Практика №2. Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары



Дата07.01.2022
өлшемі32,36 Kb.
#16905

Практика №2.

Физиканы оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары

Педагогикалық институттар мен университеттерде "Физиканы оқыту әдістемесі" курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, математика, материалдар технологиясы,


оқытудың техникалық құралдары және электронды-есептеуіш
техникасы, философия, педагогика, психология, гигиена, экология, т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, физика және математика ғылымдарын меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы
мүмкін емес. Материалдар технологиясын, техикалық құралдар
мен электронды приборларды пайдалану арқылы физика
сабақтарының политехникалық және кәсіптік бағдарлық маңызын
күшейтуге, олардың өмірмен байланыстарын жақсартуға мол
мүмкіндік туғызылады.

Физиканы оқыту әдістемесі - күн сайын, ай сайын ұдайы


жедел дамып отыратын ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал
жасайтын қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия,
педагогика мен психология, техникалық құралдар мен ЭЕТ,
экология мен экономика ғылымдарының жетістіктері; мектепке
арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен
оқу құралдары.

Ресей мектептері мен гимназияларында физика жеке пән


ретінде осыдан 350 жылдай бұрын оқытыла бастаған. Орыс
тіліндегі тұнғыш физика оқулығын ("Вольфианская экспериментальная физика", 1746 ж.) М.В.Ломоносов шығармашылық тұрғыда аударып, бастырылған.

Қазақстан мектептері мен институттарында физиканы оқыту


жайлы алғашқы әдістемелік мақалалар XX ғасырдың 30-40-шы
жылдарында жарияланған. Олар айналмалы қозғалыстың динамикасы (М.Маркович), электр құбылыстары мен электромагнитизм (М.Жылқыбаев, П.Уваров, М.Маркович), балқу және магнитизм (Е.Әбдрахимов) мәселелерін физика сабақтарында
оқытуды жетілдіруге арналды. Сондай-ақ қолдан физикалық
құралдар жасаудың, демонстрациялық тәжірибелер өткізудің,
есеп шығару және қайталау сабақтарын жүргізудің әдістемелері
(М.Маркович, Е.Абдрахимов, Х.Әбішев т.б.) талданған.

Қазақстан зерттеушілері мен әдіскерлері 50-шы жылдарда оқушылардың политехникалық дайындықтарын (П.Правдин. П. Фидулина, А.Исабекова, П.Уваров, М.Құдайқұлов), физиканы ауыл шаруашылығымен байланыстыруды (М.Жылқыбаев), физикалық есептерді шығаруды (А.Қалиев, Е.Асқаров, А.Садыков), өндірістік экскурсия мен киноэкскурсияны өткізуді (В.Гусева, М.Құдайқұлов), өлке тануды және патриоттық тәрбиені (М.Маркович), оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын


қалыптастыруды (Л.Көбесов, М.Құдайқұлов. Қ.Болеев), астрономия оқытуды (Х.Әбішев) жақсартумен айналысқан.

Қазақстанда 60-шы жылдары физиканы оқытуды өмірмен


ұштастыру (Н. Зафирис), физикалық заңдылықтарды түсіндіру
(М.Маркович), ультрадыбысты оқыту (Б.Арызханов), физиканы
ауыл шаруашылығымен байланыстыру (Е.Асқаров), физиканы
оқыту процесінде техниканы және оқу киносын пайдалану
(М.Маркович, П.Уваров, К.Айманов, М. Құдайқұлов) жайында
оқу-әдістемелік құралдары шығарылды. Олардың негізінде
К.Айманов, Б.Арызханов, М.Құдайқұлов, С.Левиналар Республика бойынша алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғады.
Сондай-ақ, бұл кезеңде С.Урғалиева, В.Агеев, Е.Евсюков,
Н.Триллер, А.Қалиев, А.Горбунов, Л.Грабельковская, Б.Вахольский сияқты әдіскерлердің политехникалық және программалап оқытуға, техникалық құралдарды пайдалануға арналған мақалалары жарық көрді.

60-70-ші жылдары Қазақстанда физиканы оқытуда политехникалық білім беруді жетілдіру (М.Маркович, П.Уваров), физика


сабақтарында автоматика мен телемеханика элементтерін пайдалану (К.Айманов), қазақ мектептерінде физиканы оқыту әдістемесінің дамуы (Е.Әбдрахимов) жайлы зерттеулер жүргізілген.

М.Құдайқұлов физиканы оқытуда техникалық құралдарды


пайдалану мен физика мұғалімінің әдістемелік дайындығы жайында ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп,
докторлық диссертация қорғап, көптеген оқулықтар мен бағдарламалар және монографиялар шығарды. Кейінгі жылдары, профессор М.Құдайқұловтың ғылыми жетекшілік етуімен Республикада 50-ден астам кандидаттық диссертациялар қорғалып, бірнеше докторлық жұмыс дайындалып, Қазақстан әдіскерінің ғылыми
мектебі құрылды. Олар негізінен, физиканы оқытуда оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыру (Қ.Болеев,
Ш.Төлегенов), қолданбалы физика негіздерін оқыту әдістемесі
(Т.Кенжебаев, К.Әзібаева, Қ.Намазбаев), физикадан сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастыру (Р.Брайнингер, К.Нұрымжанова),
оқушылардың эксперименттік, политехникалық, кәсібибағдарлық, компьютерлік, жалпы-техникалық іскерліктерін дамыту (Б.Белесов, К.Кенжеғалиев, Ә.Кәрімова, Ж.Асқарова, Ә.Жолдасбеков, т,т.), мектепте физикалық экспериментті жетілдіру (Б.Тасболатов, О.Нүрманов), Франция мектептерінде физикалық есептерді шығарудың тәсілдері мен тәжірибесі (Ә.Кәрімова, О.Нүрманов, Б.Тасболатов, Ә.Файзуллаев т.т.), физика сабақтарында техникалық құралдар мен телевизиялық орталықты пайдалану (Т.Нұрғалиев, А.Горбунов, Б.Белесов т.т.), пединституттар мен мектеп үшін түрлі факультативтік курстардың бағдарламалары мен оқу құралдарын жасау (М.Құдайқүлов, Т.Кенжебаев, Р.Брайнингер, Қ.Намазбаев, П.Фролон т.т.), физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі (М.Құдайқұлов, Ғ.Кертаева), физика әдістемесінің ғылыми негіздері (Қ.Әлімбаев), проблемалық сабақтарды
өткізу жайындағы мұғалімнің әдістемелік іскерліктері (М.Құдайқұлов, Б.Асылбаев, О.Мусабеков) жөніндегі ғылыми зерттеулерді
жүргізді. Ғ.Әбдіғаппаровтың, В.Володарскийдің, А.Анарбаеваның, Б.Дәмитовтың алғашқы физикалық есептер жинақтары
шығарылды.

Қазақ тілінде қолтума физика оқулықтары да жасалынды.


(П.Полатбеков, Б.Арызханов, Қ.Жаңабергенов, Ж.Тобаяков, т.т.)
Келешекте факультативтік курстар, шығармашылық сабақтар, өндірістік-техникалық нысандарға экскурсиялар өткізу, кәсібибағдар, физика сабақтарында компьютерді және техникалық құралдарды пайдалану, физика кабинетінің жұмысын нәтижелі ұйымдастыру, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін насихаттау, т.с.с. мәселелер бойынша кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізу және толтума әдістемелік кұралдар даярлау қажет.

ССРО-да физиканы оқыту әдістемесі жайында 600 ден астам


(1936-1938 жж. - 4, 1938-1958 жж. - 146, 1959-1990 жж. - 450) кандидаттық диссертация қорғалған, ал 1951 ж. - 1, 1968-1990 жж. –
15-тен астам докторлық диссертациялар орындалған. Ал,
Қазақстанда болса алғашқы ондай кандидаттық диссертацияларды қорғау (Айманов, М.Құдайқұлов, Б.Арызханов) 1960-
жылдардан басталыпты. Қорғалған докторлық диссертациялардың біреуі 1970-ші жылдары, ал қалған алтауы 1990-шы
жылдары орындалған.

Қазақстандықтардың қорғалған алғашқы қандидаттық дисертациаларды пәнаралық байланыс, техникалық құралдармен


бағдарламалармен оқытудың әдістемесі мәселелерін шешуге 25
арналған (М.Ысқақов, Қ. Айманов, М.Құдайқұлов, С.Левин,
Б. Арысханов)

Қазақстандық әдіскер-ғалымдардың 1970-ші жылдардағы


өздігінен жұмыс істеу (А. Горбунов), факультативтік курстарды
өткізу (Б.Вахольский, Т.Кенжебаев, Қ.Намазбаев), сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру мен техникалық құралдарды пайдалану (Н.Демина, К.Нұрымжанова, Б.Белесов), пәнаралық байланыс (В.Кириллов, К.Әзібаева) мәселелеріне арналды.

Республикадағы физик-әдіскерлердің 1980-ші жылдарғы


диссертациялық ізденушіліктері, негізінен политехникалық, эксперименттік, кәсібибағдарлық және өлшеу іскерліктерін қалыптастыру (О.Нұрманов, Ә.Кәрімов, О.Сәлімбаев т.т), физикалық
есептерді шығару әдістемесін жетілдіру (Б.Волдарский, Б.Одияк,
Н.Ильясов), физиканы оқытудың әдіснамалық (Е.Әбдуғалиев),
проблемалық сабақтарды өткізу (Б.Асылбаев), кристалдар
физикасы мен термодинамиканы оқытуды жақсарту (З.Мәжитова, А.Маженова) мәселелерін шешуге бағытталды.

1990-шы жылдарғы кандидаттық зерттеулердің нәтижесінде


мектеп телевизиялық орталығын құру және техникалық құралдарды пайдалану (Т.Нұрғалиев, Т.Мәмбетәлиев, Ә.Файзуллаев),
физикалық есептер жүйесі (Б.Мұқышов, Ғ.Байжасарова), студенттер мен оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыру (Л.Жеребятова, М.Ахметов, Н.Жаманқұлова), компьютерлік және
кәсіби бағдарлық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру
(Ә.Жолдасбеков, Ж.Асқарова, А.Әмірбеков), пәнаралық байланыс пен экологиялық білім беру (О.Мұсабеков, А.Болтаев,
У.Тоқбергенова), энергетика негіздерін физика сабақтарында
түсіндіру (Қ.Намазбаев), физика мұғалімінің әдістемелік
шеберлігін (Ғ.Кертаева), физикалық білімдерді гуманизациялау
(Ә.Қаймолдина) мәселелерін жақсартуға мүмкіндік туғызылды.

Қазақстан әдіскер-ғалымдары ішінен М.Құдайқұлов физика


мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік іскерліктерін қалыптастырудың дидактикалық диссертация қорғады. (1977 ж., Киев). Физик
мұғалімдердің кәсіби педагогикалық дайындығын жақсартуда пәнаралық байланысты пайдаланудың теориялық негіздерін
Б.Кириллов өзінің докторлық зерттеулерінде қарастырған (1990 ж.
Мәскеу) Кәсіби мамандық беруге бағытталған физика оқу
құралдарын жасаудың дидактикалық проблемалары Б.Арызхановтың докторлық диссертациясында зерттелді (1991 ж., Ташкент). Жамбылдық Т.Кенжебаевтың докторлық ізденісі
техникалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудың
нәтижелілігін артыруды педагогикалық негіздерін шешуге
арналды (1992 ж., Мәскеу).

Одан кейінгі Абай атындағы АлМУ-да қорғалған доктордық


дессертациялар физиканы оқыту процесінде оқушылардың кәсіби
мамандыққа қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық
негіздеріне (Л.Мәжитова,1995ж), ғылыми-жаратылыстану білім беруде оқушылардың оқу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға (О.Сәлімбаев, 1995 ж.), физика-техникалық және эстетикалық пәндерді оқыту негізінде еңбек пәні мұғалімінің кәсіби
әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселелер әдістемелік дайындығын жетілдірудің дидактикалық мәселелеріне (М.Қозыбақов, 1998 ж.), болашақ мұғалімдердің функционалды-әдістемелік білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға
(Ғ.Жүсіпқалиева, 1999 ж.) арналды.

Казақстанда 1920-1997 жылдары аралығында физиканы


оқытуға қатысты 170-ке жуық қазақ тіліндегі әдістемелік және
ғылыми-көпшілік әдебиеттер шығарылыпты. Физикадан қазақша
қолтума оқу құралы алғаш 1923 жылы басылған, сонан соң 1960-
шы жылдардан бастап төл тіліміздегі оқулықтар мезгіл-мезгіл
шығарылып тұрған.

1920-шы жылдан 1950-ші жылдарға дейін, 30 жыл бойы


біздің республикада қазақ тілінде физикадан ешқандай әдістемелік, не ғылыми-техникалық әдебиеттер шығарылмай келген.

Алғашқы әдістемелік құрал да орысшадан 1955-жылы


(Т.Әбдісадықов т.б. қатысуымен) аударылған, ал физика мұғалімі
үшін өзіміздің қолтума әдістемелік әдебиеттеріміз 1960-шы
жылдардан бері ғана жарық көре бастаған

Осы 78 жыл ішінде қазақ тілінде 60 тан астам физикатехникалық әдебиеттер шығарылған, олардың үштен екі бөлігі


төл тілімізде жазылыпты. Мұғалімдер мен оқушыларға көмекші
алғашқы физикалық-астрономиялық ғылыми-көпшілік әдебиеттер 1950-ші жылдары (20 тақырып бойынша) орыс тілінен
аударылып, ал мұндай қолтума басылымдардан, 1960-шы
жылдары - 30, 1970 ж. - 45, 1980-ші жылдары - 50 кітаптар әр
түрлі тақырыпта жазылған.

2003 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы


өзінің 70 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған байланысты
қазіргі кезде академияның мектепте және мектепке дейін білім беру институтының жаратылыстану-математика пәндерін оқыту
лабораториясының қызыметкерлері осы мерейтойды лайықты
табыстармен қарсы алу мақсатында жемісті еңбек етті.

Тапсырма:



  1. Мәтіндегі ойды схема түрінде жүйелеп көрсетіңіз.

  2. Мәтінге SWOT талдау жасаңыз.

  3. Мәтін бойынша Қазақстандағы физиканы оқыту әдістемесі бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

  4. Физика бойынша көпшілікке арналған қандай әдебиетті оқыдыңыз. Ойыңызбен бөлісіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет