Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет1/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67

1

 ~ 



 

 


2

 ~ 



 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ 

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ 

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ 

 

 

 



 

 

 



 

«ТЖКБ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ 

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-

ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

 

 



МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОЙ  НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОЙ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИИ 

«МОДЕРНИЗАЦИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ В УСЛОВИЯХ ИНДУСТРИАЛЬНО-

ИННОВАЦИОННОГО РАЗВИТИЯ ТИПО». 

 

 



 

THE MATERIALS OF THE INTERNATIONAL RESEARCH AND PRACTICAL ONLINE 

CONFERENCE "MODERNISATION OF THE EDUCATION CONTENT IN TERMS OF THE 

INDUSTRIAL AND INNOVATIVE DEVELOPMENT OF THE ENGINEERING AND 

PROFESSIONAL EDUCATION". 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


3

 ~ 



 

УДК  377(574(    

ББК  74.5 

         Т11                                                                  

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы Оңтүстік 



Қазақстан  облысы  бойынша  Педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институтының 

(«Өрлеу» БАҰО АҚ Ф ОҚО ПҚБАИ) шешімімен баспаға ұсынылған. 

Рекомендовано  к  изданию  Филиалом  Акционерного  общества  «Национальный  центр 

повышения  квалификации  «Орлеу»  института  повышения  квалификации  педагогических 

работников по Южно-Казахстанской области (ФАО НЦПК «Орлеу» ИПКПР ЮКО). 

 

Жалпы редакциясын басқарған: Искакова Л.Т. п.ғ.д., профессор,  



 

 

 



 

      Ергешбаева Ш.Н. п.ғ.к. 

Редакциялық алқа мүшелері:  

Медетбекова М.А., Рахимжанова Г.К., Жангабулова А.А., Садыкова Г.А. 

 

Жинақта  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  және  ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін 



арттыру  мен  индустриялық-инновациялық  дамудың  басым  жобаларын  іске  асыру  мақсатында 

өткізіліп отырған «ТжКББ ұйымдарының индустриалды – инновациялық даму жағдайындағы білім 

мазмұнын жаңғырту» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның 

материалдары енген. 

Жинақ білім беру қызметкерлеріне арналған. 

Барлық материалдар авторлар ұсынған нұсқада жарияланған.   

 

Под общей редакцией: Л.Т.Искакова д.п.н., профессор  



 

 

 



   Ш.Н.Ергешбаева к.п.н.  

Члены редакционной коллегии:  

Медетбекова М.А., Рахимжанова Г.К., Жангабулова А.А., Садыкова Г.А. 

 

В  сборник  вошли  материалы  Международной   научно-практической    онлайн-конференции 



«Модернизация  содержания  образования  в  условиях  индустриально-инновационного  развития 

ТиПО»,  проводимой  с  целью 

повышения  конкурентоспособности  образования  и  науки  в 

Республике Казахстан и определения актуальности профессионального образования для реализации 

приоритетных проектов индустриально-инновационного развития.  

Сборник адресован работникам образования 

Все материалы опубликованы в представленных авторами вариантах 

 

«ТжКБ  ұйымдарының  индустриалды-инновациялық  даму  жағдайындағы  білім  мазмұнын 



жаңғырту» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция материалдары 

Материалы международной  научно-практической онлайн конференции «модернизация содержания 

образования в условиях индустриально-инновационного развития ТиПО». 

The materials of the international research and practical online conference "modernisation of the education 

content  in  terms  of  the  industrial  and  innovative  development  of  the  engineering  and  professional 

education". 

15 наурыз – Шымкент , 2017, 458 бет 

          

 

  ISBN 978-9965-865-19-0 

 

УДК  377(574(    



ББК  74.5 

 

 



   

 ISBN 978-9965-865-19-0 



4

 ~ 



 

АЛҒЫ СӨЗ 

 

Искакова Лаура Тұрлыбекқызы  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының директоры, 

педагогика ғылымдарының докторы., профессор 

 

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім 



беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.  

Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын 

дамытуға бағыттау қажет»  

Н.Назарбаев 

  

Білім-адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдардың  бірі, 

прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Болашаққа 

үміт  артқан  мемлекет,  ең  алдымен,  білім  сапасының  іргетасын  қалайды,  өйткені,  ертеңгі 

келер  күннің  бүгінгіден  нұрлы  болуына  ықпал  ететін,  адамзат  қоғамын  алға  апаратын 

құдіретті күш-тек қана білімге ғана тән. 

Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті 2017 жылдың 31 қаңтарындағы 

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында 

«Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» 

жобасы іске асырыла бастады. 

Мемлекет  басшысы:«тегін  оқытумен  ең  әуелі  жұмыссыз  және  өзін  өзі  тиімсіз 

жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. 

Кәсіптік  білім  беру  жүйесінде,  мен  айтқандай,  экономикадағы  жаңа  өндірістер  үшін 

мамандар  дайындауға  ден  қою  керек.  Ол  үшін  кәсіптік  стандарттар  еңбек  нарығының 

талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет, 

сонымен қатар,  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін  көрсетуге  қол 

жеткізу керек» деп міндеттеді.  

Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 

арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  қоғамның  және  экономиканың  индустриялық-

инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, мазмұнының құрылымын 

жаңарту,  әлемдік  кеңістігіне  бірігу,  сонымен  қатар,  экономика  салалары  үшін  кадрлар 

даярлаудың  инрақұрылымын  дамытуды  міндеттеді.  ТжКБ  –де  оқудың  беделін  және  педагог 

кадрлардың  біліктілігін  арттыру  мәселесін  тез  арада  шешуді  талап  етеді.  Білікті  педагогтер 

педагог  мамандығының  мәртебесін  көтерудің  қуатты  факторы  болып  табылады.  Педагогтің 

мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. 

Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы 

тиіс. 


Осы  негізде  мемлекет  саясатының  негізгі  бағыттарын  жүзеге  асыру  мақсатында 

«Өрлеу» АҚ ОҚО бойынша ПҚБАИ жұмысының операциялық жоспарына сәйкес «ТжКББ 

ұйымдарының  индустриалды  –  инновациялық  даму  жағдайындағы  білім  мазмұнын 

жаңғырту»  тақырыбында  Халықаралық  ғылыми-практикалық  онлайн-конференциясын 

өткізеді. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін! 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

5

 ~ 



 

ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ 

ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУДАҒЫ ПЕДАГОГ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ 

 

Ергешбаева Шынар Нәліходжақызы  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институт директорының 

оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. 

 

Резюме 

В  статье  рассматриваются  вопросы  повышения  психолого-педагогической, 

производственной  и  научно-методической  квалификации  педагогических  работников 

ТиПО. 

Summary 

The  issues  of  improving  psychological  and  pedagogical,  industrial  and  scientific-

methodological  qualifications  of  pedagogical  staff  of  technical  and  professional  education  are 

considered in this paper. 

 

Қазіргі  кезеңде  білім  беруді  реформалау  білім  беру  жүйесінің  өзекті  бөлігі 



оқытушының кәсіби қызметі білімін жетілдіріп, шыңдап отыруы. техникалық және кәсіптік 

білім  беру  жүйесі  тұлға  мүдделерін,  еңбек  нарығының  сұраныстарын,  экономика  мен 

әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық 

өрлеуіндегі  маңызды  өзгерістер,  техникалық  және  кәсіптік  қызмет  көрсету  салалары 

мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды. 

Осы  орайда  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  филиалы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты»  филиалы  жұмысының 

операциялық  жоспарына  сәйкес  «ТжКББ  ұйымдарының  индустриалды  –  инновациялық 

даму  жағдайындағы  білім  мазмұнын  жаңғырту»  тақырыбында  Халықаралық  ғылыми-

практикалық онлайн-конференция мақсаты да Қазақстан Республикасында білім беру және 

ғылымның  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мен  индустриялық-инновациялық  дамудың 

басым жобаларын іске асыру мақсатында кәсіби білім берудің өзектілігін айқындау болып 

отыр. 

Қазақстанда  өзінің  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін  әлемдік 



стандарттарға  жақындататын  білім  берудің  ұлттық  моделі  қалыптасуда.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтің  «Қазақстан  Стратегиясы  –  2050: 

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  курсы»  атты  Қазақстан  Халқына  Жолдауында 

«кәсіптік-техникалық  білім  берудің  ұлттық  жүйесінің  негізін  қалыптастыру  керек. 

Келешекте  жастардың  техникалық  білім  алуын  мемлекттік  кепілдендіруге  көшіруді 

қарастыру қажет» деп анық көрсетті. 

Алдағы  уақытта  білім  беру  мекемелерін  оңтайландыру,  іс  жүзінде  ескірген 

әдістемелерге  негізделген  оқу-тәрбие  үдерісін  жаңғырту  бағытында  ауқымды  жұмыстар 

жүргізілуде. Сонымен қатар, қазақстандық білім беру жүйесінде оқу үдерісінің тәжірибелік 

жағына  және  оқушылардың  жеке  ерекшеліктеріне  көңіл  бөліп,  теория  мен  практиканы 

ұштастыра  отырып  дуалды  кәсіби  білім  беру  жүзеге  асырылуда.  Сондықтан  білім 

ошақтарын заман талабына сай жетілдіріп, заманауи басқару жүйесін енгізудің мәні зор. 

Кәсіптік-техникалық  маман  дайындаудың  дуалды  жүйесінің  сәтті  іске  асуына 

бизнес,  оқушы  және  мемлекет  тікелей  мүдделі  болуы  шарт  және  білім  берудің  жаңа 

бағыттарына  сай  жүргізіледі.  Біріншіден,  колледждердің  материалдық-техникалық  базасы 

жаңғырту; екіншіден, әлеуметтік әріптестікті дамыту; үшіншіден, бәсекеге қабілетті маман 

дайындауда  инновациялық  технологиялар  негізінде  алатын  педагогтердің  кәсіби 

біліктіліктерін  арттыру  мемлекеттік  стратегиялық  бағыттарды  атап  көрсеткен.  Сондықтан 

да  колледж  педагогтерінің  құзыреттілігін  үздіксіз  жетілдіріп,  дамытып  отыруға  «Өрлеу» 

БАҰО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының қосар үлесі мол. 



6

 ~ 



 

Кәсіптік  білім  беру  жүйесінде  кадрларды  білім  беру  мазмұнын  жаңғырту 

жағдайында даярлау – бұл мемлекет пен болашақ маманның бизнестік мүддесінің бірігуін 

көздейді.  Базалық  кәсіпорын  мен  білім  мекемесінің  кәсіби  білім  берудегі  негізгі 

бағдарламасы болып табылады. Бүгінде кәсіби оқыту жүйесі жөнінде Елбасының «Мәңгілік 

ел» стратегиясында саяси маңызы зор тарихи Жолдауында техникалық және кәсіптік білім 

берудің  ұлттық  жүйесінің  негізін  қалыптастыру  келешекте  жастардың  мемлекеттік 

кепілдендіруге  көшіруді  қарастыруда  мақсаттар  айқындалды.  Индустриялық  өндірістің 

модернизациясы  жаңа  кәсіпорындардың  жасалынуы,  отандық  және  импорттық  жаңа 

техникалық  жабдықтардың,  ақпараттық  технологиялардың  кең  қолданысы  ел  өнеркәсібі 

үшін жұмысшы кадрларының және орта буын мамандарының дайындық сапасын көтеруді 

талап  етуде.  Кәсіптік  білім  берудің  әлемдік  тәжірибесінде  әлеуметтік  серіктестікті  жүзеге 

асырудың  тиімді  жолы  ретінде  Германияның,  Сингапурдың  қос  бағытты  білім  беру  – 

дуалдық  жүйесі  кеңінен  қанат  жаюда.  Қазіргі  жас  маман  техниканың,  жабдықтың, 

технологияның  жаңа  білімдерін  өндірісте  қолдана  отырып  терең  игере  білу  керек.  Қазіргі 

Қазақстан  үшін  бұл  өзекті  мәселені  шешу  ТжКБ  ұйымдарындағы  арнайы  пән 

оқытушыларының  сапалық  дайындығынсыз  мүмкін  емес.  2020  жылға  дейін  ТжКБ 

модернизациялау  концепциясы  білім  беретін  құрылымдардың  жаңа  әлеуметтік-

экономикалық қарым-қатынастар жүйесіне бейімделуін қамтамасыз етуді, мемлекет, жұмыс 

беруші  және  азаматтық  қоғам  арасында  білім  берудің  дамуы  үшін  жауапкершілікті 

диверсификациалауына  жағдай  жасауын  болжайды.  Сондықтан  арнайы  пән  оқытушысын 

ілгерлі  білімінің  ғана  емес,  қарқынды  өзгеріп  жатқан  заман  сұраныстарына  шұғыл  түрде 

назар аудара алуы, үнемі өзінің зияткерлік пайымын жаңа ақпаратпен толтыру қабілетінің 

маңызын  арттыру  қажеттігі  «Кәсіпқор»  Холдингі  жасаған  бағдарламамен  ұштасып  жатса, 

колледждің  жалпы  пән  оқытушылары  мен  барлық  педагог  қызметкерлері  үшін  сапалы 

білімді  білікті  және  арнайы  даярланған  ұстазсыз  алуға  болмайтыны  баршаға  мәлім. 

Сондықтан озық білім беру жүйесіндегі педагог жұмысының сапасын арттыруға күш салу 

қажет, өйткені педагог –оқушылардың білім деңгейіне тікелей ықпал етуші тұлға.  

Қазіргі  ұстаздар  алдындағы  міндет:  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейіне  сәйкес 

оқушының  білімі  терең,  іскер  және  сыни  ойлауға  қабілетті,  әлемдік  стандарттар  негізінде 

жұмыс  істей  алатын   құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру.  Мұндай  талапқа  сай  қызмет  істеу 

үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс деп ойлаймын. Қоғам мен заман күн 

сайын  өзгеріп  жатқан  қазіргі  уақытта  ұстаздардың  біліктілігін  арттыруда  биік  мақсаттар 

үдесінен шығуы жолында жүйелі жұмысты жүргізуді «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық 

орталығы»  акционерлік  қоғамының  филиалы  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  бойынша 

педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  жұмыс  барысында  басты 

міндет  етіп  отырады.  Өйткені  біліктілікті  арттыру  жүйесі  білім  ордаларының  кадрлық 

әлеуетінің сапасын жетілдірудің маңызды құралы екені хақ. 

Жалпы  еліміздегі  білім  беру  саласындағы  басты  стратегиялық  бағыттың  бірі 

Техникалық және кәсіптік білім беру. Осы орайда 2015-2016 оқу жылында республиканың 

ТжКБ жүйесі 807 колледжді, оның ішінде 462 мемлекеттік (2013-2014 оқу жылында – 849, 

2014-2015 оқу жылында - 820) коллежді құрайды. Оның 20%-ы ауылдық жерде орналасқан. 

Колледж  мәртебесін  көтеру  үшін  біршама  мынадай  қиындықтар  аясы  зерделенген: 

жастардың  жұмысшы  мамандықтарын  алуын  тежеу  факторлары  мәртебесінің  жоқтығы, 

ақылы  білім  алу,  нашар  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысы.  Осыған  орай  техникалық  және 

кәсіптік  білімнің  мазмұнын  жаңарту,  қолжетімділігін  арттыру  және  беделін  көтеру 

бойынша шаралар қабылдануда. 

Жалпы,  ТжКБ  жүйесі  кәсіптік  станддарттар  негізінде  әзірленген  оқу 

бағдарламаларына  көшуде,  біріктірілген  модульдік  оқу  бағдарламалары  «Кәсіпқор» 

Холдингі  тарапынан  енгізілуде.  Дегенмен,  колледж  педагогтерінің  біліктілігін  «Өрлеу» 

БАҰО  АҚ  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  тарапынан  да 

педагогикалық-психологиялық,  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  сүйемелдеу  көрсету 

мақсатында  біліктілікті  арттыру  бүгінгі  күн  талабы.  Сонымен  қатар  біліктілікті  арттыру 


7

 ~ 



 

негізінде  алған  білімдері  мен  білік,  дағдыларын  тәжірибемен  ұштастырудағы 

педагогикалық қызмет нәтижелері бойынша оқытушыларды үнемі ынталандыру үдерісінің 

болуы маңызды. Нәтижесінде колледж педагогтері екі тараптан, яғни, өндірістік тұрғыдан 

«Кәсіпқор»  Холдинг,  педагогикалық  әдістемелік  тұрғысынан  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ  педагог 

қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  институты  тарапынан  үнемі  өз  біліктіліктерін 

заманауи  инновациялық  әдістемелермен  толықтырса,  еліміздің  экономикалық  өсуіндегі 

кәсіптік білім беру мәселелері өз шешімін табары хақ.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтің  «Қазақстан  Стратегиясы  – 

2050:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  Халқына  Жолдауы. 

2012жыл, 14 желтоқсан. Астана. 

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған 

стратегиялық жоспары. 2017 жыл, 10 қаңтар, Астана. 

 

 

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЕРГЕ САПАЛЫ 

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫН ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Ахтаев Мұхтар Бексұлтанұлы  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институт директорының 

ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, тех.ғ.к. 

 

Резюме 

В статье рассматривается значимость курсов повышения квалификации в  рамках 

обновления содержания образования 

 

Summary 

In  this  peper  is  considered  the  importance  of  training  gyalification  in  direction  updated 

curriculum. 

 

Білім  беру  жүйесінің  реформасында  әрбір  пәнді  оқытудың  ғылыми  дәрежесінің 



жоғары  болуымен  қатар,  ғылыми  негіздерінің  берік  игерілуін  қамтамасыз  ету.  Ғылым 

негіздерін  оқушы  бойына  берік  игерту  мен  оқушының  білім  алуына  бағытталған  оқыту 

ортасын  ұйымдастыру  мұғалімнің  кәсіби  шеберлігінің  көрсеткіші  екендігі  ақын. 

Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  дамыту  үшін  оқыту  әдістерін  жетілдіріп,  сонымен  қатар 

сабақта  оқытудың  белсенді  түрлерін  кеңінен  қолдануға  ерекше  назар  аударту.  Оқытудың 

түрлері  мен  әдістерін  жетілдіру  арқылы  оқушыға  тәжірибелік  бағыт  беріледі.  Белгілі 

әдіскер С.Жиенбаев: «Мұғалім үнемі өзі айтып түсіндіргеннен гөрі, жетекші сұрақ арқылы 

баланың өзін ойландырып, өз жауабын өзіне тексертіп отырған артығырақ»,-деп тұжырым 

жасайды.  Жалпы  оқытуда  оқушылардың  білімді  қабылдауы  мен  түсіну  деңгейі  нашар 

болса, онда сабақта мұғалімге белсенді оқыту тәсілін пайдалану тиімді болмақ. Бұл оқыту 

тәсілдерін сабақта пайдаланғанда мұғалім тарапынан қойылған сұрақтар оқушыларды сыни 

тұрғыдан  ойландыратындай  болуы  тиіс.  Оқушыларды  пәнге  қызықтыру  үшін  жеке  пән 

мұғалімдері өз сабақтарында тиімді әдіс–тәсілдерді жоспарлап, ой–өрісі кең, саналы азамат 

етіп  тәрбиелеу  қажеттілігінен  білім  беру  бағдарламасының  мазмұнын  жаңарту  туындады. 

Осыған  орай,  білім  берудің  жүйесін  қарқынды  дамытуда  білім  беру  бағдарламасынағы 

өзгерістер жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.  

Қазақстандағы  білім  беру  үдерісіне  енген  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы-

заман  талабына  сай  келешек  ұрпақтың  сұранысын  қанағаттандыратын  тың  бағдарлама. 

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  оқушылардың  дағдыларын  жетілдіру  арқылы 


8

 ~ 



 

тиянақты  білім  беругебағытталған.  Қазіргі  заман  талабы  мұғалімдердің  алдына  ерекше 

маңызды, әрі жауапты талаптар қоюда. Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру 

үшін  аталған  біліктілік  арттыру  курстарында  пән  бойынша  мұғалімдердің  біліктері  мен 

дағдыларын  қалыптастыру  жоғары  деігейде  ұйымдастырылды.  Сондай-ақ  оқушылардың 

алған білімдерін өмірде орынды пайдалана алу мүмкіндіктерін жүзеге асырудың жолдары 

қамтылып,  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасына  негіз  болған  теорияны  тәжірибе 

жүзінде  іске  асырады  және  мұғалімнің  кәсіби  дамуына  бағыт  берілді.  Пән  бойынша 

жаңартылған  білім  беру  бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарының  қол  жетімділігі  аясында 

критериалды  бағалау  жүйесін  тәжірибеде  қолданып,  табысты  оқу  мен  оқытуды 

жоспарлаудың тиімділігі қарастырылды. 

Бастауыш  сынып,  орыс  мектептеріндегі  қазақ  тілі,  қазақ  мектептеріндегі  орыс  тілі 

және  бейнелеу,  еңбек  пән  мұғалімдеріне  институтының  білікті  тренерлері  жаңартылған 

білім беру бағдарламасы мен қолданыстағы бағдарламаның өзіндік ерекшеліктін теориялық 

және  тәжірибелік  негізде  нақты  көрсете  алды.  Жаңартылған  білім  мазмұнын  жаңарту 

аясындағы  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарының  қолданыстағы  бағдарламадан 

ерекшелігі  оқушыларға  берілетін  білімнің  «Шиыршық  әдісімен»  орналастырылып,  оқу 

мақсаттары  бір–бірімен  тығыз  байланысуында.  Білім  беру  бағдарламаларын  жаңартудың 

басымдықтары: 

 



Оқу бағдарламасын жаңартудың  мақсаты; 

 



Спиральді оқу бағдарламасы

 



Пәнді оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері; 

 



Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі; 

 



Пәндік тілдік дағдылар; 

 



Критериалды бағалау қағидаттары. 

Сынып  жоғарлаған  сайын  тілдік  мақсаттың  күрделене  түсу  жолдарын  «Өрлеу» 

біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  акционерлік  қоғамының  филиалы  Оңтүстік 

Қазақстан  облысы  бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 

институтының  тренерлері  арнайы  бекітілген  кесте  бойынша  ұйымдастырылған  курстарда 

жоғары  деңгейде  топтағы  мұғалімдермен  тренингтер  жүргізді.  Жоспарланған  курстарды 

өткізу  барысында  институттың  тренерлері  өздерінің  кәсіби  шеберліктерінің  жоғары 

деңгейінде  екендігін  көрсетті.  Бұған  дәлел  ретінде  курс  соңындағы  институттың  сайтына 

жарияланған мұғалімдердің пікірлерін айта аламыз. 

Жалпы мұғалім оқыту үдерісінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру үшін 

ескеретін  әдістемелік  бір  жайт-оқушы  бойына  ғылым,  білім,  шығармашылық  дағдыларды 

қалыптастыру  кезінде  бағдарлама  талаптарынан  ауытқымау.  Оқушыларды  оқыту  мен 

тәрбиелеу  ісіндегі  маңызды  міндеттердің  бірі-олардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  болса,  жаңартылған  білім  мазмұнын  жаңарту  аясындағы  курстарда  осы 

міндеттер  ауқымды  қарастырылады,  сондықтан  да  білім  мазмұнын  жаңарту  бағытында 

өткізілген курстардың маңыздылығы да міне осында деп білемін.  



Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет