Презентация тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларының патоморфологиясы


Тістердің шыққаннан кейінгі тісжегіден басқа жарақаттары



бет3/5
Дата21.02.2023
өлшемі2 Mb.
#69700
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Тістердің шыққаннан кейінгі тісжегіден басқа жарақаттары
Тістердің сынаға ұқсас ақауы.Сынаға ұқсас ақау тістердің мойын бөлігінде пайда болады,тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуы немесе қажауға ұшырауы нəтижесінде пішіні сынаға ұқсас ақау пайда болады.Орта жастағы жəне қарт адамдарда кездеседі.

Тістердің сынаға ұқсас ақауы


Себептері толық анықталмаған.Тіс тазалайтын мəсуектің (тіс щеткасы) жəне ұнтақтарды абразивті əсерінен де туындайды деген көзқарастар бар.
Субъективті белгілері-тістердің жоғарғы сезімталдығы жоғарылауы мүмкін.
Емі: алғашқы сатысында тістердің жоғары сезімталдығын жою,ақаулар пайда болған кезде реставрациялау əдісі қолданылады.

Тістер эрозиясы Кіреуке жəне дентин эрозиясы тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуымен сипатталатын патологиялық үрдіс.Себебі анықталмаған.

Максимовский Ю.М.(1981) аурудың патогенезінде қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы рөл атқаратынын көрсетеді.

Кіреуке эрозиясы


Патологиялық үрдіс алдыңғы тістердің шығыңқы аймақтарында сопақ немесе домалақ пішінді көлденең симметриялы орналасқан ойықтардың пайда болуымен сипатталады.

Емі: жоғары сезімталдықты жою,тереңдеу ақаулар болса пломбылау немесе реставрациялау əдістері қолданылады.


Тістердің некроздануы
Тістердің некроздануы кіреукенің өз- өзінен күңгірттеніп,бетінде ақ-бор түсті,кейінірек пигменттелетін дақтардың пайда болып біртіндеп жұмсарып,ақаулардың пайда болуы мен сипатталатын үрдіс.Кіреуке біртіндеп сынғыш бола бастайды жəне көптеген тістер жарақаттанады.Бұдан патологиялық үрдіс ішкі бездер қызметтерінің (қалқанша,жыныс бездері) бұзылуына байлансты деген ұғым бар.

Емі: жоғары сезімталдықты басу,тістің қатты тіндерінің тұрақтылығын жоғарылату,қажет болса реставрациялау немесе ортопедиялық ем жүргізу.


Тістердің патологиялық қажалуы
Тістердің қажалуы
физиологиялық жəне патологиялық жойылуымен сипатталады жəне тіс тіндерін біртіндеп физиологиялық қажалу
-30жасқа дейін кіреуке 40 жасқа
жақын дентин қажала бастайды.50- 60 жаста алдыңғы тістер біраз қажалып,азу тістердің төмпешіктері жойыла бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет