«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет12/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Психастеникалық тип
Психопатияның бұл типінің дамуы аяқталған түрінде негізінен ересек адамдарда кездеседі. Бірақ кейбір психастени-калық белгілер жас кезде білінеді. Мұндай балалар үркек, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын жоғарғы сезімді болады. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады. Олар үнемі бір нәрсеге күмәнданып: «Бір жаманшылық болама»,- деп қорқады, белгілерге сенеді, ырымшыл болады, бақытсыздықтан сақтану үшін салт жоралар жасайды (мысалы, мысық жолды кесіп өтсе, ештеңе болмас үшін орамалының шетін түйеді). Бала кезіндегі мінездің ерекшеліктері қорқақтық,
күмәнданғыш,жасқаншақтық, тартқыншақтық, сенбеушілік, көңілшектік,мазасыздық, өкпешілдік, түйықтық және сонымен қатар жұмсақтық, ақкөңілділік, жақсы көрушілік.Үнемі «бір нәрсе болып қала ма?»- деп ойлау тынышсыздандырады, қорқыттырады, өзіне-өзі сенбеушілік өзінің толық сапалы емес екенін көрсетеді. Психастеникалық жеке адамның ең маңызды белгілері тартыншақтық, өзіне-өзі сенбеушілік, үнемі күмәндану, өзін талдау, өзін «қазу»,кәзіргі болған емес көбінесе болатын не болуы мүмкін оқиғаларға көңілшектік көрсету. Қазіргіге қарағанда болашақ қауып пен сәтсіздік азапты. Мүндай балалардың интеллекті жоғары болады. Бірақ олардың оқуы көбінесе төмен болады, оның себебі ауызша жауап бергенде өте тынышсызданып, дайындалған тапсырманы жақсылап айта алмайды. Жазуша тапсырмаларды тырысып, адал ниетпен, ұқыпты орындауға қарамай тартыншақтықтың, қайталап өзін тексерудің арқасында олар сынып жұмыстарын аяққылардың бірі болып орындайды.
14. Пациенттермен тиімді қарым - қатынасқа кедергі келтіретін дәрігердің психологиялық ерекшеліктері: мазасыздық, депрессия, интроверттілік.
Мазасыздық – бұл болашақта болуы мүмкін сәтсіздіктер мен шындықтарды болжаумен,күтумен және соған сәйкес іс-әрекетті қалыптастырумен байланысты эмоция.Әдетте мазасыздық белгісіздік пен жағдайдың немен аяқталарын болжай алмаған сәтте туындайды.
Мазасыздықтың жағымсыз қаснет болатын кездері?
Мазасыздықтың қарқындылығы (қорқыныш, үрей) психикалық процестерді қозғалыссыз қалдырып, әрекетсіздікке әкеледі.
Қарқынды мазасыздық мына нәрселерге кедергі келтіреді:
-жағдайды қалыпты бағалауға;
-дәрігердің науқаспен коммуникация жасауына;
-дәрігер мен науқас арасындағы психологиялық контактыны бұзады;
-дәрігердің мазасыздығы науқасқа «беріліп», оны қобалжытады;
-мазасыздықтың әсерінен ағзаның түрлі функциялары бұзылысқа ұшырап, соның салдарынан ұйқы бұзылып, асқа деген тәбет нашарлайды немесе керісінше тәбеті артып кетуі де мүмкін (кейбір науқастарда мазасыздық кезінде булимия пайда болады);
-кез келген жағдайға мазасызданатын дәрігерлерге, науқастар әдетте күдікпен қарайды, оларға дәрігердің неғұрлым сабырлы, бірқалыпты болғаны ұнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет