Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет34/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. ҚР «Білім туралы» Заңы 2007.  

2. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар. Алматы, 2013. 

3.  Применение  информационных  технологий  на  занятиях  поиностранному  языку. 

Материалы научно-практической конференции. -Алматы, 2014 

4.  Ұлттық  тілде  оқытылатын  мектептерде  көптілді  оқытудың  озық  тәжірибесін  тарату 

бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.  Әдістемелік  ұсынымдар.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин 

атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. 

 

 

 



 

 

226


 ~ 

 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП 



ОҚУШЫЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ РӨЛІ 

Кубеева Айгүл Сабырғалиқызы 

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, қазақ тілі мен әдебиет  

пәні мұғалімі, Шымкент қаласы, ОҚО 

Бакирова Гулнара Усингировна 

Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназия, бастауыш сынып мұғалімі,  

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

ХХІ  ғасыр  табалдырығын  аттаған  шақта  тәуелсіз  Қазақстан  дүниежүзілік  білім 



кеңістігінде  өз  орнын  айқындауды,  еліміздің  экономикалық,  саяси,  мәдени  дамуына  үлес 

қосатын,  әлемдік  өркениетке  көтерілетін  білімді  де  мәдениетті,  парасатты,  денсаулығы 

мықты  азамат  тәрбиелеп  шығаруды  мақсат  етіп  отыр.  Сол  кеңістікте  білім  берудің  негізі-

мектеп  болса,  ұстаз-мектептегі  оқушының  жан-жақты  жеке  тұлға  болып  қалыптасуының 

шығармашылық  күш-қуаты.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  да  қарастырылған.  Мектеп-еліміздің  халыққа  білім  беру  жүйесінің-

күрделі  тармағы.  Мектепте  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  ету  мәселелері  мен  оны 

шешудің  бірден-бір  жолы:оқытудың  инновациялық  технологиялары  мен  жаңа  ақпараттық 

технологияны ұштастыратын мұғалім шеберлігінде. 

Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесінде  білім  сапасын  арттыру 

мақсатында  оны  инновациялық  технологиялармен  байытуға,  оқытудың  интенсивтік 

сипатын  арттыратын  құралдар  мен  әдіс-тәсілдер  айқындауға  және  шығармашыл  жеке 

тұлғаның  дамуын  қамтамасыз  етуге  назар  аударылып,  мектептің  негізгі  міндеттері 

айқындауда.  

Міне, өркениетке жету жолындағы биік талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, 

тәрбиелеу  ісін  жаңа  сапалық  өзгерістер  деңгейіне  көтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп 

құрылымында  болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның 

дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі,  көпнұсқалық  оқытуға  көшу  сияқты  мәселелер 

оқытудың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Бұл үлкен жауапкершілік артатын 

күрделі  мақсат.  Оны  шешу  үшін  ең  алдымен  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  әдіс-тәсілдің 

озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, 

шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.  

Сондықтан  мектепте  сапалы  білім  болуының  негізгі  мақсаты:  жеке  тұлғаны  жан-

жақты дамытудың алғы шарты ретінде қаралып отыр. Сауат ашуды біз мектепалды даярлық 

кезеңнен бастаймыз, ал бірінші сыныпта оның негізі қаланады. Сауат ашудағы көзделетін 

мақсат-оқу мен жазуға үйрету және ауыз сөз бен  жазба сөзге дағдыландыру. Сауат ашу 

үшін оқытуды үйретуде тіл жағынан мынадай қиыншылықтар кездеседі.Ол оқушылар 

үшін  түсініксіз  жат  термин  сөздердің  көп  кездесуі,  оқушылар  сөйлемді  дұрыс 

құрастыра алмауы, сөйлемде бір сөздің бірнеше рет қайталануы. Міне ұстаз осындай 

жағдайларға  ерекше  көңіл  бөліп  отыруы  керек  деп  ойлаймын.  Сауат  ашу  кезеңінде 

баланы сауаттандыру үшін мұғалімнің кәсіби шеберлігі қажет. 

Оқушыны  сауаттандыру  мектепке  дейінгі  мекемеден  басталады  десем 

қателеспеймін деп ойлаймын. Ал, мектепалды дайындық кезінде тіліміздегі бар әріптің 

баспа  түрін  меңеретіндігі  баршамызға  аян.  Бірінші  сыныпта  баланы  толық 

сауаттандыру  қолға  алынатыны,  әліппеден  кейінгі  кезеңде,  ұғымсыз  сөздерді 

түсіндіріп, сол сөздерді теріп жаздырып, сөз сапасын молайтуды үйрету керек. 

Сөйлеуге  үйрету  маңызды  жұмыс,  сондықтан  оны  белгілі  бір  жоспармен  істеу 

керек.  Бұл  жерде  тағы  бір  сақталатын  талап-оқушылардың  бірінші  күннен  әдеби  тіл 

нормасының сақтай отырып дұрыс сөйлеу мәдениетінің сақталуы. Сондай-ақ ана тілі 

сабағында  ғана  емес,  басқа  сабақтарда  да  көңіл  бөліну  қажет.  Сөйлеуге  жаттықтыру 



227


 ~ 

 

үшін  қойылатын  талаптар:  бірінші  оқушының  сөздік  қорын  молайту,  екінші  оларды 



жүйелеп айтуға дағдыландыру, үшінші – дұрыс оқу, жазуға дағдыландыру. 

Ұлы  ағартушы  Ы.Алтынсарин  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат,  өйткені 

жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-деп айтып кеткен.  

Осы жұмыстарды сауатты ұйымдастыру үшін мұғалімдерге қойылатын талаптар: 

-  біріншіден,  мұғалім  жеке  көзқарасы  бар  және  соны  қорғай  білетін  жігерлі  тұлға  және 

маман мұғалім болуы қажет

- екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс; 

-  үшіншіден,  мұғалім  -  білім  негіздерін  өз  бетінше  оқып  үйренуге,  оқушыны  баулуға 

міндетті; 

-  төртіншіден,  мұғалім-педагогикалық  ағымда  баламен  ынтымақтаса  қызмет  ететін  тұлға 

болу керек; 

-  бесіншіден,  педагог  әр  уақытта  өз  бөлімін  толықтырып,  шығармашылығын  арттыруға 

міндетті. Сабақта оқудың белсенді әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген 

қызығушылығын  арттырып,  шығармашылықпен  жұмыс  жүргізу  мүмкіндігі  туады. 

Шығармашылық іс - әрекетті дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыра аламыз және оқыту 

үрдісінде  оң  өзгерістер  болатынын  болжаймыз.  Мұғалімнің  оқушыға  деген  көзқарасы 

өзгеріп,  оқушы  педагогикалық  үрдістің  ортасында  тұрған  басты  тұлғаға  айналуы. 

Оқушының  ізденіп,  өзі  білім  алуы  және  алған  білімдерін  күнделікті  өмірде  қолдана  білуі. 

Оқушының дайын білімді қабылдауы емес, сабақтан тыс уақыттарда өз бетінше білім алуы 

және  алған  білімдерін  қолдана  білуі,  ойлануы,  бірлесіп  жұмыс  істеуі,  есте  сақтауы. 

Оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істеуі  –  оларды  тиянақтылыққа,  төзімділікке, 

жауапкершілікке  тәрбиелейді.  Осы  қасиеттерді  сезінген  оқушы  ғана  шығармашыл  жеке 

тұлға болып қалыптасады. Кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім бірнеше құзыреттілікті игеруге 

міндетті.  

Олар:  баланың  жеке  басын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,баланың  қабілеттерін 

анықтау  және  дамыту;оқу  қызметін  білу,  оқу,  жазу,  есеп  шығарудың  берік  дағдыларын 

үйрену;  өзін-өзі  шығармашылық  тұрғыдан  таныта  білу;  мінез-құлықтың  мәдениетін,  жеке 

бас  гигиенасын  және  салауатты  өмір  салтының  негіздерін  насихаттау;  жалпы  білім  беру 

бағдармаларын  меңгеруге  база  жасау  болып  табылады.  Оқушылардың  шығармашылығын 

қалыптастыру  үшін  әуелі  қызықтыру  жолдарын  іздестіру  керек.  Оқушылардың 

шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі-«сәтсіздікке ұшыраймын, қолынан еш 

нәрсе  келмейді»-  деген  қорқыныш  сезімі,  екіншісі,өзіне-өзі  тым  риза  болмаушылық 

сезімі,үшіншісі-жалқаулық.Оқушының  шығармашылықпен  айналысуына  мектепте  сабақ 

үстінде,  үйде  қолайлы  жағдай  туғызуы  керек.  Шығармашылық  бағытқа  баланы  жүйелі, 

саналы  түрде  қалыптастырып  отыруға  тиіспіз.  Ендеше  оқушыларда  осы  қасиеттің  пайда 

болуын тудыру әрбір ұстаздың негізігі міндеттерінің бірі болып саналады. Қоғам қай кезде 

де  өрелі  де  ойлы  азаматтармен  талантты  тұлғалардың  ұшқыр  ойы  мен  биік  идеяларына 

сүйеніп келген. Шығармашыл тұлға ертеңгі күннің ұстанымы мен тірегі. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Исламгулова С.К. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар. Алматы, 2010 . 

49-55б. 

2.Сабақта  жаңа  технологияларды  қолдану  .  Орта  мектептің  мұғалімдеріне  арналған 

Шымкент. 2006. 

3.Сманқұлова Ж.Е.  Оқытудың интерактивті әдісі .Әдістемелік құрал .Алматы, 2006 - 65б 

 

 

 



 

 

 

228


 ~ 

 

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 



 

Итыманова Заурекуль Шариповна 

№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне 

сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүниетанымы  дұрыс  қалыптасқан  азамат  етіп 

тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. 

Мектеп  –  қазіргі  қоғамның  дамуымен,  әлеуметтік  практикамен  тығыз  байланысты. 

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз 

салады.  Күнделікті  тұрмыста  кездесетін  дағдылар  арқылы  баланың  жан  дүниесіне  әсер 

ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. 

Бастауыш  саты  –  білім  дағды  іскерліктің  қалыптасуының  бастамасы  болып 

табылады.  Келешекте  жалпы  білім  алу  мен  кез  –  келген  арнаулы  мамандықтарға 

талпынудың іргетасы бастауышта қаланбақ. 

Баланың  жеке  бас  қасиеттері,  оның  адамгершілігінің,  белсенділігінің  қалыптасуы 

мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Оқушының рухани күш – 

қуаты мен ерік – жігерінің ашылар кезі. 

Бастауыш  сыныптардың  негізгі  міндеті  -  жеке  тұлғаны  дамытып,  оның  алғашқы 

қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге және оқуға деген сенімін нығайту мен дүниетанымын 

қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. 

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек оларды парасатты, 

саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. 

«Ұстаздық  еткен  жалықпас,  үйретуден  балаға»,  «Адамның  адамшылығы  жақсы 

ұстаздан болады,» - деп айтқан ұлы Абай атамыз. 

Әр  ұстаздың  басты  міндеті  –  оқушының  білімге  деген  сүйіспеншілігін  арттыру 

мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын 

түрлендіріп  отыру  болып  саналады.Қазіргі  кезде  оқытуға  қойылатын  негізгі  талап  – 

оқушылардың  белсенді  іс  әрекеттік  сезімін  оята  отырып,  жаңа  инновациялық 

технологиялар арқылы өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру және басқара білу. 

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысындағы қойылатын талаптар: 

Біріншіден,  оқушыларды  өз  бетінше  іздендіретін,  одан  жаңа  ақпарат  алатындай  оқу 

материалын берудің құрылымын қайта құруды талап етеді. 

Екіншіден,  оқушылардың  өзіндік  іс  -  әрекетіне  деген  мұғалімнің  көз  қарасын  өзгертуді 

талап етеді. 

Оқушылардың  өзіндік  жұмысы  –  танымдық  іс  -  әрекеттері  формаларының  бірі 

болып  табылады.  Сондықтан  бұл  жұмыстардың  тиімділігі  мұғалімнің  осы  іс  -әрекеті 

инновациялық  технологиялар  арқылы  дұрыс  жоспарлау  біліктілігіне  байланысты  болады. 

Қазіргі кезде оқытуға қойылатын талап – оқушылардың белсенді іс -әрекеттік сезімін оята 

отырып,  жаңа  инновациялық  технологиялар  арқылы  өзіндік  жұмыстарды  ұйымдастыру 

және  оларды  басқара  білу.  Біріншіден,  оқушыларды  өз  бетінше  іздендіретін,  одан  жаңа 

ақпарат  алатындай  оқу  материалын  берудің  құрылымын  қайта  құруды  талап  етеді. 

Екіншіден, оқушылардың өзіндік іс -әрекетіне деген мұғалімнің көзқарасын өзгертуді талап 

етеді.  Бұрынғы  қолданылған  оқыту  әдістерінде  мұғалім  басты  орынды  алып,  оқушы  тек 

тыңдаушы ғана болса, қазіргі жаңа технологиялардың арқасында оқушы білім негіздерімен 

толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. 

Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың өзіндік жұмыстарының 

әр түрлі жіктеулері көрсетіледі. 

Р.М.Микельсон өзіндік жұмыстарды: «Оқушылар тапсырманы ешқандай жәрдемсіз, 

бірақ мұғалімнің бақылауында орындайтын іс» - деп ескертеді. Педагогикада оқушылардың 



229


 ~ 

 

өздігінен  орындайтын  жұмыстар  деп  –  «Берілген  тапсырманы  мұғалімнің  басшылығымен 



оның тікелей қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды» - айтады.  

Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстар жөнінде сөз қозғанда, оның өзара тығыз 

байланыс жүзінде екі міндетін ескерген жөн. 

-

 



Бірінші міндет – оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту және одан 

өрістету,  оларды  білімді  өздігінен  игеруге,  дүниеге    көзқарастарын  қалыптастыруға 

үйрету. 

-

 



Екінші міндет – оқушылардың алған білімін өздігінен іс жүзінде қолдана  білуге балу. 

Оқушылардың  өздігінен  атқаратын  жұмыстары  олардың  ой  еңбегін  жандандыруға 

бағытталған  және  мұғалімнің  берген  тапсырмаларының  ең  тиімді  тәсілдерін  өздеріне 

іздендіру арқылы орындау болады. 

Сол себептен өзім сабақ беріп жүрген сыныбымды оқушылардың кішкентайынан өз 

бетінше ізденуге, ойлануына, есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, өз пікірін айтуға көңіл 

бөліп,  қаблетті,  білімді  оқушы  тәрбиелеумен  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді  нақты 

жолдарын іздестірдім. 

Сондықтан  сыныбыма  бақылау  жасай  отырып  М.Жанпейісованың  «Брейнг  –  ринг» 

(жарыс – ойын) ойынының элементтерін таңдап алдым. 

М.Жанпейісованың  басшылығымен  ғылымға  енген  модульді  оқыту  технологиясы 

қазіргі  таңда  теориялық  білімді  игертумен  жақынырақ  және  оның  жаңа  жағдайын  іс 

жүзінде  лайықты  қолдануға  үйреткенде  ғана  оқшылардың  алған  білімі  мен  біліктілігінің 

танымдық маңызы зор болады. 

Модуль  дегеніміз  –үлкен  бір  жүйе.  Мұнда  оқушы  білімді  жеке-жеке  тараулар 

бойынша  емес  біртұтас  тақырып  түрінде  жүйеленген  білім  алады.  М.Жанпейісованың 

ғылыми  жұмыстарымен  таныса  келе  «Брейнг  –  ринг»  ойынының  элементтерін  өз 

тәжірибеме пайдаландым.  

Бастауыш  сынып  оқушыларының  білуге  деген  ынтасы  мен  мүмкіндіктерін  толық 

пайдалану,  оларды  оқу  процесінде  үздіксіз  дамытып  отыру  және  сабақ  барысында  алған 

білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойындарды пайдаланудың 

орны  ерекше.  Тиімді  пайдаланған  ойындар  мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын 

оқушылардың  зор  ынтамен  тыңдап,  оны  берік  меңгеруіне  көмектеседі.  Өйткені  ойын 

мектепке  келген  оқушылардың  әрекетін  белсендіріп,  оларды  тәрбиелеп,  дамытудың  аса 

маңызды  құралы  болады.  Ойынды  педагогикалық  процеске  енгізе  отырып,  тәрбиеші 

балаларды  ойнауға,  яғни  А.С.Макаренконың  сөзімен  айтқанда  «жақсы  ойын»  жасауға 

үйретеді.  Мұндай  ойының  өзіне  тән  сапасы  бар,ол  –  мазмұнының  тәрбиелік  –  танымдық 

құрылымы,  бейнелейтін  түсініктерінің  толықтығы  мен  дұрыстығы,  белсенділігі  мен 

ұйымшылдығы,  ойынның  ережелерге  бағынуы.  Ойын  процесінде  балалардың  білімі  мен 

ұғымы  айқындалып,тереңдей  түседі.  Демек,ойын  балалардың  соған  дейінгі  білімдері  мен 

түсініктерін  баянды  етіп  қана  қоймайды,  сонымен  бірге  танымды,белсенді  іс  -  әрекетінің 

бір  формасы  болып  табылады.  Соның  барысында  олар  мұғалімнің  басшылығымен  жаңа 

білімді  меңгереді.  Ойынды  ұйымдастырып,оны  басқара  жүріп,  ұстаз  балалар  ұжымына 

және  ұжым  арқылы  әр  балаға  ықпал  жасайды.  Ойынға  қатысушы  бала  өзінің  ниеті  мен 

әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады. 

Педагогикалық  басшылық  болмаған  жағдайда  балалалдың  ойындары  кейде 

жарамсыз  ықпал  жасауы  да  мүмкін.  Сонымен  бірге  ойын  балалардың  танымдық  дамуына 

әсер  етеді,  білімдерін  кеңейтуге  қажеттілігін  туғызады.  Әр  ойынның  өзіне  тән 

ерекшеліктері  болады.  Бір  жағынан  –  ойында  ойындық  әрекет  негізге  алынған,оның 

көмегімен  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  сапалары:  зейін,  байқағыштық,  ес,  ойлау, 

ізденімпаздық,  белсенділік  қалыптасады.  Екінші  жағынан  –  ойын  сабақта  белгілі  бір 

міндетті,  жаңа  материалды  оқып  -  үйрену,  өткенді  қайталау,  іскерлік  дағдыны 

қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді. 

Ойын  арқылы  оқушыны  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы  дамуын 

қалыптастыруға  болады.  Мазмұны  бойынша  барлық  ойындар  оқушылардың  ақыл  –  ой 


230


 ~ 

 

белсенділігін  қалыптастырудың  маңызды  құралы  бола  отырып,  олардың  бағдарлама 



материалының  неізгі  тақырыптары  бойынша  алған  білімдерін  тереңдете  түсуді  әрі 

пысықтауды  көздейді.  Бұл  ойындар  балалардың  сабақ  үстіндегі  жұмысын  түрлендіре 

түседі,  олардың    пәнге  қызығушылығын  оятып,  ынта  –  ықылас  қоюына  баулиды  және 

оқушылардың  зейінін,  ойлау,  зерде,  үрділерін  дамытады.  Өмір  тәжірбиесін  бір  жүйеге 

келтіруді  үйретіп,  жүйке  жүйесін  демалдырады.  Міне,  сондықтан  да  ойын  оқу  әрекетінде 

жетекші рөл атқарады. 

М.Жанпейісованың «Брейнг – ринг» (жарыс – ойын) ойынының элементтерін  қазақ 

тілі  сабағында  пайдаланған  тиімді.  Ойынды  жүргізу  барысында  оқушыларды  өз  бетінше 

ізденіп,  тапсырманы  өздіктерінен  орындай  білуге  үйретуге  болады.  «Брейнг  –  ринг» 

ойынын сабақ барысында екі түрлі әдіспен қолдануға болады. 

Бірінші тәсіл: «Брейнг – ринг» ойынын ұйымдастырмас бұрын әр кезеңді күнделікті 

сабақта қолданып отырамын.Алғашқы уақыттарда қазақ тілі сабақтарындағы жаттығуларды 

кезең  –  кезеңге  бөліп,  әр  сабақта  оқушыларға  орындатамын.  Сабақ  барысындағы 

қолданылатын кезеңдерге тоқталып өтсем. 

«Ой ашу» кезеңі: Оқушылар бір минут ішінде берілген тапсырмаға байланысты сөзді 

қатесіз  жазулары  керек.Тапсырмалар  әр  сыныптың  тақырыбына  байланысты  өзгеріп 

отырады. Мысалы:  

1- сынып оқушыларына Қ әрпіне сөз құрауға,2-сыныпқа зат есімге,3–сыныпқа етістікке, 4- 

сыныпқа  үстеуге  сөз  құрап  жазуға  тапсырма  беруге  болады.  Өткен  сабақтарды  пысықтау 

үшін өте тиімді кезең. 

«Көркем  жазу»  кезеңі:  Оқушыларды  жаттығуды  қатесіз,  әдемі,  таза  жазуға 

баулиды.Әр сыныпта тапсырмалар әр түрлі болады.1- сыныпта оқушыларға оқу жылының 

ІІ  жарты  жылдығында  ана  тілі  пәнінен  тапсырмаларды  орындату  барысында  әріптерді 

жазуға  тапсырма  беруге  болады.  Ал  2-4  сыныптар  аралығында  қазақ  тілі  пәнінен көшіріп 

жазуға берілген жаттығуларды орындатуға болады. 

«Кім  сауатты?»  кезеңі:  Кейбір  жаттығуларды  оқушыларғы  диктант  ретінде 

орындатамын.1-сыныпқа алғашқы кезеңдерде сөздік диктант ретінде алсам, кейін көшіріп 

жазу жаттығуларын диктант ретінде аламын.Бұл кезеңді орындау барысында оқушыларды 

сауатты жазуға баулуға болады. Кезеңді  орындау барысында алғашқы кезде өзім тексеріп 

бағаласам,біртін  келе  оқушылар  өзін  -  өзі  немесе  өзара  бірін  –  бірі  тексереді.Өзін  -  өзі 

тексеру немесе бірін – бірі тексергенде бағалау нормасын пайдаланады. 

Бағалау нормасы. 

«5» - қатесіз, «4» - 1,2 қатеге, «3» - 3,4 қатеге, «2» - 4,5 қатеге 

«Күн шұғыласы» кезеңі: Оқушылар берілген сөздің әр әрпінен сөз тудырулары керек. Бұл 

кезеңді топтық жұмыс барысында қолданған тиімді. 

«Жатқа жазу» кезеңі: Қазақ тілі пәнінде кейбір жаттығуларды жатқа жазуға тапсырма 

берілген.Осы тапсырманы оқушылар өздері оқып, жаттап, жатқа жазады. 

Кейбір  кезеңде  оқушыларға  өздері  жаттаған  өлең  шумақтарын  жатқа  жазуға 

тапсырма  беремін.Оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттерімен  бірге  сауатты  жазуға  баулуға 

болады.  

«Өзіндік жұмыс» кезеңі: Кейбір жаттығуларда өтілген тақырыптарға байланысты сөздерге 

сөйлем құрап жазуға тапсырма берілген.Егер тапсырманы тақтаға орындатсақ бір немес екі-

үш оқушыны қамтуға болады.Ал осы тапсырманы  оқушылардың  өздеріне орындатсақ 

сыныптағы барлық оқушыны қамтуға  және өтілген сабақты оқушының қалай түсінгенін 

байқауыңызға болады. 

«Ойлан,тап!» кезеңі: Оқушыларға сөзжұмбақ, ребустардың жауабын немесе 

жасырын сөздерді таптырамын.Оқушылардың қызыға орындайтын кезеңінің бірі – топтық 

жұмыс. Топтық жұмыс барысында оқушылар өздері сөзжұмбақ немесе ребус құрап, бір – 

бірінің тапсырмаларын орындайды. 

«Әрқашан  күн  сөнбесін»  ойыны  кезеңі:  Оқушылар  күннің  бетіндегі  бұлттардың 

арттындағы  сұрақтарға  жауап  береді.Сабақты  қорытындылау  мақсатында  қолдануға 


231


 ~ 

 

тиімді.Күннің  бетін  бұлттан  түгел  ашып  болған  соң,  «Әрқашан  күн  сөнбесін»  әнінің  бір 



шумағын хормен айтқызамын. 

«Бәйге» ойын кезеңі: Бұл кезеңде сабақты қайталау мақсатында оқушыларғы 

сұрақтар қойылады.Оқушы сұраққа тез,жылдам,нақты жауап берулері керек. 

Мысалы:  

1.Бас әріптен жазылатын есімді ата. (Жалқы есім) 

2.Терек,қайың, қараағаштың жалпы атауы. (Ағаш) 

3.Іс әрекеттің мекенін,мезгілін,сын- қимылын білдіретін сөз табы. (Үстеу) т.б. 

Бұл кезеңдегі сұрақтардың ішіне өмірмен байланыстырып қоюға болады. 

1.Қазақстанның тұңғыш астанасы. (Орынбор) 

2. С.Мұқанов кім?  (Жазушы) 

3.  Қазақ  жеріне  тұңғыш  мектеп  ашқан  кім?  (Ы.Алтынсарин)  т.б  сұрақтар  қоюға 

болады.Оқушыны  тез  шешім  қабылдай  білуге  баулиды.  1-2  сыныптарда  сұрақтарды  өзім 

дайындасам,3-4  сыныптарда  оқушылар  өздері  дайындай  алады.  Өздері  сұрақ  дайындаған 

кезде оқушы жан –жақты ізденуге тырысатынын байқауға болады. 

«Ретін тап» ойын кезеңі: Оқушыларға берілетін тапсырма өткен тақырыпты қайталап, 

пысықтап отыру үшін беріледі. Ойынды екі тәсілмен қолдануға болады. 

Бірінші ретін тап: биыл   ат, жүйрік   жүрді, ілгері   өтеді, бес   оқиды, үнемі   дәптер. 

Оқушының танымдық  қаблетін дамытуға арналса, екінші сабақты пысықтау ретінде 

пайдалануға болады. 

Ретін тап: ағаш   жүрді, жолбарыс   гүлдеді, қыз   секірді, қарға   домалады, доп   ұшты. 

Оқушы  өзі  немесе  топ  мүшелерімен  бірлесе  орындайды.  Осы  кезеңдерді  орындату 

барысында  оқушылар  өздіктерінен  тапсырманы  орындай  білуге  үйренеді.Сабақты  кезең  – 

кезеңге  бөліп,оның  мақсатын  түсіндіру  арқылы  оқушыларды  тапсырманы  өздігінен 

орындауға  баулимын.Оқушыларды  өздігінен  жұмыс  істеуге  баулу  үшін  әр  кезеңнің  өзіне 

тән  орындалу  тәртібі  болатынын  түсіндіремін.Бір  істі  тындырмай,келесі  іске  көшуге 

болмайды.Себебі:  бір  істің  шешілуі  екінші  істі  меңгеруге  әсерін  тигізеді.  Бастауыш 

сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның талапқа сай болуы,түрлі мазмұнда 

және формада көрініс табуы,оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, 

оқушының  бағаланып,марапатталануы  сияқты  нәрселерге  мән  берген  жөн.Ойынды  кезең 

бойынша  жүргізген  кезінде  оқушы    әр  кезеңді  мұқият,  ұқыпты,  таза,сауатты    орындауға 

тырысады.Себебі,оқушы әр кезеңді  орындау  барысында дөңгелекшелерді  жинауға тиіс.Әр 

дөңгелекшенің өзіндік бағалау нормасы бар. 

Көк  –  5,  жасыл  –  4,  сары  –  3  –ті  білдіретінін  оқушы  біледі.Тапсырманы  мұқият 

орындап,көк  дөңгелекшені  жинауға  тырысады.  Әр  кезеңді  оқушылар  түсініп  орындай 

алатын дәрежеге жеткен соң, екінші әдісті қолдануға болады. 

«Брейн  -  ринг»  (жарыс  –  ойын)  яғни  топтық  жұмыс.  Топтық  жұмыс  арқылы 

оқушыларды  өзара  тіл  табысуға,  ұжымдық  намысты  қорғауға  тәрбиелеуге  болады.Өзара 

қатынасу,сөйлесу  адам  тұлғасын  дамытудың  факторы,  сондықтан  оқу  қызметін  өзара 

қатынас арқылы түсіндіру оны тек жандандырып қана қоймайды,оқушының жеке тұлғасын 

дамытуға елеулі ықпал етеді. 

Оқушыларды топқа бөлу барысында мынадай қағидаларды басты назарда ұстадым. 

-

 



Шағын топ құру. (4-5 оқушыдан тұрады.) 

-

 



Барлық оқушыларға сенім білдіру. 

-

 



Оқушыларға оқыту міндеттері мен мақсаттарын кең көлемде түсіндңру. 

-

 



Оқушылардың оқуға деген қызығушылығына мән беру. 

-

 



Мұғалімнен  оқушы кез – келген уақытта көмек алады. 

-

 



Топтың өз – ара  әрекетке белсенді түрде араласуы. 

-

 



Топта өз ойын ашық білдіруі. 

-

 



Мұғалім өзін оқушы орнына қоя білуі. 

Топтық  жұмыстарды  орындау  барысында  оқушылар  ұйымшылдыққа,  сабырлыққа, 

бірін –бірі тыңдап,сыйлауға,ұжымдық намысты қорғауға,қасылас топтан қалып кетпес үшін 


232


 ~ 

 

күнделікті  сабаққа  дайындалып  келуге  қалыптасады.  Мұғалім  45  минут  ішінде  жаңа 



сабақты  түсіндіріп,үй  тапсырмасын  сұрап,  оқулықтағы  тапсырмаларды  түгел 

қамтып,оқушыны  жан-  жақты  дамытып,үлгерімі  төмен  оқушымен  жұмыс  жүргізуі  керек 

екені  баршаңызға  мәлім.Осы  тапсырмаларды  орындау  мұғалімнің  шеберлігінде  деп 

жатады.Келісуге болады.Бірақ  күнделікті  сабақ барысында бірін қамтысақ,бірі  қамтылмай 

жататыны жасырын емес.Әсіресе,үлгерімі төмен оқушыға көп көңіл аудармай жатамыз.  

«Брейнг  –  ринг»  ойынының  кезеңдерін  орындау  барысында  сыныптағы  барлық 

оқушыны  қамтуға  болатынына  көзім  жетті.  Ойын  кезеңдерінің  элементтерін  1-  сыныптан 

бастап  қолданамын.  Оқушылар  сабақтағы  орындалуға  тиісті  кезеңнің  бәрін  орындауға 

тырысады.Алғашқы кезде үлгерімі төмен оқушы 1-2 кезеңді ғана орындауға үлгерсе, біртін 

келе  тапсырманың  барлығын  орындауға  мүмкіндігі  болады.Бастауыш  сынып  оқушылары 

ойын  балалары,  сондықтан  қай  пәнді  алсақта,  ойын  элементтерін  қолданып  отырудың 

маңызы мол.Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтырып, білімді берік меңгеру болса, 

мұғалімнің міндеті – сол ойынның түрлерінен дамытушы ойындарды алу. Таңдап алынған 

ойындарға қойылатын талаптар: Әр сабақта ойын кезеңдерін таңдап алып, қолдана отырып 

нәтижесін әр оқушыдан бақылап, зерттей отырып, мынадай нәтиже білуге болады.Нәтиже: 

Мұғалім  оқушыны  жан  –жақты  зерттей  отырып,өз  сабақтарын  соған  сай  өзгертіп  отыруы 

тиіс.Ойын  элеметтерімен  қатар  сабақта  оқушының  тақырып  бойынша  қызығушылығын 

ояту үшін «Эссе», «Топтастыру», «Венн диаграммасы», «Семантикалық карта» секілді жаңа 

технологияның  элементтерін  пайдаланып  отырамын.Білім  беруде  жаңа  әдіс  –  тәсілдерді 

пайдалана  отырып,  оқушылардың  білімге  деген  көзқарасын,ынтасын  арттыру  мақсатында 

сабақтың  қызықты  өтуі  мұғалімнің  үнемі  іздену,ұтымды  әдіс-тәсілдерді  қолдану,оқыту 

әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және 

интерактивті сабақ барысында жаңа технологияны пайдалана отырып,сабақтың сапалы әрі 

қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Осы жұмыстың нәтижесінде: оқушы белсенді, ізденімпаз 

тұлғаға айналады; оқушылар өз ойын еркін айтады; өзге балалардың пікірін тыңдайды; өз 

бетінше  ізденуге  үйренеді;  бір-бірімен  қарым  –  қатынас  жасайды;  шығармашылық 

белсенділігі  артады;  мұғаліммен  еркін  сөйлесіп,  пікір  алмасады;  өз  бетінше  шешім 

қабылдауға үйренеді. 

Әрбір  сабағымда  оқушылармен  тығыз  байланыста  болып,  оқушыны  басты  тұлға 

ретінде, ал өзім бағыттаушы екенімді естен шығармауға тырысамын. Оқушылар сабағымда 

өз беттерінше шешім қабылдап, қарым – қатынас жасап, кез-келген мәселені дұрыс шешуге 

тырысады.  Бастауыш  білім-  үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  басқышы.  Осы  орайда  өзім 

білім  беретін  сыныптағы  оқушыларды  оқытуда  жаңа  технологияны  кеңінен  қолдана 

отырып,білімді  терең  және  жан  –  жақты  игерудің  жолдарын,әр  пәннің  ғылыми  негіздерін 

меңгерту,  оқушының  ойлау  қабілеті  мен  шығармашылық  әрекетін  дамытуға 

тырысамын.Сыныптағы  оқушылардың  білім  деңгейлеріне  қарай,  ой  -  өрісін  дамыта 

отырып,түрлі жаттығу жұмыстарын,ойын түрлерін көбірек қолдануға көңіл бөлемін. Уақыт 

талабына  сай  мұғалімдер  өз  сабағын  жаңаша  әдіс  –  тәсілдерді  ізденіспен  өткізуге 

тырысады.Осындай  жүргізілген  жұмыстар  арқылы  оқушылардың  оқу  –  танымдық 

қызығушылығын арттырудың маңызы зор.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет