Перифраздары



Pdf көрінісі
бет38/80
Дата26.10.2022
өлшемі1.63 Mb.
#45500
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
«атаңның басы», «қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе 
де қан».
... Қаз қатар дəрігердің шипасы тұр.
Ішпепті.
Қаз қалпында менсінбейді (М. Мақатаев).
Вальпарайсо ілесіп бара жатыр,
Бостандықтың құрбаны – өліктермен (Сонда).
Ə. «сын есім + зат есім» моделімен жасалған пери-
фраздарда грамматикалық тұрғыдан бірнеше құры-
лымдық түрге бөлінеді:
1) «сын есім + зат есім»: жасыл көрпе, ақ қант, ақ 
орда, қара арғымақ, ауыр кілем, ақ сиыр, т. б.
Бұл заманның сол заман,
Күннен – күнге түрленген.
Ақ ордалар ойран боп
Ақ сүйектер сүрінген (І. Ж.).
Жылқыда өрен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ-бунақ,
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап (Қ. Ж.).
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тəуір кілем (Сонда).
Ақ сиыр тұрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар (Сонда. Қардың кетуі).


169
Кішкентай ақ безер,
Жер дүниені кезер (Сонда. «Күміс ақша»).
Жалын мен су барып-барып басылсын,
Мөлдір моншақ жағаға кеп шашылсын (М. Мақатаев).
Көзіңнің жасын көрмесем екен сенің мен,
Қайғыңнан сенің қабырғам талай сөгілген.
Қара көзіңнен қара моншақтар төгілген,
Қалған тұқыммын – қара моншақтан себілген (Сонда).
Жазира, жасыл кілем, өрнектеген,
Туған жерге, дариға, жер жетпеген (М. Мақатаев).
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін көрді көзім (Абай).
Піскен түйнек сенде бар,
Алтын кездік менде бар,
Əуестікке қолға алып,
Жаздырмаққа келгенмін (Ер Қосай).
Мына модель бойынша жасалған мысалдарға көз 
жүгіртетін болсақ, оның ішінде тұрақтаған перифраздар 
да, еркін (поэтикалық) перифраздар да кездеседі екен. 
Бұл қазақ тіліндегі ең көп тараған түрі. Бұл модельдің 
бір-бірімен қабыса байланысқан түрі.
2) «сын есім + зат есім» (тəуелдік): бұның мүшелері 
бір-бірімен матаса байланысады. Тіркестің екінші 
мүшесіне тəуелдік жалғауы жалғанып жасалынады.


170
Көк лағым көгенде тұрып семірген (Қарбыз).
Қара күшігім қабаған,
Артына киіз жамаған (Қақпан).
Сайлардан самал ескенде,
Алыстан Ай кеп, Шыңдарын,
Ақ сəлдесін шешкенде, 
Керуен – бұлттар көшкенде ... (М. Мақатаев).
Айқұш-ұйқыш зарядтар дір еткенде,
Тамыр бойлап, ток ойнап жүректерде,
Ақ моншасын аспан да шашып алып,
Нұр жамырап жөнелсе түнектерде (Сонда).
Əлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,
Ақ айдын ақ мүсінін тербейтұғын.
Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,
Тірі жан аяқ басып келмейтұғын (М. Мақатаев).
3) «сын есім + зат есім (септ.)»: Бұлар тіркестің 
екінші мүшесіне септік жалғауының біреуінің жалғануы 
арқылы жасалады.
Жанында жайдың оты жарқылданған,
Табанда тап берсе жау тартынбаған.
Халықпыз ақ алмасты айға жанып,
Күл қылып жауды талқандаған (А. Ж.)
Оңаша, жалғыз, отырмын жұмсақ мақпалда,
Қоямын қарап, жеңешем кеткен шатқалға.
Оңбаған ойлар, оралып жатыр қайтадан,
Сонау бір өткен, сонау бір сұрқай шақтарға (М.Мақатаев).


171
Аппақ қыстың бояуы,
Аппақ қыстың бояуы,
Ақ көрпеге орайды,
Ақ қар байтақ даланы (С. О.).
Талма түс. Маздап тұр шуақ күн.
Көркін-ай көк, жасыл құрақтың.
Саялар жандарын сиырлар,
Жағасынан паналап суаттың (М. Мақатаев).
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын «Жетім көл» Алатауға.
Тына қалып бұлбұл жаға – талда,
Қарайтұғын айдынға, ақ отауға (Сонда).
Б. «сын есім + зат есім». Бұл модельмен жасалған 
перифраздар онша көп болмағанмен, ептеп кездеседі.
Қартқожаға да бір төрт сирақ табылды (Ж. А.).
Көрсе көзің алар тыныс,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет