Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет22/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 

2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Астана, 2016 жыл 

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012  - 2016 жылдарға 

арналған ұлттық іс қимыл 

жоспары


. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2012ж. 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген. 

3.  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  қолданылып  жүрген 

заманауи  педагогикалық  әдістер  және  технологиялар  мониторингі.  Әдістемелік  құрал  – 

Шымкент: 2015ж., - 125 бет. 

 

 



ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІҢ САПАЛЫ МАМАНДАРЫН  

ДАЙЫНДАУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ 

 

Абашева Перизат Алпысбайкызы  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ 

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» 

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.,  



Адилаева Алма 

«Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» 

кафедрасының аға оқытушысы  



Спанова Жанар Айдархуловна 

«Азимед» көпсалалы колледжінің орыс тілі пәнінің оқытушысы 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 



қабілеттілік»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауында:  Төртінші  басымдық–  адами  капитал 

сапасын жақсарту. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - 



147


 ~ 

 

білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына  айналдыру.  Оқыту 



бағдарламаларын  сыни  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен  іздену  дағдыларын  дамытуға 

бағыттау қажет- деп атап көрсетті [1]. 

Осы негізде,  «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске 

асырыла  бастауы  сөзсіз.  Қазіргі  таңда  қай  мемлекетте  өмір  сүрсе  де,  бір  кісі  егер 

жаҺанданған әлемнің азаматы болатын болса, көптеген ортақ қабілеттермен біліктіліктерге 

ие болуы керек. Бұндай негізгі қабілеттер қатарына: кем дегенде орта кәсіптік-техникалық 

білім алғанын растайтынын диплом, ақпараттық технологияларды  қолдана білу, виртуалды 

әлемде электронды ортада өмір сүре алу, ана тілін басқа жаһандық көлемде танылған шет 

тілінде  сөйлесе  алу-жаза  білу,  жаңа  істерге  ыңғайлылық  және  тез  бейімделу,  топпен 

жұмысқа  бейімділік  және  іскерлікті  жатқыза  аламыз.  Кәсіптік  және  техникалық  білім 

беруде  саланың  күтетіндері  мен  ХХI  ғасырдың  қабілеттерін  тандамастан  бұрын,  кәсіптік 

білімнің  өткенінен  қазірге  дейінгі  адам  өмір  сүретін  мекенімен  байланысын  құру,  осы 

қабілеттерді  жақсы  білу  үшін  маңызды  болып  табылады.  Адам  баласының  кәсіптік  және 

техникалық  білім  қажеттілігін  түсіну  үшін,  оның  технологиямен  танысуы  үдерісіне  назар 

аударалық.  Адам  баласы  техникалық  және  технологиялық  даму  барысында  ең    алдымен, 

қандай  да  бір  заттың  басқасынан  қатты  болатынын,  ол  заттың  басқа  заттардың  пішінін 

қалыптастыруға  себеп  болатынын  көрсете  білді.  Осы  жерден  бастап,  ісін  оңайлататын 

құралдарды жасап, оларды қажет тәсілдермен қолдануды қолға алды.  

Жарық  дүниеге  келген  әрбір  тұлға  жас  ерекшелігіне  сай  еңбектенеді.  Мысалы, 

сәбилер қимыл-әрекет жасауға, қасық пен ойыншықты ұстауға, еңбектеп, жүруге талпынса, 

ересек  жастағылар  ойын  еңбегімен  жетелейді,  бастауыш  мектеп  баласы  хат  тануға,  орта 

мектеп  оқушысы  ғылым  негіздері  бойынша  жалпы  білім  алуға  ұмтылады.  Ал  мектептен 

кәсіби  бағдар  алып  шыққан  түлек  кәсіби  білімін  одан  әрі  жалғастырады.  Осы  үрдістердің 

барлығын түйіндеп айтар болсақ, еңбектену, еңбек ету, кәсіптану жолы дейді екенбіз.  

Кәсіп  иесі  білікті  маман  ретінде  қалыптасып,  азаматымыздың  қоғамдық  тұлғасы 

сомдалады. Білім мен тәрбие беретін, түрлі кәсіптердің әліппесін үйрететін, әрбір азаматты 

еңбек  жолына  дайындаумен,  кәсіптік  білім  мәселелерін  зерттеп,  болжаумен  айналысатын 

оқу  орындары  мен  ғылыми  орталықтар,  қызмет  берушілер  мен  әлеуметтік  серіктестіктер 

жиынтығын үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесідейміз. 

Кәсіптік  және  техникалық  білім  беруді  дамыту,  білім  беруді  дүниежүзілік 

стандарттарға  сәйкестендіру  өте  маңызды  мәселе,  өйткені,  ішкі  еңбек  нарығы  жаңа 

ақпараттық  технологиялармен  қаруланған  кәсіптік  және  техникалық  білімі  бар  өз 

кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде. Инновациялық экономиканы құрастырудың 

қажетті шарты білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Оның басты факторы 

2011-2020  жылдарға  арналған  кәсіптік  және техникалық  білім  беруді  дамыту  Мемлекеттік 

бағдарламасы болып есептеледі. Кәсіптік және техникалық білім берудің заманауи үлгісін 

құру бағдарламасының жүйелік өзгешеліктерін негізі қаланды. Еңбек нарығы шарттарының 

өзгеруін  ескере  отырып  білікті  мамандар  дайындау  жүйесін  құрудағы  әлеуметтік 

серіктестіктердің  құрылымын  белсенді  пайдалану  қажет.Кәсіптік  білім  беру  саласында 

әлеуметтік  серіктестіктің  байланысы  арқылы  білім  алушылардың  таңдаған  мамандық 

туралы  түсініктерін  қалыптасады,  оқу  поцесінде  алған  теориялық  білімдерін  тәжірибеде 

пайдалану  дағдыларын  тереңдетеді,  өндірістік  жағдайда  өзбастақ   шешім  қабылдау  

іскерлігі қалыптасады. 

Қазіргі  кезде  әлемде  оқытудың  дуалды  жүйесі-техникалық  және  кәсіптік  мамандар 

даярлаудың  ең  тиімді  жолдарының  бірі  болып  табылады.  Нақты  өндіріс  жағдайларына 

бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық 

сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды 

дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі. Бүгінгі таңда еңбек 

нарығында  жоғары  білікті  мамандар  тапшылығы  ерекше  орын  алуда.  Қалыптасқан 

жағдайдың  негізгі  себепшісі,  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру  және  жүйедегі  мәселелер, 

яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды.Білім мен тәжірибені талап 


148


 ~ 

 

ететін  нақты  өндірістік  жағдайлардан  теориялық  білім  берудің  алшақтап  кетуі  болып 



табылады.  Қалыптасқан  жағдайда  теория  мен  практиканың  арасындағы  алшақтықты  жою 

мәселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді. Себебі білікті мамандармен қамтамасыз 

ету  –  бұл  жетістікке  қол  жеткізудің  кепілі.  Мұндай  жағдайда  жас  мамандардың  оқу 

үрдісінде алған білімдерін жүзеге асыру жоспарланатын кәсіпорын қызметінің ерекшелігін 

ескере отыру қосымша оқу, тәжірибеден өту, қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Бүгінгі 

күннің  болмысы  кәсіби  білім  жүйесі  алдында  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті  білікті 

мамандар  даярлау,  өз  мамандықтарын  жетік  меңгерген,  өз  мамандығы  бойынша  тиімді 

жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды 

даярлауды  талап  етеді.  Осыған  байланысты  қойылған  басты  міндет  -  мемлекеттік 

құрылымдардың  күшін  біріктіру,  жұмыс  берушілер  мен  оқу  орындарын  облыстық 

кәсіпорындар  мен  өнеркәсіптерді  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету  мәселесінде 

жұмылдыру.  Дуалдық  жүйе  бойынша  оқыту  білім  алушылардың  кәсіби  біліктер  мен 

дағдыларды,  іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына 

мүмкіндік  беріп,  түрлі  жүйелердің  –  білім,  ғылым,  өндірістің  –  өзара  байланысын,  өзара 

әсерін,  өзара  кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын 

арттыратындығы  сөзсіз.  Техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің  кадрларын  даярлау 

елдің  тұрақты  экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ететін  орта  буынды  кәсіби  мамандар 

даярлау  үшін  негіз  қалайды.  еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму  міндеттері 

ауқымының  жедел  қаркынымен  өсуіне  байланысты  техникалық  және  қызмет  көрсету 

еңбегінің  кадрларын  даярлауда  сапалы  ұмтылыстың  қажеттілігі  туындап  отыр.  Осыған 

байланысты  елімізде  заман  талабына  сай  білімді,  озық  технологияларды  жетік  меңгерген, 

кәсіби  білікті  жұмысшы  мамандар  даярлауда  техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу 

орындарында үлкен міндеттер мен талаптар жүктелеліп отырғаны белгілі [2]. Техникалық 

және  кәсіптік  білім  беру  ұйымдары  индустриялық-инновациялық  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты 

білімді,  білікті,  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау  олардың  әлеуметтік,  кәсіптік,  өзіндік 

жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.   

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, 

іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына  мүмкіндік 

беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысы мен әсерін, енгізілу 

тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады. 

Әлемдік  тәжірибеге  қарағанда,  білім  берудің  дуалды  жүйесі  мамандардың  кәсіби 

дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады. Оқу үрдісіне дуалды білім 

беру жүйесін сәтті енгізу келесі мәселелерді шешуге мүмкіншілік береді:  

- талапкерлердің кәсіби өзін өзі билеуі; 

-  оқу  мекемесінің  тартымдылық  беделінің  артуы,  студенттер  контингетінің 

жоғарылауы;  

-  оқушылардың  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  бағдарламалар,  элективті 

(икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу; 

 -  мамандықты  тереңірек  ойланып  таңдауға,  социализация,  тапқырлық  пен 

шығармашылыққа бейімдейтін біліктіліктің дамуы; 

 -  дуалды  жүйе  бойынша  оқытылатын  тұлғаның  қажетті  біліктілік  пен  еңбек 

дағдыларына, кәсі- би білімге ие болып еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуы;  

- бітірушілерді дайындау деңгейінің жоғарылауы;  

- бітірушілерді жұмысқа орналастыру, жұмыссыздықтың қысқаруы; 

- бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі;  

-  білім  беру  мекемелерінің  жобаларды  жүзеге  асыру  кезеңдерінде  қосу  арқылы 

кәсіпорындар- мен өзара әрекеттесу аясын кеңейту;  

-  білім  беру  мекемелерінің  бәсекелесуге  қабілеттілігін  жоғарылату.  Бұл  мақсатқа 

жетудің  негізгі  сапалы  білім  беріп,  дұрыс  жолға  бағыттаушы,  оның  кәсіби  жетілуі  үшін 

қажетті жағдайларды жасаушы – өз пәнін жетік білетін, кәсіби дағдылары, педагогикалық 


149


 ~ 

 

дарыны бар, жаңашылдыққа ұмтылатын, өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар  мен 



оқу өндірістік шеберлері. 

Дуалдық  жүйе  дегеніміз,  білімгер  -  түлектер  білім  алумен  қатар,  кәсіпорындарда 

жұмыс  істеуді  бастайды.  Оқуды  бітіргенде  бұл  білімгерлер  сол  кәсіпорынның  жұмыс 

ерекшеліктерімен  және  қондырғы-құрылғыларымен  толық  танысып,  сол  кәсіпорынға 

орналасуға мүмкіндік алады. 

Дуалдық жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды, 

іскерліктерді  тікелей  жұмыс  орнында  меңгеріп,  жан-жақты  кәсіби  дамуына  мүмкіндік 

беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін, өзара 

кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыратындығы 

сөзсіз. 


 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  үшінші 

жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»    атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы.  Астана, 

ақпан, 2017ж. 

2.Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақстан  жолы  -2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ». 17 қаңтар, 2016ж 

3.  «Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамытудың  жолдары»,  Білім  беру  мекемесі 

басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж; 

4.  Жолдасбекова  С.А., Нуржанбаева  Ж.О.  Дуальді  оқыту  жүйесін  ендіру  арқылы  колледж 

студенттерінің  еңбек  құндылығын  қалыптастырудың  мәні.  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 

педагогикалық  университетінің  70-жылдық  мерейтойына  орай  «Сапалы  білім  беру  мен 

ғылымды  дамыту  –  заман  талабы»  атты  Халықаралық  форум  материалдары.  306-308б. 

Алматы қаласы, 15 қыркүйек 2014ж. 

 

 



ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

Ибраимова Зеине Байменовна 

«Өрлеу»БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша ПҚБАИ 

«Басқару және білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, 

Дуйсенова Бибиажар Батыровна 

№13 мемлекеттік қазыналық коммуналдық колледжі әдіскері

Сарыағаш ауданы, ОҚО 

 

Жай мұғалім – хабарлайды, 



Жақсы мұғалім – түсіндіреді. 

Керемет мұғалім – көрсетеді, 

Ұлы мұғалім – шабыттандырады. 

Уильям УОРД. 

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру 



жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім 

беруді 

ақпараттандыру, 

халықаралық 

 ғаламдық 

коммуникациялық 

желілерге шығу»[1]  деп  атап көрсеткен. 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  халыққа  жолдаған  жолдауында  «  Біздің  міндет  жаңа 



технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге 

қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды. 

Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, 

өркениетке  жету  үшін  жан  –  жақты  дамыған,  рухани  бай  тұлғаны  өсіру  керек.  Жас 

ұрпақтың бойындағы қабілетін көру,оны жетілдіру ізденгіштік қасиетін дамыту мұғалімнің 



150


 ~ 

 

сабақ берудегі ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов « Сабақ беру 



үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»-  деген,  яғни  оқу 

үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын 

жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. 

Жаңа  технологияның  басты  мақсаттарының  бірі  баланы  оқыта  отырып,  оның 

еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыру,  өз  бетінше  шешім  қабылдауға  дағдыландыру. 

Инновациялық технологияны пайдалану — өмір талабы. 

Қазіргі  пән  оқытушыларының  негізгі  міндеті  —  білім  беруді  нәтижеге  бағыттау,  яғни 

инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені баршамызға мәлім. 

Жаңа  нәтижеге  бағытталған  білім  —  инновациялық  білім.  Құзіреттілік  білім  беру 

жағдайында  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік,  экономикалық  сұранысты  қанағаттандыратын, 

әлемдік  бәсекеге  төтеп  бере  алатын,  теориялық  білімін  кез  келген  жағдайда  өз  іс-

тәжірибесінде пайдалана алатын білім. 

Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін 

дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа 

жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 

бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  —  біріншіден,  оқытушы  ұтады,  яғни  ол 

сабақты  тиімді  ұйымдастыруға  көмектеседі,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы 

артады,  екіншіден,  оқушы  ұтады,  себебі  оның  тақырып  бойынша  танымы  кеңейеді. 

Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы 

тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . 

“Инновация”  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар 

берген.  Мысалы,  Э.Раджерс  инновацияны  былайша  түсіндіреді:  “Инновация-  нақтылы  бір 

адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс  “Инновация  – арнайы  жаңа өзгеріс.  Біз одан 

жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. 

 «Инновация»  ұғымының  (латынша  inovatis)  аудармасы  жаңалық,  жаңаша, 

жаңалықты енгізу деген мағынаны білдіреді. 

Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама  берген  ғалым 

Немеребай  Нұрахметов.  Ол  “Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп  отырғанымыз  –  білім 

беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір 

бөлек  қызметі”  деген  анықтаманы  ұсынады.  Н.Нұрахметов  “Инновация”  білімнің 

мазмұнында,  әдістемеде,  технологияда,  оқу-тәрбие  жұмысын  ұйымдастыруда,  мектеп 

жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта 

жаңарту  кеңістігін  бірнеше  түрге  бөледі:  жеке  түрі  (жеке  –  дара,  бір-бірімен 

байланыспаған);  модульдік  түрі  (жеке  –  дара  кешені,  бір-бірімен  байланысқан);  жүйелі 



түрі (мектепті толық қамтитын). 

Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге 

болады. 

Модификациялық  инновация  –  бұл  бұрын  қолда  барды  дамытумен,  түрін  өзгертумен 

айналысу.  Бұған  В.Ф.  Шаталовтың  математикаға  жазған  тірек  конспектісі  жэне  оны 

көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады. 

Комбинаторлық  модификация  –  бұрын  пайдаланылмаған,  белгілі  әдістеме  элементтерін 

жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. 



Радикалдық  инновация   –  білімге  мемлекеттік  стандарттарды  енгізу  жатады.  Мемлекеттік 

стандарт  білім  беруде,  негізінен,  мөлшерлерді,  параметрлерді,  деңгейлік  және  сапалы 

оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. 

Мұғалім үшін оқытумен тәрбиелеудің тұлғалық бағдарлық мәселелері оқушы деңгейіндегі 

ғылыми  жобалардың  жасақтап  оны  жүзеге  асыру  әдістері,  оқушының  жеке  тұлғасын 

дамытуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық  технологияларды  таңдау  тәсілдері,  оқытудың 

негізгі бөлімдері ретінде қарастырылады. 

Мұғалім  ақпараттанушы  емес,  оқушының  жеке  тұлғалық  және  интеллектуалды 

дамуын  жобалаушы,  қазіргі  уақыт  талабы  мұғалімнен  жоғары  құзырлылықты, 


151


 ~ 

 

ұйымдастырушының  қабілеттілігін,  оқушыларды  қазіргі  қоғамның  түбегейлі  өзгерістеріне 



лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Қазіргі 

заманғы  білім  беруге  қойылатын  басты  талап-оның  сапасын  aрттыру.  Жеке  тұлғаны 

қалыптастыруды  дамыту  мен  оған  жан-жақты  терең  білім  беру  мақсатында  баланы  оқыта 

отырып,  оның  еркіндігін,  белсенділігін  қалыптастыра  отырып,  өз  бетінше  шешім 

қабылдауға  дағдыландыру  жолында  неғұрлым  тиімді  шараларын  енгізу-бүгінгі 

ұстаздардың жауапты істері болуы керек. 

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына 

мүлде  жаңа  міндеттер  қойып  отыр.Заман  талабына  сай  білім  беру  -  бұл  оқушыларды 

адамгершілік,  интеллектуалды,  мәдени  дамудың  жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз 

етуге  бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның  тиімділігі  мен 

сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының 

қабілеті  мен  бейіміне  негізделген  оқытудың  таңдамалы  белсенді,  қарқынды  әдістеріне 

көшуді  талап  етеді.  Ондағы  негізгі  мақсат  -оқушының  барлығын  және  әр  біреуін  жақсы 

оқыту болып табылады. 

Мұғалімдердің  мақсаты-оқытудың  барлық  компоненттерін  пайдалана  отырып, 

оқушыға  жалпы  орта  білім  деңгейінде  терең  білім  беру  және  оқушылардың  кәсіби 

біліктілігін арттыру. Ол үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және 

білім  беру  технологияларын  пайдалану.  Мұндай  технологиялар  қатарына  «Оқу  мен  жазу 

арқылы сыни тұрғыдан ойлау» (СТО) бағдарламасы, М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту 

технологиясы»,  Е.И.Пассовтың  «Коммуникативтік  технологиясы»,  Ж.А.  Қараевтың 

«Деңгейлік  саралау  технологиясы»  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Модуль-оқушының 

мазмұнды,  оқу  әдісін  өз  бетінше  игеру  деңгейі  мен  оқу  таным  әрекетіне  сай  жеке  оқу 

бағдарламасы.  

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы: 

1.Оқытудың жалпы мақсатын қою

2.Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 

3.Оқушылардың алдын-ала білім деңгейін бағалау оқу әрекетінің жиынтығы; 

4.Нәтижесін бағалау. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  бір  ерекшелігі  оқушылардың  танымдық 

қызметін арттырады. Әрбір оқушылардың әр сабақта үш күрделірек деңгейде берілген оқу 

материалын  таңдау,  жазу,  көру,  айту  мүмкіндігі  болатындай  етіп  құрылады. 

Тапсырмаларды  қарапайымнан  күрделіге  қарай  кезең-кезеңмен  орындау  міндетті  емес. 

Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Сонымен бірге бұл 

технология  бойынша  тұлғаның  психологиялық  қасиеттері,  оның  жеке  өзіндік  өзін 

қанағаттандыратын  қызметі  сабақ  барысында  қалыптасады.  Оқушыны  оқыту  мен  дамыту 

өзара күрделі процестер. 

Баланың  тұлғалық  психологиялық  қасиеттерінің  қалыптасуы,  яғни  танымдық 

қызметтің  өзінен  оқушы  жағымды  эмоциялар  алатындай  етіп  ұйымдастырылған  жағдайда 

ғана «тұлғаның дамуы» іске асады. Бұл үшін әр мұғалім сабақта әр балаға психологиялық 

қолдау көрсетіп жайлы орта туғызуы керек. 

К.Роджерстің  пікірінше,  мұғалім  балаға,  ондай  жағдайлар  жасау  үшін  келесі 

қағидаларды басшылыққа алу тиіс. 

1.Балаға үнемі сеніммен қарау; 

2.Оқушыларға оқытудың міндеттері мен мақсатын белгілеп, нақтылауға көмектесу; 

3.Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беру; 

4.Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан 

кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы; 

5.Өзін-өзі жақсы білуі тиіс. 

Бұл  технологияның  тағы  бір  ерекшелігі  дарынды  балалармен  тұрақты  және  жүйелі 

жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. 



152


 ~ 

 

Оқу модулі үш циклі ретінде үш құрылымды бөліктен кіріспеден, сөйлеу бөлімінен 



және қорытынды бөлімінен тұрады. 

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол 

тақырыпқа  тақырыптар  тобына   немесе  тарауға  бөлінген  сағат  санына  байланысты. 

Модульдік кіріспе және қорытынды бөлімдеріне 1-2 сағат беріледі де, қалған уақыт сөйлесу 

бөліміне бөлінеді. 

Кіріспе  бөлімінде  мұғалім  оқушыларды  модульдің  жалпы  құрылымымен, 

міндеттерімен таныстырады да оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын 

қысқаша  (10-20минут  ішінде)  сызба,  кесте  және  т.б.  (белгілермен)  белгілік  үлгілермен 

түсіндіреді. 

Сөйлесу  бөлімінде  танымдық  процесс  сыныпта  2-6  адамнан  шағын  топтарға  бөлу 

арқылы  негізінен  оқушылардың  өзара  әрекет  етуіне  құрылған.  Оқытуды  ойын  түрінде 

ұйымдастыру  және  әртүрлі  белсенді  формаларды  (топтық,  топтық-жеке,  жұппен  жұмыс, 

пікірталас) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. 

3-4  сағаттардан  бастап  оқушыларға  стандарт  талаптарына  сай  сараланған 

тапсырмалар  беріледі.  (ІІІ  және  ІІ  деңгейлер)  І  деңгей  тапсырмалары  дарынды  балаларға, 

яғни шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар болып табылады. 

Оқушылар қандай да бір деңгейдегі  тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай 

кезең-кезеңімен  орындауға  міндетті  емес,  оқушы  тапсырманы  өзінің  мүмкіндігіне  қарай 

талдауға ерікті. 

Сөйлеу  бөлімінің  тағы  бір  ерекшелігі,  оқытудың  белсенді  және  ойын  формаларын 

кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін-қайта 

оралып,  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  технологияның  маңызды  шарты  – 

оқушылардың  кез-келген  ғылыми  көздерді,  оқулықтарды,  оқу  құралдарын  пайдалануына 

болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы көмекші,кеңесші ретінде мұғалімнен жедел және 

кеңес ала алатындығы. 

Оқу  модулінің  қорытынды  бөлімі-бақылау.  Оқушы  білімін  бақылаудың  формалары 

ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ және т.б. оқу пәнінің ерекшелігіне 

орай қолданып, осы бөлімде беріледі. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  нәтижесінде  мынадай  жетістіктерге  қол 

жеткізуге болады: 

1. Уақыт үнемделеді; 

2. Сабақтың сапасын көтереді

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді; 

4.  Оқушылардың  белсенділігі  мен  қызығушылығы  артады,  сондықтан  оқу  үлгерімі 

көтеріледі; 

5. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп тірек-сызба арқылы беру; 

6.  Жаңа  тақырып  бойынша  алған  білімдерін  бекіту  арқылы  еске  түсіріп,  үнемі  қайталап 

отыру; 


7. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету; 

8.Оқушылардың бұрынан игерген білімдерін тереңдете түсу,білім деңгейлерін дәл анықтау. 

Модульдік  оқыту  технологиясы  мұғалімнің  алдында  тұрған  көптеген  мәселелерді 

шешуге көмектеседі: 

1.Жалпы білім сапасын жоғарылату; 

2.Сабақтың тиімділігін арттыру; 

3.Дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау; 

4.Оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау; 

5.Жеке тұлғалардың өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы. 

Қорытынды 

Қорыта айтқанда, модульдік оқытудың өзегі–оқу модулі. Оқу моделі ақпараттардың 

аяқталған  блогынан,  бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  үшін  берілген  оқытушының 

нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады 


153


 ~ 

 

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу 



мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз 

етеді[3]. 

Модульдік 

оқыту 


технологиясының 

жеке 


тұлғаның 

өз-өзін 


дамытуға, 

шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 

қалыптастыратын бірден-бір технология. 

Қорыта айтқанда, оқушыларға тілдік коммуникативтік білім беруде М.М.Жанпейісованың 

модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде  өте  жоғары  деңгейде. 

М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады. [2] 

Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол  

жеткізуге болады: 

1. Уақыт үнемделеді. 

2. Сабақтың сапасын көтереді. 

3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады. 

4.Оқушылардың  белсенділігімен  қызығушылығын  арттырады,  сондықтан  оқу  үлгерімі 

көтеріледі. 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет