Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет21/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж. 

2.  Еркебаева  Г.Ғ.Қазақстан  Республикасының  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  міндеттеру, 

бағыттары  мен  мазмұны.  Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция.  Шымкент, 

2011. – Б.6-9. 

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. 

5.  Халықова  К.З.,  Абдулкәрімова  Г.А.  Педагогикалық  информатика  /білім  беруді 

ақпараттандыру. –Алматы, 2007. 

 

 

 



141


 ~ 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 



КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 

 

Байғонова Ақерке Шекерханқызы 

Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжі, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму 



процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- 

қатынастық  мақсаты,  түйіні,  құрылымы,  құралы,  ерекшелігі  туралы  хабардарлығының 

көрсеткіші;  қажетті  технологиялық  деңгейді  меңгеруі;  маманның  жеке  психологиялық 

сапасы;  коммуникативтік  іс-  әрекетін  әрдайым  жетілдіріп  тұруға  тырысуы;  негізгі 

құндылық  ретінде  жеке  адамның  тұлғасына  бейімделе  білу,  «бағдар  ету»,  сонымен  қатар 

педагогикалық  қарым-қатынас  кезінде  туындайтын  міндеттерге  шығармашылық,  қапысыз 

шешім таба білу қабілеті. 

Жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру – бүгінгі күн талабы. Әрбір 

мұғалімнің  алдында:  «Қазіргі  заман  сұранысына  жауап  беретін  тұлғаны  қалай  дамыту 

қажет?»,  «Дамып  келе  жатқан  тұлға  бойына  қажетті  құндылықтарды  қалай  сіңіреміз?», 

«Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек?» деген проблемалы сауалдар тұр. Бұл 

сауалдарға  нақты  жауапты  әрбір  мұғалім  өзінің  кәсіби  даярлығынан,  өз  ісін  жоспарлай 

алуынан,  өзінің  нақты  мақсатты  болжай  алуынан,  баланың  іс  –әрекетін  ұйымдастыра  алу 

шеберлігінен,  жалпы  бір  сөзбен  айтқанда  өзінің  педагогикалық  құзыреттілігін  дамыту 

жолдарынан іздеу қажет. 

Тұлғалық  және  нәтижеге  бағыттталған  білім  беру  беру  жүйесіне  көшуде  жаңа 

технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен 

сабақтастықта  зерттеу  –  бүгінгі  күн  талабынан  туындап  отырған  педагогика  ғылымының 

міндеттерінің  бірі.  Тұлғаға  білім  беру  негізінде  коммуникативтік  құзыреттілікті  орнату, 

сабақта  тілдік қарым –қатынастағы әлеуметтік – мәдени нормаларды және стереотиптерді 

білу,  яғни  сөздің  жанама    тәсілдерін  бейнелі  сөздерді  қолдану,  енгізу.  Мұнда  фатикалық 

қатынас  басты  рөл  атқарады,  яғни  тыңдаушының  назарын  өзіне  аудару,  сөзге  тарту,  сөз 

тақырыбына  қызығушылығын  оята  білу  көзделеді.  Дискурстың  ерекшелігі-  экспрессивті 

эффект  тудыру  арқылы  пікірлесушіні  қызықтырып  отыру.  Сөз  этикасы  қатысымдық  және 

этикалық  сапалармен  тығыз  байланысып  жатыр.  Сондықтан  олар  да  білім  нәтижесінің 

көрсеткіші  болып  саналады.  Мұғалім  баланы  тұлға  ретінде  танытуда  дайын  жаттанды 

білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі  керек. Оқушы өзі танып, 

талдап,  дәлелдеп,  салыстырып,  тұжырымдап  білімнің  кілтін  табуы  тиіс.  Өзі  түсініп 

жаңашылдыққа  қол  жеткізгенін  түсіне  білуі  тиіс.  Оқушының  осы  қарым-қатынасқа 

жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың 

қажетті  озық  технологияларын  тиімді  пайдаланып  сабақта  қолдана  білуі,  ақпараттық 

сауаттылығы, коммуникативтік іс-әрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке 

басының  тұлғасын  таныту.  Мұғалім  әр  тұлғаны  жан-жақты  ашып  таныта  білсе,  өз 

шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр  тұлғаның 

дұрыс  және  қапысыз  шешім  таба  білуін  жетілдіруіне  басты  назар  аудару  керек,  яғни  кез-

келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс. 



Грамматикалық  құзіреттілік  –  тіл  ережелерін  білу,  грамматикалық  ережелерді  оқыту. 

Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы жан-жақты білім беруді негізге ала отырып, 

оқулықта берілген грамматикалық ережелерді жаттату, талдату. 

Социолингвистикалық  құзіреттілік  –  мәтіндердің  шығу  және  танып  білу  үрдістерін 

меңгеру.  Бұл  тыңдалым  арқылы  басқа  адамның  (мұғалімнің  немесе  оқушының)  тілін  ұғу 

болып  табылады.  Бұл  үшін  оқушылардың  бірін-бірі  тыңдауына  жағдай  жасау  қажет.  Бұл 

жағдайда тілдік орта қалыптасады, яғни оқушыларды мәтін арқылы сөйлеуге үйрету. 



142


 ~ 

 

Дискурсивті    құзіреттілік  -  айтылымдардың  құрылым  ережелерін  меңгеру.  Бұл  қазіргі 

таңдағы  ең  қажетті  құзіреттілік.  Себебі,  оқушыларды  дұрыс  сөйлем  құрып,  өз  ойларын 

дұрыс  жеткізуге  үйрету  қажет.  Ал  мұның  өзі  мемлекеттік  тілді  деңгейлеп  оқыту 

ұстанымдарында  ерекше  айтылады.  Онда  сөйлеу  тілін  үйретуді  фонетикадан  емес, 

синтақсистен, яғни, оқушыларға алдымен сөйлеуді үйрету қажеттілігі айтылған. 



Стратегиялық  құзіреттілік-  әңгімелесуші  адаммен  байланыс  жасау.  Бұл  -  диалог  құру 

және  оны  жалғастыру  барысында  жүзеге  асатын  үрдіс.  Бұның  өзі  бастапқы  мәселенің 

практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде 

жаттықтырады.  Диалогтік  тілдің  оқушылар  үшін  күнделікті  өмірде  бір-бірімен  қарым-

қатынас  жасау  кезінде маңызы  зор  екендігін  әрбір  оқушының  санасына  жеткізуге  тырысу 

керек. 


Социомәдениеттік  құзіреттілік  –  тілді  тасымалдаушы,  қолданушы  –  халық  мәдениетін 

білулерін  білу  және  қолдану.  Қазақ  тілі  оқулықтарына  халық  педагогикасы  бойынша 

тақырыптар  енгізілген.  Олар:  қазақ  халқының  салт-дәстүрлері,  ұлттық  ойындар,  үлттық 

тағамдар,  ұлттық  киімдер  және  мейрамдар,  отбасы  тәрбиесінің  дәстүрлері  және  қазақ 

халқының қонақжайлылығы. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-

ғұрып,  салт-дәстүрлерімен  таныстыра  отырып,  оқушылардың  қазақ  тіліне  деген 

қызығушылықтарын  арттыру  және  қазақ  халқының  мәдениеті,  тұрмысы,  салт-дәстүрлері 

туралы білімдерін тереңдету. 

Коммуникативтік  құзыреттілік  жеке  тұлғаның  рухани  өсуін  қалыптастырады, 

адамдарды түсіне білуіне көмектеседі. 

 Сондықтан  мұғалім  алдына  мақсат  қоя  білетін,  анық  та  дұрыс  сөйлей  білетін,  өз  ойын 

жарыққа  еркін  шығара  алатын,  түсіне  білетін,  қызығушылықпен  тыңдай  алатын  адамды 

өмір жолына аттандыра білуі керек. 

Оқушылардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту  үшін  жүргізілетін  жұмыс 

түрлері төмендегідей: 

 •   Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) 

 •   Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 

 •   Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 

 •   Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) 

Бұл  жұмыс  түрлері  коммуникативтік  құзыреттіліктің  алғашқы  баспалдағы  болып 

есептеледі.  Себебі,  бұл  жұмыс  түрлерін  барлық  сабақта  мұғалім  мүмкіндігінше  қолдана 

алады. Өз іс-тәжірибемде осы бағыттарды басшылыққа ала отырып  жұмыс істеп жүрмін: 

Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың: 

-

 



қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға; 

-

 



сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге; 

-

 



жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін 

көруге болады. 

Өйткені,  осыған  байланысты  әдіскер  -  ғалым  Ф.Ш.  Оразбаева  қатысымдық  әдістің 

өзіндік  белгілерін  көрсете  отырып,  оған  мынадай  анықтама  береді:  «Қатысымдық  әдіс 

дегеніміз  –  оқушы  мен  оқытушының  тікелей  қарым  –  қатынасы  арқылы  жүзеге  асатын, 

белгілі  бір  тілде  сөйлеу  мәнерін  қалыптастыратын,  тілдік  қатынас  пен  әдістемелік 

категорияларына  тән  басты  белгілер  мен  қағидалардың  жүйесінен  тұратын,  тіл  үйретудің 

тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын 

әдістің түрі». 

Осылайша мұғалімнің оқудағы құзіреттілікке бағыт – бағдар беруі оқушылардың ой-

қорытынды  жасауына,  өз  ойын  айта  білуіне,  оны  күнделікті  өмірде  пайдалана  білуіне 

көмегін тигізеді. 

Кәсіби 

құзыреттілікті 



коммуникативтік, 

ақпараттық, 

регулятивтік 

және 


интеллектуалды- педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырады.  

Педагогтың  коммуникативтік  құзыреттілігі  –  кәсіби  интегративтік  қасиет,  оның 

негізгі  бөліктеріне  эмоционалдық  тұрақтылық  (икемділікпен  байланысты);  экстраверсия 


143


 ~ 

 

(тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды 



байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; 

сыпайылық; жалпы қабілеті жатады. 

Коммуникативтік  құзыреттілік  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәніне  етене  жақын.  Себебі, 

тілдің  басты  қызметі-коммуникативтік  қызмет.  Коммуникативтік  құзыреттілік  – 

адамдармен  өзара  әрекет  пен  қарым-қатынас  тәсілдерін  білуді,  түрлі  әлеуметтік  топтарда 

жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда, өмірдегі нақты 

жағдайларда  шешім  қабылдау  үшін  байланыстың  түрлі  объектілерін  қолдан  алу  білігін 

қарастырады.  Оқушылардың  жеке-дара  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  коммуникативтік 

құзыреттілікті  дамытуда  СТО  технологиясының  стратегияларын  жүйелі  пайдалану  өз 

сабақтарымда қолданыс табуда.  

Қазақ тілі  мен әдебиеті сабағында оқушының білім, білік дағдыларын меңгертумен 

қатар,  көбіне  оқушыны  шығармашылық  жұмыстарға  баулу,  ойын  еркін  жеткізе  білу,  тіл 

байлығын дамытуға басты назар аудару қажет. Қызықты сабақ болса, оқушының сол пәнге 

қызығуы  артып  қана  қоймай,  мұғалім  жаңалығы,  ізденісі,  қолданған  әдісі  арқылы 

ерекшеленіп, оқушы жүрегінен жол табады. 

Мұғалім  оқушыларды  келесі  тіл  дамыту  жұмыстары  арқылы  шығармашылыққа 

баулиды:  

сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме, ойтолғау жазу;  

берілген суреттерді көркем тілмен суреттеу;  

шешендік, нақыл сөздердің мәнін ашу;  

мақал-мәтелдер, әңгімелер негізінде әңгіме жазу;  

жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;  

өз сыныптастарының, достарыңның портретін суреттеу, мінездеме беру;  

автордың ойын өз идеясымен өрбітіп жазу;  

бес жолды өлең құрастыру;  

жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;  

еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;  

топпен ертегі құрастыру; 

ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар қою, пікір айту;  

ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;  

оқыған кітаптары бойынша ой толғау, эссе жазу;  

қоғамдағы болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;  

баспасөз материалдары бойынша пікір айту;  

өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;  

ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;  

іс қағаздары үлгілерін жаздыру;  

тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;  

оқиғаға қатысты өз ойларын айту;  

автордыңкөзқарасытуралыайтабілу;  

Коммуникативтікқұзыреттілік  –  қажеттітілдерді,  қоршағанадамдарменжәне  оқиғалармен 

әрекеттестікте  болу  тәсілдерінбілуді,  топтажұмысжасау  дағдыларын,  ұжымдағы  әр  түрлі 

әлеуметтік  рөлдерді  меңгеруді  қамтиды.  Оқушы  хат  жаза,  сауалнама  толтыра,  арыз  жаза, 

сұрақ  қоя,  пікірталастыра  т.б.  білуі  тиіс.  Бұл  құзыреттілікті  оқу  үрдісінде  игеру  үшін 

коммуникациялардың  нақты  нысаналарының  қажетті  және  жеткілікті  саны  және  олармен 

жұмыс тәсілі белгіленуі тиіс.  

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тапсырмалар 

топтамасын  дайындадым:  «Тілдескіш»  (сөйлесу  үлгілерінен  құрастырылған  сөздікше), 

«Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топтамалар мемлекеттік тілде сауатты жазу 

дағдыларын  қалыптастырады,  өмірлік  жағдайларда  қазақ  тілінде  қарым-қатынас  орнатуға 

мүмкіндік  туғызады,  оқушы  бойынан  табиғатынан  берілген  шығармашылық  әлеуетін  іске 

асыруына  ықпал  етеді.  Осы  әдіс-тәсілдерді  қолдану  барысында,  өз  сабақтарымда 


144


 ~ 

 

сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға 



ретінде  өздеріне  деген  сенімділігі  артып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  дағдылары 

қалыптасуда.  «Жазбаша  қатынас»  әдісі  «Менің  отбасым»,  «Менің  досым»  т.б. 

тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар 

ата-анасына,  достарына  хат  жазуды  үйренеді.  «Баяндамашы»  әдісі  жоғары  сынып 

оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, 

мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының 2019 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2. 

Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007 

3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Астана, 2007. 

 4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты, 2012. 

 

 



БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ПЕДАГОГТЫҢ 

ШЕБЕРЛІГІ 

 

Мусабеков М.О.Сарсенбаева А., Мусабекова Б.О. 

п.ғ.к., доцент. «Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ, Т.Тәжібаев атындағы  

№47 мектеп-гимназиясы, Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  – 



2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында:  «Әлем  жаһандық  сын-

тегеуріндер  кезеңінде  өмір  сүруде.  Бұл  жаңа  технологиялық  жетістіктер  мен 

инновацияларды енгізу,  IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының 

ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. 

Әлемнің  жетекші  экономикалары  жоғары  деңгейдегі  адам  капиталы  есебінен  ғана 

гүлденуге  қол  жеткізуде.  Оған  жаңа  білім  беру  стратегиялары  мен  саясаты  ықпал 

етеді.  Жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  стандарты  жиынтығы  функционалдық 

сауаттылықты  қамтамасыз  ететін  дағдылардың  кең  спектрін  дамыту  бойынша  үздік 

халықаралық 

тәжірибеге 

бағытталатын 

болады. 


Оқу 

бағдарламалары 

жаңа 

технологияларды,  ғылыми  инновацияларды,  математикалық  модельдеуді  дамытуға 



бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады» - делінген. 

Осы орайда жалпы білім беретін мектептерде  жаңа технологиялық жетістіктер мен 

инновацияларды  енгізу  басты  орынға  шығып  отыр.  Олай  болса,  білім  берудің  мақсаты  – 

терең  білімнің,  кәсіби дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытудағы 

адамгершілік  тұрғысынан  жауапты  шешімдерді  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі 

заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да қазіргі 

таңда  білім  беру  жүйелерінің  алдында  тұрған  негізгі  міндет  адамның  бүкіл  өмір  бойы 

тұрақты  түрде  жаңа  білімдерді  ала  алуларына  және  соған  сәйкес  оларды  қолдана  алу 

іскерліктерін игерулеріне,  шығармашылық  тұлға  ретінде  қалыптасуына  негіз  қалау  болып 

табылады.  Бұл  міндетті  жүзеге  асыру  орта  білім  беру  жүйесінде  оқушыларды  өз  бетімен 

білім алуға ынталы ету, оларға жаңа білімді  тек репродуктивтік қана емес ізденіс жүргізу 

және  зерттеушілік  қызметтерін  дамыту  арқылы  игерту  мәселелерінің  практикада  нақты 

шешімін  табумен  тығыз  байланысты.  Зерттеушілік  қызмет  оқушыларды  жаңа  білімді 

игеруге ғана бағыттап қоймай, жаңа ақыл-ой қызметінің қалыптасуына көмектеседі. Ал, бұл 

оқушылардың арнайы шығармашылық қабілетінің ғана емес, жалпы алғанда теориялық ой-

пікірлерінің  дамуына  да  зор  ықпал  етеді.  Мұның  барлығы  өз  кезегінде  оқушыларға 

меңгерген білімдерін сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру үдерісіне, 

немесе  функционалдық  сауаттылық  ұғымына  алып  келеді.  Мұндағы  басшылыққа 


145


 ~ 

 

алынатын  функционалдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім 



қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. 

Жоғарыдағы  аталғандарды  ескерер  болсақ,  мұның  барлығы  ұстаздарға  үлкен 

міндеттер жүктейді. Ұстаз - білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды 

жеке  тұлға  етіп  қалыптастыру  мақсатында  білім  мен  тәрбиені  ұштастыра  алуымен  қатар 

балаларды  сүйетін  болуы  тиіс.  Олай  болса,  өз  оқушылары  үшін  жаны  ашитын,  олардың 

қажеттіліктерін  білетін  және  білім  беру  стандартының  көлемінде  оқушының  білуі  керек 

білімді  беріп  қана  қоймай  әрбірінің  мүмкіндігін  ескере  отырып,  оның  қабілеті  мен 

дарынына  қарай  қосымша  білім  беруге  даяр  болуы  қажет.  Мұндай  мұғалім  өз  сабағында 

уақытты  босқа,  қалай  болса  солай  өткізбейді.  Оқушылар  тыныш  отырса  болды  деп 

қиындығы  жоғары  тапсырманы  беріп  қоя  салмайды  немесе  өзінің  «жақсы»  екендігін 

көрсету,  «ұпай»  жинау  үшін  балаларға  еш  «қиындық»  туғызбай  солардың  ығына  жығыла 

салып,  тіптен  тапсырма  орындатпай  не  талапты  тіптен  төмендетіп  жіберіп  отырмайды. 

Себебі  әрбір  мұғалім  «педагогикалық  шеберлігін  үнемі  жетіліп  отыруды  қажет...»  -  сонда 

ғана оны  ұстаз деуге болады. Жоғарыдағы педагогикалық шеберлікке берілген анықтамада 

осының барлығы бірге болуы керек екендігіне назар аударылған. Аталғандардың бірі ғана 

болып,  мысалы  «өз  пәнін  терең  меңгерген»  талабына  сай  болып,  бірақ  оқыту  әдістерін 

білмесе не қолдана алмаса оның білімінен оқушыға ешқандай пайда жоқ. Ол білім тек сол 

мұғалімде  ғана  бар,  бірақ  оқушыларға  берілмеді.  Сондықтан  да,  әрбір  мұғалім  өзіне: 

педагогикалық  шеберлігінің  бар  ма,  егер  бар  болса  қаншалықты  деңгейде?,  оны  қалай 

жетілдірсем болады? – деген сұрақтар қойып үнемі өзін тексеріп отырғаны абзал.  

Педагогикалық  шеберліктің  тағы  бір  көрінісі  –  мұғалімнің  шығармашылық  іс-

әрекеті,  яғни  оның  тұлға  ретінде  жеке-даралығы  мен  кейбір  ерекшеліктерінің  өзгеріске 

ұшырауы. Әрбір тұлға мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала 

жүруі  керек.  Ұстаз  өз  пәнін  ғана  емес,  дүние  сырын,  қоғамдағы  өзгерістерді,  адам 

мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. 

Осы  орайда,  оқушылардың  берілген  тапсырмаларды  өздігінен,  танымдық  іс-

әрекетінде  пайдалануға  көмектесетіні  инновациялық  технологияларды  дұрыс  пайдалана 

білуі  де  тиімді.  Оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерін  пайдаланудың  шарттарының  өзі 

мұғалімнің  әрдайым  ізденісте,  өздігінен  білім  алудың  жағдайын  туғызады.  Ол  үшін  әрбір 

ұстаз технология туралы жалпы түсінікке ие болуы керек. 

«Технология»  ұғымы  соңғы  кездері  ең  көп  қолданылатын  ұғымдардың  біріне 

айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім 

беру  технологиясы,  тәрбие  технологиясы,  қарым-қатынас  технологиясы,  даму 

технологиясы,  қалыптасу  технологиясы,  модульдік  технология,  топтық  оқыту 

технологиясы  сияқты  психологиялық-педагогикалық  ұғымдармен  байланысы  сан  алуан. 

Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің  мәнін  анықтап, сипаттама 

беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен 

байланысты  жеке  ұғымдарға  берілген  анықтамалар  баршылық.  Алайда  білім  беру 

жүйесінде  дәл  қазіргі  кезеңде  жүріп  жатқан  процестердің    технологиясының  мәнін  ашып, 

түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. 

Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез келген саласында (басқару, білім беру, 

қаржыландыру,  мониторинг  т.б.)  қолданылуы  мүмкін.  Сондықтан  «білім  беру 

технологиясы»  деген  сөз  тіркесін  бірыңғай  түсіндіру  мүмкін  емес.  Бұл  ұғымды  тек  қана 

оқытушы  мен  оқушы  арасындағы  арнайы  ұйымдастырылған  процестерге  ғана  қатысты 

қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның 

осы салаға  арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз  — технологияның осы 

түрі. 

«Технология» ұғымы «Tehne» - өнер, шеберлік, «logos» – ілім, білім, оқу, ғылым деген 

мағыналарды  білдіретін,  грек  тілінен  енген  екі  сөзден  тұрады.  Сондықтан,  «технология» 

терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым»   деп аударуға 

болады. 


146


 ~ 

 

 Технология  –  бұл  қандай  да  болсын  істегі,  шеберліктегі,  өнердегі  амалдардың 



жиынтығы. (Педагогикалық сөздік)  

Технология  –  өндірістік  үдерісті  жүргізудің  әдістері  мен  тәсілдері  жайлы  білім 

жиынтығы. (Шетел сөздігі) 

Технология    оқушы  мен  ұстазға  бірдей  қолайлы  жағдай  тудырушы  оқу  үдерісін 

ұйымдастыру  мен  жүргізудің,  бірлескен  педагогикалық  әрекетті  жобалаудың  жан-жақты 

ойластырылған үлгісі. Бұл ұғымға пәндік саланы сипаттайтын терминдерді қосамыз да, кез-

келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз. 

Дегенмен  барлық  анықтамаларға  ортақ  басты  негіз  бар.  Осы  негізді  арқау  ретінде 

алып,  педагогикалық  технологияның  мәнін  былай  сипаттауға  болады:  «Педагогикалық 

технологиялар    бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен  біріктірілген  пәндер  мен 

әдістемелердің;  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдама  мен 

байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен  әдістерінің  күрделі  әрі  ашық 

жүйелері.  Мұнда  әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  оқушының  дамуына 

жағымды жағдайлар жасайды». 

Педагогикалық  технология  теориялық  педагогика  мен  практика  аралығында  орын 

алып  отыр.  Педагогикалық  технология  деп  мақсаттар  қою,  оқу  жоспары  мен  оқу 

бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың 

және  ол  жүйелердің  тиімділігі  жөніндегі  жаңа  ақпарат  туындауына  байланысты  жаңа 

мақсаттар  қоюдың  тұтас  үрдісін  айтамыз.  Сонымен,  педагогикалық  технология    оқыту 

үрдісін  түгелдей  қолдану  және  бағалау,  сол  сияқты,  білімді  адамдар  мен  техника 

ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды 

жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет