Президент күні



Дата06.01.2022
өлшемі0,51 Mb.
#15952

Президент күні


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті.

1991 жыл. 1 желтоқсан. Одақ ыдырап, Кеңестің сапында болған елдер Тәуелсіздігін жариялап жатқан тұста қазақ халқы да өз егемендігін алып, алғаш Президентін сайлады. Жалпыхалықтық сайлауда елдегі сегіз миллион алты жүз сексен бір мың екі жүз жетпіс алты адам Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. Қазіргі Республика сарайында ең алғаш Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі өтті.

Сол жылдың 10 желтоқсанында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Ал, 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялап, өз алдына бөлек шаңырақ көтерді. Тарихи кезеңнен бері 24 жылдан астам уақыт жылжыпты. Егемендіктің елең-алаң кезеңіндегі сол бір тарихи сәттерді тағы бір санамызда жаңғыртып көрсек.

Желтоқсан - біз үшін ерекше айлардың бірі. Дәл осы айда еліміздің қоғамдық өмірінде маңызды саяси, тарихи оқиғалар болды. Атап айтсақ, 1991 жылы бірінші желтоқсанда жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті.

Елбасымыз, қарапайым отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев әкесі Әбіш пен Әлжанның тұңғыш перзенттері. Не деген сәйкестік десеңізші, сондай-ақ қазақ халқының тұңғыш Президенті. Анасы Нұрсұлтандай ұлтының ұлын дүниеге әкелетінін Райымбектей хас батырдың басына барып түнегенде түсінде көрген. Бала кезінде барлығы Сұлтан деп атайды екен. Бала Сұлтан бауырмал, елгезек, ата-анасына қолқабыс беруге қашанда дайын бала болыпты.

Қарап отырсаңыз бұл да бір сәйкестік емес секілді. Сұлтан сөзінің өзі «ел басқарушы», «ұлт көшбасшысы» дегенді білдіреді емес пе? Алғашқы еңбек жолын Теміртау қаласындағы“Қазметаллургқұрылыс “ тресінің жұмысшысы болып бастаған Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болу бақыты жазылыпты. Бүгінде бұл мереке өте үлкен деңгейде тойланып өтеді. Ұлт тағдыры үшін барын салып жүрген Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалынып жатқан игі іс-шараларды бір кітаптың өзіне сыйғыза алмаспыз.

Ол болашақ жастардың қолында екенін үнемі айтып отырады. Оларды қолдау үшін барын салады. Осы орайда Елбасының өзінің жеке тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жыл сайын қаншама қазақтың қаракөздері әлемдегі ең атақты жоғары оқу орындарында білім алып келеді. Одан бөлек ұлттық мақтанышымызға айналған Отанымыздың Елордасы Астананың уығын қадап, бүкіл әлемге бас қаламызды мойындата алғаны өзінше бір шежірелі тарих.

Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздерін бекітіп, елдігіміздің тағы бір шегесін нақтылай қақты. Ұлттық валютамыз теңгені айналымға шығарып, алға тағы бір қадам жасады. Одан бөлек, елдің дамуы барысында, ең алғашқы маңызды болып саналатын өзге елде жүрген қандастарымызды өз Отанымыз — Қазақстанға шақырды. Ұлы көш барысында дүние жүзіндегі көптеген елдерден қазақ қандастарымыздың табаны туған топыраққа тиді. Атап айтар болсақ Қытай, Монғолия, Иран, Түркия елдерінен қазақ бауырларымыз елге оралды. Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығы да ерекше.

Жыл сайын ел алдына шығып өзі жасаған жұмыстары жөнінде есеп беріп, елдің болашағы үшін алаңдап, алдағы жұмыстарының жоспары ретінде Қазақстан халқына Жолдау жолдайды. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының халқына деген сүйіспеншілігін, ел жүгін мойынына арқалай білгендегі жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан аталмыш мереке үлкен қуанышпен аталып өтіледі.

Мұндай мереке тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемдік тәжрибеде бар үрдіс. Оған бірнеше мысалдар келтіре кетуге де болады. АҚШ әлемдегі ең алпауыт елдердің қатарына жатады. Бұл елде ақпан айының үшінші дүйсенбісі Президент күні ретінде мерекеленеді. Аталмыш мереке 1855 жылдан бері АҚШ-та жалпыұлттық деңгейде аталып өтіледі. Бұл мереке АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның құрметіне тойланады.

Исландия елінде бұл күн 14 мамырда тойланады. Мемлекеттің бесінші әрі қазіргі президенті Олавура Рагнара Гримссонның құрметіне мемлекеттік дәрежеде мерекеленеді. Ангола мемлекеті елдің негізін қалаушы президенттерінің құрметіне Президент күнін 17 қыркүйекте мерекелейді.

Португалдардың бодандығынан Анголаға тәуелсіздік алып беру үшін аянбай күресіп сол мақсатына жеткен Агоштинью Нету 17 қыркүйекте дүниеге келген. Күздің алғашқы айында тойлануының себебі де сол.



Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне тойланатын — Тұңғыш Президент күні біз үшін де өте қадірлі мереке. Ендеше мерекелеріңіз құтты болсын, қазақ елі!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет