Программа «Серпін» в действии 2 стр



жүктеу 6.39 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата24.03.2017
өлшемі6.39 Mb.
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8

Менің тілім...

Менің тілім – қалған мұра сақтардан, 

Сан ғасырдың сарайында сақталған.

Менің тілім – құдыретті ғұн тілі,

Сарматтардың санасында жатталған.

Менің тілім- көне тілі түркінің, 

Талай тілдің бүтіндеген жыртығын

Менің тілім – ата тілі Қыпшақтың

Ана тілі Алтын Орда жұртының 

Менің тілім – Күлтегінді сөйлеткен,

Ер Еділге екі жұртты билеткен

Тұмар қызды таңдайынан жаратып,

Тұранға да, Иранға да сыйлы еткен.

Менің тілім – Мысырда да маңызды,

Бейбарыстың тілінен бал тамызды.

Шамда жүрген шайқылардан сұрасаң,

Айтар саған талай сырлы аңызды.

Менің тілім – алты алашқа дем берген,

Әбу Насыр, Махмуд, Жүсіп меңгерген.

Еуропада «Кодекс» деп қадірлеп

Неміс, испан, ағылшынмен тең көрген.

Менің тілім – Қап тауында құрметті,

Құмық, ноғай, қарашайлар – міндетті!

Өзбек, қырғыз, татар, башқұрт – бәріде,

Баба тілдің болашағын нұрлы етті.

Менің тілім – Түркістанның  тұғыры,

Мәңгі өшпейтін тұлпарлардардың дүбірі.

Мен барымда, сен барымда, бауырым.

Ана тілдің ұзақ болсын ғұмыры!

Отарәлі БҮРКІТОВ

Ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым Отарәлі Бүркітов тірі  болса  60  жасқа  толар  еді,  бірақ  тағдыр  соған  

жеткізбепті. «Ғалымның  аты  өлсе  де,  хаты  өлмейді»  дегендей, биыл  ғалымның дүниеден озғанына 10 

жыл толады  екен. Сол  себепті  мұғалімдер  мерекесі  қарсаңында  қадірлі  ұстаз жайлы  замандастары  мен  

шәкірттерінің  біраз естеліктерін   ұсынамыз.  

Кезінде  туған  тіліміздің  қадір  –  қасиетін  айрықша  ардақ  тұтып,  мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын 

кеңейту арқылы мәртебесін арттыра түсуге айтарлықтай үлес қосқан білікті маман, «Қазақстан Республикасы 

ғылымының  құрметті    қызметкері»  филология  ғылымдарының  докторы,  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің профессоры - Отарәлі Бүркітұлының бақилық болғанына 10 жыл толыпты. Бірақ «Жақсының 

аты өлмейді,   ғалымның хаты өлмейді»  дегендей,   ел – жұртына қадірі өтіп қалған айтулы ғалымның жан – 

жағына түсірген нұр шуағы өшпек емес. Осыған орай «Өркен» газетіне студенттерге арнап өнегелі өмірдің бет   

пернесіндей болсын деген  ниетпен, өзімен замандас болған әріптестері мен ізбасар іні – қарындастарының 

естелік-әңгімелері беріліп отыр.   Отан ағаның өнегелі өмір жолы мен тіршілікте жасаған жарқын істері онымен 

аралас – құралас болған адамдардың жадында тағы бір жаңғыра түсері сөзсіз.     

АЙРЫҚША АВТОГРАФ



(эссе)

А дамның  өз  қолымен  қағазға  түсірген  авторлық 

дүниесін  автограф  деп  жүрміз.  Мұндай  қолтаңба  әрқилы 

жағдайда, әртүрлі себеппен жазылады. Соның ең белгілісі 

–  шығармашылық  иелерінің  өз  кітаптарын  сыйлағанда 

қалдыратын  жазбалары.  Автографтың  қадірін  Әзілхан 

Нұршайықтан артық білген қаламгерді табу қиын. Әйгілі жа-

зушы бүкіл өмірінде алған автографтарының бәрін сақтаған. 

Сондай-ақ, өзінің оқырмандарға берген қолтаңбаларының 

да көшірмесін алып қалып отырған.  

Әзағаңның әдемі әдеті жұрттың бәріне бірдей жұғысты 

бола бермейтіні анық. Дегенмен қалам ұстаған адамға ара-

тұра автограф алып немесе беріп тұруға тура келеді. Сол 

автографтың    қадірін  адам  алынған  сәтінде  емес,  уақыт 

өте  келе  сезінетін  секілді.  Менің  де  жеке  кітапханамда 

авторлардың өздері қолтаңбасын жазып сыйлаған кітаптар 

баршылық екен.

Оралды  мекен  етсе  де,  елдің  зиялы  қауымына  есімі 

жақсы  таныс  Отарәлі  Бүркіт  ағамыз  «Қайталамалардың 

лингвистикалық  жүйесі»  деген  кітабына  маржандай  жа-

зуымен  мынадай  қолтаңба  жазып  беріпті:  «Асуларын 

өмірдің, Ойнап жүріп алатын. Пернесіне көңілдің, Жырдан 

моншақ тағатын. Аңқылдаған мінезбен, ағаларға жағатын. 

Арасында құрдастың, Жұлдыз болып жанатын. Айналайын, 

Бауыржан! Мен жігітті танысам, Алда сенің сағатың. Барлық 

жақсылықты тілеуші Отан ағаң. 5.06.2001. Алматы қаласы». 

Сол  кезде  бұған  онша  мән  бере  қоймадым-ау  деймін. 

Кейін ол кісі өмірден өткеннен кейін кітапты қайта қолға ал-

дым. Біз ешкімнен жылы сөзін аямаған ағамыздың ақ тілегінің 

өлшеміне татимыз ба, жоқ па, оған қалыбымыз үйлесе ме, 

үйлеспей ме, ол, басқа әңгіме. Мәселе Отан ағаның ниетінің 

жақсылығында  болып  тұр.  Ол  бүкіл  өмірінде  ел-жұрттың 

бәріне тілеулес болған секілді көрінеді маған. Әрине, жердің 

шалғайлығына байланысты біз жиі араласа алмадық. Бірақ 

орайы  келгенде  жүздесіп  тұрушы  едік.  Біресе  Алматыда, 

біресе Оралда кездесіп, әңгімелесетінбіз. Батыс Қазақстанға 

жол  түскенде  шаңырағында  болдық,  Ұлдай  жеңешеміздің 

қолынан дәм таттық. 

Отан  ағаның  ақ  жүрегін,  жарқын  мінезін  танытып 

тұрған автографқа қайта үңілгенде осындай ойға берілдік. 

Француздың атақты жазушысы Александр Дюма өзімен аттас  

әйгілі драматург ұлы – Александр Дюманың спектаклін көріп 

отырып  «Мен – мына автордың авторымын!, – деген екен. 

Сол  айтқандай,  шығармашылық  адамының  ең  таңдаулы 

шығармасы  –  оның  перзенті.  Өзінің    көзі    жоқ    болса    да  

артындағы  ғылыми  өндірісін  жаңартып, қайтадан  жинақтап   

бастырып,  көзінің  тірісіндегідей  қылып,  60  жасқа    толу  

құрметі  мен 10 жылдық  бақилық  ғұмырына  арналып  жа-

салатын республикалық  ғылыми-практикалық конференция 

мен  4  томдық  ғылыми  жинағы  т.б. шаралар  үшін  алыста  

болсақ та  тілектес екенімізді білдіргіміз  келді.  Ендеше, Отан 

ағаның  ұрпақтарына  ұзақ  ғұмыр  тілейік!  Олар  ағамыздың 

қолтаңбасын биік белестерге шығарсын!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ,

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Өмірі өнеге тұлға - Сатыбалды Даумов

«Өлі  риза  болмай,  тірі  байымайды»  деген  сөз  бар 

халқымызда. Елі үшін елеулі еңбек сіңіріп, қазақтың  қамын 

ойлаған арда азаматтарды  құрметтеу, жиірек еске алып 

тұру - ұрпаққа  парыз болмақ. Осы орайда қазақ тілі мен 

әдебиеті  мамандығының  02302-топ  студенттері  белгілі 

ақын,  Қазақстан  Республикасының  мәдениет  қайраткері 

Сатыбалды Даумовты еске алуға арналған «Ақ Жайықтың 

ақын торысы»  атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.  Бұл 

шара  Қ.Жұмалиев  атындағы  әдеби  бірлестіктің  аясында 

өткенін айта кеткеніміз жөн. 

Әдеби  кешті    филология  факультеті  деканының 

орынбасары,  доцент  А.А.Раманова    өзінің  алғы  сөзімен 

ашты.  Жерлес  ақын  ағамыз дың  еңбек  жолы  мен 

шығармашылығы  жайлы  02302-топ  студенті  Сапарова 

Зухра қысқаша деректер келдіріп, баяндама жасады. Ақын 

шығармаларын  дәріптеу  мақсатында    топ  студенттері 

А.Даулова,  Г.Бахитжанова,  В.Нұрманғалиева  С.Даумов 

өлең дерін  нақышына  келтіре  оқыса,  ақынның  көзі 

тірісінде жүрек жарды ойларын түсіріп отырған қолжазба 

күнделігінен топ студенті Д.Алекенов  үзінді келтірді. 

Осы  шара  барысында    Қ.Жұмалиев  атындағы  әдеби 

бірлестіктің төрайымы  С.Бекетаева игі шараның ұйытқысы 

болған  02302-топ  студенттеріне  және  топ  кураторы 

Н.К.Ахатоваға  үлкен  алғысын  білдіріп,  жерлес  ақын-

жазушыларды  ұлықтау  мақсатында  әлі  де  жалғасын 

табатындығын  жеткізді.  Аталмыш  кешіміздің  бастан-аяқ 

әсерлі,  әдемі  өтуіне  бірден-бір  септігін  тизіген    кештің 

жүргізшісі  топ  студенті  Р.Ихсанғалиеваны  атап    өту 

керек. С.Даумовты еске алуға арналған кеш топ студенті 

Д.Алекеновтың әнімен қорытындыланды. 

Көзі тірі болғанда келер жылдың қаңтарында 80 жасқа 

толатын ақын, қайраткер Сатыбалды Даумов жайлы  біраз 

деректер, мағлұматтар біліп, ақынның шығармашылығымен 

таныстық.  Осындай  игі  істер  өзгелерге  де  үлгі  болсын 

дейміз. 

                                              

      Алтынгүл САНСЫЗБАЙ,

                                                филология факультетінің  

02302-топ студенті

Біздің  қатарымыздағы  жігіттердің  ішінен  Ақтөбеде 

тұратын  Серік  досымыз  (Бермағамбетов  –ол  да    Сіздің  

жасыңызға    жетпей    артыңыздан    кетті!)  Жайықты  жиі 

жағалайтын еді. Ол осында келген сайын Отан ағамыздың 

шаңырағына түсіп, осы үйді Жәңгірдің сарайында жатқандай 

еркін  жайлайтын.  Батыстың  барша  жұртын  құшағына 

сыйғызған алпамсадай екі азамат та қазір арамызда жоқ. 



№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл

6

Ядролық қарудан азат әлем үшін



Осыдан  алпыс  бес  жыл  бұрын  Кеңес  Одағы  Қазақстанның  солтүстік-шығыс  өңірінде  өткізген  456  ядролық 

сынақтың алғашқысын жүзеге асырды. 40 жылға жуық уақытта болған орны толмас күйзелістер туралы ол кезде 

ешкім ойламаған еді.

Жергілікті қарапайым халық, арақ кез келген науқасқа шипа болады дегенге сеніп, саңырауқұлақ іспетті ядролық 

бұлттың өсіп-ұлғаюын қызыға тамашалаған болатын.  Бұл өлімнің азуына бас сұққанмен тең еді. Бүгіндері Семей 

ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан елді-мекендердің халқы арасынан 60 жасқа жеткен адамдар бірең-

сараң. Радиациялық сәулелердің кесірінен гендік мутацияларға ұшыраған, физикалық ауытқулары бар нәрестелер 

дүниеге келуде. БҰҰ деректеріне сәйкес Қазақстанда 1,5 миллионға жуық халық ядролық сынақтардың зардабын 

шегіп  отыр.  Сәулеленудің  кесірінен:  дүниеден  ерте  озу,  шипасыз  ауруға  ұшырау,  туа  біткен  түрлі  физикалық 

ауытқулар секілді жазылмас дауалар кездеседі. Мұндай ауыр мұра Қазақстанды тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен 

кейін  әлемдегі  4-ші  ядролық  арсеналдан  бір  жақты  бас  тартуға  итермеледі  және  сол  уақыттан  бері  Қазақстан 

ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу қозғалысының көшбасшысы болып отыр.

Истоком современной евразийской интеграции стал проект формирования Евразийского союза государств 

(ЕАС), представленный президентом Казахстана Н.Назарбаевым в марте 1994 г. в МГУ им. М.В.Ломоносова. Для 

достижения стабильности и безопасности в евразийском регионе он предложил создать реально работающий 

союз государств, основой объединения которых должны были стать экономические взаимосвязи.

Евразийский экономический союз 

как дальнейшая ступень интеграции

Евразийский проект был выдвинут в эпоху дезинтеграции 

и  системного  финансово-экономического  кризиса  стран 

постсоветского пространства. «Этап взаимного отторжения 

стран  был  неизбежен,  –  говорил  Н.  Назарбаев,  –  но  этот 

виток потрясений через какое-то время даст новое качество 

стабильности – размежевавшиеся страны и народы поймут 

издержки изоляционизма и вернутся на путь интеграции». 

Суть предложений, выдвинутых Н.Назарбаевым, сводилась 

к следующему:



во-первых, строить интеграцию, прежде всего, на ос-

нове экономического прагматизма. Первооснова будущего 

Евразийского  Союза  —  Единое  экономическое  простран-

ство как масштабный ареал совместного развития народов 

СНГ; 

во-вторых,  добровольность  интеграции.  Каждое 

государство  и  общество  должны  самостоятельно  прийти 

к  пониманию  ее  необходимости; 

в-третьих,  Евразийский 

Союз - как объединение государств на основе принципов 

равенства,  невмешательства  во  внутренние  дела  друг 

друга,  уважения  суверенитета  и  неприкосновенности 

государственных  границ; 

в-четвертых,  создание  над-

национальных  органов  Евразийского  Союза,  которые  бы 

действовали  на  основе  консенсуса,  с  учетом  интересов 

каждой  страны-участницы,  обладали  четкими  и  реаль-

ными  полномочиями.  Но  это  не  предполагает  передачу 

политического суверенитета; 



в-пятых, (добавлено в 2011 г.) 

ответственность каждой страны-участницы за устойчивость 

внутреннего развития, результативность национальной эко-

номической, кредитно-финансовой и социальной политики.

Таким образом, Евразийский Союз Казахстан изначально 

видел  как  объединение  государств  на  основе  принципов 

равенства,  невмешательства  во  внутренние  дела  друг 

друга,  уважения  суверенитета  и  неприкосновенности 

государственных границ, основой которого было равенство 

партнеров по интеграции.

Казахстан  всегда  считал,  что  объективно  Казахстан  и 

Россия — это локомотивы евразийской интеграции.

В  октябре–ноябре  2011  г.  лидеры  России,  Казахстана 

и  Беларуси  выступили  в  газете  «Известия»  с  программ-

ными  статьями  о  создании  в  перспективе  Евразийского 

экономического  союза  (ЕЭС).  Его  материальной  и  гео-

политической  основой  служат  неразрывные  экономи-

ческие  и  социо-культурные  связи,  составляющие  ядро 

интеграции евразийского пространства, а нематериальной 

–  межнациональные,  межэтнические  и  межрелигиозные 

отношения  на  основе  принципов  цивилизационной 

реконструкции, т.е. развития этнокультурных отношений с 

учетом сбережения мощнейшего культурного потенциала 

народов Евразии.

18  ноября  2011  г.  главами  трех  государств  была  при-

нята  Декларация  о  евразийской  экономической  интегра-

ции,  в  которой  отмечается,  что  основным  содержанием 

дальнейшей  интеграции  будет  полная  реализация  по-

тенциала  Таможенного  союза  и  Единого  экономического 

пространства, совершенствование и дальнейшее развитие 

договорно-правовой  базы,  существующих  институтов  и 

практического взаимодействия.

Создание  Евразийского  экономического  союза  даст 

евразийским  странам  шанс  осуществить  структурную 

перестройку экономики и совершить рывок в развитии. Этот 

союз, как и другие евразийские региональные организации, 

будет открыт для всех стран СНГ и других сопредельных 

государств с их огромным человеческим, экономическим и 

культурным потенциалом.

В итоге, главы России, Казахстана и Белоруссии 29 мая 

2014  года  подписали  договор  о  создании  Евразийского 

экономического  союза  (ЕАЭС),  выводящий  процессы 

постсоветской интеграции на качественно новый уровень. 

Высокий потенциал объединения ясен даже из сухих цифр. 

ЕАЭС — это мировое лидерство по территории — 20,2 тыс. 

кв.  км;  восьмое  место  по  численности  населения  —  172 

млн человек; шестая экономика мира с совокупным ВВП, 

достигающим почти 3 трлн долларов. Еще один триллион 

ожидается  к  2030  году  вследствие  интеграционного 

эффекта. На страны ЕАЭС приходится пятая часть мировых 

запасов газа и почти 15% залежей нефти.

 «Географическое положение позволяет нам создавать 

транспортные,  логистические  маршруты  не  только 

регионального,  но  и  глобального  значения,  позволяет 

завязывать на себя масштабные торговые потоки Европы и 

Азии», — отметил по итогам подписания договора 



Владимир 

Путин. Прогресс ЕАЭС обеспечат развитая промышленная 

база, мощный кадровый, интеллектуальный и культурный 

потенциал государств-участников.

Союзные  государства  обязуются  гарантировать 

свободное перемещение товаров, услуг, капиталов и рабочей 

силы внутри ЕАЭС, а также осуществлять согласованную 

политику в таких отраслях, как промышленность, транспорт, 

энергетика  и  сельское  хозяйство.  Торговая  политика 

останется прежней — в ее основе лежит договорно-правовая 

база  ТС  и  ЕЭП,  соответствующая  правилам  ВТО.  Не 

изменятся и нормативы распределения доходов от пошлин 

на товары, ввозимые в ЕАЭС: 7,33% от их суммарного объема 

получит Казахстан, 4,7% — Белоруссия, 87,97% — Россия.

В полной мере ЕАЭС начнет функционировать не раньше 

2025  года.  К  этому  времени  на  его  территории  должны 

быть созданы единые рынки газа и нефти. Штаб-квартира 

Евразийской комиссии будет находиться в Москве, суд — в 

Минске, а финансовый регулятор — в Алматы.

Обсуждение  финального  текста  договора  шло  очень 

непросто.  Так,  по  настоянию  Казахстана  из  него  были 

исключены вопросы неэкономического характера — внешняя 

политика, межпарламентское сотрудничество, паспортно-

визовая сфера, общая охрана границ, общее гражданство. 

Для Белоруссии болезненной темой стал нефтяной рынок. 

Страна ежегодно перечисляет в российский бюджет около 4 

млрд долларов пошлин от экспорта ГСМ, вырабатываемых 

из российской беспошлинной нефти. 

В  жарких  дебатах  удалось  обойтись  без  исключения 

из  договора  нескольких  важнейших  секторов  экономики. 

Список  изъятий  покинули  все  гражданские  рынки,  в  том 

числе  фармацевтики  и  медицинского  оборудования.  В 

этом перечне остались лишь алкоголь, табак и оборонно-

промышленная сфера. В союзную концепцию также вписаны 

рынки нефти, газа и электроэнергии.



Анна ТУРЧЕНКО, 

к.э.н., доцент кафедры учет и финансы

Өткенді  өзгерту  мүмкін  емес,  алайда  келешекті  өзгерту 

мүмкіндігі бар. Қазақстанның ғаламдық бастамасы, АТОМ жо-

басы  арқылы  Қазақстан  ядролық  қарудан  азат  әлемнің  жаңа 

болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып отыр.

Атап айтсақ, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-

қимыл күні – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

бастамасы.  Бұл  бастама  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  тарапынан 

бірауыздан  қолдау  тауып,  бүгіндері  29  тамыз  Халықаралық 

ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні ретінде осымен бесінші 

рет аталынып келеді..

АТО М  ж о б а с ы  а я с ы н д а  о н  ж е т і н ш і  қ ы р к ү й е к т е 

жаратылыстану-география  факультетінде  «Ядролық  қарудан 

азат әлем үшін»  атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек  үстелде    Қазақстандағы  ядролық  сынақтардың 

тарихы  мен  ядролық  қарусыздануына  қатысты  және  АТОМ 

жобасының Құрметті елшісі Карипбек Куюковтың суреттері мен 

өмір  жолын  баяндайтын  деректі  фильм  көрсетілді.  Карипбек 

ата-анасы радиацияға ұшырауының кеселінен ол шолақ болып 

туды. Дегенмен, ол маңдайына жазған барлық қиындықтарды 

жеңе білді. Антиядролық қозғалыстың белсендісіне айналды. 

Өз  туындыларын  қаламсап  пен  шашақтарды  аузына  тістеп, 

немесе бақайларының арасына қысып отырып салады. Оның 

салған суреттерінде ядролық сынақтардың құрбандары, өзінің 

ауыр тағдырының көріністері бейнеленген. 

  «Невада-Семей» қозғалысының 25 жылдығына орай Семей 

полигонынан зардап шеккен халықтың ауыр қасіреті  мен жалпы 

адамзаттың сорына айналған аурулар жөнінде де баяндамалар 

тыңдалды.

      Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  аясында  қабылданған  Ядролық 

қаруды  сынауға  тыйым  салу  туралы  келісім  (ЯҚТСК)  көп 

елдердің  қолдауына  ие  болған.  Алайда,  барлығында  емес. 

Бүгінгі таңда, бұл келісімшартқа қол қоймаған немесе келісімді 

бекітпеген,  осы  күнге  дейін  ядролық  қаруды  сынауға  тыйым 

салу  туралы  келісімінің  күшіне  енуіне  байланысты  тиісті 

әрекеттер жасамаған , ядролық қару мен технологияларға ие 

біраз  мемлекеттер  бар.  Ядролық  сынаққа  ғаламдық  тыйым 

салуының  жоқтығы  –  қоршаған  ортаны  түзелмейтін  залалға 

ұшыратып, бүкіл адамзатқа қауіп-қатердің тууының мүмкіндігін 

ашық  қалдыруда.  Ядролық  сынақтардың  тоқтамау  мүмкіндігі 

адамзат қолымен ойлап табылған ең негізгі қиратушы ретінде 

ядролық құжаттарға халықаралық лаңкестердің қол жеткізуінің 

мүмкіндігі деп түсінуге болады. Өзінің жойқын қирату қайратына 

байланысты ядролық қаруды қолдану орны толмас жаһандық 

апаттарға алып келетінін білеміз. Олардың ішінде ұзақ мерзімді 

төтенше  жағдайлар  –  гуманитарлық,  денсаулық  сақтау 

саласының, климаттың, қоғамдық тәртіптің, адамзаттың даму 

әлеуетінің және экономикалық байланыстардың өзгеруі сияқты 

зардаптарға  әкеліп  соғады.  Әлеуметтік  жетістіктер  мен  даму 

мұратымызға тек бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталғанында 

ғана  қол  жеткізе  аламыз.  Ол  үшін  бірлесе  отырып  аталған 

апаттардың жолын кесуіміз қажет. Себебі бұл қарудың салдары 

әр мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне бөлек әсер етіп қоймай, 

бәрімізге ортақ болмақ.

Бү к і л  дү ни е  ж үз і  б о йынша  10 0  мың ғ а  ж у ық  к і с і 

TheATOMProject.org  онлайн  петициясына  қол  қойып,  осы 

әрекетімен  әлемнің  елбасшыларына  ядролық  қарудан  азат 

әлемді қалайтындықтарын білдірді. 

«Біз де барлық елдерді ядролық сынақтардан, жаңа ядролық 

қару  технологияларын  пайдаланудан  және  де,  ЯҚТК  қайшы 

келетін кез келген әрекеттерден бас тартуға үндейміз!»,-деген 

бастамамен Ядролық қарудан азат әлем құруды мақсат тұта 

отырып,аталған  сілтеме  арқылы  жаратылыстану-география 

факультетінің профессор-оқытушылық құрамы мен студенттері 

онлайн петицияға қол қойды. 

Бәріміз  бірге  ядролық  сынақтарды  тоқтатуды  талап  етіп, 

әлемдегі бейбітшіліктің орнауына бір қадам жақындай түсейік!

Асемгуль САРСЕНОВА, 

01406 топ студенті, 

Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы  шәкіртақы иегері

                               


№ 6 (901) қыркүйек 2014 жыл

7

Төлеген еліне барыс-келіс



Адам  іс-әрекеті  уақытқа  бағынады.  Биыл 

кафедра  жұмысы  басқа  арнаға  бұрылды. 

Фольклорлық-диалектологиялық  практиканы 

Төлеген  елінде  өткізетін  болдық.  Басы  әдемі 

еді,  арнайы  сағатын  орындайтын  оқытушы 

баласы  ауырды,  екінші  маман  мемлекеттік 

емтихан Төрағасы болып шықты, әйтеуір түрлі 

сылтаулармен бармай қалды.          

Бұл  ұлы  адамға  не  айтарсыз?  1  июль 

күні  (1975  жыл)  мені  «кафедра  оқытушысы» 

деп  меңгерушіcі  профессор  Қалимолла 

М ы р з а ғ а л и е в  ж а р и я  е т к е н д е  д о ц е н т 

Ғ.Ә.Әбуханов: «легкая кавалерияға жарыдық» 

деп еді жарықтық. Әлгі Зейнолла Жақсылықұлы 

(қазіргі  меңгеруші):  «Ағай,  сізден  басқа  адам 

жоқ,  барып  қайтыңыз»,  -  деді.  Айтты  болды, 

бұйрықты  орындауға  шықтық.  Мәссаған, 

әлгі  мамандарымыз  студенттерді  ештеңеге 

дайындамаған. Өзге жатақханаға кіретін дәрігер 

рұқсаты жоқ, жол сапар ақшасын алуға KZ нөмірі 

жоқ, студенттер жәйбарақат жүр. Енді теміржол 

вокзалына  жүгірейік.  Жазда  билет  қайдан 

болсын?  Біраз  «әке-көкелеп»  жүріп  жалпы 

вагонға шақ билет алдық. Жалпы вагон – ұры-

қарылар,  тәртіпсіз,  бейәдеп  адамдар  тұрағы. 

Төрт қыз, бір ұл тағдыры – айтуға оңай! 

614-пойыздың 13-вагоны. Әуелі Жанар (ата-

сы, әкесі), сосын Базарханым, Нәзік, созылып 

Еркебұлан, көшіп Гаухар келді. Қозғалдық, ура! 

Бұрын келіп, Жанар атасы екеуміз вагон орта-

сынан әдемі орын алып едік, «біздің орын» деп 

біраз адам келді. Біз  Бауыржан (Момышұлы) 

қорғанысын қолданып, тұрағымызды бермедік. 

Түнгі асымызды аузымызға ала бергенде, жана-

ма орыннан бір көргенсіз «артеллерияны» іске 

қосты. Базарханым «өліп қалды», Жанар құпия 

жымиды, Нәзік іші-сыртын бермеді, Гаухар түк 

білмеген болып, қазақы қалып көрсетті...

Сағат 08:45. Сарғайтқан Ақтөбе! А.С.Пушкин 

педагогика  институтының  үздік  студенті, 

қазір  ғалым-ұстаз  Өтеген  Жақыпов  әдемі 

меймандостықпен  қарсылады.  Біздерді 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік 

универс итетінің  №1  с т удент тер  үйіне 

орналастырды. Ең алдымен бұл жатақхананың 

табалдырығын  аттарда  маңдайшасындағы 

«Студенттер үйі» деген жазуды бәріміз ыстық 

ықыласпен қабылдадық.

Филология  факультеті  деканы  Сабыржан 

Мұхтаров қарсы алып, төменгілерді баяндады. 

Факультет  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  бес 

мамандық білімін береді және филологиядан 

магистратурасы  бар.  Ұстаздар  қауымының 

14,1% ғылым докторы, 51,6% ғылым кандидаты, 

34,3%  аға  оқытушылар  мен  магистранттар. 

Факультетте  9  ғылым  докторы  және  оқу 

министрлігінің  4  үздік  оқытушысы  жұмыс 

істейді.  Оқу  орнында  559  студент  бар.  Оның 

196-сы  мемлекеттік  грантқа  ие,  қалғаны 

ақылы  топтағылар.  Факультетте  4  кафедра, 

32  магистрант  бар.  Құрылғанына  25  жыл 

толмаса да, факультет өте жемісті еңбек етіп 

келеді. Бұдан кейін кездесуде Қазақ әдебиеті 

кафедра меңгерушісі Абат Пангереев, Қазақ тілі 

кафедра меңгерушісі Нұрбол Садуақас ұжым 

мүшелерімен  кездестіріп,  практика  маңызын 

түсіндірді.

Түстен кейін бізді университетте аға оқытушы 

Гүлнар Обаева қабылдап, фольклоршы-доктор 

Асанов Жұманазар Асанұлымен жолықтырды. 

Жұманазар  Асанұлы    бізге  фольклорлық-

диалектологиялық практиканың мән-мағынасын 

ашты. Соның ішінде Ақтөбе, Орал өңірлерінде 

көп  кездесетін  «Батырлар  жыры»  және 

қазақ  ру-тайпаларының  шығу  тарихының 

өзі  фольклорлық  шежіреге  жататынын  атап 

көрсетті.  Асанов  Жұманазар  өз  дәрісінің 

соңында  практика  жұмыс  жоспары  бойынша 

студентерге тапсырма берді.

Гүлнар  Обаева  мен  Нұрбол  Әбділдәұлы 

бастаған  ғалым-оқытушылар  университет 

құрылымымен  таныстырып,  студенттер 

қ а л а у ы   б о й ы н ш а   қ а л а н ы   а р а л а у ғ а , 

тарихи  ғимараттармен  таныстыруға  көмек 

көрсететіндігін білдірді.

17  маусым.  Бейсенбі.  Басшымыз  Нәзіктің 

есіктерді тарс-тарс қаққан тарсылы бізді терең 

ұйқыдан оятып жіберді. Кеше Базарханым дәмді 

тамағына  тойғызса,  ал  бүгін  Нәзік    ерекше 

көңіл-күймен  таңғы  асын  әзірлеп,  бізден 

бұрын ерте тұрған Серікқали ағайға, содан соң 

қалғандарымызға таңғы шай берді. 

Ақтөбенің  ауа-райы  арамыздағы  жалғыз 

ер  жігітіміз  Еркебұлан  мырзамызға  қатты 

жаққан  секілді.  Сілесі  құрып  ұйықтап  қалған 

Еркебұланды  таңғы  ұйқысынан  әзер  дегенде 

түске таман оятып алғанымыз бар. 

Түскі сағат 12-ден кете Қ.Жұбанов атындағы 

университеттің  оқытушысы  әрі  Серікқали 

ағайдың  талантты  шәкірті    Өтеген  Жақыпов 

бізді    Ақтөбе  қаласынан  30  шақырым  жерде 

орналасқан  батыр  атамыз  Есет  Көкіұлы 

мазарына алып барды. Есет ата басына құран 

бағыштап,  тілеуімізді  тілеп,  естелік  ретінде 

суретке де түсіп алып, кері қалаға қарай жол 

тарттық.  Жолшыбай  Елек  өзеніне  тоқталып, 

сұлу табиғат көркін тамашалап қайттық. Келе 

жатып  Серікқали  ағайдың  қызықты  әңгіме, 

әзілдерін  тыңдап  бір  күліп  те  алдық.  Қалаға 

көрінді. Бізді қарсылаған кісі қыздардың үстіне 

шапан  жамылып  кіруін  сұрады.  Дұға  қылып, 

мешіттің  сыртқы  әдемі  қалпымен  суретке 

түсіп алған соң, Ақтөбе өңірінің қарияларымен 

кездесіп,  басынан  өткен,  білетін  оқиғаларын 

сұрастырдық. Мусин Қадыржан Мұсаұлы атамыз 

Орал  қаласы  жөнінде  айта  келіп,  курстасы 

Жанғали  Набиуллин  ағамыздың  ақындығына 

тоқталды. Ол кісінің қазіргі жағдайы – инфарк 

болып,  екі  аяғында  жаны  жоқ,  сөйлей  алмай 

жылап  көріскендігі  туралы  айтқаны  ерекше 

әсер қалдырды.

Түскі  ас  ішіп  болған  соң,  біршама  жұмыс 

жасадық. Қолымыз босаған соң қыздар Ақтөбе 

қаласын аралауға кеттік. Иә, біршама жерден 

адасып барып, Президент саябағынан  бір-ақ 

шықтық... Кеш батты, біз жатаханаға үлгеруіміз 

керек,  содан  автобусқа  мініп  жатақханаға  да 

жеттік.


Маусым  айының  20  жұлдызы,  сағат  9:00. 

Тық-тық  етіп  сыдырлай  безектеген  сары 

сағатым  мені  к үндегі    әдетінше  таңғы 

ұйқымнан  оятты.  Әдеттегідей  күн  тәртібі 

бойынша  таңғы  асымызды  ішіп,  Қ.Жұбанов 

университетіне бет алып барамыз. Бүгінгі күн 

әдеттегідей қарбаласпен басталды. Қ.Жұбанов 

университетінде  практиканың  соңғы  күндері 

қылып,  сұхбаттасуға  шақырып  қойыпты.  Біз 

жұмысымызды  тез  арада  бітіруге  тырысып, 

Ниетжан ағайымызды көруге асығып келеміз. 

Жатақханаға  келіп,  ағайымызды  қарсы  алып, 

ашық  жарқын  әңгімелесе  бастадық.  Сөзі 

салмақты, өзі де, ісі де бүгінгі студенттерге үлгі 

боларлық дәрісі қызықты өтті. Көкейінен көркем 

сөйлемдер ағылып тұрған Ниетжан ұстаздың 

бекзат  болмысын  ә  дегеннен-ақ  ұнаттық. 

Ниетжан ағайдың жатақханаға ат басын бұруы 

студенттер үшін үлкен мәртебе болатын.

Практиканың  соңына  да  таяп  қалдық. 

Ертеңіне  жол  жүретін  болған  соң  жинаған 

м ате р и а л д а р ы м ы з д ы  қ а ғ аз ғ а  т үс і р і п, 

қорытындыла дық.  Кешкісін  жетекшіміз 

Серікқали Ғабдешұлымен бірге қаланы аралап, 

Ақтөбе қаласының түнгі көрінісін тамашаладық. 

Біз  бұл  жолжазбамызға  Ақтөбе  сапарының 

есебін де енгізіп отырмыз.

Қазақстан  Республикасының  Білім  және 

Ғылым  министрлігінің  ұлттық  академиялық 

ұтқырлық  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

мақсатында,  сондай-ақ  жоғары  оқу  орындар 

арасындағы  келісімшарт  негізінде  2013-2014 

оқу жылының 16 маусымынан бастап төмендегі 

бес студент – Ғазез Нәзік (грант), Сайлаубаева 

Гаухар (ақылы), Кажимова Базарханым (ақылы), 

Абдрахманова  Жанар  (ақылы),  Смадияров 

Еркебұлан  (ақылы)  Ақтөбе  қаласына  оқу-

тәжірибе  сараманына  жіберілді.  Тәжірибе 

жетекшісі  болып  филология  ғылымдарының 

кандидаты Шарабасов С.Ғ бекітілді.

А к а д е м и я л ы қ  ұ т қ ы р л ы қ ,  ЖО О -л а р 

арасындағы және ЖОО мен студент арасындағы 

келісімдер  филология  факультетінде  біраз 

тәжірибе  жинақтаған.  Доцент  С.Шарабасов 

бастаған студенттер 16 маусым күні Қ.Жұбанов 

атын дағы  А қ төбе  өң ірлік  мемлекет тік 

университетіндегі  филология  факультеті 

деканы  (проф.  С.Мұ х таров),  қазақ  тілі 

кафедрасы  (меңгерушісі  Н.Садуақас),  қазақ 

әдебиеті кафедрасы (меңгерушісі А.Пангереев) 

мүшелері және кафедралардағы оқу-тәжірибе 

құжаттарымен таныстырылды. Екі кафедрадан 

екі  аға  оқытушы  –  Гүлнар  Обаева,  Нұрлыхан 

Аитова Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 

фольклорлық-диалектологиялық  сараман 

жетекшілері болып тағайындалды.

Арнайы жоспар бойынша 17 маусым – Есет 

батыр Көкіұлы, 18 маусым - күні екі топ болып 

қарияларды  тыңдау,  19  маусым  -  ақын  Ертай 

Ашықбаевпен кездесу,  20 маусым - жұлдызында 

педагогика  саласының  ардагерлері  Ниетжан 

Беріков, Сембай Қаңтарбаевтармен дөңгелек 

үстел ұйымдастырылды. Тарихи орындар – Нұр 

ғасыр мешіті, Батыр қыз - Әлия мұражайы, өңірлік 

әдеби-ғылыми зерттеу институты (меңгерушісі 

проф. А.Мусаев) т.б. ғылыми нысандарға барыс-

келіс жасалынды. Аптаның әр тәулігінің екінші 

жартысында студенттер екі кафедра фольклор-

диалектология  папкаларымен  жұмыстанды. 

Әрбіреуі  өзіндік  оқу-тәжірибе  папкаларын 

толтырды, оған жұмыстар жинақталды.

С т уд е н т т е р д і ң  ж е к е  о қ у -т ә ж і р и б е 

кітапшаларын  (Ақтөбе)  тексеру,  қорыту,һәм 

бекіту  жұмыстары  жүргізілді.  Филология 

факультеті  (деканы,  проф.  С.Мұхтаров)  оқу-

тәжірибе  сараманы  бойынша  әр  студентке 

сертификат табыстады, әрі студентке, сондай-

ақ топ жетекшісіне университет ректоры алғыс 

хаты сыйланды.

С.ШАРАБАСОВ, 

топ жетекшісі, доцент, 

Н.ҒАЗЕЗ,

оқу-тәжірибе сараманының старостасы

жеткеннен  соң  Өтеген  ағай  барлығымызды 

қонақ қылып, студенттер үйіне шығарып салды.

18 маусым. Жұма. Бұл күні түске дейін аға 

оқытушы  Обаева  Гүлнар  Садуақасқызымен 

университетте  «Абайтану»  кабинетінде 

фольк лорлық  прак тика  ж ұмыстарымен 

айналыстық.

Түстен  кейін  жетекшіміз  Серікқ а ли 

Ғабдешұлының  келісімімен  ҚР  Мәдениет 

қайраткері,  Жазушылар  және  Журналистер 

Одағының мүшесі, бірнеше әдеби сыйлықтардың 

иегері,  ақын,  аудармашы,  журналист  Ертай 

Ашықбаевпен кездесу өткізіп, әңгімелестік.

Орал – ғалам! О, шіркін! Орал – ғалам! 

Көне  музей  секілді  тоналмаған,  -  деп 

жырлаған Ертай аға кездесу соңында «Шырақ 

пен шуақ» атты жыр жинағын ізгі тілекпен тарту 

етті.

     Бүгін маусым айының 19-шы жұлдызы, 



бейсенбі. Бүгін күндегідей ағай бізді өзінің жылы 

дауысымен  ұйқымыздан  тұрғызды.  Сағатқа 

қарасам 7:30 екен, ағайымыз күндегісінен жарты 

сағатқа ерте оятыпты. Оған себеп – түнгі сағат 

03:30-ға  дейін  ұйықтамай  футболды  күтуі. 

Содан сағат таңғы 06:30-ға дейін қарапты. Ол 

кісі бір сағатта ұйқысын қандырса, біз түнімен 

ұйықтап,  сағат  8:00-де  ұйқымыздан  әрең 

дегенде ояндық. Таңғы асымызды ішіп болған 

соң, университет мұғалімдерімен бірге Орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіне бардық. Бұл мешіт ішінің 

кеңдігімен, әдемілігімен, тазалығымен ерекше 

болғасын ба, әйтеуір бәріне үлгеруге тырысып-

ақ  жатырмыз.  Бір  кезде  телефон  шыр  ете 

қалды. Бұл кім дейсіздер ғой? Бұл біздің сүйікті 

жетекшіміз  Серікқали  ағай  оқу  ісінің  үздігі, 

ұстаздардың  ұстазы  Ниетжан  ағайды  қонақ 

Студенттік шақ күнделігінің алғашқы күндері

Студенттік  өмірдің  ең  бір  қызық  өткелі, 

ол-жатақханада.  Мен  де  басқа  студенттер 

сияқты ат терлетіп Ақтөбе облысынан келіп, 

жатақхананың 6 қабатына орналастым. Менің 

студенттік өмірімнің қызық сәттері жатақханаға 

орналасқан    күннен  басталды.  Себебі, 

мен  келген  күні  барлық  студенттер  ертеңгі 

мерекелік  шараға  қызу  дайындық  үстінде. 

Мен  де  ө з  қ абатымның 

старостасымен  танысып,  өз 

бойымдағы өнерді көрсеттім.  

«Серпін-2050»  бағдарламасы 

бойынша  оқуға  тускен  және 

ж а ң а  ж а т а қ х а н а ғ а  к ү н і 

кеше  келген  студенттердің 

ұйымдастыруымен  үлкен 

концерт  ұйымдастырды. 

Бір  к үн  дайын да лс а  да 

б а қ а н д а й   14   н ө м е р д і ң 

ішінде  би,  ән,  поэзия  тіпті 

театрландырылған  көрініс 

те қойылып үлгерді. Концерт 

өте  жоғары  деңгейде  өтті. 

Кеш  соңында  М.Өтемісов 

атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік университетінің  

тәрбие  ісі  жөніндегі  жетекшісі  Жақсығалиева 

Альфия Сырымқожақызы  барлық студенттерді 

құттықтап,  осында  білім  алып  жатқан  әр 

студенттің  өмірінде  дұрыс  таңдау  жасағанын 

айтып, барлығымызға сәттілік тілеген болатын.

Арасына  бір  күн  салып,  29-тамыз  күніне 

орай,  БҚМУ  спорт  сарайында    волейболдан 

жатақхана  студенттері  арасында  жарыс 

өткізілді.  6  команда  арасындағы  ойын 

қызу  да,  тартысты  болды.  Осы  6  команда 

арасынан    біздің,  яғни 6 қабаттың намысын 

қорғаған  «Талапкер»  командасы  суырылып 

шығып, жүлделі 1 орынды иеленді. Жатақхана 

студенттері дән риза.

Ал, 30 тамызда аталмыш мереке күніне орай 

мәдениет және өнер факультетінің студенттік 

деканы Ғұмаров Ақжанның ұйымдастыруымен 

шағын жиын өтті. Жиын барысында мәдениет 

және  өнер  факультетінің  деканы  Мейрам 

Исатайұлы  құттықтау  сөз  сөйледі.  Және 

де  студенттік  ректор  Дүйсенбаев  Төрехан 

студенттерді  белсенді  болуға  шақырды. 

Жиында  Ата  Заңымызға    байланысты 

баяндамалар оқылды.

Осы  жиыннан  соң  БҚМУ  акт  залында 

жатақхана студенттері Конституция күніне орай 

арнайы дәріс тыңдады.

Жалпы, біз, барлық іс-шараның басында 

үлкен  жүрек  тұрғанын  білеміз!  Өзіміздің 

үлкен алғысымызды білдіреміз. Себебі, біздің 

әр  күніміздің  қызықты  өтуіне  үлкен  септігін 

тигізуде. 



Айгерім ҚУАНЫШЕВА,

«Мәдени-тынығу» мамандығының 

1-курс студенті

                            
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет