Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама



бет1/12
Дата27.10.2022
өлшемі0,69 Mb.
#45770
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мазмұны

  1. Кіріспе................................................................................................2

  2. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттамаТүркістан облысы, Ордабасы ауданы,"Асыл-тұқымды шаруашылық Ордабасы ешкі сүт өнімдері" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, Темірлан елді мекені...................... ..............4

  3. СҒЗЖ: Миокардит .Миокард инфаркті.Перикард..........................5

  4. Клиникалық диагностика.................................................................10

  5. Ветеринариялық иммунология........................................................12

  6. Ветеринариядағы менеджмент………............................................13.

  7. Оперативті хирургия.........................................................................14

  8. Ветеринариялық гигиена және санитария......................................15.

9.Патологиялық анатомия...................................................................17.
10.Практика қорытындысы...................................................................19
11.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................20


Кіріспе
Әлемнің және республикамыздың ветеринария саласындағы жетістіктері айтуға тұрарлықтай. Көрнекті ғалымдардың жан жақты жүргізген ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде жануарлардың көптеген ауруларын жою әдістері және аурулардан сақтандырудың жолдары ойластырылып табылған. Сондай ақ Қазақстан Республикасында сиыр обасы, ала өкпе қабынуы, жылқы маңқасы жойылған.
Қазақстан Республикасында жүргізілетін ветеринариялық қызметтің негізігі мақсаты шаруашылықтарда ветеринариялық шараларды сапалы әрі уақытылы жүргізіп, жануарларды жұқпалы емес, жұқпалы және паразиттік аурулардан тазарту, қауіпті індеттерден адамды сақтандыру, мал ауруын азайту, шығынға жол бермей, шаруашылықтарға келтіретін зиянды барынша азайту болып саналады. Ветеринария саласының экономикалық, биологиялық және медициналық санитариялық маңызы да жоғары.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасында елді азық түлікпен және шикізат өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылығын дамытудың кешенді шаралары қарастырылған. Бағдарламада арнайы кешендерді, фермерлік қосалқы шаруашылықтарды дамыта отырып, алдағы уақытта малшаруашылығы өнімдерін көбейту қарастырылған. Сонымен қатар мал және шикізат өнімдерін өңдеуге үлкен мән берілген. Осыған байланысты, қазіргі уақытта мал ауруларын анықтау мен оны емдеудің алдыңғы қатардағы әдістері мен жолдарын табу және практикаға енгізу, сонымен қатар жануарлар мен құстардың ауруларын және шығынын азайтатын ветеринариялық санитариялық шараларды жүзеге асыру жүйесі ойластырылуда.
Қазақстанда 1810жылға дейін жануарлар ауруларын емдеумен малшы қазақтар өздері айналысқан, содан кейін Ресейден жұмыс бабымен келген ветеринарлық мамандары, ал 1891жылдан бастап ветеринариялық қызмет жекеленіп, өз алдына бөлініп шыққан. Мамандарды Омбы, Тобыл ветеринариялық мектептері, сонымен қатар Қазан, Юрьев, Варшава ветеринариялық институттары дайындаған. 1897 жылы тұңғыш ветеринариялық бактериологиялық лаборатория Оралда ашылған. 1920 жылы ветеринариялық бас басқарма құрылып, Қазақстанда ветеринариялық саланың дамуына А.П.Петровский, У.Б.Базанов, Т.И.Исенгулов, К.И.Скрябин, А.П.Сейдалин және тағы да басқа ғалымдар үлкен үлес қосқан.
Қазақстан Республикасында жануарлар ауруларымен күресу шаралары ҚР Президенті бекіткен (Бірінші заң 1995 жылы 25маусымда, екіншісі 2002 жылы 10 шілдеде қабылданған, заң 6 тараудан 37 баптан тұрады). «Ветеринария туралы заң» негізінде, Үкімет жарғылары және ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ветеринария туралы заң актілері мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі. Қазақстанда ветеринария саласын қадағалау органдары мемлекеттің басқаруында болады, жүргізілетін ветеринариялық шаралар жоспарлы түрде, ал аса қауіпті жұқпалы ауруларды және карантиндік шараларды қоспағанда, ветеринариялық жұмыстардың барлық түрлері бәсекелестік ортаға берілген және лицензиялауға жатады. Ветеринариялық препараттарды өндіру саласы да бәсекелестік ортаға қарайды.
Жұқпалы аурумен күресудің негізі аурудың алдын алу болып табылады. Сиыр шаруашылығында жүргізілетін ветеринариялық шаралар шаруашылықтың жоспарлы жұмыстары құрамына кіреді және мал шаруашылық мамандарымен біріге отырып жүргізіледі.
Жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларымен күресу мақсатында кешенді жалпы және арнайы шаралар жүргізіледі. Жануар ағзасының саулығын қорғау, шаруашылық мамандарының күнделікті жұмыстарының басты нәтижесі болып саналуы қажет. Жануар өнімінің өнімділігін арттыру және ның саулығын сақтау өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты, шаруашылық мамандары міндеттерінің қатарына мына төмендегілер жатады:
1. Жануар ауруының сыртқы және ішкі себептерін білу;
2. Кеңінен тараған аурулардың пайда болу себептерін алдын алу шараларын анықтау;
3. Қарапайым емдеу әдістерін қолдана от ырып, ауру малға алғашқы көмек көрсету;
4. Ең көп тараған жұқпалы емес аурулардың пайда болуын және алдын алу жолдарын білу;
5. Мал басын қорғау мақсатында сақтық шараларын жүргізу;
6. Ветеринариялық мамандарға арнаулы шараларды жүргізуге көмек беру;
7. Мал шаруашылығы мамандарының ветеринариялық санитариялық білімін жетілдіру.
Мал шаруашылығында ветеринариялық санитариялық талаптарды, мөлшерлерді қолдану және технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, сапасы жоғары мал және мал өнімдерін алу мал басын көбейту және жануарларды бордақылау істері ветеринариялық білімді қажет етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет