Программа «Серпін» в действии 2 стр


Западно-Казахстанского государственного университета



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата24.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#10161
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

Западно-Казахстанского государственного университета.

В  июне  2014  года  Фондом  Первого  Президента  –  Лидера  нации  Республики  Казахстан  был  объявлен  конкурс  на 

соискание гранта для участия в международных конференциях и семинарах, по итогам которого директор департамента 

науки и коммерциализации ЗКГУ им. М.Утемисова Эдуард Жусупович Имашев стал обладателем гранта на участие в 

международной научной конференции «Позиционирование России и ее регионов в современном мире: общественно-

географический  анализ  и  прогноз»  и  в  работе  школы-семинара  молодых  географов-обществоведов  «Будущее 

общественной географии: направления развития», которые прошли в рамках V научной Ассамблеи Ассоциации российских 

географов-обществоведов 29-30 августа в г. Санкт-Петербург (РФ). Мероприятия были организованы совместно с Санкт-

Петербургским государственным университетом. 

В  Ассамблее  приняли  участие  ведущие 

ученые  географы-обществоведы  из  России, 

Беларуси,  Аргентины,  Турции,  Германии, 

Украины, Сербии, Узбекистана, Казахстана.  

Н а  к ру гл о м  с т о л е  «П р и о р и т ет н ы е 

общественно-географические  факторы, 

тренды  и  проблемы  позиционирования 

Рос сии  и  ее  регионов  в  с овременном 

мире»  Э.Ж.Имашев  выступил  с  докладом 

«Э к о н о м и к о - г е о г р а ф и ч е с к и е   о с н о в ы 

формирования  и  развития  регионального 

агропромышленного кластера на территории 

Западно-Казахстанской области».

По  словам  Э.Ж.Имашева,  на  Ассамблее 

были рассмотрены проблемы и перспективы 

развития общественной географии.

-У ч е н ы е   р а с с м а т р и в а л и   в о п р о с ы 

общественной  географии  как  прикладной 

науки, т.е. в настоящее время осуществляется 

большая  ориентация  научных  исследований 

на  решение  практических 

задач общества. В том числе 

таких,  как  эффек тивная 

т е р р и т о р и а л ь н а я 

организация  дотационных 

регионов  и  повышение  их 

конкурентоспособности  в 

национальной  и  мировой 

экономике и т.д.



Член Союза композиторов РК, лауреат многих музыкальных конкурсов, обладатель титула «Туған қала мақтанышы», преподаватель 

кафедры «Вокал и инструментальное искусство» Максим Михайлович Попов удостоился чести стать дипломантом V Международного 

конкурса музыкантов-исполнителей и композиторов «Романтизм. Истоки и горизонты», посвященного 140-летию со дня рождения Елены 

Фабиевны Гнесиной. Конкурс состоялся с 16 по 24 июня в Москве в здании Российской Академии музыки им. Гнесиных.

Здоровье нации – забота государства

Шелковый путь композитора Попова

-Для каждого творческого человека любая поддержка является ис-

точником сил и вдохновения. В лице ректора нашего университета Асхата 

Салимовича  Имангалиева  я  нашел  большую  поддержку,  и  не  только 

материальную, он буквально благословил меня на конкурс. Результат 

превзошел все самые радужные ожидания. И я рад, что оправдал доверие.

Максим  Михайлович  Попов  очень  сдержанно,  но  с  заметным 

волнением поделился своей радостью, которая стала успехом не только 

для кафедры, в которой он плодотворно работает уже много лет, но и зна-

ковым для университета в целом. Помимо участия собственно в конкурсе, 

Максим Михайлович посетил мастер-класс с получением сертификата 

ФПК, а также провел переговоры с профессурой академии по обмену и 

культурным связям между нашими учебными заведениями, в котором 

достиг положительных результатов. «Культурный обмен необходим для 

учебных заведений творческого направления, - уверен М.Попов. - Это 

привносит новые черты в процесс обучения и преподавания. Музыкальное 

искусство, композиторское искусство не стоит на месте. Данная поездка 

позволила  познакомиться  с  открытиями  по  технике  композиторского 

письма, построения, фактуры, в технологии образовательного процесса, 

что в свою очередь будет внедрено в нашей работе».

На  конкурсе  в  номинации  композиторское  и  композиторско-

исполнительское  творчество  Максим  Михайлович  Попов  представил 

симфоническую сюиту «Жибек жолы» в 4-х частях, в которой рассказал 

слушателям о быте, строе, культуре казахских родов, доисторическом 

укладе.  «Жибек  жолы»  -  это  картины  из  казахской  жизни  на  фоне 

исторических событий. 

-Солидное  жюри  под  председательством  профессора  Московской 

консерватории С.В.Чудровой, в которое вошла элита русской и мировой 

музыкальной профессуры, удивить было сложно. Но тем не менее «Жибек 

жолы» было для жюри любопытно. Стать дипломантом, видя высочайший 

уровень тех, кто остался позади, - для меня лично это была победа, - 

признается Максим Михайлович. – К слову, среди множества конкурсантов 

из разных стран я оказался единственным представителем из Казахстана.

По  убеждению  композитора,  поездки,  конкурсы  являются  неотъ-

емлемой  частью  для  профессиональной  деятельности  музыканта, 

позволяющей,  с  одной  стороны,  знакомиться  с  новыми  тенденциями 

в  мире  культуры,  с  другой  -  адекватно  оценивать  свою  творческую 

деятельность.  Поддержание  высокого  уровня  –  основной  принцип 

существования учебного учреждения.

С   ц е л ь ю   п р е т в о р е н и я   в   ж и з н ь 

государственной программы по оздоровлению 

нации, обозначенной в Послании Президента 

«Казахстан-2050»,  в  ЗКГУ  им.  Махамбета 

Утемисова в новом учебном году был создан 

Центр  развития  физической  культуры  и 

здорового  образа  жизни.  Возглавил  Центр 

Владимир  Юрьевич  Салов,  доктор  педаго-

гических  наук,  профессор.  Спортсмен,  фут-

болист,  играл  в  команде  «Кайрат».   В  одном 

из  матчей  с  киевским  «Динамо»  получил 

серьезную травму, что стало причиной ухода 

из  большого  спорта.  Играл  в  футбольной 

команде «Уралец» в родном городе Уральске. 

Преподавал, занимал руководящие должности 

республиканского уровня. 

Ю.С.С а л о в  с т а в и т  в ы с о к и е  ц е л и , 

обосновывая  своевременность  создания 

центра:


-Ни для кого не секрет, что современная мо-

лодежь, студенты нашего университета общих 

кафедр в частности, мало занимается спортом, 

не обладают знаниями в области физической 

культуры.  В  настоящее  время    регулярно 

физической  культурой  и  спортом  в  стране 

занимаются15-17%  учащейся  молодежи, 

тогда  как  в  экономически  развитых 

странах  этот  показатель  равен  60-

70%.  Выход  из  данного  положения 

один – в организации дополнительных 

занятий  физической  культурой  и 

спортом.  В  нашей  области  есть  все 

факторы для открытия центра в ЗКГУ 

им.  М.Утемисова.  руководствуясь 

поручением  Президента  Республики 

Казахстан  Н.А.Назарбаева  и  положи-

тельное  отношение  к  проблеме  раз-

вития  массового  спорта  руководства 

города  и  области,  мы  полагаемся  на 

природно-климатический  фактор, 

сложившиеся спортивные традиции и 

успех на мировом уровне, евразийский 

менталитет,  а  также  учебно-методи-

ческий  и  научно-исследовательский 

потенциал.

Уже  запланированы  презентации 

для  студентов  1-2  курсов,  лекции 

для  массового  слушателя,  дающие 

элементарные  знания  о  физической 

культуре  и  физическом  воспитании, 

двигательных  навыках  и  многом 

другом.


№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл

4

Конституция Республики Казахстан – 



залог единства и процветания 

А.С. ҚЫДЫРШАЕВ, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, п.ғ.д., филология факультетінің деканы

Қазақ елінің Конституциясы – 

елдік құндылықтардың сақталуының кепілі

САБЫРҒАЛИЕВА Н.Б.,

Құқықтық  пәндер кафедрасының оқытушысы 

Конституция – 

еліміздің негізгі Заңы

Қазақстан  Конституциясы  –  бұл  заң  қарпінде 

өрнектелген  жалпы  ұлттық  идея.  Ол  біздің  ата-

бабаларымыздың көптеген ұрпақтарының азаттық және 

өз  тағдырын  өзі  шешу  мүмкіндігі  туралы,  билік  барша 

халықтың мүддесіне қызмет ететін мем лекет туралы, 

бүкіл әлемге белгілі әрі құр мет телетін тәуелсіз ел ту-

ралы арман дарының осы заманғы құқықтық түсінік те рін 

бейнеледі.

(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ҚР Президенті)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

            Конституцияның  ең  бірінші  ерекшелігі  –  мемлекет 

басқару жүйесін толық бір жүйе ретінде қарастыруы болып 

табылады.  Конституция  біздің  барша  жарқын  істеріміздің 

қайнар бастауына айналды. Құндылықтарымыздың негізін 

айнытпай  орындаудың  нәти же сінде  аз  ғана  уақыттың 

ішінде  тұғыры берік, туы биік  мем лекеттігімізді орнатып, 

тәуелсіздігімізді  паш  еттік.  Конституция    біздің  еліміздің 

бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды. Елбасымыз 

айтып  өткендей,  Ата  заң  –  мемлекеттік  биліктің  қай нар 

көзі  –  халықтың  өзі  екенін  ай қын дады,  жаңа  Конституция 

қабылдау  арқылы  Қазақстан  жаңа  дәуірге  қадам  басты. 

Конституцияны  қабылдау  кезінде  жүргізілген  референдум 

егеменді  еліміздің  дербестігі  мен  саяси  тұрақтылығын 

сипаттаған бірден бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа 

айналды.  Конституциямызда  айтылғандай,  еліміздің  ең 

басты  қазынасы  адам,  оның  құқығы  мен  бостандықтары 

болып  табылады.  Халықтың  бірлігі  –  бұл  ең  алдымен 

мем лекеттік  институттардың  мызғымастығы.  Бұл  мақ-

сатқа Конституцияның арқасында қол  жеткізілді. Елімізде  

халықтың барынша ба сым қолдауы жағдайында күшті прези-

дент тік би лік орнықты. Мемлекеттің қа лыптасуы, әлеуметтік, 

экономикалық  және  саяси  жаң ғырту  жағдайында  жоғары 

биліктің әлсіз болуға құқығы жоқ. Барлық мәселелер біртұтас 

мемлекеттік  билік  тармақтарының  өзара  ықпалдастығы 

туралы қатаң конститу циялық қағидаттар негізінде шешілді. 

Конституция  қоғамның  демократия лық  әлеуеті  өсуінің 

сенімді негізі болды. Бұл – көп ұлтты халыққа, оның тілдері, 

діндері мен мәдени қажеттіліктері туралы қам қорлық. Негізгі 

Заң Қазақстанның сыртқы сая сатының басты қағидаттарын 

– теңдес тіру шілікті, салиқалылықты, достастық қатынасты, 

көпвектор лықты орнықтырды.  

Қазіргі  таңда  осы  жетістіктер  арқасында  Қазақстан 

әлемдік  қауымдастықта  танымал  және  беделді  елдер 

қатарында. Оған дәлел ретінде Еуропадағы Қауiпсiздiк пен 

Ынтымақтастық Ұйымына төрағалығын келтірген жөн.   Біздің 

Конституциямыз – бұл біздің Ата заңымыз және таңдауымыз, 

оны  әрдайым  құрметтеу  керек.  Конституциямен  өмір  сүру 

–  бұл  дегеніміз  демократияның  ең  жоғары  мектебі,  оның 

сабақтары мен тәжірибесін біздер игеруіміз керек. Қазақстан 

Республикасында  қолданылатын  құқық  Конституцияның, 

соған  сәйкес  заңдардың,  өзге  де  нормативтiк  құқықтық 

актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа 

да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық 

Кеңесiнiң  және  Жоғарғы  Соты  нормативтiк  қаулыларының 

нормалары  болып  табылады.  Конституцияның  ең  жоғары 

заңды  күшi  бар  және  Республиканың  бүкiл  аумағында  ол 

тiкелей қолданылады.

        Кон ституция азаматтардың – мем лекеттік деңгейде 

әлеуметтік  құқықтарына  кепілдік  беріп,  оны  қорғайды. 

Соның нәтижесінде аза маттардың құқықтары сақ та лып қана 

қоймай материалдық тұр ғыдан да қамтамасыз етілуде. Ата 

Заңымызда айқын белгіленген тағы бір мәселе жұмыссыздық, 

мүгедектік, қарттық және жал ғыз ілікті жағдайында азаматтың 

ден сау лығын,  сондай-ақ  оның  отба сы  ның  игілігін  қолдау 

үшін әлеу мет тік саясатты да жүргізу қара лады. Бұл орай-

да  Конституциялық  Кең естің  рөлі  ерекше.  Өйткені,  ол 

конституцияның  жоғары  тұр ған ды ғын  қамтамасыз  ететін 

мем ле кет тік орган болып табылады. Мем л екет адамдардың 

заман ағы мы на лайықты бақуатты өмір сү руіне қажеттіліктің 

бәрін жасауға міндетті десек  біздің мемлекетіміз үшін адамға 

деген қамқорлықтан, оны материалдық тұрғыдан қор ғап, әл-

ауқатын арттырудан басқа артық ешнәрсе жоқ. Мұны адам 

өмірін және құқықтарын конс ти туциялық тұрғыдан мойындау 

деп түсінген дұрыс. 

Құқықтық  мемлекет  болған  соң,  әлемдік  тәжірибеден 

өмірлік мәні зор, ең бастысы халықтың игілігіне жарайтын 

дүниелерді алып, қолданысқа енгізуді алға ба су қадамдары 

деп түсінген жөн. Бұл ретте тұтқынға алу және қамауға алуға 

санкцияны  тек  сот  беретіндігін,  сондай-ақ,  өлім  жазасын 

қолдану ауқымына шектеу қойылғанын қуана құптаған дұ рыс. 

Тағы бір ашық айтып қана қоймай ел болашағы үшін жасал ған 

игілікті қадамдардың бірі деп бағалауға тұратын қадам қоғам-

дық бірлестіктерді мемлекеттің қар жыландыруына салынған 

тый ымның алынуы болып саналады. Қорыта айтқанда, Ата 

Заңы мызды ардақтау арқылы құқық тық мәдениетімізді да-

мыта  тү се міз.  Заңнамаға  сәйкес,  әділ  билік  жүргізетін  сот 

жүйесі болған соң заңдарды бірінші кезекте өзіміз іс жүзіне 

асыруымыз керек.

  Сон дық тан  Елбасының  «Қазақ  қазақ пен  қазақша 

сөйлессін»  деген  да на лығын  берік  ұстанамыз.  Соның 

нәтижесінде алға басу қадамдары айқын байқалуда. 

«Ел тірегі –

 Ата заң»  - под таким названием 28 августа в ЗКГУ 

им. Махамбета Утемисова прошел круглый стол, посвященный 

Дню Конституции Республики Казахстан.

Заседание  круглого  стола  открыл  ректор  ЗКГУ  им. 

М.Утемисова  академик  Асхат  Салимович  Имангалиев.  В 

мероприятии  приняли  участие  ветераны  университета, 

преподаватели, представители СМИ.

Выступившие  на  заседание  подчеркивали  ведущую 

роль  Конституции  в  строительсве  независимости,  создании 

процветающего,  здорового  общества.  Свои  доклады  пред-

ставили  А.С.  Қыдыршаев,  д.п.н.,  профессор  («Қазақстан 

Республикасының Конституциясы - тұғырлы заңнама үлгісі»), 

А.Е.Бижанова, к.и.н, доцент («Понятие и эволюция казахстанской 

конституции»),  Н.Б.Сабыргалиева,  магистр  исторических 

наук  («Конституция  –  еліміздің  негізгі  Заңы»),  магистрант 

Ж.М.Арыстангалиева («Конституция мемлекет тұғыры»).

Выразили  свои  пожелания  к.ф.н.  Сериккали  Шарабасов, 

д.п.н. В.Ю.Салов.

-Конституция – это не только права и обязанности. Мы долж-

ны быть здоровы, поскольку здоровье – основа национальной 

безопасности. Физическая культура – это готовность граждан 

к труду и обороне., - сказал в частности В.Ю.Салов.



Конституция – елдегі қоғамдық күштердің 

шын мәніндегі арақатынасы.

 

 

 

 

Фердинанд Лассаль

Қазақстан Республикасының Конституциясы – айбынды ел 

азаматтығының айғағы, Тәуелсіздігінің тірегі, ел бірлігінің қайнар 

бастауы, еліміздің әрбір азаматының мақтанышы және қорғаны.

Қазақстан Конституциясы - еліміздің ұлттық саяси-құқықтық 

жүйесінің  түпқазығы,  мемлекеттілігі  мен  егемендігінің,  елдегі 

заңдылық  пен  құқық  тәртібінің  заңдық  негізі,  барша  заңнама 

мен құқық қолдану тәжірибесі, бұған қоса еліміздің мемлекеттік-

құқықтық  қайта  жаңғыруы  мен  даму  үрдісі  арқа  сүйер  мықты 

іргетасы.  Ата  Заңымыз  –  біртұтас  мемлекеттің,  берекелі 

қоғамның, бірлігі жарасқан елдің негізі. Демек, Конституция – 

қоғам мен мемлекеттің басты құжаты, бірегей тұғырлы заңнама 

үлгісі.

Халық  сөзі  қашан  да  жүйелі.  Ал  жүйелі  сөз  –  киелі. 



Конституция Қазақ елінде тұңғыш рет 1924 жылы, одан кейін 

1937, 1978, 1993, 1995 жылдары қабылданғаны мәлім. Қазіргі 

қолданылып  жүрген  Конституция  -  1995  жылы  30  тамызда 

бүкілхалықтық  референдум  негізінде  қабылданған  елдік 

тұжырым. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 

қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ 

бұл алғашқы Конституция ескі әкімшілік-әміршілдік ережелеріне, 

көбінесе  кеңестік  саясат  қағидаларына  негізделгендіктен, 

жаңа  қоғам  өмірінің  талаптарына  жауап  бере  алмады.  Онда 

адам  құқықтары  мен  бостандықтары,  оларды  жүзеге  асыру 

қағидалары, мемлекеттік басқару билігін жүзеге асыру нысан-

дары,  басқару  саласындағы  демократиялық  институттардың 

қызметі  жете  көрсетілмеген-ді.  Ал  жаңа  Конституцияның 

ерекшелігі  -  заң  шығарушы,  атқарушы  сот  билігін  белгілеп, 

олардың  құзыретін,  өзара  іс-қимыл  бірлігін  заң  тұрғысынан 

айқындап бергендігі.

Ата Заңымыз Қазақстанның тәуелсіздігін түбегейлі айқындап, 

мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы 

мен  бекуінің  нық  негізін  салды.  Жаңа  Конституция  өз  күшіне 

енгеннен кейін кеңестік сипаттағы жалған демократия мен жалаң 

биліктің белең алуына жол берілмей, әлемдік өркениетке тән 

рухани құндылықтар мен саяси-әлеуметтік және экономикалық 

өзгерістерге жол ашылды. Сонымен қатар, еркіндік пен теңдік 

сезімдері  терең,  тарихи,  мәдени,  рухани  дәстүрі  бай  ежелгі 

қазақ халқының өзіндік ұлттық даму ерекшеліктері де ескерілді.

Адам – ардақты ат.  Дүниежүзіндегі ең жас Конституциямыздың 

«Адам  және  азамат»  деп  аталатын  бөлімі  елдің  ең  асыл 

қазынасы  –  адам  және  оның  құқықтары  мен  бостандығын 

қорғауға арналған. Атап айтқанда, негізгі заңның осы бөлімінің 

баптары адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәтінен 

бастап, оған тиесілі екенін және оған ешкімнің қол сұғуына жол 

берілмейтінін бекітеді. Тарқата таразыласақ, ұлты, тегі, түсі, тілі, 

діні, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы бойынша ешкімнің 

де қуғындалмауы; сөз және шығармашылық бостандығы; еңбек 

ету, қызмет түрі мен мамандық таңдау бостандығы; білім алу, 

отбасы құндылықтарын қорғау, жеке меншігін қорғау құқықтары; 

жиындарға  және  шерулерге  қатысу,    қоғамдық  бірлестіктер 

мен  ұйымдарға  мүше  болу,  мемлекеттік  басқаруға  қатысу, 

мемлекеттік  басқару  органдарын  сайлау,  сайлану  және  тағы 

басқа құқықтары халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес 

қорғалады. Яғни, біздің негізгі заңымыз мыңжылдық тарихы мен 

дәстүрі бар өркениетті мемлекеттердің заңдарымен лайықты 

иық тірестіреді.

Алғашқы  қабылданғаннан  бергі  19  жыл  ішінде  қоғам  мен 

биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде Конституциялық прин-

цип және оның нормасы еліміздің тәуелсіздігін, экономикалық 

реформасын нығайтудың басты құралына айналды. Елімізде 

заңдылық  пен  конституциялық  тәртіптің  салтанат  құруы 

негізгі  бағыт  саналады.  Заңдылықты  бұлжытпай  орындау 

немесе  сақтай  білу  жауапкершілігі  –  Қазақстанның  тұрақты 

дамуына жағдай жасай отырып, мемлекетіміздің өзекті бағыт-

бағдарларындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына жол 

ашып берді. Мәселен, Конституцияның 3-бабында мемлекеттік 

биліктің  бірден-бір  бастауы  –  халық,  халық  билікті  тікелей 

республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге 

асыратындығы, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік 

органдарға  беретіндігі,    Қазақстан  Республикасында  билікті 

ешкім  де  иемденіп  кете  алмайтындығы,  билікті  иемденіп 

кетушілік заң бойынша қудаланатындығы, халық пен мемлекет 

атынан  билік  жүргізуге  республика  Президентінің,  сондай-

ақ  Парламенттің  де  құқығы  бар  екендігі,  республика  Үкіметі 

өзіне  берілген  өкілеттіктер  шегінде  ғана    мемлекет  атынан 

билік  жүргізетіндігі  баса  көрсетілген.  Бұл  орайда    Елбасы 

Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан 

-2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты» атты Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту 

тұжырымдамасын бекітуін және осы бастаманың нәтижесінде 

мәслихат  арқылы  ауыл  әкімдерінің  сайлауының  сәтті  өтуін 

елімізде  Ата  Заң  талабының  мүлтіксіз  орындалуының  және 

Қазақстанның  демократиялық  үрдіске  адалдығының  нақты 

дәлелі ретінде атар едік. Ал ауыл әкімдерінің балама сайлауы 

саяси жүйедегі реформалардың жүзеге асуына жәрдемдеседі, 

оның мақсаты - халықты мемлекет басқаруына, қазақстандық 

қоғамның жетілдірілуіне қатысуға кеңірек тарту.

Бүгінгі Ата Заңында елімізді мекен еткен барлық этностарды 

азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде топтастыруға, 

қазақстандық жарасымдылықты, патриотизмді қалыптастыруға 

негізделген  қазақстандық  бағыт  оларды  ортақ  мүддеге 

ұйыстырып,  бұл  ұстаным  бүкіл  әлем  мойындаған  және  үлгі 

санайтын үрдіске айналды. 

Әділет,  құқық  қорғау  органдары  азаматтың  Ата  Заңмен 

берілген  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғай  отырып, 

олардың  заман  талабына  сай  еңбек  етіп,  білім  алуына  және 

барлық конституциялық құқықтарын толыққанды пайдалануына 

өздеріне жүктелген құзірет шеңберінде жағдай туғызуда.

Демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 

мемлекетке  айналуды  өзіне  басты  міндет  етіп  алған 

еліміздің  бүгінде  қол  жеткізген  көл-көсір  табыстары  да  -  осы 

Конституцияның  және  пайымды  парасат,  рухани  рух  биігінде 

мұқалмас күш-жігермен ел үшін тер төгіп жүрген әр азаматтың 

жанқиярлық    еңбегінің  арқасы.  Бейбіт  өмір,  тұрақтылық, 

ынтымақ сынды ұлы құндылықтарға негізделген Ата Заңымыз 

ел бірлігін қамтамасыз етіп, елге ырыс әкеліп, жақсы тұрмысқа 

кенелтуде. Бүгінгі еліміз қол жеткізген күллі биік асуларымыз 

бен  жеңістеріміз  де  -  осы  Конституцияның  жемісі.  Демек,  19 

жылдығы аталып отырған Ата Заңымызды саяси, экономикалық, 

әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз берген 

тарихи  құжат  ретінде  құрметтеу  әрқайсымыздың  міндетіміз. 

Басты  себеп  -  еліміздегі  жүзеге  асып  жатқан  күллі  саяси, 

экономикалық құқықтық шаралардың осы Ата Заңымыз негізінен 

туындайтыны.  Басты  дәлел  -  барлық  қоғамдық  қатынастар 

тиісінше  заңдармен  реттелетіндігі.  Конституция  қағидалары 

толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, 

халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейде әлеуметтік, саяси-

құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.

Еліміздің  көпұлтты  тұрғындарының  өзара  түсіністігін, 

беріктігін,  болашаққа  нық  сенімін  қамтамасыз  ете  отыра 

Ата  Заңымыз  мемлекеттің  экономикалық  қуаттылығын  іске 

асырумен қатар оның халықаралық сахнадағы лайықты орын 

алуының  да  қозғаушы  күші  болып  отырғандығын  бүгінгі  күнгі 

Қазақстанның  әлемдік  бірлестіктегі  лайықты  орны  дәлелдей 

түседі.


Ата заңымыз Республика азаматтарының міндетті орта және 

жоғары білім алуларына кепілдік береді. Мәселен, біз әлемдік 

деңгейдегі  зияткерлік  мектептер  мен  кәсіптік-техникалық 

колледждер  желісін  дамытудамыз.  Соңғы  13  жылда    жоғары 

білім  алуға  берілетін  гранттар  саны  ұлғаюда.  Елімізде  1993 

жылы «Болашақ» бірегей бағдарламасын қабылдадық, соның 

арқасында  8  мыңнан  аса  дарынды  жас  әлемнің  таңдаулы 

білім  ордаларында  тәлім  ала  білді.  Сондай-ақ,  Астанада 

халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін заманауи 

ғылыми-зерттеу  университетінің  құрылғаны  бүгінде  кеудеге 

қуаныш  ұялатады.  Демек,  мемлекет  тарапынан  атқарылған 

осындай нақты істердің нәтижесінде Қазақстандағы білім беру 

мен ғылым ісі әлемдік талап дәрежесіне жетіп отырғандығын нық 

сеніммен айтуға болады. Осының өзі де - мемлекетіміздің Ата 

Заңы талаптарының бұлжытпай орындалып отырғандығының 

айғағы.


Жинақтай  айтсақ,  Конституцияда  көрсетілген  саяси, 

әлеуметтік-экономикалық  және  құқықтық  міндеттерді  жүзеге 

асыруға  бағытталған  мақсаттар  тәуелсіздіктің  арқасында 

еңсесін тіктеген Қазақ елінде қай салада болсын жемісті жүзеге 

асырылуда.  Бүгінгі  таңда  саясаты  салмақты,  экономикасы 

еңселі, әлеуметтік жағдайы әлді, халқы тату, қорғанысы бекем, 

болашағы  жарқын  еліміз  Ата  Заңның  аясында  өркениетті 

елдермен терезесі тең мемлекеттің озығына айналу жолында. 

Конституция  қабылданғаннан  бергі  кезең  ішінде  Қазақстан 

құлашын кеңге сермеп, өзінің қуаты мол, нарықтық экономикасы 

бар демократиялық мемлекет екенін әлемге танытуда. Демек, 

тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы мемлекетіміздің одан әрі 

өркендей беруіне  қызмет етуде деп мол сеніммен айта аламыз.

Сөзіміздің  соңын  ақын  тілімен  айтсақ,  «Төлқұжатым,  бек 

мұратым – Ата Заң, Бізге жеткен мұрадай боп атадан; Ата Заңым 

– бас кітабым, бұлағым, Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым. Ата 

Заңым  –  шариғатым,  шарттарым,  Бағдар  шамым,  бойға  қуат 

ұраным. Арқа сүйер Ата Заңым тұрғанда, Қазақстан өзіңменен 

Ұлымын, Қазақстан биік сенің тұғырың!» дер едік.


№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл

5

«Өмірімді өкінбей-ақ арнадым, қазағымның қасиетті тілі үшін!..»




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет