Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама



бет7/11
Дата27.10.2022
өлшемі80.21 Kb.
#45768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7 Оперативті хирургия

Шоқтықтың жайылмалы жарақатты ісігі. Ер- тоқымының ( қамыт, ер, ершік және т.б.) жұмсақ тканьді ұзақ қысуынан пайда болады. Ауру жіті өтеді. Ісік әуелде асептикалық болады, кейін оған инфекция түседі.


Белгілері. Жіті өтсе, мұз қар тартады, 1-2 пайызды буроз сұйығын жағады, сонымен қатар барлық жерді бірдей қысатын таңғыш салады.Қажалған және шағын жаралы жерге иодтың не пиоктаниннің спирттегі ерітіндісін жағады. Жіті құбылыстар қайтқаннан кейін ихтиол не камфора майын, иодвазоген және т.б. жағады. Ісікке іріңді инфекция түсіп асқынса, операция жасайды.
Шоқтықтың лимфа экстравазаты.Сөлдің борпылдақ шел қабыққа құйылып, одан кейін қуыс пайда болуынан орын алады. Сөл экстравазатының себебі- ер-тоқымнан шоқтықтың тканьдерінің ойысуы және сөл тамырларының үзілуі.
Белгілері. Ер-тоқымды алғаннан соң шоқтық аймағында шамалы, онша ауырмайтын, көлемі бірте-бірте үлкейетін іск пайда болады. Тері асты сөл экстравазаты ер-тоқымды алғаннан соң бірнеше сағаттан, ал шандыр асты мен бұлшық ет аралық экстравазаттар бірнеше күннен кейін пайда болады. Ісікті қолмен қарағанда сөлдің қуыс ішінде еркін қозғалатыны байқалады.
Емі. Қуысты ине не троакар көмегімен сөлден тазартады, антисептикалық ерітіндімен жуады және қысып тұратын таңғыш тартады. Ісік асқынған жағдайда ісіктің төменгі жағын теседі, ісік қалтасын жояды, қуысты жұмсақ тампонмен толтырады, тампонға йодтың спирттегі 5 пайыздық ерітіндісі не йодтың формалиндегі ерітіндісі (1:2000) сіңіріледі.
Шоқтықтың кілегей қалтасының жіті асептикалық қабынуы. Жалқаяқ сипатына қарай қалтаның серозды және серозды-фиброзды қабыну түрлері бар. Екінші және үшінші көкірек омыртқасы сабағының үстінде беткей орналасқан қалталар ауруға сирегірек шалдығады. Кілегей қалталардың қабынуының себептері-түрлі зақымдану.
Белгілері. Қалталар орналасқан жерде ауыратын, былқылдақ не қамыр тәрізді ісік пайда болады.
Емі. Алғашқы кезде әдеттегі емдеу әдістері (мұз басу, дезинфекциялайтын қою дәрілерді жағу, жылы басу, ісік қайыратын майлар жағу, емдік балшықпен, электр тогымен емдеу) қолданылады. Бұдан кейін егер мал айықпаса, операция жасалады, жалқаяқты шығару үшін ісікті тіледі, қалта қуысына йодтың 10 пайыздық ерітіндісін не ляпистің 5 пайыздық ерітіндісін жібереді, бұдан кейін қалта қабырғасын кореткамен сылып жұлып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет