Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет35/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. «Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» С.ҮшкемпіроваШымкент 2006 ж 

2.«Оқыту тимімділігі – жаңа педагогикалық технологияда»  Байболат Т, Ұ Бакирова, С. 

Әділбекова. Шымкент -2007ж 

3.«Бастауыш сынып» журналы. №9/2012 ж (2-бет) 

4. «Бастауыш сынып» журналы. №3/2013 ж (2-бет) 

 

 

 



 

233


 ~ 

 

ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ 



 

Ширинкулова Лаура Садвакаскызы 

№81 Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  – 

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы – білім беру жүйесінің бәсекеге артыру, адам капиталын дамыту 

үшін білім мазмұнын түбегейлі жаңғырта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған 

мәселелерді шешуге оң ықпал ететіні сөзсіз. Осыған байланысты қазіргі таңда бүкіл дүние 

жүзілік  білім  әлеміне  кіру  мақсатында  Қазақстанда  білімнің  жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл 

үрдіс  педагогика  теориясы  мен  оқу-тәрбие  үрдісіне  нақты  өзгерістер  енгізумен  қатар 

жүргізіледі. Еліміздің тәуелсіздік алып, өркениетті ел болуы үшін жас ұрпақты білімді  әрі 

тәрбиелі, өз Отанын жанындай жақсы көретін,  құрметтейтін, қорғайтын парасатты саналы 

азамат  етіп  тәрбиелеп  шығару,  олардың  жан  дүниесін,  әсемдік  өркениетке  сай  рухани 

қазыналарын  байыту,  ата  –  бабаларымыздың  дәстүрлерін,  озық  өнегелерін,  ой  –  санасын 

әрбір  педагогика  саласында  еңбек  етіп  жүрген  ұстаздар  қауымының  ең  үлкен  парызы  деп 

есептеймін.  Сондықтан  оқушылардың  бағалы  және  нақты  құзыретілігін  қалыптастыру 

мақсатында  өзімнің  өткізіп  жүрген  сабақтарымда  тиімді  әдіс  –  тәсілдерді  қолданып 

отырамын.  

Менің бұл саладағы ізденісіме соңғы кездерде білім беру нәтижелерінің құзыретілікке 

бағдарлануы  мәселесінің  күн  тәртібіне  қойылуы,  мектептің  өзекті  тақырыбы  құзыреттілік 

көзқарасты  жүзеге  асыру  мәселесі,  оқушылардың  жаңа  өмірге  деген  көзқарасы,  заман 

талабына сай жеткіншектердің даму деңгейлері әсер етті.  

Дамыған  қоғамдағы  сияқты  біздің  елімізде  де  ұрпаққа  білім  беру  саласында  түбірлі 

өзгерістер  жасалуда.  Ең  бастысы  -  әлемдік  білім  кеңістігіне  өту  мақсатындағы  алғашқы 

қадамдар.  Қай  заманда  да,  қандай  реформа  болсын  білім  беру,  адамның  жеке  тұлғасын 

қалыптастыру  басты  назарда  тұрады.  Білімге  білімділік,  дүниетанымдылық  және 

дамытушылық  тұрғыдан  қарауға  көшу,  яғни  білім  сапасын  басқару  үрдісін  өзектендіру 

және жетілдір  қажеттілігі туындады. Келер ұрпақтың нақтылы құзыретілігін қалыптастыру 

идеясы  ғасырлар  бойына  жинақталып,  қорытындыланып  келді.  Қазақтың  ғұлама 

ойшылдары мен ағартушылары, зиялы қоғам қайраткерлері жас ұрпақтың білімдарлығына, 

интеллектуалдық іскерліктері мен нақтылы көзқарастарының дамуына ерекше мән берген.  

Бүгінгі  мектеп  қабырғасында  жүрген  оқушылар  -  еліміздің  ертеңі,  ұлтымыздың 

болашағы  екені  даусыз.  Қазіргі  мектептің  басты  міндеттерінің  бірі  -  жеке  тұлғаны  қазіргі 

өмірге  тез  бейімделіп  кетуіне  көмектесетін  біліммен,  икемділікпен  және  дағдымен 

қамтамасыз  ету.  Яғни,  12  жылдық  білім  әлемдік  білім  кеңістігіне  еніп,  отандық  сапалы 

білімді  әлемдік  кеңістіктегі  біліммен  бәсекелестік  деңгейіне  жеткізуді  көздейді.  Білім 

берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, икемділік пен іс - әрект дағдысына қол жеткізу 

ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  негізінде  дербес,  әлеуметтік  және  кәсіби  икемділікке, 

яғни  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды  пайдалану,  жылдам  өзгеріп  жатқан 

бүгінгі заманда лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. 

Мұғалім  өзінің  түпкілікті  мақсатына  жету  үшін  сабақ  өтудің  озық  үлгілерін,  кеңінен 

насихатталып  жүрген  озат  тәжірибені  меңгере  білуі  керек  деп  ойлаймын.  Әрине,  ол  үшін 

көп оқып, көп іздену қажет.  

Білім  сапасын  арттыруда  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалана  білу  үлкен  рөл 

атқарады. Оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр 

ұстаздың  негізгі міндеті. 

Қазіргі  таңда  әдіс  –  тәсілдер,  жаңашыл  мұғалімдердің  іс  –  тәжірибелері  өте  көп, 

оларды  әр  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсатына  оқушыларының  ерекшеліктеріне  қарай 


234


 ~ 

 

талғаммен  таңдап,  мейлінше  тиімді  пайдалану  мұғалімнің  шеберлігі  мен  біліктілігіне 



байланысты. 

Мұғалім  бұрын  жаңалықтың  жаршысы,  білім  нәрін  өзі  айтып  қана  жеткізуші,  ал 

оқушы  тыңдаушы,  дайын  білімді  тыңдап қайталаушы  болды.  Қазір  бәрі  өзгерді.  Оқушы  - 

өздігінен  ізденетін,  шығармашылық  әрекет  жасайтын  жеке  тұлға.  Мұғалім  –  нақты  бағыт 

сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен 

шығармайтын  нәрсе  -  оқушының  өзіне  деген  сенімін,  білімге  деген  құштарлығын, 

қызығушылығын  жоғалтып  алмау.  Ж.А.Қараевтың  «Деңгейлік  саралап  оқыту 

технологиясы»  үй  тапсырмасы  бойынша  арнай  құрылған  таблица  түрінде  сынып 

оқушыларының барлығы дерлік сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. 

Бұл  технология  біріншіден  дамыта  оқыту  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді, 

өйткені  ол  оқушылардың  ойлауын,  елестету  мен  есте  сақтауын,  ынтасын,  белсенділігін, 

білім сапасын дамуына көмектеседі. 

Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының өзіндік ерекшеліктері мынада: 

-диагностикалық үрдістің тұтастығы; 

-оқушының  оқу-танымдық  қызметінің  құрылымы  мен  мазмұнын  анықтайтын  оқу  үрдісі 

жобасының  болуы.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  жемісі  сол  оқушының  өз  бетімен 

оқуына  ақпаратты  өз  бетімен  өңдеуге,  ешкімнің  көмегінсіз  өз  бетінше  ойланып  шешім 

қабылдауға дағдыландырады.  

Деңгейлік  түрлі  тапсырмалармен  жұмыс  жасау  арқылы  оқушылардың  өзіндік  жеке 

жолы, даму ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, білім сапасы артады, ой-өрісі кеңейеді. 

Технологияның тиімді жақтары: 

1.Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. 

2.Оқушының жеке қабілеті айқындалады. 

3.Сынып  оқушылары  толық  бағаланады  және  әр  оқушы  өзінің  алатын  бағасын  біліп, 

жіберген қателіктерін көріп отырады. 

4.Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің дамуына жол ашылады. 

5.Білімнің сапасы көтеріледі. 

Бұл технология барысында оқушының пәнге қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. 

Оқушының  ақпараттық  құзыреттілігін  дамытудағы  Ж.А.  Қараев  технологиясының 

маңызы 


Қазіргі  кезде  ең  бағалы  тауар  –  ақпарат  болып  саналады.  Сондықтан  қай  елдің 

тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны 

пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ. 

Елдің  болашағы  осы  мүмкіндікті  қалай  пайдаланып,  қоғамды  ақпаттандыруды  қалай 

жүзеге  асыруда  болмақ.  Оның  жолдарының  бірі  білім  алуды  ақпараттандыру  болып 

саналады. 

Алдарына  өресі  мол  мақсаттар  қойып,  соған  жетуде  ғылым  мен  техниканың  қазіргі 

замандағы  озық  үлгілерін  пайдаланып,  әлемдік  ақпараттық  кеңістікте  әр  түрлі  деңгейдегі 

ақпараттарды  қажетіне  жарата  білуі  керек.  Бұл  тұрғыда  мектепте  компьютерлік 

технологияны кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше. 

Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Бұл ақпараттарды 

білімге айналдырудың көптеген педагогикалық технологиялары да жетерлік. Соның ішінде 

компьютерлік  технологияны  қолданудың  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы,  оның 

шығармашылық  мүмкіндіктерін  арттырудағы  атқарар  ролін  қазіргі  заман  талаптары  өзі 

анықтап  отыр.  Компьютер  адам  қызметінің  барлық  саласында  еңбек  өнімділігін  арттыру 

құралына  айналды.  Жеке  тұлғаның  ақпараттық  мәдениеті  негіздерін  қалыптастыру 

оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты.  

Қазіргі  заман  талабына  сай  компьютер  көмегімен  (интерактивті  тақтамен)  оқытудың 

тиімді әдістерін пайдалана білу әр мұғалімнің абыройлы міндеті деп ойлаймын. 

 

 



235


 ~ 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Айсина М.А. Жаңа мектеп жаңа мұғалім // 12 жылдық білім. 2005ж.  

№6. 3-4б. 

2.Әбиева Ж.Ә. Педогогика / 2004ж. 39-40б. 

3.Бабаева С.Б. Педогогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы / 2008ж. 

 98 -100б. 

 

 



ӨМІР БОЙЫ БІЛІМ АЛУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 

ДАМЫТУ  

 

Тулегенова Бекзада Сайдихановна 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушысы 

Шымкент қаласы, ОҚО 

Туребекова Сара Ахметалыевна 

М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің психологы 

Ордабасы ауданы, ОҚО  

 

Құзірет,  құзіреттілік  дегеніміз  не?  Бұл  ұғымдар  білім  беру  жүйесінде,  бастауыш 

білім  беру  сатысында  дамыта  оқыту  технологиясын  пайдалана  отырып,  оқушылардың 

танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда қандай роль атқарады? Алдымен осы сұрақтардың 

жауабын тауып көрелік» 

«Құзірет»  термині  соңғы  кездерде  ғылымның  әртүрлі  саласында  қолданыс  табуда. 

Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті ұғымдары дефференцияланды. 

Құзіреттілікті  ауқымды  жоспарда  қарастыру  Ю.Н.Емельяновтың  еңбектерінен 

байқалады.  «Құзіреттілік-  дара  тұлғаның  өзіндік  қабілеттері  мен  статусы  шеңберінде 

қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке 

дара  формасын  үйрету  деңгейі»  деген  анықтамасынан  адам  білімі,  біліктілігі  және 

тәжірибесі анық байқалып отыр. 

Бүгінгі  қоғамда  оқушының  академиялық  –  энциклопедиялық  білім  жиынтығы 

жеткілікті  болғанымен,  күнделікті  өмірде  кездесіп  отырған  түрлі  жағдаяттарға  икемсіздігі 

байқалып  жатады.  Бұл  оның  өмір  сүру  үрдісінде  қажетті  құзіреттіліктерінің 

қалыптаспағанын айғақтайды. ҚР  жалпы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім 

беру стандартының жобасында  «Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі 

арқылы  көрінетін   білім  беру  нәтижесі»  деп  көрсетілген.Әрине,  бұл  жердегі  әрекет  – 

танымдық әрекет. 

Қызығу  –  танымдық  іс-  әрекеттің  қозғаушы  күші.  Оқушының  қызығу  жәрдемімен 

оқып-  үйрену  барысында  қабілеті  ашылып,  дарыны  ұшталады,  өз  күшіне,  мүмкіндігіне 

сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. 

Қазіргі  таңда  оқыту  үрдісіне  қойылатын  талаптардың  өзгеруіне  байланысты  оқыту 

технологиялары  негізінен  қолданылуда.  Оқу  үрдісіндегі  оқыту  технологиялары  дегеніміз 

қойылған  мақсаттарға  және  күтілетін  нәтижеге  тиімді  жету  жолдарын  қамтамасыз  ететін 

оқу  бағдарламаларында  қамтылған  білім  мазмұнын  меңгертудің  жүйеленеген  формалары, 

әдіс  –  тәсілдері.  Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  қолданылатын  оқыту  технологиялары 

төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.  

 

Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу. 



 

Оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын  дамыту,  күтілетін  нәтижелерге  жетуге 



талаптандыру. 

 



Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану. 

 



Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу. 

Аталған  талаптардың  бәріне  жауап  бере  алатын  технология  ретінде  дамыта  оқыту 

технологиясын 

таңдадым. 

Жалпы 

«дамыту», 



«даму» 

терминдеріне 

баланың 


236


 ~ 

 

белгілімөлшерден шығып, саналы іс - әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта 



оқыту  технологиясын  көрнекті  ғалымдар  Л:С  Вготский,  М.Я.  Лернер,  Л.В.  Занков,  В.В. 

Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз 

–  ақыл  –  ойдың  дамуының  көрсеткіші  ретінде  жинақтай,қорытындылай  алу  дағдысы»  - 

дейді.  Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  -  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты 

назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені 

шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім 

алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы: 

 



Оқу міндетін қою сабағы 

 



модельдеу сабағы 

 



түсінікті нақтылау сабағы 

 



нақтылау сабағы 

 



бағалау сабағы 

1.

 



Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. 

2.

 



Оны шешудің жолын бірге қарастыру. 

3.

 



Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 

Бұл  үшеуі  –  дамыта  оқытудың  Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов  жасаған  жүйесінің 

негізгі  компоненттері.  Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда  ешқандай  дайын  үлгі 

берілмейді.  Мақсатты  шешу  іштей  талқылау,  сосын  жинақтау  арқылы  жүзеге  асады. 

Мұғалім  сабақ  үрдісін  ұйымдастырушы,  бағыттаушы  рөлінде  ғана  болады.  Шешім 

табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп,әр оқушыға өз ойын ,өз 

пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту белгілері: 

1.

 



Педагогикадағы түсіндірмелі - иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға 

дамуы – тығыз байланыста.  

2.

 

Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен 



ерекшелігіне сәйкестендіріледі. 

3.

 



Балаға іс - әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады. 

4.

 



Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі. 

5.

 



Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.  

6.

 



Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. 

Аталған  сабақ  түрлері  оқушылардың  құзыреттіліктерін  қалыптастыруға  өз  септігін 

тигізеді.  Заман  талабына  сай  12  жылдық  орта  білім  беру  мазмұны  Стандартпен 

анықталатын  келесідей  түйінді  құзыреттіліктер  ретіндегі  білім  беру  нәтижелеріне  әрбір 

білім алушының қол жеткізуіне бағытталған: 

 



проблемалардың шешімін табу 

 



ақпараттық 

 



коммуникативтік құзыреттіліктер 

Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін 

білім  нәтижесі  деп  Қазақстан  республикасы.  Жалпыға  міндетті  мемлекеттік  стандарттың 

жобасындаанықтама  берілген.  Олай  болса,  бастауыш  сыныптардан  бастап  дамыта  оқыту 

технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу 

талап етіліп отыр. 

Танымдық  қызығу  оқыту  мен  тәрбиелеу  нәтижесінде  қалыптасады.  Педагогикалық 

әдебиеттерде оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы жиі айтылады. 

Біріншісі-  оқытудың  мазмұны  мұндағы  оқушыларды  қызықтыратын  мазмұнның 

берілу  түрі,  жаңалығы,  ғылым  мен  техниканың  соңғы  табыстары,  таңдандыратын  тарихи 

деректер,  ғылыми  білімнің  іс  жүзінде  қолданылуы,  бұрыннан  білетін  мағлұматтың  жаңа 

қырының ашылуы 

Екіншісі - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және 

әдістерін  жетілдіру.  Бұған  жататындар  сабақта  жаңа  технологияларды  қолдану,  соның 

ішінде  дамыта  оқыту  технологиясын  қолдану,  сабақта  қолданылатын  техникалық  және 

көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, проблемалық 



237


 ~ 

 

және  интегративті  ұстанымдарды  жүзеге  асыру,  оқушылардың  өздігінен  істейтін 



жұмыстарын және өздігінен білім алуды тиімді ұйымдастыру. 

Үшіншісі  -  мұғалім  мен  оқушы,  оқушы  мен  оқушы  арасындағы  қарым  -  қатынаста 

сыйластық болуын қамтамасыз ету. 

Танымдық  іс  -  әрекет  –  оқушының  білімге  деген  өте  белсенді  ақыл  -  ой  әрекеті. 

Психологтардың  зерттеулеріне  қарағанда,  танымдық  іс  -  әрекеттің  қалыптасуы  өздігінен 

тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның 

өзіндік  қызмет  сипатымен  ғана  емес,  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс  -  әрекеті,  танымдық 

қажеттілігін  оятуға  ынталандыратын  оқу  және  тәрбие  үрдісі,  сондай  –  ақ  өзінің  жеке 

басының белсенділігімен, ұжымдық іс - әрекет рөлімен және оның ұстанған позициясымен 

үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. 

Оқушының  құзыреттіліктерін  қалыптастырудағы  дамыта  оқыту  технологиясының 

қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады. 

Оқу мәтінін қою сабағында 

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни 

білетіндері  сараланады.  Осы  кезеңде  оқушылардың  ақпараттық,  коммуникативтік 

құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді. 

ІІ.  Интеллектуалдық  шиеленіс  кезеңінде  оқушылардың  ізденіс  зерттеу  әрекеттерін 

ұйымдастыруда  салыстырады,  топтардың  жауаптары  тыңдалып,  шешімдері  тыңдалады. 

Осылайша  сабақ  мақсатын  оқушылар  өздері  айтады.  Бұл  кезеңде  оқушылар  алдарына 

қойылған  проблемаларды  анықтап,  топтың  шешімі  арқылы  мақсат  қояды.  Яғни, 

проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады. 

ІІІ.  Оқу  міндетін  қою  кезеңінде  жеткіліксіз  білімдерін  өздері  меңгереді.  Оқулықтан 

тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді. 

ІҮ.  Оқу  міндетін  шешу  амалдарын  іздестіруде  практикалық  жұмыстарды  топ  өздері 

орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады. 

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде 

қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді. 

Дамыта  оқыту  тұжырымдамасының  негізігі  идеясы:  Бастауыш  сынып  жасында 

арнайы  ұйымдастырылған  оқыту  арқылы  (теориялық  білім  және  ойлау  негізінде)  балада 

өзіндік жетілу, өзіндік тану бағытында нақты қабілеттер қалыптастыру. 

Дамыта  оқыту  деп  (В.Давыдов,  В.Репкиннің,  Элькониннің  трактовкасы  бойынша) 

мазмұны,  әдіс-  тәсілдері,  ұйымдастыру  формалары  баланың  заңдылықтарына  тікелей 

негізделген оқытуды айтады. 

Оқушыларды  дамытудың  негізі  –  оқудың  субъектісі  ретінде  өзін-  өзі  өзгертуге 

бағытталған, бала белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде түсіндірілетін оқу әрекеті. 

Мақсаты:  Балада  өзін  жетілдіруге,  өзін-  өзі  өзгертуге,  өзін-  өзі  түсінуге,  өзін  -  өзі 

тәрбиелеуге  бағытталған  белгілі  бір  танымдық  қабілеттерін  қалыптастыру.  Оқушыда 

құзіреттілік қалыптастырып қана қоймай, оны жалпы қойылған мақсатқа жету жолындағы 

құрал  деп  қарау.  Оқыту  баланың  жақын  даму  аймағына  негізделген:  Оқыту-  дамыту- 

қабілет (оқу әрекеті арқылы теориялық ойлаудан жаңа білімге). 

Оқу  мазмұны  жалпыдан  жалқыға,  дерексізден  –  нақтыға  бағытталған  ғылыми- 

теориялық ұғымдар жүйесін көрсетеді. 

Оқытудың  ең  басты  әдісі-  танымдық  –  ізденімпаздық  оқу  әрекеті.  Оқу  әрекеті 

барысында  мұғалім  оқушылардың  өздеріне  оқу  мақсатын  анықтауға  басшылық  жасайды. 

Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша  оқу  мақсатын  қоюда  ешқандай  дайын  үлгі 

берілмейді.Оқушы  ғылыми  зеттеудің  жолын  қайталап  өткендей  юолады.Ол  өзі  жаңалық 

ашатын  кішкентай  ғалымға  айналады.Осы  арқылы  оқушының  танымдық  құзіреттілігін 

қалыптастыруға  алғашқы  жол  қаланады.Бүкіл  теориялық  білім,  білік  дағдыны  меңгеру 

бірнеше танымдық тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. 

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде  

 

оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды 



238


 ~ 

 



 

проблеманы шешу жолын іздестіреді 

 

жаңаны өздері табады 



 

ақылдасады, кеңеседі 



Аталған  әрекеттері  арқылы  әр  оқушының  проблеманы  шешу,  ақпараттық, 

коммуникативтік  құзыреттіліктері  қалыптасады.  Құзыреттілік  қалыптастырудың  келесі 

міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді 

қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады. 

Жоғарыда айтылғандарды саралай келе байқағаным, дамыта оқыту техлогиясының өзі 

оқушылардың  танымдық  құзіреттілігін  қалыптастыруға  негізделгендей.  Себебі  бастауыш 

сынып  оқушысының  танымдық  құзіреттілігін  қалыптастыруда  ілгері  басуына  себепкер 

болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Дамыта оқыту технологиясының бір ерекшелігі 

проблемалық жағдайлар туғызу , оны шешу, осыны пайдалана отырып  оқушылар бойына 

танымдық  құзіреттіліктің  алғашқы  белгілерін  қалауға  болады.  Оқушылардың  танымдық 

құзіреттілігін қалыптастыруда дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, танымдық 

іс-  әрекетті  әр  пәнде  жоспарлау  және  ұйымдастыру  біліктерінің  қалыптасуына  оқу 

танымдық  тапсырмаларды  шығармашылық,  топтық  тұрғыда  шешудің  маңызы 

зор.Оқушылардың  таным  қабілеттерін  қалыптастыруда  дамыта  оқытудың  принциптеріне 

сүйену  қажет:  Жоғарғы  қиындықта  оқыту,  теориялық  білімнің  жетекші  ролі,  оқу  үрдісін 

сезіну және түсіну, барлық оқушылардың жалпы дамуымен жұмыс, оқу үрдісін жеделдету. 

Қорыта  келсек,  бұл  мақалада  дамыта  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып 

бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  құзіреттілігін  қалыптастырудың  теориялық 

мәселелері қарастырылды. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Ожегов С.И. Словарь русского языка.М.: «Оникс 21 век», 2004 

2. 12 жылдық оқыту мәселелері.Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру жүйесін 

дамытудың негізгі бағыттары.- Астана,2006 

3. Нұрмұханова Г.Шығармашылық танымдық іс- әрекет нәтижесі.// Бастауыш мектеп, 2004, 

№ 10 36-37 б. 

 

 

МҰҒАЛІМНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕ СЫНДАРЛЫ  



ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ 

 

Мыңбаева Ақбота Камзабекқызы, Орынбасарава Гулмира Оралбайқызы 

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ аға оқытушылары 

Шымкент қаласы, ОҚО 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет