Қорғаныш(тосқауыл) қызметі
Тері қабаттарын түзеді олар ағзаны сыртқы әсерінен және түрлі зиянды заттар мен микробтардың енуінен қорғайды
Фагоциттік активтілік арқылы олар бөгде және эндогендік заттарды сіңіреді
Иммундық қорғаныш қызметінде де маңызды рөл атқарады
Жасушааралық кеңістіктерді толтыратын ГАГ-тар (гиалурон қышқылы) жұқпалы аурулар мен токсиндердің таралуына кедергі жасайды
Структура түзуші (құрылымдық) қызметі - Бұл қызметі эмбрионалдық кезеңде өте қарқынды жүреді. Ол тек дәнекер тіндік қана емес, сонымен бірге бұлшық еттердің және эпителий жасушаларының көбеюіне бағытталған коллаген мен гликозамингликандардың реттеуші әсері арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызметі бала туылғаннан кейін де жүре береді.
Достарыңызбен бөлісу: |