Природные ресурсы и перспективы внедрения растении солодки в флоре жамбылской области в производству



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі435,5 Kb.
#7892

Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

188

Нөгербек Ə.Д., Қожамжарова Л.С. 



ПРИРОДНЫЕ РЕСУРСЫ И ПЕРСПЕКТИВЫ ВНЕДРЕНИЯ РАСТЕНИИ  СОЛОДКИ 

В ФЛОРЕ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРОИЗВОДСТВУ 



Аннотация  

В  статье  предусмотрены  меры  внедрения  в  отрасли  фармакологии  и  хранения 

природных  популяции  родственного  вида Glycyrrhiza L – один  из  лекарственных, 

экономическо-ценных видов растении отечественной флоры сегодняшего дня. 

         Ключевые  слова:  фармация,  красной  солодки,  экологические  группы  красной 

солодки, субэдификатор, ценозное  востановление, Glycyrryhiza glabra L. 

Nogerbek A.D., Kozhamzharova L.S. 

NATURAL RESOURSES AND PROSPECTS OF IMPLEMENTATION OF THE LICORICE 

PLANTSIN THE PRODUCTION OF ZHAMBUL REGION FLORA 

Annotation 

In a article provides the measures of implementation in the industry farmakologii and storage 

of natural populations of a sibling species Glycyrryhiza glabra L. is on of medicinal and 

economically valuable species of plants the local flora of the present day. 



Keywords: farmacology of the red licrocice, ecological groups of the red licrocice. Cenosis 

recovery. Subedificator. Glycyrryhiza glabra L. 



УДК 504.75.05. 

Оңғарбаева Ж.А., Хамитова Қ.Қ.  

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.  

 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЖƏНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЗ СУ САПАСЫН 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ 



          Аңдатпа 

Қазіргі  таңда  тұщы  сулардың  əртүрлі  ластаушылармен:  пестицидтермен  жəне 

химикаттармен,  мұнаймен  жəне  мұнай  өнімдерімен  ластануы  негізгі  мəселелердің  бірі 

болып отыр. Сонымен қатар басқа да суды  ластаушыларға: металдарды (сынап, қорғасын, 

мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс 

алқаптарынан  жəне  мал  шаруашылығы  фермаларынан  түсетін  улы  химикаттарды 

жатқызуға  болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын жəне 

олардың қосылыстары.  

Зерттеу  жұмысымыздың  мақсаты  Алматы  облысы  жəне  қаласының  ауыз  су 

сапасының құрамын анықтау. Алматы облысы жəне қаласының жекеленген аудандарында 

су сынамаларына зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, ауыз су сапасының құрамындағы 

ауыр  метал  иондарының  концентрациясын  анықтау.  Ауыз  су  сапасының  құрамын  

анықтайтын  заманауи  сапалы    химиялық  «Плазмамен  индуктивті  байланысты  атомды-

эмиссионды  спектрометрия (ICP-MS)» əдісін  қолдана  отырып  су  құрамындағы  рұқсат 

етілген  шекті  мəндері  бар  ауыр  металл  иондарының  тиісті  концентрациясы  анықталды. 

Алынған нəтижелерге сүйене отырып,   экологиялық бағалау жүргізілді. 



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

189 

Кілт сөздер: ауыз судың сапасы, су сапасының көрсеткіштері,  ШРК, ауыр металдар, 

индуктивті плазма бар атом-эмиссиялық спектрометрия əдісі. 



Кіріспе 

Ауыз  су – табиғи  күйде  немесе  өңдеуден  кейін  (тазарту,  залалсыздандыру)  сапасы 

бойынша адамның ішуге жəне тұрмыстық  қажеттіліктеріне, немесе тағамдық өнімдердің 

өндірісі үшін қажетті суға тағайындалған нормативтік талаптарға жауап беретін су. Мəселе 

судың  қасиеті  мен  құрамына  қойылатын  талаптар  жайында.  Себебі  ол  адам  денсаулығы 

үшін тұтыну кезінде де, гигиеналық мақсаттарды қолдану кезінде де, тағы тағамдық өнім 

өндірісі кезінде де жағымсыз əсер етпеуі тиіс [1].   

Ауыз  су – адам  денсаулығының  маңызды  факторы.  Əлем  бойынша  əртүрлі 

параметрлер бойынша ауыз су сапасын анықтау үшін əртүрлі əдістердің көптеген түрлері 

қолданылады [2].   

Судың,  əсіресе  ауыз  судың  сапасы  халықтың  денсаулығын  анықтайтын  маңызды 

факторлардың  бірі  болып  табылады.  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымының 

мəліметтері  бойынша  судың  сапасының  төмен  болуынан  жыл  сайын 5 млн.  адам  (негізі 

балалар) өледі де, əр түрлі дəрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн – 

нан 1 млрд – қа дейін жетеді [3].   

Судағы  химиялық  жəне  улы  заттардың  мөлшерін  Мемлекеттік  стандарт  (ГОСТ) 

реттеп отырады. Бұл заттардың əрқайсысының шекті конңентраңиясы да əртүрлі. Əдетте, 

миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 

мг/л,  селен - 0,001 мг/л.  бериллий - 0,0002 мг/литр.  Мемлекеттік  санитарлық - 

эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның 

жүйеге  түсер  жерінде,  бөліну  жүйесінде  судың  сапасы  үнемі  бақылап  отырады.  Егер  су 

құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 

100 мың адамға - айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап 

отырады.Бұл көрсеткіш адам денсаулығына сапасыз судың кері əсер ету қауіпін анықтауға 

мүмкіндік береді, сонымен қатар ауыз судың санитарлық сұранысына жəне нормаларға сай 

келу деңгейін сипаттайды [4].  

Табиғатта  су  химиялық  таза  қосылыс  түрінде  ешқашан  кездеспейді.  Су  құрамында 

жие кездесетін ауыр металдарға темірді (Fe), мысты (Cu),   мырышты (Zn) қорғасынды (Pb) 

жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар  оның  химиялық  құрамының  өзгеруі  тұтынушыға  су 

құбырларымен тасымалдау кезінде өзгеруі мүмкін. Қоспа мөлшерінің ауытқуы кез келген 

жағдайда  адамда  əртүрлі  аурулар  тудыруы  мүмкін.  Кейбір  ауыр  металдардың  адам 

ағғзасына əсерін қарастырамыз [5].    

«Алматы  су»  холдингінің  нақты  мəліметтері  бойынша  Алматы  қаласы  Қазақстан 

Республикасында  сумен  қамту  жүйесі  бойынша  ең  ірі  өңір  болып  табылады.  Алматы 

қаласының сумен қамту жүйесі қаланың жəне облыстың жақын орналасқан аудандарында 

1,5 миллионннан астам тұрғындарға қызмет көрсетеді. 

Алматы  қаласы  бірнеше  су  көздерінен-Үлкен  жəне  Кіші  Алматы  өзендерінен (1/3, 

сүзгі  станциясынан  тазартылғаннан  кейін)  жəне  Алматы,  Талғар  жер  асты  су  көздерінен 

жəне Кіші Алматы кен орындарынан сумен қамтамасыз етіледі.Күн сайын қалаға 550 мың. 

текше метр су келіп түсуде [6].  



Зерттеу əдістері 

Қазіргі  таңдағы  суды  зерттеуге  қолданылып  жатқан  əдістер  қажетті  кейбір 

көрсеткіштерді зерттеп анықтай алмайды. Сол себепті біз судың құрамын зерттеуде жаңа  

əдісті  қолдық.  Зерттеу  жұмысымызда  заманауи    «Плазмамен  индуктивті  байланысты 

атомды-эмиссионды спектрометрия (ICP-MS)» əдісін қолдандық.  

Атомды-эмиссионды  спектрометрді  эксплуатация  бойынша  нұсұаулыққа  сəйкес 

жұмысқа  дайындайды.  Прибордың  нақты  бір  түрі  үшін  оңтайлы  режимді  тəжірибе 

жүзінде орнатады.  



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

 

 

190



         Матрицалық  эффект  туындау  барысында  фонды  түзету  жəне  спектралды  əсер 

есебінен өлшенетін элементтердің өзара əсерін ескеруді бағдарламалық қамтамасыз ету 

көмегімен  жүргізеді.  Спектралды  əсер  етуді  болдырмауда  элементтің  сəулеленуінің 

альтернативті  толқын  ұзындығын  таңдайды.  Интерференция  эффектісін  зерттеу  мен 

қажетті  түзетулерді  есептеуді  элементтердің  массалық  коэффициенттерінің 100 мг/дм 

шамасымен элементтердің сулы ерітінділерінің стандартты үлгілерінде жүргізеді. Фонды 

түзету  нүктелерін  таңдауда  судың  əлдеқайда  типтік  жұмыс  сынамаларында  жүргізеді 

жəне  (немесе)  элементтің  өлшенетін  спектралды  шыңының  бір  немесе  екі  жағынан 

фондық белгі  қарқындылығын өлшеу жолымен элементтер қоспасының градуирленген 

ерітіндісінде жүргізеді.  

Өлшеудің  оңтайлы  режимдерін  оратады.  Дайындалған  сынаманы  спектрометрге 

енгізу  жəне  талданатын  сынамадағы  элементтердің  атомдық  сəулеленуін  өлшеу 

спектрометрді эксплуатациялау бойынша жетекші (инструкция) талабына сəйкес жүргізеді. 

Монохромат  немесе  полихроматтың  дифракциялық  торы  арқылы  жарық  өткеннен  кейін 

сəулелену  қарқындылығы  бір  немесе  бірнеше  фотосезімтал  құрылғы  арқылы  тіркеледі, 

фототок спектрометрдің компьютерлік жүйесі арқылы өлшенеді жəне өңделеді [7]. 

Бұл  əдіс  радиожиілікті  электромагниттік  өріспен  индуктивті  қоздырылған 

анықталатын  элемент  атомының  аргонды  плазмаға  тозаңдануы  кезінде  пайда  болған 

сəулелену қарқындылығын өлшеуге негізделген.  

Осы əдіспен біз алған 6 сынамадағы сулардың құрамындағы ауыр металдардың (Fe, 

Cu, Zn, As, Cd, Pb) мөлшерін анықтадық.  

Сынамалар Алматы облысы мен қаласының  төмендегідей аудандарынан алынды: 

1. Есік ауданы 

2. Медеу ауданы 

3. Бостандык ауданы 

4. Алмалы ауданы 

5. Жетысу ауданы (Дорожник ықшам ауданы) 

6. Алатау ауданы 

Су  сынамалары  арнайы  құралдарсыз  жəне  автоматтандырылған  қондырғылардың 

қолдануынсыз  қолмен  алынды,  себебі  талдау  үшін  құбыр  суы  алынды  жəне  краннан 

сыйымдылыққа құйылды. Осыған байланысты сынама сыйымдылығы жеңіл алынды жəне 

жиналды [1-кесте]. 



Зерттеу нəтижелері 

 

1-кесте.  Сынама  алынған  аудандардағы  ауыз  су  құрамындағы  ауыр  металл 



иондарының мөлшері 

 

 



Алын-

ған 


ауыр 

метал-


дар 

Есік 


ауданы 

Медеу 


ауданы 

Бостандық

ауданы 

Алмалы


ауданы

Жетісу


ауданы

Алатау


ауданы

СанЕжН 


сəйкес 

норматив 

2.1.4.559-96

МеМСТ


сəйкес 

норматив


2874-82

(элемент-

тердің 

мөлшері,


мг/дм

3



(элемент-

тердің 


мөлшері,

мг/дм


3

(элемент-



тердің 

мөлшері, 

мг/дм

3



(элемент-

тердің 


мөлшері,

мг/дм


3

)

(элемент-



тердің 

мөлшері,


мг/дм

3

)



(элемент-

тердің 


мөлшері,

мг/дм


3

)

(элемент-



тердің 

мөлшері, 

мг/дм

3



(элемент-

тердің 


мөлшері,

мг/дм


3

)

Fe 0,121 0,247  0,272



0,181

0,128


0,149

0,3 


0,3

Cu 0,002 0,002  0,005

0,002

0,002


0,002

1,0 


1,0

Zn 0,012 0,0008  0,003

0,0009

0,001


0,037

5,0 


5,0

As 0,0032 0,002  0,002

0,002

0,003


0,002

0,05  0,050

Cd 0,000 0,000  0,000

0,000


0,000

0,000


0,001  0,001

Pb 0,005 0,005 0,005 0,005 0,005 0,005  0,03  0,03 



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

191 

Кестедегі  мəліметтерде  көрініп  тұрғандай  алынған  Алматы  қаласы  мен  облыс 



аудандарында ауыз су құрамындағы келесі Fe, Cu, Zn, As, Cd, Pb элементтердің мөлшері 

нормадан  аспайды.  Алайда,  жеке  элементтердің  мөлшері  тағайындалған  белгіге  жақын. 

Мұны 2 кестеден көруге болады.   

2- кесте. Су сынамасындағы элементтердің мөлшері 

Сынама алынған 

аудандар 

Fe Cu Zn  As Cd Pb 

Есік 


0,121 0,002 0,012 0,003 0,000 0,005 

Медеу 


0,247 0,002 0,0008 0,002 0,000 0,005 

Бостандық 

0,272 0,005 0,003 0,002 0,000 0,005 

Алмалы 


0,181 0,002 0,0009 0,002 0,000 0,005 

Жетісу 


0,128 0,002 0,001 0,003 0,000 0,005 

Алатау 


0,149 0,002 0,037 0,002 0,000 0,005 

ШРК


0,3 

1,0 


5,0 

0,05 


0,001 

0,03


Бұл  элементтердің  мөлшері  сумен  қамтамасыз  ету  көзінің  жағдайына,  санитарлық 

аймақтарға, бастапқы суды дайындау технологиясына, су құбыры жүйесінің санитарлық-

техникалық күйіне байланысты ауытқуы мүмкін.  

   (1) 


(1)  формула  бойынша  Есік  ауданының  су  құрамындағы  ауыр  металдардың  жалпы 

концентрациясы есептелді:  

(1

/



Қалған 5 ауданныңда су құрамындағы ауыр метал иондарының концентрациясын (1

/



формула  бойынша  есептейміз.  Есептеуден  алынған  нəтижелер  бойынша  төмендегідей 

график (1-сурет) тұрғызылды. 

1-Сурет. Ауыз су құрамындағы ауыр метал иондарының мөлшері. 

Ряд1; Есік; 0,646

Ряд1; Медеу; 1,02

Ряд1; Бостандық; 

1,105

Ряд1; Алмалы; 0,805



Ряд1; Жетісу; 0,601

Ряд1; Алатау; 0,731

мг/дм³

Сынама алынған аудандар



Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04 

192

Қорытынды 

«Физика  химиялық  зерттеу  жəне  талдау  орталығында»    Алматы  қаласы  мен 

облысының  ауыз  су  сапасының  құрамына  зертханалық  талдау  жүргізілді.  Су 

сынамаларының  үлгілерін  сақтауды  жəне  тасмалдаудың  əдістері  зерттеліп,  су  сапасына 

талдау  жасалынды.  Су  сынама  үлгілерін  зертханалық  жағдайда  атомды-эмиссионды 

спектрометрия  əдісімен ICP-MS аппаратында  жүргіздік,  онда  су  құрамындағы  ауыр 

металдалдар иондарының концентрациясын анықталды. Алматы облысы мен қаласының 

жеке аудандарының ауыз су құрамына сапалық талдау келесі элементтерге жүргізілді: мыс, 

темір, мырыш, сүрме, кадмий жəне қорғасын.   

Зерттеу  жұмысының  нəтижесінде    Алматы  қаласы  мен  облысының    ауыз  су 

құрамындағы  ауыр  металдар  иондарының  мөлшері  «қалыпты»  белгісіне  жуық  екені 

анықталды.  Дегенмен,  алыған  нəтижелерге  сүйене  отырып,  Бостандық  ауданының  ауыз 

құрамындағы ауыр метал иондарының мөлшері басқа аудандармен салыстырғанда жоғары, 

ал  Жетісу  ауданында  ауыр  метал  иондарының  мөлшері  аз  екенін  байқауға  олады. 7-

кестедеден көріп тұрғанымыздай алынған ауыр метал иондарының (Fe, Cu, Zn, As, Cd, Pb) 

ішіндегі концентрция ең жоғары Fe элементі. Бұл элементің мөлшерінің жоғары болуының 

себебі  сумен  қамтамасыз  ету  көзінің  жағдайына,  санитарлық  аймақтарға,  бастапқы  суды 

дайындау  технологиясына,  су  құбыры  жүйесінің  санитарлық-техникалық  күйіне 

байланысты  болуы  мүмкін.  Алайда,  қалған  барлық  аудандарда  ауыз  судың  жағдайы 

осындай деңгейде деп сенімділікпен айта алмаймыз. Себебі əртүрлі факторлардың əсерінен, 

ең  алдымен  тұрғындардың  таза  ауыз  суын  дұрыс  пайдаланбауы  салдарынан  ауыз  судың  

сапасын  төмендейді.  Осы  мəселені  шешуде  үлкен  назар  мен  күш  жұмсау  қажет, 

қаншалықты мүмкін болғанша мəселені шешуге тырысу қажет. Себебі су – адамзат үшін 

өте жоғары құндылық, өндірісі дамыған ақпараттандырылған технология ғасырында жəне 

тұрғындар  санының  тұрақты  өсуінен  барлық  табиғи  қорларды  пайдалануда  біз  өзіміздің 

бабаларымыздан мирас ретінде емес, керісінше ұрпақтарымыздан қарыз ретінде аламыз деп 

ойлайтын  кез  келді.  Құбырдан  ағып  келетін  ауыз  суының  сапасынан  тікелей  өзіміз  бен 

балаларымыздың денсаулығы тəуелді.   

Осы  мəселені  шешуде  еліміздің  əрбір  азаматы  шешім  қабылдауы  тиіс,  себебі  бұл 

жалпы  мемлекеттік  деңгейдегі  мəселе.  Біз  сенімділікпен  осы  күндері  барлық  талаптарға 

жауап беретін жоғары сапалы су зор құндылық пен  тұрғындардың денсаулық кепілі деп 

айта аламын. 



Əдебиеттер 

1. Алексеев Л.С. Контроль качества воды. – М.: ИНФРА-М, 2013. – 159 с.

2. Яковлев  П.И.  Периодическое  издание:  Беззащитная  вода // Экология  и  жизнь. -

2007. - №8.- 25-27 с.  

3. Сергеева Т.К. “Экологический туризм” М.: Финансы и статистика, 2004 г.-387 с

4. Экология (оқулық) - Алматы, 2008 - 223-6

5. Майстренко  В.Н.,  Хамитов  Р.З.,  Будников  Г.К.  Экологический  мониторинг

суперэкотоксикантов. М.: Химия, 1996. - 320 с. 

6. Официальные  данные  ГКП  «Холдинг  Алматы  су» // электронный  ресурс

www.almatysu.kz 

7. Физико-химические  методы  анализа:  Учеб.  для  студ.  вузов,  обучающихся  по

химико-технол. спец. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Дрофа, 2002. - 384 с., ил. - С. 202-207. 

8. СТ РК ГОСТ Р 51592. Вода. Общие требования к отбору проб. РГП "КазИнСт". –

2003.- С. 7-28. 

9. СТ  РК  ГОСТ  Р 51309. Вода  питьевая.  Определение  содержания  элементов

методами атомной спектрометрии. РГП «КазИнСт»».- 2003. С. 5-31. 

10. www.onlinezakon.kz


Ізденістер, нəтижелер – Исследования, результаты. №3(71) 2016

ISSN 2304-3334-04

193 

 Онгарбаева Ж.А., Хамитова К.К.  

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ОЦЕНКА КАЧЕСТВА ПИТЬЕВОЙ ВОДЫ ГОРОДА  

АЛМАТЫ И АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 

Аннотация  

В  настоящее  время  питьевая  вода  подвергается  воздействию  различных  вредных 

веществ:  пестицидами,  химикатами  и  отходами  нефтяной  промышленности,  которые 

являются ее основными загрязнителями. Также к загрязнителям можно отнести следующие 

ядовитые химикаты: это тяжелые металлы (мышьяк, свинец, медь, марганец, олово, цинк, 

хром),  радиоактивные  элементы,  химические    соединения,  используемые  в  сельском 

хозяйстве.  Среди  металлов  наибольшей  токсичностью  обладают  мышьяк,  свинец  и  их 

соединения.  

Целью нашего работы было определение качества питьевой воды города Алматы и 

Алматинской  области.  Для  этого  были  определены  концентрации  тяжелых  металлов  в 

питьевой воде в лабораторных условиях. Были определены концентрации ионов тяжелых 

металлов    в  питьевой  воде  методом  плазменной  атомно-эмисионной  спектрометрии  с 

индуктивно  связанной  плазмой  на ICP-MS и  сравнены  с  предельно  допустимыми 

значениями.   По полученным результатам была проведена экологическая оценка.  



Ключевые слова:  вода питьевая, качество питьевой воды, показатели качества воды,  

нормы  качества,  ПДК,  тяжелые  металлы,  метод  атомно – эмиссионной  спектрометрии  с 

индуктивно связанной плазмой. 

Ongarbaeva Zh.A., Khamitova K.K. 



 ECOLOGICAL ESTIMATION OF DRINKING WATER QUALITY  

IN ALMATY AND ALMATY REGION 

         Annotation 

         Nowadays, drinking water is exposed to different harmful substances: pesticides, chemicals 

and waste products of oil industry, which are its main pollutants. Also to the pollutants include 

toxic chemicals: heavy metals (arsenic, lead, copper, manganese, tin, zinc, chromium), radioactive 

elements, chemical compounds which use in agriculture. Among metals, the most toxic are arsenic, 

lead and their compounds. 

       The aim of our study was to determine the quality of drinking water of the Almaty and 

Almaty region. To do this, were determined the concentrations of heavy metals in drinking water 

in the laboratory. Were determined concentration of heavy metal ions in drinking water by 

inductively coupled plasma atomic emission spectroscopy (ICP-MS) and compared with the 

maximum permissible values. According to the obtained results was carried out environmental 

assessment. 

  Keywords:  drinking water quality, water quality parameters, maximum permissible 

concentrations, of heavy metals by atomic - emission spectrometry with inductively coupled 



plasma. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет