Практикалық онлайн-конференция материалдары материалы международной научно-практической онлайн конференции



жүктеу 6.56 Mb.
Pdf просмотр
бет8/67
Дата24.03.2017
өлшемі6.56 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. В. Ф. Яковлевтің «Диагностика электронных систем автомобиля» оқу құралы, көлемі 272 

бет, 2005 жылы Мәскеуде қаласында «СОЛОН-Пресс» -баспаханасында басылған кітаптың  

5-8,  17-20 бетінен ақпарат алынып толықтырылған. 

2. Интернет ресурстары. 

 

 

ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНДІРУДІҢ 



ТИІМДІЛІГІ 

 

Козыбаев Самат Кабылович 

№3 колледж МКҚК, Бөлім меңгерушісі, 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Бәрімізді  бүгінгі  таңда  алаңдататын  мәселе  –  жас  ұрпақтың  сапалы  білімді  игеруі. 



Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының 

негізгі  қозғаушы  күші»  деуінің  өзі  -  үлкен  көрегендіктің  белгісі.  Бүгінгі  таңдағы  оқыту 

үрдісі  жаңа  әдіс-  тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды  қолдануды  талап  етеді.  Әр  мұғалім  өз  іс- 

тәжірибесінде  көптеген  қиындықтармен,  кедергілермен  кездеседі.  Ол  заман  көшіне  ілесу 

үшін  өз  білімін  жетілдіріп  отыруы  қажет.  Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған, 

мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны 

қалыптастыру техникалық кәсіптік білім беру саласының басты міндеті болып саналады. 

2004  жылдың  12  қазанында  Қазақстан  Республикасы  білім  саласы  қызметкерлерінің  III 

съезінде Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық, өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесі 

оздыра  отырып  дамытумен  қамтамасыз  eтілуі  тиic.  Жаңа  формацияның  педагогы  қажет. 

Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама 

емес,  әлдеқайда  жоғары  болуы  тиіс  -  бұл  уақыт  талабы»  деп  атап  көрсеткеніндей,  әр 

баланың 

қабілетіне 

қарай 

білім 


беруді, 

оны 


дербестікке, 

ізденімпаздыққа, 

шығармашылыққа  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  шебер  әpi  iскер  мұғалім  даярлауға 

бетбұрыс жасалмақшы [1]. 

Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 

бейнесінен  көрінеді.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  басты  міндет  -  әлеуметтік 

педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа 

әдістерін  іздестіру  мен  оларды  жүзеге  асыра  алатын  оқытушыларды  даярлау.  Ол  қай 

уақытта  да  ең  өзекті  мәселелер  қатарына  жатқызылып  келеді.  Олай  болатыны,  қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық  міндеттеріне  сай  өскелең  ұрпақты  өмipгe  бейімдеудің  жаңа 

талаптары туындап отыр. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі  қалыптасуда.  Бұл 

сының  процесс  білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі 


53

 ~ 



 

мазмұнның  орнына  жаңасы  келуде.  Қазіргі  таңда  білім  берудің  әлеуметтік  құрылымы 

маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі  артып, әр елдің 

өзіндік  білім  беру  жүйесі  тағайындалған.  Бірақ,  ол  әлем  халықтарының  білім  берудегі 

тәжірибесімен, бағыт – бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы 

үлкен  өзгерістердің  білім  беру  саласында  қамтылуы  маңызды  іс  –  шара  болып  табылады. 

Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру 

жүйесін  дамытудағы  маңызды  құжат  екендігі  сөзсіз.  Қазақстан  Республикасының  білім 

беру  саласындағы  бүгінгі  басты  міндеттерінің  бірі  –  жастарға  терең  білім  беру.  Ал,  оның 

негізі  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  оқыту  үрдісін  жақсартуға  жаңа  

технологияларды  енгізу  болып  табылады.  Оқу  тәрбие  үрдісіне  жаңа  инновациялық  әдіс 

тәсілдерді  енгізу  оқушылардың  білімге  деген  қызығушылығын,  талпынысын  арттырып  өз 

бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушылар терең де жүйелі білім 

және  әдістемелік  тәсілдерді  жетік  меңгерген  болуы  тиіс.  Пәндерді  оқытуда  тиімді  әдіс  – 

тәсілдерді  пайдалана  отырып,  сабақты  қызғылықты  да  тартымды  өткізу  мұғалімнің 

шеберлігіне байланысты.Қoғaм дaмығaн сaйын, бaрлық құрылым бiргe дaмиды. Сoл нeгiзгi 

құрылымның  бiрi  рeтiндe  бiлiм  бeрy  жүйeсiнiң  тoлaссыз  дaмy  жәнe  тoқтaмсыз  өзгeрiс 

үстiндe  бoлy,  үдeрiстiң  бiр  бeлгiсi  eкeнi  aнық.Әлемдiк  сарапшылар  бiлiм  беру  жүйесiн 

салыстыруға  келетiн  бiрнеше  елдердi  атап  көрсеткен.  Oлардың  алғашқы  бестiгiне  АҚШ, 

Канада,  Сингапур,  Финляндия,  Швеция  тағыда  басқа  бiрнеше  елдер  жатады.  Oл  елдер  ең 

алдымен  бiлiм  саласына  салынған  инвестиция  көлемiн,  мамандар  дайындау  мәселесiн, 

oқулар  арасындағы  қoғамдастық  тағыда  басқа  жиырма  шақты  критерийдi  негiзге  алған. 

Жаңа ғасыр көгiнде әлем кеңiстiгiндегi бiлiм беру саласы да жаңа арнаға бет бұрды. Бүгiнгi 

ақпараттар 

легi 

тасқындаған 



уақыттың 

талғамы 


бөлек, 

талабы 


өзгеше 

бoлғандықтан,заманға сай қoғам бoлашағы жас ұрпақты тәрбиелеу  үлкен жауапкершiлiктi 

мiндеттедi.  Бұрынғы  цензуралық  бiлiм  жүйесi,  стандартты  қайталауға  арналған  сабақ 

құрылымы ата-ананың да, баланың да талғамынан, табылмады. Бұл жалғыз бiздiң елiмiздi 

ғана емес, барлық мемлекеттi тoлғандырды. Мүйiзi қарағайдай АҚШ та, Ұлыбритания да, 

Жапoниядан  бастап,  тiптi  Сингапур  сынды  мемлекеттерге  дейiнгi  мемлекеттердiң  күн 

тәртiбiнен  түспедi.  Олардың  басты  мақсаты  білім  жүйесін  қалай  болғанда  да  оңға  бұру 

болды.Бiлiм  беру  саласын  жаңа  бағытта  бұрған  мемлекеттерде  бiлiм  беру  iсi  oңға  басып, 

ескi  жүйедегi  мемлекеттер  әлемдiк  рейтингте  құлдырай  бастады.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен 

қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары.  Бәсекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық 

сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет»,  деп  атап  көрсетті.  [2].  Қазіргі  замандағы  білім 

берудің  негізгі  мақсаты  –  еңбек  нарығында  бәсекеге  қабілетті,  құзыретті,  өз  жұмысын 

жақсы  білетін,  жан-жағына  бағыт-бағдармен  қарайтын,  әлемдік  стандарт  деңгейінде 

нәтижелі  жұмысқа,  кәсіби  өсуге,  әлеуметтік-саяси  оңтайлы  тез  әрекет  жасауға,  болып 

жатқан  өзгерістерге  тез  бейімделуге  қабілетті  білікті  маман,  индустриалды-инновациялық 

жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз 

ойын  еркін  айта  алатын,  жоғары  білімді,  ұлттық  тілді,  тарихты  жетік  меңгерген,  отандық 

және  әлемдік  мәдениетті  бойына  қалыптастырған,  шығармашыл,  оңтайлы  кәсіби  маман 

дайындау.  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  еліміздегі  білім  беру  саласының  бағыт-бағдарын 

айқындайтын  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  қабылданғаны  бәрімізге  белгілі.  Бағдарлама  бірнеше  мақсаттар  мен 

міндеттерден туындап отыр,соның ішінде, техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты: 

қоғамның  және  экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес 

техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесін  жаңғырту,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 

кірігу,  педагог  мамандығының  беделін  көтеру,  білімнің  бәсекеге  қабілеттілігін 

арттыру.Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа  білім  парадигмасы  білім,  білік,  дағды  жиынтығын 

толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі 



54

 ~ 



 

көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби 

құзыретті,  функционалды  сауатты  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған. 

Мемлекетіміздің  тек  саясат  пен  экономика  емес,  білім  беру  жүйесіне  де  үнемі  назар 

аударуы  еліміздің  болашағы  жайындағы  кемел  ойлардан  туындап  отырғаны  түсінікті. 

Өйткені,  ел  байлығы  тек  мұнай  мен  газ  емес,  адам  екені  белгілі.  Қай  қоғамда  болмасын 

шешуші  фактор  –  адам  және  жеке  тұлға  болып  қала  бермек.  Еліміздегі  әлеуметтік-

экономикалық және саяси өзгерістер, республиканың әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне 

жетуде  жасаған  қадамдары  осы  кезге  дейін  педагогика  теориясы  мен  практикасында 

бекітілген  білім  беру  парадигмаларын,  жүйелерін,  әдістерін,  формаларын  жетілдіру 

талабын  қойды.  Білім  берудегі  жаңа  басымдықтар  –  ізгіліктік  педагогика,  студенттердің 

тұлғалық  әлеуетін  анықтау  және  дамыту,  әлеуметтік  үдерістер  мен  тұлғааралық  қарым-

қатынастарды  ұйымдастырудың  ерекше  формасы  ретінде  танылатын  оқыту  үдерісінің 

тиімділігін  арттыру  болып  отыр.  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  білім 

беру  мен  тәрбие  жұмыстарының  талапқа  сай  жетілдірілуі  студенттердің  болашақ  кәсіби 

құзыретті  маман  болып  қалыптасуына  зор  ықпал  етеді.  Қазіргі  таңда  білікті  маман 

даярлаушы  техникалық  және  кәсіптік  білім  жүйесінде  бәсекеге  қабілетті  маман 

қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген әр 

түрлі  пікірлер  жиі  айтылуда.  Болашақ  кәсіби  құзіретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан 

қалыспай,  жедел  ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық 

қабілетті,  нақты  бағыт  —  бағдар  беруші  болып  шығуы  —  бұл  қазіргі  заманның  талабы. 

Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның    қазіргі 

студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып,  ойлаудың,  интеллектуалдық 

белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін 

сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып 

табылмақ. Сонымен, кәсіби құзыреттілік дегеніміз ең алдымен студенттің функционалдық 

сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Студент 

қоғам  талабына  сай  өзін-өзі  үздіксіз  жетілдіріп  отыратын,  кәсіби  білімді,  жаңа 

технологияларды  меңгерген,  ортамен  қарым-қатынасқа  тез  бейімделе  алатын, 

ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары,  тәжірибесі  мол,  т.б.  қасиеттерді  жинақтағанда  ғана 

кәсіби  құзыретті  маман  бола  алады.  Студенттің  кәсіби  құзыреттілігі  кәсіби  және  жеке 

сапалардан  құралады.  Кәсіби  құзыретті  маман  деп  өзінің  педагогикалық  әрекетін  жоғары 

дәрежеде жүргізе алатын, қарым-қатынасқа әрдайым дайын, педагогикалық үдерісте үнемі 

оң  нәтижелерге  қол  жеткізіп  отыратын  маманды  атауға  болады.  Бүгінде  оқытушылардың 

кәсіптік  қабілетін  шыңдау,  инновациялық  технологияларда  оқу  –  үрдісіне  енгізуге 

көмектесу,  оқу  әдістемелік  әдебиеттермен  және  оқу  құралдарымен  қамтамасыз  ету,  оқу  – 

тәрбие  процесіндегі  ғылыми  –  зерттеу  нәтижелерін,  жаңа  педагогикалық  тәжірибелерді 

насихаттау,  тарату  мақсатын  алдына  қойған  «Оқу  –  тәрбие  үрдісінде  инновациялық 

технологияларды» енгізу арқылы сапалы кәсіптік білім беру.Әр баланы терең зерттеп, оның 

жеке басының қасиеттерін құрметтеп, қоғамда өз орны бар азамат ретінде сенім артып, оқу 

–  танымдық  әрекетінің  жемісті  нәтижелі  болуына  қолайлы  жағдайлар  мен  мүмкіндікті 

туғызуды  басты  мақсат  ету.  Қазіргі  кезеңде  Республикамызда  білім  берудің  жаңа  жүйесі 

жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда 

Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесі  үшін  жаңа  модульдік  оқыту  бағдарламасын 

жасау халықаралық талаптарға сай және жұмыс берушінің талаптарын анықтайды. Мұндай 

бағдарлама  біріншіден,  халықаралық  еңбек  нарығында  Қазақстан  Республикасының 

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі белсенді ойыншы болуы, екіншіден білім беру 

шарттарының  сапасына  ұсынылатын  қатаң  талаптар  негізінде  дайындау  сапасын  арттыру. 

Бұл модульдік оқыту бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін еңбек 

нарығының  талдамасы  мен  функциональдық  талдама  негізінде  жұмыс  берушілермен 

тікелей және тығыз байланыста жасалған.  

Модульдік оқыту бағдарламасының жалпы көлемі: 

Кәсіби стандарт Өндірістік біліктілік шеңбері 


55

 ~ 



 

Кәсіп МЖМББС (білім беру стандарты)  

Функционалдық  карта  (мақсат,  негізгі  функциялар,  функциональды  модульдер)  Біліктілік 

профилі 


Арнайы модульдер (модуль спецификациясы, модуль басшылығы, модуль түйіндемесі) 

Ұсынылатын  модульдер  (модуль  спецификациясы,  модуль  басшылығы,  модуль 

түйіндемесі) 

Бейімдейтін  модульдер  (модуль  спецификациясы,  модуль  басшылығы,  модуль 

түйіндемесі) 

Қорыта  айтқанда,  модульдік  оқытудың  өзегі  –  оқу  модулі.  Оқу  моделі 

ақпараттардың  аяқталған  блогынан,  бағдарламаны  табысты  жүзеге  асыру  үшін  берілген 

оқытушының нұсқауларынан және оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады 

Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істеу алу 

мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. 

Модульдік  оқыту  технологиясының  жеке  тұлғаның  өз-өзін  дамытуға,  шығармашылық 

қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыратын  бірден-бір 

технология.  Дуальді  оқыту  жүйесімен  эксприментальді  жұмыс  жасайтын  «Автомобиль 

көлігіне  қызмет  көрсет,  жөндеу  және  пайдалану  мамандығының  он  оқу  өндіріс  шебері 

Алматы  қаласындағы  ВОSCH-1  Сервистік  оқу  орталығында  іс-тәжірибеден  өтті. 

«Кәсіпқор» холдинг коммерциялық емес акционерлік қоғамының шетелдік серіктестермен 

бірлесіп  дайындаған  модульдік-  біліктілік  тәсілдің  негізіндегі  45  білім  беру 

бағдарламаларын  талқылауға  арнайы  пән  оқытушылары  белсенділік  танытып  отыр.  Басқа 

салалар  секілді,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  жүйесіне  де  тың  технологияларды 

енгізуге  үлкен  мән  беріліп  жатыр.  Оқу  процесінде  жеке  тұлғаның  білікті  маман  етуге 

бағытталған  оқыту  тәсілдерін  озық  тәжірибемен  сабақтастыру  бүгінде  күн  тәртібіне 

шықты.  Өйткені,  белгілі  бір  оқу  орнын  бітіріп  шыққан  түлектің  алған  білімі  жұмыс 

берушінің  талабымен  сәйкес  келе  бермейді.  Ақыры,  сол  маманға  мұқтаж  болып  отырған 

жұмыс  беруші  жас  кадрды  қайтадан  даярлап,  оқытуға  мәжбүр.  Ал  оқу  орнын  жаңадан 

бітірген  түлектің  біліктілігі  жұмыс  берушінің  талабына  дөп  келу  үшін  не  істеу  керек? 

Әрине, алдымен дәстүрлі оқыту жүйесіне өзгерістер енгізу қажет. Соның бірі  – оқытудың 

модульдік  технологиясы.  Бұл  –  белгілі  бір  кәсіпті  жан-жақты  меңгеруге  икемделген 

оқытудың  жаңа  жүйесі.  Онда  студенттер  нақты  бір  мамандықтың  шегінде 

шығармашылығын  жетілдіреді,  теориядан  гөрі  тәжірибеге  ден  қояды.  Оқу  қабырғасында 

жүріп-ақ  болашақ  мамандығының  қыр-сырына  қаныққан  жастар  ертең  жұмысқа  дайын 

маман болып барады. Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, оқытудың 

бұл тәсілі студенттердің таңдаған мамандығы бойынша терең білім алып қана қоймай, оқу 

орны  мен  жұмыс  берушінің  қоян-қолтық  жұмыс  істеуіне  дәнекер  болатыны  дәлелденген. 

Модульдік  оқытудың  дәстүрлі  білім  беру  жүйесінен  артықшылығы  сол,  мұнда  еңбек 

нарығында  қандай  мамандыққа  сұраныс  көп  екендігі  қатаң  ескеріледі.  Кезекті  модульдік 

оқудан  өткеннен  кейін  бірнеше  мамандықты  игеруге  мүмкіндік  бар.  Сондай-ақ  оқу 

орнымен тығыз байланыста жұмыс істеген жұмыс беруші болашақ маманға өз талабын қоя 

алады.  Студент  өз  кезегінде  теориядан  гөрі  практикаға  көбірек  жүгініп,  таңдаған 

мамандығына  бейімделе  бастайды.  Біліктілік  пен  жаңашылдықты  басты  ұстанымына 

айналдырып,  модульді,  дуальді  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

тәжірибесіне  енгізетін болады.  Қорыта  айтқанда,  модульдік  оқытудың  өзегі  –  оқу  модулі. 

Оқу моделі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін 

берілген 

оқытушының 

нұсқауларынан 

және 


оқушы 

іс-әрекетінің 

мақсатты 

бағдарламасынан  тұрады.  Модульдік  оқыту  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз 

бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдістері  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың 

дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Модульдік  оқыту  технологиясының  жеке  тұлғаның  өз-өзін 

дамытуға,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын 

қалыптастыратын бірден-бір технология. 

 


56

 ~ 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1  Назарбаев  Н.Ә.  Білім  мен  ғылым  —  даму  тетігі  /  Елбасынынң  ҚР  Білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген cөзi // Егемен Қазақстан, 13 қазан, 2004.  

2.  Назарбаев  Н.Ә.  Бес  халықтық  реформа  /  Елбасының    Астана  қаласында  өткен  «Нұр 

Отан» партиясының  кезекті  XVI съезінде сөйлеген сөзі // 11 наурыз 2015 жыл  

3.  Наренова  А.Б.  Модульдік  оқыту  технологиясы.  «Инновациялық  педагогикалық 

технологияларды  жоғары  оқу  орынында  жүзеге  асыру  мәселелері»  ғылыми-практикалық 

семинар  конференциясының  материалдар  жинағы.  -  Ақтөбе:  Ақтөбе  мемлекеттік 

педагогикалық институты, 2007. -206-207бет 

 

 



ОҚЫТУШЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ - БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒА 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ 

Тастанбекова Феруза Турдымуратовна, Досова Айнур Сакеновна 

№3 колледж МКҚК Арнайы пән оқытушылары 

Шымкент қаласы, ОҚО 

 

Техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің  кадрларын  даярлау  елдің  тұрақты 



экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз 

қалайды.  Еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму  міндеттері  ауқымының  жедел 

қаркынымен  өсуіне  байланысты  техникалық  және  қызмет  көрсету  еңбегінің  кадрларын 

даярлауда  сапалы  ұмтылыстың  қажеттілігі  туындап  отыр.Осыған  байланысты  елімізде 

заман  талабына  сай  білімді,  озық  технологияларды  жетік  меңгерген,  кәсіби  білікті 

жұмысшы  мамандар  даярлауда  техникалық  және  кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарына 

үлкен  міндеттер  мен  талаптар  жүктеліп  отырғаны  белгілі.  Қазақстандағы  білім  беруді 

дамытудың  2011–  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  жобасында 

Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі 

білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын 

арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі 

бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы  және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету, 

сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды  арттыру 

мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі 

реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымның 

ойлауына, келешегі жайлы толғануына, жаңа ойлармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына 

негіз болады. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі 

педагогтардың  деңгейіне  байланысты.  Қазақстанның  инновациялық  болашағы  еңбек 

ресурстары  сапасына  сай  тікелей  байланысты  болғандықтан  түбегейлі  жаңа  әдіс  және 

технология   қажеттілігі  туралы  мәселені  мемлекет  қолға  алып  отыр.  Елбасының 

тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту 

үдерісі басталды. Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл– ең алдымен қабылданған бағдарламалар 



аясында  білім  беру,  денсаулық  сақтау  саласын  жаңғыртуды  жалғастыру  дегенді 

білдіреді. Біз дәл осы салалардан ешқандай да үнемдемейтін боламыз. Өйткені, білім 

беру, денсаулық сақтау салалары да – бұл біздің болашағымыз, бұл – біздің азаматтар. 

Елбасы  жолдауында  2017  жылдан  бастап  жаңа  жоба  –  «Баршаға  арналған  тегін  кәсіби-

техникалық  білім»  бағдарламасы  басталатынын  жариялай  келе:  «Шеберліктің  шыңына 

жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен 

инновацияның  күні  туған  заман.  Ерінбей  еңбек  еткен,  талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай 

техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып 

жатқан  түбегейлі  реформалар  мен  атқарып  жатқан  қыруар  істердің  бәрі  сендер  үшін, 

болашақ  үшін  жасалуда.  Мен  жастарымызды  жұмысшы  мамандығын  белсенді  меңгеруге 



57

 ~ 



 

шақырамын.  Жұмысшы  мамандықтарын  меңгеру  керек.Мектепті  бітірген  әрбір 

қазақстандықтың  мамандық  алуға  мүмкіндігі  болуы  керек»-деген  болатын.  [1].Жобаның 

негізгі  тетіктері:  Жұмысшы  мамандықтары  тегін  оқытылады.  Бұл  «Білім  туралы» 

заңның  сегізінші  тармағына  енген.  Жұмысшы  мамандығын  алатындар  санын  арттыру 

мақсатында оқу бағдарламалары әзірленді.- Гранттар алдымен жұмысшы мамандықтарына 

бөлінеді.  Қалғаны  басқа  мамандықтар  арасында  таратылады.  Осы  механимзге  сәйкес, 

техникалық,  технологиялық  және  ауыл  шаруашылығы  мамандықтарының  барлығы  тегін 

болады.Алдымен,  әрбір  жас  жұмысшыдан  бастайды  да,  кейін  орта  буын  маман  атанады. 

Кәсіби  білім  берудің  мақсаты  —  әлемдік  білім  кеңістігіне  ене  отырып,  бәсекеге  қабілетті 

тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге 

бағытталған білім беру.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «соmpetens» белгілі сала 

бойынша жан-жақты хабардар,білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар 

төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді.  Компетенция  –  оқудың 

және  өздігінен  білім  алудың  нәтижесінде  қалыптасатын,  білім  мен  тәжірибеге, 

құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттері. Компетенцияның түйінді 

құраушысы  біліктілік  болып  табылады.  Оқытудағы  компетенттілік  тәсіл  оқыту  нәтижесі 

ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, 

щығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне 

негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық. Түйінді компетенттіліктердің 

құрылымы  төмендегідей  бөлінеді:  Өзіндік  танымдық  іс-әрекет  саласындағы  базалық 

компетенциялар. Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу, және түрлі жиындарда өз ойын 

басқаларға  жеткізе  алу,  оқу  іс-әрекетінің  нәтижелерін  талдай  алу,  әртүрлі  ақпарат 

көздерінен  білім  жинақтап  білуді  меңгерту  жатады  (кітаптан,  газет-журналдардан,  теле-

радиохабарлардан, интернеттен т.б.) 

 

Мәдени  іс-әрекетіндегі  компетенцияларға  бос  уақытын  өзінің  рухани  және  мәдени 



дамуы  үшін  пайдалана  білу  (көркем  әдебиеттер  оқу,  түрлі  лекциялар  мен 

баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады. 

 

Тұрмыстық  саладағы  компетенциялар:  жеке  гигиенаға,  өзденсаулығын  нығайтуға, 



отбасы тұрмысына қатысты мәселелер. 

 



Әлеуметтік  еңбек  іс-әрекеттері  саласындағы  компетенциялар  –  бұл  оқу  еңбегін 

ұйымдастыра  білу  дағдысы,  ұжымдағы  өзара  қарым-қатынасы  этикасы,өз 

мүмкіндігін бағалау, жауапкершілігік жүгін арқалай білу. 

 



Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінің  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  біздің  еліміздегі 

білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада: 

 

Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым; 



 

Оқытудағыы іс-әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған; 



 

Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады. 



 

Мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады. 



 

Мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  авторитарлық  қарым-қатынастар  оқу  ісі 



әрекетіндегі  бірлестікке,  жұптастыққа  айналған.  Құндылықты  –бағдарлы 

құзіреттілік-өмірдегі  түрлі  жағдайларда  шешім  қабылдай  білу,  өзінің  Отаны 

Қазақстан патриоты болу, саяси жүйені түсіну, азаматты белсенділігін көрсету. 

 



Медениеттанымдық құзіреттілік – адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін 

түсіну,  этномәдениеттілік  құбылыстарды  игеруге  мүмкіндік  беретін  ұлттық 

ерекшеліктерін тани білу. 

 



Оқу  танымдық  құзіреттілік  –  оқушының  зерттеу  әрекеті  мен  өзіндік  оқу-танымдық 

процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. 

 

Коммуникативті құзіреттілік-адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін 



білу,  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде 

қатынас дағдылары болуын қарастырады. 



58

 ~ 



 

 



Ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік  –  бағдарлай  білу,  білім  мен  ақпараттық 

технологиялар  мен  техникалық  объектілердің  көмегімен  жеткізуді  жүзеге  асыра 

білу. 



 



Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік-әлеуметтік қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай 

білу, шешім қабылдай білу. 

 

Тұлғалық  өзін  өзі  дамыту  құзіреттілік-  өзінің  мүмкіндігін  нақты  перспективалық 



жоспарлаумен салыстыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау. 

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік  – экономикалық жағдайда білім 

беру  жүйесінде  педагогке  қойылатын  талап  та  ерекше  екендігі  түсінікті.  Бұл  мынандай 

фактілерге байланысты: 

–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану

–топтық жұмыс дағдыларын дамыту, 

–әрекеттерге үйрету, 

–нақты ситуацияларды талдау. 

Оқытушыға,  өндіріс  оқыту  шеберлеріне  өз  ісінің  маманы  болумен  қатар,  оның 

бойында  баланы  жақсы  көру,  баланың  көзқарасы  мен  пікірін  сыйлау,  тыңдай  білу  керек. 

Кез  –  келген  ұстаз  «Балалар  құқығы  туралы  заңды»  және  Конвенцияны  әрқашан 

басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, 

құқықтық тәрбие беруде маңызы зор. Құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен Қазақстан 

жағдайында  баланың  құқықтық  түсінігін  ерте  қалыптастыру  қоғамның  болашақ  тәртіпті, 

тәрбиелі азаматтардан тұратындығына кепіл болады. 

Жоғарыдағы  айтылған  теориялық  идеяларға  сүйене  отырып,  құзырлық  ұғымы: 

құзырлық  –  алған  білімін  пайдалана  білу  қабілеті;  болашақ  таңдайтын  мамандығына 

қатысты  қабілеттер  мен  шеберліктерін  меңгере  білу;  әлеуметтік  даму  деңгейіне  сәйкес 

келетін  және  қоршаған  ортаның  әсер  ету  факторларына  төтеп  бере  алатын  тұлғаның 

интегративті  қасиеттер  жиынтығы.  Бүгінгі  таңда  «құзырлық»  ұғымымен  қатар  «түйінді 

құзырлықтар»  ұғымы  да  кеңінен  қолданылуда.  Ол  «Еуропаға  арналған  түйінді 

құзырлықтар»  бағытын  ұстанатын  Еуропа  Кеңесі  көлемінде  айқындалған  стратегиядан 

бастау  алады.  Бұл  түйінді  құзырлықтар  саны  жағынан  да,  мазмұны  жағынан  да 

(құндылықтық  мәндік, жалпы  мәдени,  оқу-танымдық,  ақпараттық  құзырлық,  т.б.)  әркелкі. 

Педагог  іс-әрекеті  білім  саласында  кәсіби  міндеттерді  шешуге  бағдарланады.  Шешім  

мақсатты айқындаудан,  іс-әрекет мотивіне  түрткі болудан  басталады. Мақсаттылық – іс-

әрекеттің  алғашқы  кезеңі,  екінші  кезең  іс-әрекет  бағдарламасын  жоспарлау,  жобалау.  Іс-

әрекет  бағдарламасын  құру  үшін,  қандай  әрекеттер  және  қандай  оқыту  процесінің 

афференттік  синтезінен  өткізу  қажет.  Нәтижесінде  әрекет  бағдарламасы  –  педагог  іс  –

әрекетінің  моделі  пайда  болады.  Іс-әрекетін  бағдарлау  педагогтың  интеллектуалдық 

қабілетіне  байланысты,  қандай  білім  мен  іскерліктерді  игерген,  педагогтың  кәсіби 

міндеттерін  эвристикалық  жолмен  шеше  алуы,  оқыту  технологияларын  қаншалықты 

меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен 

шешіледі Кәсіби оқытушы педагогының құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіруге 

ұмтылған  маман.  Мұғалім,  Педагог  мамандығы,  зиялылар  ішіндегі  көп  топтасқан 

мамандықтардың  ірі  тобына  жатады.  Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік 

қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды 

психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. [2] 

Әрине,  мемлекетке  сапалы  мамандарды  дайындауда  колледж  ұжымы  өз  үлесін 

арттыра түсері сөзсіз. Солай айтқанмен, орынды мәселеге көз жұма қарауға болмас. 

Сонымен  қатар  белгілі  бір  кәсіп  саласы  талап  етіп  отырған  біліктіліктер  деңгейін 

қалыптастыру.  Білім  мазмұны-  бұл  тиісті  орнында  жүйеге  келтірілген  білім,  және 

дағдыларды  игеру  барысы  және  нәтижесі,  оқушыны  өмірге  және  еңбекке  дайындаудың 

қажетті  шарты.Тек  білім  мазмұны  ғана  іс  -  әрекет  мақсатын  теориялық  жақтан  дұрыс 

көруге  мүмкіндік  береді.  Арнайы  технология  болса  ғылым  негіздерін  қазіргі  техника, 



59

 ~ 



 

технология  және  өндірісті  ұйымдастыру  тұрғысынан  қарайды.  Жалпы  техникалық 

дайындық  -жекелеген  өндіріс  салалары  бойынша  ғылыми-техникалық  және  әлеуметтік-

экономикалық  бағыттар  бойынша  өндіргіш  күштердің  дамуы,  білім  мен  дағды  жүйелері 

туралы  хабардар  етеді.  Қазіргі  кәсіптік-техникалық  оқу  орындарында  «Материалтану», 

«Электротехника»,  «Техникалык  сызу»,  «Техникалық  өлшеу  және  дәлдік  шегі»  сияқты 

жалпы  техникалық  пәндер  жүреді.  Өндірістік  окыту  барысында  ғылыми  теорияны 

практикалык тәжірибе негізі арқылы оқытушылар оқушылардың біліктілігін арттыруға жол 

ашады.  Теория  мен  практика  бірлігінде  тәжірибенің  айқындаушы  рөлі  бар.  Өндірістік 

оқыту  шеберлері  мен  оқушылар  арасында  білім,  білік  және  дағдыларын  іске  асыруда 

бірлескен  қимыл-әрекет,  практикалық  қызмет  аясында  кәсіби  шеберлікке  баулу  процесі 

қалыптасады.  Ол  өндіріс  орындарында  немесе  оқу  шеберханаларында  жүргізіледі. 

Практикалык біліктілік — еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара 

алу  қабілеттілігі.  Белгілі  бір  ережеге  және  оны  нақты  міндеттерді  шешу  барысында 

лайықты  пайдалануға  негізделген  жаңа  әрекетті  меңгерудің  нәтижесі.  Білікті  іс-әрекет 

орынды  тәсілдерді  таңдай  білуден,  тек  қана  таңдай  білуден  емес,  оларды  тәжірибеде 

орындаудан көрінеді.  Кәсіби дағды  - кез-келген әрекетті  орындай білуде  жаттығу арқылы 

бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында 

практикалық жаттығулар арқылы калыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі 

сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері 

бар:  қимыл  дағдысы;  ойлау  дағдысы;  сезім  дағдысы.  Қимыл  дағдыларында  жұмысшылар 

еңбек  қимылдарын  дәл,  нақ  және  аз  күш  жұмсай  отырып  тиімді  үйлестіру  әрекетін 

қалыптастырады.  Ойлау  дағдылары  жұмыс  барысында  стандарты  қалыптасқан,  арнайы 

ойлау  процесін  қажет  ететін  дағдылар.  Сезімдік  дағдылар  жұмысшылардың  іс-әрекетті 

атқару  кезінде  сезім  мүшелері  арқылы  қалыптасқан  технологиялық  процестер  мен 

материалды  сұрыптауларда  пайда  болады.  Сондай-ақ  бұл  әрекет  әсіресе,  өндіріс 

процестерін  ұйымдастыру  мен  тауар  сапасын  бақылау  кезінде  байқалады.  Нәтижесінде 

оқытудың  мазмұнның  және  ұйымдастыру  нысанын  және  технологиясын  анықтайтын 

жүйені  құрушы  факторлар  білім  берудің  мақсаттары  болып  табылады.Білім  беру 

мақсаттарының  проблемалары  педагогикада  ғана  емес,  сонымен  қоса  философия,  саясат, 

экономика  үшін  әрқашан  маңызды  болып  табылады.  Мақсат  дегеніміз-  -бұкіл 

педагогикалық процесстің шоғырланушы білігі. Ол педагогикалық әрекеттердің тиімділігін 

өзгерту  үшін  мазмұнға,  әдістерге,  нысандарға  әсер  ететін  шешуші  критерий  болып 

табылатын,  бағыт  беруші  әсер  етеді.  Қазіргі  заманғы  кәсіби  білім  берудің  жалпы 

мақсаттарына келесі жағдайларды жатқызуға болады: оқушылардың бірқалыпты өзгерістегі 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайларға  әлеуметтік  жағынан  жан-жақты  және  тиімді 

үйренісуді  қамтамасыз  ету;  маманның  арнайы  білімдерін,  дағдыларын,  білімдерін  және 

кәсіби  маңызды  сапаларын  қалыптастыру.  Мақсат  жаңа  қоғамдық  жағдайларға  сәйкес 

нақтыланып,  қоғамның  дамуымен  қатар  өзгереді.  Демек,  білім  беру  мақсаты  білім  беру 

жүйесінен тыс қалыптасып, қоғамның сол кезеңіндегі даму талаптарымен белгіленеді және 

қазіргі  заманғы  қоғам  талаптарына  сәйкес  кәсіпкер-маманға  «әлеуметтік  тапсырысқа» 

жауап  береді.  Нормативті  түрде  білім  беру  мақсаттары  мемлекеттік  құжаттармен  және  ең 

бастысы «Білім беру туралы» заңмен белгіленген. 

 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Мемлекеттік сатып алу – маңызды м селе
2017 -> Болашақ қазан 2015 жыл Қазақстан
2017 -> Жазғы бағдарламалар, ауқым көлеміне байланысты туындаған
2017 -> «МҰҒалімнің акт қҰзыреттілігін дамытудағы тренердің РӨЛІ» Алданыш Ақерке
2017 -> «тарих» кафедрасы
2017 -> Жоба туралы
2017 -> В системе дополнительного образования
2017 -> Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жалпы білім берудің мақсаттары
2017 -> Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет