Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет26/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67

Бірінші кезеңде - белсенді оқу әрекеттеріне оқушылардың ынта-ықыласын туғызу, 

қызығушылығын  ояту,  өткен  материалды  қайталау;  жаңа  тақырып  төңірегіндегі  бастапқы 

білім деңгейлерін анықтап, өзара ұштастыру; белсенді ойлау әрекетін ұйымдастырып, жаңа 

білім жөнінде болжау жасау;  



Екінші  кезеңде  –  тілдік  тақырыптың  өзіндік  белгілері  мен  ерекшеліктерін  талдау 

арқылы көп деңгейлі ойлауға қол жеткізу; салыстыру, зерттеу, бақылау арқылы гипотезаны 

дәлелдеу; ой түйін жасап, белгісіз сұрақтарға жауап табу, анықтаманы айқындау; 

Үшінші  кезеңде  жаңа  білімді  қолдану,  өнімді  ойлау  әрекеттеріне,  нәтижеге  қол 

жеткізу; тілдік тапсырмалар, жаттығулар, өзіндік жұмыстар орындау арқылы ой алмасу, ой 

түйістіру;  танылған  жаңа  түсінік,  ой-толғауларының  нәтижесін  байқау  мақсаттары 

белгіленеді. 



Мысалы:  сан  есімді  оқыту  үрдісінде  жоғарыда  аталған  әдісті  қолдана  отырып, 

оқушылардың  сыни  ойлауын  дамыту  барысында,  сабақты  төмендегі  тәртіппен  өткізуге 

болады. 

Сабақты ұйымдастыру барысында топ оқушылары «Санамақ» ретімен төрт топқа 

бөлінеді, топтарға «Бірліктер», «Ондықтар», «Жүздіктер», «Мыңдықтар»  деп ат қойылады. 



Бірінші  –  ізденіс  кезеңінде  үйге  берілген  тапсырманы  тексеру  мақсатында  4  топқа 

да  материалдар  таратылады,  тақырыпқа  байланысты  әр  топқа  мәтіндер  беріледі:  «Бірлік» 

тобына  -  «Тайқазан»,  «Ондық»  тобына  –  «Жақсы  мен  жаман»,  «Жүздіктер»  тобына  – 

«Ақсүйек», «Мыңдықтар» тобына «Екі соқа» мәтіні. Ұсынылған мәтіндер бойынша келесі 

тапсырмалар орындалады: 

1.  Берілген  мәтіндегі  сан  есімдерді  тауып,  оларды  өздері  тіркескен  сөздерімен 

көшіріп жазып, тапқан сан есімдерді құрамына қарай талдаңыздар. 

2. Мәтіннен сан есімдерді тауып, олардың қалай жасалғандығына қөңіл бөліңіз, сан 

есімге фонетикалық талдау жасаңыз. 

3. Мәтіндегі сан есімдердің мағынасын түсіндіріңіздер. 

4.  Мәтін  бойынша  өз  ойларыңызды  қысқаша  баяндаңыздар,  сан  есімдерді  тауып, 

жасалу жолына қарай талдаңыздар. 

Тапсырмалар  орындалған  соң,  оқушылар    жалпы  есеп,  сан,  рет,  реті,  реттік 

сөздерінің  мәні  айтқызылады.  Әр  топ  өз  ойын  қорытады  және  қорғайды.  Оқушылар  өз 

болжамдарын айтып, пікір алысады. 

Екінші – жаңа білімді игеру кезеңінде оқушыларға төмендегі кесте ұсынылады. 

                               Ішіне                                   Сыртына 

Келтірілген  мысалдардан  есептік  сан  есімнің  басқа  сан  есімнің  түрлерін  жасауға 

ұйтқы екендігін өздері дәлелдейді. 

Үшінші  –  тәжірибелік    дағды  қалыптастыру  кезеңінде  оқушылар  ауызша  және 

жазбаша тапсырмаларды орындайды. 



173


 ~ 

 

Сабақ қорытындыланып, белсенділік танытып, жақсы қатысқан оқушылар балдық 

жүйемен бағаланады. Үйге «Менің ғұмырнамам» тақырыбына есептік, реттік сан есімдерді 

қатыстырып, шағын өмірбаян жазып келу тапсырылады. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің    интеллетуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына,  өзін-өзі 

дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  игі  әсерін  тигізеді,  сондай-ақ  тілді 

оқыту  үрдісінде  оқушылардың  білім  қорын  молайтуға,  белсенділіктерін  арттыруға, 

шығармашылық  қабілеттерін  жетілдіруге  көмектеседі.  Оқушылар  өз  тәжірибелерін  бір-

бірімен, мұғаліммен қарым-қатынас жасау арқылы толықтырады. 

Халқымыздың  рухани  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы  «Мұғалім  әдісті  көп  білуге 

тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»,  - дегені  әр 

мұғалімнің  жадында болуға тиіс. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Беспалько В.П. Слагаемое педагогической технологии. - М.: «Педагогика», 1989. 

2. Выготский Л. Образование. – Москва, 2000. 

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.- 

Алматы, 2002. 

 

 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ 

ПАЙДАЛАНУ 

 

Cадыкова Гулайм Абиовна  

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы 

ОҚО, Шымкент қаласы 

Әріпжан Улжан Жоянқызы 

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,  

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  дамыту  тұжырымдамасында  орта 

білім  берудің  мақсаты  –  жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние  жағдайында  алынған  терең 

білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз 

бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұлғасынан  жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке 

тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. 

«Надан  жұрттың  күні  –қараң,  келешегі  тұман»,-деп  М.Дулатов  айтқандай,  егеменді 

еліміздің  тірегі-білімді  ұрпақ.  Сусыз,  құрғақ,  таса  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні 

сияқты,  жас  ұрпақтарымызды  тәрбиелемесек  өспейді,  өнбейді.  Қазіргі  білім  беру 

ордаларында мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық 

білім  дағдыларын  қалыптастыру.  Жаңа  заман  ағымына  сай  білім  саласында  жаңа 

технологиялар  қолданудың  маңызы  зор.  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  орта 

білім берудің басты мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және 

саяси  өміріне  белсене  қатысуға  дайын  бәсекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  деп  атап 

көрсетілген,  сондықтан  оқу  тәрбие  үрдісінің  алдында  тұрған  негізгі  міндет  табысты  және 

тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс - әрекетін өмір сүріп отырған 

қоғам  үшін  жауапкершілігін  түсінуге  қабілетті  отбасындағы,  қоғамдағы,  ұжымдағы 

әлеуметтік  рөлін  сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру.  Оқушылардың  бойында 

шығармашылық іс-әрекетті, ізденімпаздықты қалыптастыру, жүйелі қортынды жасай білу, 

дәлелді  пікір  айту  іскерлігін  арттыру,  оқу  материалдарын  сараптау,  талдап  салыстыру 

іскерліктерін  үйрету  қажеттілігі  туындайды.  Заман  талабына  сай  білім  беру  –  бұл 

оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін 

қамтамассыз  етуге  бағытталған  тәрбие  беру  мен  оқытудың  үздіксіз  үрдісі  десек,  оның 


174


 ~ 

 

тиімділігі  мен  сапасын  арттыру  мұғалімнен  оқу  процесінің  ғылыми  теорияға  негізделген 



және  оқушының  қабілетімен  бейіміне  негізделген  оқытудың  таңдамалы,  белсенді, 

қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын және 

әр  біреуін  жақсы  оқыту  болып  табылады.  Білім  беру  жүйесінің  негізгі  бөлшегі  –  оқушы, 

оқушылар  тобы,  топ,  білім  беру  ордасы  болса  білім  сапасы  баспалдақтардың  әр  бір 

буынына  байланысты  біз  білім  беру  сапасын  жақсартудың  жолдарын  анықтауға 

тырысамыз. Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол 

деп саналатын пәндердің бірі – математика. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, 

олардың  өздерінің  алған  білімдерін  өмірде  қолдана  білуге  және  арнайы  дамытуға 

тәрбиелейтін  –  мұғалім.  Мұғалімнің  бүкіл  өмір  жолы  жақсылық  пен  адамгершілікке, 

өнегелі рухани борышқа толы. Мұғалімдердің мақсаты – оқытудың барлық компоненттерін 

пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру. Әрбір оқушыны 

жан-жақты  білімді  етіп  тәрбиелеу  –  әр  мұғалімнің  негізгі  міндеті.  Математика  –  ерекше 

құдіретті  ғылым.  Қазіргі  заман  –  математика  ғылымының  өте  жан-жақты  тараған  кезеңі. 

Математиканы  оқытудың  мазмұнын  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  технологияларды  тиімді 

пайдалану  қажет.  Қазіргі  ақпараттық  технологияның  озық  жетістіктерін  математика 

сабағында  қолдану  арқылы  танымдылық  іс-  әрекеттерін  ұйымдастыра  отырып 

оқушылардың  құзіреттілігін  дамытуға  болады.  Жаңа  технологиялар  мұғалімнің  жүйелі 

жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді.  Ақпаратты  оқыту  технологиясының  бүгінгі  күні 

интрактивті  тақта  ерекше  орын  алып  отыр.  Оқушы  интерактивті  тақтамен  жаңа 

материалдарды  арнаулы  программамен  мүмкіндігінше  пайдалана  алады.  Ондағы  мақсат  – 

оқушының  өзінше  ойлау  қабілетін  арттыру  және  қәзіргі  заманғы  интерактивті  тақтамен 

жұмыс  істеуге  үйрету.  Жаңа  технологиялар  оқушының  шығармашылық  белсенділігімен 

өзіндік  танымдық  қызметін  ұйымдастырушы  болады.  Математиканы  оқытудағы  негізгі 

талап  –  оқушыға  есептер  шығара  білу  жолдары  мен  тәсілдерін  үйрету.  Интерактивті 

тақтамен  сабақ  берген  кезде  мұғалім,  шәкірт  және  интерактивті  тақтамен  қарым-қатынас 

жүргізіледі.  Мұнда  компьютер  ойыны  үрдістері  арқылы  қозғау  салып,  шәкірттердің 

құзіретілігін  дамытуға  әсер  етеді.  Ең  алдымен  оқушының  ойлау  қабілеті  мен  білімін 

арттыруға  үйретемін.  Сонан  соң  оқушы  кейінгі  және  бүгінгі  өмірді  салыстырмалы  түрде 

тани  білуге  тырысады.Математика  сабағында  оқушылар  өз  бетінше  жұмыс  жасау 

дағыдыларын  дамыту,  баға  жетпес  құндылықтардың  бірі.  Жаттығуларды  өз  бетінше 

тексеріп,  қорытынды  жасай  білетін  тұлға  қалыптастыру  мақсатында  жаңа  технологиялар 

әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білеміз. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау 

технологиясының  әр  түрлі  стратегияларды,  жаңа  ақпараттық  технологияларды, 

(интерактивті  тақтаны)  қолдана  отырып,  өз  бетінше  жұмыс  істеу  факторы  –  есептерді 

шығара  білу,  шапшаңдылық,  шеберлік  дағыларын  ұйымдастыра  отырып,  оқушылардың 

құзыреттілігін  арттыру  арқылы  шығармашылықтарын  дамыту.  Мұғалімнің  білімі  –  оның 

негізгі  құралы,  білімсіз  мұғалімнің  бір  сарынды.  Леонардо  да  Винчи  «Сүйкімді  асты 

қабылдаудың  еш  жағымды  әсер  болмайтыны  тәрізді,  ынтасыз,  зердесіз  білім  қабылдауда 

ақыл  ойды  тоздырады,  айтылған  ақпараттар  бойға  сіңбейді,  жақсы  тәрбиелі  ұрпақ 

қалыптаспайды»  –  деген  еді.  Яғни  оқушыларды  тәрбиелеу  мұғалімнен  басталады.  Білім 

беруді  ақпараттандыру  –  бұл  ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  құралдарын 

білім  беру  саласына  қолданудың  методологиялық  және  тәжірибелік  құндылықтарын 

зерттеп,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  психологиялық  және  педагогикалық  мақсаттарына 

бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі: білім 

беруді  ақпараттандыру  процесі  жағдайында  жеке  тұлғаның  интеллектуальдық,  қоғамдық, 

экономикалық,  коммуникациялық  және  ақпараттық  сияқты  іс-әрекеттерін  түрлі  салаларға 

қолдану  арқылы  құзырлықтарын  қалыптастыру  негізгі  талаптардың біріне  айналады.  Енді 

біз  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлық  дегеніміз  не?  Деген  сауалға  жан-жақты 

тоқталайық.  «Құзырлылық» ұғымы латын тілінен  «сотрею» аударғанда  «жасай алу» деген 

мағынаны  білдіреді.  ЮНЕСКО  глоссарийінде  мынадай  анықтама  берген:  Құзырлылық  – 

бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді 


175


 ~ 

 

тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры 



Г.Вайнер  құзырлылықты  адамның  белгілі  бір  әрекеттер  аймағына  сәйкес  бағыттылығы 

ретінде  қарастырады.  Ал  белгілі  ғалым  М.М.Чошанов  құзырлылықты  білім,  білік, 

дағдының  өзара  байланысы  деп  қарап,  оның  төмендегідей  формуласын  ұсынады:  білімді 

қолданудың жылдамдығы әдістердің оралымдылығы ойлаудың сынаулығы. 

 Аталған  анықтамадан  кейін  ақпараттық  құзырлылық  дегеніміз  не?  анықтамасына 

тоқталайық. Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді 

шешуде  ақпараттық  -  коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты 

қолдану  қабілеті.  Әдебиеттерде  «ақпараттық  құзырлылық»,  «компьютерлік  құзырлылық» 

терминдері  жиі  кездеседі.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологияның  жеделдетіп 

дамуына  байланысты  «ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық»  деген  терминді 

қолдану  тиімді.  Ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық  –  бұл  адамдардың  кез  келген 

проблема 

мен 

міндеттерді 



компьютермен, 

ақпараттық 

құрылғылармен 

және 


телекоммуникациямен шешу қабілеті. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі 

мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл 

алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін 

жағдайларда  өз  еркіндігіңді  шектей  білу.  ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан 

адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық  қажет.  Қазіргі  кезде  республикалық  білім  беруді 

ақпараттандыру  ғылыми  әдістемелік  орталығы  (РБАО)  негізінен  білім  жүйесінің  барлық 

сатылары  үшін  электрондық  оқулықтар  жасаумен  шұғылданып  келеді.  Мұғалім  үшін 

электрондық  оқулық  бұл  күнбекүн  дамытылып  отырған  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе, 

оны  оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірбиесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып,  әрі 

қарай  жетілдіре  алады.  Мұғалімнің  және  оқушының  шығармашылық  жұмыстарының 

ғылыми  деңгейін  қалыптастыруда,  жаңа  құндылықтар,  ізденістер  жасау,  үздіксіз  процесс 

болу қажет. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен 

алуы  және  алған  білімдерін  қажетіне  қолдану  болып  табылады.  Заман  талабына  сай  жаңа 

технология  әдістерін  тиімді  пайдалану,  бағыт-бағдар  беруші  –  мұғалімдерміз.  Осы 

үдеріспен  бәсекеге  қабілетті  дамыған  елдердің  қатарына  ену  ұстаздар  қауымына  зор 

міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем!  



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасында  білімді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

бағдарламасы. Астана, 2004ж. 

2. Ақпараттық  технологияларды сабақта қолдану М.Ғалымжанова Информатика негіздері. 

№3, 2006 ж. 

3. Қашықтықтан оқыту технологиясы Ү.М.Бекеш-Білім- Образование 2006ж. 

 

 

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 



МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Жангабулова Анар Асылханқызы 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы

Шымкент қаласы, ОҚО 

Оспанкулова Фатима Жәнібекқызы 

№10 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 

Кентау қаласы, ОҚО 

 

Қазіргі  таңда  Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  Қазақстандық 

білім  беру  жүйесі  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  педагогика 

теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр:  білім 



176


 ~ 

 

беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-



қатынас пайда болды. 

Білім  -  қоғамды  әлеуметтік,  мәдени-ғылыми  прогреспен  қамтамасыз  ететін  ғажайып 

құбылыс,  адам  үшін  де,  қоғам  үшін  де  ең  жоғары  құндылық.  Оның  ең  негізгі  қызметі  - 

адамның  менталитетін,  адамгершілігін,  шығармашылық  қабілетін  қалыптастыру,  дамыту. 

Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің 

білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. 

Қазіргі таңдағы білім саласының маманы  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті,  кәсібі 

жоғары  мәдениетті,  оқытудың  инновациялық,  ақпараттық  және  денсаулық  сақтау 

технологияларын  жетік  меңгеруі  тиіс.  Қай  елдің  болсын  өсіп  -  өркендеуі,  әлемдік  ортада 

өзіндік  орын  алуы,  оның  ұлттық  білім  жүйесінің  қалыптасуына,  даму  бағытына,  қазіргі 

таңдағы  әлемдік  оқу  үрдісінің  өзегі-жаңа  технологияларды  жетік  меңгеруіне  тікелей 

байланысты  болмақ.  «Білім  –  теңіз,  мектеп  –  кеме»,  -  деген  қанатты  сөз  кез-келген 

азаматтың  саналы  өмірін  қалыптастыратын  алғашқы  алтын  босағасы,  білім  ордасы- 

мектептің  қоғамдағы  орны  мен  ролін  айқындап  тұрса,  Ел  басы  Н.Ә.Назарбаев:  «Бәрі  де 

мектептен  басталады»  -  деп  мектептің  қоғамдағы  орнын  ерекше  бағалады.  Ұстаз 

мамандығы-  киелі  мамандық,  олай  болса,  мамандық  таңдау  барысында  болашақ  ұстаздық 

мамандығына жүрек қалауымен, өзіндік қабілеті мен биімділігіне қарай таңдаса ғана өзіне 

жүктеген  жауапкершілік  биігінен  көрінері  хақ.    Қазіргі  замандағы  ұстаз  алдындағы  басты 

міндет  XXI  ғасыр-  білім  ғасырының  есігін  еркін  ашып  кіретін,  дүниежүзілік  мәдениетті 

танып,  ұлттық  төл  мәдениетті  қастерлей  білетін,  рухани  жан  –  дүниесі  бай,  ой-өрісі 

дамыған жоғары білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Я.А.Коменскийдің 

«Сен  ешбір  жаңа  нәрсе  меңгермеген  және  өзінің  біліміңе  ештеңе  қоспаған  осынау  күнді 

немесе  сағатты  бақытсыз  сана»  деген  нақылы  мен  Филлердің  «Бойыңда  білімің  бар  екен, 

одан  басқаларда  өз  шырақтарын  жағып  алардай  жағдай  туғыз»  -  деген  қағидалары  қазіргі 

уақытта  да  маңызды  болып  отыр.  Бүгінгі  таңда  білім  берудін  озық  технологияларың 

меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты болу мүмкін емес. 

Қазіргі  мұғалім  қоғамдағы  болып  жатқан,  тез  өзгеріп  тұратын  әлеуметтік  – 

экономикалық,  педагогикалық,  ғылыми  өзгерістерге  тез  төселгіш,  жаңаша  ойлау  жүйесін 

меңгерген,  жеке  шығармашылық  кәсіби  түрде  оқушылармен  тез  ортақ  тіл  таба  алатын, 

педагогикалық  үрдісте  жүйелі  бағыттармен  жұмыс  істей  алатын,  шәкіртінің  жанына  нұр 

кұятын  ұстазды  ғана  бүгінгі  күннің  лайықты  тұлғасы,  яғни,  «Жаңа  формация  мұғалімі» 

деуге болады.  

«Білім  негізі  –  бастауышта»  демекші,  білім  берудін  алғашқы  сатысы  –  бастауыш 

білім.  Баланы  бастауыш  сыныптан  бастап  шығармашылық  ойлауға,  өз  бетіне  шешім 

қабылдай  алуға,  практикалык  әрекеттерге  дайын  болуға,  оларды  шығармашылық  бағытта 

жан-жақты  дамыту-бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Әр  мұғалім  шығармашылықпен  жұмыс 

істеген  жағдайда  ғана  еліміздін  саналы,  дарынды  азаматтарын  тәрбиелеп  шығаруға 

мүмкіндік бар. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге 

еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңару үрдістерін 

қызу  қолдап  жаңалықтарды  жылдам  қабылдап,  оларды  практикада  қолдануда  үлкен 

белсенділік  танытуда.  Мысалы:  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  «Дамыта  окыту», 

Ж.Қараевтың  «Деңгейлеп  саралау»  технологиясы,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік 

оқыту»,  С.Н.Лысенкова  «Түсіндіре  басқарып  –  оза  оқыту»,  «Тәй-тәй»  бағдарламасы, 

Монтессори педагогикасы, Н.Зайцевтің әдістемесі, ӨТШТ т.б 

Дегенмен  қазіргі  кездегі  негізгі  талап  –  білімді  адамды  әлемнің  бүтіндей  бейнесін 

қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай 

алатын шығармашыл адамға айналу.   

Белгілі  кеңес  педагогы  М.Н.Скаткин  70-жылдардың  басында  былай  деп  жазған 

болатын:  «Негізінен  мұғалімді  өздерін  қалай  оқытса,  олар  басқаларды  солай  оқытады. 

Сондықтан егер біз мектеп практикасына оқытудың қандай да бір жаңа әдістерін енгізетін 



177


 ~ 

 

болсақ,  ең  жақсы  жол  -  бұл  әдістерді  ең  алдымен  мұғалімдерді  оқыту  барысында,  яғни 



олармен өткізілетін сабақтарда қолдану болып табылады».  

Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  негізінде  мектепке  дейінгі  білім  беру 

ұйымдары  мен  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  даярлығын  жоғары  оқу  орнының 

қабырғасында белгілі  бағдарламалау арқылы іске асырылады. 

Болашақ  мұғалімдерді  жоғары  оқу  орындарында  кәсіби-бағдарлап  оқыту  әдістемесі 

пәнаралық байланысты есепке алу, тұлғаның дербес мүмкіндіктеріне бағдарлау, теория мен 

практиканың  тығыз  байланысы,  білім  алушылардың  шығармашылық  және  өзіндік 

жұмыстарына  бақылаулар  мен  түзетулер  жүргізу,  тапсырмалардың  көлемі  мен  орындалу 

реті  арасындағы  қатынасты  өзгерту,  түрлендіру  және  реттеу  мүмкіндігі,  ұжыммен  өзара 

байланысты  іс-әрекетін  бейнелейтін  дидактиканың  жетістіктеріне  сүйену  сияқты 

мәселелердің шешімін табуды көздейді. 

Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  кез-келген  пәнді  оқыту  барысында 

мұғалімдердің  ой-өрісін  кеңейтіп,  кәсіби  даярлық  деңгейін  көтеріп,  шығармашылықпен 

жұмыс  істеуге,  жаңашыл  тәжірибелер  мен  әдістемелерді  кеңінен  пайдалануға  және    білім 

беруді  жаңашылдық  тұрғысынан  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан 

мұғалімдердің 

кәсіби 

даярлығын 



жетілдіруде 

инновациялық 

педагогикалық 

технологиялардың орны ерекше.  

Мұғалімдер  арасында  «Мектепте  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 

негізінде  оқытудың  тиімділігі»,  «Интерактивті  белсенді  сабақтар»,  «Ақпараттық 

технологияны  қолдану  аркылы  оқушылардың  құзыреттілігін  дамыту»,  «Жан-жақты 

коммуникативті оқыту технологиясы» және т.б. практикалық семинарлар ұйымдастырылуы 

керек. 

Ақпараттық технологиялар үнемі қарқындап өсуде. ХІХ ғасырдың екінші жартысына 



дейін  негізгі  ақпараттық  технология  құрамына  қағаз,  қауырсын,  сия,  статистикалық  есеп 

кітаптары  кірді.  Коммуникация  құжаттарды  мекен-жайға  бағыттау,  жіберу  арқылы 

жасалды.  Қазіргі  кезде  оқу  процесінде  ақпараттық  технологияларды  қолданудың  мәні 

көптеген факторлармен айқындалады: 

-

 

оқу орындарында арнайы пәндерді интеграциялау



-

 

оқу материалының көлемін арттыруға мүмкідік жасау; 



-

 

оқу  процесіне  ақпараттық  технологияларды,  қазіргі  телекоммуникациялық 



құралдарды енгізу. 

Қазіргі  мектептерде  өзінің  жұмысын  жаңашыл  тұрғыда  жасап,тек  ақпарат  беру  көзі 

болып  қана  қалмай,  оқу  процесін  ұйымдастыруды  толықтай  өз  мойынына    алып  және 

шығармашылық жолында өзінің жеке идеяларын ұстана алатын   жаңашыл мұғалімге деген 

қажеттілік туындады. 

Мұғалімге ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны жаңа сатыға 

жеткізу  қажеттілімен  қатар  білім  мазмұнын  байыту,  оқыту  үдерісін  жетілдіру, 

инновациялық  технологияларды  дүниеге  әкелу,  жан-жақты  дамыған,  рухани  бай,  өз  елін, 

халқын  жанымен  сүйетін  тұлға  қалыптастыру  өз  шешімін  қажет  ететін  іс  жүзінде  жүзеге 

асыратын басты мәселе болуы қажет. 

Әлемдік  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  келетін  білім  берудің  жоғарғы  сапасын 

қамтамасыз  ету,  өзін-өзі  тәрбиелеуге,  дамытуға,  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастыруда 

білім беру кеңістігін интеграциялау  үшін, жаңашылдыққа үйренуге мүмкіндік болуы үшін, 

мұғалімдердің  кәсіби  даярлығын  шыңдауда  инновациялық  технологияларды  қолданудың 

маңызы ерекше. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет