Психологтың кеңесі адам өзіне қалай сенімді болады?



бет1/3
Дата10.01.2023
өлшемі24,35 Kb.
#60771
  1   2   3

ПСИХОЛОГТЫҢ КЕҢЕСІ
Адам өзіне қалай сенімді болады?

  1. Өзіне және өз өміріне сенімді адам, өзінің жеке құндылықтары мен мінез ерекшеліктеріне еркін басшылық жасай алады.

  2. Әр адам өзіне – өзі жоғары төреші, өзінің ойы мен сезімін, мінез – құлқын өздігінше бағалауға толық құқылы.

  3. Әр адам өз әрекеті үшін біреудің алдында ақталмауға және кешірім сұрамауға құқығы бар, егер кінәсі болмаса.

  4. Әр адам өзінің шешімін өзгертуге толық құқығы бар, өйткені ол өзімен – өзі болғысы келуі мүмкін.

  5. Адам өзінің дүниетанымын, өз көзқарасын әр түрлі жағжайларға байланысты өзгертуге құқылы.

  6. Әр адамның бір нәрсені білмеуге құқығы бар.

  7. Әр адам қателесуі мүмкін.

  8. Әр адам біреудің қамқорлығынан тәуелсіз болуға құқығы бар.

  9. Әр адам өз еркімен қисынсыз шешімдер қабылдауы мүмкін.

  10. Әр адам тұспалды түсінбеуі мүмкін.

Оқушыларға жадынама
Тестілеуге қалай әзірленуге болады?Психологиялық даярлық қандай болуы керек?

  1. Даярлықты ертерек баста. Жағдайдың қиындалуын күтпе.

  2. Егер күшің мен ойыңды жинақтау қиын болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалды зерделеуге кіріс

  3. Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

Күн тәртібі. Күнді үш бөлікке бөл:

  • 8 сағат тестілеуге дайындал.

  • 8 сағат спортпен айналыс, таза ауада жүр,түнгі аспанға қарап арманда, серуенде

  • 8 сағаттан артық ұйықтама (11 сыныпқа 6 – 7,5сағат ұйқы жеткілікті)

Тамақтану: Күніне 3 – 4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек, Грек жаңғағы, сүт өнімдері, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад тағамдарын пайдалан.
Сабаққа дайындалатын орын:Өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр.Үстелге сары және күлгін түсті зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасыл – көгілдір түстердің болғаны – тыныштандырады, пайымдау жасағанда жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет