Питирим Сорокиннің концепциясын талдау Орындаған: Бает Жанерке



Дата28.10.2022
өлшемі22,16 Kb.
#45992

Питирим Сорокиннің концепциясын талдау

Орындаған: Бает Жанерке


Тобы: 7М01501


.

Кіріспе
Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889—1968 ж.ж.) - тегі орыс американдық социолог, 40-тан аса кітап, бірнеше жүз мақала жазған ірі ғалым. 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алдыОның шығармалары әлеуметтанудың дамуының сапалық жаңа кезеңін бастайды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді


ХХ ғасырдың басында қоғамды зерттеу жұмысының ішіңде методология мен теория проблемалары өздерінің лайықты орнын таба бастаған уақыт туды. Әлеуметтанудағы эмпирикалық зерттеуді теориялық зерттеумен біріктіру идеясын Р. Мертон өзінің "Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым" деген еңбегінде өзекті мәселелердің бірі етіп қойды. Оның пікірінше, бұларды біріктірудің "алтын ғасыры" басталды. Р. Мертонның идеялары эмпиризмнің баса-көктеуіне қарсы, зерттеушілерді теориялық ізденістерге қатыстыруға бағытталды. Теориялық зерттеулерге П. Сорокиннің (1889—1968 жж.) методологиялық және теориялық концепциялары да ықпал етті. Бұл белгілі әлеуметтанушы ғалым алғашқы маңызды еңбектерін Ресейде, кейін АҚШ-та жазды. Оның көптеген ғылыми еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған еді. Солардың арасында "Революция әлеуметтануы", "Қазіргі әлеуметтанулық, теориялар", "Әлеуметтік және мәдени мобильдік", төрт томдық іргелі шығарма: "Әлеуметтік және мәдени динамика" және т.б. бар.

Питирим Сорокин және оның әлеуметтік стратификация теориясы


Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889—1968 ж.ж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеуметтік ірі мәселелермен, мысалы, қоғамның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негізгі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобильдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.


П.А. Сорокин әлеуметтанудың ірі тұжырымдамасын жасап, дүние жүзіндегі өзгерістердің болашағын түсіндірді. Оның бұл жөнінде екі тұжырымдамасы болды. Олардың біріншісі, әлеуметтік-мәдени динамика, екіншісі — қоғамның тұтастық (яғни, біріктіруші) тұрпаты. Бірінші тұжырымдасына қандай да бір тарихи өзгеріс болмасын, оны мәдени типтердің дамуы ретінде қарады. Ал, мұндағы әрбір мәдени тип бір бүтін ерекше құбылыс ретінде көрінеді. П. Сорокиннің пікірінше, осындай негізгі топтардың үш түрі болады. Олар: сезімдік, ақыл-парасаттылық (рациональный), идеалистік. Біріншісінде нақты дүниені тікелей сезімдер арқылы қабылдау, екіншісінде ақыл — парасатқа, ақылға жеңдіру арқылы, үшіншісінде — интуицияның (яғни, жорамалдап сезінудің) басым болуы арқылы іске асырылады. Осылай мәдени типтің әрқайсысы дамып отырады және олар қоғамның ілгері дамуының әрбір кезеңіне тән.


П. Сорокиннің әлеуметтік мәдени тұжырымдамасы қоғамдағы әлеуметтік өзгерістердің пайда болатын көзін және қозғаушы күштерін анықтайды. Одан әрі олардың диалектикасын анықтаудың әрекеті, талабы болады. Қоғамның бірігу тұрпаты туралы тұжырымдамасында П. Сорокин өзінің болашаққа көзқарасын тұжырымдады. 60-жылдары оның бұл тұжырымдамасы конвергенция тұжырымдамасының негізгі құрамында болды, өйткені П. Сорокиннің бұл тұжырымдамасы қоғамның алуан түрлі ұйымдары мен жүйелерінің арасындағы байланыс-қатынастарды және адамзат қоғамының талап-тілегіне оларды пайдалануды нақты түрде көрсетті. Олардың ішінде меншік түрлері мен саяси құрылымдағы плюрализм (алуан түрлілігі), еңбекті жөне экономикалық тәртіпті ынталаңдыру, басқа елдермен қарым-қатынастардың, әдіс-тәсіддерін жоспарлау, т.б. болады. П. Сорокин жалпы адамзат қоғамы қиын-қыстау жағдайды басынан өткізіп, өзгеріп отырса да, ол әруақытта бірігу бағытына қарай дамитындығын атап көрсетті.


"Әлеуметтану жүйесі" атты туындысында П. Сорокин әлеуметтанудың ғылыми принциптерін жан-жақты, толық етіп баяндайды. Оның пікірінше, әлеуметтану ғылым ретінде жаратылыстану ғылымдарының типі сияқты құрылуы тиіс. 'Табиғат туралы ғылым" мен "мәдениет жөніндегі ғылымды" бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Өйткені басқа ғылымдардың зерттеу объектілері әр түрлі болғанымен олардың бұл объектілерді зерттеу әдістері бірдей. Әлеуметтану дүниені зерттегенде өзгеріссіз, сол қалпында қарастыруы қажет. Кез келген нормативизм, яғни ғылымға адамгершілік және басқа да субъективтік нормалар тұрғысынан қол сұғулар әлеуметтанудан біржола аластатылуы керек. Бұл тұрғыдан алғанда шындық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. сол сияқты принциптер мен нормалардан бөлінуі тиіс. Әлеуметтану "объективтік пән" болуы керек, яғни адамдардың объективтік өлшеуге және зерттеуіне қолайлы нақты өзара әрекеттерін қарастыруы қажет. Әлеуметтану тәжірибелік және нақты ғылым болғысы келетіндіктен кез келген философиялық, құрғақ ой түріндегі пайымдаулардан, ғылымда дәлелденбеген құрулардан бас тартуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда жақсы жасалған статистикалық диаграмма қандай да болсын әлеуметтік-философиялық трактатқа тұрарлық. Философиялық пайымдаудан алшақтау — монизм идеясынан да, яғни кез келген құбылысты қайсыбір бастауға апарып қоса салудан да бас тарту болып саналады. Монизмнің орнына П. Сорокин табанды әлеуметтанулық плюрализмді ұсынды.


П. Сорокин әлеуметтануды теориялық және практикалық деп бөледі. Теориялық әлеуметтануды ол үш бөлімге: әлеуметтік аналитикаға, әлеуметтік механикаға, әлеуметтік генетикаға бөлді. Әлеуметтік аналитика әлеуметтік құбылыстың құрылымын және оның негізгі формаларын зерттейді. Әлеуметтік механиканың (немесе әлеуметтік физиологияның) пәні — адамдардың өзара әрекет ету процестері, басқаша сөзбен айтқанда, адамдардың басқа да күштердің мінез-құлығын анықтауы, тигізер әсері. Әлеуметтік генетика әлеуметтік өмірдің дамуын, оның жекелеген жақтары мен институттарын зерттейді. Әлеуметтік құбылыстың дамуы оның құрылымымен және өзге құбылыстармен өзара әрекет етуі арқылы анықталады, сондықтан да әлеуметтік генетика әлеуметтік аналитиканы және әлеуметтік механиканы өз құзырына біріктірген.


Практикалық әлеуметтану қолданбалы пән ретінде сипатталады. Теориялық әлеуметтану қалыптастырған заңдарға сүйене отырып, ол алға қойылған мақсатқа орай қоғам мен адамға әлеуметтік күштерді басқаруға көмектесуі қажет. Практикалық әлеуметтану, түптеп келгенде, әлеуметтік саясат ретінде де көрінеді, өйткені ол әлеуметтік саясатты бағыттайды және дәлелдейді.


"Әлеуметтану жүйесі" еңбегінде П. Сорокин ең алдымен әлеуметтік мінез-құлықты және адамдардың қызметін, әлеуметтік топтарды және қоғам құрылымын, сонымен қатар оларда жүріп жатқан әлеуметтік процестерді неопозитивтік әлеуметтанудың зерттеу объектілері етіп алады. Бүкіл қоғамдық өмір және барлық әлеуметтік процестер құбылыстарға және екі немесе одан да көп индивидтердің өзара әрекет процесіне ажырайды. Міне, осы адамдардың әзара әрекеттері әлеуметтанудың тікелей зерттеу пәні болуы тиіс. Бұл жерде әңгіме индивидтердің мінез-құлқы мен қызметінен сырттай байқалатын "психорефлекторлық" өзара әрекет туралы болып отыр. Конттың позитивизмінен Сорокиннің неопозитивизмінің мәнді ерекшелігі осында. Конттың позитивтік әлеуметтануы қоғамды тұтас әлеуметтік организм ретінде зерттесе, Сорокиннің неопозитивтік әлеуметтануының тікелей зерттеу пәні болып екі немесе шағын топтар деп аталатындарды құрайтын бірнеше адамдардың өзара әрекеттері қарастырылады. Осындай қарапайым өзара әрекеттерден әр түрлі әлеуметтік процестер қалыптасады. Екі индивидтің озара әрекетін П. Сорокин қарапайым әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайды. Бір иңдивидтің психикалық әсерленушілігі немесе сыртқы әсерлердегі өзгерістер келесі бір индивидтің әсерленушілігі және сыртқы әсерлер арқылы пайда болады. Мұндай өзара әрекетті Сорокин "әлеуметтік клеткалар" деп атаған, сол клеткалардан барлық қалған жеңіл және күрделі қоғамдық құбылыстар қалыптасады.


П. Сорокин жоғарыда аталған шығармаларында "күрделі әлеуметтік агрегаттарды", алуан түрлі әлеуметтік топтарды, олардың құрылымдарын және өзара әрекетін зерттейді. Ол әлеуметтік топтарды топтастырудың біржақты және көпжакты критерийлерін ұсынды. Осы критерийлерге сәйкес әлеуметтік топтар бір ғана белгісімен, айталық, тіл, территория, жынысы немесе көптеген белгілеріне қарай бөлінеді. Коптеген белгілеріне орай таптар, ұлттар және басқа да күрделі, әсіресе әлеуметтік біртекті топтар бөлінді.


Қоғамның біртекті еместігі, оның түрлі әлеуметтік топтарға объективтік бөлінуі П. Сорокиннің әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильдік теорияларынан көрініс тапты. Бұл теориялар бойынша бүкіл қоғам әр түрлі қабаттарға — страттарға болінеді, олар өз арасында табыс деңгейлеріне, қызмет түрлеріне, саяси көзқарастарға, мәдени бағдарларына және т.б. қарай өзгешеленеді. Әлеуметтік стратификацияның негізгі формаларына П. Сорокин экономикалық, саяси және кәсібилікті жатқызған. Оның пікіріне қарағанда, әлеуметтік стратификация қоғамның табиғи және әдеттегі жағдайы. Ол қоғамда орын алып отырған қоғамдық еңбек болінісі, мүлік теңсіздігі, түрлі саяси бағдарлар және тағы басқаларымен объективті түрде қамтамасыз етіледі.


Өзінің мамандығын немесе қызмет түрін, экономикалық жағдайын немесе саяси көзқарастарын өзгерткен кезде адам әлеуметтік топтың бірінен екіншісіне өтеді. Бұл процесс әлеуметтік мобильдік деген атқа ие болды. П. Сорокин әлеуметтік мобильдікті горизонтальды және вертикальды деп ажыратады.


Горизонтальды мобильдік адамның әлеуметтік топтың бірінен келесісіне өтуін білдіреді, әлеуметтік стратификацияның өзгеріссіз деңгейінде қалған адам, айталық, село тұрғыны қала тұрғынына ауысса да, бірақ оның мамандығы және табыс деңгейі бұрынғы қалпында қалады. Вертикальды мобильдік деп адамдардың әлеуметтік жіктің бірінен екіншісіне иерархиялық тәртіппен өтуін, мысалы, қоғамның томенгі жігінен жоғарғысына немесе керісінше, жоғарғы жіктен төменгі жікке өтуін айтады. Вертикальды мобильдіктің болуының объективтік негізі — көбінесе адамдардың экономикалық теңсіздігінде. Дәлірек айтқанда, халық ішіндегі жіктердің табыстарының әр түрлі болуы, байлар мен кедейлердің өмір сүру деңгейлерінің әр түрлі болуы. Осыған орай адамдар қайсыбір қатынаста жоғарғы жікке жатады, әдетте басқа да параметрлер бойынша да сол жікте немесе керісінше болады. Жоғары экономикалық жіктің өкілдері бірден жоғары саяси және кәсіби жіктердің қатарына жатады. Мүліксіздер, әдетте, азаматтық құқығынан айырылады және кәсіби иерархияның төменгі жігіне орналасады. Әлеуметтік мобильдіктің жалпы ережесі осындай.


П. Сорокин әлеуметтік мобильдікті де әлеуметтік стратификация сияқты табиғи және сөзсіз болатын құбылыс деп қарайды. Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификация негізінде өмір сүреді.


П. Сорокин АҚШ-та жұмыс істей жүріп, эмпирикалық әлеуметтануды тақырыбының ұсақтығы үшін және оның кең әлеуметтік проблемаларды қамтудағы орашолақтығы үшін сынады. Сонымен бірге "әлеуметтік орын ауысу", әлеуметтік құрылымдар мен жіктер жөнінде эмпирикалық зерттеулер жүргізе отырып, П. Сорокин оларды кең әлеуметтік құрылымдарға жатқызуға және қоғамдағы қозғалысты бұл құрылымдардың қызмет жасауымен байланысты қарауға ұмтылды. П. Сорокин әлеуметтік мекемелерді әлеуметтік құрылымдардың бірі деп есептейді, сондықтан да әлеуметтік жұмысқа мектептің, бюрократияның, армияның, шіркеудің және т.б. ұйымдардың қалай әсер ететіндігіне оның көңіл аударуы кездейсоқ емес еді. П.Сорокин — ірі әлеуметтанымдық концепциялардың авторы ретінде белгілі болған ғалым. Осы концепциялардың көмегімен ол дүниедегі өзгерістерді түсіндіруге талпынды. Бұлардың бірі — әлеуметтік-мәдени динамика концепциясы. Екіншісі — қоғамның интегралдық (тұтастыққа) жақындау түрінің концепциясы. Біріншісінің шеңберінде ол тарихи процесті мәдениеттер типтерінің қозғалысы ретінде қарастырады да, олардың әрқайсысын белгілі бір тұтастық деп есептейді. П. Сорокин мұндай негізгі типтердің үшеуін атап көрсетеді. Олар: сезімділік, ақылға қонымды пайымдылық, идеалистік. Бұлардың біріншісі шындықты тікелей сезімділікпен қабылдаудың басымдылығымен сипатталады, екіншісі ақылға қонымды, пайдалы ойлардың үстемділігімен, ал үшіншісі — сезімталдықтың (интуицияның) басымдылығымен сипатталады. Мөдениеттің бұл түрлерінің әрқайсысы дамуда болады да, дамудың әр түрлі кезеңінде адамзат қоғамымен бірге жасасады.


П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени, динамикалық концепциясы — әлеуметтік өзгерістердің болу кезеңдері мен қозғаушы күштерін және олардың қоғамдағы диалектикасын талдауға арналған алғашқы әрекеттерінің бірі бодцы. Ал енді, қоғамның тұтастығы туралы теориясына келетін болсақ, мұнда ол келешектің өзіндік нұсқасын ұсынуға ұмтылды. Бұл теория қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары мен жүйелерінің өзара байланысын түсінуге және бұлардың әрқайсысының жақсы жетістіктерін адамзат мүддесіне пайдалануға деген нақтылы шыңдық түріндегі көзқарастар арасындағы неғұрлым алдыңғы қатарлы теория болды. Адамзат қоғамының шынайы жетістіктері жөніндегі бұдан басқа да айтқандарының бірқатары П. Сорокиннің көзқарасының дұрыстығын көрсетті. Атап айтсақ, бұл — меншік пен саяси құрылымның көп түрлілігі, еңбек пен экономикалық тәртіпті ынталандыру, жоспарлау тәсілдері және т.б. жөніндегі мәселелер. Қалай дегенмен де, адамзат көптеген қиыншылықтарға ұшыраса да, баяу болса да интеграция жолымен алға жылжуда.


Әлеуметтанымдық концепциялардың бірі — шиеленіс теориясы. Бұл теорияны неміс әлеуметтанушысы Г. Зиммель (1858 —1918) негіздеген болатын. Мұнда ол қақтығыстарды әлеуметтік процестерді талдаудың өзекті мәселесі ретіндегі адам қоғамының табиғатына тән құбылыс деп қарайды. Соңғы жиырма жылдың ішінде шиеленіс теориясы Д. Беллдың, К. Боулдингтің, М. Крозьенің, А. Туреннің, т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл теорияның қолдаушылары әлеуметтік жүйелердің тұралауын болдырмайтын және олардың дамуын ынталандыратын қақтығыстардың объективтік құндылығын атап көрсетеді. Сонымен бірге олар қоғамдық процестің дамуына кедергі келтіретін қақтығыстарға да назар аударады. Бұлардың қатарына әлеуметтанушылар тап күресін де жатқызады. Олар әлеуметтік қактығыстардың себептері қоғамдағы, ондағы топтар арасындағы қатынастардағы әрекет жасайтын психологиялық механизмнің жетілмеуінде жатыр деп санайды. Бұл әлеуметтанушылардың пікірінше, ең бастысы әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуі мүмкін әлеуметтік қақтығыстардың кеңеюіне жол бермеу керек.


Қорытынды


ХХ ғасырдың соңында П. Сорокиннің өз заманында жасаған қоғамның таптарға бөлінбей өз мүшелерінің нақты теңдікте болуы – миф, адамзат қоғамында ешқашан да ақиқатқа айналмайды деген ғылыми болжамы расталды.


П. Сорокин “Адам, өркениет, қоғам” деген еңбегінде теңсіздік формасы мен оның пропорциясы алшақтануы мүмкін, бірақ оның мәні тұрақты болатынын, әлеуметтік ұйымдар алғаш пайда болған алғашқы қауымдық кезеңнен бастап ымырашыл әлеуметтік топртарда да қас қағымда теңсіздік белгілері туындайтынын атап көрсетті. Ғалым көрсеткен теңсіздіктің алғашқы формаларының бірі, бұл – “әрбір топты әр түрлі артықшылықтар мен міндеттеріне қарай жыныстары мен жасы бойынша топтарға бөлу” (П. Сорокин) болды.


Қолданылған әдебиеттер тізімі



  1. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов Әлеуметтану, Алматы, 2003 ж.

  2. Жүсіпова Әлеуметтану негіздері. Алматы., 2004.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет