Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі



бет5/9
Дата05.05.2023
өлшемі1,11 Mb.
#90116
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Алгоритмді әзірлеу

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.




(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқу құралдарын бақылау.
Психологиялық жағымды ауал орнату.
«Бір-бірімізді тыңдаймыз десек,
1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет. Белсенділік танытамыз десек,
3 рет шапалақтаймыз!»
Ең алдымен, білім алушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз айтады. Бұл білім алушылардың сабақты жақсы көңіл күймен бастауына ықпал етеді.

Топтастыру Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап алып, бірдей жемістер арқылы топтасады.
Алма жемісін таңдағандар «Алгоритм» тобына, ал алмұрт жемісін таңдағандар «Программа» тобына бірігеді.










5 мин.




Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python­да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып, есептердің программасын қалай құрастыруға болады?

  • Алгоритмнің қандай түрлерін білесіңдер?

Есептерді программалауда тиімді алгортим құру қаншалықты маңызды?

Бағалау_Мұғалім_оқушыларды_«Мадақтау»_әдісі'>Бағалау
Мұғалім оқушыларды «Мадақтау» әдісі
арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын!




Сабақтың ортасы


26 мин.




Практикалық жұмыс
Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын
1-тапсырманы орындайды.

(Т) Талдау
1-тапсырма
«Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдаңдар. Программaға 1) a=4; b=5; c=10 және 2) a=5; b=5; c=9 жағдайлары енгізілгенде қандай нәтижелер алынады? Алынған нәтижелерді талдап, түсініктеме беріңдер.

Дескриптор:
- «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдайды.
- Программаға берілген мәндерді енгізіп, нәтижесін шығарады.
- Шыққан нәтижелерді талдап, түсініктеме береді.



Бағалау Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі
арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын!



7-сынып оқулығы.
Компьютер




(Ж) Жинақтау
2-тапсырма
«Дүкенге бару» жобасының блок-схемасын құрып, ұсыныңдар. Құрастырған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жатады? Түсініктеме беріңдер.

Дескриптор:
- Жобаның блок-схемасын құрып, ұсынады.
- Құрастырылған блок-схема, алгортим құрылымының қай түріне жататынына түсініктеме береді.



Бағалау:
Топтар бір-бірін «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы
Компьютер






(Д) 3-тапсырма
Үш таңбалы N саны берілген. Осы санның цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығар. Тапсырманың блок-схемасын құр.

мысалы

нәтиже

120

2

786

8



Дескриптор:
- Үштаңбалы N санының цифларының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығарады.
- Тапсырманың блок-схемасын құрады.


Бағалау Оқушы өзін-өзі «Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша!
Керемет! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы
Компьютер


Сабақтың соңы

7 мин.
Рефлексия


Сабақты бекіту
(Ұ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Бағалау
Есептің алгоритмін құрастырудан программалау процесіне өту кезінде алгоритмді графикалық тәсілде дайындап алудың маңызын бағалаңдар.


Сыныптастарыңмен «Есептің бірден программасын жазудан бастау керек пе жоқ алдын алгоритімін графикалық түрде дайындау дұрыс па?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңдар.

Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы «Мадақтау» әдісі
арқылы жүргізіледі. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын!





Үй тапсырмасы
Сызықтық алгоритмге арналған есеп құрастыр. Құрастырған есебіңді әрі қарай тармақталу алгоритміне арналған есепке ауыстыр. Құрастырған есептеріңнің блок-схемасын құрастырып, программалық кодын жаз.



Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:

5-бөлім. «Практикалық программалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.4. Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: Python­да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды біледі.
Оқушылардың көбі үшін: сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар екенін түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін: есептердің блок-схемасын және программасын құрады.

Бағалау критерийлері

  • Python­да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды біледі.

  • Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар екенін түсінеді.

  • Есептердің блок-схемасын және программасын құрады.

Тілдік мақсаттар



Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python­да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар?

Құндылықтарға баулу

“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Алдыңғы білім

Алгоритмді программалау.







Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.




(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Қара жорға» би-жаттығуы.

Топтастыру «Мозаика» әдісі арқылы қағаз қиындыларына жасырылған сөздерді құрастыру арқылы 2 топқа бірігеді.
І топ. ІІ топ.






5 мин.





(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

  • Python-да есептердің алгоритмдік блок-схемаларын құру мен программа кодына жазуды қалай орындауға болады?

  • Сызықтық және тармақталу алгоритмдерінің құрылымында қандай айырмашылық бар?

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс – Жақсы! Сары түс - Талпын!






Практикалық жұмыстар
1-тапсырма
Дөңгелектер ауданы
Радиусі R1 және радиусы R2 дөңгелектердің аудандарының қосындысын табыңдар. Дөңгелектердің ауданын есептеу формуласы: S1 = R12, S2 = R22


Мысалы

Нәтиже

3 5

106.76



Дескриптор:
- Дөңгелектер ауданын есептеу формуласын дұрыс пайдаланады.
- Радиустары берілген дөңгелектердің аудандарының қосындысын табады.

Бағалау Топтар бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың!Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!







2-тапсырма
Цифрларды көбейту
Бестаңбалы сан берілген. Осы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табыңдар.


Мысалы

Нәтиже

49795

63




Дескриптор:
Берілген бестаңбалы санның мыңдығы мен жүздігінің көбейтіндісін табады.


Бағалау
Жұптар бір-бірін «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы!
Сары түс – Талпын!







3-тапсырма
Сабақтағы үзіліс
Мектепте сабақ 9.00 де басталады. Сабақтың ұзақтығы 40 минут. 1, 3 және т.с.c. сабақтардан кейін 5 минут. 2, 4 және т.с.с. сабақтардан кейін 10 минут үзіліс беріледі. Берілген сабақтың нөміріне (1 мен 8 арасындағы сан) қарап, сол сабақтың аяқталу уақытын, сағат және минуттарда шығарыңдар.

Мысалы

Нәтиже

3

11:15




Дескриптор:

Бағалау Оқушылар өзін-өзі «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды. Қызыл түс - Жарайсың! Көк түс - Жақсы! Сары түс - Талпын!



Сабақтың соңы

7 мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет