Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



жүктеу 0.55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі0.55 Mb.
түріПоэма
  1   2   3   4

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚҰЛАГЕР

 

 



 

Поэма

 

 



 

 

 



 

 

 



Sauap.org 

 

 

ҚҰЛАГЕР 

 

Толғану 

 

Тасқында, тау суындай кӛңіл жыры, 



Қазақтың сусындасын ойы-қыры. 

Бұрқырат кер бұланды кең далаңа

Бастырмай шӛпке-шарға тоқтап құры. 

Далаңның той болғанда қиял құсы, 

Жүйріктей бабындағы жүгір, міні; 

Орай шап алдын, артын жиын жұрттың, 

Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны. 

Шарықта шар тарапқа қиял құсы, 

Кӛңілдің кӛп тұрғанда күнді алғысы. 

Халқыңның қуанышын қанат қып қақ, 

Қашанда қала берер ұяң кісі. 

Қашаннан қазақ кӛшкен тарих кӛші, 

Таланып жаудан, жұттан жеткені осы. 

Кӛсемі кӛш алдында басшы болып, 

Бақыттың жайлауына қонған тұсы. 

Шат кӛңіл, шадыман жұрт ақынысың, 

Жүйріктің жұрт қуантқан жақынысың, 

Баласын бақытты елге, түс майданға, 

Халқыңның қайратысың, ақылысың. 

Тілісің, теңіз кӛңіл, батылысың, 

Ӛткір ой, сазгер сезім батырысың. 

Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, 

Ӛлеңнің ӛзені бір сапырылсын. 

Күйіндей домбыраның құлдырасын, 

Суындай Алатаудың сылдырасын, 

Сӛздердің асыл, кӛркем тасын қала, 

Ұйқасы ӛлеңімнің сыңғырласын. 

Тегінде кәр құлақсың, сұңғыласың, 

Сондықтан сұлу сӛзді жыр қыласың. 

Соғайын сӛзімнен бір сұлу сарай, 

Я кӛрсін, я кӛрмесін тұрғыласым. 

Ұзаққа жүгіретін ӛрен жүйрік, 

Секілді тыз етпеге қақпай күйбік, 


Sauap.org 

 

Кӛсіліп ӛресі ұзақ поэмаға, 



Жай тастап, кең құлаштап, желдей жүйткіп. 

Десе де «Бұл ақынның сӛзін сүйдік», 

Десе де «Ақынымыз кетті жидіп»; 

Тастай бер ортасына ӛз сӛзіңді, 

Ұлы ұрпақ, осы күні кӛпте билік. 

Халқымның қуанышты бұлбұлымын, 

Жұртымның жүйрігінің дүлділімін. 

Кӛтеріп кӛптің кӛңілін күнде шауып, 

Жүлде алар жұма сайын туды күнім. 

Шат елдің шешенімін, даңғылымын, 

Шыным сол, правом бұл, заңды мұным. 

Астанам Алатаудан саңқылдасам, 

Жетпей ме, жер жүзіне жаңғырығым? 

Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ, 

Кӛңілі судай тасып, оттай маздап. 

Ескі күн елім кӛрген енді ойласам, 

Кӛрінер кейде қорлық, кейде мазақ. 

Соларды әдетім еді айту аздап, 

Ескіге ендігі елдің кегін қозғап, 

Ескі күн - елдің жылап ӛткен күні, 

Ескі ән, күй сондықтан қалған боздап. 

Ежелден ескеруші ем елдің сӛзін, 

Бұлақтың тазалауға тінтіп кӛзін. 

Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр 

Құлақты қырға түріп жүрген кезім. 

Ақтарып асыл сӛздің алтын, жезін 

Салатын дүкеніме бар мінезім. 

Ақтарған Арқа астын инженермін, 

Ал жұртым, керегіңе тұрса сӛзім. 

Ӛзгеге ұғындырмас ӛзі бұзбай, 

Сыншыдан сақта құдай сортан тұздай. 

Шатасқан шалдауардан жиіркенем, 

Елімнің ескісінен сӛз айтқызбай. 

Сапырған сырлы сӛзді cap қымыздай, 

Заманның отырғам жоқ ,салтын бұзбай, 

Асылын арамынан аршып алдым, 

Қашаннан қазынаға халқымыз бай. 

 

 


Sauap.org 

 

Туған жер 

 

Мен ӛзім тауда туып, тасында ӛстім, 



Жасымнан мұз тӛсеніп, қарды кештім, 

Асқарда Аршалыға қозы жайып, 

Бұлттың аспандағы қасында ӛстім. 

Жӛңкенің жоғары ала басында ӛстім, 

Ақ гауһар Ақгастының тасында ӛстім. 

Аспанда ақиығы шаңқылдаған 

Құздардың құламалы астында ӛстім. 

Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, 

Тасы жоқ , таусыз жерді жерсінбеген. 

Алматым Алатаудың бауырында 

Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден. 

Жасымнан жырлап едім тауды талай, 

Гималай, Кавказ, Жӛңке, Алтай, Алай. 

Ордасы ой, кӛңілімнің ала асқарлар 

Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай? 

Таудағы тасқындаған ағын судай, 

Ӛлеңім басталады таудан ұдай. 

Әсемін әңгіменің кӛп тараткан 

Айтылмай қалған екен тау мынадай: 

Кӛк орман, кӛркем тоғай маужыраған, 

Сұлудың кезіндей кӛл жаудырған. 

Малта тас, маржан, ахық, меруерт тас 

Тӛгіліп кӛл жиекке саудыраған. 

Кӛк кілем, балаусасы балбыраған, 

Кӛк жібек жапырағы жалбыраған. 

Ақ қант аспандағы сонда жауып, 

Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған. 

Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен, 

Талайы осы таудың бізге біткен. 

Мақтауға, мақтануға тұратын жер 

Айтамын Кӛкшетауды даңқы кеткен: 

Оқжетпес оқшырайып ӛрлеп кеткен, 

Кеудесін керіп кӛкке сермеп кеткен. 

Қия құз, жақпар сарай, бура тастар 

Тәртіппен кӛлді айнала сәндеп шӛккен. 

Кавказдай таласпайды аспан-кӛкпен, 

Қаһарлы Хантәңірі емес қар бекіткен, 


Sauap.org 

 

Алтайдай асу бермес асқар емес, 



Жӛңкедей жолсыз емес құж-құж біткен. 

Кӛкшетау жер жаннаты жеке біткен 

Бір сұлу кең далада бойын күткен. 

Жомарт тау дастарқанды, момақан тау, 

Шипа тау тазартатын барлық дерттен. 

Кӛкшетау кӛп жердің бір кӛркем жері, 

Қыз орман Бурабайдың мӛлдірлері. 

Жамылып жасыл барқыт асыл құндыз 

Түрленген тотықұстай тау кӛркемі. 

Сайраған бұлбұлындай әншілері, 

Зулаған дүлдүліндей жүйріктері. 

«Хан тұрып қазағыңа, ханды ант ұрған», 

Қонысы Абылайдың бір күндегі. 

Қазақтың әсем жері Арқасында. 

Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? 

Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар 

Арқаның тізілгендей алқасына. 

Арқаның алқа қонған даласына, 

Ауылдай таулар отыр жарасымда. 

Алапқа бетегедей киіз тӛсеп, 

Оранған орманды тау ағашына. 

Бұлақтың тәттісі де, тазасы да, 

Кӛлдердің кең мӛлдірі тап осында. 

Айдыны ала шұбар, құс қиқулар. 

Ауыл, мал, масаты кӛл жағасында. 

«Ауылы Сырымбеттің саласында. 

Ақ сұңқар ғашық болып баласына». 

Құмар боп жерден жүйрік, кӛктен құсқа, 

Тұр таулар ән шырқалған арасында. 

«Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр, 

Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір. 

Қара шал қайыңды отыр кӛлеңкелеп, 

Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр. 

Неткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл? 

Бұл ӛзі ән күңірентіп айтады жыр».- 

Осылай ертегі қып кетуінде 

Елдің де ескі ауызында жоқ па екен сыр? 

Салғанда шалқып, шырқап әр түрлі әнге, 

Осы шал ұқтырғандай кӛп әңгіме. 


Sauap.org 

 

Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап 



Байбайлап салған әнін «Құлагерге». 

Кетсе де шалдың ӛзі кӛптен кӛрге, 

Жайылған әні, сӛзі жалпақ елге. 

Елімнің есігінен иттер қуған 

Сорлының сүйреген ел басын терге. 

Жақсының жақсылығын жан айтады, 

Сондықтан «Құлагерді» бәрі айтады. 

Егіліп әндеріне, сӛзін тыңдап, 

Ерінді ел қиялы дардайтады. 

Қазақта Құлагерді кӛп айтады, 

«Серінің серігі еді» деп айтады. 

«Ат сыры иесіне мәлім» деп жұрт, 

Тегінде мал кӛрмесе, неге айтады. 

Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған, 

Ол заман - ерге тұсау, зорға думан. 

Жалмап жеп айналасын аш кенедей, 

Семірген жұрт қанына нелер жуан. 

Хан қабан - халық құлағын бұрап тұрған, 

Бүйі би - билеп-тӛстеп сұрап тұрған. 

Қор қылып ақ алмасты отқа кӛсеп, 

Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған. 

Барымта - ел шулатып жылқы қуған, 

Әупілдек батыр шыққан әр рудан. 

Ел құнға жұма сайын бір жығылып, 

Қара нар, қалы кілем бітім қылған. 

Қанды кек ел арасын ушықтырған, 

Қорқауды қол табылмай тұмсыққа ұрған. 

Асыл ер, арманды жар опық жеген, 

Албасты әлсіз жанды тұншықтырған. 

Қырдағы қара сойыл бақандаған, 

Қалада қара жүрек қаһарланған. 

Тұсында сері болсын, пері болсын, 

Ұнайды ӛмірімен Ақан маған. 

Ол күнде қазақ мұндай жасармаған, 

Құл мен күң қожасынан аса алмаған. 

Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, 

Жыландай ысқырынған заһар заман. 

Керексіз кісі болған ол заманға, 

Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда. 


Sauap.org 

 

Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған



Жалғыз боп жанаса алмай барлық жанға. 

Түскен жан сондай күйге сұм жалғанда 

Ескеріп енді ойлансақ тегін жан ба? 

Қыңыр жан қырық кісімен қырпышақ боп, 

Ел таппай ӛте берген неге арманда? 

Ішінде ӛрті жанып басылмастай, 

Шемеңдеп дерті кеткен ашылмастай. 

Тентіреп тауда, таста неге жүрді, 

Тасталып танылмаған асыл тастай? 

Бай басып, батыр әлде жасқаған ба, 

Би тауып, шерін шындап ашпаған ба? 

Сұңқар құс сүймеген бір жұмыртқасын 

Ұядан садағалап тастаған ба? 

Таба алмай тыныштықты туған елде, 

Кете алмай біржолата бӛтен жерге, 

Тартқанда жалғыздықтан жаны қорлық , 

Тӛсеген талай ерлер оққа кеуде. 

Жақсы боп елден ӛлім талай ерге, 

Аз ба екен оққа ұшқандар дуэльдерде? 

Ӛлімді жан қорлықтан жақсы кӛрген 

He дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге? 

Ӛмірде бастырмастан кӛңілін ӛрге, 

Кім еді ел талантын тыққан жерге? 

Қыз емес, қара күш пен қаңқу сӛздер 

Ертерек ер жүрегін кӛмген кӛрге! 

Ӛмірде солардайын қорлық тартқан, 

Сұм заман ӛткір жанды қор қып баққан. 

Жаралап ер жүрегін жау қанжары, 

Ысқырып жылан ӛмір жанын шаққан. 

Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, 

Кісі ме ед ақындықтан құралақан? 

Ортасын олқы кӛрген бұл да дара, 

Имеген иттерге бас сері, дарқан. 

Еріксіз ерте туған ел еркесі, 

Жетпестен қиылатын ер желкесі. 

Лермонтов, Пушкин кӛктен атылған құс, 

Түскен бе Кӛкшетауға кӛлеңкесі? 

Қайт болып қара күштен меселдесі, 

Халықтың қайғыда ӛткен нешен досы. 


Sauap.org 

 

Жаныштап жұрттың жанын жерге тыққан 



Қара күш, қаңқу сӛздер - кеселді осы. 

Тегінде тегін бе екен Ақан сері, 

Бұл да бір емес пе екен елдің ері? 

Ӛз ұлы, ӛз ерлерін ескермесе, 

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? 

Туғаны Арқадағы Арғын елі, 

Ӛскені Кӛкшетаудың шалғын жері, 

Ащы тіл, асау мінез қылығынан 

Атанып кетпеді ме «Азғын». «Пері»? 

Лақабы - әлде әулие, әлде пері, 

Арқаның атақтысы Ақан сері. 

Кӛкшеде сұлу сүйіп, ӛлең айтқан 

Бұлаңдап тақымында Құлагері. 

Кӛкшеге жаз кӛк жібек жапқандайын, 

Кӛкшеге қыс ақ күміс шапқандайын. 

Кӛкше қыз күзде киіп қырау ішік, 

Кӛк айна - кӛлі қыста қатқандайын. 

Жамылған қыста ақ үзік ақ қардайын, 

Тӛселген жазда кілем мақпалдайын. 

Қырдағы ел «Құлагердің» әнін тыңдап, 

Былайша әңгімелер Ақан жайын: 

 

Ақан 

 

Бурабай бір таза жер «пері» жүрген... 



Онда жоқ жын мен сайтан ӛріп жүрген. 

Ағашқа атын байлап кӛлеңкелеп, 

Ақан ғой анда-санда келіп жүрген. 

Ақандай осы тауда сері жүрген, 

Су ішіп, тауда шие теріп жүрген. 

Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт, 

Кӛң-қоқыр, былапыттан жеріп жүрген. 

Жасынан иеленген баласындай, 

Талпынып Кӛкшетауға анасындай. 

Кӛліне бетін жуып, ат суарған 

Арқаның бір сиқырлы айнасындай. 

Сұрша тал - сұлу қолдың саласындай, 

Қып-қызыл қайың - қыздың баласындай. 

Жамылған жанат ішік, мӛлдір сұлу, 



Sauap.org 

 

Кӛзінің Кӛкше кӛлі шарасындай. 



Кісі емес Ақан тӛрде билік айтқан, 

Ұры емес, ауыл торып, ел шулатқан. 

Молда емес, мешіт салып, зекет алып, 

Нәжісін дүниенің бойға жаққан. 

Ол емес және ӛзінің малын баққан, 

Жалшы емес және байдың отын жаққан. 

Кісіні ит етінен жек кӛретін 

Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан. 

Тӛренің тұсындағы қасына ерген, 

Ӛзін ел құрмет қылған кӛрген жерден. 

Жерлерді тоқты сойған топыр қылып, 

Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген. 

Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен 

Ӛмірді ӛткізген жан ӛз ырқымен. 

Ӛмірдің ащы емес, тұщысында 

Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен. 

Сандақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден, 

Кӛп сұлу кӛзін сүзген күнді ӛткізген. 

Қызықтың айдынына құлаш ұрып, 

Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген. 

Солардан келе-келе жаны безген, 

Ӛмірде әлсіздігін әбден сезген. 

Сезгір жан, нәзік кӛңілін азап алып, 

Жабырқап, жапан түзді жалғыз кезген. 

Кісі емес кӛп қатынды үйірлеген, 

Болған жоқ бір пендеге тию деген. 

Текті құс тазалықты қолына ұстап, 

Арманы-ақ сұлулықты сүю деген. 

Адамнан, айналадан, күйіркеден, 

Бой тартып ел ішінен жиіркенген, 

Безінген біржолата тағы болып, 

Аулақтап әсем тауда жүруменен. 

Сұлулық жерден ӛніп, кӛктен жауған, 

Тапқан ол тыныштықты таза таудан. 

Шомылып мӛлдір кӛлге, орманда ұйықтап, 

Жақсы жер жұмбақ жанын аялаған. 

Қарағай, қайың, талдар - қалың орман, 

Тау мен тас жеке жанға болған қорған. 

Қиқулап ӛлең айтып, күйлер тартып, 


10 

Sauap.org 

 

Сері үшін құс, кӛбелек қылған думан. 



Таза тас сияқтанған күміс кесек, 

Жапырақ секілденген таза тӛсек. 

Жүрегін жуықтаса жаралаған 

Кір ӛмір, тікен тұрмыс, улы ӛсек. 

Ақанды сол күндегі сопы десек, 

Әсем тау оған құбыла, Меккеге есеп. 

Ән - азан, әдемі сӛз - намаз болып, 

Кітап боп кӛңілін ашқан гүл-бәйшешек. 

Бұл ӛзі ауылында аз оқыған, 

Алғыр ой, ақын, әнші - кӛп тоқыған. 

Елді улап, ӛлім тілеп жалмаң қаққан 

Бұл емес, бӛлек еді кӛп сопыдан. 

Кӛрмеген ілімді артық кӛк тоқтыдан 

He тапсын білгенімен кӛр соқырдан. 

Тәңірісі табынатын табиғат боп, 

Мешіт қып мекен алған кӛк шоқыдан. 

Жасынан туып, ӛсіп мекен қылған 

Жерінен патша қуған, қала отырған. 

Ел інін суға алдырған суырдай боп

Жойқын жұт - сұрапылда малын қырған. 

Арманды ел ақ патшаға арыз қылған, 

Арыздан борыш басып, қарыз қуған. 

Жер мұңын, елдің шерін ӛлең қылып, 

Ақан да жанның бірі жаны ауырған. 

Және де жақынынан жарды сүйген, 

Сол үшін ауыл-аймақ, безген үйден. 

«Алам» деп Ақмарқаны алас ұрып, 

Ала алмай ақырында жаны күйген. 

Сол үшін тау пәлені басына үйген, 

Тартқан ол тауқыметті болыс, биден. 

Соқпадым онысына осы арада, 

Бар ма деп жолдастарым жазып жүрген. 

Күйдіріп осындайлар жанын жеген, 

Кеңесіп келісе алмай қалың елмен. 

Тілімен жырды жаттап, жерді жоқтап, 

Ол ӛзін жазалаған алдыменен... 

Сұрама оның бәрін бүгін менен, 

Тіршілік болса тағы айтып берем. 

Ақанның ең аяулы әңгімесі - 


11 

Sauap.org 

 

Тек бүгін тарқасалық «Құлагермен». 



Арқада Ақанды айтқан әңгіме кӛп, 

Қылады оны әулие әлде не деп. 

Әулие болмаса да безеген жан, 

Неліктен? Тарихшылар табар себеп. 

Мен ӛзім сері Ақанды кӛргенім жоқ, 

Сӛздерін, әнін жаттап, тергенім жоқ. 

Ақанның ӛзін кӛрген, сӛзін терген 

Адамдар айтпас мұны ӛтірік деп. 

Серінің сүйген жары - Ақмарқасы, 

Кӛліндей Кӛкшетаудың жан қалқасы, 

Сол ма екен елден айдап ән салдырған, 

Жүрегін күнде шауып қыз балтасы. 

Асыққа азап болып қызға айқасы, 

Қайғымен ӛртеді ме қыз-қалқасы? 

Жұрттан ба, жарынан ба жанын қинап, 

Серіні сыйғызбаған ел ортасы? 

Әйтеуір Құлагерді мініп баптап, 

Жалғыз жан жапан-түзге кеткен ақтап. 

Ақ кӛңіл, асқар жанын алып қашқан 

Арамнан, айналадан, кірден сақтап. 

Сондықтан ән шырқаған жырды мақтап, 

«Асылым, Ақмарқам» деп атын жаттап. 

«Сендерге сүйгеніммен келмедім» деп, 

Орманға, құсқа, тасқа қызды мақтап. 

Жете алмай арманыңа болып қапы, 

Күңірентіп әніменен кең аймақты, 

Түлкі үшін тасқа түскен қыран құстай 

Болған соң кетті ме екен жаны запы? 

Жатталып Ақмарқаның аузында аты, 

Телміріп таста отырып жазған хаты. 

Жары да, жолдасы да тек біреу-ақ - 

Онысы астындағы жалғыз аты. 

Меншіктеп таза бұлақ, таудың тасын, 

Мекендеп жүрген дейді кӛлдің қасын, 

Айтады осылайша айтушылар, 

Кім білсін, әлде ӛтірік, әлде расын... 

Тамсантқан әніменен кәрі, жасын, 

Демейміз елге Ақанды сӛз қылмасын. 

Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой, 


12 

Sauap.org 

 

Осынан бастамақшы ек сӛздің басын. 



Ендеше кӛлденең сӛз былай қалсын, 

Қызықсыз қысыр сӛзге кім айналсын. 

Кӛңілін кӛркем таудың жайлауына 

Шығарып, сері салтаң кете барсын. 

Асық боп Ақан жоқтап Ақмарқасын, 

Деп біраз жалын шығып, шер тарқасын. 

Жаңғыртып Сырымбеттің күллі алабын, 

Серіңіз серпіп кӛкке ән шырқасын. 

Бұлбұлдар кӛмейлерін бүлкілдетсін, 

Кӛделер ақ үкісін үлпілдетсін. 

Суырып кӛк жібектің суыртпағын, 

Құлагер кӛк шалғынды күртілдетсін. 

Суықта паналасын ну тоғайға, 

Ыстықта кӛлеңкелеп сая жайға. 

Жауында үңгір тасқа ықтап, ұйықтап, 

Шомылып жүре берсін Бурабайға. 

Бата қып батқан күнге, туған айға, 

Бейшара жүре берсін Бурабайда. 

Серіні «пері» деген қалың қауым 

Нағылсын, бір мақсымды қудалай ма? 

 

Ac 

 

Басталды әңгіменің былай басы, 

Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы. 

Арқада Ерейменді мекен еткен 

Керейде Сағынайдың болыпты асы. 

Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы, 

Қалтырап жынданғандай қолы, басы. 

Сағынай сапты аяққа сиіп ӛлді, 

Тоқпақтай тоқсан тӛртке жетіп жасы. 

Білмеймін кім екенін Сағынайдың, 

Кім білсін, қай жыл ӛтті, ӛлді қай күн? 

Малы мол, малайы кӛп, қатыны кӛп, 

Әйтеуір болуы анық бірі байдың. 

Жоқ болмас, бірі ғана құры байдың, 

Ӛзі - нән болса керек, руы - айдын. 

Осы астың біз айтпай-ақ ӛзі айтады 

Болғанын әлдеқандай сұмырайдың. 


13 

Sauap.org 

 

Іріңдеп, сығырайып екі кӛзі, 



Болыпты Керейдің бір бұлдысы ӛзі. 

Алдынан дау, аузынан сӛз кетпепті, 

Айтқанда Керейлерше «Дәудің ӛзі». 

Оларша - жердің белі, таудың құзы, 

Ата ұлы, арыстандай кер ауызды. 

Біздерше - хат білмейтін бір қатты шал, 

Жуан ит сүйек бермес, жалмауызы. 

Қар кетті, кӛк жетілді, ағаш мүлги, 

Жетіпті Сағынайдың жылы жылжи. 

Қар жұқа, қысы жақсы, жер соны боп, 

Сол жылы Арқа елінде болып ед күй. 

Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи. 

Кӛше боп кӛк майсаға тігілген үй. 

Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір, 

Хат алған неше дуан, болыс пен би. 

Әр елдер тұрғы-тұрғы, алыс, жақын 

Жаратып келіп жатқан дәмелі атын. 

Бас қосқан неше дуан ақтарылды ас, 

Жалпақ, жұрт түгел естіп жатты даңқын. 

Әйтеуір әудім жерге шаба алатын 

Бұл астан қалдырған жоқ қазақ атын. 

Қалмастан қаладағы биржевойлар, 

Саудагер қалдырған жоқ тағалы атын. 

Керейдің ас болған соң осы шалы 

Ағылды алуан жүйрік қосылғалы. 

Қаптасты құмырсқадай қырға қазақ, 

Ac емес, шегірткенің жосылғаны. 

Қараӛткел келіп жатыр, Қарқаралы, 

Кереку, Баян, Семей, Торғай - бәрі. 

Жетісу осында кеп құйып жатыр

Арқаға аунап шӛкті Қаратауы. 

Әр жақтың қошқарлары, марқалары, 

Әр жерде ауыр қотан, алқалады. 

Жиылды Сағынайдың сорпасына, 

Асын жеп, атын шауып тарқағалы. 

Әр елдің бұқалары, ӛгіздері, 

Қызыл кӛз, саба құрсақ - семіздері, 

Жерлерден жарты ай жүріп келгендер бар, 

Келіпті пәленше де дегізгелі. 


14 

Sauap.org 

 

Дейміз бе осыларды нені іздеді? 



Жын қуды астың етін жегізгелі. 

Арқаға аударылды ас дегенге 

Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері. 

Жан-жақтан ағытылды сабаны артып, 

Түсіріп, дүрілдеп жүр табақ тартып. 

Кісіге шыпылдады ақ ордалар, 

Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт. 

Байланған қыс бордақы домалантып, 

Сойылды талай мертік, талай шартық. 

Соларға бір сұғынды Сұрпақбайлар, 

Мал сойып, табақ тартып, сорпа қалқып. 

Арқаның жазы жібек, жері сая; 

Қоңыр жаз самал соққан күн жылмая. 

Қазақты асқа келген Арқа күтті, 

Су беріп бал бұлақтан, кілем жая. 

Тәтті жал, қазы, қарта мая-мая, 

Дамылсыз дастарқанды жүрген жая 

Жігіттер тынымы жоқ, табақ тасып, 

Болғансып терлеп-тепшіп, бая-шая. 

Шалдар да былыш-былыш қақырынған. 

Сары қымыз салқын үйде сапырылған. 

Қалың топ, қара құрық, қамыс кісі 

Толықсып, желді күндей жапырылған. 

Ақсақал ат әкелген ата ұлынан. 

Әр елдің дәріптеген батырынан, 

Біреуді білмесе де нән деседі - 

Шіреніп насыбайды атуынан. 

Бір үйде тұздықтаған тәтті табақ, 

Бір үйде ет тартылмай қаққан жалақ. 

Бір жерде табақ теуіп, етке ӛкпелеп, 

Боқтасып бір үй жатыр жерді сабап. 

«Шорманның Оқасы!» деп шапты анталап, 

Бір үйді қырғыз алды - Шабдан манап, 

Оязы Қараӛткелдің Измаилов 

Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. 

Жиынға ояз мінген бір арғымақ 

Тыншымай мамағашта тұр қарғылап. 

Тұқымы, тобылғыдай тор қасқаның, 

Алынған француздан аңғарылып. 


15 

Sauap.org 

 

Бүгіліп бауырынан, жүйрік жарап, 



Жан-жақтан келіп жатыр не желді аяқ. 

Кӛл асқа қыр қазағы құстай қаптап, 

Топырлап қонып жатыр үйге тарап. 

Бір үйде бәйбішелер бауырсақтай, 

Ауызы еттен, майдан дамыл таппай, 

Сүртініп сорпа терін жеңіменен, 

Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай. 

Келіншек - жас жауқазын, сарымсақгай, 

Қыздар да пісіп отыр, қауыншақтай, 

Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр, 

Қыдыржан бақалшылар сабыншықтай. 

Бір үйде қобыз даусы шымыраған, 

Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған. 

Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп 

Қыңсылап, сыңсығандай күй жылаған. 

Бір үйде домбыра да ыңыранған, 

Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған, 

Қос ішек «Қосбасарды» сылқылдатып, 

Жүректі жұлып жеуге күй жынданған. 

Ет асып, пышақ қайрап, малды қырған, 

Кедейге сонда ырза емес бай антұрған. 

Жалғыз-ақ бұл жиында малдылар жоқ, 

Аңсаған ас етіне қойшы қырдан. 

Албасты Арқадағы абы жылан - 

Молда отыр ысқырынып оқып құран; 

Атты арбап, атан жұтып жатыр молда, 

Құранмен жем түсіріп жуан-жуан. 

Түлкісін санап қыстай пұшпақтаған, 

Бір үйде бір дарақы құс мақтаған. 

Саудагер мата сатқан сӛз қатып тұр. 

Қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған. 

Бір үйде ӛлеңші отыр жұрт мақгаған, 

Сӛз сатып, тиын тілеп елді ақтаған. 

Толтырып сүйек-саяқ дорбасына 

Бір қора қайыршылар жүр қаптаған. 

Кәрі ақын кіжінеді еңмең қағып, 

Бала ақын cap масадай жатыр шағып, 

Екі жақ ереуілдеп кӛрісіп тұр, 

Даттасып бірін-бірі атып, қағып. 


16 

Sauap.org 

 

Қолына я бӛрік, я тұмақты алып, 



Ақтаған ат үстінен сияқтанып, 

Жаршылар жағы сембей зар қағып жүр, 

Жұрт жатыр әр хабардан құлақтанып. 

Таң атса шаң бермейді астың үйін, 

Күн батса жан бермейді тіреп иін. 

Сылтауы ас, Сарыарқаны қазақ басты, 

Қыл сақал, қымыз сасып, қолпаң киім. 

Осындай болып жатты ұлы жиын, 

Жиынның мыңнан бірін айту қиын. 

Еті тау, қымызы кӛл деуге болар 

Айтқанда тартыңқырап астың сыйын. 

Жүз-жүздеп жүрген жігіт даяшыға, 

Ақ кӛбік мінген аттың жаясында. 

Екі айдай Ерейменді ет сасытпай, 

Жұрт малын жылулаған аясын ба. 

Сан сойыс Сағынайдың бұл асына 

Мал қайдан жетіп жатыр, расында? 

Жан-жақтан топ-тобымен тӛгілген мал, 

Кӛтерген малын Керей үй басына. 

Мал айдап жан-жақтан жұрт оннан, бестен, 

Кӛп саба келіп жатыр елдей кӛшкен. 

«Жоғалған тоқтым бар» деп бай жүгінсе, 

Қойшыға билер отыр кесік кескен. 

Шығының, шаңырақ ақың мұнша дескен 

Бір үйде старшиндар құлақ кескен. 

Жасауыл анау жерде ат аударып, 

Мынау жер жесір дауы дүрілдескен. 

Жиылған кӛп күшіген әрбір тұстан, 

Қалмастан қарға құзғын түгел ұшқан. 

Тояттап қазы, қарта, түйе кекірік, 

Қып-қызыл билер жатыр қымыз құсқан. 

Қап қарын үйелмендер тісі шыққан, 

Ішіне ет пен майды істеп тыққан. 

Желпініп алды-артынан жел соқтырып, 

Тер сасып, қарнын қасып, битін сыққан. 

Сопылар тәсбі тартып, құман ап жүр, 

Әр үйге «Аллай хақ» деп дуана жүр. 

Кемпірі Сағынайдың опыраңдап, 

«Кет-кет!» деп дуананы қуалап жүр. 


17 

Sauap.org 

 

Қарғалар қызыл кӛрген анталап жүр, 



Май шайнап жамбастарды жаңқалап жүр. 

Итініп ет үйлерге ит пен жетім 

«Қай жерден қағамыз» деп байқап-ақ жүр. 

Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр, 

Кедейлер отын шауып арқалап жүр. 

Күңірентіп Сағынайдың кәр моласын, 

Осындай ас боп жатты Арқада бір. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет