Презентация Орындаған: Сали А. О



Дата13.12.2022
өлшемі1,02 Mb.
#56851
түріПрезентация

Презентация

Орындаған:Сали А.О

Тобы:Еп-20-2к

Қабылдаған:Абдуалиева М.А

Тақырыбы:Ядролық физиканың экспериментальдық әдістері.Қалың қабатты фотоэмулься әдісі.

  • Ядролық физика – қазіргі физиканың атом ядросы мен элементар бөлшектерді зерттейтін саласы. Ядролық физика – атом өнеркәсібінің ғылыми негізі. Ол шартты түрде төмендегідей салалардан тұрады.
  • Атом ядросының жалпы қасиеттері мен құрылымы. Ядроның маңызды қасиеттеріне масса, электр заряды, массалық сан, байланыс энергиясы, магниттік және электрлік момент, ядроның эффективтік мөлшері, ядроның энергия деңгейлерінің жүйесі жатады. Ядролық күштердің заңдылығы белгісіз болғандықтан, ядрода өтетін процестерді зерттеу үшін әр түрлі ядролық модельдер пайдаланылады

ФОТОЭМУЛЬСЯ ӘДІСІ

  • Фотоэмульсия әдісі. Уран тұздарынан өздігінен ұшып шығатын а- бөлшектердің фотопластинаның фотоэионмульсиясын иондауын зерттеу нәтижесінде 1886 ж. Беккерель табиғи радиоактивтікті ашты. Әрине, өздерінің фотоаппаратта қолданатын фотоқабықша бұл мақсат үшін жарамсыз. Оның фотоэмульсия қабаты 10-20 мкм ғана. Шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектерді тіркеу үшін қалыңдығы 0,5-1 мм фотоэмульсия қабаты бар фотопластиналар пайдаланылады. Фотоэмульсия қабатында бромды күмістің орасан көп мөлшерде өте ұсақ кристалдары бар.
  • Ядролық физиканың бұл саласының маңызды бөлігі ядролардан шығатын әр түрлі сәулелерді зерттеу болып есептеледі. Ядролық реакциялар – ядролардың бір-бірімен және элементар бөлшектермен әсерлесуі нәтижесінде түрленуі. Ядролық түрленулердің ішінде энергетикалық мақсат үшін баяу және шапшаң нейтрондар арқылы жүретін реакцияларды (мысалы, ауыр ядролардың бөлінуі), сондай-ақ теориялық және практикалық мақсат үшін жеңіл ядролардың арасындағы реакцияларды зерттеудің зор маңызы бар. Реакциялардың соңғы түрі термоядролық реакцияларды жасанды жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Атомдық нөмірі (Z) 92-ден артық (Z > 92) болатын табиғатта кездеспейтін элементтерді синтездеу үшін көп зарядты иондарды (мысалы, азот және алюминий иондары, т.б.) зерттеудің ерекше маңызы бар. Элементар бөлшектер. Ядролық физиканың бұл саласында нейтрино, антинейтрино, электрон, позитрон, әр түрлі мезондар, нуклондар, антинуклондар, гиперондар мен антигиперондар тәрізді элементар бөлшектердің қасиеттері, олардың пайда болуы мен бір-біріне түрлену процестері зерттеледі. Сондай-ақ бұл салада жоғары энергия физикасының мәселелерін зерттеудің де маңызы ерекше күшті болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Уикипедия беттерінен
  • Атомная физика
  • 9-сынып «атом ядросы» бөлімі
  • https://kk.wikipedia.org


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет