Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама


Ветеринариялық гигиена және санитария



бет8/11
Дата27.10.2022
өлшемі80.21 Kb.
#45768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8 Ветеринариялық гигиена және санитария

Атмосфералық ауаның көрсеткіштері


Ауа - мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді.
Атмосфера (грек. meteoras - бу және sphaira - шар) -табиғи жағдайда шамамен 20 шақты заттардан тұратын жерді қоршап тұрған қабық.
Атмосфера табиғи жағдайда климатты реттеуші, жылуды сақтап ылғалды тасымалдаушы әрі ауада байқалатың құбылыстардың (бұлт, жаңбыр, қар, тұман және т.б.) басты себепшісі болып табылады.
Атмосферада ауа массасы үнемі араласып тұрады.Осының арқасында ауадан ылғал мен әртүрлі газдар қалыптылығы сақталады. Полярлық және бірқалыпты еңдік тұсында 10-11км дейін және тропикалық ендікте – 14-17 км дейінгі атмосфера бөлігі тропосфера деп аталады. Атмосфераның бұл бөлігінде жоғарылаған сайын температура төмендей береді. Тропосферада атмосфераның 4/5 бөлігі жинақталған және ол өте өзгермелі. Атмосфераның бұл қабаты жер бетінің жылынуы әртүрлі болуына байланысты онда ауаның күшті вертикальді ағысы пайда болып температура, ылғал, қысым және басқа климаттық факторлардың өзгеруіне ықпал жасайды.
Циклон және антициклон. Бір тәулік ішіде метеорологиялық факторлар параметрлері күрт өзгеріп ауа райының тез алмасуы (ауа температурасы 10-15°С, қысым 1,3-2,6 КПа-ға) синоптикалық фронт өткен кезде байқалады. Ауа райының былайынша күрт өзгеріп алмасуы организмге қолайсыз әсер ететін физиологиялык тітіркендіргіштермен қарастырылады. Екі ауа массаларының (арктикалық, полярлық, тропикалық) бір-бірімен араласу зонасын синоптикалық фронт деп аталады.
Синоптикалық фронттың өтуі әр уақытта ауа массасының алмасуына әкеліп соғады, сөйтіп атмосфераның синоптикалық жағдайының ең басты екі типі - циклон немесе антициклон пайда болады. Малда, әсіресе мол өнімді асыл тұқымдыларда түрлі патологиялық реакциялар қозып, созылмалы аурулардың асқынуы синоптикалық фронттың пайда болуымен тікелей байланысты.
Циклон - атмосфера кысымының үлкен территорияда төмендеуімен сипатталады (диаметрі - 2000-3000 км дейін). Қысым шеттен ортаға қарай төмендейді. Циклон кезінде ауа айналмалы қозғалыста болады. Циклондағы ауа райы өте тұрақсыз: температура мен ауа қысымының ауытқуы артады, жауын-шашын болып, ауа ылғалдылығы жоғарылайды.
Антициклон - жоғарғы қысым аймағы. Ол кысым шеттен ортаға қарай өсіп үлкен территорияны қамтиды (диаметрі 5000-6000 км шамасында). Антициклонда ауа райы әдетте тұрақты, жауын-шашынсыз болады. Антициклон жағдайында атмосферада қара түнектің (смог) пайда болуының негізіңде ауаның жоғарғы қабат температурасы төменгі қабатқа қарағанда жоғары болуында. Мұндай жағдай ауа тымырық (застой) кезде байқалады. Циклон мен антициклон бір-бірімен ауысып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет