Перпендикуляр және көлбеу



Дата06.10.2022
өлшемі105,55 Kb.
#41602

Үй тапсырмасы: Перпендикуляр және көлбеу


1. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр дегеніміз не?
3. Нүктеден жазықтыққа жүргізілген көлбеу дегеніміз не?
4. Көлбеудің проекциясы деп нені айтады?

2. Перпендикулярдың табаны деп нені айтады?

№113. Берілген нүктеден жазықтыққа ұзындықтары 18 дм және 24 дм екі көлбеу жүргізілген. Олардың проекцияларының айырымы 14 дм. Көлбеулердің проекцияларын табыңдар.


https://www.youtube.com/watch?v=wS-rQA-lOTY

Анықтама. Нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп осы нүктеден жазықтыққа перпендикуляр жүргізілген түзудің берілген нүкте мен жазықтық арасындағы кесіндіні айтады.

Кесіндінің жазықтықтағы ұшын перпендикулярдың табаны деп атайды.

Анықтама. Бір ұшы жазықтықта жататын және жазықтыққа перпендикуляр болмайтын кесіндіні жазықтыққа көлбеу дейміз.

Кесіндінің жазықтықтағы ұшын көлбеудің табаны деп атайды.

Берілген нүктеден жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесіндіні көлбеудің проекциясы деп атайды.

Жаңа сабақ Сабақтың тақырыбы: ҮШ ПЕРПЕНДИКУЛЯР ТУРАЛЫ ТЕОРЕМА

1. Үш перпендикуляр туралы теоремалардың қажеттілігін негіздеу. 2. Объектілердің мәнді сипаттары мен қасиеттерін бөліп алу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту. 3. Танымдық қызығушылықты, өзіне деген сенімді, табандылықты, өз еркімен әрекет істеу дағдыларын дамыту, ой еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Теорема. Жазықтықта көлбеудің табаны арқылы өтетін түзу оның проекциясына перпендикуляр болса, бұл түзу көлбеуге де перпендикуляр болады. Керісінше, жазықтықта көлбеудің табаны арқылы өтетін түзу осы көлбеуге перпендикуляр болса, бұл түзу оның проекциясына да перпендикуляр болады.

Есеп. Тік бұрышты үшбұрыштың катеті мен гипотенузасы сәйкесінше 12 және 15 см-ге тең. Берілген нүктеден үшбұрыш қабырғаларына дейінгі қашықтық 5 см. Берілген нүктеден үшбұрыш жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.

https://okulyk.kz/wp-content/books/493/493.pdf


Үйге тапсырма: Есеп №2.41 (49 бет)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет