Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет19/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 

2.Ж.Қожамқұлова. «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» Алматы, 2013 ж. 

3.К.Ж. Бұзаубақова. «Инновациялық педагогика негіздері» Алматы, 2009 ж. 

4.Қазақстан  Республикасы  білім  және  ғылым  министрлігі.  «Қазіргі  білім  беру 

технологиялары». Алматы, 2006 ж. 

 

 

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 



 

Жұмашова Салтанат Нұрманқызы 

№1 колледжінің Адам және қоғам пәнінің оқытушысы 

Созақ ауданы, ОҚО 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Елбасымыз 



Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан 

халқына 

жолдауында 

«Ұлттық 

бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімдік  деңгейімен  айқындалады»  деп 

айтылған.Егемендік  алған  тәуелсіз  Қазақстанның  әлемдік  өркениетке  жетудегі  бірден-бір 

дара  жолы-  білім  жүйесі..  Қазіргі  кезеңдегі  басты  мәселенің  бірі  жаңа  технологиялардың 

дамуы  кезеңінде  болашақ  ұрпақтың  тәрбиесі  мен  білім  алуында  ұстаздардың  атқаратын 

рөлі  ерекше. Егемен  еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен 

білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай 

тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін  міндет  ауыр» 

деген  болатын.  Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болу  емес,  тарихи 

танымдық,  педагогикалық  –  психологиялық  сауаттылық,  саяси  экономикалық  білімділік 

және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа 

жаны  құмар  шығармашылықпен  жұмыс  істеп,  оқу  мен  тәрбие  ісіне  еніп  оқытудың  жаңа 

технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға 

ретінде ұлағатты саналады. Қазіргі білім алушылардың логикалық ойлау қабілеті, өздігінен 

іздену деңгейі төмен. Тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару 

қажет. Білім алушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін: 

–Білім алушылар өздерінің ізденістерін ұйымдастыру  қажет; 

– өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырып отыру қажет; 

–білім  алушылардың  білімі  мен  білігін  тексергенде  әр  түрлі  жұмыс  формаларын 

пайдалану керек; 

– сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн. 

Білім алушылардың білім деңгейлерін төмендігі – олардың қабілетінің жоқтығынан 

емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. 



127


 ~ 

 

Сондықтан  әр  мұғалімнің  мақсаты  –білім  алушылардың  алған  білімін  қолдана  білуге 



үйрету.  Олардың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына  жағдай  жасау,  өз  бетінше  білімді  меңгерту, 

білім алушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық 

іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор. 

В.А. Сухомлинский «Сабақ – бұл мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениеті, 

оның интеллектуалдық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің көрсеткіші» яғни, сабақ сан 

қырлы  болған  жағдайда  ғана  білім  алушылар  үшін,  мұғалімдер  үшін  де  қызықты  болады. 

Заманауи сабақты дайындау және өткізу үшін бізге кіріктіру көмек береді. 

Р.Декарттың «Барлық  ғылымдардың байланыстылығы сондай,олардың бәрін бірден 

оқыту  –  олардың  біреуін  басқасынан  бөліп  оқытудан  оңай»  деген  пікірін  еске  алсақ, 

пәнаралық  байланыс  білім  берудің  кіріктірілген  технологиясының  құрамына  енеді.  Оның 

ұғымының ауқымы кең. 

Философиялық – педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология – жеке тұлғаның 

ойлау дәрежесі мен бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке 

келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш. 

Кіріктіру  ұстанымының  басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану  және  қоғамдық 

гуманитарлық  білімдерді  жеке  білім  аймағында  шартты  түрде  қарастыра  отырып,  білім 

алушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. 

Бүгінгі  жапппай  қолданылып  жүрген  жаңа  технологияның  өзі  кіріктірілген  болып 

саналады.  Қазіргі  педагогикалық  технологияда  пәнаралық  байланыс  кіріктірілген  білім 

берудің  моделі  болып  саналады.  Пәнаралық  байланыс  оқытудың  кешенді  жүйесін  құрай 

отырып,  әртүрлі  білім  салаларының  ортақ  тақырыптарын,  кейде  ортақ  элемент,  бөлім, 

дәйек,  теория,  ұғым  заңдарды  біріктіріп,  құрылымдық  және  ғылыми-мазмұнды  блоктар 

жасайды. Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін қолдануды, 

оқытудың  әр  түрлі  әдістері  мен  формаларын  біріктіруді,  оқу  материалын  тиімді 

пайдалануды,  оқудың  сапасына  білім  мен  біліктілікті  жүйелеуді  жүзеге  асырады. 

Оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиясы  —  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі  дамытып, 

тәрбиелей  білетін,  заман  ағымына  ілесе  алатын  кәсіби,  білікті,  жан-жақты  жеке  тұлға 

қалыптастыруды мақсат етеді. Білім алушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге 

өз  қабілетіне  қарап,  өзін-өзі  дамыта  отырып,  өзіне  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді. 

Танымдық  белсенділігін  арттырып,  шығармашылық  қабілетін  дамытады.  Қазіргі  таңда 

Зияткерлік  мектептердің  білім  беру  бағдарламасы  ұлттық  және  халықаралық 

тәжірибелердің ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. 

Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты: 

– зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы

– кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы; 

–  кіріктірілген  оқу  пәндерінің  жалпы  заңдылық,  жалпы  теориялық  тұжырым  негізінде 

құрылуы. 

Осы  арқылы  бір  дидактикалық  мақсатқа  негізделген  оқу  бағдарламаларын  жасауға 

болады.  Пәнаралық  байланыс  құрамдық  функционалдық  талдау  әдісіне  сүйенеді,  ол  әдіс 

белгілі  бір  құбылысты  тұтастай  құрылымдық-бөлшектеу  арқылы  зерттейді,  осы  арқылы 

әрбір элементтің функционалды арнаулы қызметі қарастырылады және кіріктіріліп отырған 

екі  (одан  көп)  пәннің  құрылымдық  элементтері  анықталады  (мөлшері,  тақырыбы,  бөлімі, 

дәйегі, ұғымы, заңы, теориясы) т.б. Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндердің матрицасы 

қүрылады.  Әрбір  пән  білім  алушыға  қажет  білім,  білік,  дағды  қалыптастырса  да,  білім 

алушы  жеке  тұлға  ретінде  өзін-өзі  танытуда.  өз  мақсатына  жету  жолында  жалпы  өмір 

тәжірибесінде  жинақталған  әмбебап  білім,  білік  пен  дағдыға  сүйенеді.  Бұл  жалпы 

құзіреттілікке алып келеді.  

Пәнаралық  байланыс  пен  білім  алушы  бойында  жалпы  құзіреттілікті 

қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын 

білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру  аймағында олар өзара 

байланысты  құзіреттілікке  ие  болады.  Өйткені  бала  өмірлік  мәселелермен  кездескенде, 


128


 ~ 

 

әрбір  пәннен  алған  білімін  саралап  жатпай,  бойындағы  интегративті  білімнің  кең,  жалпы 



әлуеті мен дағдысын пайдаланады. 

Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі 

байлаулы  берік  болуы  керек;  екінші  сол  нәрсені  естігенде  я  көргенде  ғибрәтләну  (үлгі) 

керек,  көңілденіп,  тұшынып,  ынтамен  ұғу  керек;  төртінші  ой-кеселді  нәрселерден  қашық 

болу  керек»  деген  пікірінде  баланың  жалпы  құзіреттілігін  қалыптастыру  мәселесі  жатыр. 

Яғни  білім  алушы  ақыл  (таным)  арқылы  ғылымды  игереді.  Ғылымды  игеру  үшін  ол  тек 

қабылдаушы ғана емес,  өзінің танымдық  қызметін ретке келтіруші,  танымдық  үрдістің өн 

бойында және оның нәтижесінде рефлексия жасаушы дәрежесіне көтеріледі. 



Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Кіріктіру – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан-

жақты  білімдермен  тоғысуы,  бір-бірімен  араласып  кетуі.  Кіріктірілген  сабақтар  білім 

алушыға  әлем  туралы,  заттар  мен  құбылыстардың  өзара  байланыстары  туралы  біртұтас 

мағлұмат  береді,  олар  құрылысы  бойынша  белгілі  қалыпқа  сыймайды,  сондай-ақ,  оқу 

сағаттарын  барынша  үнемді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Осы  тектес  сабақтарда  білім 

алушыдың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы 

шығармашылық  мүмкіндіктері  ашылады.  Кіріктірілген  сабақтардың  құрылымы 

нақтылығымен,  сыйымдылығымен,  орамдылығымен,  сабақтың  әр  сатысындағы  оқу 

материалының  логикалық  өзара  келісімімен,  материалдың  зор  ақпараттық  мүмкіндігімен 

ерекшеленеді.  

Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту: 

- ерекше дарынды білім алушыларға мәнді де саналы оқуға; 

– сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға; 

–  жеке  тұлғаның  зерттеушілік  типін  қалыптастыратын  білім  алушының  ойлау  әрекетін 

белсендіруге; 

-білім  алушыға  бір  мезгілде  әрекетті  орындауда  барлық  мақсат  қоюдан  нәтижеге  дейінгі 

барлық процесіне бақылау жасауға; 

-сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән 

беруге; 

-білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; 

– олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі. 

Кіріктірілген  білім  негізінде  білім  алушылардың  білімі  критериалды  бағаланады. 



Критериалды  бағалау  дегеніміз –   білім  алушының  білімі  мен  білігін  алдын  ала 

белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде білімалушыны бағалау. 

Критериалды  бағалау  кезінде  алдын-ала  бағалау  шкаласы  белгіленіп,  білім  алушының 

алдына  соған  жету  жоспары  қойылады.  Бағалаудың  мұндай  жүйесі  білім  алушының 

кемшіліктерін  өзіне  түзетуіне  мүмкіндік  береді,  өзін-өзі  және  өзгені  бақылауына, 

бағалауына  мүмкіндік  туғызады,  бағаның  айқындылығын,  адалдығын  сақтайды,  білім 

алушының  сабақ  үрдісінде  өткен  тақырыпты  қалай  түсінгендігін  мұғалімге  күнделікті 

саралап  отыруына  жағдай  жасайды.  Осының  барлығының  негізінде  мұғалім  мен  білім 

алушы  арасындағы  кері  байланыс  бағалаудың  жалпы  негізін  ашады.  Яғни,  критериалды 

бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады. 

Кіріктірілген  білім  бағдарламасының  алға  қойған  мақсаты  айқын,  бағдары  жүйелі. 

Зиялы  азаматты  –  сана  әлеуеті  жоғары  дамыған,  сын  тұрғысынан  және  жаңашыл  ойлай 

білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге 

ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. 

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар: 

құрмет; 


әріптестік; 

азаматтық жауапкершілік қалыптастыру 

ашықтық ; 

өмір бойы білім алу; 



129


 ~ 

 

Кіріктірілген білім бағдарламасымен білім алған бала кең ауқымды дағдыларға ие болады. 



Нақтырақ айтқанда: 

сын тұрғысынан ойлау; 

білімін шығармашылықпен пайдалана білу; 

зерттеушілік дағдылары; 

АКТ дағдылары; 

топта және жеке шебер жұмыс істей білуі; 

коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда); 

қойылған  міндеттер  мен  күрделі  мәселелерді  шеше  білу  дағдылары  секілді  бірнеше 

дағдылар қалыптасады. 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  табысты  жүзеге  асыру  үшін белсенді  оқыту, 

командалық  оқыту,  пәндік-тілдік  кіріктірілген  оқыту,  т.б.  озық  педагогикалық  әдістерді 

қолдану талап етіледі. 

Қорыта  айтқанда,  әлемдік  өркениет  жолындағы  үздіксіз  даму  кезеңінде  білім  мен 

ғылымға  баса  назар  аудару  өзекті  мәселелердің  бірінен  саналады.  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «Бәсекеге қабілетті 

экономика үшін» жолдауында: «Білім берудегі жаңалық – Қазақстанның бәсекеге нақтылы 

қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» - делінген. 

Немесе  бұл  орынды  пікірді  Елбасымыздың  тағы  бір:  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің 

тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» – деген пікірімен жалғауға болады.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Красноборова  А.А.  «Критериальное  оценивание  в  школе»  учебное  пособие,  Пермь, 

2010г. 


2. Істеміров Н. «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы, 2007 

ж. 


3.  «Оценивание  учебных  достижений  учащихся».  Методическое  руководство.  Бишкек,   

2012 г. 


4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында», 

«Егемен Қазақстан» газеті, 3/ ІІІ-2005. №13. Иманбекова Б., Әбдіреймова К, Маззаржанова 

Қ. «Сабақ – оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл. 

 

 



КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ 

 

Сарибасова Салтанат Сұлтанхановна, 

Ходжанова Мейрамкуль Аубакировна 

Арнаулы кәсіптік колледжінің жалпы пән оқытушылары 

ОҚО, Кентау қаласы 

 

ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және  денсаулығы  мықты 



азаматтар.  Заманауи    бағдарламалар  мен  оқыту  әдістемелерін  білікті  мамандар  ұсынуы 

маңызды.  Оқыту  нәтижесі  оқушылардың  сындарлы  ойлау,  өзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты 

терең талдау машығын игеру болуға тиіс. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың заңнамалық тұжырымдамалық 

негіздері, әсіресе, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік 

бағдарламасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды басты назарға қояды. 

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа 

міндеттер  қойып  отыр.  Ең  бастысы  –өз  жұмыс  орнына  және  бүкіл  техникалық  тізбекте 

технологияның  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын  құзыретті  маман  тұлғасын 

қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда 



130


 ~ 

 

жас  ұрпаққа  білім  беру  жұйесінде  болып  жатқан  оң  өзгерістерге  байыппен  қарап,  оның 



заман  талабына  сай  мән-маңызын  түсінуі  хақ.  Сондықтан,  жүктеліп  отырған  аса  жауапты 

міндет,  білім  саласындағы  реформалар,  педагогикалық  әдіс-тәсілдердің  тың,  мәнді,  әрі 

сапалы  болуын  талап  етіп  отырған  осы  бір  айтулы  кезеңде,  педагогтың  жылдар  бойы 

жинақтаған  іс-тәжрибесін  жаңа  ақпараттық  технологияға  ұштастыруын  қажетті  санайды. 

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. 

Құзыреттілік  дегеніміз  –  тұлғаның  бойында  білім,  дағды,  іскерлік,  ерік,  күш-жігердің 

болуы.  Құзыреттілік  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  аман  қалуды  қамтамасыз 

етеді  және  олар  бәсекеге  қабілетті  маманмен  қамтамасыздандырады.  Көптеген  елдерде 

құзыреттілікке  жаңаша  мән  бере  отырып,білімді  жоғары  дәрежеге  көтергені 

мәлім.Құзыреттілік  еңбек  нарығанда  тұрақты  өсіп  отырған  талаптармен,  шапшаң 

технологиялық өзгертулермен, соның ішінде білімдік және еңбектегі мобильдік өсулермен 

негізделген.  Құзыреттіліктің  жеке  компанентін  анықтай  отырып,  ол  адамның  алдына 

қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемделігін айтады. Қазақстанның 

әлеуметті-экономикалық  даму  мақсатын  жүзеге  асыруда  кәсіптік  білім  беретін  оқу 

орындарында бәсекелестікке қаблеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға 

даярлау  деңгейі  білім  беру  жағдайларымен  анықталады.  Қазіргі  таңда  жан-жақты  маман 

даярлау  олардың  әлеуметтік,  кәсіптік,  өздік  жұмыс  жасай  алу  қабілеттерін  дамытумен 

белгіленеді.  Себебі,  әлеуметтік  сала  экономикасын  дамыту  осы  болашақ  мамандардан 

төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді. 

- жүйелі ойлауды; 

- құқықтық ақпараттық мәдениетті; 

- кәсіпкерлік мәдениетті; 

- өзін-өзі тануды; 

- басқаларға ұсынуды; 

- өз қызметін білімді талдауды; 

- жаңа білімді; 

- нано технологияларды меңгеруді; 

- кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды

- бәсекелестікті және өмір талаптарына сай қызмет етуді; 

- әр іске жауапкершілікпен қарауды; 

нәтижеге бағытталған істерді жасауды. 

Осыған  орай,  біздің  –  мамандықтар  бойынша  арнайы  пәндер  арқылы  білім  беру 

мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның 

негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық  – күнтізбелік жоспарлар, 

оқу  –  әдістемелік  кешендер,  электрондық  оқулықтар,  жаңа  ақпараттық  –  технологиялар, 

тірек-сызба,  сын  тұрғысынан  ойлау,  рефлексия  әдістері   қолданылып  келеді.  Мұның 

барлығы  маман  моделінің  нарықтық  экономикада  қажеттілігін  тұрғызуға  бағытталуы 

негізделеді. Себебі, соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне 

ауытқуы  көп  қарастырылып  келеді,  яғни  жұмыс  берушіні  көбіне  біліктілік  емес,  құқық, 

ақпарат,  әлеуметтік  сала  жағынан  құзыретті  мамандар  қазықтырады.  Бірақ,  біліктілікке 

қосымша  құзыреттілік  бірге  жүрген  жағдайда  маман  моделі  жұйелі  әрі  сапалы  болады. 

Құзыретті маман даярлау мақсатында «білім алушылардың білімдік  белсенділігін арттыру 

технологиясын»  пайлана  отырып,  бұл  оқыту  технологиясы  бойынша  білім  беру  мақсаты 

студенттерге  өндірістік  ситуациялар  беру  арқылы  өз  бетінше  жұмыс  жасау  қабылетін, 

дұрыс  шешім  қабылдау  мүмкіндігін  қалыптастыру  арқылы  бәсекеге  қабылетті  маман 

ретінде дамуына көмектесу. 

Ақпаратты, коммуникативті, әлеуметті-құқықтық құзыреттер педагогтан ақпараттық 

технологияларды  қолдана  алу  (мультимедиа,  смартмедиа,  электрондық  пошта,  интернет) 

мүмкіндіктерін,  бұған  қоса  студент   пен  педагог  арасындағы  байланысын,  бірін-бірі 

түсінуін,  топпен  жұмыс  жасауын,  ұйымдастыру  басқару  шешімдерін  дұрыс  таба  алуын, 

қолдану  қабылеттерінің  басым  болуын,  әлеуметтік  қызметтердің  маңызын  түсінуін, 


131


 ~ 

 

қоғамдық  міндеттерге  тұрықты  қарауын  талап  етеді.  Даярлығы  жоғары  білікті,  кәсіби 



құзырлы  педагог  жалпы  орта  білім  беру  нәтижесі  ретіндегі  құзыреттіліктерді  өзіндік 

менеджімент,ақпараттық  коммуникативті  технологияны  меңгерген  жеке  құзыретті  тұлға- 

студентті  қалыптастырады,  сондықтан  кәсіби  даярлықтың  арнаулы  пәндерді  оқу  негізінде 

іс-әрекеттік  және  тұлғалық  терең  бағдарлық  тәсілдерін  үйлестіре  отырып,  кәсіби 

құзыреттіліктерді  болашақ  маманға  меңгерту  басты  міндет.  Үшінші  мыңжылдық  – 

құзыреттілік  білім  беру  жағдайында  педагогтың  инновациялық  даярлығын  қажет  ететін, 

жаңа  формациядағы  оқытушының  инновациялық  іс-әрекетінің  кезеңі.  Құзыреттілік  білім 

беру  жағдайындағы  инновациялық  үдеріс  –  нысанның,  педагогикалық  идеяның,  деректер 

мен  тұжырымдардың,  теорияның,  әдәс-тәсілдердің  жаңа  сапалық  өзгерістерін  қамтамасыз 

ететін  үдеріс,  қоғамның  педагогокалық  құндылықтарға  сәйкес  жаңа  ақпараттық 

технологияны  меңгеруі,  қолдануы.  Қоғамдағы  білім-беру  саласындағы  инновациялық 

үдерістер  мен  реформалар  оқытушының  ісіне  еңбек  жолына  –  «инновациялық  білімді», 

«ақпараттық даярлықты», «ақпараттық технологияны» және тағы басқа технологияны алып 

келді. Осы аталған жаңа инновациялық ілімдер нарықтық экономикалық заманда құзыретті 

бәсекеге сай маман әзірлеуді  жүктеп отыр. Қай заманда болсын өзінің атқаратын қызметіне 

қарай, жеке қасиеттерінің көптүрлілігіне орай,өзіне міндеттелген талаптарға сай, оқытушы 

мамандығы  басқа  мамандықтарға  қарағанда  ең  қиын  және  ең  ізгілікті  мамандық  болып 

саналады.  Себебі,  мұғалімнің  негізгі  міндеті  жер  жүзіндегі  ең  құнды  дүние-  адамды 

кемелдендіру болып табылады. Оқушы жүрегінен орын алатын педагог рухани бай, зиялы 

және  шығармашыл  тұлға  болуы  қажет.Ең  керемет  деген  педагогты  есіңе  түсіргенде  оның 

тұлғалық  бейнесі  көз  алдымызда  ең  бірінші  тұрады.  Ал   кәсіби  қасиеті  екінші  орында 

болады.Педагог  өз  пәнін  жетік  –  жоғары  деңгейде,  жан-жақты  білгенде  ғана  шәкірт 

дайындай  алады.  «Нағыз  оқытушы»  -  деп,  білім  алушылардың  ойы  мен  жүрегіне  жол 

тапқан ұстазды айтамыз. Бүгінде кәсіптік- техникалык мамандықтарға сұранысты өтеу 



–  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарының  педагогтарының  аса  маңызды  міндеті  болып 

отыр.  Студенттерді  замануи  ғылым  жетістіктерімен  қаруландырып  ,өндіріске,өнеркәсіпке 

жаппай  аттандыру  кезек  күттірмейтін  мәселе.Жаңа  заманға  жаңа  маман  қажет  екендігі 

баршаға мәлім,соның ішінде ол педагог алдына койылған, жуктелген – міндет екенін ескере 

отырып,кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  еңбек  етіп  жүрген  озімде  арнайы  пәндерді 

оқытуда  алға  қойып,  ақпараттық  технологияны  ұдайы  қолданып  студенттердің  білімін 

көтеруге  жұмыстанудамын.  Ақпараттық  технологияны  қолдана  оқыту-  білімнің 

жүйелілігін,  бірізділігін  жолға  қоюға,  нәтижеге  бағытталуын  жетілдіруге  жетелейді.  Білім 

ордасында  студенттер  арнайы  пәннің  өздеріне  керек  және  маңызды  екенін  сезінуі  керек. 

Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің өзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Өз  сабақтарымда  ақпараттық  технологияны  қолдану  арқылы  сол 

ерекшеліктерді  түрлендіріп,  жаңаша  оқытуда  еңбектеніп  келемін.  Арнаулы  пәндерден 

өткізіп  жүрген  «Тігін  өндірісінің  технологиясы»,  «Киімді  құрастыру»  сабақтарындағы 

теориялық білімде:  

-

 



танымдық белсенділік құралы  

-

 



- жаңа материалды тез ұғыну  

-

 



- іздену  

-

 



- ынталы болу 

-

 



- ситуациялық проблемаларда өзін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау 

-

 



- біліктілікті көтеру болса, 

-

 



Колледж ішілік және қалалық « Мамандығым – мақтанышым», « Өз ісінің шебері» 

-

 



 -сайыстарында аталған технологияның : 

-

 



- ізденуге 

-

 



- шығармашылыққа  

-

 



- белсенділікке 

-

 



- ғаламтор желісіндегі аудио, видео тапсырмаларын жедел қолдануға  

-

 



- бірнеше ақпаратты жүйені қолдануға пайдасын тигізуде. 

132


 ~ 

 

Педагог  ретінде  өзіме  ақпараттық  техгологияны  меңгеру  оны  әрбір  сабақтарымда 



қолдану,  құзыретті  педагог  болуымда,  сабақ  берудегі  амал-  тәсілдерімді,  дидактикалық 

жинақтарымның  түбегейлі  жаңаша  іс  –  әрекеттерді  жасауыма  керекті  технология  екенін 

айта  кеткім  келеді.  Ақпараттық  технология  оқушы  мен  педагогке  бірдей  жағдай  тудыра 

отырып:  

- пәнге қызығушылыққа  

-мамандықты жетік үйренуге  

- педагог даярлығын қалыптастыруға, әрі жетілдіруге және түрлендіруге  

-  іскерлік  пен  дағдыларды  қалыптастыруға  бірден  бір  қажетті  технология  екені 

баршаға мәлім десе болады. 

Ақпараттық  технологияны  қолдануда  студенттерге  тек  білім  негіздерін  беріп  қана 

қоймай, ақпараттық қоғамға бейімдеу қажеттігін де ескерген жөн. Осы талап негіздерінде 

колледжде  облыстық  әдістемелік  кабинет  ұйымдастыруымен  арнайы  пәндерді  оқыту 

әдістемесін  жетілдіру  мақсатында  облыстық  тәжрибе  алмасу  дөңгелек  үстелі  өткізілсе. 

Негізгі  мақсат  әр  оқытушы  іс-тәжірибесімен  алмасу  және  аталған  технологияны  қолдана 

отырып, студенттердің құзырлылығын қалыптастыру. 

Қорыта  айтқанда,  кәсіби  даярлықта  әрбір  кәсіптік  оқу  пәнінің  білім  мазмұны  мен 

әдістемелік  жуйесі  негізінде  жеке  тұлғаға  қойылатын  кәсіби  деңгейін,  нәтижеге 

бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті 

кәсіби  құзыреттіліктерді  толыққанды  меңгерген  оқытушы,  студентті  оқытуда,  білім  алу 

нәтижесіндегі құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз. 

Сөз соңында ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың: « Бала оқытуын жақсы білейін 

деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен 

түйіндегім келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет