Презентация Тақырыбы: 4-дәріс. Арғытүркілердің мәдениеті Орындаған



Pdf көрінісі
Дата11.10.2022
өлшемі0,75 Mb.
#42439
түріПрезентация


Презентация
Тақырыбы:4-дәріс.Арғытүркілердің мәдениеті
Орындаған: Алшынова А.
Қабылдаған: Шанбаева А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультет
«Мәдениеттану және дінтану» кафедрасы
Мәдениеттану мамандығы
Алматы 2021


Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1)Қағанаттардың бөлінуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет


Көне түркі мәдениеті
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе 
қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі 
жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте 
адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда -
өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш 
күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың 
жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, 
осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың 
белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы 
өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың 
санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы 
олардың санасын билейді



Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең байтақ 
даласын алғашқы қауымдық құрылыс тұсында-
ақ аңшылық, егіншілік және мал 
шаруашылығымен айналысатын түрлі 
тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. 
Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы 
ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. 
Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі 
тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп 
шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек 
бөлінісі деп атады.


Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың 
жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан 
жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын 
мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі 
тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі 
жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп 
қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен 
қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. 
Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір 
рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен 
темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, 
айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй 
шаруашылығына қажетті және зергерлік 
бұйымдар жасаған.


Қаңлылар
Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның 
орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар 
Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі 
қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап 
жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, 
Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген 
қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде 
Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау 
мәдениеті деп аталады.


Батыс түрік қағандығы 
Батыс түрік қағандығы яки қағанаты 
Түрік қағандығының негізінде 603 жылы 
құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл 
қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс 
Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі 
мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың 
орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы 
еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, 
жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды.


Қыпшақ қоғамы
Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық 
мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. 
Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға 
дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. 
Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі 
саналатын қыпшақтарды Еуропада-
қумандар, ал Ресейде - половецтер деп 
атаған.


Пайдаланылған әдебиет:

«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. 
— Алматы: Атамұра, 2010.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет