«Психология» пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, шоғырлануы, бөлінуі, көлемі,ауыспалылығы



бет13/27
Дата04.05.2023
өлшемі0,64 Mb.
#89751
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Депрессия дегеніміз не?
Мазасыздық болашаққа қатысты туындаса, депрессия өткен жағдайға күйзелумен байланысты. Яғни, адамның басынан өткен дау-дамай мен жаралаушы оқиғалары, сәтсіздіктері қайта - қайта еске түсіп маза бермейді.Болашақтың мәні жойылып, адам өзінің уайым - қайғысымен өмір сүреді.
Деппрессия күйі коммуникативтік біліктілікке қалайша әсер етеді?

  • Депрессиялық жағдайға түсуге бейім дәрігер, науқасқа сенім ұялата алмайды.

  • Кез-келген типтегі ең қарапайым сәтсіздікке, қатерге өзін кінәлі сезінетін дәрігерді көргенде, науқас оның біліктілігіне күмән келтіре бастайды; - Өз күйзелістерінен шыға алмай жүрген дәрігер, бір жағынан науқастың жағдайының жақсарғанын байқамай қалып, өз уақытында оған қолдау көрсете алмайды, екінші жағынан науқасты өзінің қайғылы күйімен үмітсіздендіріп, емдеуден соң болған жағымды көңіл күйді бұзады.

Тиімді коммуникацияға дәрігердің тағы басқа қандай қасиеттері кедергісін тигізуі мүмкін?
Дәрігерменнауқастыңарасындағысенімді қарым-қатынасты қиындататын дәрігердің психологиялық бір қасиеті - ол, оның интроверттілігі (тұйыктығы).
Интроверттілік - бұл психологияға К. Юнг енгізген термин болып табылады. Интроверттілік дегеніміз, адамның өз-өзіне, өз күйзелістері мен ойларына, сезімдеріне бағытталуы болып табылады. Интроверт өз идеалына, сенімдеріне, өз құндылығына және өзінің моралды және этикалық нормаларына сүйенеді.
Интроверттілік коммуникацияға қалай әсер етеді?
Интроверт адам өзінің психологиялық әлемінде өмір сүріп, өзінің сезімдері мен идеяларына бағытталады және басқа адамдарға аса қызықпайды, қоршаған ортадағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуде біршама қиналады;Интроверттілік, әдетте, тұлға аралыққатынаста сезімталдылықтың, интуицияның төмендігімен, басқалардың күйзелістері мен қайғыларына көмек беруге ұмтылысының жетіспейтіндігімен сипатталады; Интроверттілік тиімді коммуникацияға кедергісін келтіріп, дәрігердің коммуникативті біліктілігін төмендетеді; Интроверттілік наукаспен психологиялық жағымды контакт орнатуға, эмоционалды қолдау көрсетуге кедергісін келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет