Психология пәні бойынша тест сұрақтары 2020 жыл



Дата06.01.2022
өлшемі62,59 Kb.
#15831

Психология пәні бойынша тест сұрақтары

2020 жыл




Психикалық құбылыстардың пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

  1. психология

  2. философия

  3. мәдениеттану

  4. әлеуметтану

  5. адамтану






Адам психикасы:

  1. Шындықтың бейнеленуі

  2. Адамның ақпаратты алуға қабілеттілігі

  3. Заттар әлемімен өзара байланысының жоғарғы формасы

  4. Жүйке жүйесінің анатомиялық дамуы

  5. Адамның белсенділік қызметі



“Псюхе” сөзінің грек тілінен аударма мағынасы:

  1. Жан

  2. Рух

  3. Сана

  4. Идея

  5. атом



Объективті дүниенің субъективті бейнесі:

  1. Психика

  2. Әдіс

  3. Қабілет

  4. Қиял

  5. Ғылым



Психология ғылымының зерттеу пәні:

  1. Психиканың фактілері, заңдылықтары, механизмдері

  2. Адамның рухани жан-дүниесі

  3. Адамның санасы

  4. Адамның миында жүретін дәстүрлі емес процестер

  5. Адамның мінез-құлқы



З.Фрейд қай психологиялық бағыттың негізін қалады?

  1. Психоанализ

  2. Ассоциативті психология

  3. Гуманистік психология

  4. Гештальт психология

  5. Бихевиоризм



Психологияда сана мен бейсана мәселесімен айналысқан ғалым:

  1. З.Фрейд

  2. Аристотель

  3. И.Павлов

  4. А.Маслоу

  5. А.Леонтьев



Тек адамға ғана тән психикалық бейнелеудің жоғары формасы:

  1. Сана

  2. Ерік

  3. Түрткі

  4. Рефлекс

  5. Эмоция



В.Вундт Лейпциг қаласында психологиялық лабораторияны қай жылы ашты?

  1. 1879

  2. 1869

  3. 1857

  4. 1828

  5. 1889



Топтағы өзара қарым-қатынасты психологиялық зерттеу әдісі:

  1. Социометрия

  2. Корреляция

  3. Контент-талдау

  4. Интроспекция

  5. Шкалалау



Адамның қоғамдағы мінез-құлық заңдылықтарын зерттейтін психология саласы:

  1. Әлеуметтік психология

  2. Медициналық психология

  3. Ұлттық психология

  4. Жалпы психология

  5. Педагогикалық психология



Сана:

  1. Қоғамдық болмыс

  2. Дағдылану

  3. Табиғат өнімі

  4. Табиғаттан тыс берілетін қасиет

  5. Инстинктік өнім



Жануарлар психикасының ерекшелігін қарастыратын психология саласы:

  1. Зоопсихология

  2. Жалпы психология

  3. Жас ерекшелік психологиясы

  4. Спорт психологиясы

  5. Арнайы психология



Психиканың онтогенезде түрлі жасқа байланысты даму ерекшелігін зерттейтін психология саласы:

  1. Жас ерекшелік психологиясы

  2. Педагогикалық психология

  3. Жалпы психология

  4. Әлеуметтік психология

  5. Медициналық психология



Психологияны оқыту міндеттері:

  1. психологиялық білім, психологиялық сауаттылық, психологиялық құзіреттілікті дамыту

  2. оқу-білім аясын кеңейту

  3. тұлғалық қасиеттердің дамуын диагностикалау

  4. балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыру

  5. қоғамдағы сананың өзгеруіне ықпал ету



Мотивация бұл:

  1. Адамның жүріс-тұрысының бағыттылығы мен белсенділігін анықтайтын және оны әрекет етуге ынталандырушы күштер жиынтығы

  2. Адамның қабілетіндегі кездейсоқ механизмдердің орналасу жүйесі

  3. Мінез-құлықтың даралық ерекшеліктерінің сипаттамасы

  4. Даралықтың барлық мазмұндық сипаттамаларын анықтайтын тұрақты психобиологиялық категория

  5. Эмоционалдық аумақтағы тұрақты даралық ерекшеліктер



Мотив бұл:

  1. Адамның түрлі қажеттіліктер жүйесінен туындайтын, белгілі әрекетті орындауға бағытталған итермелеуші күш

  2. Жеке тұлғаның немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан пайда болатын психикалық қалпы

  3. Адамның іс-әрекетін эмоционалдық тұрғыда реттеп отыратын психикалық қалпы

  4. Адамның мінез-құлқындағы туа пайда болатын тұрақты психологиялық ерекшелігі

  5. Психиканың сыртқы ортадағы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясы



Қажеттіліктер пирамидасын құрастырған ғалым:

  1. А. Маслоу

  2. Дж.Роттер

  3. Г.Келли

  4. Х.Хекхаузен

  5. Дж.Аткинсон



Мотивация сөзінің мағынасы:

  1. Ынталандыру

  2. Бағыттау

  3. Өзектендіру

  4. Әрекет ету

  5. Бағдарландыру



Мотивация ұғымын ең алғаш өзінің еңбектерінде қолданған кім:

  1. А.Шопенгауэр

  2. К.Роджерс

  3. А.Маслоу

  4. В.Вундт

  5. З.Фрейд



Мотивациялық талпыныс адамның ішкі ниетінен пайда болатын және іс-әрекеттің мазмұнына бағытталатын мотивацияның түрі

  1. Ішкі мотивация

  2. Сыртқы мотивация

  3. Тұрақты мотивация

  4. Тұрақсыз мотивация

  5. Жағымды мотивация



Мотив сөзінің мағынасы:

  1. Қозғаймын

  2. Белгілеймін

  3. Міндеттеймін

  4. Әрекет етемін

  5. Орындаймын



Қоршаған ортадағы адамдардың және басқа да сыртқы әсер етуші факторлардың ықпалынан пайда болатын мотивацияның түрі

  1. Сыртқы мотивация

  2. Тұрақсыз мотивация

  3. Мақсатты мотивация

  4. Ішкі мотивация

  5. Жағымсыз мотивация



Жетекші іс-әрекет және жетекші мотивация түсінігін енгізген ғалым:

  1. Д.Б.Эльконин

  2. А.Леонтьев

  3. А.Маслоу

  4. В.Вундт

  5. З.Фрейд



"Жетістікке жету мотивациясы" теориясын кімдер ұсынды:

  1. Д.Макклелланд, Дж. Аткинсон, Х. Хекхаузен

  2. З.Фрейд, Дж.Роттер, А.Маслоу

  3. А.Маслоу, Г.Айзенк, К.Леонгард

  4. Г.Келли, Дж.Роттер, Г.Айзенк

  5. Дж. Роттер, З.Фрейд, К.Роджерс



Мотивтердің негізгі функциялары

  1. Ынталандыру, бағыттау, реттеу

  2. Қорғау, сендіру, бағдарлау

  3. Болжау, тұрақтандыру, қалыптастыру

  4. Дамыту, қалыптастыру, жетілдіру

  5. Бағдарлау, болжау, өзектендіру



Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты орындалмай қалған жағдайда пайда болатын күрделі эмоция:

  1. Фрустрация

  2. Стресс

  3. Эмпатия

  4. Аффект

  5. Құмарлық



Өзге адамның эмоциялық күйін сезіну және жанашырлық таныту:

  1. Эмпатия

  2. Индентификация

  3. Рефлекция

  4. Аффект

  5. Антипатия



Альтруистік эмоциялар дегеніміз:

  1. Басқа адамдарды қуанту мен бақытты етуге тырысу

  2. Жақын және сыйлы адамдардан қолдау күту

  3. Көпшілік құрметіне бөлену

  4. Жұмысқа бар жан-тәнімен берілу

  5. Әдеттен тыс, ғажап жағдайларға ұмтылу



Эмоциялар мен сезімдер адамның іс-әрекет белсенділігіне ықпал етуіне қарай бөлінеді:

  1. Стеникалық және астеникалық

  2. Ырықты және ырықсыз

  3. Күшті және әлсіз

  4. Ұзақ және қысқа

  5. Терең және таяз



Ең қуатты эмоциялық реакция:

  1. Аффект

  2. Сезімдік қалып

  3. Көңіл-күй

  4. Эмоция

  5. Құмарлық



Эмоциялық қалыптар:

  1. Көңіл-күй, аффект, фрустрация

  2. Талпыныс, мүдде, құмарлық

  3. Бағдар, мінез, қабілет

  4. Еліктеу, ықылас, әрекет

  5. Бастамашылдық, шешімділік



Адамдардың эмоциясын түсіну жəне олардың эмоциялық күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеті

  1. Эмоциялық интеллект

  2. Қарым-қатынас жасау дағдысы

  3. Тұлғалық және шығармашылық интеллект

  4. Әлеуметтік интеллект

  5. Логикалық-математикалық интеллект



Эмоциялық интеллект түсінігін енгізген американдық психолог:

  1. Л. Гарднер

  2. З.Фрейд

  3. Э.Торндайк

  4. А.Маслоу

  5. Э.Берн



Ерік әрекетінің түрлері:

  1. Еріксіз және ерікті әрекеттер

  2. Ақиқат және жалған

  3. Адамгершілігі жоғары немесе төмен

  4. Белсенді және енжар

  5. Күшті, орташа, әлсіз



Түрлі тілектердің қарама-қайшылығы дегеніміз:

  1. Мотивтер күресі

  2. Шешім қабылдау

  3. Әрекетті орындау

  4. Нәтижеге жету

  5. Бағдарламаны қалыптастыру



Қажетті жағдайларда мүмкін болатын көп мақсаттардың ішінен ең тиімдісін таңдай білу жағдайы:

  1. Шешім қабылдау

  2. Әрекетті орындау

  3. Нәтижеге жету

  4. Мотивтер күресі

  5. Бағдарламаны қалыптастыру



Мақсатты тез арада айқындау мен оған жету тәсілдерін жылдам ұйымдастыра білу қасиеті:

  1. Сенімділік

  2. Ұстамдылық

  3. Мақсаттылық

  4. Табандылық

  5. Шешімділік



Өте күшті эмоциялық әсерлерге ақылмен жауап қайтару жағдайы:

  1. Ұстамдылық

  2. Мақсаттылық

  3. Табандылық

  4. Сенімділік

  5. Шешімділік



Сананы ең маңызды мақсаттарға шоғырландыратын психикалық жағдай:

  1. Мақсаттылық

  2. Ұстамдылық

  3. Табандылық

  4. Сенімділік

  5. Шешімділік



Мейлінше ұзақ уақыт бойы қиындықтарды жеңе отырып, оған қатысты әрекеттерді қадағалап, жоспарланған нәтижеге бағыттап отыратын психикалық жағдай:

  1. Табандылық

  2. Ұстамдылық

  3. Мақсаттылық

  4. Сенімділік

  5. Шешімділік



Ерік сапалары:

  1. Табандылық, ұстамдылық, тоқтамға келгіштік

  2. Стресс, аффект, фрустрация

  3. Талпыныс, мүдде, құмарлық

  4. Бағдар, мінез, қабілет

  5. Елігу, ықылас, әрекет



Мотивтер күресі болмайды, егер:

  1. Екі тілектің бірі күшті болса

  2. Екі тілектің бірі қызықтырақ болса

  3. Тілектер тек деңгейіне қарай әр түрлі болса

  4. Тілектер тек әлеуметтік маңызына қарай ажыратылса

  5. Тілектер тек эмоциялық күшіне қарай ажыратылса



Канадалық ғалым Ганс Селье енгізген ұғым:

  1. Стресс

  2. Аффект

  3. Апатия

  4. Фрустрация

  5. Депрессия



Әр түрлі қысымға, түрлі мазасыздану мен күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайларға ағзаның реакциясы бұл:

  1. Стресс

  2. Аффект

  3. Апатия

  4. Фрустрация

  5. Депрессия



Адамда стрестік күйдің даму кезеңдері:

  1. мазасыздық, қарсыластық және қажу

  2. бейімделу, әрекет ету, қашу

  3. қашу және бейімделу

  4. үрейлену және әрекет ету

  5. табандылық және күресу



Стресстің негізгі түрлері:

  1. Эустресс және дистресс

  2. оң және теріс

  3. көп реттік және қысқа мерзімді

  4. алғашқы және қайталанбалы

  5. бастапқы және созылмалы



Эустресс дегеніміз:

  1. жағымды стресс

  2. жағымсыз стресс

  3. патологиялық стресс

  4. ұзаққа созылған стресс

  5. қысқа мерзімді стресс



Дистресс дегеніміз:

  1. жағымсыз стресс

  2. жағымды стресс

  3. патологиялық стресс

  4. ұзаққа созылған стресс

  5. қысқа мерзімді стресс



Стресстің белгілеріне жатпайды:

  1. Эйфория сезімінде болу

  2. Ұйқының бұзылуы және тәбеттің болмауы

  3. Физикалық әлсіздік және бас ауыруы

  4. Үнемі шаршап жүру

  5. Зейінді шоғырландыра алмау



Стресстің әртүрлі түрлеріне тұрақтылығын анықтайтын тұлғалық бітістердің жиынтығы бұл:

  1. стресске төзімділік

  2. стресс менеджмент

  3. стрессор

  4. стресс фактор

  5. дистресс



Жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі

  1. Темперамент

  2. Тұлға

  3. Мотив

  4. Қабілет

  5. Мінез



Экстраверсия, интроверсия түсініктерін енгізген:

  1. К. Юнг

  2. А. Адлер

  3. З. Фрейд

  4. К. Роджерс

  5. К. Хорни



Жүйке жүйесі әлсіз, тіпті әлсіз тітіркендіргіштерге жоғарғы сезімталдылық көрсететін темперамент типі

  1. Меланхолик

  2. Көркем тип

  3. Холерик

  4. Сангвиник

  5. Флегматик



И.П.Павлов бойынша күшті, ұстамды, қозғалғыш темперамент типі

  1. сангвиник

  2. меланхолик

  3. флегматик

  4. холерик

  5. интроверт



Конституциялық типологиялар теориясын негізін салушы ғалым

  1. Э. Кречмер

  2. Шелдон

  3. Стреляу

  4. Гиппократ

  5. Демокрит



Темпераменттің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыда дәлелдеген

  1. И.П.Павлов

  2. Шелдон

  3. Стреляу

  4. Гиппократ

  5. Демокрит



Темпераменттің типтері

  1. холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик

  2. холерик, енжар, флегматик, меланхолик

  3. холерик, сангвиник, прагматик, меланхолик

  4. холерик, сангвиник, гуманистік, меланхолик

  5. холерик, сангвиник, флегматик, атлетик



Темперамент туралы алғашқы ой-пікірді қарастырған ежелгі грек ғалымы

  1. Гиппократ

  2. Шелдон

  3. Стреляу

  4. И.П.Павлов

  5. Демокрит



Қабілеттің дамуының туа біткен, физиологиялық негізі:

  1. Нышан

  2. Темперамент

  3. Мотивация

  4. Даналық

  5. Ойлау



Нышандардың нәтижесінде туындайтын қабілеттің жоғарғы түрі:

  1. дарындылық

  2. ерік

  3. шеберлік

  4. икемділік

  5. сенімділік



Қабілеттің түрлері

  1. жалпы, арнайы

  2. нақыш, дарындылық

  3. талант, еңбек

  4. эксперименталды, практикалық

  5. арнайы, еңбек



Адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындауға деген дайындығынан көрінетін даралық-психологиялық ерекшелігі

  1. Қабілеттілік

  2. Мінез

  3. Темперамент

  4. Бағыттылық

  5. Қажеттіліктер



Тұлғаны итермелейтін күш ретінде өзіндік көзқарас, өзіндік дүниетаным мен принциптер ол:

  1. Сенімдер

  2. Білімділік

  3. Қызығушылық

  4. Қабілеттер

  5. Үйір болу



Тұлғаның өзін, өз мүмкіндіктері мен қажеттерін бағалауы ол:

  1. Өзін-өзі бағалау

  2. Өзін-өзі реттеу

  3. Өзін-өзі көрсету

  4. Өзін-өзі нақтылау

  5. Өзін-өзі жүзеге асыру



Қоғамның талаптарына сай пайда болатын сезім:

  1. Ар, намыс

  2. Ұят

  3. Парыз

  4. Құрмет

  5. Әділдік



Ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде берілетін жалпы адамдар тобына тән ортақ түсініктер:

  1. Мәдениет

  2. Салт-дәстүр

  3. Әдет-ғұрып

  4. Топтық нормалар

  5. Статус



Топтағы жалпы қабылданған барлығына тән нормалардың пайда болу процесі:

  1. Топтық норма

  2. Топтық поляризация

  3. Топпен шешім қабылдау

  4. Топ ішіндегі фаворотизм

  5. Топтық сана



Адамдар арасындағы сыйластық пен араздықтан сенім мен күдіктенуден тұратын қатынас:

  1. Жеке қатынас

  2. Қоғамдық қатынас

  3. Әлеуметтік қатынас

  4. Топтық қатынас

  5. Қызметтік қатынас



Сапалық тұрғыдан жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасап шығатын адамның қызметі:

  1. шығармашылық

  2. ойлау

  3. Топпен шешім қабылдау

  4. Топтық сана

  5. Қызметтік қатынас



Тиімді коммуникацияның мақсаты:

  1. өзара байланысты орнату, нығайту, жұмыстық қарым-қытанысты қолдау

  2. байланысты орнату, жұмыстық қарым-қытанысты қолдау

  3. өзара байланысты орнату, нығайту, жұмыстық қарым-қытанысты қолдамау

  4. өзара байланысты орнатпау, нығайтпау

  5. жұмыстық қарым-қытанысты қолдамау, қолпаштау



Мектеп жасындағы балалардың жетекші іс-әрекеті

  1. Оқу

  2. Ойын

  3. Құрдастар тобы

  4. Еңбек

  5. Әлеуметтік топтар



Конфликттен кету талпынысымен ерешеленетін конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы

  1. қашу

  2. бейімделу

  3. бірлесу

  4. ымыраға келу

  5. бәсекелестік



Адамның өз кәсіби қабілеттерінің даму деңгейі мен бағытын ұғынуы:

  1. Кәсіби өзін-өзі анықтау

  2. Кәсіби өзін-өзі бағалау

  3. Кәсіби өзін-өзі жетілдіру

  4. Кәсіби өзін-өзі дамыту

  5. Кәсіби өзін-өзі қолдау



Кәсіби өзін -өзі анықтаудың гностикалық және практикалық деңгейлерін ажыратып көрсеткен ғалым:

  1. Е.А. Климов

  2. А.К. Маркова

  3. Қ.Б. Жарықбаев

  4. А.П. Ситников

  5. А. Маслоу



Е.А. Климов бойынша  педагогикалық мамандық қай типке жатады:

  1. Адам - Адам

  2. Адам – Табиғат

  3. Адам – Техника

  4. Адам –Белгі

  5. Адам – Бейне



Кез-келген нысанның немесе құбылыстың мақсатын анықтайтын негізгі идея:

  1. Өмірдің мәні

  2. Өмірдің сәні

  3. Өмірдің маңыздылығы

  4. Өмірдің құндылығы

  5. Адам тағдыры



Тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы:

  1. Тұлғаның бағыттылығы 

  2. Тұлғалық бірегейлік

  3. Тұлғалық тұтастық

  4. Кәсіби адаптация

  5. Кәсіби іс-әрекет



Кәсіби іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеген ғалым:

  1. Е.А. Климов

  2. И.М.Сеченов

  3. И.П. Павлов

  4. Л.С.Выготский

  5. Л.Д.Столяренко



Маманның кәсіби іс-әрекеттегі эмоционалдық құлдырауы, жұмысқа қызығушылығының төмендеуі, жұмыстан тез шаршау, өзіне-өзі сенімсіз болуы:

  1. Кәсіби дағдарыс

  2. Кәсіби жану

  3. Кәсіби стресс

  4. Кәсіби адаптация

  5. Кәсіби бағдар



Басқа
адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені
жасауға көндіре алатын адам

  1. көшбасшы

  2. басшы

  3. жетекші

  4. бағынышты

  5. басқарушы



Е.А.Климов техника саласына байланысты мамандықтар тобын қалай атады?

  1. Адам-техника

  2. Адам-адам

  3. Адам-белгі жүйесі

  4. Адам-табиғат

  5. Адам-көркем образ



Е.А. Климов бойынша «Адам-көркем бейне» тобына жататын мамандықтар:

  1. Әртіс, суретші, музыкант, дизайнер

  2. Педагог, дәрігер, менеджер және т.б.

  3. Эколог, геолог, агроном және т.б.

  4. Аудармашы, сызушы, редактор және т.б.

  5. Механик, оператор және т.б.



Мамандық, мамандықтар тобын зерттеген ғалым

  1. Е.А. Климов

  2. А.Құнанбаев

  3. Гиппократ

  4. А.Ерментаева

  5. Аристотель



Қарым-қатынастың негізгі түрлері:

  1. комуникативті, интерактивті, перцептивті

  2. әлеуметтік, биологиялық

  3. тура, жанама

  4. іскерлік, тұлғааралық

  5. тұлғааралық, топаралық



Адам психикасы ерекшеліктерінің дене ауруларының психикаға әсер етуін зерттейтін медициналық психологияның саласы:

  1. Психосоматика

  2. Психокоррекция

  3. Нейропсихология

  4. Патопсихология

  5. Олигофренопсихология



Психологиялық зерттеу әдістерінің түрлері

  1. Арнайы, қосалқы

  2. Арнайы, бағытталған

  3. Қосалқы, қосарланған

  4. Тұрақты, тұрақсыз

  5. Арнайы, жеке



Психикалық аурулардың пайда болу себептері бөлінеді:

  1. Ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді)

  2. Орташа және қысқа

  3. Манипулятивті және интровертті

  4. Параноялық

  5. Экстеро және интерорецептивті



Қоршаған орта жағдайларына бейімделу:

  1. Адаптация

  2. Депрессия

  3. Истерия

  4. Психопатия

  5. Конформизм



Психикалық аурулардың және невроздардың алдын алу:

  1. Психопрофилактика

  2. Психокоррекция

  3. Психореабилитация

  4. Психогигиена

  5. Психиатрия



Қабілеттің түрлері:

  1. Жалпы, арнайы

  2. Күрделі, қарапайым

  3. Арнайы, арнайы емес

  4. Жеке, топтық

  5. Ұжымдық, ұлттық



Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің жетекші түрі

  1. Ойын

  2. Оқу

  3. Еңбек

  4. Сабақ

  5. сөйлеу



Алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану:

  1. Зиянды әдеттер

  2. Зияткерлік

  3. Туа берілетін қабілеттер

  4. Ақыл ойдың артта қалу көрсеткіші

  5. Арнайы қабілеттер



Басқа адамдармен қарым- қатынаста сенбеушілік, менмендіктің байқалуы бұл:

  1. Өзін-өзі жоғары бағалау

  2. Өзін-өзі адекватты бағалау

  3. Өзін-өзі идеалды бағалау

  4. Өзін-өзі төмен бағалау

  5. Өзін-өзі реалды бағалау



Қарым-қатынас мәселесін карастыратын психологияның саласы:

  1. Әлеуметтік психология

  2. Психофизиология

  3. Патопсихология

  4. Дефектология

  5. Нейролингвистика



Субьективті тұлғалық мағынаға негізделген қатынас:

  1. Ресми емес қарым-қатынас

  2. Тұлғалық-бағдарлы қарым-қатынас

  3. Әлеуметтік -бағдарлы қарым-қатынас

  4. Ресми қарым-қатынас

  5. Іскерлік қарым-қатынас



Іс-әрекеттің түрлері

  1. ойын, оқу, еңбек

  2. Оқу, есептеу, санау

  3. Жазу, оқу, жаттау

  4. Доп ойнау, жүгіру

  5. еңбек ету, қаражат табу



Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық дамуын, басқа адамдармен қарым-қатынасын анықтайтын сала:

  1. Әлеуметтік

  2. Медициналық

  3. Жалпы

  4. Жас ерекшелік

  5. Дифференциалдық



Вербалды коммуникация ненің көмегімен жүзеге асады:

  1. тіл

  2. позалар

  3. жест

  4. мимика

  5. белгілер



Бір адамның сөйлеуі

  1. монолог

  2. ауызша

  3. ішкі

  4. жазбаша

  5. диалог



Басқарудың командалық әдісін басым түрде қолдану, инициативаларды басып тастау, қатаң бақылау қарым-қатынастың қай стиліне жатады?

  1. авторитарлық стиль

  2. демократиялық стиль

  3. педагогикалық стиль

  4. директивті стиль

  5. либеральдық стиль



Вербальды емес қарым қатынас:

  1. мимика, пантомимика арқылы

  2. тіл арқылы

  3. іс-әрекет арқылы

  4. дыбыстар мен сөздер арқылы

  5. эмоциялар арқылы



Топ ішіндегі, ұжымдағы карым-катынастарды психологиялық зерттеу әдісі:

  1. Социометрия

  2. Интервью

  3. Өзін -өзі бақылау

  4. Анкеталау

  5. Сауалнама



Өзінін және қарсыласының да қызығушылықтарына бағытталатын конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы

  1. бірлесу

  2. қашу

  3. ымыраға келу

  4. бәсекелесу

  5. бейімделу



Басқа адамдармен қарым-қатынасының тиімділігін және өзара іс-әрекет барысындағы психологиялық сыйымдылығын көрсететін тұлғаның қабілеті - бұл:

  1. Коммуникативті қабілеттер

  2. Талант

  3. Дарындылық

  4. Жалпы қабілеттер

  5. Қасиет



Адамдар арасында нақты байланысты орнатудың күрделі көп функциялы процесс

  1. қарым-қатынас

  2. адаптация

  3. рефлекция

  4. махаббат

  5. іс-әрекет



Өзара келісім арқылы екі жақты да қанағаттандыратын шешім табу

  1. компромис

  2. достық

  3. қызметтесу

  4. комплименттік

  5. өзара сыйластық



Пікірлескен адамдар арасындағы хабар алмасу:

  1. Қарым-қатынастың коммуникативті түрі

  2. Қарым-қатынастың перцептивті түрі

  3. Қарым-қатынастың әлеуметтік түрі

  4. Қарым-қатынастың информациялы-коммуникативті түрі

  5. Қарым-қатынастың интерактивті түрі



Қарым-қатынастың пікірлесу түрі біліммен, идеямен ғана емес, іс-әрекетпен көрінетін түрі:

  1. Қарым-қатынастың интерактивті түрі.

  2. Қарым-қатынастың перцептивті түрі.

  3. Қарым-қатынастың әлеуметтік түрі.

  4. Қарым-қатынастың информациялы-коммуникативті түрі.

  5. Қарым-қатынастың коммуникативті түрі.



Адамдардың қарым-қатынас арасындағы бірін-бірі түсіну процесі:

  1. Қарым-қатынастың перцептивті түрі.

  2. Қарым-қатынастың интерактивті түрі.

  3. Қарым-қатынастың әлеуметтік түрі.

  4. Қарым-қатынастың информациялы-коммуникативті түрі.

  5. Қарым-қатынастың коммуникативті түрі.



Қарым-қатынастың әлеуметтік қызметпен, белгілі бір уақытпен, формамен қамтамасыз етілетін түрі:

  1. Ресми қарым-қатынас.

  2. Іскерлік қарым-қатынас.

  3. Әлеуметтік-бағдарлы қарым-қатынас.

  4. Ресми емес қарым-қатынас.

  5. Тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынас.



Көп мағыналы және бір мағыналы қатынас, мазмұнның тақырыптарына байланысты болуы, бұл:

  1. Мезодеңгейлі

  2. Микродеңгейлі

  3. Макродеңгейлі

  4. Методеңгейлі

  5. Мегодейгейлі



Сөздің ырғағы, жылау, жөтелу, дененің қимыл-қозғалысы, көздің қимылы:

  1. Экстролингвистикалық жүйе.

  2. Вербалды коммуникация

  3. Вербалды емес коммуникация

  4. Паралингвистикалық жүйе.

  5. Кинетикалық жүйе.



Ресми байланыстардың кедергісі:

  1. Бейтараптық.

  2. Үйлестік.

  3. Үйлеспеушілік

  4. Амбиваленттілік.

  5. Өтірік.



Өз көзқарасын, мәліметін толық жеткізе алатын қарым-қатынастың түрі, бұл:

  1. Ашық қарым-қатынас.

  2. Монологті қарым-қатынас.

  3. Диалогті қарым-қатынас.

  4. Жабық қарым-қатынас.

  5. Рөлдік қарым-қатынас.



Үлкен топпен ( 400 см.астам) қарым-қатынас,бұл:

  1. Қоғамдық зона.

  2. Әлеуметтік зона.

  3. Жеке зона.

  4. Қоғамдық-әлеуметтік зона.

  5. Интимдік зона.



Топ түрлері:

  1. Үлкен, кіші

  2. Үлкен, құттай

  3. Үлкен, орта

  4. Топ, топшалар

  5. Кіші, орта



Хабардың бейнеленуі алғашқы орынға шығатын тыңдаудың түрі:

  1. Активтік тындау.

  2. Эмпатияны тыңдау

  3. Пассивтік тыңдау.

  4. Активтік – эмпатиялы тыңдау.

  5. Мен-тыңдауы.



Эмоция түрлері

  1. қарапайы, күрделі

  2. Үлкен, құттай

  3. кішкентай, ұстамды

  4. тұрақты, тура

  5. жанама, күрделі



Басқа адамды саналы және санасыз түрде өзіне ұқсату арқылы түсіну тәсілі, бұл:

  1. Идентификация.

  2. Рефлексия.

  3. Стереотипизация.

  4. Эмпатия.

  5. Қайтару байланысы.



Басқа адамның эмоционалды күйін түсіне білу дағдысы:

  1. Бірін-бірі түсіну және қабылдау.

  2. Топтық өзара қатынас.

  3. Тұлғааралық қатынас.

  4. Тұлғааралық коммуникация.

  5. Моральді-саяси қатынас.



Коммуникация процесіндегі негізгі мақсат, бұл:

  1. Бірін-бірін түсіну

  2. Бірін-бірін толықтыру.

  3. Түсінбеу.

  4. Дау-дамай тудыру.

  5. Түсіну.



Ең алдымен конфликтте өз қызығушылықтарын жоғары бағалап, ал өз қарсыласының қызығушылықтарын – төмен деңгейде бағалайтын конфликтідегі мінез-құлық стратегиясы

  1. бәсекелестік

  2. бейімделу

  3. бірлесу

  4. ымыраға келу

  5. қашу



Адамдар арасындағы сенім мен күдіктенуден тұратын қатынас:

  1. Жеке қатынас.

  2. Қоғамдық қатынас.

  3. Әлеуметтік қатынас.

  4. Топтық қатынас.

  5. Қызметтік қатынас.



Латын тілінен аударғанда «конфликт» сөзі нені білдіреді:

  1. қақтығыс

  2. келісім

  3. іс-әрекет

  4. тежелу

  5. қозғалыс



Қақтығыстардың жағымсыз жағдайларын алдын алу және даму заңдылықтарын, оны шешу және жою әдістерін зерттейтін ғылым:

  1. конфликтология

  2. патопсихология

  3. нейропсихология

  4. дефектология

  5. логопедия



Конфликтіге түсушілердің максимальды дамуымен және оны шешуге максимальды тұлғалық шығындардың жұмсалуымен сипатталатын конфликт:

  1. конструктивті

  2. деструктивті

  3. шынайы

  4. ашық

  5. жабық



Өмірлік дағдарыстарға ұласатын немесе невротикалық реакциялардың дамуына әкелетін тұлғаның ажырауын күшейтетін тұлғаішілік конфликтілер:

  1. деструктивті

  2. конструктивті

  3. шынайы

  4. ашық

  5. жабық



Отбасылық конфликт – бұл:

  1. кез-келген отбасы мүшелерінің арасында болатын конфликт

  2. ерлі-зайыптылар арасындағы конфликт

  3. ата-ана мен бала арасындағы конфликт

  4. туысқандар арасындағы конфликт

  5. әр түрлі отбасылар арасындағы конфликт



Үшінші жақтың қатысуымен конфликтіге түсуші жақтардың проблемалық конфликтіні тоқтатуға мүмкіндік беретін, шешімін табу процесін қолайландырумен сипатталатын іс-әрекеттің арнайы түрі:

  1. медиация

  2. келісім

  3. делдалдылық

  4. ынтымақтастық

  5. ымыраға келу



Конфликтіні шешуге қатысатын маман:

  1. медиатор

  2. оппонент

  3. көмекші

  4. бақылаушы

  5. арбитр



Оппоненттердің конфликтіні жарым-жартылай келісімге келу арқылы аяқтау тілектерінен тұратын конфликтіден шығу стратегиясы

  1. ымыра

  2. бақталастық

  3. қашу

  4. бейімделу

  5. ынтымақтастық



Оппоненттердің конфликтідегі барлық жақтың мүдделерін қанағаттандыратын шешімді бірлесіп іздеуге бағдарланумен сипатталатын мінез-құлықтың ең тиімді, кооперативті стратегиясы:

  1. ынтымақтастық

  2. бақталастық

  3. қашу

  4. бейімделу

  5. ымыра



Бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рөлдерді орындауды талап етуден туындайтын конфликт:

  1. рөлдік қақтығыс

  2. тұлғааралық қақтығыс

  3. эмоциялық қақтығыс

  4. сезімдік қақтығыс

  5. жеке адамдар қақтығысы



Өндірістік қақтығыстың формалары:

  1. вертикаль және горизонталь

  2. тігінен және ортасынан

  3. жанынан және ортасынан

  4. шетінен және вертикаль

  5. шетінен және горизонталь



Оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас стилі

  1. педагогикалық стиль

  2. либеральдық стиль

  3. авторитарлы стиль

  4. директивті стиль

  5. демократиялық стиль



Халықаралық конфликт

  1. жекеленген мемлекеттер арасындағы конфликт

  2. жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде

  3. құндылық өзінше болмыс болмайды

  4. болмыс пен міндеттенуді ажырату

  5. әлеуметтен тыс феномен



Мінездің жекелей бітістері шамадан тыс күшейіп байқалатын норманың шеткі көрінісі бұл

  1. мінез акцентуациясы

  2. темперамент

  3. дарындылық

  4. данышпандық

  5. шеткі мінез-құлық



Конфликтінің түрлері

  1. тұлғааралық, тұлғалық, топтық, халықаралық

  2. типтік, тұлғалық, топтық, халықаралық

  3. тұлғалық, топтық, халықаралық

  4. тұлғааралық, тұлғалық, топтық, өзаралық

  5. тұлғааралық, тұлғалық, халықаралық, мектептік



Қарым-қатынас құралы:

  1. Тіл

  2. Ауыз

  3. Бас

  4. Мінез

  5. Тұлға



Ресейде алғаш эксперименталды психологиялық лабораторияны ашқан:

  1. В.М.Бехтерев

  2. И.М.Сеченов

  3. Г.И.Челпанов.

  4. И.П.Павлов

  5. А.Ф.Лазурский



Табиғи эксперименттің негізін салушы:

  1. А.Ф.Лазурский

  2. Р.Готтсданкер

  3. Дж.Кеттел

  4. Д.Кэмпбелл.

  5. В.Вундт



Конфликтінің пәні

  1. Екі жақтың келіспеушілігінен туындаған мәселе

  2. Өз тарапынан келіспеу

  3. Ұрыстың аяқталуы

  4. Шиеленістің ортасы

  5. Дау-дамайдың жауабы



Әлеуметтік интеллект түсінігін алғашқы рет енгізген ғалым:

  1. Эдвард Торндайк

  2. Карл Юнг

  3. Альфред Адлер

  4. Чарьз Дарвин

  5. Зигмунд Фрейд



Құндылығы мен нормалары жалпы әлеуметтік талаптарға сай келетін барынша жоғары дамыған топ:

  1. Ұжым

  2. Корпорация тобы.

  3. Ассоциация тобы

  4. Уақытша топ

  5. Референттік топ



Конфликт сөзінің балама аудармасы

  1. жанжал, дау-дамай, шиеленіс

  2. достасу, қоштасу

  3. татулық, күрес

  4. татулық, достық, достастық

  5. майдан, соғыс, ұрыс



Қазақстандағы психология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым

  1. Қ.Жарықбаев

  2. Л.С.Выготский

  3. Б.М.Теплов

  4. А.Құнанбаев

  5. Ы.Алтынсарин



Белгілі бір ұлттық қауымдастыққа тән тұрақты мінез ерекшеліктер бұл

  1. ұлттық мінез

  2. ұлттық дәстүр

  3. әдет-ғұрып

  4. темперамент

  5. ұлттық сана



Психологиялық құбылыстардың жіктелуі:

  1. Психикалық процесстер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлер

  2. Психикалық қасиеттер және психикалық жағдайлар

  3. Кәсіби және тұлғалық сапалар

  4. Жеке-даралық ерекшеліктер мен құндылықтар

  5. Психикалық процесстер мен кәсіби сапалар



Адамның жеке даралық ерекшеліктеріне жатады:

  1. темперамент, мінез, қабілет

  2. стимул, мотив, реакция

  3. түйсік, қабылдау, ойлау

  4. қиял, зейін, шығармашылық

  5. эмоциялар мен сезімдер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет