Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



жүктеу 4.99 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата15.03.2017
өлшемі4.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
 
PISA-2015 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ  
 
Әдістемелік жинақ  
 
МЕТОДИЧЕСКОЕ И НАУЧНО-МЕТОДИЧЕСКОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ 
ПОДГОТОВКИ К МЕЖДУНАРОДНЫМ ИССЛЕДОВАНИЯМ PISA-2015 
 
Методический сборник  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  
 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 16 наурызының № 2 хаттама)  
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 2 от 16 марта 2015 года)  
 
 
PISA-2015 
халықаралық  зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және 
ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету.  Әдістемелік  жинақ.  –  Астана: 
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2015. – 118 б.  
 
Методическое  и  научно-методическое  обеспечение  подготовки  к 
международным  исследованиям  PISA-2015.  Методический  сборник.  – 
Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 112 с.  
 
 
Бұл  әдістемелік  жинақ  PISA  халықаралық  зерттеуіне  дайындықты 
әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз    ету  мақсатында 
құрастырылған.  Жаратылыстану-ғылыми,  математика  және  оқу  сауаттылығын 
дамыту  бойынша  құрастырылған  тапсырмалар  PISA  халықаралық 
зерттеулерінің тапсырмалар негізінде әзірленген.  
Әдістемелік  құрал  жаратылыстану,  математика,  тіл  және  әдебиет  білім 
салалары  пәндерінің  мұғалімдеріне,  мектеп  басшылары  мен  әдіскерлерге, 
қосымша білім беретін педагогтерге, білім бөлімі қызметкерлеріне арналған.  
 
Данный методический сборник составлен в целях методического и научно- 
методического  обеспечения  подготовки  учащихся  к  международным 
исследованиям  PISA.  Задания  составленные  по  развитию естественнонаучной, 
математической  грамотности  и  грамотности  чтения  разработаны  на  основе 
заданий международного исследования PISA.  
Работа  адресована  учителям  предметов  образовательной  области 
естествознания,  математика  и  язык  и  литература,  руководителям  школ, 
методистам,  педагогам  дополнительного  образования,  работникам  отделов 
образования.  
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2015.  

 

Кіріспе  
 
Елбасы  Н.  Назарбаевтың  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан 
халқына  Жолдауын  іске  асыру  мақсатында  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  іс-
қимыл  жоспары  (бұдан  әрі  –  Ұлттық  жоспар)  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  Қаулысымен  бекітілді  [1].  Ұлттық  жоспар  Қазақстан 
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп 
оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының 
мақсаттылығын,  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  қамтамасыз  етуге  бағытталып, 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-
әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар 
кешенін қамтиды.  
Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 
жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  да  анық  көрсетілген  [2]. 
Бағдарламаның  басты  мақсаты  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру,  оның  құбылмалы  әлемге  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай 
оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған 
білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде 
«функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге  алудың 
өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге 
қабілеттілік  пен  даярлықты  білдіретін  қалыптасқан  құзыреттіліктерді 
анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.  
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының 
бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделу мәселелері тұр, 
өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер 
қабылдау  үшін  жоғары  кәсіптілік  және  интеллектуалдық  әрекеттерді  қажет 
ететін  жағдайларда  заман  талабына  сай  өмір  сүріп,  қызмет  етуде.  Осыған 
байланысты  еліміздің  оқушыларының  білім  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау 
үшін Қазақстан PISA халықаралық зерттеуіне қатысады.  
PISA  (Programm for lnternational Student Assessment)  – 
халықаралық 
зерттеуі  барлық  білім  беру  ұйымдарындағы  15  жастағы  оқушылардың 
математика,  жаратылыстану  және  тіл  мен  әдебиет  білім  салалары  пәндерінен 
игерген білім жетістіктерін анықтауды, оқу барысында меңгерген білімдері мен 
біліктерін өмірлік жағдайларда қолдана білу дағдыларын бағалауды көздейді.  
PISA 
халықаралық  зерттеуінің  негізгі  міндеті  –  білім  беру  саласындағы 
әлемдік  басымдықтарды  сипаттайтын  зерттеу  құралдарының  негізінде 
объективті  өлшеулер  арқылы  алынған  айқын  нәтижелерді  талдау  болып 
табылады.  

 

PISA 
халықаралық  зерттеулері  оқушылардың  білім  жетістіктерін 
бағалауды 
«математикалық 
сауаттылық», 
«жаратылыстану-ғылыми 
сауаттылығы» және «оқу сауаттылығы» бойынша жүргізіледі.  
Оқу  сауаттылығы  –  жазба  мәтіндерді  түсіну,  өз  мақсатына  жету  үшін 
оның  мазмұнын  қолдану,  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу  үшін  білімі  мен 
мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.  
Математикалық сауаттылығы – өзі өмір сүріп жатқан әлемде математика 
рөлін  анықтау  және  түсіну,  жасампаз,  мүдделі  және  ойшыл  азаматқа  тән 
дәйектелген математикалық пікір айту және математиканы қазіргі таңда және 
болашақта қажеттілікті қанағаттандыру үшін қолдана алу қабілеті.  
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы – нақты жағдайларда ғылыми әдіс 
көмегімен  шешілетін  және  зерттелінетін  проблемаларды  анықтау  үшін, 
тәжірибе  мен  бақылау  негізінде  қорытындыға  қол  жеткізу  үшін 
жаратылыстану  білімін  қолдану  қабілеті.  Бұл  қорытындылар  қоршаған 
ортаны және оған адам ісімен енгізілетін өзгерістерді түсіну үшін, сонымен 
қоса тиісті шешімдерді қабылдау үшін қажет [3].  
Халықаралық зерттеулерге қатысу әр ел үшін білім беру жүйесінің әлемдік 
білім  беру  кеңістігіне  кірудің  негізгі  себебі  болып  табылады.  Яғни 
оқушылардың  халықаралық  зерттеулерге  қатысуы,  оқушының  өзін-өзі 
дамытуды жоғары деңгейде  іске асыруы мен қоғам өмірінде өз орынын табу, 
өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға 
мүмкіндік береді.  
2015  жылдың  сәуір  айында  еліміздің  15  жасар  оқушылары  PISA-2015 
халықаралық зерттеулеріне қатысады.  
Оқушыларды халықаралық PISA-2015 зерттеулеріне дайындау мақсатында 
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  «PISA-2015  халықаралық 
зерттеуге  дайындықты  әдістемелік  және  ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  ету» 
әдістемелік  жинағын  дайындады.  Жинақта  жаратылыстану-ғылыми, 
математика  және  оқу  сауаттылығын  дамыту  бойынша  берілген  тапсырмалар 
PISA 
халықаралық  зерттеулерінің  тапсырмалар  негізінде  әзірленген. 
Әдістемелік  жинақты  жаратылыстану,  математика,  тіл  және  әдебиет  білім 
салалары пәндерінің мұғалімдеріне оқушыларды аталған зерттеуге дайындауда 
көмекші құрал ретінде ұсынамыз.  
 
 
 

 

PISA-2015 
халықаралық зерттеудің талаптарына сәйкес жаратылыстану-
ғылыми  пәндер  бойынша  дидактикалық  материалдар  мен  оқу 
тапсырмаларын әзірлеу  
 
Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  бойынша  PISA  Халықаралық 
бағдарламасы  оқушылардың  оқу  барысында  алған  білімдері  мен  дағдыларын 
өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәнімен тікелей 
байланысты  емес  мәселелерді  шеше  білу  құзіреттіліктерін  бағалауға 
бағытталған.  
Мектепте  алған  білімін  күнделікті  өмірдегі  жағдайларда  қолдану, 
қойылған  мәселені  ғылыми  әдіспен  шешу,  әртүрлі  ақпарт  көздерімен  жан-
жақты жұмыс істей алу және оны сыни тұрғыдан бағалау, әр түрлі болжамдар 
көрсетіп,  оның  дұрыс  немесе  бұрыстығына  зерттеулер  жүргізу,  айтылған 
көзқарастарды дәлелдеу және негіздеу қабілеттілігі бағаланады.  
PISA 
халықаралық  зерттеуі  үшін  іріктеліп  алынған  сұрақтар  ғылыми 
жаратылыстану білімдерінің келесі мазмұндық бөліктерін бейнеледі:  
– 
физикалық  жүйелер  (заттың  құрамы  мен  қасиеті,  энергия,  күш  және 
қозғалысты беруі, физикалық және химиялық өзгерістер);  

 
 
Жермен  және  Ғаламмен  байланысты  жүйелер  (Ғаламдағы  Жер, 
атмосфералық өзгерістер, географиялық өзгерістер);  

 
 
тірі  табиғат  жүйелері  (физиологиялық  өзгерістер,  генетикалық 
бақылау, экожүйе);  

 
 
технологиялық жүйелер.  
Жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыратын құзыреттіліктер:  

 
ғылыми сұрақтарды қою мен түсіну;  

 
құбылыстарға ғылыми түсінік беру;  

 
ғылыми дәлелдерді пайдалану [4].  
PISA 
жаратылыстану  сауаттылығын  тексеруге  арналған  тесттердің 
құрамына өлшеудің 4 аспектісі кіргізілген, олар: контекст, білім, құзіреттіліктер 
және қарым-қатынас.  
Әрбір  тапсырма  бір  мәселені  суреттеген  мәтінді  қамтиды  және  мәтінмен 
қатар  төрт  немесе  бес  нұсқада  жауабы  бар  сұрақтар,  немесе  таңдау  бойынша 
қатар  екi  жауабы  болуы  мүмкін  жорамалдар  мен  нақты  бекiтулер  түрінде 
көрсетiлген  қиындық  дәрежесі  әртүрлі  бірден  алтыға  дейінгі  сұрақтарды 
қамтиды.  
Зерттеу  тапсырмалары  мынадай  жағдаяттарға  сәйкес  болады: 
жаратылыстану  бағыттарын  тұлғалық,  әлеуметтік  және  ғаламдық  контексте 
қолдану:  

 
«Денсаулық»;  

 
«Табиғи ресурстар»;  

 
«Қоршаған орта»;  

 
«Қауіпсіздік пен қауіп-қатер ошақтары»;  

 
«Жаратылыстану мен технология байланысы».  

 

PISA 
зерттеуінде  ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  ретінде  ғылыми 
жаратылыстану  білімдерін  қолдана  білу,  қоршаған  әлемді  және  оған  адамның 
іс-әрекетіне  қатысты  өзгерістерді  түсінуге  және  тиісті  шешімдер  қабылдауға 
қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттері 
түсіндіріледі.  
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:  

 
 
ғылым  мен  технологияға  сүйенетін  өмірлік  жағдайларды  танып  білу 
(контекст);  

 
 
қоршаған  орта  мен  ғылым  туралы  білімдерден  тұратын  ғылыми 
білімдердің негізінде техниканы және қоршаған әлемді түсінуі (білім);  

 
 
ғылыми  сұрақтарды  айырып  тану,  ғылыми  жаратылыстану 
құбылыстарын  түсіндіру,  айқын  нақтылықтар  мен  дәлелдемелердің  негізінде 
қорытындылар  жасау  үшін  ғылыми  білімді  қолданудан  тұратын 
құзыреттіліктерді көрсету (құзіреттіліктер);  

 
 
ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылық.  
PISA 
зерттеуінде  бағаланатын  ғылыми  жаратылыстану  білім,  білік  және 
дағдылары  ғылыми  жаратылыстану  циклы  пәндерін:  физиканы  (астрономия 
элементтерімен),  биологияны,  химияны,  географияны  оқу  барысында 
қалыптасады.  
Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  келесі  компоненттерден  тұрады: 
ғылыми  жаратылыстану  пәндері  аясында  қалыптасатын  «жалпы  пәндік» 
біліктер,  ғылыми  жаратылыстану  ұғымдары  мен  ғылыми  жаратылыстану 
білімдері  қолданылатын  жағдайлар.  Сонымен  қатар,  зерттеу  мақсатына 
белгіленген  біліктер  мен  ұғымдарды  кешенді  тексеру  кіреді.  Бұнда 
оқушылардың  біліктіліктерін  тексеруге  басты  назар  аударылады:  ұсынылған 
сұрақтардан  жаратылыстану  ғылымдары  жауап  беретін  сұрақтарды  белгілеу; 
берілген ақпараттың негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасау.  
PISA 
халықаралық 
зерттеуінде 
оқушылардың 
жаратылыстану 
ғылымдарындағы  танымдық  және  эмоционалдық  қабілеттері  зерттеледі. 
Танымдық  аспектілер  оқушылардың  білімдері  мен  сол  білімдерді  тиімді 
пайдалана білу қабілеттерінен тұрады.  
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмаларды 
дайындауда  жаратылыстанудың  әртүрлі  бөлімдерінен  күнделікті  өмірде  талап 
етілетін білімдер іріктеліп алынып, түрлі біліктерді қолдану болжамданды.  
Тестте  дайын  жауапты  таңдау  тапсырмасы,  сонымен  қатар,  оқушы  өзі 
қысқа  және  толық  жауап  беретін  де  тапсырмалар  енгізілген.  Тапсырмалар 
өмірдегі  бір  немесе  бірнеше  жағдайға  қатысты  әртүрлі  қиындықтағыбірнеше 
сұрақтардан тұрады.  
Әр  тапсырмада  мәтін,  кесте,  диаграмма,  график,  карта,  жарнамалық 
буклет, әртүрлі нұсқаулар енгізілген.  
Сонымен қатар, тақырыптық тест тапсырмаларының әртүрлі қиындықтағы 
3-
тен  6-ға  дейін  сұрақтары  болады.  Тапсырмалар  мәтінде  қарастырылған 
жағдайдағы  проблеманы  оқушының  түсіну  қабілетін  бағалауға  бағыттап,  пән 

 

бойынша  және  басқа  әртүрлі  дереккөзден  ақпаратты  қолдана  отырып 
проблеманы шешуге арналған.  
Сауалнамада  білім  беру  мекеме  ұйымының  басшысына,  мектептің 
материалдық-техникалық  жабдықталуына,  кадр  мәселесіне,  оқу  үдерісін 
ұйымдастыруға және ата-аналар жұртшылығы туралы сұрақтар болады.  
Осыған байланысты функционалдық сауаттылықты бағалау технологиясы 
15  жастағы  білім  алушылардың  біліктілік  жетістігін  бағалаудың  6  деңгейін 
қамтиды. Ең жоғары шек 5-ші және 6-шы деңгей –өздігінен ойлау, талдау және 
өз болжамын ұсыну іскерлігі, 4-3деңгей - жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен 
іскерлігін  қолдану  қабілеті,  2  деңгей  -  қолдану  іскерлігі,  1  деңгей  -  төмен 
деңгей, қарапайым білім мен тапсырманы орындаудың аздаған мүмкіндігі.  
Үш  бағыттың  барлығы  бойынша  зерттеуде  білімді  қолдану  дағдысы  мен 
іскерлігіне  нақты  талаптар  анықталған.  Әр  деңгейге  халықаралық  шкаланың 
белгілі  балл  саны  сәйкес  келеді.  Сонымен  қатар,  PISA  жобасы  оқушының 
біліктілік жетістігін критериалды бағалаудың бірегей үлгісін белгіледі.  
Халықаралық  PISA  зерттеулерінде  барлық  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
жалпы  үш  топқа  бөлінеді,  олар:  «Қалай  білуге  болады?»  атты  таным  әдісін 
қолдануға  арналған  тапсырмалар.  «Түсіндіріп  көр»  –  құбылыстар  мен 
фактілерді  түсіндіруге  арналған  тапсырмалар.  «Қорытынды  жаса»  –  берілген 
деректер негізінде қорытынды құрастыруға арналған тапсырмаларды орындау. 
Оны  төменде  берілген  халықаралық  зерттеулердің  мектеп  оқушыларының 
ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  тексеруге  арналған,  құрылымы 
жағынан бір-біріне ұқсамайтын тапсырмалардың үлгісінен көруге болады.  
 
1-
мысал. Сары май  
 
Сары  май  –  сиыр,  ешкі,  қой  сүтінен  қаймақ,  қаймақты  былғау  немесе 
күбіде пісу арқылы алынатын майлы, құнарлы тағам. Сары майдың тағам өнімі 
ретінде қаншалықты жоғары бағаланатынын жақсы білесіздер (1.1-сурет).  
 
1.1-
сурет – Сары май  
 

 

Сары  май  –  бұл  кілегейді  былғау  арқылы  алынған,  сүт  майының 
концентраты.  
Сары майдың майлылығы 82,5%-дан кем емес.  
Сары  майды  дайындау  үшін  кілегей,  қаймақ  немесе  ашыған  сүтті 
қолданған.  
Сары  майды  таңдау  барысында  оның  сыртқы  орамасына  көңіл  аудару 
қажет.  Жұқалтырға  (фольгаға)  оралған  май  өзінің  құрамындағы  А  дәруменін 
жақсы сақтап қалады.  
Сары  майды  мұздатқышта  сақтаған  жөн.  Егер  май  бөлме 
температурасында  сақталатын  болса,  онда  оған  күн  сәулелерінің  түспеуі  тиіс. 
Күн  сәулелері  түсуі  нәтижесінде  сары  май  өзінің  құнды  қасиеттерін  жояды. 
Сары майды үстелге арнайы май салатын ыдыста қойған дұрыс.  
 
1-
сұрақ. Сары майдың құрамына қандай заттар кіреді?  
А. Түрлі органикалық қышқылдардың күрделі эфирлері.  
В. Сүт майы.  
С. Бос май қышқылдарының органикалық қышқылдары.  
D
.  Сары  майдың  құрамына  А,  Д,  В  витаминдері  және  ақуыздар,  т.б. 
органикалық заттар.  
Жауабы. А. В. С. Д.  
2-
сұрақ. Сары май – тез бұзылатын азық. Оны сақтау жолдары туралы 
не білесіздер? Өз ойларыңызды тұжырымдаңыздар.  
________________________________________________________________
____________________________________________________________________  
 
Сары  майды  күнделікті  өмірде  нанға  жағып  бутерброд  әзірлеу  үшін 
қолданады, сонымен қатар кейбір тағамдардың дәмін келтіру немесе жеңілдету 
(жұмсарту) үшін де қолданады.  
 
3-
сұрақ.  Сары  майды  қандай  азық  түліктердің  дәмін  жеңілдету 
(жұмсарту) үшін қолданады?  
Жауабы. Мысалы, балықтың, қызыл уылдырықтың.  
 
Кейбір ыстық тағамдардың дәмдік қасиетін жақсарту үшін де сары майды 
қолданады.  
4-
сұрақ. Сары майды қандай ыстық тағамдарға қосуға болады? 
Жауабы. Мысалы, макарондарға, ботқаларға, көкөністерден жасалған рагу 
т.б. 
 
 
Сары майдың пайдалы қасиеттері мен зияны  
Майдың құрамындағы холестериннің адам ағзасына пайдалы да, жағымсыз 
да жақтары бар. Бір жағынан қан тамыры қабырғаларын құруға қатысады, оның 
көмегімен қышқылдар өндіріледі.  

 

Екінші жағынан қан құрамындағы майдың қажетті деңгейі көбейіп кетсе, 
қан  тамырларында  атеросклероз  үдерісінің  белсенділігі  артуы  басталады. 
Сондықтан  да  холестерин  жоғарылаған  жағдайда  сары  майды  шамадан  тыс 
қабылдаудан бас тартқан жөн.  
5-
сұрақ.  Холестерин  жоғарылап  кетпеуі  үшін,  күніне  май  жағылған 
нанның (бутерброд) нешеуін жеген жеткілікті деп ойлайсыз?  
А. 5.  
В. 3.  
С. 2.  
D. 1.  
Жауабы. С.  
 
Төмендегі  кестеде  майлардың  түрлері  және  олардың  майлылығы  % 
есебімен берілген (1.1-кесте).  
6-
сұрақ.  Холестерин  көбейіп  кетпеу  үшін  майдың  қай  түрін  пайдаланған 
дұрыс  деп  ойлайсыз?  Кестеде  «ия»  жауабын  «+»,  «жоқ»  жауабын  «–» 
белгісімен белгілеңіз.  
 
1.1-
кесте – Майдың түрлері  
 
№ 
Майдың атауы 
Майлылығы 
Ия 
Жоқ 

«Крестьяндық» 
72,5 % 
 
 

Вологод майы 
82 % 
 
 

Бутерброд майы 
61,5 % 
 
 

Жеңіл май 
50 % 
 
 

Бал қосылған май 
52 % 
 
 

Өсімдік майы қосылған май 
72,5 % 
 
 

Қорытылған май 
90 % 
 
 
 
7-
сұрақ. Сіз қай майды жер едіңіз?  
Тапсырма. Өз қалауыңызды түсіндіріңіз.  
 
Сары  май  А  және  Д  дәрумендеріне,  кальцийге  бай.  А  дәрумені 
асқорытудың  бұзылуы,  суық  тию,  бронх  және  өкпе  ауруларын  емдеуге 
көмектеседі.  
Д  дәруменінің  басты  қызметі  біздің  ағзамыздың  кальцийді  сіңіруіне 
көмектеседі.  Кальций  біздің  тістеріміз  бен  сүйектеріміздің  дұрыс  қалыптасуы 
және  сау  болуы  үшін  қажет.  Біздің  қаңқамыздың  мықтылығы  мен  дұрыс  өсуі 
ағзамыздағы Д дәруменінің құрамына байланысты.  
8-
сұрақ.  Сары  майды  шамадан  тыс  қабылдау  зиянды,  себебі  ағзамызда 
холестерин көбейіп семіздікке әкеледі. Ағзамызға аса қажет А, Д дәрумендерін 
және  кальцийді  алу  үшін,  сары  майды  қандай  тағамдармен  алмастыруға 
болады?  

 

Жауабы.  Сары,  жасыл,  қызыл  көкөністер  мен  жемістердің,  көптеген 
жидектер мен шөптердің (мысалы, сәбіз, өрік, асқабақ) құрамында А дәрумені 
бар. Сонымен қатар бауырда, балық майында, жұмыртқаның сарысында, сүтте 
де бар.  
Қышқыл  сүтті  азық-түліктердің,  ірімшіктің,  жұмыртқаның  шикі  сары 
уызының, теңіз азық-түліктерінің құрамында Д дәрумені бар.  
 
Сары  майдың  пайдалы  қасиеттері  туралы  ғалымдардың  дәлелдері 
шыққанға  дейін,  біздің  ата-бабаларымыз  сары  майды  әртүрлі  ауруларды 
емдеуге қолданған.  
8-
сұрақ.  Сіздің  отбасыңызда  сары  майды  қандай  ауруларды  емдеу  үшін 
қолданады? Сары маймен емдеудің қандай жолдарын білесіз?  
 
Үй жағдайында сары майды алу жолдары  
Тапсырма.  Үй  жағдайында  сиыр  сүтінен  сары  май  алудың  жолын 
ойластырыңыз.  
Мысалы:  
1.
 
Сиырдың желінін жақсылап жуу керек.  
2.
 
Сиырды сауу арқылы сүт аламыз.  
3.
 
Сүтті сүзгіден өткіземіз. Әрі қарай жалғастырыңыз ...  
4.  
5.  
 
2-
мысал. Күнбағыс, мақта, жүгері және зәйтүн майларын тұрмыста сұйық 
май деп атайды. Сұйық майды күнделікті өмірде ас әзірлеуде жиі қолданады. 
Сұйық майлар тазартылған және тазартылмаған болып бөлінеді.  
1-
сұрақ. Тағам әзірлеуде қандай май қолданған дұрыс деп ойлайсыздар? Өз 
ойыңызды дәлелдеңіз.  
________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 
2-
сұрақ.  Сіздер  сұйық  май  ыдысының  түбінде  сарықошқыл  тұнба 
түзілетінін  байқаған  боларсыздар.  Кейбіреулер  көбінесе  бұл  тұнбаны  майдан 
айырып  алып,  төгіп  тастап  жатады.  Сіздің  ойыңызша,  бұл  дұрыс  па?  Өз 
ойыңызды тұжырымдаңыз.  
________________________________________________________________
____________________________________________________________________ 
3-
сұрақ.  Сұйық  май  ыдысының  түбіне  жиналған  тұнбаның  биологиялық 
маңызы қандай?  
Жауабы.  Майлардың  құрамына  басқа  заттармен  қоса  фосфатидтер  – 
фосфор  қышқылының  күрделі  эфирлері  мен  глицериннің  туындылары  кіреді. 
Өсімдік  майы  біраз  тұрып  қалғанда  олар  борпылдақ  тұнба  түзеді. 
Фосфатидтердің  биологиялық  маңызы  зор:  олар  ақуыздар  және  басқа  да 
қосылыстармен  бірге  тірі  заттардың  (ағзалардың)  жасушаларын  құруға 
қатысады,  майлардың  және  ағзадағы  басқа  да  маңызды  заттардың 
10 
 

тасымалдауына  қатысады.  Сол  себепті  тазартылмаған  өсімдік  майын 
қолданғанда, ондағы тұнбаны алып тастамаса да болады.  

Каталог: files -> blogs
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blogs -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blogs -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blogs -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blogs -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет