тілдерде дəлме-дəл 
баламасы кез келе бермейді. Идиомаларды сөзбе-сөз 
аударуға болмайды. Қателік осыдан туады. Идиоманы 
аудару жайында авторлардың пікірлері осы тектес.
Фразеологиялық тізбектер, оның ішінде, мақал-
мəтелдерді аударудың мынадай үш жолы көрсетілген: 
Бірінші жол – мағынасы да, түрі де, яғни бейнесі сайма-
сай келетін мақал-мəтелдер. Екінші жол бойынша тек 
мағынасы сақталып, соның негізінде жататын бейнесі, 
түрі жеткізілмей қалады. Үшінші жол бойынша мақал-
мəтелдердің екінші тілде баламасы болмаған күнде 
сипаттамалы аударма жасалады немесе аудармашы өз 
тарапынан мəтел жасау арқылы жеткізеді. Авторлар 
ұлттық қасиеті айқын көрініп тұрған мақал-мəтелдерді 
түпнұсқадағы мақал-мəтелдерге мағынасы жағынан 
қаншама дəл келсе де пайдаланудан бас тартады. Бұл 
түсінікті нəрсе.
Мұнда фразеологиялық тізбектердің ішінен зерттеу-
шілер салыстырмалы қалыпта түзілген бейнелі 
фразеологиялық тізбектерді бөлек алып қарастырады 
да, оны да аударудың үш түрлі жолын ұсынады. Бірінші 
топқа жататындар – екі тілде де толық бейнелі сəйкестік 
болған жағдайда, екінші топқа – дəл сол мағынаны 
басқаша бейнелеуіш құралмен беру, ал үшінші топқа – 
орыс тілінде жоқ теңеулермен беру жатады.


110
Ал фразеологиялық тіркестерді (сочетания) аудару 
онша қиынға соқпайды, авторлардың дəлелдеуінше 
шынында да солай. Бұлардың құрамындағы кейбір 
сөздерді алмастыруға болатын еркіндікті байқаймыз. 
Авторлар бұл топқа – қанатты сөздерді, сілтемелерді 
де жатқызады. Мұнда байқалатын бір нəрсе авторлар 
ғылыми терминологияға жетік. Алып отырған объектіні 
сол терминдерге салып, соның аясында нақты əңгімелейді. 
Өзге ғалымдардай жалпы мəселемен шектелмейді. 
Сондықтан да пікірлері ғылыми дəйекті, дəлелді.
Фразеологиялық единицаларды аудару проблемасы 
қаншалықты күрделі мəселе екені жоғарыда келтірілген 
пікірлерден айқын аңғарылса керек. Егер бұларды аудару 
жайында XІX-XX ғасырлардағы орыс жазушылары 
мен кейбір ғалымдардың ойларын жалғастыра түссек, 
мыналарды анықтауға болады. Белгілі дəуірлердің, 
кезеңдердің талап-талғамына орай бұларды аударудың 
жолдарын əрқилы түсінгенмен, фразеологизм проб-
лемасын көркем аударманың қажетті саласы екенін 
мойындайды. Ол пікірлердің біразы мына типтес: 
«Каждый язык имеет свои обороты, свои условленные 
риторические фигуры, свои усвоенные выражения, 
которые не могут быть переведены на другой язык 
соответствующимя словами» [60]; «...каждый язык имеет 
овои одному ему принадлежащие средства, особенности 
и свойства, до такой степени, что для того, чтобы 
передатъ верно иной образ или фразу, в переводе иногда 
их должно совершенно изменить» [61]. Бұл айтылған 
сөздерден де фразеологизмдерді бір тілден екінші тілге 
аудару қаншалықты қиын екені көрінеді. Əрине, ол тұста 
фразеологизмдерді аударудың қиындыған жазушы, 
оқымыстылардың бəрі де білгенмен, оларды аударудың 
жолдары арнайы қарастырылмаған еді.


111
Ал бертінірек келген сайын бұл мəселе төңірегіндегі 
ойлардың даму өрісін байқаймыз. Енді ғалымдар 
фразеологизмдерді аударудың мүмкін еместігін айтып 
қарап отырмай, зерттеумен шұғылдана бастайды. 
«...Аудармашылар үшін ең қиыны – мағыналары 
құрамындағы компоненттерден шықпайтын идиомалық 
тіркестерді дұрыс беру» [62]. Келесі бір автордың 
зерттеуінен мынадай пікірді оқимыз: «Қиындықтың бір 
парасы тілдің идиомалық табиғатында»[63]. Осы автор 
басқа бір мақаласында бұл пікірін дамыта түседі. Онда 
ол «аударылмастықтың» сырын «идиомалылықтан» 
көріп қарап тұрмай, оны екінші тілге берудің амалын 
іздестіреді. Нақты ұсыныс жасайды. «Автордың стилін 
дұрыс жеткізу үшін лексика-фразеологиялық құрал-
дарды іріктеп алған жөн» [64].
Белгілі бір шығарма авторының өзіне тəн стилін 
жəне сол шығармада пайдаланған стильдік тəсілдердің 
адекват аудармасын беру үшін лексика-фразеологиялық 
құралдарды іріктеудің мəні айрықша, Рецкер осыны 
айқын түсініп отыр.
Бұларды дұрыс аударудың жазушының жеке өзіне 
ғана тəн стилін жəне ұлттық өзгешелігін беруге айрықша 
қатысы барын В.Д. Андреев те айтады: «Лексика мен 
фразеологияны аудару мəселесі – автордың өзіне тəн 
стилін жəне оның ұлттық ерекшелігін беру жолдарының 
қаншалықты күрделі екенін дəлелдей түседі»[65].
Белгілі тіл білімпазы Л.С. Бархударов та фразеоло-
гияны, идиоматиканы аударма теориясының пробле-
малық мəселелері ретінде бағалайды. Ол өзінің аударма 
теориясының жалпы лингвистикалық мəселелерін 
талдаған зерттеуінде мынадай пікір айтады: «В лек-
сикологии данные теории перевода могут дать ценный 
материал при исследовании таких проблем, как общая 


112
и частная семасиология... проблемы фразеологии, 
идиоматики, синонимики и пр.» [66].
Демек, бұл салада жүргізілген зерттеулердің қай-
сысына зер салсақ та, автор стилін беруде фразеология 
мен идиоматиканың рөлі ерекше екенін көреміз.
Фразеологизмдерді аудару проблемасын көршілес 
отырған туыс республикалар ғұламалары да зерттеуде. 
Жоғарыда ескерткеніміздей, бұл жөнінде əзірбайжан, 
өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз ғалымдары 
еңбектерімен танысуға болады. Бұл еңбектерге сілтеме 
жасалған.
Сонымен, фразеологизмдерді бір тілден екінші 
тілге аудару мəселесін ғалымдардың əрқилы түсінетіні 
байқалып отыр. Жалпы бұлардың аударылу қажеттігі 
жөніне келгенде пікірлері бір жерден шығып жатқанмен, 
оның түрлерін ажыратып, қайсысын қалай аудару керек 
деген мəселеде бірінен-бірі алшақтау пікір ұстанатын 
ғалымдарды 
көрдік. «Аударылғыштық» 
немесе 
«аударылмайтындық» мəселесіне келгенде зерттеушілер 
фразеологизмдерді екіге бөліп қарайды. Бірінші – 
идиомалар, яғни лингвистикалық терминологияда 
фразеологиялық түйдектер (тұтастықтар) деп аталып 
жүргендер. Екінші – фразеологиялық единицаның басқа 
барлық түрі, яғни мақал-мəтелдер мен фразеологиялық 
тіркестер т.б. Фразеологиялық единицалардың бұл екі 
тобының аудармасын қарастыратын пікірлерді жеке-
жеке талдап көрелік.
Бірінші сала – идиомалар жөнінде қарама-қайшы екі 
пікір бар. Ғалымдардың бірсыпырасы бұларды аудару 
мүмкін емес деп есептейді. Өйткені бұлардың көбі 
ұлттық ерекшелікке тəн қасиетке ие, аударар болсақ 
колориті жоғалады дейді. Аударуға кедергі болатын ең 
басты нəрсе идиома құрамындағы сөздер мағынасының 


113
дерексізденіп, жоғалып кетуі. Ал зерттеушілердің енді 
бір тобы идиомаларды аудару өте қажет жəне оларды 
аударуға əбден болады деп есептейді. Əрине аудару 
тəсілдеріне келгенде бұл ғалымдардың бір-бірінен 
басқашалау пікір ұстанатындары да бар. Дегенмен негізгі 
мəселені дұрыс шешуге тырысады. Бұлар аудару қажет 
дегенде құрғақ сөзбен тынбай, аударма тəжірибесінен 
нақты мысалдар келтіріп дəлелдейді. Сонда олардың 
ұстанып отырған басты дəлелі идиомалардың берер 
негізгі мағынасы. Яғни идиомаларды жасап отырған 
компоненттердің жеке сөзге синоним болып келетін 
мағынасы. Соны беруге əбден болады дейді. Ал қайсыбір 
ғалымдар сол мағынаны идиома құрамындағы барлық 
сөздерді аудару арқылы да жеткізуге болатынын айтады. 
Ендеше кейде идиомалардың мазмұнын да, формасын 
да, тіпті грамматикалық құрылысын да беруге болатын 
сəттер кездеседі екен.
Бұл жөнінде біз соңғы топтағы ғалымдар пікірін 
қолдаймыз. Өйткені жылдар бойы жинақталып келе 
жатқан аударма тəжірибесін сарапқа салып қарасақ, 
белгілі бір халықтың тілінде өрнектелген қандай ойды 
болса да екінші тілге аударуға болады деп есептейміз. 
Маркстік ілімнің тұрғысынан қарағанда да бұл 
диалектикалық заңдылыққа саятын логикалық шешім.
Шындығында, идиомаларды сөзбе-сөз аударуға 
болмайды, өйткені оның құрамындағы сөздердің бəрі 
де бастапқы мағынасынан айырылған, сол себепті 
аударсаңыз мағынасыз бірдеңе болып шығады 
дейтіндерге зер салыңызшы. Бəрі дұрыс. Сонда қалай
біздің мақсатымыз идиомалардың құрамындағы əрбір 
жеке сөздің жоғалған мағынасын іздеу ме, жоқ əлде 
құрамындағы сөздердің біріне-бірі кірігіп, бір-ақ нəрсені 
меңзеп тұрғанын беру ме? Екінші тілге аударылмай, сол 


114
түпнұсқа тілдегі қалпының өзін қадағалап көрелікші. Біз 
олардың құрамындағы сөздердің бастапқы мағынасын 
іздеп əуре болмаймыз. Бізге керегі сол идиома сөздерінің 
бəрі бірігіп берер бейнелі, астарлы мағынасы. 
Жалпы мынаны дұрыс түсінген жөн: идиомалар 
түріне, құрылысына қарағанда тіркес те, берер 
мағынасына қарағанда олар жеке сөзге тең, синоним 
типтес. 
Аудармашы 
осыны 
естен 
шығармауы 
тиіс. Ендеше ең алдымен бұлардың екінші тілдегі 
эквивалентін іздеу – өнімді тəсіл болмақ. Сонымен бірге 
калька жолымен келіп, қазір қалыптасып кеткен талай 
мысалды жоғарыда келтірдік. Тағы бір ескеретін нəрсе 
идиомдар компоненттерінің бастапқы мағынасы мүлде 
жоғалған деп кесіп айту ретсіз сияқты. Идиомалар 
өзінің құрамындағы сөздердің о бастағы лексикалық 
мағынасынан жасалмағанда қайдан шықпақ. Мағынасыз 
нəрседен мағыналы нəрсе қалай тумақ. Идиома 
дегеніңіздің қазіргі мағынасы оның құрамындағы 
сөздердің о бастағы мағынасынан туындап жатады. 
Ол сөздер заманнан заман өтіп, ғасырларды аттаған 
соң біртіндеп астарлы, бейнелі күйге түсе бастайды. 
Халық даналығы, ойлау қабілеті тіліміздегі сан алуан 
сөздерге бейнелі пішін беріп, белгілі бір ұғымды көркем 
көрсету үшін мағыналық топтар құрады. Жалғыз сөздің 
білдірер мағынасын бірнеше сөзбен астарлап, көркем 
етіп көрсету, тілімізді көрікті, көсем əрі шешен қалыпқа 
түсіреді. Сондықтан бұлардың аудармасын зерттегенде 
ең алдымен, оның құрамындағы сөздердің табиғатына 
зер салып, содан соң оның астарлы мағынасын беруге 
тырысу қажет. Бұларды екінші тілге аударуға əбден 
болады жəне аудару аса қажет. Əйтпесе белгілі бір 
халықтың рухани қазынасынан құр алақан қаламыз. 
Бұларды аудару арқылы өз халқының тілдік қазынасын 


115
ақтарып, қабілетін танытуға да мүмкіндік туады. 
Көптеген аудармашылардың аудару тəжірибесі мен 
зерттеуші ғалымдардың пайымдаулары осындай ой 
түюге итермелейді.
Ал фразеологиялық единицаның түріне жататын 
мақал-мəтелдер жөнінде жəне компоненттер негізгі 
лексикалық мағыналарын жоғалтпаған фразеологиялық 
тіркестер туралы мəселе идиомдардан басқашарақ. 
Бұлардың аудармасын əңгімелеуде көптеген ғалымдар 
пікірі бір жерден шығып жатады. Орыс, украин, өзбек, 
қырғыз, əзірбайжан, қарақалпақ, татар, башқұрт, осетин 
тілдеріндегі зерттеулерді саралап шыққанда, мақал-
мəтелдерді екінші тілге аударудың мынадай үш түрлі 
тəсілі қалыптаса бастағаны байқалады.
Мұнда алдымен ескеретін нəрсе мынау. Осы мақал-
мəтелді пайдаланып отырған халықтың өзіне ғана тəн 
ерекшеліктері болады. Күнделікті тұрмыстың əрқилы 
іс-əрекеттері, əдет-ғұрып, салт-санасы айрықша сөз 
орамдарымен өрнектелген ұлттық мақал-мəтелдер 
бар. Бұларды аударудың табиғаты идиомдарды 
берудің жолдарымен «ұқсас». Ол қандай жолдар 
екені жоғарыда көрсетілген. Бəрін жинақтап, нақты 
объектіге орай байланыстыра айтар болсақ, орыс 
тіліндегі мақал-мəтелдерді қазақ тіліне аударудың 
мынадай жолдары көріне бастағанын байқаймыз. Бұл 
жолдарды аудармашылардың біз айтқан күйде сақтауы 
да, сақтамауы да мүмкін. Нақты мəселеге келгенде 
түпнұсқа мүмкіндіктеріне орай олай да, бұлай да 
ауытқулар бола береді. Алайда ол ауытқулардың бəрі 
де біз көрсеткелі отырған тəсілдер шеңберінде болатын 
құбылыс. Сонымен, мақал-мəтелдерді қазақ тілінде 
берудің тəсілдерін мынадай үш толқа бөліп қарауға 
болатын сияқты.


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет