Перифраздары


ПЕРИФРАЗДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ



Pdf көрінісі
бет36/80
Дата26.10.2022
өлшемі1.63 Mb.
#45500
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
ПЕРИФРАЗДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТИПТЕРІ
Перифраздардың құрылысын ашып көрсету үшін біз 
бұл жерде синтаксис саласына да барғыштаймыз. Алайда 
бұл біздің перифраз фразеология объектісі дегенімізден 
бас тарту емес. 
Қазақ тіліндегі перифраздарды құрылымдық типтерге 
топтастырғанда, есім перифраздар жəне етістікті 
перифраздар деп екі топқа бөлдік. Есім перифраздар өз 
ішінен екі мүшелі, үш мүшелі жəне көп мүшелі болып 
үш топқа жіктеледі. Екі мүшелі есім перифраздарды 
«зат есім + зат есім», «сын есім + зат есім», «сан есім + 
зат есім» деп үш құрылымдық топқа жіктедік. Енді əр 
топқа жеке-жеке тоқталып, олардың құрылымдық жəне 
семантикалық ерекшеліктерін сипаттап көрелік.
ЕСІМ ПЕРИФРАЗДАР
Проф. Т. Сайранбаев өзінің «Сөз тіркесі мен сөйлем 
синтаксисі» деген кітабында сөз таптарының сөз 
тіркестеріне қатысы туралы айта келіп, сөз тіркесін үш 
тобын атады.
Олар: 
1) əр сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тіркестері; 
2) бір сөз табының негізінде қалыптасқан сөз тір-
кестері; 
3) бір сөздің қайталануы негізінде жасалған сөз тір-
кестері. 
Ол сөз таптары – сөз тіркестерін құрастыруда басты 
тұлға деп түсінеді. Проф. Т.Сайранбаев осы еңбегінде 
зат есім мен есімдердің байланысу формаларын 
анықтайды. Олардың қабыса, меңгеріле байланы-
сатынына, сонымен бірге сөз тіркестерінің əрқайсының 


163
өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Осы сияқты қазақ 
тіл білімінде зат есім мен өсімдіктердің тіркесуін проф. 
М. Балақаев бұдан да бұрынырақ қарастырған. Ол зат 
есімді сөз тіркестерінің өзіндік тіркесу заңдылықтарын 
зерттеген. Осы еңбектерге сүйене отырып, біз де 
перифраздарды есім перифраздар жəне етістікті 
перифраздар деп екіге бөлдік. Екі мүшелі перифраздар 
екі сөзден тұрады. Бұл тіркестерді біз олардың 
мүшелерінің орын тəртібіне қарай жəне олардың лексика-
грамматикалық мағыналарына қарай төмендегідей 
модельдер төңірегінде қарастырдық.
ЕКІ МҮШЕЛІ ЕСІМ ПЕРИФРАЗДАР
А. 1) «зат есім + зат есім» моделінің өзі грамматика-
лық тұрғыдан бірнеше құрылымдық типтерге бөлінеді:
«зат есім + зат есім»: бұл модельмен жасалған 
перифраздардың көбі біріккен сөздерден тұрады. 
Мысалы: отарба, төраға, отаға.
Түстім келіп метроға,
Домбырамды өнгеріп,
Жөнелді алып отарба,
Жұлдызы жанған дем беріп (Ж .Ж.). 
Мұнда зат есімдер бір-бірімен еш бір жалғаусыз 
байланысқан. Осы үлгімен жасалған перифраз 
мүшелерінің арасындағы байланыс бекем əрі олар 
көбінесе тұрақты сипатқа ие болады. Сөйтіп тұрақты 
узуалдық перифраздарға айналады. 
2) «зат есім + зат есім» (тəуелдік тұлғалы): отағасы, 
дəулет құсы, жыр бабасы, тарлан жорғасы, құдай 
құлы, түн еркесі. 


164
Мысалы: 
Мен емес ертегінің қариясы,
Мен емес, үй ішінен үні шықпас,
От басында отырған отағасы (А. Л.). 
Жүректе жара, баста мұң,
Түнерді тұнық аспаным.
Қайран менің бас ием,
Сорлыңды кімге тастадың (М. Мақатаев).
Дəулет құсы қонды басыңа,
Қыдыр келді қасыңа.
Бақ үйінде түнедің
Алыста тоят тілегің (Б. ғ. ж.).
Қарағай шанақ, қаз мойын,
Домбыра алған Шөжеден.
Шернияз, Бұқар, Сүйінбай
Жыр бабасы демеген (Жамбыл.).
Қазақтың тарлан жорғасы
Өлеңнің көркем ордасы . . . (сонда).
Бар еді сол кісінің бір жақсы ұлы,
Қаза жетіп өліпті сол бір жылы.
Жесір қалған келінін Қодар алып,
Қылмайтын істі қылған құдай құлы (Шəкəрім).
Балауса бел, құба жон, бал құрақтан,
Шəйі самал желпиді балбыратқан.
Бала бұлақ беймаза түн еркесі,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет