Pisa-2015 халықаралық зерттеуге дайындықТЫ



жүктеу 4.99 Mb.
Pdf просмотр
бет5/15
Дата15.03.2017
өлшемі4.99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1-
есеп. Арифметикалық амалдар.  
(5,02 – 
4,999) : 210 өрнегінің мәнін есептеңіздер.  
А. 0,001.  
В. 0,0001.  
С. 0,01.  
D. 0,1.  
Жауабы: В.  
 
2-
есеп. Пайыз.  
90 саны 4500 санының қанша пайызын құрайды?  
А. 10%.  
В. 20%.  
С. 2%.  
D. 5%.  
Жауабы: С.  
 
3-
есеп. Жанар май.  
2004 жылы 1 литр бензин 110 тг болды. 2007 жылы ол 40%-ға қымбаттады.  
Сұрақ: Бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай болған?  
Жауабы: 154 тг.  
 
4-
есеп. Жанар май.  
2014 жылы желтоқсанда бензиннің 1 литрі 125 тг болды, ал 2015 жылдың 
ақпан айында 20,8%-ға арзандады.  
1-
сұрақ: 2015 жылдың ақпан айындағы 1 литр бензиннің бағасы қандай?  
Жауабы: 99 тг.  
43 
 

2-
сұрақ:  2014  жылы  желтоқсанмен  салыстырғанда  2015  жылдың  ақпан 
айында 1 литр бензиннің бағасы қанша теңгеге арзандаған?  
Жауабы: 26 тг.  
 
5-
есеп. Есептеу  
2
2
2
3
2
3
5

+
+
+
өрнегін ықшамдаңдар.  
А. -2.  
В. 2
2
.  
С. 2.  
D. -2
2
.  
Жауабы: С.  
 
6-
есеп. Киім тігу.  
Тігін  шеберханасында  320  м  мата  бар,  оның  256  м-і  көйлек  тігуге 
жұмсалды.  
Сұрақ: Көйлек тігуге матаның қанша пайызы жұмсалған?  
Жауабы: 80%.  
 
7-
есеп. Киім тігу.  
Тігін шеберханасы мектеп киімін тігуге тапсырыс қабылдады. Ер баланың 
бір  комплектісіне  6  м  мата,  ал  қыз  баланың  бір  комплектісіне  одан  25%-ға 
артық жұмсалады.  
Сұрақ: Ер балаларға да, қыз балаларға да 100 комплектіден тігу үшін тігін 
фабрикасына 1350 м мата жеткілікті ме?  
Жауабы: __________  
 
8-
есеп. Қозғалыс.  
Ақтөбе  және  Атырау  қалаларының  арақашықтығы  591  км.  Осы 
арақашықтықты картада бейнелеу қажет.  
1-
сұрақ. Ақтөбе және Атырау қалаларының арақашықтығы картада 10 см 
болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет?  
Жауабы: _______.  
2-
сұрақ.  Егер  картаның  масштабы  1:  10000  болса,  онда  591  км  қанша 
сантиметрге тең болады?  
Жауабы: ________ .  
 
9-
есеп. Қозғалыс.  
Масштабы 1:11600000 картада Қарағанды қаласы мен Қостанай қаласының 
арақашықтығы 8 см-ге тең.  
1-
сұрақ.  Қарағанды  мен  Қостанай  қалаларының  арақашықтығы  қанша 
километрді құрайды?  
Жауабы: 928 км.  
44 
 

2-
сұрақ.  Егер  100  км-ге  8  л  бензин  қажет  болса,  онда  осы  қалалардың 
аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады?  
Жауабы: шамамен 75 л.  
 
10-
есеп. Билет бағасы.  
Астана  стансасынан  Бурабай  курорты  стансасына  дейін  ересектер 
билетінің бағасы 1200 тг, ал балалар билетінің бағасы 450 тг тұрады.  
Сұрақ  1:  Астана  стансасынан  Бурабай  курорты  стансасына  дейін  бір 
ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай?  
Жауабы: ________.  
Сұрақ  2:  Астана  стансасынан  Бурабай  курорты  стансасына  дейін  баруға 
және  кері  қайтуға  үш  ересек  және  бес  балалар  билетін  алу  үшін  11000  тг 
жеткілікті ме?  
Жауабы: ________.  
 
11-
есеп. Билет бағасы.  
Екі  ересек  және  үш  баладан  тұратын  отбасы  Астана  қаласынан  Алматы 
қаласына баруға жиналды. Барлығына баруға және кері қайтуға билеттер сатып 
алу қажет.  
2.1-
кестеде  Астана  –  Алматы  қатынасындағы  пойыздардың  плацкарт 
вагонының билет бағасы көрсетілген.  
 
2.1-
кесте – Плацкарт вагонға билеттің бағасы  
№ 
Жол бағыты 
Жолдағы 
уақыт 
Билеттің бағасы 
Ересектер  
Балалар  
002 
Астана – Алматы 2 
12 
сағ 38 мин 
13471 тг 
6736 тг 
004 
Астана – Алматы 2 
19 
сағ 09 мин 
3776 тг 
1888 тг 
016 
Петропавл – Алматы 2 
22 
сағ 39 мин 
3376 тг 
1688 тг 
010 
Астана – Алматы 1 
18 
сағ 58 мин 
3776 тг 
1888 тг 
043 
Костанай – Алматы 1 
20 
сағ 15 мин 
4986 тг 
2493 тг 
 
1-
сұрақ.  Пойыздардың  жолына  кететін  уақыттарын  және  билеттерінің 
бағаларын салыстырыңыздар. Қорытынды жасаңдар.  
Жауабы: ____ .  
2-
сұрақ.  Дұрысы  қай  пойызға  билет  сатып  алу  керек?  Жауабын 
түсіндіріңіздер.  
Жауабы: ____ .  
3-
сұрақ.  Пойызбен  баруға  және  кері  қайтуға  жұмсалатын  ақшаның  ең  аз  
сомасы қандай?  
Жауабы: ____ .  
4-
сұрақ. Баруға және кері қайтуға жұмсалатын ақшаның ең арзан және ең 
қымбат бағаның арасындағы айырмашылығы қандай?  
Жауабы: ____ .  
45 
 

12-
есеп. Жер телімінің ауданы.  
Периметрі  32  м-ге  тең  шаршы  пішінді  жер  телімі  тіктөртбұрыш  пішінді 
сегіз бірдей бөлікке бөлінген.  
1-
сұрақ. Шаршы пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?  
Жауабы: ____ .  
2-
сұрақ. Берілген жер телімінің ауданы қанша?  
Жауабы: ____ .  
3-
сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің өлшемдері қандай?  
Жауабы: ____ .  
4-
сұрақ. Тіктөртбұрыш пішінді жер телімінің ауданы қанша?  
Жауабы: ____ .  
5-
сұрақ.  Тіктөртбұрыш  пішінді  жер  телімінің  ауданы  берілген  жер 
телімінің ауданына қарағанда қанша кем?  
Жауабы: ______ .  
 
13-
есеп. Жер телімінің ауданы.  
Периметрі 48 м және ұзындығы енінен 3 есе артық тіктөртбұрыш пішінді 
жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлу қажет.  
1-
сұрақ. Берілген жер телімінің өлшемдері қандай?  
Жауабы: ____ .  
2-
сұрақ.  Егер  шыққан  жер  телімі  шаршы  пішінді  болса,  оның  өлшемдері 
қандай болуы мүмкін?  
Жауабы: ____ .  
3-
сұрақ.  Егер  шыққан  жер  телімі  тіктөртбұрыш  пішінді  болса,  оның 
өлшемдері қандай болуы мүмкін?  
Жауабы: ____ .  
4-
сұрақ. Берілген жер телімін бірдей жер телімдеріне бөлудің ең кіші және 
ең үлкен саны қандай?  
Жауабы: _______ .  
 
14-
есеп. Бұрыштың биссектрисасы.  
Бұрыш салыңдар. Бұрыштың биссектрисасын жүргізіңіздер.  
1-
сұрақ.  Биссектриса  және  бұрыштың  қабырғасы  арасындағы  бұрыш 
берілген бұрыштан артық болуы мүмкін бе?  
Жауабы: ____ .  
2-
сұрақ.  Биссектриса  және  бұрыштың  қабырғасы  арасындағы  бұрыш 
берілген бұрыштан кем болуы мүмкін бе?  
Жауабы: ____ .  
3-
сұрақ.  Биссектриса  және  бұрыштың  қабырғасы  арасындағы  бұрыш 
берілген бұрыштан 2 есе артық болуы мүмкін бе?  
Жауабы: ____ .  
4-
сұрақ.  Биссектриса  және  бұрыштың  қабырғасы  арасындағы  бұрыш 
берілген бұрыштан 2 есе кем болуы мүмкін бе?  
Жауабы: ______ .  
46 
 

15-
есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.  
АВС  үшбұрышының  С  төбесіндегі  бұрыш  64°-қа  тең,  ал  А  бұрышымен 
сыбайлас бұрыш – 134°.  
Сұрақ. АВС бұрышының шамасы қанша?  
 
2.1-
сурет  
Жауабы: 70°.  
 
16-
есеп. Бұрыштың биссектрисасы.  
АВС бұрышы 58°-қа тең. Бұрыштың төбесі арқылы оның биссектрисасына 
перпендикуляр MN түзуі жүргізілген.  
Сұрақ:  MN  түзу  мен  бұрыштың  қабырғалары  арасындағы  бұрыштардың 
градустық шамалары неге тең?  
Жауабы: 61°.  
 
17-
есеп. Бұрыштың биссектрисасы.  
КН түзуі АВС бұрышының биссектрисасына перпендикуляр. КН түзуі мен 
АВС  бұрышының  қабырғалары  арасындағы  бұрыштардың  градустық 
шамаларының қосындысы 114°-қа тең.  
Сұрақ: АВС бұрышының градустық шамасы неге тең?  
Жауабы: 66°.  
 
18-
есеп. Теңбүйірлі үшбұрыш.  
Теңбүйірлі  үшбұрыштың 
табанындағы 
сыртқы  бұрыштарының 
қосындысының мәні 280°.  
1-
сұрақ.  Үшбұрыштың  төбесіндегі  ішкі  бұрышы  доғал  бұрыш  болуы 
мүмкін бе?  
Жауабы: _______ .  
2-
сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары неге тең?  
Жауабы: ________ .  
 
19-
есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.  
АВС үшбұрышының ЕМ орта сызығы оның қабырғасымен 49° жасайды.  
1-
сұрақ. ВЕМ үшбұрышының бұрыштарының шамалары неге тең?  
47 
 

Жауабы: _______ .  
2-
сұрақ. Берілген үшбұрыштың бұрыштарының шамалары қандай?  
Жауабы: _______ .  
3-
сұрақ. Үшбұрыштың төбесіндегі сыртқы бұрышының шамасы неге тең?  
Жауабы: ________ .  
 
20-
есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.  
ВК – АВС үшбұрышының биссектрисасы.  
K  нүктесі  арқылы  АВ  қабырғасын  Е  нүктесінен  қиып  өтетін  және  ВС 
қабырғасына параллель түзу жүргізілген.  
Сұрақ:  Егер  АВС  бұрышы  78°-қа  тең  болса,  онда  ВКЕ  үшбұрышының 
бұрыштарының шамалары неге тең?  
Жауабы: 102°, 39°, 39°.  
 
21-
есеп. Кесіндінің ұзындығы.  
АВС тікбұрышты үшбұрышының ВС және АС катеттерінің ұзындықтары 
сәйкесінше  a  жән  b-ға  тең.  ABDE  шаршысы  мен  АВС  үшбұрышы  әр  түрлі 
жазықтықта  жататындай  етіп  АВ  гипотенузасы  арқылы  ABDE  шаршысы 
салынған.  
1-
сұрақ. Егер жазықтықтар перпендикуляр болса, С тік бұрышы төбесінен 
шаршының центріне дейінгі арақашықтық қанша?  
Жауабы: _______  
2-
сұрақ.  Егер  жазықтықтар  60
0
 
бұрышпен  қиылысатын  болса,  онда  С  тік 
бұрышы төбесінен шаршының центріне дейінгі қашықтықты қандай болады?  
Жауабы: ______  
 
22-
есеп. Нүкте және түзу.  
Координаталық түзудің бойында нүктелер белгіленген (2.2-сурет).  
Сұрақ: 
5
 
және 2
5
 
сандарына қайсы нүктелер сәйкес келеді?  
 
2.2-
сурет  
Жауабы: В және Е.  
 
II. 
PISA  тапсырмаларында  бір  сюжетті  тапсырмалар  қарастырылады, 
бірақ  оқушыға  қарапайым  есептеулерден  бастап  орындау  кезінде 
математиканың бірнеше бөлімдерінен немесе жаратылыстану ғылымы циклі 
пәндерінен  алған  білімдері  пайдаланылатын,  сонымен  қатар  шығармашылық 
пен  логикалық  ойлауды  қажет  ететін  5-ші  және  6-шы  күрделілік  деңгейдегі 
сұрақтарға дейін, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі бірнеше сұрақтар ұсынылады.  
48 
 

23-
есеп. Астана қаласы тұрғандарының саны.  
Қазақстанның  астанасы  Астана  қаласы  бүгінгі  күнде  тез  өркендеуде. 
Халқының саны да жылдан жылға өсуде.  
2.2-
кестеде Астана қаласының 1989 ж., 2000 ж., 2005 ж., 2010 ж., 2014 ж. 
тұрғындарының саны берілген.  
 
2.2-
кесте – Астана қаласы тұрғандарының саны  
 
Жыл 
1989 ж 
2000 ж  2005 ж  2010 ж 
2014 ж 
Тұрғындар саны  
281252 
381000 
529335 
649139 
814401 
 
1-
сұрақ.  1989  жылмен  салыстырғанда  2014  жылы  тұрғындардың  саны 
қанша пайызға артты?  
Жауабы: _______.  
2-
сұрақ. Пайызбен есептегендегі тұрғындардың орташа өсуі қандай?  
Жауабы: _______.  
3-
сұрақ.  Астана  халқы  өсуінің  осындай  пайызы  сақталатын  болса,  онда 
Астана тұрғындары неше жылдан кейін миллионнан асады?  
Жауабы: _______.  
 
24-
есеп. Көлдер.  
Әлемдегі  аса  ірі  көлдер  қатарында  бірінші  орында  Каспий  теңізі,  оның 
бетінің  ауданы  371  мың  км
2
 
құрайды,  жетінші  орында  Байкал  көлі,  оның 
ауданы – 31722 км
2
; Қазақстанның шығыс бөлігінде орналасқан Балқаш көлінің 
ауданы 16 400 км² және ол он үшінші орында тұр.  
1-
сұрақ.  Әрбір  көлдің  ауданы  қанша  гектарды  алып  жатыр?  (1  га  = 
10000 
м
2
, 1км 

= 1 000 000 
м
2
).  
Жауабы: _______.  
2-
сұрақ. Жуық шамамен Каспий теңізінің ауданы Байкал көлі мен Балқаш 
көлінің ауданынан қанша есе артық (жеке алғанда)?  
Жауабы: _______.  
3-
сұрақ.  Барлық  көлдердің  ауданы  неге  тең?  Жауабын  гектармен 
жазыңдар.  
Жауабы: _______.  
 
25-
есеп. Үшбұрыштың бұрыштары.  
АВС  тікбұрышты  үшбұрышының  (<АВС=90
°
),  СE  медианасы  12  см,  CD 
биіктігі 6 см-ге тең (2.3-сурет).  
Сұрақ. ВАС бұрышының шамасы неге тең?  
A. 30°.  
B. 60°.  
C. 45°.  
D. 75°.  
 
49 
 

 
 
2.3-
сурет  
Жауабы: D. 75°.  
 
26-
есеп. Валюта айырбастау.  
Майра бір айға шетелге баруға дайындалуда. Шетелге баруға байланысты 
оған  кейбір  теңге  (тг)  сомасын  польшаның  злотына  (PLN)  айырбастау  керек. 
Осы кездегі Қазақстан теңгесі мен Польша злоты арасындағы айырбас бағамы: 

тг = 55 PLN болды.  
1-
сұрақ: Осы бағам бойынша Майра 200 мың теңгені польшаның злотына 
айырбастады. Майра қанша Польша злотын алды?  
Жауабы: 3636 PLN.  
2-
сұрақ.  Қазақстанға  қайтып  оралғанда  Майрада  650  PLN  қалды.  Ол 
оларды  қайтадан  қазақстандық  теңгеге  айырбастады.  Бұл  кезде  келесідей 
айырбас бағамы болды: 1 тг = 52 PLN. Майра қанша ақша тенгемен алды?  
Жауабы: 33800 тг.  
 
III. 
PISA  халықаралық  зерттеуінің  талаптарын  орындау  барысында 
құрылымдау мәселесі де қарастырылады, яғни тапсырманы ретімен орындау 
үдерісінде  келесі  сұрақты  орындау  алдыңғы  сұрақтың  жауабымен 
байланысты етіп сұрақтардың мазмұны таңдалып жасалынады.  
 
27-
есеп. Омыртқалы жануарлар.  
2.3-
кестеде  біздің  республикамыздың  аумағында  мекендейтін  омыртқалы 
жануарлар саны туралы кейбір деректер көрсетілген.  
 
2.3-
кесте – Қазақстандағы омыртқалы жануарлар саны  
 
Кластары  
 
Саны 
Ескерту 
Бауырымен 
жорғалаушылар  
 
49 
 
50 
 

Қос мекенділер  
 
12 
 
Құстар  
 
9
3 түрлі құстар қыстап шығуға ұшып келеді 
немесе көктем және күзде ұшып келеді (  
бұл 
біздің 
еліміздегі 
мекендейтін 
құстардың 
 
саны)  
Балықтар  
 
балықтардың  3  түрі  –  дөңгелек  ауыздылар 
(бұл біздің еліміздегі мекендейтін балықтар 
санының 2,9%)  
 
Сүт қоректілер  
 
Сүт қоректілерге қарағанда құстың түрлері 
308-
ге артық  
 
 
1-
сұрақ: Елімізде мекендейтін құстардың түрлері қанша?  
Жауабы: _______  
2-
сұрақ. Еліміздің  аумағында балықтың қанша түрі мекендейді?  
Жауабы: _______  
3-
сұрақ: Елімізде мекендейтін сүт қоректілер саны қанша?  
Жауабы: _______  
4-
сұрақ: Еліміздің аумағында омыртқалы жануарлардың қанша түрі бар?  
Жауабы: _______  
 
IV. 
PISA  халықаралық  зерттеуінің  тапсырмаларын  орындағанда 
оқушылардың  кесте,  диаграмма,  график  түрінде  берілген  ақпараттарды 
талдай білулері маңызды.  
 
28-
есеп. Чад көлі.  
 
2.4-
суретте  Сахара  шөл  даласының  солтүстік-африкалық  бөлігіндегі  Чад 
көлінің тереңдігі деңгейінің өзгеруі көрсетілген. Чад көлі мұз дәуірі барысында 
біздің жыл санауымызға дейін шамамен 20000 жыл бұрын толығымен жойылып 
кетті.  
Біздің жыл санауымызға дейін шамамен 11000 жыл бұрын ол қайта пайда 
болды.  
Бүгінде оның  тереңдік деңгейі  шамамен біздің жыл  санауымыздың 1000-
шы жылындағы деңгейіндей болады. Бүгінгі күні Чад көлінің тереңдігі қандай?  
2.4-
суретте  Чад  көлінің  біздің  жыл  санауымызға  дейін  4000  жыл  бұрын 
(б.ж.с.д. 4000 ж.б.) деңгейі өзгеруі берілген.  
51 
 

 
            
   
        
              
 
              
 
 
        
 
                      
            
 
 
 
 
 
А. 5 – 8 м.  
B. 4 – 
5 м.  
C. 8 – 
10 м.  
D. 10 – 
15 м.  
Жауабы: _______  
 
V. 
Салыстыру, бағалау, мәселелерді шешудің белгілі стратегиясын жасау 
арқылы шешу керек болатын тапсырмалар.  
 
29-
есеп. Үшбұрыш.  
2.5-
суреттен келесі сипаттамаға сәйкес келетін фигураны көрсетіңдер:  
1) PQR үшбұрышы R бұрышы тік бұрыш болатын тікбұрышты үшбұрыш.  
2) RQ қабырғасы PR қабырғасынан кіші.  
3) M – 
PQ қабырғасының ортасы, ал N – QR қабырғасының ортасы.  
4) S – 
осы PQR үшбұрыштың ішіндегі нүкте.  
5) MN кесіндісі MS кесіндісінен үлкен.  
 
A  
B  
 
 
 
б.ж.с.д. 
10000 ж.б. 
 
б.ж.с.д. 
8000 ж б  
б.ж.с.д. 
6000ж.б. 
б.ж.с.д. 
4000 ж.б. 
б.ж.с.д. 
2000 ж.б. 
Чад көлінің 
деңгейінің өзгеруі  
2.4-
сурет  
Тереңдігі 
 
60 
50 
40 
30 
20 
10 
 
 
 
 
 
 
 

1000 
52 
 

C  
 

 
 
 
 

 
 
2.5-
сурет  
Жауабы: _______  
 
30-
есеп. Киіз үй.  
Киіз үй – киізбен жабылған қаңқалы көшпелі үй. Киіз үйдің негізгі бөлігі – 
ағаш қаңқа мен киіз жапқышы. Киіз үйдің сүйегін: жылжымалы керегекөз негізі 
– 
кереге,  күмбез  сырғауыл  –  уық,  жартылай  сфералы  төбесі  –  шаңырақ,  есік 
құрайды.  Киіз  үйдің  керегесі  бірнеше  бөлек  бөліктерден  –  қанаттардан 
құралады. Қанаттар санына байланысты киіз үйлер төрт қанатты, алты қанатты 
және т.б. болып бөлінеді.  
2.4-
кестеде төрт қанатты киіз үйдің өлшемдері дұрыс көрсетілген, ал алты 
және он қанатты киіз үйлердің өлшемдері ауыстырып берілген.  
 
2.4-
кесте – Киіз үйдің мөлшерлері  
№ 
Атауы 
Қанатының саны 


10 

Ауданы (кв. м.) 
20 
96 
3,8 

Диаметрі (м) 
5,1 
32 
3,75 

Уықтың биіктігі (м) 
2,05 
2,95 
10,1 

Уықтар саны (дана) 
66 
2,7 
77 

Орасының биіктігі (м) 
2,28 
6,75 
158 
53 
 

Сұрақ:  Төрт  қанатты  киіз  үйдің  өлшемдерін  пайдаланып,  алты  қанатты 
және он қанатты киіз үйдің өлшемдерін анықтаңдар.  
Жауабы: _______  
 
Одан  әрі  қарай  түрлер  мен  деңгейлерге  бөлінбеген  тапсырмалар 
келтірілген.  
 
31 есеп. Велосипед.  
Серік велосипедпен сырғанауға өте құмар. Ол кейбір тауарлардың бағасын 
анықтау үшін «Спорт» дүкеніне жиі соғып тұрады.  
Бұл  дүкеннен  толық  жасақталған  велосипедті  сатып  алуға  болады. 
Дегенмен  велосипедтің  рамасын,  толық  комплектілі  2  доңғалағын,  рулін 
тіреуішімен,  сондай-ақ  қатты  немесе  қапталған  жұмсақ  отырғышын  сатып 
алып, өзіңе велосипед құрастырып алуға болады.  
Дүкендегі тауарлардың бағалары 2.5-кестесінде келтірілген.  
 
2.5-
кесте – Велосипед бөлшектерінің бағалары  
 
Тауар  
Баға (тг)  
 
Толық жасақталған велосипед  
42900 
тг немесе 49900 
тг  
 
Велосипедтің рамасы  
20000 
тг, 25000 тг 
немесе 30000 тг  
 
 
Толық комплектілі 2 доңғалағы  
5200 
тг немесе 7600 
тг  
 
Руль тіреуішімен  
5600 
тг  
 
Қатты немесе қапталған жұмсақ 
отырғыштың комплектісі  
5000 
тг немесе 7000 
тг  
 
 
1-
сұрақ:  Серік  өзіне  велосипед  құрастырып  алғысы  келеді.  Бұл  дүкенде 
велосипедтің барлық құрайтын бөлшектер бағасының ең арзаны қанша және ең 
қымбаты қанша?  
Жауабы: ең төменгі баға – 35800; ең жоғарғы баға – 50200.  
54 
 

2-
сұрақ: Дүкеннен үш түрлі рамалар, екі түрлі доңғалақтар комплектісі, екі 
түрлі  қатты  немесе  жұмсақ  отырғыштарды  таңдап  алуға  болады.  Сонымен 
қатар рульдің бір ғана түрі бар.  
Серік  ұсынылып  отырған  бөлшектерден  велосипедтің  қанша  түрін 
құрастыра алады?  
А. 6.  
В. 8.  
С. 10.  
D. 12.  
Жауабы: _______  
3-
сұрақ:  Серіктің  48500  теңгесі  бар,  ол  осы  ақшасына  мүмкіндігінше  ең 
қымбат  велосипед  құрастырып  алғысы  келеді.  Ол  велосипедтің  әрбір 

бөлшегінің әрқайсысына қанша ақша жұмсауы мүмкін?  
Жауабын төменде келтірілген 2.6-кестеге жазыңдар.  
 
2.6-
кесте  
Велосипед бөлшектері  
Каталог: files -> blogs
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері
blogs -> Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»
blogs -> Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
blogs -> «Мен қазақпын, белдімін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім, Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім »
blogs -> Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия
blogs -> Жалпы орта білім беру ұйымдарында мемлекет басшысының «ТӘуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеу аясында


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет