Практикалық тапсырмалар Тақырып №1: Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар Тапсырмалар: Тапсырма 1



бет1/7
Дата20.10.2022
өлшемі24,88 Kb.
#44363
  1   2   3   4   5   6   7

Практикалық тапсырмалар
Тақырып №1: Қазіргі білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Білімнің ХХІ ғасырда түрлі дәрежеде айқындалып келе жатқан және әлі де айқындала түсетін үрдістерін атаңдар және оларды сипаттаңдар.
Тапсырма 2. Қазіргі білімнің негізгі үрдістері мен принциптеріне сипаттама беріңіз.
Тапсырма 3 Білім беру неліктен өзара байланысқан – білім беру жүйесі ретінде, білім беру үдерісі ретінде, осы үдерістің жеке немесе ұжымдық (жиынтық) нәтижесі ретінде үш тұрғыдан қарастырылады?
Тапсырма 4. Интеграциялану, тепе-теңділікті ізгілендіру және жеке-даралау, демократияландыру принциптерінің іске асырылуы Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің, оның мазмұны мен ұйымдастырылу нысандарының өзгеруіне қалай әсер етеді?
Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Берілген тапсырмаларды орындау барысында дәріс материалдары мен ұсынылған әдебиеттерді қолдану ұсынылады. Сондай-ақ білім беру саласына қатысты барлық нормативті құжаттарды қарастыру керек. Топтық жұмыс кезеңінде қойылатын талаптарға назарын аудару қажет.
Тақырып №2: Педагог педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде. Білім беру жүйесіндегі педагог тұлғасына қойылатын талаптар.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. «Тәрбиеші» ұғымының этимологиясын ашыңдар. «Мұғалім» сөзі қашан пайда болды? «Мамандық» сөзі нені білдіреді?
Тапсырма 2. Педагогикалық мамандықтың шығу тарихы мен даму кезеңдерінен түсінік беріңіз (жылдар, педагогтар, ұсынылған идеялар).
Тапсырма 3. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттерінің орындалуы жайлы айтыңыз.
Тапсырма 4. Мамандықты меңгеру міндеттерін шешу үшін теориялық, тәжірибелік және зерттеушілік жолдар бар екендігі жалпыға мәлім. Осы жолдардың әрқайсысын сипаттап беріңдер.
Тапсырма 5. Қазіргі заманның тез өзгерушілік жағдайларында педагогикалық мамандықты дамытудың қандай негізгі бағыттары бар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет