Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ


Географиядағы қызықты деректер



жүктеу 4.99 Mb.
Pdf просмотр
бет10/15
Дата15.03.2017
өлшемі4.99 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Географиядағы қызықты деректер  
 
9-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
  
Сұрақтар типтері 
Мәнмәтін 
Құзыреттілік 
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
 ет
ет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 е
тет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 
 


 
 
 

 
 

 
 


 
 
 

 
 


 
 
 

 
 
 

 


 
 
 

 
 
 
 

104 
 

№9-мәтін  
 
Жер планетасы таңғажайып географиялық және геологиялық құпиялар мен 
парадокстарға толы. Табиғаттың тылсым сырларының көптігі сонша, олардың 
барлығын  шешу  мүмкін  емес  сияқты.  Назарларыңызға  география,  геология 
және жерге байланысты қызықты деректерді ұсынамыз.  
1.  Ең  қысқа  атаулы  аймақ  –  Å.  Швеция  мен  Норвегияның  шекарасында 
орналасқан  кішкентай  Å  ауылы  ең  қысқа  атаулы  аймақ  болып  табылады. 
Скандинавиялық тілден аударғанда Å – «өзен» дегенді білдіреді екен.  
2. Әлемдегі ең алып қала. Әлемде ең үлкен жер аумағын алып жатқан қала 
Қытайда Ішкі Монғолия ауданында орналасқан Хулун-Буир қаласы. Оның алып 
жатқан аумағы 263 953 шаршы км.  
3.  Тек  қана  бір  елмен  шектесетін  елдер.  Лесото,  Ватикан  және  Сан-
Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, 
ал Ватикан мен Сан-Мариноны толығымен Италия қоршап жатыр.  
4.  Ең  ұзын  географиялық  атаулар.  «Taumatawhakatangihangak 
oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu»  - 
Жаңа 
Зеландиядағы дөң атауы ең ұзын географиялық атау болып Гиннес Рекордтар 
кітабына кірген болатын. 84 әріптен тұратын бұл атау маори тілінен аударғанда 
«Үлкен  тізелі  еркек  Таметеяның  сүйіктісіне  флейтада  ойнап  отырып,  тайып 
кетіп, тұрып, тауды асап, тау кеміргіш аталған орын» дегенді білдіреді екен.  
Осы атау ең ұзын болып есептеліп келген еді. Алайда кейін одан да ұзын 
георграфиялық  атау  бар  екені  анықталды.  «Krung  thep  mahanakhon  bovorn 
ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom 
udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya 
visnukarmprasit»,  163  әріптен  тұратын  бұл  сөйлем  Таиланд  астанасы 
Бангкоктың поэтикалық атауы болып табылады.  
5. Ең суық және ең жылы теңіз. Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы 
ең  төмен,  бар-жоғы  -2°  C-ке  тең.  Персид  шығанағы  ең  жылы  теңіз  болып 
саналады. Жазда су температурасы 35,6° C-қа дейін барады.  
6.  Сан-Марино  –  әлемдегі  ең  ежелгі  конституциондық  мемлекет  болып 
саналады.  Сан-Марино  елін  301  жылы  Диоклетиан  императорынан  қашып 
жүрген  тас  қалаушысы  құрған.  Сан-Марино  конституциясы  1600  жылы 
қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады.  
7. Адамзат қазған ең терең ойық. Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі 
Коль  аса  терең  саңылауы  болып  саналады.  Ол  12  262  метрді  құрап,  ғылыми 
жұмыстарға  қазылған  болатын.  Мұның  салдарына  біраз  ғылыми  жаңалықтар 
жасалған екен [19].  
 
Тапсырмалар:  
 
1-
сұрақ.  
Өзіңіз үшін қандай ерекше  қызықты мәлімет алдыңыз?  
Жауабыңызды бір сөйлеммен пікір білдіріп жазыңыз.  
105 
 

2-
сұрақ.  
Қай деректің мазмұнын адам өз қолымен өзгерте алмайды?  
Деректің нөмірін жазыңыз.  
 
3-
сұрақ.  
Жетінші  дерекке  сәйкес,  өз  ойыңызды  айтыңыз,  не  себепті  бұл  ең  терең 
ойық болып саналады? Бұл ойықтан терең ойық жасауға болады ма?  
Жауабыңызды екі сөйлеммен жазыңыз.  
 
4-
сұрақ.  
Мына  сурет  қай  дерекке  сәйкес  келеді  (3.10-сурет)?  Деректің  нөмірін 
жазыңыз.  
 
 
 
3.10-
сурет – 9-мәтіннің тапсырмасы  
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар  
 
1-
тапсырма  
1.
 
Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.  
2.
 
Мәтіннің тақырыпшаларына зейін аударыңыз.  
3.
 
Географиялық атауларға назар аударыңыз.  
4.
 
Берілген  мәліметтерге  сүйене  отырып,  бір  сөйлеммен  пікір  білдіре 
отырып жауап беріңіз.  
 
2-
тапсырма  
1. 
Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.  
2. Екінші сұрақты мұқият оқыңыз.  
3. Мәтіндердегі сан есімдерге назар аударыңыз.  
4. 
Берілген  әр  кеңестегі  деректі  қалай  өзгертуге  болатынын  ойланып 
көріңіз.  
106 
 

5
. Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
 
3-
тапсырма  
1. 
Тапсырманы мұқият оқыңыз.  
2. 
Мәтіннен  7 кеңесті тауып, тағы бір оқып шығыңыз.  
3. «
Бұл  ойықтан  терең  ойық  жасаса,  өзгеріс  болуы  мүмкін  бе?  деген 
сауалға жауап іздестіріңіз.  
4. 
Жауабыңызды бір сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз.  
 
4-
тапсырма  
1. 
Суретті мұқият қараңыз.  
2. 
Оның детальдарына назар аударыңыз.  
3. 
Кеңестің нөмірін жазыңыз.  
 
Бағалау кестесі:  
Ең жоғары балл – 4.  
1.  Оқушының  мәтін  бойынша  қызықты  мәлімет  туралы  айтқан  пікірі 
қабылданады.  
2. 5-
кеңес.  
3. Оқушының терең ойық жасау туралы ұсыныс сөйлемі қабылданады.  
4. 4-
кеңес.  
 
Жұмыртқаның құрамы  
 
10-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типтері 
Мәнмәтін 
Құзыреттілік 
К
өп
 т
аң
да
уд
ы
 қ
аж
ет
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 
 
 
 


 
 

 
 


 
 
 

 
 

 

 
 

 
 

 
 
 
№10-мәтін  
 
Адамдар жұмыртқаны жылдар бойы қолданып келеді. Жұмыртқа емдәмдік 
тағамдар қатарына жатады. Энергетикалық құндылығы – 157 ккал.  
107 
 

Өзіміз білетіндей жұмыртқа ақуыз бен сарыуыздан тұрады. Жұмыртқаның 
ақ бөлігінің көбі су, қалған он пайызы ақуыз. Жұмыртқа ақуызы сыртқы, ішкі 
сұйық қабаттардан және ортадағы тығыз қабаттан тұрады.  
Ал құнды бөлігінің бірі - сарыуыздың жоғары жағында ұрық орналасқан. 
Сарыуыз  майлар  мен  ақуыздарға,  көмірсулар  мен  минералды  заттарға  ғана 
емес, сонымен бірге дәрумендерге де (А, В, Д, Е және т.б.) бай. Адам ағзасына 
сарыуызы жеңіл сіңеді.  
Жұмыртқаның құрамына лецитин атты пайдалы зат кіреді. Ол жүйке мен 
ми  жабындысына  қажет.  Жұмыртқадағы  лецитиннің  мөлшері  сары  май,  сүт, 
тіпті, уылдырықтан да асып түседі.  
Әр жұмыртқаның салмағы – 45-75 г дейін жетеді. Жұмыртқалар өлшемдері 
мен  массасы  құстың  түріне,  жасына  байланысты  әртүрлі  болады.  Тауық 
жұмыртқаларының массалары  45-76  г, үйректікі – 75-100 г,  күрке  тауықтікі – 
80-100 
г,  қаздікі  –  160-200  г  болады.  Жұмыртқаның  сыртқы  қабығы  –  12%, 
ақуызы – 56%, ал сарыуызы – 32%.  
Жалпы  қабығы  аршылған  тауық  жұмыртқасының  химиялық  құрамы: 
73,6%  судан,  12,8%  ақуыздан,  11,5%  майлардан,  0,7%  көмірсулардан, 
минералдық заттардан тұрады.  
Жұмыртқаларды  1-2  градуста,  ащы  иісі  бар  азық-түліктен  аулақ  сақтаған 
жөн.  Тоңазытқышқа  салмас  бұрын  сыртын  ылғал,  лас  нәрселерден  тазартып 
барып салсаңыз, ұзақ сақтауға қолайлы болады.  
Кейбір  ғалымдар  күнде  жұмыртқа  жеу  зиян  десе,  басқа  ғалымдар  мұны 
пайдалы дейді. Жұмыртқа аминқышқылдарында үйлестірілген протеиндер бар, 
ол  спортпен  айналысатын  адамдар  үшін  маңызды.  Өт  қабы  ауыратын 
адамдардың  жұмыртқаны  жемегені дұрыс.  Ал  қалғандары күнделікті  асып  та, 
қуырып та, омлет ретінде де, шикідей де қолдануына болады [20].  
 
Тапсырмалар:  
 
1-
сұрақ.  
 
Мәтіннің соңғы бөлігіне қатысты ақпаратты табыңыз:  
A)  Дауысқа,  шашқа,  тiптi  бүкiл  ағзаға  пайдасы  зор  деген  сенiммен 
жұмыртқаны  шикiдей  сiмiретiндердiң  ендi  бұдан  былай  ол  әдеттен 
арылғандары дұрыс.  
B) 
Жұмыртқа пайдалы, себебі олардың құрамында негізі дәрумендер мен 
минералдарды  және  антиоксиданттарды  қосқанда  ағзаға  қажетті  көптеген 
дәрумендер бар.  
C) 
Жұмыртқа  адамдардың  ақуызды,  А,  B6,  B12  дәрумендерін,  темір, 
фосфор және қалайыны тұтынуының 12%-дық тәуліктік нормасын қамтамасыз 
етеді.  Тауық  жұмыртқасының  сарысында  кальций,  калий,  кобальт,  йод  және 
мыс бар.  
D) Жұмыртқаны қайнатып та, қуырып та жеу арқылы асқазанды ғана емес, 
бар ағзаны пайдалы элементтер мен дәрумендермен қамтамасыз етуге болады.  
108 
 

2-
сұрақ.  
 
Жұмыртқа құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарды көрсетіңіз.  
 
3-
сұрақ.  
 
Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?  
1. Жұмыртқаны күнде жеу зиян.  
2. 
Жұмыртқа  адам  ағзасына  өте  пайдалы,  сондықтан  жұмыртқаны  күнде 
жеу пайдалы.  
A) Біріншісі де, екіншісі де емес.  
B) Тек қана біріншісі.  
C) Тек қана екіншісі.  
D) Біріншісі де, екіншісі де.  
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:  
 
1-
тапсырма  
1. 
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.  
2. Әр сөйлемді түсіну және зерделеу.  
3. Жұмыртқаның пайдасы туралы ойланып көріңіз.  
 
2-
тапсырма  
1. Сөйлемдердің мағынасына назар аударыңыз.  
2. 
Жұмыртқаның құрамына  назар аударыңыз.  
3. Әрбір сөйлемдегі ақпаратты саралап, пайдасы мен зиянын анықтаңыз.  
 
3-
тапсырма  
1. 
Ең алдымен, қай көзқарасқа қосылатыныңызды анықтап алыңыз.  
2. 
Өзіңіз  келісетін  пікірді  ұсынуда  мына  кіріспе  сөздерді  қолданыңыз: 
«Мен  жұмыртқа  адам  ағзасына  өте  пайдалы,  сондықтан  жұмыртқаны    күнде 
жеу  пайдалы»  деген  пікірімен  келісемін»  немесе  «Менің пікірім  жұмыртқаны 
күнде жеу зиян» деген пікірмен сәйкес келеді, өйткені ....».  
 
Бағалау кестесі: Ең жоғары балл – 3  
 
1. 1-D.  
2. 
Минералды заттар мен дәрумендер.  
3. D.  
 
 
 
 
 
109 
 

Жарнаманың қызметі  
 
11-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типтері 
Мәнмәтін 
Құзыреттілік 
К
өп
 т
аң
да
уд
ы
 
қаж
ет
 ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 
қаж
ет
 ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лік
 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 
ж
ән
е 
таб
у 
Ө
зі
нд
ік
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 
 

 
 

 
 

 
 

 
 
 

 
 


 
 

 
 
 

 
 


 
 


 
 

 


 
 
№11-мәтін  
 
Тауарды  нарыққа  жылжыту  жүйесіндегі  маркетингтің  классикалық 
тұжырымдамасында  жарнаманы  ең  бірінші  орынға  қояды.  Ол  болашақ  сатып 
алушылардың  назарына  тауарлар  мен  қызметтер  туралы  маңызды  фактілерді, 
мәліметтерді  жеткізу  үшін  көркем  көрсетілген  нысанда  қысқа,  нұсқа  түрінде 
ұсынылады.  
Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері 
мен  мінез-құлқының  қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Сәннің,  стильдің  және 
дизайнның  тенденциясын  көрсету  арқылы  жарнама  адамның  эстетикалық 
кажеттілігіне әсер етеді.  
Жарнама  тек  өнім  туралы  ақпарат  беріп  қана  қоймай,  оның  тұтынушы 
санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың 
коммуникациялық рөлін байқауға болады.  
Жарнама  құралдары  –  жарнама  таратушылардың  жиынтығы.  Алты  түрлі 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  бар,  оларға  –  баспасөз,  теледидар,  жарнама, 
радио, кино және интернет жатады.  
Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. 
Жарнаманы сынаушылар оны адам санасына зиян келтіретін, тауарға қосымша 
құндылық  дарытып,  жалған  қажеттіліктерді  туғызатын  айлалы  әрекет  деп 
жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді.  
Жарнаманы  жақтаушылар  оның  бәсекені  дамытатынын,  сұранысты 
арттыратынын,  тұтынушыларды  пайдалы  ақпаратпен  қамтамасыз  ететінін, 
осылар арқылы жаппай өндірістің қалыптасуына байланысты тауардың өзіндік 
құнының азаюына ықпалын тигізетінін атап көрсетеді.  
110 
 

Алайда,  кейбір  жекелеген  фирмалар  жарнама  науқанын  жүргізгенде, 
заттың  шынайы  жағдайын  бұрмалап,  жалған  хабар  таратуы  мүмкін.  Тауар 
қасиеттерінің  жағымды  жағын  арттырып,  сатып  алушыны  алдау,  тауар 
сапасына  қатысты  жалған  ақпарат  беруді  теріс  ниетті  жарнама  деп  атайды. 
Мұндай  жарнама  заң  бойынша  қудаланады.  Қазақстанның  «Теріс  пиғылды 
бәсекелестік туралы» Заңы тұтынушыларды теріс ниетті жарнамадан қорғауға 
бағытталған.  Әлемде  мұндай  әрекет  мемлекеттік  заңдар  және  тұтынушылар 
құқықтарын  қорғайтын  қоғамдық  ұйымдар  қозғалыстары  сияқты  екі  бағытта 
жүргізіледі.  
Қазақстандағы жарнама қызметі «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі 
[21].  
 
Тапсырмалар:  
 
1-
сұрақ.  
Мәтінде не туралы айтылған? Дұрыс жауапқа + белгісін қойыңыз.  
1. Мәтінде жарнаманың негізін қалаушылар туралы айтылған.  
2. Мәтінде тұтынушыларға жарнаманың әсері туралы айтылған.  
3. Мәтінде жарнаманы қалай жасау керектігі туралы айтылған.  
 
2-
сұрақ.  
Мәтіндегі  мәліметтер  кімге  қызықты  болуы  мүмкін?  Бір  сөйлеммен 
ойыңызды жазыңыз.  
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________  
 
3-
сұрақ.  
«Жарнаманы  сынаушылар  оны  адам  санасына  зиян  келтіретін,  тауарға 
қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет 
деп  жағымсыз  жақтарын  ғана  көрсетеді». 
Жарнамаға  қатысты  кемінде  үш 
жағымсыз әрекетті санамалап көрсетіңіз.  
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________  
 
4-
сұрақ.  
Болашақта  өзің  қалайтын  мамандықты  жарнамалау  үшін  3  тиімді  кеңес 
бер.  
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________  
 
Бағалау кестесі:  
Ең жоғары балл – 4  
1.
 
Жауабы – екінші нұсқа, 1 балл;  
2.
 
Оқушы кемінде бір дәлел келтіре алса – 1 балл;  
3.
 
 
Үш жағымсыз әрекетті көрсете алса – 1 балл;  
4.
 
Үш тиімді кеңес берсе – 1 балл.  
111 
 

Бурабай  
 
12-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типі  
Мәнмәтін  
Құзыреттілік  
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
ет
ет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 е
тет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
К
ірі
кт
іру ж
ән
е т
ал
да
п 
түс
ін
ді
ру
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 
 

 
 

 
 

 
 

 

 
 
 
 


 

 
 

 
 
 
 

 
 
№12-мәтін  
 
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье 
ауданында орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 83 510 га, оның ішінде орман 
алқабы 47 361 га, жер беті сулары 8 493,5 га. Климаты шұғыл континентальды. 
Қаңтар  айындағы  орташа  температура  -16,7
0
С,  шілде  айының  орташа 
температурасы +18,6
0
С.  
Саябақ  аумағына  Үлкен  және  Кішкентай  Шабақты,  Бурабай,  Шортан, 
Қатаркөл,  Майбалық  т.с.с.  он  төрт  үлкен-кішілі  көлдер  кіреді.  Көлге  құятын 
Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер 
бар.  
Бурабай  көлі  теңіз  деңгейінен  319  метр  биіктікте  орналасқан.  Көл 
шығанағындағы  Жұмбақтас  тауы  Бурабай  нышанына  айналған.  Бұл  таудың 
келбеті  бір  жағынан  бойжеткенді,  екінші  жағынан  кейуананы  бейнелейді. 
Бурабай  өлкесінің  ең  биік  тауы  Көкше  теңіз  деңгейінен  997  метр  биіктікте 
орналасқан.  
Бурабай  табиғаты  көз  тартар  сұлулығымен,  ауасының  тазалығымен 
тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің 
сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек 
кездесетін, я ______________ жақын.  
Өсімдіктердің  757  түрі  кездеседі.  Оның  12  түрі  Қызыл  Кітапқа  енген. 
Жайқалған ағаштардың 65%-ын қарағай, 31%-ын қайың, 3%-ын көктерек, 1%-
ын бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен 
Бурабайда  Оқжетпес,  Ұйқыдағы  батыр,  Бүркіт,  Түйе,  құдыр,  Сфинкс  сияқты 
ерекше тас мүсіндер пайда болған.  
112 
 

Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. 
Демалыс орындарындағы екі кісілік бір бөлмені жалға алудың орташа құны жаз 
айларында 10000-15000 теңгені құрайды. Жаз айларында балалар лагері жұмыс 
жасайды.  
Бұл  аймаққа  денсаулығын  түзету  мен  демалу  мақсатымен  жыл  сайын 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінен,  сондай-ақ  алыс  және  жақын  шетелден 
демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке 
бай.  
Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық 
бағдарламалар  жүргізіледі.  Көктем  айларында  балық  аулау  маусымы 
басталады.  Бурабай  көлдері  мен  өзендерінде  балық  аулау  үшін  алдын  ала 
рұқсат қағазын сатып алу керек [22].  
 
Тапсырмалар:  
 
1-
сұрақ.  
Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.  
А) Жануарлардың 305 түрі бар.  
В) Бурабайдың суы емдік қасиетке бай.  
С) Өсімдіктері Қызыл Кітапқа енбеген.  
2-
сұрақ.  
«Бурабай  нышаны»  дегені  нені  білдіреді?  Жауабыңызды  өз  сөзіңізбен 
жазыңыз.  
3-
сұрақ.  
4 абзацтағы бос жерге қандай сөз қажет?  
А) ауыстырылуына.  
В) қөбейуге.  
С) жойылуға.  
 
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар  
 
1-
тапсырма  
1. 
Сұрақты және жауаптар нұсқасын тағы бір рет оқып шығыңыз.  
2. 4, 5, 
7 абзацтарды зейін қойып оқыңыз.  
3. 
Дырыс жауапты жазыңыз.  
 
2-
тапсырма  
1. Екінші сұрақты мұқият оқыңыз.  
2. 
Мәтіннен 11-жолды табыңыз. Оны мұқият оқып шығыңыз.  
3. Өз сөзіңізбен қысқаша жауап беріңіз.  
 
3-
тапсырма  
1. Тапсырманың шартын мұқият оқыңыз.  
2. 
Берілген нұсқалардан мағынасы бойынша сәйкес келетінін қойыңыз.  
113 
 

Бағалау кестесі:  
Ең жоғары балл – 3  
1.
 
С.  
2.
 
Оқушының сөйлемінде «Жұмбақтас тауы» немесе «Бурабайдың белгісі» 
туралы жазылса, қабылданады.  
3.
 
С.  
 
 
Телефонды қалай қолдануға болады?  
 
13-
мәтін сұрақтарының сипаттамасы  
 
С
ұра
қт
ард
ы
ң н
өм
ірі
 
Сұрақтар типі 
Мәнмәтін  
Құзыреттілік 
К
өп
 т
аң
дау
ды
 қ
аж
ет
ет
ет
ін
 
сұ
рақ
тар
 
Қ
ы
сқ
а 
ж
ау
ап
ты
 қ
аж
ет
 
ет
ет
ін
 сұ
рақ
тар
 
Ө
зі
нд
ік
 
Ө
зі
нд
ік
 
К
өп
ші
лі
к 
М
ек
теп
 
К
әсі
би
 
А
қп
ар
ат
ты
 із
деу
 ж
ән
е 
таб
у 
К
ірі
кт
іру ж
ән
е т
ал
да
п 
түс
ін
ді
ру
 
Тұ
ж
ыр
ым
да
у 

 

 

 
 
 

 
 

 

 

 
 
 

 
 

 

 

 
 
 

 
 
 
Каталог: files -> blogs
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blogs -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blogs -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blogs -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blogs -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет