Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама


Ветеринариядағы менеджмент



бет8/12
Дата27.10.2022
өлшемі0.69 Mb.
#45770
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
6 Ветеринариядағы менеджмент

Шаруашылықтар мен кәсіпорындар көлемінде болақшақтық жоспарлар көбінесе созылмалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сауықтыру шараларына арналады. Аудан, облыс және республика мекемелерінде материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларын жасайды, оларда биологиялық препараттарға, зарарсыздандырушы заттарға, техника мен құрал-саймандарға мұқтаждықтың көлемі көрсетіледі.


Орындалуы бір жыл ішінде болжамдалған жоспарлар негізгі жоспарлау құжаты болып саналады. Себебі, олар күнделікті орындалатын аурулардан сақтандыру,сауықтыру, ветеринариялық-санитарлық сәттілікті қамтамасыз етуші шаралардың бір жылдық көлемін қамтиды, қажет болған жұмыстын ай, тоқсан бойындағы көлемі де белгіленеді. Жылдық жоспарды ветеринария органдарының арнайы әдістемелік нұсқауларына сүйеніп, бекітілген ресми үлгі бойынша жасайды. Мұндай жоспарға міндетті түрде материалдық қамтамасыз ету жоспары тіркеледі.
Ветеринариялық шаралардың жедел жоспарлары таяу мерзімде немесе бірнеше орындалатын жұмыстарды қамтиды. Мұндай жоспарларға мамандардың, мекемелердің он күндік, айлық, тоқсандық жоспарлары, сондай-ақ аусыл ошағын жою, тағы сол сияқты тез тарайтын жұқпалы ауруларды жою жоспарлары жатады.
Ветеринариялық жоспарларды жоспарлаудың жеке мәселелері және бекітілген ресми үлгілері бойынша жопарларды өзірлеу лабораториялық-жаттығу сабақтарында қаралады.
Ветеринариялық шараларды жоспарлаудың түрлері.
Ветеринариялық тәжірибеде жоспарлаудың үш түрлі жүйесі қолданылады. Олар, жоспарда көрсетілген жұмыстардың орындалу мерзіміне байланысты келешек, жылдық немесе ағымдық және жедел жоспарлау болып ерекшеленеді.
Келешектік жоспарларға орындалу мерзімі 2-5 жыл немесе одан да ұзақ уақытқа болжамдалған ветеринария ісі үшін маңызы зор негізгі шаралар енгізіледі. Мұндай жоспарлардың көрсеткіштері, әсіресе қаржыландыру, ветеринариялық мекемелерді материалдық-техникалық жабдықтау, құрылыс салу, мамандар дайындау сияқты мәселелер бойынша облыс немесе республиканың экономикалық даму жоспары құрамына енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет