Перифраздары



Pdf көрінісі
бет47/80
Дата26.10.2022
өлшемі1.63 Mb.
#45500
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80
Қыпша белі бұралған,
Еркесі қырдың бұралған,
Сағындым мен сəулемді (С. С.)
Бір ағашта бүлдірген.
Қыз бен жігіт бір жүрген.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Ішімді іштей күйдерген (Қазақ əндері).
Көз тігіп қарағанмен көңіл бермес,
Не пайда нұр сипатты сүмбіл шаштан («Қазақ əдебиеті»).
Ақ тамақ қарлығаштар –
Қара көз қарындастар,
Күн болып көріндіңдер,
Гүл болып өрілдіңдер (Ауыл кеші көңілді)


201
Айналдым, ақ маңдайлым,
Ақылдым, бал таңдайлым.
Жалынды жас дəуренде,
Ұялма, «жан сəулем» де (Сонда).
Қара көзім,
Бар ма есіңде сондағы
Айтқан сөзім-ай (Сонда).
Алма беттер албырап,
Тұлымдары салбырап,
Тыңдап отыр сабағын (Ғ. О.).
Осы мысалдардағы асты сызылған тұрақты тіркестер 
поэтикалық образ екені ұмыт қалып, штампқа айналып, 
халық санасына сіңіп кеткен тұрақты перифраздар. 
Қарап отырсаңыз, бір «көз» деген сөзіне неше перифраз 
жасалған: бота көз, құралай көз, күлім көз, қара көз, 
жəудір көз, қарақат көз, құмай көз, қара көз деген 
тұрақты тіркестер жасалса, «бет», «қас» дегендер тіпті 
басқаша. Керек десеңіз, қазақ «бет» деген сөздің өзін 
синонимдік тəсілге салып, «алма бет», «ақ дидар», 
«ақша бет», келбет, сұлу өң, «қызыл жүз», «ақ ет», «асыл 
бейне» деп əсерлеп, көркем образбен берген.
Ақын, жазушылар сұлулық, əдемілікті суреттегенде 
алдына жан салмайтыны көптеген мысалдардан белгілі. 
Сұлу мүсінді қыздың бет əлпетінің бір бөлігін алып
оған анықтауыш сөзін қосып, əсем де шебер суреттей 
білген. Шебер жасалған тіркестердің біразы тілде жиі 
қолданғандықтан тұрақтанып, бүгінде фразеологизм – 
перифраздарға айналып кеткен. 


202
БАТЫРЛЫҚҚА, ЕРЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ПЕРИФРАЗДАР 
Желкесі болат ақ алмас,
Суырып желге соқтырған.
Айбалтаның ұрыста,
Жүзіне қаннан қақ тұрған (Н. А.).
Қазақ батырлар жырына, қиссаларға өте бай. 
Ұрпағымызды қаһармандыққа жетелейтін сол батырлар 
жыры мен қиссалардан бұлардың сан алуан түрін 
кездестіруге болады. Əдетте, қисса айтушылар мен 
жыраулар батырларды таныстарғанда олардың ерлік, 
батырлық ісі мен тұлғасын айқын да əсерлі суреттейді. 
Сондықтан олар көркемдегіш құралдарға, соның ішінде 
перифраздарға көбірек жүгінеді.
Ерлер бар – бітістері жасыл құрыш,
Ерлер бар – айтса қайтпас, алмас қылыш
Бұл мысалда «жасыл, алмас» лексемалары құрыш, 
қылыш сөздеріне тіркесіп, анықтап, көркем сөз тіркесін 
жасап тұр. 
Сондай-ақ:
Сарбазың соныңда,
Ақ алмас қолыңда,
Айбынды асқар таудай,
Жау тұрмас жолыңда (Қазақ əндері). 
Еген төсті ат мінді,
Жұп-жұмыр қылып сауырын (Батырлар жыры).
Ақ сұңқар құс дабысты,
Дұшпаннан алған намысты.


203
Халық дастандарындағы осы игі дəстүр, кейін 
көптеген ақын, жазушылар шығармаларында өзінің 
жалғасын тауып, ерді ерлікке баулып, елді бірлікке 
шақырып жатады.
Қамбар кедей деген сөз,
«Ел құлағы елу ғой»,
Есітті батыр сыбысты (Қамбар батыр).
Алдында бəсеке деген екі тосқаулы кезең тұр. Бірінен 
өту үшін түгі шыққан жүрек, балуан білек керек (М. Ə.).
Жұмса əке, бел балаңмын – ұлыңмын.
Ел бақытын, ер азабын
Көрген сенің ұлыңмын (Б. М.).
Тілдің өрен шенені –
Тайталасқан дауда өсер,
Қайратты туған қас батыр 
Қаптаған селді қанда өсер (Қазақ əндері).
Сегіз қырлы, бір сырлы деген мықты марқасқа, бағлан 
жігіт болса керек (Т. А.).
Үш жыл болды келгелі,
Ақбөрте бесті шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет