Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет63/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67

 

Мысалы:1 

сtg (arcsin

2

3

) =?⁡⁡⁡⁡ 



 

 Берілген  арксинус  бойынша  тік  бұрышты  үшбұрыш саламыз, сол  арқылы  катангенстің  

мәнін  табамыз. 

 

 



сtg (arcsin

2

3



) =

√5

2



 

 

 



  3 

   2 


 

Жауабы:  

√5

2

 



 

√5 


 

Мысалы:  2 

430


 ~ 

 

 



 

5

⁡сos (arc????????????



√3

3

) =5 ∗



√3

2√3


=

5

2



= 2.5 

⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡2√3√3 

 

                                      Жауабы:  2.5 



 

 



 

 

Мысалы:  3 

⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡4⁡⁡tg (arcсоs

4

5



) = ⁡⁡4 ∗

3

4



= 3 Жауабы: 3   

 

 

 



 

 

 



 



 

 



 

 

Мысалы:  4       3√5 tg (arcsin

2

7

) = ⁡⁡⁡3√5*



2

√45


=2      Жауабы: 2   

 

 



 

 



 

 



 

√45 


 

Мысалы: 

 

5 

⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡ctg (

3??????

4

+ arcсоs



√3

2

) = tg (arcсоs



√3

2

) =⁡⁡ 



 

tg?????? = ⁡

1

√3

=



√3

3

Жауабы: 



√3

3

 



 

 



 

 



 

 

√3 



Мысалы: 

 

6 

⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡⁡tg [arcsin (−

1

4

) +



??????

2

] = ⁡⁡tg (



??????

2

− arcsin



1

4

) ⁡ = ctg (arcsin



1

4

) =



√15

1

= √15 



 

 


431


 ~ 

 

 



 



 

 

√15 



 

 

Мысалы:  7 

 

sin [(arc????????????(−⁡



2

3

)] = sin [−(arc????????????



2

3

)] = −sin⁡(arc????????????



2

3

) = 



−⁡sin?????? = −

2

√13



= −

2√13


13

 

 



 

Жауабы: -

2√3

13

 



 

√13           2 

 

 

 



 

 



т.т.с осыған  ұқсас есептерді  шығаруға  болады. 

ҰБТ  –  ға    дайындық    барысында    оқушылар  күрделі  бөлшекті    қысқартуға    арналған  

есептерден жанылысатыны  белгілі.  

 

Мысалы 1⁡⁡⁡⁡Бөлшекті⁡⁡қысқартыңдар:⁡⁡⁡

х

??????


−??????ах−??????а

??????


??????

??????


+(??????а+??????)х+??????а

=

(х+2а)∗(х−4а)



(х+2а)∗(х+1)

=

х−4а



х+1

Жау:

х−??????а

х+??????

 

 



Бөлшектің⁡⁡алымын⁡⁡х

2

− 2ах − 8а



2

= 0    теңдеу  етіп    алып,    келтірілген    квадрат  

теңдеу  арқылы  шешіп  алайық. 

 

 



Д⁡= (−2а)

2

- 4*(-8



а

2

)*1



= 4а

2

+32



а

2

=36а



2

= (6а)


2

 

 



 

х

1



=

2а−6а


2

=

−4а



2

= −2ах


2

=



2

=⁡4а 


⁡⁡⁡⁡⁡⁡Бөлшектің⁡⁡бөлімін⁡⁡х

2

+ (2а + 1)х + 2а =0    теңдеу  етіп    алып,      келтірілген    квадрат  



теңдеу  арқылы  шешіп  алайық 

 

Д⁡= (2а + 1)



2

- 4*2а*1


= 4а

2

+4а+1−8а =(2а − 1)



2

 

 



х

1

=



−2а−1−2а+1

2

=



−4а

2

= −2ах



2

=

−2а−1+2а−1



2

=⁡-1 


 

 

Мысалы  2⁡⁡⁡⁡⁡⁡Бөлшекті⁡⁡қысқартыңдар:⁡⁡⁡

х

??????


−??????ах−??????а

??????


??????

??????


+(??????а+??????)х+??????а

бұл    есепті  де    жоғарыдағы    әдіс  

арқылы  орындауға  болады. 

Қорытынды:  2015-2016  оқу    жылында  бітіруші  оқушыларға    ҰБТ    дайындығында    осы 

әдістерді  көрсетіп  үйреттім. Нәтижесінде  оқушылар  жоғарыдағы  есептерге  мағыналас  

есептерді  шығаруды  қиналмай орындайтын  болды. 


432


 ~ 

 

 



Пайдаланылған  әдебиеттер

1.

 



Математикалық  тесттер  жинағының  шешімі Алматы 2012 ж. М. Ахтаров. 

2. Талапкерге  арналған  оқу  құралы    Алматы  2013 ж. Ернар  Мұхтарұлы  Базаров. 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР 

БЕРУДЕ МЕКТЕП  МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ  РӨЛІ 

 

Тағабай Ақжарқын Маманқызы 

Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінің қазақ  тілі және әдебиеті пәні мұғалімі 

Отырар ауданы, ОҚО 



Базарбеков Абай Махмутжанович 

Аманкелді жалпы орта мектебі 

Сарыағаш ауданы, ОҚО 

 

«Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың 

өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің 

арқасында биік белестерге жетеді »  

                               Н.Ә.Назарбаев. 

 

Жас ұрпақ – ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін 



мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.  

«Сүйген істің түбі кеніш, сүймеген істің түбі реніш» деген қазақ мақалын келтіруге 

болады. Яғни, әркім өз сүйген ісіне берілгенде ғана өмірден рухани қанағат табады, бақыт 

сезіміне бөленеді. Бойға дарыған қабілетіне сай кәсіп таңдау, сол мамандықты сүйіп қызмет 

атқару  түбінде  рахатқа  кенелдіреді.  Кез  келген  болашақ  мамандықтың  ең  басты 

қасиеттерінің  бірі  –  қызығудың  қалыптасуы.  Әр  адам  еңбек  жолын  таңдауға  даярланған 

кезде  алдына  ішкі  сезіммен  тұжырымдалған  мақсат  қою  арқылы  қызығуын 

қалыптастырады.   



ХХІ  ғасыр  –  жаһандық  жаналықтар  ғасыры  ғана  емес,  білімнің  дәуірлеу 

ғасыры.   Осындай  заманда  дұрыс  таңдалмаған  мамандық  –  мамандық  иесінің  өзіне 

ғана емес, қоғамға да кері әсерін тигізетінін ұмытпағанымыз жөн. Бала үшін болашақ 

мамандықты   таңдау   өмірлік   жолын  дұрыс  таңдаумен   бірдей. Егер  қоғамымызды 

дамыған  елдер  қатарынан  көргіміз  келсе,  жастарды  білімді,  білікті  мамандар  қатарына 

қосуымыз  үшін  мектеп  мұғалімдері  оқушыларға  сапалы  білім  беріп,  сонымен  қатар 

жастарға келешекте кәсіптің түрін таңдауға көмек беруіміз керек. Ол да кәсіптік даярлыққа 

айрықша көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді.Осы мақсатта 2016 жылы ҰБТ жүйесіне біршама 

жаңалықтар  еніп,  өзгерістер  жасалуда.  Техникалық  мамандықтар  мен  мұғалімдік 

мамандыққа Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ерекше көңіл бөлуде. 

Бүгінгі  қоғамның  әлеуметтік  және  ғылыми-техникалық  прогресі  қарқынды  дамып 

отырған  заманда  адамның  интеллектуалдық  еңбек  үлесі  өсіп,  білім  деңгейіне  және  әрбір 

жеке  тұлғаның  шығарм  ашылық  даралығының  дамуы  мен  кәсіби  бағыттылығына 

қойылатын  талаптар  арта  түсуде.Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында 

«Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 

ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және 

кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  еңбек  нарығында 

бәсекелесуге  қабілетті  білікті  жұмысшылар  мен  мамандар  даярлау,  олардың  біліктілігін 

арттыру»  мәселесі  аталып  көрсетілген  .  Жалпы  білімнің  басты  үш  міндеті  бар,  олар: 

баланың  өзіндік  жалпы  дамуын,  жан-жақты  дүниетанымын  қамтамасыз  ету,  және  оны 

болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген 



433


 ~ 

 

сайын баланы жастай алдағы кәсіпке бағдарлай әзірлеу  – ең көкейкесті  мәселеге  айналып 



отырғаны  дәлелденді.  Қазіргі  кезеңде  жалпы  білімнің  міндеті  –  баланың  жалпылама 

дамуын  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  ең  бастысы  оларды  жастай  өз  қабілеті  мен  қызығуына 

қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу. 

Әрбір  оқушының  сана-сезімі,  мінез-құлқы,  мәдениеті,  өмірге  көзқарасы,  әртүрлі 

мамандықтардың  ерекшелік  сипаттарына  қабілеттері  бірдей  бола  бермейді.  Олардың 

өзіндік ерекшелігі - тәрбиесіне, шыққан ортасына да байланысты. 

Мектеп  –  оқушыларға  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысын  ұйымдастырушы  және 

үйлестіруші  орталық. Ал мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын негізінен іске асыратын 

мұғалім,  сынып  жетекшісі,  еңбек  сабағының  оқытушысы,  сыныптан  және  мектептен  тыс 

тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, яғни бүкіл педагогикалық ұжым болып саналады. 

Мұғалім  оқушыларға  терең  білімді  береді,  оны  кәсіптік  бағдар  беру  жұмысымен 

байланыстырады,  мамандықты  таңдауда  оларға  көмектеседі,  әрбір  мектеп  бітіруші 

оқушының  тағдырына  жауап  береді,  сынып  жетекшілеріне,  ата-аналарға  көмек  көрсетеді. 

Сынып  жетекшісі  сыныптағы  барлық  бағдар  беру  жұмысын  басқарады.  Оқушыларды 

белгілі мамандықты таңдауға даярлайды. Сынып жетекшісі кәсіптік бағдар беру жүйесінің 

компоненттеріне  сүйеніп,  оқу-тәрбие  жұмысы  жоспарында  негізгі  бағыттарды  белгілейді. 

Білім  беруді  модернизациялау  жағдайында  тұлғаны  шығармашылыққа  тәрбиелеу,кәсіпке 

бейімдеу жаңа әдіс-тәсілдермен толықты.Заман талабына сай мектептерде саласы дарынды 

оқушылармен   жеке  жұмыс  жүргізілуде  өзіндік  моделі  қалыптасқан.Кәсіптік  білім  мен 

тәрбие  берудегі  кәсіпке  бейімдеу  ерекшеліктерінің  оқушы  бойында  кәсіби  және  тұлғалық 

сапаларды  жоғары  қалыптастыруда  маңызы  зор.  Педагогикалық-психологиялық 

әдебиеттерді  теориялық  зерделеу  мен  мектептердегі  тәжірибелік  жұмыстар  оқушылардың 

кәсіби  бағдарын  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасауға  мүмкіндік 

береді.Оқушылардың  жас  шамасына  байланысты  кәсіби  құндылық  бағдар  беруді 

басқарудың  жүйелілігін,  сабақтастығын,  үздіксіздігін,  оқушыларға  мектептің,  отбасының 

ықпалын қамтамасыз етеді, жоспар негізінде кәсіби құндылық бағдарды қалыптастырудағы 

қиындықтар анықталынып, негізгі міндеттер белгіленеді.                                  Кәсіптік білім 

–  оқушылардың  әлеуметтік-экономикалық,  психикалық-физиологиялық  ерекшеліктері  бар 

түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай 

жасау;  оқушылардың  кәсіби  және  қоғамдық  қызметтерге  деген  көзқарасын  дұрыс 

тәрбиелеу,  психикалық-физиологиялық  мүмкіндіктерін  және  қоғамның  әлеуметтік-

экономикалық  қажеттілігін  дұрыс  түсінуін  қалыптастыру.  Өз  кезегінде  кәсіптік  ағарту 

кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен тұрады. Мысалы, оқушыларға 

ауыл шаруашылығының кейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол 

мамандықтарды  оқып  үйренуге  жағдай  жасау,  сонымен  қатар  ауыл  шаруашылығына 

қажетті  мамандықтар  туралы  насихат  жүргізу.  Бұл  жұмыстардың  бәрі  оқушылардың  ой-

өрісіне бағыт береді, мұны кәсіптік үгіт деп те қарауға болады. Оқушыларға кәсіптік бағдар 

беруде олардың әр саладағы  мамандық иелеріне қызығуы  үлкен орын алады. 

Оқушылардың  жеке  тұлғасын  зерттеу  –  жеке  адамға  әсер  ету  оның  психикалық 

ерекшеліктеріне  қарай  жүргізіледі.  Балалардың  ой-өрісі,  мақсат,  мұраты,  пәндерді  саналы 

оқытуда қалыптасады. 

Адамдардың  белсенділігінің  жоғары  болуы  да  пәндерді  оқыту  арқылы  іске  асады. 

Әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру – адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына 

әсер  етеді.  Пәнді,  білім,  білік,  дағдыны  игеруде,  оқушылардың  өмір  тәжірибесінде, 

қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады.Оқыту белсенділігі сабақ 

кезінде  ғана  емес,  сабақтан  тыс  уақытта  да  жүзеге  асырылады.  Оқушылардың  мамандық 

әлемімен,  техника  негізімен  және  өндіріс  технологиясымен  танысуы  олардың  қызығуына, 

беіймділігіне,  белгілі  бір  жұмысқа  ынталануына  көмектеседі.Кәсіби  ақыл-кеңес  беру 

арқылы  оқушының  өзіне  тән  ерекшелігіне,  таңдаған  кәсібінің  талаптарына  баса  назар 

аударылады.  Кәсіби  кеңес  беру  оқушыларға  әлеуметтік  кәсіптік  жоспар  жасауға 

кӛмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жалпы және кәсіптік 


434


 ~ 

 

білім  алу  деңгейін  көтеру  мәселелерін,  мамандық  таңдауға  идеялық,  адамгершілік 



негіздерінің  қалыптасуын,  сол  сияқты  оқушылардың  мәдени-өсіп  қалыптастырады. 

Мамандықтар  туралы  кеңес  беру  нәтижесі,  атап  айтқанда,  оқушылардың  қабілеттеріне 

байланысты  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  жұмыстарымен  тығыз  байланысты.  Мамандық 

таңдаудың мақсаты –  оқушының белгілі бір еңбек түріне жарамдылығын анықтау.  

Қорыта  айтқанда,  оқушылардың  кәсіби  біліктілігін,  бағдарларын  қалыптастыру 

оқушы  тұлғасының  дамуымен  байланысты.    Міне,  осының  негізінде  ғана  оқушылардың 

кәсіби бағдары ұғымы анықталады. Сондықтан оқушылардың кәсіби бағдарларын олардың 

кәсіби  өзін-өзі  анықтауынан  бөліп  қарастыруға  болмайды.  Оқушылардың  кәсіби 

бағдарларына  кәсіптің  бір  саласына  қызығушылықтары,  бейімділіктері  мен  қабілеттері 

жатады. 


Ұрпақ  тәрбиесі  -  болашақ  қоғам  тәрбиесі.Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты 

жетілген, кәсіпке икемді, ақыл-прасты мол, мәдени       ой-өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің 

де  қоғам  алдындағы  борышымыз.Болашақ  ұрпаққа  кәсіби  мамандыққа  көзқарас  ,негізінен 

оқыту-тәрбиелеу  ісінің  сипатымен   анықталады.Кәсіптік  білім  берудің  жалпы  мақсаты  –

жастар  бойында  кәсіби   және  тұлғалық  сапаларды  жоғары  қалыптастыру  болса,мектеп 

мұғалімдері оқушыларға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға жол сілтейміз. 

Мұғалім мен тәрбиеші төмендегі жайттарға ерекше мән берсе: 

-оқушылардың  бойында  ішкі  психологиясына,әлеуметтік  мәнділікті  реттейтін 

қызмет түрлеріне тәрбиелеу; 

-түрлі  кәсіп қызметтері мен сыйластық қатынастарына тәрбиелеу

-мамандықты өз бетінше  таңдай білуге баулу.  

Сонымен, ХХІ ғасырды білімділер ғасыры десек,білім қызметкерлері алдында  үлкен 

жауапкершіліктер  тұр.Біз  жас  ұрпақтың     кәсіби  құзыретті  маман  болып  қалыптасуына 

бағыт-бағдар беру – басты мақсатымыз екенін естен шығармағанымыз жөн. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Қазақстан   Республикасының «Білім туралы» заңы.Алматы,  2007 

2. «Мұғалім және қоғам» №2, 2012 

3. Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 1995-145 бет. 

4. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973 

 

 



ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ТӨРТ ДАҒДЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Аманкулова Мереке Туребекқызы 

№ 20 жалпы орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

Түркістан қаласы, ОҚО 

 

«Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция.  



Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы 

      білім беруге ұмтылуымыз керек.»  

Н.Ә.Назарбаев 

       


Қазақстан  өзінің  тәуелсіздігін  алғаннан  бері  білім  мен  ғылым  саласына  ден  қойып, 

осы  жолда  көптеген  жаңа  идеялар  мен  жобаларды  еңгізіп  келеді.  Бұл  еліміздің  өсіп-

өркендеу  жолында  ең  басты  қажеттіліктің  бірі.  Өзге  мемлекеттермен  бәсекелес  болуда 

білім  мен  ғылымның  алға  жылжуы  заңды  құбылыс.  Соңғы  жылдары  білім  беру 

салаларында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.Мектеп қабырғасында отырған өскелең 

жас  ұрпақтың  озық  ойлы,  функциональды  сауаттылығы  жоғары,  рухани  тәрбиесі  биік, 

саналы жеке тұлға болу жолындағы ізденістер мен ғылыми еңбектер қатары көбеюде. Осы 


435


 ~ 

 

тұста  педагог  қызметкерлер  шәкірттерінің  алғыр  да  өмір  сүруге  қабілеттілігін,  жалпы 



өзіндік  көзқарасын,  ұстанымы  мен  сенімін  қалыптастыруда  үнемі  еңбектеніп  келеді.  

Кембридж  бағдарламасы  негізінде  біліктілігімді  арттырып,  көптеген  әдіс-тәсілдерді  өз 

тәжірибеме енгізіп оң нәтижелерді байқап, мемлекеттік тілді оқушыларыма меңгертуде көп 

көмегін беріп келеді.  

Тілді  меңгерту  барысында  соңғы  уақыттарда  жиі  айтылатын  төрт  дағдыға  ерекше 

тоқталғанды жөн санадым. Олар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Ең алдымен, бұл 

төрт  дағды  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады.    Сабақ  барысында  осы  аталмыш 

дағдылармен  жүйелі  түрде  жұмыс  жүргізілсе,  оқушылардың  тілді  меңгерулеріне,  

функционалды  сауаттылықтарын  қалыптастыруға  септігін  тигізеді.  Қазіргі  таңда 

оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруларына ықпал етудің арқасында, 

сабақ  барысында  белсенділік  пен  көшбасшылық  қабілеттерін  байқатып,  еркін  білім  алуға  

қадам басып келеді.  

Қазақ  халқының    «Тыңдаусыз  қалған  сөз  жетім»  деп  айтылуында  да  үлкен  мән 

жатқан  секілді.    Тыңдалымбілім  алу  барысында  үлкен  рөл  атқарады.  Сабақтың  кіріспе, 

негізгі немесе қорытынды бөлімдерінде оқушы тыңдаған мәліметтері  мен үнемі  байланыс 

жасап  отырады.    Бейне  ролик,  үнтаспадан,  немесе  өз  аузымнан  оқылған  мәліметті  оқушы 

тыңдап, мазмұнын түсініп, нақты ақпаратты алып, детальдарына мұқият үңіліп, көңіл-күйін 

анықтап,  сөйлеушінің  қарым-қатысына,  сөйлеу  барысында  сөйлемдердің  грамматикалық 

құрылымына  назар  аударып  отырады.  Оқушылар  тыңдалымнан  кейін  алған  мәліметтерін 

қайта еске түсіріп, жаңа сөздерді, жалпы мазмұнын, нақты мәліметтерді айтып, талқылауға 

арналған  сұрақтарға  жауап  беріп,  өз  өмірлерімен  байланыстырып  отырады.    Міне  осыдан 

бастап тілді қабылдап үйренеді. Ал сол тілді  қолданып сөйлеу барысында көрініс табатын 

дағдының  бірі  -  айтылым.  Оқушылар  осы  тұста  сұрақтарға  жауап  беріп,  құрдастарының 

сөзін байқап, түзетулер енгізіп, сөздерін жоспарлап, орнымен дұрыс қолдана білуді, кезек 

алып  сөйлеуді,  жест,  мимиканы  қолдану  тағы  да  басқа    бірнеше  әрекеттерді  орындайды. 

Айтылым  дағдысында  жиі  қолданыс  табатын  бұл  әрекеттер  оқушының  тілді  еркін 

меңгеруіне, өзін-өзі реттеуіне септігін тигізді. Орыс бөліміндегі оқушылардың қазақ тілінде 

таза әрі сауатты сөйлеуін дамытуда жаттығулар орындатып, берілген бір сөзге бірнеше сөз 

тіркесін  жасап,  сөйлем  құрастыруына  түрткі  болып,  бірнеше  рет  қайталату  арқылы  есте 

сақтауын  басты  назарда  ұстаймын.  Үй  тапсырмасынан  тыс  оқушылар  көрген 

мултьфилмдерінің немесе тарихи деректерді баяндату арқылы сөйлер сөзін дайындап, ойын 

жинақтап,  алдын  ала  дайындық  жүргізуіне  мүмкіндік  беріп,  қолдау  көрсетемін.  Себебі 

айтылым, сөйлесім дағдысы тілді меңгерушілерге ең басты құралдың бірі. 

А.Байтұрсынұлы былай деген:  «Жаза біліп, оқи білмейтін де адам бола ма?  – Жоқ. 

Жаза білетін демек, оқи да біледі деген сөз». Өз тәжірибемдегі жиі қолданатын әдістерімді 

оқылым  дағдысына  негіздеп  мақсатқа  сай  әрекет  етуге  талыпынамын.Оқылым  дағдысын 

қарапайым тілмен түсіндірсек, жазба тілдегі мәтінді түсіну. Оқылым да, жазылым да тілдің 

графикалық  жүйелері  арқылы  берілетіндіктен,  оқылым  жазылыммен  тығыз  байланысты. 

Сондықтан  тілді  меңгертудің  алғашқы  бастауларында  оқылым  мен  жазылымды  өзара 

байланыстыра қолдану әлде қайда ұтымдырақ бола түседі. 

Мәтінді  оқу  барысында  белгілі  бір  нақты  ақпаратты  табу,  детальды  түрде  оқу, 

мәтіннің түріне қарай ажырату, бейтаныс мәтінге болжам айту сияқты тағы да бірнеше ішкі 

дағдыларына  сай    білімдерін  толықтырып  жұмыс  жүргізеді.  Демек  оқушы  бір  мәтіннің 

аясында  бірнеше  жұмыс  жүргізіп,  мәтінге  немесе  суретке,  үнсіз  бейне  таспаға  қарап  өз 

болжамын  айтып,  мәтіннен  белгілі  бір  детальды  тауып  оқып,  бейтаныс  сөздердің 

мағынасын біліп, стилін анықтайды, бір-біріне топтық жұмыста түсіндіріп, жұмыла жұмыс 

жасайды.  Өзім  сабақ  беретін  сыныптарға  қазақ  тілі  пәнінен  белгілі  бір  мәтінді  бірнеше 

бөлікке бөліп, тыңдалымнан кейін бөлінген мәтінді дұрыс құрастыру немесе бөлімге бөліп 

мәтінді  басынан соңына дейін дұрыс орналастыру, сұрақты оқушы шатастыратындай етіп 

қоя  отырып,  мәтінге  мұқият  үңіліп  оқуына  түрткі  боламын.  7-8  сынып    орыс  бөліміндегі 

және  5-сынып  оқушыларына  деңгейлеріне  сай  мәтін  таңдап  аламын.    Оқушылардың  


436


 ~ 

 

мәтінді  жан-жақты  оқып,  талқылауы  арқылы  тілді  меңгерулеріне  болатыны  тәжірибеде 



айқын байқалуда.  

Тілді  қолданып  сөйлеу  немесе  жазу  продуктивті  дағдылар  қатарына  жатады. 

Жоғарыда  айтылғандай,  оқылым  мен  жазылым  қатар  жүреді.  Тіл  үйренушіге  әріптер  мен 

сөздерді  пайдалана  отырып  сөйлем  құрай  алуы  маңызды  қадам.  Сөздерді  орынды 

пайдаланып,  сөйлемдер  құрап  өзінің  ойын,  түсінгенін  қағаз  бетіне  түсіре  алу  жақсы 

нәтижеге қол жеткізудің баспалдағы. Жазылым барысында оқушы орфографиялық қатесіз 

жазуға,  әріптерді  дұрыс  жаза  білуге,  пунктуацияны  дұрыс  қолдануға,  абзацты  дұрыс 

ұйымдастыра білуге, стилді дұрыс таңдай алуға, сауатты жазуға біртіндеп үйрене бастайды. 

Әрине,  күнделікті  сабақ  барысында  осы  дағдыларды  үнемі  тиімді  қолданар  болса,  өзінің 

тиімділігін  уақыт  өте  келе  көрсетеді.Оқушы  бойында  шапшаңдық,  алғырлық,  өзіне  қажет 

мәліметтерді  тыңдап,  ойын  жеткізе  алу,  қатесіз  оқуға  және  сауатты  жазуға  деген  бірнеше 

өзгерістерімен қоса дағдылары да дами түседі.  

Мәтінмен жұмыс барысында аталмыш төрт дағдыны қатар тиімді әрі оқушылардың 

деңгейіне  сай  жүргізуге  болатынын  байқадым.  Бір  мәтін  аясында  бірнеше  тапсырманы 

орындап, оқушының тілді меңгеруіне айтарлықтай оң ықпалын тигізеді. 

Шынында,  оқушыларыңның  жетістігін  немесе  бойындағы  оң  өзгешелікті  көргін 

келсе,  алдымен  өзіңнің  ізденіп,  уақыт  талабына  сай  заманауи  әдіс-тәсілдерді  қолдануың 

арқылы қол жеткізеді екенсің. Бұл өз тәжірибемнің дәлелі.  

Әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын тілді меңгертудегі төрт дағды туралы ой сонау  

ХХ  ғасырда  өмір  сүрген  алаш  қайраткері,  жазушы  Ж.Аймауытовтың  еңбегінде  кездеседі. 

«Жан  дүниесінде  тіл  үйрену  басты  жұмыс  емес,  жанама  жұмыс  болғандықтан,  бала  әуелі 

тәжірибеге  талпынып,  нәрсемен  танысып,  сонан  кейін  сол  нәрсе  туралы  сөйлесін, 

тыңдасын,  жазсын,  оқысын  тілге  үйренсін»  дегендей,  бұл    біз    үшін  бейтаныс  дүние 

болмағаны. 

«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың 

қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар 

жаңа  білім  меңгеруге  құштар.  Олар  еңбексүйгіш.  Олар  –  өз  елінің  патриоттары». 

Елбасының болашақты болжап айтқан бұл сөзі қазақ елінің білімнің биік шыңын еңсеріп, 

бірнеше тілді меңгерген отансүйгіш, жас қырандарының жадына сақталары сөзсіз. 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет