Презентация тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының патоморфологиясы



бет2/5
Дата21.02.2023
өлшемі2 Mb.
#69700
түріПрезентация
1   2   3   4   5

тістері


Гетчинсон
Фурнье тістері –сауыттары өзгеріске ұшыраған жоғарғы бірінші үлкен азу тістер,сауыттарының мойын бөлігіндегі ауданы шайнау бетінің аумағынан үлкен.Шайнау төмпешіктері нашар дамыған жəне конусқа ұқсап,жақындаса орналасқан.
Тістер гипоплазиясын дақты
тісжегіден,жоғарғы тісжегіден,сынаға ұқсас ақаудан ажыратады.
Гетчинсон тістерін тістердің созылмалы зақымынан ажыратады.
Емдеу шаралары
Емдеу шаралары гипоплазияның клиникалық ерекшеліктеріне байланысты.Ақ-бор түсті дақтар косметикалық ыңғайсыздық туындатпаса ешқандай емдеу шаралары жүргізілмейді.Ал əртүрлі ақаулар кезінде композиттік материалдардың көмегімен тіс сауыты қалпына келтіріледі,қажет жағдайда ортопедиялық емдеу жүргізуге де болады.
Алдын алу шаралары.
Жас нəрестелер мен балалардың дендері сау болып өсуіне толық жағдай жасау.
Кіреуке гиперплазиясы
Кіреуке гиперплазиясы- даму кезінде тістің қатты тіндерінің,соның ішінде кіреукенің
шамадан көп құрылуы жəне көбіне
тістердің мойын бөлігінде орналасады жəне кіреуке тамшылары деп аталады.
Тістердің эндемиялық флюорозы
Тістер флюорозы-эндемиялық ауру,ішетін судағы фтордың жоғарғы мөлшерінің кіреуке жəне дентин құрайтын клеткаларға уытты əсерінің нəтижесінде тістердің қатты тіндерінің дұрыс қалыптаспауымен сипатталады.
Фтордың судағы оптимальды (оңтайлы) мөлшері 0,8-1,0 мг/л.
В.К.Патрикеевтің (1956) ұйғаруынша
ішетін судағы фтордың мөлшері 1,0-1,5 мг/л болғанда флюороз 30% тұрғындарда,ал 1,5-
2,0 мг/л болғанда 30-40 %,2,0-3,0 мг/л
болғанда 80-90 % жағдайда кездеседі екен.
Тістер флюорозымен көбінесе тұрақты тістер жарақаттанады.Патрикеев В.К. (1956) тістер флюорозының мына түрлерін ажыратады: дақты,штрихты,ақ бор-теңбілді,эрозиялы жəне деструкциялаушы.
Дақты түрі кезінде тіс сауыттарының бетінде əртүрлі көлемді беттері тегіс ақ,сары,қоңыр,қара-қоңыр түсті дақты ошақтар көптеп кездеседі.Сүңгілеп байқағанда сүңгі еркін жылжиды.
Штрихты түрінде сауыт беттерінде əртүрлі ұзындықты ақ-бор түсті жолақтар-штрихтар орын алады.Топтаса орналасқан штрихтар шоғыры ақ түсті дақты құрылымдар құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет