Пиза есептері 6-класс



Дата12.09.2022
өлшемі37,39 Kb.
#38889

Пиза есептері 6-класс

  1. Мұғалім 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауап үшін жинаған балына 4 балл қосылады және қате жауап үшін 1 балл азайтылады. Оқушы барлық сұраққа жауап берді және 60 балл алды. Оқушы қанша сұраққа дұрыс жауап берді ?

  2. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 29

маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 30 маусым күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз.

  1. Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 80. Осы сандарды табыңыз.

  2. Әсеттің массасы 36 кг. Адам массасының 50%-і су. Әсеттің денесінде неше килограмм су бар?

  3. 10 м3 ауа 13 кг тартады. Ұзындығы 5 м, ені 3 м және биіктігі 2 м болатын бөлмедегі ауа қанша тартады?

  4. Поезд 2 сағатта 144 км жол жүреді. 3 сағатта қанша жол жүреді?

  5. 4 м3 қара бидай дәнінің салмағы 3т. Ал 12 м3 қара бидай дәнінің салмағы қандай?

  6. 4 оқушы бір бірімен амандасса барлығы неше амандасу болады?

  7. Кірпіштің салмағы 2кг және жарты кірпіштің салмағына тең. Кірпіш неше кг?

  8. Егер 1 айда 5 сәрсенбі болса, онда сол айда ең көп дегенде неше сенбі күні бар?

  9. Қоржында 8 көк, 11 қызыл доптар бар. Қоржынға қарамастан ең кемінде неше доп алынса, олардың арасында бірдей түсті екі доп міндетті түрде табылады?

  10. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесі ортақ үш аудандары: 35 см2, 21 см2, 15 см2. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.

  11. Үсеннің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Үсеннің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.

  12. Бір жүкті тасуға үш тонналық 10 машина керек. Сол жүкті тасу үшін екі тонналық неше машина керек?

  13. Бүгін жексенбі. 45 күннен кейін аптаның қай күні болады?

  14. x+y өрнегінің мәнін табыңыз.


х у

  1. 5-ке бөлінетін екі таңбалы сан нешеу?

  2. Ребустағы әріптердің орнына тиісті цифрларды тауып, F+E-D=? өрнегінің мәнін табыңыз.

  3. Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.



  1. Килограмы 320тг тұратын сары майдың 400гр алған адам қанша теңге төлеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет