Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

СӨЙЛЕМ ІШІНДЕ ҚОЙЫЛАТЫН 
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ 
 
Үтір 
Нүктелі үтір 
Жақша 
Қос нүкте 
Тырнақша 
Сызықша 
Ер  өлсе 
де,  аты 
өлмейді. 
(мақал) 
Әкесінің 
баласы 
– 
адамның 
дұшпаны; 
Адамның 
баласы 
– 
бауырың. 
(Абай) 
Хакім 
(құлағын 
тігіп). 
Немене? 
Біреу 
келе 
жатыр  ма? 
(Ж.А.) 
Жалғыз 
қалған 
кемпірдің  неліктен 
қалғаны  да  түсінікті 
сияқтанды: 
ауру 
бала нарттай жанып 
жатыр. (Ғ.Мүс.) 
Жиылған 
ауыл  «бәлі» 
десіп 
Итемгенді 
жақтады. 
(Ғ.Мүс.) 
Ер 
азамат 
белгісі 
– 
түзде  мырза, 
әрі 
құл. 
(мақал) 
 
Үтір, оның қойылатын орындары 
 
Үтір  –  ең  көп  қолданылатын  тыныс  белгі.  Ол  сөйлемнің 
мағынасына, құрылысына байланысты қойылады. 
 
ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Бірыңғай 
сөйлем 
мүшелерінің 
арасы 
Қаратпа, 
одағай 
сөздерден 
кейін 
Қыстырма 
сөздерден кейін 
Оңашаланған 
айқындауыш 
сөйлемдерден 
кейін 
Құрмаластағы 
жай 
сөйлемдердің 
аражігінде 
Екі 
арада  Жігіттер, 
Мүмкін, 
онда  Қонақ 
үйде,  Үй 
іші 

 
105 
күрес, 
сайыс, 
жамбы 
ату, 
теңге 
ілу 
сияқты 
ойындар  жүріп 
жатты. (Ш.А.) 
ойын  арзан, 
күлкі қымбат. 
(Абай) 
Момын  шал  да 
дәл 
мұндай 
көрінгеннің 
айдауында 
жүрмес 
еді. 
(Ш.А.) 
дөңгелек 
үстел 
үстінде,  қызғылт, 
күңгірт 
сәулесі 
бар 
тас 
шам 
жанып тұр. (М.Ә.) 
кедейленген  соң, 
Қартқожа 
апасының 
аулында 
бала 
оқытып  тұр  еді. 
(Ж.А.) 
 
Ескерту.  Бірыңғай  мүшелерден  кейін  келетін  тағы  басқалары,  тағысын 
тағылар,  тағы  сондайлар  деген  сөздердің  толық  не  қысқарған  түрлері  келсе, 
олардың  алдынан  үтір  қойылмайды:  В.В.Радлов,  Н.Ф.Катанов,  С.Е.Малов, 
Н.А.Баскаков  т.б.  ғалымдар  түркі  тілдерін  топтауда  құнды  еңбектер  берді. 
(К.Аханов) 
 
161-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге үтір қойып, оны ережемен дәлелдеп 
түсіндіріңіздер. 
Шабандоздар  мінген  аттар  сапқа  сыймай  тыпыршып  ауыздықты 
сүзе  тартып  тұяқтарымен  жер  тарпиды.  (Ш.А.)  Бала  Қорықтағы 
үйлерді  сарайды  қора-қопсыларды  бүгін  көргендей  күле  қарайды. 
(Ш.А.)  Мүмкін  өстіп  жүргенде  кім  біледі  осы  жайылымда 
пайғамбарға  кездесіп  қалармын...  (Ш.А.)  Жалыныш-сағыныш  па 
өкініші мен өтініші ме әйтеуір тебірене қайырды. (С.Ш.) Тегі ол жұрт 
көңілінің қызығы мен сыйы болып  тұрғысы келетін адамдар  тобына 
жатпайды. (С.Ш.) Неге екенін кім білсін оның баласы да менің апама 
ұқсап  анасын  іздеп  жүріп  от  ішінде  қалған  сияқтанды.  (С.Ш.) 
Сонымен  біраз  томсарып  отырып  барып  қайта  қыбырласқанда 
Құнанбай  ойдағы  сөзін  бастады.  (М.Ә.)  Тегіс  сойыл  найза  айбалта 
шоқпар  ұстаған  шабуыл  мен  соғысқа  әзірленген  қол.  (М.Ә.)  Бар 
түйенің  үстіне  артылған  жүктерді  жапқан  өңшең  қара  кілем  қоңыр 
алаша қарала текемет көрінеді. (М.Ә.) 
 
162-жаттығу. 
Мәтінді  мәнерлеп  оқып,  үтірдің  қойылу  себебін 
түсіндіріңіздер. 
І. Ертеңіне түске тармаса Ұлпанымен Есеней, Есенейімен Ұлпан 
келді...  Екі  үйлі  «түрікпен»  қыстауының  айналасы  құлпырып  тұр 
екен.  Қардың  суымен  тез  өсіп  шашақтана  бастапты.  Одан  әрі, 
жарқырап  жатқан  көлге  дейін,  қара  топырақты  жерге  шығатын  мың 
түрлі  асыл  шөптер  гүл  атып,  қызылды-жасылды  шұбартып  жатыр. 
Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл, көк гүлдері де қою көрінеді. Әр 
жерге  топталып  өскен  тікендер  алтындай  жарқыраған  сары  гүлдерін 
төгіп  тұр.  Ауылдың  азғана  малы  көк  жазыққа  тұяғын  да  тигізбеген 
сияқты.  Балғын  көктем  бар  ажары  мен  мырзалығын  төге  салған 

 
106 
қалпында  тұр.  Қыстаудың  өзі  де  шоқ  ағаштың  қойнауына  салынған 
екен.  Жазғытұрғы  самал  жел  ақырын-ақырын  ескектеп,  көк  дүниені 
тербетіп  қояды.  Қазақ  мұндай  жерді  көргенде,  аунап-аунап  алғысы 
келеді. 
Ұлпан  пәуескеден  түсе  сала,  көзін  жұмып,  мұрнын  дала  иісіне 
тосып, бір-екі кеудесін кере дем алды. 
(Ғ.Мүсірепов «Ұлпан») 
 
ІІ.  Қымыз  –  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  үздіксіз 
пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен 
қатар  халықтың  қасиетін,  дәулетін,  салтанатын,  байлығын, 
мырзалығын,  дастарқан  берекесін  білдіретін  ырыс  белгісі.  Басқа 
тағамдарға  қарағанда  қымызды  дайындаудың  әдіс-тәсілдері,  салт-
дәстүрлері, ырымдары мен кәде-жоралары көп. 
Көктем  туып,  құлындаған  бие  байланып,  сауылады.  Биенің 
ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі-үш 
күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі  өзі ішпейді, дәстүр 
бойынша ауылдың үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. 
Мұны қымыз мұрындық дейді. 
Дайындау  әдісіне,  қасиетіне,  сапасына  және  сақталу  уақытына 
байланысты халқымыз қымызды бірнеше түрге бөледі. Және олардың 
әр түрін жылқы жасы атауымен атайды. 
Уыз  қымыз  –  биені  алғаш  байлап,  жаңадан  ашытылған  қою 
қымыз. 
Бал  қымыз  –  жылқының  сүр  қазысын  қосып,  әбден  бабына 
келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, 
дәмді, жұғымды, тұщы болады. 
Құнан қымыз – екі түн сақталған, толық ашыған қымыз. 
Дөнен қымыз – үш түн сақталған, өте күшті қымыз. 
Бесті қымыз – төрт түн сақталып, ашуы әбден жеткен қымыз. 
Мұнымен  қатар  шөп  буыны  қатып,  күзде  сауылатын  қымызды 
сары  қымыз  дейді.  Мұның  қуаты  күшті  әрі  емдік  қасиеті  де 
жоғарылай  түседі.  Қыста  қысыр  биелерді  қолда  ұстап  сауып,  оны 
қысырдың қымызы дейді. Бұл нағыз сапалы, қасиетті дәру сусын деп 
бағаланады.  Қулық  биенің  (алғаш  құлындаған  бие)  қымызын 
қысырақтың  қымызы  дейді.  Жас  биенің  сүті  болғандықтан  бұл 
бірнеше  құлындаған  биенің  қымызынан  қуаты  да  жоғары  болады. 

 
107 
Бұрынғы  қымыздың  үстіне  саумал  қосылса,  оны  түнемел  қымыз 
дейді. 
Қымыздың  бапталып,  күтілуі  де  үлкен  жұмыс.  Ол,  негізінен, 
жылқы  терісінен,  емен,  арша  сияқты  ағаштан  жасалған  ыдыстарға 
дайындалады.  Теріден  жасалған  ыдыстың  үлкенін  саба,  кішісін  мес, 
торсық деп атайды. Ол арша, тобылғымен, қайың қабығымен жиі-жиі 
ысталып,  майланып  отырады.  Сабадағы  қымызға  жылқының  шикі 
қазысын  салып  көп  пісілген  қымыз  қуаты  күшейіп,  сапасы  артады, 
ащы  дәмі  де  азая  түседі.  Көп  пісіліп,  ащы  дәмі  кеткен  қымызды 
өлтірілген қымыз дейді. Бұл өте жақсы деген ұғымды білдіреді. 
Қымыз – әрі сусын, әрі тағам, дертке шипа, жанға қуат. Дәулетті 
адамдар қымызды жазда да, қыста да ішіп отырған. Қымызды піскен, 
сапырған  сайын  хош  иісі  артып,  тәбет  ашыла  түседі.  Қымыз 
ыдыстары  да  бөлек  ұсталып,  оны  қымыз  шара,  қымыз  аяқ,  қымыз 
ожау деп қастерлеп айтады. 
Бие  ағытылар  алдында  соңғы  қымызды  ауыл  адамдарын 
шақырып,  батасын  алатын  халықтық  жақсы  дәстүр  бар.  Мұны  сірге 
жияр деп атайды. 
Бұл  қымыз  елдің  шипалы  сусыны,  азығы  ғана  емес,  мақтанышы 
мен  салтанаты  да  болған.  Бұрынғы  замандарда  өткен  ас,  той,  хан 
сайлауларында  арнайы  апаратын  сый-сияпат,  мырзалықтың  да  бас 
белгісі  осы  қымыз.  Бұған  келген  мырзалар  мен  байлардың, 
жақсылардың  қай  дәрежеде  келгені  осы  қымыз  бен  сойыс 
мөлшерімен  есептелген.  1860  жылы  Ұлытауда  Бағаналы  Найман 
елінің белгілі азаматы Ерден Сандыбайұлына ас берілгенде оған 1000 
саба  қымыз  әкелінген.  Сонда  әр  сабаны  шамамен  100-150  литрден 
есептегеннің өзінде 150000 литр қымыз құйылған. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
163-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  үтірдің  қойылуына  назар 
аударыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
Баянауланы көргенде 
Ежелден есіміңе ғашық едім, 
Баурады Баянауыл асыл лебің. 
Қаныштың бұйра шашы секілденіп, 
Көрінді орман, тоғай, жасыл белің. 
 
Орансаң табиғаттан сыйға қалың, 

 
108 
Жаннатсың, бар сырыңа иланамын. 
Көз екеу болғанменен, тілім біреу, 
Барыңды жеткізе алмай қиналамын. 
 
Кербез төр қарай берсем ғажабыңа, 
Ақбет тау қыздай екен ажары да. 
Аққұба Қаныш маңдай шың көрінді
Ақ шағыл тастар тартып назарына. 
 
Лүпілі жүрегімнің басылмады, 
Жер мен көк, су мен сәуле жасыл бәрі, 
Жарқырап үнсіз жатыр Жасыбай көл, 
Қаныштай күлім қаққан жасындағы. 
 
Бірлікті бар қазаққа ырымдаған, 
Көрінді мінсіз таза ғұмыр маған. 
Ағаш та, су да, тау да 
Айтып жатты, 
Балдырған бала Қаныш сырын маған. 
(К.Салықов) 
 
Қаратпа сөздердің тыныс белгілері 
 
Ойдың кімге, неге арналғанын білдіретін, тыңдаушының көңілін 
өзіне  аудару  үшін  жұмсалатын,  сөйлемдегі  басқа  сөздермен 
байланысқа  түспей,  грамматикалық  дербестігін  сақтайтын  оқшау 
сөзді қаратпа сөз дейміз. Қаратпа сөзден кейін үтір, кейде леп белгісі 
де қойылады. 
 
ҚАРАТПА СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Қаратпа сөздің сөйлемнің 
басында келуі 
Қаратпа сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қаратпа сөздің сөйлемнің соңында 
келуі 
Жапырақтар-ау, 
сыбдырлап 
жерге 
төгілгенше,  шерлі  сұлуға 
сая болсаңдаршы! (Ж.А.) 
–Жоқ, Сүйіндік аға, білейік 
деп 
сұраймын. 
Сіздің 
үстіңізден шағым жиям деп 
сұрамаймын ғой! (М.Ә.) 
–  Астапыралла,  не  боп  қалды, 
шырақтарым-ау?  –  деді  Момын 
мен кемпір қосарланып. (Ш.А.) 
 
164-жаттығу.  Қаратпа  сөздердің  тыныс  белгілерін  қойып,  сөйлемнің  қай 
шенінде келгенін айтыңыздар. 

 
109 
Қаратай  сендерге  берілген  су  егістікке  жетпей,  тазармаған  арқы 
табанымен  ақпай,  беталды  қашып,  сай-сайды  қуалап  жоғалып 
жатады. (Ш.А.) Керімбала күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге 
салсақ  та,  құлқыным  таза  дей  алар  ма  екенсіз  Абай?»  –  деп,  сезігін 
айта  бастады.  (М.Ә.)  –  Шырағым-ау  осы  анада  Бөжекең  аулына 
жіберген қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіп қиды соны? Жылатып 
айырып,  қайтіп  қана  жіберді  екен?  –  деп,  бір  жағынан  наразы  боп, 
сұрастыра  бастады.  (М.Ә.)  –  Сүйіндік  аға  осы  мына  сіздің  жердің 
алдындағы  Қарауыл  дейтін  жалғыз  биік  не  себепті  Қарауыл  атанды 
екен? – деді. (М.Ә.) – Тұра ғой айналайын жылырақ киініп ал, маған 
көмектесесің.  Тұр,  тұра  ғой,  ұйқыңды  аш!  –  деді  сыбырлап  шал. 
(Ш.А.)  –  Мынауың  тамаша екен  Құлбек,  –  деді бұлармен қатар  келе 
жатқан  шофер  жігіт.  (Ш.А.)  –  Мә  балақай  бар  да  ана  шоққа  салып 
пісіріп же! Дүниеде маралдың бүйрегінен тәтті тағам болмады, – деді. 
(Ш.А.)  –  Шыдай  тұрыңдар  қошақандарым.  Ертең  кешке  дейін  ғана 
шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеңнің пышағы қайраулы көрінеді. Шыдаңдар, 
–  деп  Айгүл  әр  қозының  басын  бір  сипады.  (Ғ.Мүс.)  –  Шырағым-ау 
мынау бұғылар ғой, бұлар мұнда қайдан жүр? (Ш.А.) 
 
165-жаттығу. Абай өлеңдеріндегі қаратпа сөздерді тауып, мәтінді көшіріп 
жазыңыздар.  Қаратпа  сөзге  байланысты  қойылған  тыныс  белгілерін 
түсіндіріңіздер. 
 
Жүрегім, нені сезесің 
Сенен басқа жан жоқ па? 
Дүниені, көңілім, кезесің, 
Тиянақ жоқ па, қой, тоқта! 
*** 
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат, 
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. 
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік 
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. 
*** 
Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің, 
Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. 
Жан құмары дүниеде немене еккен –  
Соны білсең әрнені білгендерің. 
*** 
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің? 

 
110 
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт. 
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің, 
Сырласалық, бермен қайт. 
 
166-жаттығу.  М.Шаханов  өлеңдерінен  қаратпа  сөздердің  сөйлем  ішінде 
орналасу тәртібіне қарай 2 мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
 
Қаратпа сөз басында 
Қаратпа сөз ортасында 
Қаратпа сөз соңында 
 
 
 
 
167-жаттығу. Драмалық шығармадағы қаратпа сөздерді тауып, сөйлемнің 
қай  шенінде  келгенін  айтыңыздар,  тыныс  белгілерінің  қойылуын 
түсіндіріңіздер. 
 
Қанапия мен Шәрбану 
(Үзінді) 
Шәрбану кіріп келіп, Қанапияны көріп, именген, қуанған сипатты 
қызарып,  шешесінің  қасына  келіп,  бір  қолымен  жер  таянып  отыра 
кетеді. 
Қанапия (қозғалып, ажарланып). Көңілі-қарың тиыш па?! 
Шәрбану (бір қолымен иегін ұстап). Шүкір. 
Ұмсынай.  «Кімді  айтса,  сол  келеді»  деген  рас-ау,  сені  ауызға 
алғанымыз сол еді. 
Шәрбану (Қанапияға көзін төңкеріп, қылымси қарап). Апа, менің 
не керегім бар? 
Ұмсынай.  «Қайда  кетті»  деп  Қанаш  сұрағанға  айтам.  Қарағым, 
Қанашқа самауыр қайнат. Ана шелекте су тұр. 
Шәрбану  (ынтасы  Қанапияға  ауып,  апасының  сөзін  естімейді). 
Апа, маған не істе дедің? 
Ұмсынай  (ұршығын  иіріп  отырып).  Қанашқа  самауыр  қайнат 
деймін. 
Шәрбану (аздан соң). Ағаш бар ма еді, апа? 
Ұмсынай. Ескі қораптың малы жатқан, түйенің құмалағын қосып 
қайнатарсың! 
Шәрбану  (көңілі  бөлініп  отырып).  Апа,  әлгі  не  қайда?  Немене 
еді? Есімнен шығып кеткенін қарашы. Е, сіріңке, сіріңке. 
Ұмсынай.  Сіріңке  жүктің  арасында  шығар.  (Шәрбану  шелекті 
алып шығады.) 
(Ж.Аймауытов) 
 

 
111 
168-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үтір  және  леп  белгісімен  келген, 
сөйлемнің  түрлі  шенінде  (басында,  ортасында,  соңында)  орналасқан  қаратпа 
сөздерді тауып, әр түріне екі мысалдан жазыңыздар.  
 
169-жаттығу. Мәтіндегі қаратпа сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып, 
жаттығуды көшіріңіздер. 
(Жер  хабарын  бермесін)  Табай  сараң  адам  екен.  Жолаушылап 
келе  жатқан  Торғай  дуанының  елге  белгілі  екі  биі  Қорғанбек  пен 
Дәуренбек Табай ауылының сыртына келіп түсуге рұқсат сұрапты. 
–  Қонақ  күтетін  уақытым  жоқ,  –  депті  Табай.  Бұған  қатты 
ренжіген екі би аттанып кетіпті. 
Келесі  жылы  сол  екі  бидің  ауылына  Табай  келіп  түсуге  рұқсат 
сұрапты. Былтырғы іске қатты өкпелеген билер «кет» демесе де, онша 
жақсы рай таныта қоймаса керек. 
Табай сонда ауыл ортасындағы қотанға келіп ат ойнатып: 
– Уа қу құдай Билігіңе таласқан жоқпын қу құдай Мырзалығыңа 
таласқан  жоқпын  қу  құдай  Байлығыңа  таласқан  жоқпын  қу  құдай 
Өзің берген сараңдығың бар еді, мына Шақшақ балалары оны да алам 
деп  сіресіп  жатыр  қу  құдай  Енді  маған  не  қалды  қу  құдай  –  деп 
айнала шапқан екен дейді. Мұны естіген билер: 
–  Бір  ашуыңызды  беріңіз  Тебеке  Қателік  бізден  екен,  –  деп  ат 
үстінен көтеріп алған екен дейді-ау. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
Қыстырма сөздердің тыныс белгісі 
 
Баяндап  отырған  мәселеге  автордың  көзқарасын,  өзіндік  пікірін, 
түрлі  сезімін  аңғарту  үшін  қолданылатын,  сөйлемнің  басқа 
сөздерімен  байланыспай,  оқшау  тұратын  сөздерді  қыстырма  сөз 
дейміз. 
 
Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері 
Кісінің 
көңіл 
күйін, 
сезімін 
білдіретін 
сөздер 
Айтылған 
ойға 
нануды, 
жорамалдауды 
білдіретін сөздер 
Айтылған 
ой 
кімнің 
тарапынан 
шыққанын 
білдіретін 
сөздер 
Ойдың  желісін,  ретін 
білдіретін сөздер 
Тыңдаушын
ың  назарын 
аудару  үшін 
айтылатын 
сөздер 
амал 
қанша, 
бақытымы
зға  қарай, 
әрине, 
әлбетте, 
рас, сөз жоқ, сірә, 
мүмкін,  шамасы, 
расында, 
...  айтуынша, 
...  айтқандай, 
меніңше, 
сеніңше,  ...,  ... 
біріншіден,  ...,  ...  әуелі, 
алдымен, 
демек, 
сөйтіп, 
қысқасы, 
ақырында, 
әйтеуір, 
айталық, 
өздеріңізге 
мәлім,  көріп 
отырсыз, 

 
112 
несін 
айтасың 
т.б.  
шынында, 
бәсе, 
бәлкім, 
айтпақшы, 
шынын 
айту 
керек, 
өзіңіз 
білесіз т.б. 
ойынша, 
әлі 
есімде, 
ұмытпасам 
т.б. 
ендеше, 
керісінше, 
мысалы, 
негізінен, 
сосын, бір жағынан, ..., 
бір  сөзбен  айтқанда, 
былайша 
айтқанда, 
сайып келгенде т.б. 
шынында, 
міне, 
әне, 
қане, 
байқаймын, 
байқайсыз 
ба т.б. 
 
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН
 
ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
басында келуі 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің соңында 
келуі 
Әрине, 
оған 
теңіз 
жағасының  сүреңсіз,  жүдеу 
тірлігі 
ұнамасы 
анық. 
(Ә.Н.) 
Бірақ,  амал  қанша,  баланың  осы 
бір  әділ  арманын  ескеріп,  іске 
асырып  жатқан  үлкендер  жоқ. 
(Ш.А.) 
Қартайған  шақта  жай 
жүруге 
көндігейін 
деген-ау, сірә. (Ш.А.) 
 
Ескерту. Не, немене, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер айтушының белгілі 
бір  сезіміне  орай  қолданылғанда,  қыстырма  сөз  ретінде  үтірмен  бөлінеді: 
Қалай, құлағың ашылды ма? (М.Ә.) 
Мағынасы  жағынан  қыстырма  сөздерге  ұқсас  келетін,  дауыс  кідірісімен 
айтылатын ал, тіпті, дегенмен, алайда, бірақ, тек, сондай-ақ, сонымен қатар, 
әсіресе деген сөздер сөйлемнің басында не жай сөйлемнің ішінде үтір арқылы 
бөлінбейді:  Ал  Әмір  болса  сол  балалар  ішіндегі  әнші,  өнерлісі  болып  келеді 
(М.Ә.) 
 
170-жаттығу. 
Сөйлемдерді  көшіріп,  қыстырма  сөздердің  тыныс 
белгілерінің қойылуына назар аударыңыздар. 
Бірақ тайпалма жорға Гүлсары Александровка қырқасынан соңғы 
рет  асқанын,  енді,  міне,  ақырғы  аттам  жерлер  жүріп  келе  жатқанын 
Танабай  білген  жоқ  еді.  (Ш.А.)  Байтақ  бұрын  қазақ  тілінде  зат  есім 
мағынасында  қолданылып,  «белгілі  бір  этникалық-территориялық 
единица»  (мысалы,  хандық  сияқты),  «ел,  жұрт»  деген  мағынаны 
білдірген. (Р.С.) Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық 
мағына  білдіре  алмайтын  қалдық  формалар  да  бар  екен.  (С.И.) 
Сөйтіп, қаланың ұлығы мен даланың сойқанды бұзығы Абайға қарсы 
іштей  табысқандай  боп  айырылысты.  (М.Ә.)  Еміс-еміс  естуімше, 
қыздың бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға 
мен  жіберетін  өлеңдердің  біреуін  түсіріп  алады.  (С.М.)  Расында, 
бұрын  бұл  өзін  «аға  сұлтан  Құнанбай  баласымын»  дейтін  де,  «бар 
Құнанбайдың  есебі  түптің  түбінде  бір  жерден  шығады»  деп  білетін. 
(М.Ә.)  Сөз  жоқ,  мұндай  феномендер  ертедегі  әдеби  мұраларды  тілі 

 
113 
жағынан  біршама  өзгертпей  жеткізуге  себепкер  болғанға  ұқсайды. 
(Р.С.) 
 
171-жаттығу.  Мына  қыстырма  сөздерден  сөйлем  құрап,  олардың 
мағыналық жақтарына түсінік беріңіздер. 
Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, 
негізінен,  амал  қанша,  шынын  айту  керек,  бір  сөзбен  айтқанда, 
меніңше, әрине, бақытымызға қарай, алдымен. 
 
172-жаттығу.  Қыстырма  сөздерді  тауып,  қаратпа  сөздермен  салыстырып, 
ұқсастық, айырмашылығына тоқталыңыздар. 
Енді, міне, ана баурындағы соңғы алданышы – қырықтан асқасын 
көтерген  сүт  кенжесі...  (Ә.Н.)  Әне,  әншиіндегі  қақпақтай  кең 
жауырыны  күжірейіп  тартып  барады.  (Ә.Н.)  Рас,  ол  кісі  мойнында 
кегін жібермейтін жау. (Ә.Н.) Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы 
мен  жарық  та  кезек  жеңіп,  тірлік  үшін  бұлар  да  тартысып  жатады. 
(Ә.Н.)  Шамасы,  сірә,  бұл  ат  та  Кәлен  қолынан  шыққан  болар  деп 
ойлады.  (Ә.Н.)  Рас,  түн  ішінде  адасып  кетуі  де  кәдік  еді,  бірақ 
Танабай  бұл  жерлердің  ой-шұқырын  бұрыннан  бес  саусағындай 
білетін, тек ат шыдаса болғаны. (Ш.А.) Бәлкім, ол жорғаға мінгісі де 
келмеген  шығар.  (Ш.А.)  Рас,  Танабай  әлі  әрі-сәрі,  бірақ  Шора 
көндіретінін  іші  сезеді,  бұ  жолы  да  Шораның  айтқанынан  шыға 
алмас. (Ш.А.) Әлбетте, мал болған соң, шығынсыз болмайды.  (Ш.А.) 
Шынында,  Сарыбек  бүгін  әдейі  бел  шешіп  салғыласуға  кіріскендей, 
досының  да,  басқалардың  да  беделіне  қарамай  сөйлеп  тұр.  (Ш.А.) 
Жалғыз тісінің өзі найзадай болып бес-алты метрге салбырап кеткен 
кереметтен  қорықпауға  болар  ма  екен,  сірә?  (С.Ш.)  Оның 
білдіруінше,  бұл  адамдар  арасында  тағы  да  бітпейтін  кесір  дау  бар. 
(М.Ә.) Міне, жайқалған егін арасынан әлдебір төмпелер қылаң береді. 
(С.Ш.) Қысқасы, бір құдіретті қолдың күшімен үй де, күн де өзгеріп, 
айрықша  нұрланып  кетіпті.  (С.Ш.)  Сөйтіп,  осы  белдің  ойына  қарай 
құлай  бергенде,  жорға  Жұмабай  арт  жағынан,  сол  иығы  тұсынан 
тасырлатып  кеп  қосылған  бір  дүсірді  есітті.  (М.Ә.)  –  Әділет,  сенің 
ойыңша,  біреудің  басына  күн  туса,  соның  орнын  тартып  алу  ғой? 
(М.Ә.) 
 
173-жаттығу.  Өздеріңіз  сүйіп  оқитын  ақындарыңыздың  өлеңдерінен 
қыстырма сөздер кездесетін өлең шумақтарын көшіріп жазыңыздар. 
Мысалы,
 Аспан тұр, міне, күркіреп, 

 
114 
Шөміш қақ, әже, ырымдап. 
Көктер ме егін дүркіреп, 
Көк биең аман құлындап. (М.Мақатаев) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет