Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар Ас қорыту физиологиясы



бет1/4
Дата02.12.2023
өлшемі32,99 Kb.
#132002
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар Ас қорыту физиологиясы-emirsaba.org


Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар Ас қорыту физиологиясы


Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар


Ас қорыту физиологиясы
Тақырып: Ас қорытру органдарының анатомиялық құрылымы.
Асқорыту жүйесін зерттеу əдістері. Ас қорыту жүйесінің бөлімдеріндегі астың
қорытылуы (ас қорыту конвейері). Сөлдердің құрамы
Хаттама толтырыңыз:
Тапсырма 1. Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын
сипаттаңыз.
Ауыз қуысы – Жұтқыншақ – өңеш – қарын – аш ішек – тоқ ішек
Ауыз қуысы - ас қорыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының
сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарға жақ сүйек, таңдай сүйек, төменгі жақ
сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы жəне төменгі еріндер
аралығындағы кіреберіс тесігін - ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ
таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін - есін деп атайды
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында
орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11 - 13 см. Жұтқыншақтың
төменгі бөлігі əрі өңешпен, əрі көмекеймен байланысты. Жұтылған тамақ
жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы
көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақта, ауа да өтеді. Сондықтан ол əрі
асқорыту, əрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. Өңеш - ұзындығы 25 смдей іші
қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі
қарынмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі қабықшасы көп қабатты
эпителиймен қапталған. Асқазан - асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ
қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2 - 3л алмұрт немесе
ұзын қапшық тəрізді. Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі. Қарын - ішкі қуысы
қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш
ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап
жатқан қатпарлы сілемейлі қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Аш ішек - ас
қорыту жолынан едəуір ұзын бөлігі, оның ұзындығы 5 - 7м жəне 3 бөлікке : ұлтабар,
аш ішек жіне мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдық тоқ ішекке өтеді.
Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі жəне ұйқыбезіне өзегі ашылады. Аш
ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді
қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін
түріндегі бүрлер тек аш ішекке ғана тəн. Бұл бүрлер өте көп. Бұл бүрлер ашектің
ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Тоқ ішектің ұзындығы 1,5 - 2 метрдей, аш ішектен екі
еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп аталады. Ол он
жақтағы мықын тұсында орналасқан. Бүйеннің төменгі шетінде ұзындығы 7 - 8
смдей құрт пішінді тұйық өскін соқырішек болады. Ол лимфа жүйесіне жататын



мүше. Оның қабынуынан болатын ауру - соқырішек деп аталады. Тоқ ішектің соңғы


бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның сілемейлі
қабықшасында жарты ай пішінді ірі, өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі.
Тапсырма 2. Кестені толтырыңыз. Ас қорыту сөлдерінің құрамы мен
қасиеттері
Ас қорыту
сөлі 
Мөлш 
ері 
рН 
Органикалық құрамы/ 
ферменттер 
Ферменттердің
əсері 
Бейорганикалы қ 
құрамы 

сілекей

502000 
мл

5,8-7,4


a-амилаза

Мальтоза

Муцин

Лизоцим 
К ө м і р с у л а р 
ы д ы р а й 
б а с т а й д ы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет