Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама


Ветеринариялық гигиена және санитария



бет10/12
Дата27.10.2022
өлшемі0.69 Mb.
#45770
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
8 Ветеринариялық гигиена және санитария

Топырақты санитариялық тұрғыдан бағалау


Топырақтың санитариялық жағдайы эпидемиологиялық, эпизоотологиялық және гигиеналық қатынастарының қауіпсіздігін анықтайтын физико-химиялық және биологиялық қасиеттердің жиынтығымен түсіндіріледі. Осы мақсатпен химиялық,бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Топырақтың санитариялық жағдайының химиялық көрсеткіші ретінде санитариялық сан қолдану ұсынылған.
Топырақтың құрамында белоктық заттардың (топырақтық белоктық азот) құрамына кіретін белгілі бір мөлшерде азот болады. Егер топырақ ластанса, оның құрамындағы органикалық азот көлемі ұлғаяды және органикалық азот пен топырақтағы белоктық азоттың қатынасы бұзылады. Егер топырақ құрамындағы белоктық азот неғұрлым органикалық азоттан көп болса, топырақ соғұрлым таза болады.
Санитариялық сан (баға) дегеніміз - органикалық азотқа (100г құрғақ топыраққа мг есебінде) белоктық (гумустық) азоттың (сол бірліктегі) көлемін бөлгендегі бөлік. Топырақтың бактериологиялық ластануының көрсеткіші ретінде ішек таяқшасы (E.Сoli) немесе анаэробтық бактериялардың біреуінің титрін аламыз (B.Perfriiigens). Бұл бактериялар топыраққа қимен бірге түседі. Анаэробтық бактерия спора түзуші қасиеті болғандықтан ол ішек таяқшасына қарағанда ұзақ сақталады. Осы топырақта ішек таяқшасы болмай тек анаэробтың болуы оның ескі қимен бұрыннан ластанғанын білдіреді.
Топырақтың санитариялық-гельминтологиялық жағдайының көрсеткіші ретіңде 1 кг топырақтағы гельминт жұмыртқасының санын алса, санитариялық-энтомологиялык жағдайының көрсеткіші ретінде — топырақтың 0,25 м2 бетіндегі шыбынның қуыршағы мен балаң құрттардың болуымен анықтайды.
Топырақтың санитариялық жағдайына баға бергенде оған қосымша бактериологиялық зерттеулер жүргізеді, онда патогенді микробтар (топалаңның, эмкар, листериоз және т.б. аурулардың қоздырушылары) болуы мүмкін, ал олардың болуы кейде тек қимен ластанумен шектеліп қоймайды, себебі топырақта аталған ауру қоздырушылардың қасиеті ұзақ уақыт бойы сақталады да әрі көбейе де алады.
Топырақты ветеринариялық-санитариялықтұрғыдан қорғау шаралары
Топыраққа органикалық және бейорганикалықластаушылар (патогенді және шартты патогенді вирустар,бактериялар, қарапайымдылар, геогельминттержұмыртқалары) түскен кездегі оның санитариялықжағдайын бағалау жөніндегі гигиеналық нормалар ғылымитұрғыдан негізделген. Топырақты санитариялық қорғаужұмыстарын іске асыру кешенді шараларды жүргізудікерек етеді. Оның ішінде топырақты тазарту және малды топырақтан жүғатын аурулардан сақтандыру жөніндегі шараларға агротехникалық және санитариялық шаралар да жатады. Тиісті ауыспалы егіс жүйесімен бірге, жерге органикалық және минералдық тыңайтқыштарды себудің маңызы бар. Олар екпе дақылдар егу, бұталарды жойып батпақты учаскелерді құрғату, екпе өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар туғызады. Топырақты су басып, батпақтана бастаса арықтар қазылып, жиектері көтеріледі.
Топырақ індеттері мен геогельминтоздардың алдын алу үшін, ондай қауіп бар өрістерде мал жаю тоқтатылып, өрістерқоршалып, ауруға тез шалдығатын малға тез вакцина егіледі. Эпизоотиялық шаралар жоспарына сай өлексе көмілетін орындар тәртіпке келтіріліп, малды қашалап бағу және қашаларды ауыстырып отыру ұйымдастырылады. Бұл биологиялық дегельминттеу деген сөз. Санитариялық шаралар арқасында мал фермалары қалдықтардан тазартылады, топырақты ластайтын көздері анықталады, қөң сақталатын орындар жабдықталып, тағы басқа жағдайлар жасалады.
Топырақты органикалық қалдықтармен ластанудан және топырақ инфекциясы қоздырғыштарынан қорғау үшін мал өнімдері, шикізаттары (жүн, сүйек, мүйіз, тері) сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ тері зауыты, жүн жуғыштарды, май зауыты, мал сою алаңдарын және т.б. салу, орналастыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау қажет. Топырақ спора түзбейтін микроорганизмдермен және вирустармен залалданғанда құрамында 25 пайыз активті хлоры бар хлорлы әк немесе формальдегидтің 4 пайыз ерітіндісі қолданыдады. Өлексе жатқан немесе оны сойған жерге хлорлы әк шайылып (2 кг/м2), сумен ылғалданады (10 л/м2). Туберкулезбен жарақаттанған өлекселерді зарарсыздандырғанда формальдегидтің сілтілі ерітіндісі (3 пайызды формальдегид және 3 пайыздыкүйдіргіш натрдан тұратын) пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет