Психодиагностиканың негізгі бағыттары мен міндеттері.



Дата01.10.2022
өлшемі18,71 Kb.
#41071

Психодиагностиканың негізгі бағыттары мен міндеттері. (негізгісін жазу)
Психодиагностика – баланы психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді. « Психодиагностика » сөзі — « психологиялық диагноз қою » дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.
Практикалық психодиагностика психолог іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолданылады . Дегенмен психодиагностика психологиялык іс-әрекетінің жеке, өз алдына дербес сферасы ретінде қалыптасқан. Оның басты мақсаты : психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау. Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.
1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.
2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.
3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.
4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.
5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.
6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.
«Психодиагностика» терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагнозды практика жүзінде қолданумен байланысты психологтың өзіндік саласын көрсетеді. Бұл жерде психодиагностиканы ұйымдастырып өткізуге қатысты таза практикалық мәселелер шешіледі. Оған мыналар кіреді:
1.Психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды айқындау;
2.Психологтың өз жұмысын сәтті жүргізуі үшін,өзінде болуы тиісті білімдердің,ептіліктер мен дағдылардың жиынтығын білуі;

3.Психологтың практикалық жағдайларды анықтауы, оларды сақтауы,психодиагностиканың өзге де әдістерін сәтті әрі кәсіби түрде игеріп алғандығының кепілі болып табылады.


4.Психодиагностика саласындағы психологты практикалық тұрғыда дайындаудың бағдарламаларын,тәсілдері мен әдістерін жасап шығу, сонымен бірге оның осы саладағы біліктілігін бағалау;


Теориялық және практикалық мәселелердің екеуі де бір бірімен тығыз байланысты. Осы салада біліктілігі жоғары маман болуы үшін, психолог психодиагностиканың ғылыми әрі практикалық негіздерін жақсы меңгеруі тиіс. Сондықтан теориялық және практикалық мәселелер бірге, олардың қай салаға қатысы бар екендігін анықтамасада талқылана береді. Практикалық тұрғыда психодиагностика психолог қызметінің әр түрлі салаларында, мәселен, ол психологиялық педагогикалық тәжірибелердің авторы болса да, оған қатысушы ретінде жұмыс істесе де және ол психологиялық кеңеспен немесе психологиялық түзету жұмыстарымен шұғылданса да пайдаланылады. Дегенмен де, практикалық психологтың жұмысында психодиагностика қызметтің жеке саласы ретінде көрінеді. Оның мақсаты психологиялық диагнозды қою болып табылады яғни адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы. Кез- келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибеде, дәл психодиагностика психологиялық қасиеттердің даму деңгейін білікті түрде бағалауды мақсат етеді. Әдеттегідей бұл осы тәжірибеде тексерілетін, заңды түрдегі өзгерістері болжамдарда болады деп күтілетін қасиеттер. Мәселен, ғылыми психологиялық зерттеулердің мәселелері кейбір заңдар бойынша өмір сүреді немесе белгілі бір дәрежеде әртүрлі айналымдарға тәуелді деген тұжырымдарға қатысты адамның ойлауының кейбір ерекшеліктері болуы мүмкін.


Психодиагностика — кез-келген психологиялық — педагогикалық ғылыми тәжірибе барысында психологиялық қасиеттердің даму дәрежесін сапалы түрде бағалауды көздейді. Олардың заңды өзгерістері болжам жасауда көрініс тауып , тәжірибеде тексерілетін қасиеттер. Мәселен , ғылыми психологиялық зерттеудің мәселелері адамның ойлау ерекшеліктері болуы мүмкін. Оларға қатысты мынадай тұжырым жасалуда : олар кейбір заңдар бойынша өмір сүріп өзгереді немесе белгілі бір жағдайда әртүрлі өзгерістерге тәуелді болады. Кез-келген осындай жағдайда соған сәйкес ой-өріс қасиеттерінің , біріншіден, олардың өмір сүруін дәлелдеуге, екіншіден олардың өзгерістерінің айнымас заңдылықтарын көрсетуге , үшіншіден олардың болжамдарында кездесетін өзгерістерге шынайы тәуелді екенін көрсетуге бағытталған дәл психодиагностика қажет.


Психологиялық кеңеспен шұғылданушы маман клиентке қандай-да бір кеңес беруден б±рын, дұрыс диагноз қоя білуі тиіс, клиентті толғандыратын психологиялық мәселенің мәнін бағалауы шарт. Маман бұл жағдайда клиентпен болған жеке сұхбат пен оны бақылаудың нәтижелеріне сүйенеді.


Егерде психологиялық кеңес өзінің барысында психологтың кеңеспен ғана шектеліп қана қоймай, клиентке өз мәселесін шешуге көмектесе отырып, сонымен бірге өз жұмысының нәтижесін бақылай отырып, сол клиентпен нақты жұмыс атқарса, онда бұл жерде»кіру» және «шығу» психодиагностикасын жүзеге асырудың міндеті пайда болады яғни кеңес берудің бастапқы кезінде және клиентпен жүргізілген жұмыстың соңындағы істің мән — жайын ерекше айқындап алу міндеті пайда болады.


Кеңес беру процесіне қарағанда психодиагностика практикалық психологиялық түзету жұмысында өте нақты болып табылады. Мәселе мынада: бұл жағдайда қолға алынған психологиялық түзету шараларының тиімділігіне тек психолог немесе тәжірибе жүргізуші ғана емес, сонымен бірге клиенттің өзі де көз жеткізуі тиіс.


Клиентте, оның психологпен бірге жүргізген жұмысының нәтижесінде, оның өзінің психологиясы мен мінез — құлқында маңызды оң өзгерістер байқалғандығы жөнінде дәлелдер болуы қажет. Бұл клиенттің өз уақытының босқа кетпегендігіне сендіру үшін ғана емес, сонымен бірге әсер етудің психологиялық түзету тиімділігін күшейту үшін де қажет. Болатын істің сәттілігіне сену — бұл кез — келген терапиялық әсердің тиімділігінің маңызды факторы. Істің нақты жағдайының дәл психодиагностикасынан кез — келген психологиялық түзету сеансы басталып, сонымен аяқталуы тиіс.


Практик –психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, яғни білім беру саласында балалар және ересектердің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог, психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білу қажет. Диагностикамен айналысатын психолог – қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет