Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



Pdf көрінісі
бет59/67
Дата24.03.2017
өлшемі6,56 Mb.
#10133
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

401


 ~ 

 

1.



 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012  —  2016 

жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.   – Астана, 2012 ж. 

2.

 



ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.  – 

Астана, 2010.     

3.

 

ҚР Білім туралы заңнама.  – Алматы, 2012. 



4.

 

ҚР білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.  – Астана, 2004.  



 

 

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП 

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 

 

Мықтыбай Нағима Жаңылысқызы 

С.Сейфуллин жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 

Ордабасы ауданы, ОҚО 

 

Егер мұғалім мен оқушының білім игеруі өзара үйлесетін  болса, онда оқуда табысқа 



жету  мүмкіндігі  болады.  Егер  білім  игеруді  бастау  нүктесі  дұрыс  таңдап  алынбаса,  онда 

тіпті ең жақсы оқушылардың өздері де алған білімдерін есте сақтауы қиындық тудырады.  

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында айтылғандай:  Мұғалімдер, өз кезегінде, 

өзінің  сабақ  беруіне  емес,  оқушылардың  оқу  ептілігін  дамытуға  назар  аударуы  тиіс.  Осы 

мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар 

қабылдамай,  оқу  үдерісіне  белсенді  қатысатын  болады.  Әрбір  мұғалімнің  өз  ұстанымы 

болуы  керек.  Мұғалімнің  ұстанымы  оның  көзқарастарын  қалыптастыру  барысында  зор 

ықпал  етеді,  ал  көзқарасы  белгілі  бір  шешімдердің  қабылдануы  мен  сыныптағы  іс-

әрекеттерді  түсіндіру  көзі  болып  табылады.  Сондықтан  кез-келген  мұғалімнің    оқыту 

құралдары  оның  өөз  болжамдарының,  білімі  мен  ұстанымының,  көзқарастарының 

жиынтығынан тұруға тиіс. Олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-

біріне  кеңес  береді,  өз  алдына  мақсат  қояды,  өзіне  деген  сенімі  артады,  алынған 

нәтижелерді  қадағалайды,  сыни  тұрғыдан  ойлай  бастайды,  идеялармен  эксперимент 

жасайды  және  қателер  оқудың  ажырамас  бөлігі  екенін  түсіне  отырып,  тәуекелге  барады. 

Білім  беруде  диалог  негізгі  рөл  атқарады.  Мерсердің  зерттеуіне  сәйкес  әңгімелесу 

оқушылардың  білім  алуының  ажырамас  бөлшегі  болып  табылады  және  әңгімелесудің  үш 

түрі бар:  

Әңгіме – дебат; 

Топтық әңгіме; 

Зерттеушілік әңгіме; 

Топтық  жұмыс  жасау  да  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыруға  үлкен 

септігін  тигізеді.  Себебі  топ  болып  жұмыс  жасаған  кезде  топта  қанша  адам  болса  сонша 

адамның өз орны, жеке пікірі, өз ұстанымы бар. Әрбір топ мүшесі  топтық  талқылауларда 

қатысуы  шарт.  Топтық  жұмыстың  тиімділігінің  бір  көрінісі:  топтағы  тұйық  балалардың 

сабаққа қатысып отыруына ықпал етеді.    

Сұрақ  қою  маңызды  дағдылардың  бірі.  Қойылатын  сұрақ  дұрыс  таңдап  алынған 

жағдайда  сабақтың  толық  мағынасы,  мазмұны  ашылады.    Бағалау  әдісін  жүргізу  үшін 

оқушылардың  нені  білетіндігін  және  не  істей  алатындығын,  сонымен  қатар  олар  қандай 

қиындықтармен  кездесуі  мүмкік  екендігін  анықтау  қажет.«Оқытуды  бағалау  және  оқуды 

бағалау» тақырыбына сүйенсек, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды: 

- бақылау; 

- алынған мәліметтердің жинынтығы 

-  бұдан  арғы  іс-әрекетті  анықтау  үшін  қолданылуы  мүмкін  шешімдерді 

қорытындылау; 

Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп 

отырған  кезеңде  білім  беру  мәселесін,  әдіс-тәсілдерді  инновациялық  үрдістермен 



402


 ~ 

 

алмастыру  арқылы  жалпы  білім  сапасын  арттыру  көзделген.  Осы  орайда    әрбір    мұғалім 



озық  технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдауы керек. Сонау  ХХ  

ғасырдың  басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан 

жаңаны  табатын  нәрсе»  деген  екен.  Ал  мен  биология  пәні  мұғалімі  ретінде  ұлттық 

құндылықтарды  бойына  сіңірген,  мәдени  мұраларды  жадында  өшпестей  етіп  сақтаған 

құзіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа тәсіл 7 модулдің біріншісі оқыту мен 

оқудың жаңа әдіс тәсілдерін өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. «Сабақ – оқытушының 

педагогикалық мәдениетінің айнасы», -деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің 

ішінде  өзімнің  пәніме  тиімдісі,  жарыққа  шығарары,  баланың  қызығушылығын  оятары, 

білімін жетілдірері қайсы екен деп көп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе 

бірнеше  модульді  бірден  қолдануға  болатынын  анықтадым.  Бұл  қолданыстан 

ұтылғанымнан  ұтқаным  көп  болды.  Әр  мұғалім  өз  сабағының  –көшбасшысы.  Ал  көшті 

дұрыс  бағыттай  білу  ол  шеберлігіне  байланысты.Жалпы  менің  оқытудағы  өз  міндетім 

оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  жасауға  тәрбиелеу,  үйрету,  шығармашылық  қабілетін 

дамыту.  Сондықтан  сабақта  оқушылардан  жиі  тақырып  бойынша  жеке  ,жұптық,топтық 

жұмыс яғни пирамидалық тәсіл түрлерін алып отырамын. Өйткені, ол оқушының ойлауын, 

елестету  мен  есте  сақтау  белсенділігін,  дағдысын  білім  саласының  дамуын  қамтамасыз 

етеді.Мұғалім  бала  бойындағы  туа  біткен  түрлі  қасиеттерді  дәл  байқап,  оның  сапалық 

ерекшеліктеріне  баға  беріп,  ары  қарай  өз  бетінше  дамыта  түсуіне  жағдай  туғызуы  керек, 

көмектесуі  қажет.  Бұл  үшін,  әрине  ұстаздың  өзі  де  өзгеруі,  яғни  дәстүрлі  оқытудың 

таптаулары  сүрлеуінен  арылуы  тиіс.  Осылайша  оқытудың  жаңа  мазмұнын  жасауға 

бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім шәкіртке білім, білік, дағды беріп 

қана  қоймай,  ақыл-ойы  мен  қабілетінің  дамуына  көңіл  бөліп,  «оқи  алуға  үйрету  керек». 

Мұғалім оқытуға кіріспес бұрын оқушылардың мінездерін зерттеп, білімдерін тексеруі тиіс. 

«Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиялармен  байланысты  әлемдік  стандартқа 

сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, 

әр  мектепті  түрлі  ақпаратты  техногиялармен  қамтамасыз  етуде.  Яғни,  ақпараттық 

технологиялардың  білім  беруде  маңызы  зор.  Өйткені  ол  оқушыларға  үлкен  ақпараттық 

білім  кеңістігіне  жол  көрсетеді.  ҚР  «Білім  туралы»  Заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 

міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 

жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған,  білім  алу  үшін  қажетті 

жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп,  білім  беру  жүйесін  одан 

әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі 

арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  жол  ашады  .  Бұл  баланың  ой 

өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде 

мұғалім  оқушылардың  жас  ерекшелігін  негізге  алуы  керек.  Тапсырамаларды  да  меңгере 

алатындай,  сұрақтарға  дұрыс  жауап  іздей  алатындай  етіп  қою  керек.  Сол  кезде  сабақ 

күтілген нәтижеге қол жеткізеді.    

1.

 

Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек. 



2.

 

Оқыту  үрдісі  кезінде  сабақтағы  басты  тұлға  білім  беретін  мұғалім  емес,  осы 



білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс. 

3.

 



Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек. 

1.

 



Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет. 

2.

 



Оқу  дамыту  жұмысын  ұтымды  жүргізу  үшін  баланың  табиғи  талабын,  қасиетін 

дер кезінде айқындау керек. 

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу 

-  оқушының  өзін-өзі  дамытуына,  өз  біліміндегі  олқылықтарды  өзі  тауып  ,  өз  сұрағына  өзі 

жауап  іздеп  жан  –  жақты  білім  алуына  көмектеседі.  Менің  міндетім  –  коуч  болып 

үйренгенімді  әріптестерімнің  үйренуіне  бағыт-  бағдар  бере  отырып,  жасаған  жұмысымды 

қалай іске асатындығын бақылау үшін коучтің өзінде мынадай қасиеттер болу керек екен – 

өзіне  деген  мықты  сенім,  биік  идеялық  талпыныс,  кәсіби  шеберлік  болуы  керек.  Адам 



403


 ~ 

 

тағдырына  немқұрайлы  қарамау  керек.  Оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасу  үшін 



мұғалімнің қателесуіне жол жоқ. Мұғалім білім беріп, ұрпақ тәрбилеуде негізгі тұлға, олай 

болса  оқушыға  берілетін  білімді  нәтижелі,  жүйелі  түрде  жеткізіп  қателеспей  оқыту 

міндетін, парызың. Оқыту үшін оқытудың жаңа технологияларын орынды пайдалана білуі 

қажет.  Топпен  жұмыс  жасағанда  сабақ  өкізуде  түрлендіріп,  топты  күнделікті  сабақта 

алмастырып,  сабақта  екі  рет  топпен  жұмыс  болуын,  оқушылардың  түгел  қамтылуын, 

сабақтан тыс қалмауын қадағалау. Оқушы нені ойлау керектігін ұғынуын, топтық жұмысты 

ұйымдастырғанда, олардың бірлесе жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау. Оқытуды жақсартуда 

оқыту  үшін  бағалауды  тиімді  ұйымдастыру  сыни  тұрғыда  дамытуға  болатын  әдіс-

тәсілдердің  алуан  түрлі  болатынын  әріптестерім  тани  түсті.  Оқушылардың  өзін  –  өзі 

дамытуы  үшін  істелетін  әрекеттермен  танысты.  Мұғалім  әрбір  оқушының  өз  мүмкіндігін 

пайдалана алуына тікелей ықпал етуі қажет. 

Қазіргі  заманғы  мұғалімнің  басты  мақсаты-  оқушыны  терең  білім  алу  мен  сапалы 

ойлауды  дамытуға  жетелеу  болып  есептеледі.  Бірлескен  топ  жұмысында  оқушылар  бір-

бірімен  ой  бөлісіп,  бір-бірімен  тәжірибе  алмасып,  алынған  ақпаратты  топ  болып  түсініп, 

талдап,  синтездейді,  салыстырып  болжамдар  жасай  отырып  ортақ  шешімге  келеді.  Оқыту 

мен  оқудың  жаңаша  әдіс-тәсілдерін  ойдағыдай  меңгерген  мұғалім  шәкіртін  білім  алуға 

қызықтыра  алады  және  жеке  іздеуге  дағдыландырады.  Нәтижесінде  оқушы  еркін,  өзіндік 

дәлелдемелерін  анық  жеткізе  білетін  сенімді,  сыни  ой-пікірі  мен  көзқарастары  дамыған 

болып  қалыптасады  .  Топтық  жұмыс  арқылы  ой  қозғай  отырып,  өз  ойымен  өзгелердің 

ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  топ  ішінде  талдап,  салыстырып,  реттеп,  сұрыптап, 

жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау  өз  бетімен  және 

бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім. Оқушылар үшін бұл сабақтың маңызды 

екендігін, бұл әдіс-тәсілдер оқушыларымды қызықтырғандығын анықтадым. Жаңа үлгідегі 

сабақ  ұсынамын.  Іс-әрекеттегі  зерттеу  жұмысымның  тақырыбы:  «Биология  сабағында 

топтық  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 

арттыру».  Зерттеудің  негізгі  мақсаты:  Оқушылардың  топта  жұмыс  жасау  дағдыларын 

қалыптастыру. Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып қызығушылығын арттыру арқылы, 

әлеуметтік  ортаға  бейімдеу.  Зертеудің  нысаны  –  топтық  жұмысты  ұйымдастыру  арқылы 

оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, сабаққа деген 

қызығушылығын арттыру. Зерттеу жұмысының міндеттері: 

-

 

оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.  



-

 

пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды пайдалану.  



-

 

сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.  



Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай 

үйлесімді  қызметі,  оның  өзі  белгілі  бір  пен  тәртіп  талабынан  құрылады.  Мынандай 

бағыттарға  бөлінеді:  фронтальды  –  мұғалімнің  барлық  оқушылардың  жеке  және  өзіндік 

жұмысын басқаруы. 

Жұмыс  әр  оқушының  топтық  және  жұптық  қызметі.  Мұғалімнің  оқу  қызметін 

фронтальді  ұйымдастыруы  барлық  оқушылардың  іс-әрекетінің  бірлікте  болуын  басқару, 

яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып 

талқылайды,  нәтижені  салыстырады,  жинақтайды.  Бұл  тәсіл  оқушылар  мен  ұстаз 

арасындағы  сенімді  нығайтып,  ұжымдық  сезімді  тәрбиелейді,  пікірлерді  талқылауы 

ширайды,  басқаның  ойын,  өзінің  ой-түйіндерімен  салыстырады,  қателерін  табуға 

жаттығады.  Мұғалімге  қойылатын  басты  талап  оқушылардың  ішінен  ең  тиімді  ой-

тұжырымды  дәл  таба  білуі,  оны  алдын  ала  болжауы,  оқу  ситуациясын  туғызуы,  сабақтың 

міндеттеріне жауап іздеуі; барлық  айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен таңдауы, 

оны  мәдени  тұрғыда  қолдауы,  мұнымен  бірге  қажетті  сәттерде  түзетулер  енгізуі,  әр 

оқушының мүмкіндігіне жол ашу. 

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар 

жатады:  

 



оқу міндетін анықтау үшін сынап екі топқа бөлінеді

404


 ~ 

 



 

әр  топ  тапсырма  орындайды  (не  бірдей,  не  саралап,  даралап  берілген),  ол  топ 

ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді; 

 



топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі; 

 



топтың  құрамы  сабақтың  мазмұнына  қарай  өзгереді;  ең  жоғары  деңгейдегі 

оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады; 

 

топтың  және  құрамның  әр  түрлі  деңгейлікке  орай  оқушылардың  қауымдастық 



құрамы сұрыпталады және мұның өзің оқушыларға байланысты. 

Сабақтың сапасы мен  нәтижелі  өтуі,  көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың 

жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ 

өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын 

болған  кезде  жүргізуі  тиімді.  Бұндай  жағдайда  мұғалім  өткен  сабақтың  нәтижелеріне 

сүйене  отырып,  келесі  сабаққа  дайындығы  кезінде  осының  барлығы  ескерілуін 

ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған 

жоспарын  тағы  қайтара  талдап,  сәтсіздіктерінің  себебін  табуға  тырысып,  дидактикалық 

тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. 

Осылайша,  қазіргі  уақытта  да  сабақ  оқушылардың  мектепте  білім  алуын 

ұйымдастыру  түрінің  ең  негізгісі  болып  қала  береді.  Сабақтың  нәтижелілігі  мұғалімнің 

дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық. әрекетін ұйымдастыра алуына және ол 

оқу әрекетінің нәтижесін болжай алуына байланысты. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізіг) деңгей.Үшінші басылым 2012ж. 

2. «Бастауыш мектеп» журналы. Алматы, 2011ж. 

3. «Бастауыш сыныпта оқыту»  2010ж. 

4.  Р.Сәтімбеков  «Биология және салауыттылық негіздері»   2012ж. 

 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 



ДҮНИЕТАНЫМЫН   ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Абдраимова Гүлбахрам Тұрысбековна 

Бастауыш сынып мұғалімі 

Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат -лицейі 

 Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, ОҚО 

 

Шығармашылық жұмыстың мақсаты:  

Математика  пәніне  деген  қызығушылығын  артыру.  Күнделікті  өмірде  математика 

пәнінің  маңыздылығын  ұғыну.  Шапшаң  есептеуге  дағдылану.  Екі,  үш  таңбалы  сандарды 

қосу мен азайтуды меңгету;  

Оқушының ойлау қабілетін, таным  деңгейлерін  дамыту, ауызша есептеу дағдысын 

қалыптастыру;  

Табиғатты  аялауға, қоршаған ортаны  және ортаны ластанудан қорғауға, табиғатты 

қорғау  әр  адамның  міндеті    екенін    ұғынуға,  табиғатты  аялай  білуге,  адамгершілікке, 

ізгілікті, экологиялық, экономикалық   білімді  және  мәдениетті болуға үйрену.  

Міндеті: 

Оқушыларды  танымдық  іс  –әрекетке  ынталандыру,  белсенділіктерін  арттыру. 

Оқушылардың  ой  –  өрісін  дамыту,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.  Шығармашылыққа 

жетелеу. ынталандыру, белсенділігін арттыру; 

Жоспар: 

І.Кіріспе 

ІІ.Негізгі бөлім  


405


 ~ 

 

1.Бастауыш білім жүйесіндегі ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру.  



2.Экологиялық мәселелермен таныстыру және оны болдырмау жолдарын қарастыру. 

3.Экономика мен экологияның бір-біріне тигізетін әсерін талдау,саралау, мәселеден  

шығатын жолды іздеу шараларын ұйымдастыру. 

ІІІ.Қорытынды  

Жастарға  ғылым  негіздерін  үйреніп,  адамгершілікке  тәрбиелейтін  мектеп  ішіндегі 

негізгі  тұлға  –  мұғалім.  Өйткені  ол  мектеп  есігін  ашқан  жеткіншекті    мәдениетті,  идеялы 

қажырлы  және  табанды  етіп  қалыптастырады.  Мұғалім  сынып  оқушыларының  толық 

үлгерімі жолында күш жігерін салып еңбек еткенде ғана, бұл міндеттерді орындай алады. 

Ондай  мұғалім  өзінің  барлық  білігі  мен  білімін  бүкіл  оқу  –тәрбие  ісін  дұрыс 

ұйымдастырып, тиімді жүргізуге жұмсайды .  

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін   заман талабына сай білім 

қажет.  Өйткені  Тәуелсіз  Қазақстанның  дамыған  бәсекеге  қабілетті  30  елдің  қатарында 

терезесін  тең  ететін  –білім.  Сондықтанда қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдына 

оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім және 

ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: “Мұғалімдердің  жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен 

әлдеқайда  жоғары болуы керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет” деген. 

Жаңа  технологиялар  ерекшелігі  –  өсіп  келе  жатқан  жеке  тұлғаны    жан-жақты 

дамыту.  Яғни  жаңалықтарды  өмірге  әкелу.  Бұрынғы  оқушы  тек  қана  тыңдаушы, 

орындаушы  болып  келсе,  ал  қазіргі  оқушы  өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне 

ерекше мән береміз. 

Осы тұста менің айтарым; қазіргі оқушы  

1. Дүниетаным қабілеті жоғары 

2. Дарынды, өнертапқыш. 

3. Ізденімпаз, талапты 

4. Өз алдына мақсат қоя білетін  болуы тиіс. 

Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Ол үшін 

мұғалім  алдымен  өзі  оқып    біліп,  зерттеп  өзінің  шеберлігіне  қарай  таңдауы  керек.  Мен 

сабақтарымда  «Сыни  тұрғыда  ойлау»  технологиясын  басшылыққа  аламын.  Мұның ішінде 

Блум таксаномиясы, Ақылдың 6 қалпағы (Э. Боне), жоба қорғау (постер) элементтері. 

Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген 

жағдайдағы  мәселені  ойлап,  зерттеп  қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.Сыни 

тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және 

үнемі  оларға  жауап  іздеу,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр  мәселеге 

байланысты  өз  пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін 

дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді  білдіреді. Нағыз 

сабақ  –  ол  әрқашан  диалог,  іздене,  дайындала,  үйрене,  шәкірттер  болашағын  ойлай 

жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Осы тәсілдер оқушының сабаққа қызығушылығын 

арттырады,  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  даму  мониторингі  айқын  көрінеді. 

Нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. 

Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге 

көтеру  мұғалімдерге  үлкен  жауапкершілік  жүктейді.  Оқушылар  мұғалімнің  көмегімен 

сөйлеу, жазу, ойлау дағдыларын игереді. Оқушыларға терең де тиянақты білім, жан- жақты 

тәрбие  беруде  ана  тілі,  математика,  дүниетану,  сурет,  еңбек  пәндерінің    алатын  орны 

ерекше.  

Бастауыш  білім  жүйесіндегі  ақпараттық  сауаттылықты  қалыптастыруда  компьютер 

және  ақпараттық   технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі  оқушының 

жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптыстырып,жан-жақты  дамытып,  білімді  толық  игеруіне 

көмектеседі.  Жеке,  топтық  және  ұжымдық  жұмыстарда  компьютерді  пайдалану  арқылы 

ұйымдастыра  білсек  ұтымды.  Компьютерді  пайдаланып  өткізілетін  сабақтарды  өзара  бір-

бірімен  сабақтастыра  білу  және  оқушылардың  өзіндік  білім  алуына  жағдай  жасау,  оны 

бағалай білу. Аталған міндеттерді орындау негізінде мынадай нәтижеге қол жеткізе аламыз: 


406


 ~ 

 

Жаңа  технологияларды  пайдалану  арқылы  оқушылардың  танымдық,  шығармашылық 



қабілеттерін  арттыру,  жас  ерекшелігіне  сай  ақпараттық  сауаттылығын  жетілдіру,  өзіндік 

«Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.  

Әрбір  сабақты,  яғни  пәндерді  өмірмен  тікелей  байланыстырып  жүргізуді  алдыма 

мақсат тұттым. Себебі, бала ол  пәндердің маңыздылығын терең түсінуіне мүмкіндік алады. 

Пәндерге деген қызығушылығы оянады, сабаққа ынтасы артады. Оқушылардың ақпараттық 

дүниетанымын қалыптастыру үшін бірнеше жұмыстар ұсынуға болады. Ғаламтор желісінен 

бейнебаяндар  көрсету  арқылы  оқушыларды  ойландыру,  өз  шешімін  ортаға  салу,  «Аңшы» 

мультфилімі, «Айша» мультфилімдерінде экологиялық мәселе кеңінен көрініс тапқан. Осы 

мультфильмдерден  оқушы  өз  пікірі  мен  шешімін  көпшіліктің  талқысына  салуға  үйренеді. 

Сурет,  еңбек  сабақтарында  бейнебаяндарды  көрсету  арқылы  оқушыларға  ой  салып, 

дүниетанымы мен көзқарасын негізгі діттеген мақсатыма ұтымды қолдана аламын. 

Күнделікті сабағымды табиғатпен байланыстырып өтуге тапсырмалар мен мәселелер 

дайындап  келемін.  Себебі  адам  да  -  табиғат  перзенті.  Табиғатты  аяламаса,  сақтамаса  

болашақта  табиғатта  өз  өнімділігін  азайтады.  Адам  өзіне  қажеттінің  бәрін  табиғаттан 

алады.  Адам  баласы  өз  жағдайын  жақсарту  үшін  оқып,  білім  алады,  дамиды.  Экономика 

дамып,  өркендеген  сайын  ғылым  мен  техника  да  қарыштап  даму  үстінде.  Бірақ  соның 

салдарынан  табиғат  та  құру  алдында  тұр.  Оқушыларыма  осы  табиғаттың  неден  зардап 

шегіп  жатқаның  терең түсіндіруге  проблемалық  сауалдар  қойып,  топтаса  отырып  шешуге 

үйрету үстіндемін. Қарапайым қағаз қалдығын өртеудің керек еместігін, оны қайта өңдеуге  

болатынын  айта  кетіп,  қарапайым  ғана  мысал  арқылы  оқушының  ертең  үлкен  кәсіпкер 

болуға  жетелеуге  болады.  Қағаз  қалдығын  қоқысқа  тастамай,  әр  жылғы  пән  дәптерлері, 

газет  –журналдар,  дүкеннен  шығатын  қораптар,  орамалар  және  кітапханаларда  мерзімі 

өткен  кітаптарды  есептен  шығарып  өртеуге  жібермей,  өңдеуге  алуға  болатындығын    осы 

кішкентай  жасынан  бастап  түйсініп,  тұлға  ертең  бір  мамандықтан  білім  алып,  кәсіптің 

тетігін тауып келгенге дейін қағаз мөлшері неше тонна болғанына көз жеткізуге болады. Ол 

қағазды  маккалатураға  салып  (тығыздаушы  аппарат)  өлшеп,  қайта  өндеу  орнына  апарса, 

біраз қаражат болады әрі пайдалы іс жасар еді. Осы мәселені есеп ретінде шығарып неше 

жылда  неше  кг.қағаз  қалдығын  жинауға,  істің  көзін  осылай    табуға  болады  деген  секілді 

мәселелерді оқушы осы кезеңнен дұрыс бағдарлай алса, ертең экономикалық ой-өрісі жетік 

тұлға  қалыптасады.Мысалыға  оқушыға  бір  тоқсанда  қанша  дәптер  пайдаланатының 

есептеуді  сұрандым.Олар  топ  болып  есептеп  15-20  дәптер  жұмсайтынын  айтты.  Келесі 

сұрақ  1  жылда  қанша  жұмсайтынын  есептеуді  тапсырдым.Ұжымдаса  отырып  мынадай 

өрнек  құрдық  20*4=80      Және  оқушыларға    дәптерді  ұқыпсыз  пайдаланатын  оқушы  бір 

жылда қанша дәптер жұмсайтынын есептетемін.орташы есеппен 100-150 дәптер. Дәптерді 

ұқыпсыз  пайдалану  кімдерге  тиімді?  Саудагерге,  өндіріс  орындарына.  Себебі  сұраныс 

көбейеді, тауарларға сұраныс көбейген сайын өндіріс орындарына, сатушыға жақсы пайда 

әкеледі.  Бірақ,  табиғат  үшін  ол  пайдалы  емес  екендігін  дәлелдеуге  үйретемін.Жалпы 

мектепте жылына неше дәптер жұмсалатынын есептейді. Бұл сабақты Э.Боненің «Ақылдың 

алты қалпағына» салып өту тиімді, әрі қызықты болды. Оқушылар бұл сабақта тек қағаздың 

жасалуы  немесе  табиғат  мәселесімен  шектелген  жоқ  математикадан  алған  білімдерін 

қолдана білді. 

Сол  секілді  ана  тілі  сабағында  Ы.Алтынсариннің  “Таза  бұлақ”  әңгімесін  оқытуда 

оқушыларға  проблемалық  сауалдар  қоямын.  Мысалы:  Топтық  жұмыс:  тапсырмалар  беру 

арқылы  оқушылар  бірлесе  отырып  өз  көз  қарастарын  білдіреді.  1-топ  Балалар,  қазіргі 

заманда осындай бұлақ басында қандай көріністер орын алып жатыр?  2-топ. Неге өзендер 

мен  көлдер  ластануда?  Себебі  не?  3-топ  .  Бұлақты  таза  ұстау  үшін  қандай  шаралар 

ұйымдастыруға  болар  еді?  Жоспар  құр.  4-топ.Судың  таза  болуы  адам  ағзасына  қандай 

пайда келтіреді? 

Мысалыға,    517-жаттығу  бойынша  оқушылар  ”Ас  атасы-  нан”  тақырыбына  үйден 

әңгіме құрап келеді.Сол нанға байланысты мынадай есептер шығартамын.  



407


 ~ 

 

1.  Сатушы  наубайханадан  35  теңгеге  бірнеше  нан  сатып    алды.  Оны  45  теңгеге 



сатты. Сатушы әр наннан неше тенге пайда  көрді? 

2.  Дихан    1қап  бидайды  450  теңгеге  сатып  алды  да  оны  егу  үшін  сонша  теңгеге 

техника жалдады. Күзде ол 4 қап өнім алды. Дихан  жаздай қанша теңге табыс тапты?   

Ойын ойнату барысында:      

«Адам және өсімдіктер мен жануарлар» тақырыбын өткенде мынандай тапсырмалар 

орындаттым.  

Бір  сиыр  күніне  неше  литр  сүт  береді?  Мысалыға  5л.  Оны  сатқанда  қанша  теңге 

болады? Осы кезде оқушы ауызша есептеуге дағдыланады. Ал, бір сиыр  бір күнде қанша 

шөп жейді?Бір десте шөп қанша тұрады?  300 теңге  

Осы  жұмыстарды  орындата  отырып  мынандай  нәтижелерге  жеттім.  Сынып  

оқушыларының   ынтасы мен қызығушылығы  артты. Ауызша тез  есептеуге  үйренді. Жаңа 

сабақ материалын терең зерттеп, қосымша ақпараттарды ізденуге талпынатын  болды. Тек 

оқулық  материалымен  шектелмей  қосымша  ақпараттармен  танысуға    қызығушылығы 

артты.  Үнемшілдікке  үйренді.  Саудада  қанша  пайда  көретінін,  қанша  зиян  шегетін 

есептеуге дағдыланады. 

 

Әрбір  сабақта  оқушыларға  проблемалық  сұрақтар  қою  арқылы    табиғатта    болып 



жатқан  экологиялық    мәселелердің  себебін    анықтауға,  зерттеуге  бағыттадым.  Оқушылар 

судың, ауаның неге ластанып жатқаның айтады. Келесі сұрақ  оқушыны тағы да одан  әрі 

терең ойлануға жетелейді. Мысалыға көлік түтіні ауаны ластайтын болса оны пайдаланбау 

керек  шығар  деген  ойлар  айтамын.  Сонда  бала  ойлана  келе,  мынадай    қарама  қайшы 

пікірлер  айтады.  Көліктердің,  зауыттардың,  өндіріс  онындарының  еліміз  үшін  маңызды 

екенің    өзара  талқылайды.  Осындай  сауалдар  қою  арқылы  оқушы  эколокогиялық  апат 

салдарына тікелей экономиканың  салдары екеніне көз жеткізеді.      

Келесі оқу жылында оқушы экономика мен экологияның бір-біріне тигізетін әсерін 

талдау,  саралау,  осыдан  шығатын  жолды  іздеу  шараларын  ұйымдастыру  жоспарлап 

отырмын.  Бұл  жұмыстарды  орындаған  оқушы  өздігінен  зерттеуге  дағдыланады.  Кіші 

ғылыми жұмыстар жазуға талпынады. Болашақта ел экономикасын дамыту үшін табиғатқа 

зияны келмейтін жоболар жасауға қалыптасады. 

 

Оқушыларға  тәрбие  беруге  ықпал  етумен  бірге,  олардың  қоршаға  ортаға  деген 



жауапкершілік  сезімдерін  қалыптастырудың  үлкен  маңызы  бар.  Мұғалім  балаларды 

қоршаған  ортамен,  табиғаттағы  адамдардың  еңбек  әрекетімен  таныстыра  отырып, 

оқушылардың назарын адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерге айрықша аударуы, оның 

қандай пайдасы мен зияны болатынына көздерін жеткізеді. 

Жеке оқушыны жан-жақты дамыту және тәрбиелеу ісінде сабақтан тыс жұмыстарды 

дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор, тек осы жағдайда нәтижеге жетуге болады. Сабақтар 

мен сыныптан тыс жұмыстар мазмұндары бірін-бірі ұдайы толықтырып, дамытып отыруы 

қажет.  Белгіленген  жоспар  бойынша  жүргізілетін  сабақтар  әр  уақытта  оқушыларды 

қызықтыратын,  ойландыратын,  экологиялық-экономикалық    проблемаларды  жан-жақты 

ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілген материалдарды тереңдетіп оқып-үйрену 

үшін сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызы зор.  

Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы. 

Оқушылардың  бақылау  жүргізуіне,  қарапайым  тәжірибелер  жасай  білуіне,  белгіленген 

әдебиеттерді  оқуына  мүмкікдік  жасау  қажет.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  да  туған  өлкенің 

экологиялық жағдайы туралы ғылыми хабарламалар көбірек қамтимын. Экологиялық білім 

беру  дегеніміз  –  адамзат  қауымының,  қоғамның,  табиғаттың  және  қоршаған  ортаның 

үйлестігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Экологиялық және 

табиғатты  қорғау  Заңдарын  жетілдіру  оларды  бұлжытпай  орындау,  табиғи  ресурстарды 

тиімді  пайдалануда  жауапкершілікті  күшейту,  қоршаған  ортаның  табиғаты  мен  адам 

денсаулығының үйлестігін арттыру, экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа 

жетуін  қамтамасыз  ету.  Үздіксіз  экологиялық  білім  берудің  негіздері  қазақ  халқының 

табиғатпен  қарым-қатынас  үстінде  туған  тарихи  көзқарасы  мен  салт-дәстүрінен  бастау 



408


 ~ 

 

алады.  Көшпелі  тұрмыс  кешкен  қазақтар  өзінің  бүкіл  тыныс-тіршілігін  табиғатпен 



байланыстырған.  Оны  аялап,  аң-құсына  дейін  киелі  санап,  өзен,  су  бойын  таза  ұстаған. 

Осыған  байланысты    ана  тілі  сабағында  «Бетпақ  дала»  әңгімесін  өткенде  ханның  іс-

әрекетіне,экологиялық  жағдайға,  табиғаттағы  тепе-теңдіктің  бұзылуына  әкеп  соққан 

жағдайларды  оқушыларға  пробблемалық  сауал  ретінде  беремін.  Оқушы  одан  әрі  қарай 

сыныпта постер қорғаса, сабақтан тыс уақытта эссе жазды.  

Осындай  жұмыстардың  нәтижесінде  сыныптар  арасында  өткен    мектепішілік  математика 

пәні олимпиадасында сынып оқушылары айтарлықтай жетістікке  жетті.  

Қорыта  атқанда,  сынып  оқушыларының  ынтасы  артты,  пәндерге  деген 

қызығушылығы  байқалады.    Қосымша  материалдармен  жұмыс  жасауға  сұранатын  болды. 

Шыңдалған  ойлау,  кез  келген  тану  деңгейіне  байланысты  мәселелерге  пікір  қосу,  күрделі 

мәселелерді  шешуге,  аса  маңызды  жауапты  шешімдер  қабылдауға  әкелді.  Мектепшілік 

байқауларда жүлделі орындар алып, сынып белсенділігі артты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет