Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



жүктеу 4.99 Mb.
Pdf просмотр
бет3/15
Дата15.03.2017
өлшемі4.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

21-
мысал.  Жер  шарындағы  ең  үлкен  Сахара  шөлінің  70%-ынан  астам 
бөлігін  «хамада»  деп  аталатын  шексіз  тасты  шөлдер  алып  жатыр.  Күндізгі 
аптап  ыстық  сүйектен  өтетін  түнгі  суыққа  ауысады.  Тасты  шөлдердің  үсті 
күндіз +70° С-ға дейін қызады, ал түнде ауа температурасы 20-30° С дейін күрт 
төмендейді. Ауа температурасының бұндай ауытқуына тастар да шыдай алмай 
жарылады.  Түсте,  яғни  нағыз  аптап  ыстық  кезінде  өлі  тыныштықты  оқ  атқан 
тәрізді,  оқыс  дыбыстар  бұзып  жібереді,  бұл  –  күнге  қатты  күйген  тастардың 
жарылып,  жан-жаққа  атқылаған  дыбысы.  Сахарада  бұл  тастар  «атқылаушы» 
тастар деген атқа ие болған.  
19 
 

1- 
сұрақ. Тау жыныстары неліктен жарылады?  
А. Тау жыныстары дымқылдың әсерінен жарылады.  
В. Тау жыныстары температураның ауытқу әсерінен жарылады.  
С. Тау жыныстары заттардың құрамының өзгеруі нәтижесінде жарылады.  
2-
сұрақ.  Температураның  көтерілуінен  молекулалар  арасындағы 
қашықтық қалай өзгереді?  
А. Молекулалар арасындағы қашықтық өзгермейді.  
В. Молекулалар арасындағы қашықтық ұлғаяды.  
С. Молекулалар арасындағы қашықтық азаяды.  
 
22-
мысал. Кейбір құстардың дене температурасының әжептәуір тербелісі 
байқалады. Мысалы, колибридің дене температурасы суық күндерде қоршаған 
ортаның  температурасына  (кейде  18,8°С  дейін  төмендейді),  тең  деп  айтуға 
болады  және  ағзаның  барлық  функциялары  баяулайды.  Мұндай  құбылыстар 
суық, бұлыңғыр күндері қарлығаштарда да байқалады. Қатып қалған құстарды 
қолмен  ұстаса  болды,  олар  қайта  тірілгендей  ұша  жөнеледі.  Құстардың  дене 
температурасының  төмендеуі  және  ұзақ  қозғалмайтын  жағдайға  түсуі  сыртқы 
температураның 
ыңғайсыздығына 
және 
тамақтың 
жетіспеушілігіне 
байланысты.  
Сұрақ.  Неліктен  құс  денесінің  барлық  функциялары  температура 
төмендегенде баяулайды? 
 
23-
мысал.  Устрицаның  бұлшық  етінің  бір  квадрат  сантиметрге 
шаққандағы максималды қысқару күші 120 Н тең.  
1-
сұрақ. Устрицаның бақалшығын ашу үшін, оған қандай күшпен әсер ету 
керек?  
А. 120 Н артық.  
В. 120 Н кем.  
С. 120 Н тең.  
2-
сұрақ. Бұл күш қайда бағытталуы қажет?  
А. Устрицаның қысқару күшіне перпендикуляр бағытқа.  
В. Устрицаның қысқару күшіне параллель бағытқа.  
С. Устрицаның қысқару күшіне қарама-қарсы бағытқа.  
3-
сұрақ.  Ауданы  2  см
2
 
бақалшыққа  әсер  ететін  бұлшық  еттің  орташа 
қысымы қанша?  
Жауап.  Устрицаның  қысқару  күшіне  қарама-қарсы  бағытқа  1  см
2
,  120  Н 
артық күш жұмсау қажет.  
 
24-
мысал.  Еуропаның  ең  биік  сарқырамаларының  бірі  –  Утигард 
сарқырамасы 610 метр биіктіктен құлап ағады.  
Сұрақ. Мұндай биіктіктен су қанша уақытта құлайды?  
А. 18 с.  
В. 6 с.  
С. 11 с.  
20 
 

Жауап. Судың құлау уақыты кедергі күші жоқта 11 с тең болады.  
 
25-
мысал.  Исландия  аралының  өз  гейзер  алқабы  бар.  Ол  Рейкьявиктен 
жүздеген  километр  қашықтықта  орналасқан.  Тура  осы  жерде,  кезінде 
Исландияның  алғашқы  қоныстанушыларын  таң  қалдырған  атақты  Үлкен 
Гейзер  орналасқан.  Бұл  еуропалықтардың  көрген  алғашқы  табиғи,  ыстық 
субұрқағы  болатын.  Үлкен  Гейзердің  үшметрлік  өзегі  ақ  ізбестасты  туфтан 
тұратын кесе тәріздес бассеинге ашылады. Ақырында, гейзер бар күшін жинап, 
биіктігі  40-60  метр  күшті  су  шашырандысын  үш  рет  қатарынан  аспанға 
лақтырады. Бұл «салют» он минутқа созылады, содан кейін бу қайтадан өзегіне 
тартылғандай болады. Үлкен Гейзер соңғы уақытта барған сайын аз атқылайды.  
1-
сұрақ. Су Гейзер өзегінен қандай жылдамдықпен атқып шығады?  
А. 25 м/с.  
В. 35 м/с.  
С. 15 м/с.  
Жауабы. В  
2-
сұрақ. Атқылау уақыты қаншаға созылады? 
А. 20 м/с.  
В. 15 м/с.  
С. 7 м/с.  
Жауабы. С.  
 
26-
мысал.  Гоби  –  күн  мен  желдің,  кең  жазықтық  пен  аласа  тау  мен 
шоқылардың  патшылығы.  Тек  Гобийлік  Алтайдың  шыңдары  анда-санда  үш 
жарым метрге дейін көтеріледі. Бұлыңғыр күндер сирек болады, жазда ыстық 
45°С  дейін  жетеді.  Жоғарыға  лақтырылған  тас  төменге  тіктеп  емес,  60° 
бұрышпен,  старт  орнынан  5-7  метр  жерге  жанай  түседі.  Күзде  дауылдар 
жаңбырға  ұласады,  тауық  жұмыртқасындай  үлкен  бұршақтар  қойлар  мен 
ешкілерді сұлата алады.  
Сұрақ.  Желсіз  уақыт  пен  дауыл  кезіндегі  тастың  ұшу  уақытын 
салыстырыңыз.  
А. Желсіз уақытта және дауыл кезінде тастың ұшу уақыты бірдей.  
В. Желсіз уақытта тастың ұшу уақыты дауыл кезіндегіден аз.  
С. Желсіз уақытта тастың ұшу уақыты дауыл кезіндегіден көп.  
Жауабы. В.  
 
27-
мысал.  Ең  батыл  өсімдікке  «құтырған  қияр»  жатады.  Бұл 
«артиллерист»  жабайы  түрде  Қырымда  жиі  кездеседі.  Оны  кәдімгі  қиярдан 
үстін  жапқан  қылқаншалар  арқылы  айыруға  болады.  Жапырақтары  да,  жемісі 
де  –  кәдімгі  қиярдікіндей.  Ол  толық  піскен  соң  «құтыра»  бастайды.  Өзінің 
мінезімен  адамды  да,  жануарды  да  шошытуы  мүмкін.  Қияр  өзінің 
аяқшаларынан сықырлай босап, секіріп, айнала бастайды. Жемістің аяғы болған 
өзектен тұқым аралас, жабысқақ шырын сорғалап, 6-8 метрге дейін атқылайды. 
21 
 

Сөйтсе, жеміс піскенге дейін, оның ішінде газдар жинақтала береді екен. Піскен 
уақытында оның қуысындағы қысым үш атмосфераға дейін жетеді.  
1-
сұрақ. 6-8 метр биіктікке жету үшін тұқым аралас сорғалаған шырын 
қандай жылдамдықпен атқылауы тиіс.  
А. 15,8 м/с.  
B. 18,4 
м/с.  
С. 12,6 м/с.  
Жауабы. С.  
2-
сұрақ. Осыған орай, энергия қалай өзгереді?  
Жауабы. Сорғалаған шырынның жылдамдығы 12,6 м/с, оның кинетикалық 
энергиясы потенциалдық энергияға айналады.  
 
28-
мысал.  АҚШ-тың  әлде  бір  капитаны  өзінің  қандай  артық  жүк  көтере 
алатынын тексергісі келді. Ол өзін ракеталық мотормен шаналарға байлады да, 
төмен  қарай  қиғаш  жазықтық  бойынша  жүйтки  жөнелді.  Жоғары  қарқынмен 
құлдилап келе жатқан капитан кенеттен шаналарын тоқтатты. Қас-қағым сәтте 
үдеу 82,6 есеге өзгерді. Кернеу 1/400 секундқа созылды, бірақ адам аяқ астынан 
көзжанарынан айрылып, жүрегі тоқтап қалды, ол есінен танып қалды.  
Сұрақ. Капитанның салмағы бұл кезде неше есеге ұлғайды?  
А. 102 есеге.  
B. 82,6 
есеге.  
С. 57 есеге.  
Жауабы. В.  
 
29-
мысал.  Дүниежүзілік  мұхитты  мекендейтің  тірі  ағзаларды  үш  топқа 
бөлуге болады. Планктон – ұсақ балдырлар және су ағынымен баяу қозғалатын 
су  қойнауының  жануарлары.  Нектон  –  суда  белсенді  орын  ауыстыратын 
балықтар және теңіз жануарлары. Бентос – мұхит түбінің және кез келген басқа 
да су қоймасы түбінің өсімдіктері мен жануарлары.  
Тапсырма.  Төмендегі  кестеде  (1.4-кесте)  тірі  ағзалардың  және  олардың 
тығыздығының сәйкестігін анықтаңыздар.  
 
1.4-
кесте – Тірі ағзалардың және олардың тығыздығының сәйкестігі  
 
Ағзалардың түрлері 
Сәйкес тығыздық 
A
. Нектон 
1. 
Судың тығыздығына тең тығыздық 
B. 
Бентос 
2. 
Судың тығыздығынан кем тығыздық 
C. 
Планктон 
3. 
Судың тығыздығынан артық тығыздық 
 
Жауабы. А-2; В-3; С-1.  
 
30-
мысал.  Аяқ-қолдардың  бұлшық  еттері  және  сіңірлер  ерекше  серіппе 
(
пружина)  рөлін  атқарады,  сонымен  қатар  механикалық  энергияны  сақтай 
алады.  Сіңірлер  бұлшық  еттерге  қарағанда  аса  мықты  және  өзінің  бастапқы 
22 
 

ұзындығынан  айтарлықтай  зақымдалуға  ұшырамай-ақ  6%-ға  дейін  созыла 
алады, ал бұлшық еттер 3% ғана созыла алады.  
Сұрақ.  Бұлшық  еттердің  ұзындық  бірлігінде  қор  ретінде  сақталған 
энергия, сіңірдегілерге қарағанда неше есе аз?  
A.
 
 
2 есе.  
B.
 
 
3 есе.  
C.
 
 
4 есе.  
Жауабы. С.  
 
31-
мысал.  Түйенің  100-120  кг-ға  дейін  май  жинайды,  бұл  майлар  судың 
көзі  болып  табылады.  Май  ыдыраған  кезде  40-50  кг  су  береді.  Түйе  бас 
алмастан 130 л су іше алады.  
1-
сұрақ. Түйе судың қандай массасын іше алады?  
A.
 
50 кг.  
B.
 
70 кг.  
C.
 
130 
кг. 
Жауабы. С.  
2-
сұрақ.  Осынша  су  ішу  барысында  түйеге  әсер  ететін  ауырлық  күші 
қалай өзгереді?  
A.
 
1100 Н-ға азаяды.  
B.
 
1300 
Н-ға ұлғаяды.  
C.
 
2000 Н-ға ұлғаяды.  
Жауабы. В.  
3-
сұрақ. 80 кг. май ерігенде қанша су береді (литр есебімен)?  
A.
 
55 
л.  
B.
 
84 
л.  
C.
 
32 
л.  
Жауабы. С.  
 
32-
мысал. Фрегат құсының қанатының құлашы 2 м артық, массасы 2 кг, 
сүйек қаңқасының массасы бар-жоғы 115 г. Осыған қарамай оның қаңқасы өте 
мықты.  
Сұрақ.  Құстардың  қаңқасы  берік,  әрі  жеңіл  болуын  немен  түсіндіруге 
болады?  
А. Құстардың сүйектерінің көп бөлігі бос және ауа кеңісітігі болады.  
В. Құс сүйектері ерекше химиялық құрамға ие болады.  
Жауабы. А.  
 
33-
мысал.  Егер  бақаны  аздаған  суы  және  ағаш  сатысы  бар  қалбырға 
отырғызса, онда оны табиғи барометр ретінде қолдануға болар еді.  
 
1-
тапсырма.  Ауа  райының  жағдайы  мен  бақаның  мінез-құлқының 
арасындағы дұрыс сәйкестікті табыңыз (1.5-кесте).  
 
23 
 

1.5-
кесте – Ауа райы жағдайы мен бақаның мінез-құлқының сәйкестігі  
 
Ауа райы жағдайы 
Бақаның мінез-құлқы 
А. Нашар ауа-райы 
1. 
Бақа судың бетінде тырбанады 
B. 
Ауыспалы ауа-райы 
2. 
Бақа басқыш арқылы көтеріледі 
C. 
Ашық ауа-райы  
3. 
Бақа басқыш арқылы түседі 
Жауабы. А-2; В-3; С-1.  
 
2-
тапсырма. Өз қалауыңыздыды түсіндіріңіз  
Жауабы.  Бұл  бақа  терісіне  және  ондағы  судың  булануына  байланысты: 
құрғақ ауа райы – суда отырады, жаңбыр – құрғаққа шығады.  
3-
тапсырма. Ауа райының өзгеруін болжауға болатын құралдарды атаңыз 
және олар туралы не білесіздер?  
Барометр  ауа  райының  қандай  болатынын  атмосфералық  қысымның 
өзгеруі бойынша анықтайды.  
 
34-
мысал. Құстардың денесі қауырсынмен жабылған, қауырсын құстарға 
тән ерекшелік, сондықтанда оларды қанаттылар деп те атайды.  
Тапсырма. Құстардың қауырсынына қатысты анықтаманы көрсетіңіз. Құс 
қауырсыны – бұл ...  
А.  Құс  қауырсын  жеңіл  әрі  жылы  болғандықтан,  құс  денесінің  жылу 
реттеушісі.  
В.  Құстың  ұшуы  барысында  маңызды  рөл  атқаратын  қанаттары  мен 
құйрығының көлемін ұлғайтады.  
С. Түрін өзгертіп, жасырынуға көмектеседі.  
 
35-
мысал. Кез келген тірі ағза – энергияның бір түрінен энергияның келесі 
түріне  айналатын  күрделі  жүйе.  Ағза  энергияны  тағамнан  алады,  оны 
жасушалар түзу, қозғалу және басқа да әрекеттер жасау үшін жұмсайды.  
Тапсырма.  1.6-кестеде  энергия  айналымының  түрлерінің  және  олардың 
оқшаулану орындарының дұрыс сәйкестігін табыңыздар.  
 
1.6-
кесте – Энергия айналымының түрлері және олардың болу орындары  
Өзгеру  
Қайда болады  
A.
 
Химиялық энергия электрлікке  
1. 
Көздің қарашығына 
B.
 
Дыбыс энергиясы электрлікке  
2. 
Бұлшық ет жасушаларына 
C.
 
Жарық энергиясы химиялыққа  
3. 
Жарық тарату мүшелеріне (жарық 
қоңыздар және т.б.) 
D.
 
Жарық энергиясы электрлікке  
4. 
Дәм және иіс сезу мүшелеріне  
E.
 
Химиялық 
энергия 
механикалыққа  
5. 
Жүйке мүшелері, бас миына  
F.
 
Химиялық 
энергия 
жарық 
энергиясына  
6. Хлоропластарына  
G.
 
Химиялық энергия электрлікке  
7. 
Ішкі құлаққа  
24 
 

36-
мысал.  Ауаның  жоғары  температурасының  әсеріне  байланысты 
туындайтын  аурудың  бірі  –  жылу  соққысы.  Кей  кезде  жылу  соққысы  ойда-
жоқта туындағанда, естен айрылуға мәжбүр етеді. Оның белгілері: бас ауруы, 
ұйқышылдық, бас айналу, естің тұмандануы, құсу.  
1-
сұрақ.  Жылу  соққысын  болдырмау  үшін  қандай  шараларды  қабылдау 
қажет?  
А. Судың қажетінше мөлшерін ішу қажет. Иә/Жоқ.  
B. Судың қажетінше мөлшерін ішуді доғару қажет. Иә/Жоқ.  
С. Күн ашық күндері жабын астында болу қажет. Иә/Жоқ.  
D. 
Киімді өзінен тастамау қажет. Иә/Жоқ.  
2-
сұрақ.  Егер  топта  кімде-кім  жылу  соққысына  ұшыраса,  қандай  көмек 
көрсету қажет?  
А. Адамды дереу арада көлеңкеге шығару қажет. Иә/Жоқ.  
B. Адамды дереу арада көрпеге орау қажет. Иә/Жоқ.  
С. Адамға дереу арада су себу қажет. Иә/Жоқ.  
D. 
Салқын жел жасау үшін желпу қажет. Иә/Жоқ.  
Е. Адамның денесі мен аяқ-қолдарын ысқылау қажет. Иә/Жоқ.  
F. 
Көп су ішкізу керек. Иә/Жоқ.  
 
37-
мысал.  Дымқылданған  киім  мен  аяқ  киімді  кептіру  үшін,  тамақ 
дайындау  үшін,  жануарларды  қорқыту  үшін  түнгі  уақытта  алау  жағу  қажет. 
Сіріңке болмаған жағдайда от шығару үшін бес бамбук талынан ұзындығы 40-
50 
см және көлденеңі 5-8 см таяқша дайындайды. Дайындалған құрғақ бамбук 
таяқшаларының  үшкір  ұштарын  пышақпен  жонады.  Шидің  біреуін  жерге 
жартылай  енгізеді.  Қалған  төртеуін  арасына  құрғақ  шөпті  қыстыра  жерге 
жартылай енгізіп, қос-қостан қалайды. Содан кейін шилерге көлденеңінен ойық 
жасап,  шилерді  тік  таяқшаға  қыса  отырып,  шөп  тұтанғанша,  жоғары-төмен 
қозғалтады.  
Сұрақ. Бұл жерде энергияның қандай өзгерісі жүреді? Қандай энергияның 
есебінен шөп тұтанады?  
Жауабы. Механикалық энергия шөптің ішкі энергиясына айналып, осының 
салдарынан ол қызады.  
 
38-
мысал.  Рахат  көлігінің  жүк  салғышына  бір  бөтелке  су,  бірнеше  шеге 
және ағаш тақтайларды салып қойды. Көлік үш сағат күн астында тұрған соң, 
көліктің ішіндегі температура 40ºC-ға жетті.  
Сұрақ. Көлік ішіндегі заттарға не болды?  
А. Барлық заттардың температурасы бірдей болды. Иә/Жоқ.  
В. Біраз уақыттан соң су қайнай бастады. Иә/Жоқ.  
С. Біраз уақыттан соң шегелер қызарғанша балқи бастады. Иә/Жоқ.  
 
39-
мысал.  Адамзатқа  табиғи  барометр  ежелден  белгілі.  Жарты  литрлік 
банкаға  су  құйып,  онда  сүлікті  салыңыз  және  банканың  үстін  дәкемен 
байлаңыз.  Жазда  суды  аптасына  бірнеше  рет,  ал  қыста  –  екі  аптада  бір  рет 
25 
 

ауыстырыңыз.  
1-
сұрақ.  Қолайсыз  ауа  райы  жағдайында  (жаңбыр  немесе  қар  жауардың 
алдында) атмосфералық қысымның өзгеруі туралы не білесіз.  
А. Төмендейді.  
В. Жоғарылайды.  
Жауабы. А.  
2-
сұрақ. Атмосфералық ауа қысымының төмендеуі барысында судағы ауа 
мен оттектің құрамы қалай өзгереді?  
А. Төмендейді.  
В. Жоғарылайды.  
Жауабы. А.  
1-
тапсырма. Ауа райы жағдайы мен сүліктің мінез-құлқының арасындағы 
сәйкестікті табыңыздар (1.7-кесте).  
 
1.7-
кесте – Ауа райы жағдайы мен сүліктің мінез-құлқының сәйкестігі  
 
Ауа райы жағдайы  
Сүліктің мінез-құлқы  
А. Жаңбырдың алдында   1. Конвульсивті қимылдайды  
B. 
Жел  
2. Сүлік банканың түбінде бүрісіп жатады  
C. 
Жайлы ауа райы  
3. 
Судың бетіне көтеріледі  
D. 
Дауылдың алдында  
4. Сүлік ауа райы тынышталғанша тез жүзеді  
Е. Қардың жаууы  
5.  Сүлік  ауа  райы  қашан  жақсарғанша,  ыдыстың 
шетіне қалқып шығады  
 
Жауабы. С-2: А-5; В-4; D-1; G-6; E-3.  
 
2- 
тапсырма. Сүліктің мінез-құлқын түсіндіріңіздер.  
Жауабы. 1. Қолайлы ауа райында сүлік банканың түбінде бүрісіп жатады. 
Жаңбырдың алдында ыдыстың шетіне қалқып шығады. Жел соққанда сүлік тез 
жүзеді  және  жел  тынышталғанда  бірақ  тыншиды.  Дауыл  алдында  ол 
конвульсивті қимылдайды. Аязды ашық күндері сүлік банканың түбінде бүрісіп 
жатады, ал қар жауғанда ол ыдыстың шетіне қалқып шығады.  
2. 
Бұның  бәрі  атмосфералық  қысымның  өзгеруіне  байланысты.  Қысым 
төмендегенде  (жаңбыр  немесе  қар  жауардың  алдында)  ауаның  және  оттектің 
судағы  мөлшері  азаяды.  Қолайлы  ауа  райында  қысым  жоғары,  судағы  оттек 
жеткілікті сүлік өзін су түбінде жақсы сезінеді. Осындай жағдай тоғандарда да 
байқалады.  
 
40-
мысал.  Дәулет  жұлдыздарға  қарағанды  жақсы  көреді.  Бірақ  ол  түнде 
жұлдыздарға қалағанындай бақылай алмайды, өйткені ол үлкен қалада тұрады. 
Дәулет  былтыр  ауылдық  жерде  болып,  қалада  жүргенде  көре  алмаған 
жұлдыздардың орасан көп санын көру мүмкіндігіне ие болды.  
Сұрақ. Неге үлкен қалаларда, ауылдық жерлерге қарағанда, жұлдыздарды 
көптеп көруге болады?  
26 
 

А.  Ай  қалаларда  жарығырақ,  сондықтан  ол  көптеген  жұлдыздардың 
жарығын жауып тастайды.  
В. Ауылдық жерлерде, қалаларға қарағанда, ауа әлдеқайда таза.  
С.  Қаланың  түнгі  жарық  шамдарының  әсерінен  көптеген  жұлдыздарды 
көру қиын.  
D
.  Көліктер  мен  үйлерден  бөлінетін  жылуға  байланысты  қалаларда  ауа 
жылырақ.  
 
41-
мысал. Дәулет жарық емес жұлдыздарды бақылау үшін диаметрі үлкен 
линзалары бар телескопты қолданады.  
Сұрақ.  Неліктен    диаметрі  үлкен  линзасы  бар  телескоп  жарық  емес 
жұлдыздарды бақылау үшін қолданылады?  
А. Линзалары неғұрлым үлкен болса, олар соғұрлым көп жарық жинайды.  
В. Линзалары неғұрлым үлкен болса, олар соғұрлым күшті ұлғайтады.  
С. Үлкен линзалар көбірек аспан кеңістігін көруге мүмкіндік береді.  
D
.  Үлкен  линзалар  жұлдыздардағы  қараңғы  бояуларды  көруге  мүмкіндік 
береді.  
 
42-
мысал.  Француз  физигі  Арагоның  «Күн  күркіреу  және  найзағай» 
шығармасында  компас  тілінің  қайта  магниттелуі  және  найзағайдың  әсерінен 
темір ыдыстардың магниттелуі туралы көптеген оқиғалар келтірілген.  
Сұрақ.  Бұл  құбылысты  қалай  түсіндіруге  болады?  Өз  ойыңызды 
тұжырымдаңыз.  
 
43-
мысал.  Сым  резистор  арқылы  өтетін  ток  күшінің  тәуелділігін  зерттеу 
үшін ондағы кернеуден 1.4-фотосуретте көрсетілген электр тізбегі жиналды.  
Сұрақ.  0,22А  ток  күшін  көбейту  үшін  кернеуді  қаншаға  жоғарылату 
қажет?  
 
 
1.4-
сурет – Электр тізбегі  
27 
 

44-
Мысал. Қанның биохимиялық анализі – қанды зерттеудің медициналық 
зертханалық  әдісі.  Оның  нәтижелері  бойынша  адам  ағзасының  мүшелері  мен 
жүйелерінің  функционалдық  жағдайы  туралы  айтуға  болады.  Адам  қанының 
биохимиялық  анализін  жасау  алдында  қажетті  дайындық  жұмыстары 
жүргізіледі.  Зерттеуге  дейін  шамамен  6-12  сағатқа  жуық  уақыт  тамақ 
қабылдамау  қажет.  Түрлі  шырындар,  сүт,  алкогольді  ішімдіктер,  тәтті  шай 
немесе кофе ішпеген жөн. Су ішуге болады.  
 
1-
сұрақ. Неліктен қан анализін аш қарында алады?  
Жауабы.  Кез-келген  азық-түлік  қан  көрсеткішіне  әсер  етеді,  олар  қате 
емдеуге әкеп соқтыруы мүмкін.  
 
Төмендегі  кестеде  адам  қанының  негізгі  көрсеткіштерінің  нормалары 
көрсетілген (1.8-кесте).  
 
1.8-
кесте – Адам қаны көрсеткіштерінің нормалары  
 
Көрсеткіш 
 
Нормалық деңгей 
 
Бұзылу себептері 
 
Гемоглобин 
Функциясы  –  оттекті 
тасымалдау
 
Ер  адамдарда  130  –160 
г/л, әйелдерде 120 – 150 
г/л 
 
Төмендеуі – анемия
 
Глюкоза 
(
Қант)
 
3,30-
6,1 мМ/ л  
Жоғарылауы – қант диабеті 
қаупі 
Несеп 
Креатинин 
2,5-
8,3 мМ/ л  
Жоғарылауы – бүйрек 
жұмысының бұзылуы 
44-
106 мМ/ л  
Жалпы холестерин 
3,6 мМ/л до 7,8 мМ/л  
Жоғарылауы – жүрек-қан 
тамырлары жұмысының 
бұзылуы  
Жалпы билирубин 
8,5-20,
55 мкМ/л  
Жоғарылауы – бауыр 
жұмысының бұзылуы  
Жалпы нәруыз 
65 – 85 
г/л 
 
Жоғарылауы – бауыр 
жұмысының бұзылуы  
Аспартатаминотрансфе
раз АСТ
 
28 – 
129 нкат/л  
Жоғарылауы –жүрек және 
соматикалық бұлшық ет 
зақымдалуының миокард 
инфаркті 
Аланинаминотрансфер
аз АЛТ 
28 – 
178 нкат/л  
Жоғарылауы – бүйрек 
жұмысының бұзылуы  
 
2-
сұрақ.  Пациентке  өзінің  денсаулығына  қатысты  қандай  мамандармен 
кеңесу қажет?  
А.
 
Бүйрек ауруларының маманымен (уролог).  
В. Жүрек-қан тамырлары 
ауруларының маманымен (кардиолог).  
С.
 
Жүйке жүйесі ауруларының маманымен (невропатолог).  
28 
 

Жауабы.  Пациентке  жүрек-қан  тамырлары  ауруларының  маманымен 
кеңесу қажет.  
 
3-
сұрақ. Төмендегі  кестеде  пациенттің анализі  берілген  (1.9-кесте).  Оның 
қан көрсеткіштерінде ауытқулар бар ма? Қандай?  
 
1.9-
кесте – Қан көрсеткіштері  
 
Каталог: files -> blogs
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blogs -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blogs -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blogs -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blogs -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет