Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет18/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



«Оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер» (1-10 бет) 

2.

 



«Мұғалімге арналған нұсқаулық» (15 бет) 

3.

 



«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдемелер» (38 бет) 

 

 



ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУ 

 

Салихова Жамила Оралбаевна 

Оңтүстік Қазақстан медициналық 

колледжінің информатика пәні мұғалімі 

 

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.Н.Ә.Назарбаев. 

 

Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  бағытталған  білім  берудің  негізгі  мақсаты  -білімді 



меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі 

жағдайда  білімді  де  білікті  жасөспірімдерді  жан-жақты  жеке  тұлға  ретінде  даярлау.  Осы 



119


 ~ 

 

мақсаттарды іске асыруда бүгінгі колледж  оқушыларына қойылып отырған мәселелер күн 



сайын  талаптануда.  Өйткені  келешек  қоғамыздың  басты  тұлғасы  бүгінгі  мектеп 

оқушылары.  Сондықтан  мектепте  берілетін  кәсіби  бағдар  жұмыстарының  бүгінгі  күні 

маңызы  зор  болып  табылады.Жаңа  ғасырдың  жан  -  жақты  зерделі,  талантты  адамын 

қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі  мемлекетіміздің  басты  назарында. 

Егеменді ел болып, « ел межесі - отыздыққа ену» басты мақсатымыз болған соң, білім мен 

ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болу керек. 

Қазақстан  Республикасының  2019жылға  дейінгі  білім  беру  тұжырымдамасының 

негізгі  мақсаты:  білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  қоғамның  талаптарына  сәйкес 

білімді,  кәсіби  біліктілігі  жоғары  тұлғаны  тәрбиелейтін  бәсекеге  қабілетті  білім  негізін 

қалыптастыру.[1].  Бүгінгі  таңдағы  ұстаздардың  міндеті  мемлекет  дамуына  жауапкершілік 

жүгінің  салмағын  сезінетін  нарық  жағдайында  сынаққа  төтеп  беретін,  комуникативті, 

функционалды шәкірт дайындау. Қазіргі заманға сай пән мұғалімі  ғана болу аз, мұғалім  - 

ұстаз,  инноватор,  иннотехник  болуы  тиіс.  Мұғалім  иннотехник  инновациялық 

технологияларды  жетік  меңгерген  педагог  дәрежесіне  көтерілу  үшін  инновациялық 

технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойын ша қандай тарауға, не тақырыпқа 

пайдалану  тиімді  деген  зерттеу  жүреді.  Яғни,  әрбір  инновациялық  технологияларды 

меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан сабақ барысында қолдану 

өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, қандай тарауға немесе тақырыпқа сай қарап тиімді 

технологияны  таңдайды.[4].Бір  сабақтың  барысында  бірнеше  технологияны  кезекпен, 

тиімді,  оқушыны жалықтырмай жүргізуге болады. Информатика сабағында инновациялық 

технологияларды 

пайдалану 

арқылы 

оқушылардың 



ақпараттық 

құзіреттілігін 

қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай  ақпараттық  технологияларды,  электрондық 

оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды  пайдалану  оқушының  білім  беру  үрдісінде 

шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. 

«Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» нәтижесі: 

1.Оқушылардың  қабілеттерін  жетілдіруде  АКТ  арқылы  ақпараттың  негізгісін  таңдауға, 

өңдеуге, түзетуге, бақылау жүйесін жетілдіруге, тестлеуге және психодиагностика жасауда 

тиімді пайдалана білуді меңгерді. 

2. Кең көлемді ақпараттарға оқушынвң өз күшімен қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

3.  Мұғалімдердің  желілік  қоғамдастық  жүйесін  тиімді  қолданудың  басымдықтарын 

жетілдіре алды. 

4.  Қашықтан  біліктілікті  арттырудың  замануи  жүйесініндегі  мәселелерді  бірлесе  шешуді 

меңгерді. 

5. АКТ пайдалану модулінде мұғалімдердің АКТ –ны пайдалануда өздерінің өзгерісін жете 

танытты. 

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» оқытудағы нәтиже: 

1.  Талантты  және  дарынды  оқушылармен  жұмысты  жоспарлауды  үйренді.(тапсырмалар 

деңгейін  анықтай  білу)  және  дарынды  оқушыларды  дамытудың  инклюзивті  тәсілдерді 

пайдалануды білді. 



«Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» оқытудағы нәтиже: 

1.Мұғалімдердің 

оқушылардың 

қызметін 

жасерекшеліктерін 

ескере 


отырып 

ұйымдастыруды  жоспарлай  білуді  үйренді;  сонымен  бірге  үйрене  отырып  үйретуде 

оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере алуды үйренді. 

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» нәтижесінде: 

1. Мұғалімнің жеке міндеттерін анықтай біледі; 

2.  Мұғалімдердіңәріптестерімен  серіктесуде  оқыту  тәжірибесінің  жетілетінін,  өзінің  іс-

тәжірибесін таратуда кәсіби дамудың қажеттілігін түсінді. 

Бағдарламадағы барлық модульдер оқушы туралы теориялық білім қалыптастырды, оқыту 

үрдісіне барлық оқушыларды оқуға қалай тарту қажеттігін үйретті. 

Әр  модульдің  мазмұны  мұғалімдердің  кәсіби  қызметінде  құндылығы  мен  сенімділігін 

арттырды. Бағдарлама аясында мен қалай өзгердім дейтін болсам



120


 ~ 

 

-оқудан өз бетімен білім алып өз тәжірибемді жетілдірдім; 



-топтық, диалогтық трененгтер жүргізді үйрендім; 

-АКТ технологияны тиімді пайдалануды үйрендім; 

- оқушының тұлғалық дамуын жетілдіруде қалыптастырушы және жиынтық бағалауды,өз-

өзіне есеп беруді, рефлексивті кері байланысқа түсуді үйрендім; 

- тапсырманы орындауда ойды саралап, сын тұрғыдан ойлауға үйрендім; 

-әр адамның айтылған ойы құнды екендігін түсіндім; 

-оқыту сапасын бағалауда шынайы көріністі тануды білдім; 

-мұғалімдердің  көшбасшылық  сапасын  анықтадым  және  дамытуға  тырыстым,  сонымен 

қатар өзім көшбасшы болуды үйрендім. 

Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

1.  Мультимедиялық  мүмкіндіктерді  қолдау  (музыкалық  немесе  дикторлық  дайындау, 

анимация бейне-клиптер, слайд-шоу). 

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық 

ұсынылымын,  әртүрлі  аудиторияға  бір  ғана  оқу  мәліметтерін  ұсынуға  мүмкіндік  алды. 

3.Білімді  бақылау  арқылы  нәтиже  алу,  бағалау.  Ақпараттық  технологияны  сабақтарда 

пайдалану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.  

1.  Сөзжұмбақ,  кестелерді  құру  үшін  дербес  компьютерді  қолдану  арқылы  материалдарды 

өңдеу. 

2. Барлық тілдердегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді. 



3.  Дербес  компьютерді  пайдалану  арқылы  оқушылардың  өзіндік  және  жұмыс  жасауды 

игеру мен білім алуды кеңейту. 

4.  Интернет  желісін  пайдалану  арқылы  оқушылар  электрондық  пошта  арқылы  хат-хабар-

лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу [3]. 

Сонымен  қатар,  оқушылар  интеллектуалдық,  шығармашылық  және  коммуникативтік 

істерін  дамыта  алады,  оқушының  оқу  белсенділігі  артады,  сабақтың  негізгі  кезеңдерінің 

бәрінде  оқушыларға  шығармашылық  жұмысты  ұсынуға  болады.  Әр  пәндерді  оқытуда 

интернетті  сабақта  пайдаланудың  негізгі  артықшылығы  сол  жан-жақты  ақпараттар  алу. 

Интернетті  сабақта  пайдаланғанда  электронды  оқу  курстарымен  оқушы  жұмыс  істеуге 

мүмкіндік алады. 

Информатика сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 

 



Оқушының өз бетімен жұмысы; 

 



Аз уақытта көп білім алып, уақыттыүнемдеу; 

 



білім-білікдағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 

 



шығармашылық  есептер  шығару  кезінде  ақпараттық  процестерді  түсіндіру  арқылы 

жүзеге асыру; 

 

қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 



 

қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 



 

экономикалық тиімділігі



 

іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 



 

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 



Күнделікті сабақта электрондық оқулыкты пайдалану өте тиімді. Әсіресе ақпаратты 

оқушыға  компьютер  арқылы  әзірлеу  мен  тарату  үрдісіне  ерекше  мән  беріп  отырамын. 

Оқушылардың  көпшілігі  алған  білімдерін  практикада  қолдана  алады.  Бұл  оқушылардың 

оқу  материалын  формальды  жағынанда  жақсы  білетінін  көрсетеді.  Кез  келген  сабақта 

электронды  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана 

қоймай, логикалы қойлау жүйесін қалыптастыруға , шығармашылықпен еңбек етуге жағдай 

жасайды.[7]. 

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: 

Оқыту  үрдісін  үздіксіз  және  толық  деңгейде  бақылау,  сонымен  қатар  ақпараттық  ізденіс 

қабілетін дамыту. 



121


 ~ 

 

Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық 



түрдегі  әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір  оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірибесіндегі 

материалдармен  толықтыра  отырып,  әрі  қарай  жетілдіре  алады.  Пәнге  байланысты 

дайындалған электрондық әдістемелік оқу құралы сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес 

болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуі ескерілуі қажет:  

-  электрондық  әдістемелік  оқу  құралы  оқытылатын  тараулар  мен  тақырыптарға 

қатысты конспектісін қамтитын негізгі материалдар;  

-тест және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған материалдар

-  материалды  дайындауда  пайдаланылған  әдебиеттер.  Электрондық  әдістемелік  оқу 

құралын қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:  

- Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;[2]. 

-  Оқушының  өздігімен  дайындалып,  жұмыстың  барлық  кезеңдерінде  өзін  –  өзі 

тексеруге; 

- Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға; 

- Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға; 

-  Оқу  құралын  сабақтарда  қолданып,  оқушының  өз  деңгейінде  тапсырмаларды 

таңдауға; 

- Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады. 

Қорыта  келгенде,  информатика  сабағында  жаңа  инновациялық  технологияларды 

пайдалану,  осы  электрондық  әдістемелік  оқу  құралында  айтылған  мәліметтерді  сабақта 

пайдалану өте тиімді,  ол оқушының өз бетімен жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, 

ойлау қабілетін дамытады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда 

тиімді,  әрі  әсерлі.  Меңгерілуі  қиын  сабақтарды  компьютердің  көмегімен  оқушыларға 

ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады  деп  ойлаймын. 

Мұғалімдер  де  өздеріне  қажетті  әдістемелік,  дидактикалық  көмекші  құралдарды  молынан 

ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім  беруде әдістемелік оқу құралын 

сабаққа  пайдалану  –  оқытудың  жаңа  технологиясының  бір  түрі  ретінде  қарастыруға 

болады. 

  



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Көшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  көтеруде  пайдалану 

мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2014. 

2.  Информатика  негіздері  №2-2008  жыл  Сұрауымбетова  Р.  «Білім  беру  деңгейін  көтеруде 

ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» - 2 бет 

3. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін 

арттыруда ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет 

4.  М.А.Ғалымжанова  «Педагогтардың  ақпараттық  –  коммуникациялық  құзырлылығын 

қалыптастыру бағыттары» - 48 бет 

 

 



ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІКТЕРІ 

 

Даулеткелдиева Динара Торебековна 

№1 колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

ОҚО, Созақ ауданы 

 

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық 



білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика 

теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі 

білім  беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша 

қарым-қатынас  пайда  болды.  Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 



122


 ~ 

 

мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі 



маңызды мәселелердің бірі. 

Мемлекеттік  білім  стандарт  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 

педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. 

«Бақыт  жолы  біліммен  табылады»  деп  ойшыл-философ  Ахмед  Йүгінеки 

тұжырымдағандай,  білім  —  адамның  бойындағы  қабілеттерін  кеңінен  ашуға  және 

пайдалануға,  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  ықпал  ететін  құндылық.  Білім  мен  оның 

дамуы  -  адамзат  өркениетінің  өлшемі.  Олай  болса  білім  саласы  үнемі  жетіліп,  жаңарып 

отыруды  қажет  етеді.  Біз  өмір  сүріп  отырған  қазіргі  кезең  -  жаңа  көзқарасты, 

жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз 

өзгерістердің  мәні  мен  маңызы  зор.  Қазіргі  таңдағы  білім  беру  -  сабақтастығы  бар  білім 

беру  бағдарламалары  мен  нәтижеге  бағытталған  білім  берудегі  тиімді  педагогикалық 

технологияларды  үйлестіре  іске  асыру  жолдарынының  мазмұнды  жүйесі.  Бұл  жөнінде 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты 

міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  [1] 

Сондықтан  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің 

технологияландыру  16  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың  әр  түрлі  технологиялары 

сарапталып,  жаңашыл  педагогтердің  іс  –  тәжірибесі  зерттеліп,  мектеп  өміріне  енгізілуде. 

Ізденімпаз  мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп, 

тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жүсіпбек Аймауытовтың: «Сабақ беру - үйреншікті жай 

ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңалық табатын өнер», - деген ұлағатты сөзіне сай 

әр  мұғалім,  өз  білімін  жетілдіріп,  дәстүрлі  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  нәтижеге 

бағытталған педагогикалық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ 

тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бүгінгі  күні  кеңінен  пайдаланылып 

жүрген  технологиялардың  бірі-Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясының  дидактикалық, 

педагогикалық,  писихологиялық  негіздемесі  С.Рубинштейн,  Л.С.Выготскийдің,  В.В. 

Давыдов,  Л.В.Занков,  Ю.К.  Бабанский,  Б.П.Беспалько,  В.М.Монахов  т.б.  ғалымдардың 

ғылыми-теориялық  идеяларына  негізделіп  жасалған.  Ж.А.Қараевтың  «деңгейлеп  саралап 

оқыту  технологиясының»  негізгі  идеясы  оқытуды  ізгілендіру  мен  демократияландыру 

жағдайында  оқушыны  өздігімен  даму  бағдарын  анықтап,  дамитын  және  өздігінен  дұрыс 

шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  тәрбиелеуші  тұлға  ретінде  қалыптастыру  болып 

табылады. 

Педагогика  ғылымының  докторы  Ж.Қараевтың  деңгейлік  оқыту  жүйесі  туралы 

іліміне  сүйеніп,  әр  пән  бойынша  деңгейлік  тапсырмалар  дайындауға  болады.  Өйткені 

қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми 

ізденіс  барысында  педагогика  саласында  оқытудың  деңгейлік  жүйесі  оқушыларға  ғылым 

негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – 

оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен 

бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы 

алгоритмдер  біздің  қоғамның  маңызды  бөлігіне  айналды.  Олай  дейтініміз,  бүгінгі  күнгі 

жаңадан  шығып  жатқан  электронды  оқулықтар  оқушыны  жаңаша  оқытудың,  жаңа  оқу 

әдістерін,  жаңа  мазмұнды  қажет  етеді.  Оқытудың  жаңа  технологиясының  бірі  –  жалпы 

білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. 

Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар, деңгейге 

бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар 

деген  сауалдарға  тоқталсақ,  деңгейге  бөліп  оқытудың  кезінде  оқушылардың  тәжірибелік- 

теориялық  дайындығын,  оқуға  деген  ынтасын,  дара  қасиетін  әлеуметтік  –  психологиялық 

танымал,  сұранымын  ескеру  талап  етеді.Сондықтан  да  тиімді  дәрежеге  жету  үшін 

оқушының  білім  мен  деңгейіне  байланысты жұмысты  ғылыми  түрде  ұйымдастыру  қажет. 

Қазіргі  базалық  білім  беру  –  жеткілікті  білімнің  төменгі  шегі.  Мұғалім  баланы  оқыту 

барысында оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі 


123


 ~ 

 

жұмыстар  жүргізеді.  Оны  талап  етеді.  Ол  мұғалім  үшін  қиын  жұмыс  емес  .  Оқушы 



мұғалімнің  айтқанын  кітаптан  оқып,  тақпақты  жаттап  (тіпті  оларды  қызықтырмаса  да), 

ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді 

ме,  міне,  негізгі  мәселе  осында  жатыр.  Мектеп  оқушыларына  берілетін  тапсырмалар 

оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, 

оны  шешуде  ақыл-ойы  дамиды,  ойлауына  жан-жақты  әсер  етеді  деп  түйіндейді.  Бірінші 

деңгей  тапсырмалары  жаттап  алуға  лайықты,алдыңғы  сабақта  жаңадан  меңгерілетін  өңін 

өзгетпей  қайталап,  пысықтауына  мүмкіндік  береді,  екінші  деңгей  тапсырмалары 

материалды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген  тапсырмалар,  үшінші  деңгей  танымдық  – 

іздену  түрдегі  заңдылықтар  шығару  қорытынды  жұмыстары.  Бірінші  деңгей 

тапсырмаларды  білімнің  мимималдық  шегі,  мемлекеттік  стандарт  талабына  сәйкес 

бағдарлама  мөлшерінен  аспайтын,  оқушының  жас  ерекшелігіне  сай  болады.  Сынып 

бағдарламасына  байланысты  лексикалық  тақырыптар  мен  грамматикалық  тапсырмалар, 

тілдік  ережелер,  жазба  жұмыстарын  орындайды.  Кейіннен  жоғарғы  сыныптарда  оқыған 

кезде  де  есінде  тұрақты  қалатындай  бағытта  сөздік  минимумдарды  меңгереді.  Тыңдап, 

түсініп  оқу,  аударып,  жаза  алады.  Айналадағы  адамдардың  айтқанын  түсінеді,  естігені 

бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Естігенін  қайталап  айтады.  Жеңіл  ережелерді  жаттап 

алады.  Фонетиканы  толық  меңгереді.  Грамматикалық,  лексикалық  тапсырмалар 

орындайды,  мәтінмен  жұмыс  жасайды.  Екінші  деңгей  тапсырмалары  түрленіп,  күрделене 

түседі,  сынып  бағдарламасына  сай  лингвистиканың  барлық  бағдарламасымен  жұмыс 

істейді.  Оқушы  өз  бетімен  керегінше  қызмет  етеді.  Оқу  мотивтерді  қанағаттанарлық 

дәрежеде.  Ықыласы  жоғары.  Оқушының  сөйлеуі,  хабарды  түсінуі,  қабылдауы,  жазба 

жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші 

деңгейден  бастау  алған  сөйлеу  үшінші  деңгей  оқушылардың  шығармашылыққа  деген 

мотивтердің  айқын  көрінуімен  логикалық  ойлау  дәрежесінен  жоғары  болумен,  өз  жеке 

басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен 

сипатталады.  Хабарлау,  суреттеу,  бейнелеу  тапсырмаларын  орындайды.  Ситуацияға 

байланысты  әр  түрлі  нұсқада  диолог  құрады.  Мәтін  бойынша  сұрақ  қояды.  Талдау, 

жинақтау,  салыстыру  жұмыстарын  жүргізеді.  Танымдық  –  «іздену  (эвристикалық)  түрдегі 

жұмыстарды  ізденіп  өз  бетімен  орындайды.  Оқыту  практикасында  деңгейлеп  оқыту 

технологиясын  енгізуге  оқу  ақпараттарының  көлемінің  ұлғаюы,  оқушыларға  түсетін 

«салмақтың»артуы  басты  себеп  болады  [3].  Деңгейлеп  оқыту  –  оқылатын  ақпараттың 

азаюы  арқылы  емес,  оқушыларға  қойылатын  талаптардың  әртүрлілігі  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты  –  әрбір  оқушы  өзінің  даму 

деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Бастапқы ғылыми идеялар:  

-деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша  пайдалана  отырып  білім 

алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді . 

-деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға  бірдей  зейін  аударып,  олармен 

саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді . 

-деңгейлеп-саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейлеп оқыту құрылымында 

білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей бағдарламалық және 

күрделенген  деңгей.  Базалық  деңгей  –  мемлекеттік  стандарт  бойынша  анықталған  ең 

төменгі шек. 

Сондықтан  мұғалім  сабақтың  барлық  кезеңдерінде:  жаңа  материалды  беру,  бекіту, 

қайталау, білім, білік дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп саралап оқытуды ұйымдастырады 

[3]. 

Деңгейлеп  оқыту  –  оқылатын  ақпараттың  азаюы  арқылы  емес,  оқушыларға 



қойылатын  талаптардың  әртүрлілігі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазіргі  заман  талабы  әр 

оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп, ізденіп, талап – пікір 

таластыру  деңгейіне  жету  мақсатын  көздейді.  Оқытудың  басты  мақсаты  өздігімен  білім 

алып  дами  алатын  жеке  тулғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  оқулықтағы  теориялық 

материялдардың  берілу  жолы  осы  мақсатты  қанағаттандыра  алатындай  болып, 


124


 ~ 

 

оқушылардың  өз  бетімен  білім  ала  алуына  бейімделіп  құрылуы  керек.  Ол  бойынша  өнер 



тапқыштық  пен  жаңалықтар  ашуға  жетелейтін  баланың  жаңа  қасиеттерін  ашуға  болады 

екен.  Технологияның  тағы  бір  психологиялық  негізі  болып  табылатын  теория  — 

Л.С.Выготскийдің  «оқыту  процесінде  оқытушының  ақыл  –  ойының  дамуы  «  актуальды 

даму» аймағынан « жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу  – 

тапсырмаларды  қайталап  орындауға  ғана  арналған  бірінші  деңгейден  өнімді  іс  –  әрекет 

арқылы  жүзеге  асады.  Осындай  төрт  іс  –  әрекет  деңгейлердің  тапсырмаларын  басынан 

бастап  бірінен  соң  бірін  орындау  арқылы  оқушы  оқу  материялының  әр  түрлі  деңгеіне 

көтеріледі. 

Ресей  ғалымы  В.П.  Беспалько  бұл  деңгейлерді:  бірінші  деңгей  –  »міндетті, 

оқытушылық», екінші – алгоритімдік, үшінші – эвристикалық, төртінші – шығармашылық 

деңгейлердегі қабылдау деп атайды. Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын 

жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және 

дербес  деңгелік  принциптерінің  талаптарына  сәйкес  өткізілетін  әртүрлі  сабақ  түрлеріне 

арналған  жаңа  тұрпаттағы  оқулықтар  мен  оқу  құралдары  қажет.  Бұлар:  әңгімелесуші  -

оқулықтар  және  оларға  қосымша  төрт  деңгейдегі  тапсырмалары  берілген  жұмыс 

дәптерлері. Әңгімелесуші – оқулық бойынша (сабақтың 1,2 — кезеңдерінде): оқушылар а) 

жаңа  тақырыпты  өз  бетімен  меңгеріп:  анықтама  ережелерін  өзі  шығарады.  Мұндағы 

тапсырмалар  «сұрақ  –  жауап»  диологы  түрінде  келтіріледі;  б)  жаңа  меңгерген  теориялық 

білімін  үлгі  ретінде  қарапайым  жаттығу  –  мысалдармен  бекітеді.Бұл  тапсырмалар 

оқушылардың  өздігімен  танымдық  іс  –  әрекетін  дамытуға  бағытталады.  Жұмыс 

дәптерлеріндегі  (3-кезеңде):  төрт  деңгейлік  тапсырмалар  оқушылардың  жаңа  тақырып 

бойынша  алған  теориялық  білімдерін  дамытып,  тереңдетуге  арналады.  Оларды  барлық 

оқушы  бірдей  бірінші  деңгейден  бастап  орындауға  көшеді  де,  әркім  орындап  үлгерген 

тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.[4]. Сабақта негізінен 4 деңгейлі тапсырмалар 

берген ұтымды. Деңгейлік тапсырмаларды құрастыруға төмендегідей талаптар қойылады. 

Демек,  бұл  тапсырмалар  –  оқушылардың  біліктілігі  мен  дағдысын  қалыптастыру 

және  оны  бағалау  деңгейі  болады.  Сонымен,  олар  бірінші  деңгей  үшін  –  игерілген 

материалды  пысықтаумен  қайталауға,  командалар  мен  операторлар  қызметін  жаттауға 

арналған.  Жоғары  деңгей  үшін  –  алған  білімдерін  өздігінен  қорыту  мен  жүйелеуге  және 

тәжірибеде  қолдануға  арналған  тапсырмалар.  Деңгейлік  тапсырмаларды  енгізудегі  басты 

мақсат  –  сынып  оқушыларын  «қабілетті»  және  «қабілетсіз»  деп  жасанды  түрде  әр  түрлі 

жіктерге  бөлуді  болдырмау.  Осы  арқылы  саралау  және  дербес  оқыту  ұстанымдарымен 

қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру ұстанымыда сақталады.  

XX  ғасырдың  30-жылдарында  Америкада  білім  беру  мен  оқытуда  саралау  үдерісі 

кеңіне  етек  алғаны  мәлім.  Бұл  үдеріс  бүгінгі  таңда  қазақ  мектептеріне  де  келіп  жетті. 

Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Франция мен АҚШ- 

та  барлық  жалпы  білім  беретін  мекемелерде  сыныптағы  оқушыларды  топқа  бөлу  кеңіне 

таралған.  Кейбір  пәндерді  оқытуда  топтарды  “жылдамдар”,  “орташалар”,  және  “баяулар” 

деп  атайды.  Жапония  мектептерінде  де  оқушыларды  топқа  бөліп  оқыту  тұрақты  орын 

алған.  Топтағы  жұмысты  сайыс  түрінде  жүргізеді.  Барлық  оқушыға  баға  қойылады. 

Саралап  оқытудың  басты  бағытының  бірі  –  толықтыра  оқыту,  яғни  үлгерімі  төмен 

оқушыларға  қосымша  педагогикалық  күш  жұмсау.  Толықтыра  оқыту  дегеніміз  – 

үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту. Дайындық кезеңінің басты 

міндеттерінің  бірі  –  шәкірттер  ішінен  талантты,  дарындыларды  тауып,  олардың 

қабілеттерін  дамыту,  білімге  құштарлыған  қанағаттандырып,  белсенділіктерін  арттыру. 

Негізгі  кезең  –  оқушыны  ынталандырған  пәндерді  айқындап,  ондағы  оқуға  қажеттілерді 

тереңдете  оқытуға  назар  аудару.  Қазіргі  кезде  жарияланған  бағдарламалар  ішінен 

оқушыларға  сай  келетін  түрін  таңдап  алу  қажет.  Саралай  оқытуды  ұйымдастыру  арқылы 

баланың  ойы  абстрактіден  нақтыға  қарай  өрлейді,  ілімдік  ойлауы  қалыптасады.  Оқушы 

дамуының  негізгі  болып  табылатын  әрекет,  оқу  әрекеті  әрбір  сабақтың  өзегі  деп  түсіну 

керек.  Саралай  оқытуды  ұйымдастыру  арқылы  бала  ақыл-ой  деңгейі  мен  белсенді  әрекеті 


125


 ~ 

 

арқасында  репродуктивті  емес  өнімді  нәтижеге  жетеді.  Оқушылардың  дербес 



ерекшеліктерін  анықтау  үшін  мұғалім  алдымен  олардың  ықылас-жігерін,  еске  сақтау  мен 

ойлау  қабілеттерін,  ынтасын  жалпы  білім  деңгейін  зерттеу  қажет.  Бұл  ерешеліктерді 

айқындау  үшін  білімді  менгеру  денгейін  анықтауға  арналған  тапсырмалар  дайындау, 

оқушы  біліміне  диагностика  жүргізу,  оқушыларға  сауалнама,  психологиялық  тәжірибе 

жасау  ата-аналарымен  әңгіме  жүргізу  керек.  Оқушылардың  жеке  ерекшеліктері  сабақтың 

сұрақ  беру,  кіріспе  әнгіме,  оқыған  материалды,  тағы  да  басқа  тиянақтау  сатыларында 

ескерілуі  тиіс.  Мәселен,  үлгерімі  жақсы  оқушыларға  берілген  сұраққа  тікелей  жауап  беру 

талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт 

беріледі,  ал  үлгірімдері  төмендеріне  нақты  сұрақтың  тізімі,  жауап  берудін  жоспар  үлгісі 

ұсынылады. Оқыту үрдісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыру үшін оқу 

тәрбие  жұмысында  мұғалім  өзіне  лайық  әдіс  енгізеді.  Деңгейлік  тапсырмалардың  өзі 

дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды 

орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі 

деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайларын туғызады және әр 

оқушының мемлекеттік стандарт  деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр оқушының өз 

қабілетіне,  қызметіне  сәйкес  жоғары  жағдай  жасайды.  Деңгейлік  саралау  оқушы  мен 

мұғалімнің  белсенді  шығармашылық  қызметін  дамыту  мен  қатар,  оқушыларға  өз  білімін 

жаңа  әдіспен  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Меселен,  оқушылардың  алған  бағасы  арнайы 

таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың 

көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады. Даралап – 

саралап  оқыту  технологиясы  оқушы  мен  мұғалімнің  белсенді  шығармашылық  қабілетін 

дамытумен  қатар  оқушыларға  өз  білімін  жаңа  әдіспен  бағалауға  мүмкіндік  береді. 

Оқушының  білімі  мен  білігіндегі  жетістіктерді,  кемшіліктерді,  олардың  себептерін 

анықтап,  мұғалім  өз  жұмысына  талдау  жасайды,  оны  жетілдірудің  жолдарын  белгілейді. 

Сонымен қатар даралап – саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы 

жетістіктер  мен  жіберген  кемшіліктері  туралы  мәліметтер  алып,  өз  еңбегіне  талдау 

жасайды.  Ең  бастысы,  оқудан  ләззат  алуға,  білім  мен  ғылымға  деген  құштарлығын 

арттыруға  дағдыланады.  Барлық  оқушы  өз  қызметін  ең  төменгі  түрде  орындап  болғаннан 

кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу және 

оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады. 

Сондықтан  да  мұғалімдерге  саралап  –  даралап  оқыту  технологиясын  қазақ  тілі  сабағында 

пайдаланған өте тиімді.  

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы 

білім  берудің  мақсаты  –  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай 

білуге,  өзін-өзі  дамытуға  адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға 

қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  яғни  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген, 

ақпаратты  технологияны  терең  меңгерген,  жылдам  өзгеріп  жататын  бүгінгі  заманға 

лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 

Соңғы  кезеңде  қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылым  мен  практика  түбегейлі 

өзгерістерге  ұшырауда.  Соның  ішінде  оқыту  үрдісі  ақпараттық  –  коммуникациялық 

жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына 

сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. 

Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық  технологиялар кеңінен енуде.Оқушыны 

пәнге  қызықтырумен  қатар,  саналы  ойлауға  тәрбиелейтін,  қоғамдық  көзқарастарын 

қалыптастыра  алатын,  өзіндік  пікірі  бар,  қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі  қарама-

қайшылықтарды  түсіне  білетін,  еркін  сөйлеп,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ұрпақ 

тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы 

болса,  онда  барлығымыздың  бағытымыз  бір,  бағдарымыз  байсалды  болмақ.  Әр  мұғалім 

оқушыға  көпқырлы  сабақ  беретін  болған  соң,  қазіргі  жаhандану  саясатына  сәйкес  жаңа 

технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс. Мұғалім шеберлігі – ізденіс 

нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың  ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.Ушинскийдің  “Мұғалім  –  өзінің 


126


 ~ 

 

білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен  оның 



мұғалімдігі  де  жойылады”  –  деген.  Бұл  «Ұстаз»  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын  салып  жол 

тартқан  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі  ескерту.  Сабақты  тартымды 

өткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр  сабағымызды  түрлендіріп  отыру 

шарт.  Ол  үшін  тек  бір  технологиямен  шектеліп  қалмай,  әртүрлі  технологияның 

элементтерін пайдалану қажет. 

Ұстаздың  өзі  –  ізденуші.  Сонда  ғана  өзі  қызыққан  ұстаз  сабағын  басқаларға  да 

қызықты  жеткізе  алады  деп  ойлаймын.  Әрбір  сабақта  озық  технологияларды  пайдаланып 

өткізу әрине жақсы нәтижелер береді.  

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет