Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

174-жаттығу.  Қыстырма  сөздердің  сөйлемдегі  айтылған  ойға  қандай 
мағыналық реңк үстеп тұрғанын ашып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Енді  міне  Ақлима  апай  көрінген  жұртқа  балам  келе  жатыр  деп 
күтіп отыр. (Ғ.Мүс.) Әрине негізгі сөзге тіркескен көмекші сөздің бәрі 
бірдей  сөздің  аналитикалық  формасын  жасай  бермейді.  (С.И.)  –  Е, 
төрелер,  жол  болсын!  Қаладан  келесіздер  ме?  Жол  шеті?  Не  ретпен 
шығып едіңіздер? Жай ма, тыныштық па әйтеуір? (Ғ.Мүс.) Сөйтіп сөз 
әртүрлі  тұлғалар  арқылы  түрленудің,  сөзге  түрлі  форма  тудыратын 
тұлғалардың  қосылуы  нәтижесінде  оның  көптеген  формасы  пайда 
болады.  (С.И.)  Айтқанындай  түн  асып,  ертеңгі  күн  бесінге  жеткен 
шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары түгелімен 
Тәкежанның қалың қос жылқысын тұп-тұтас, қызыл жоса қан қылып, 
қырып салды. (М.Ә.) Грамматикалық форма деген ұғымға ең алдымен 
сөзге,  түбірге  үстелетін  қосымшалар,  сондай-ақ  префикстер  мен 
жүйелі  түрдегі  ішкі  флексия,  супплетивтік  тәсіл  жатады.  (С.И.)  Ең 
әуелі жайдақ суға теңгердіңіз... Екінші ел алатын тәсілді  айттыңыз... 
Үшінші  орысты  айттыңыз.  (М.Ә.)  Бүгін  қойды  кеш  сауып  болған  ба 
немене  ымырт  жабылып  қалыпты.  (М.Ә.)  Ербол  досына  жаны 
ашығандай  сөйледі:  «Бәсе  жүзі  де  ашаң  тартыпты...  Нені  мұңдап 
кеттің  тағы  да?»  –  деп,  енді  Абайға  ұзақ  қарады.  (М.Ә.)  Олардың 
айтуынша дәл осы отырған ұры, исі Арғын, Наймандағы ең бір барып 
тұрған қаныпезер баукеспенің өзі. (М.Ә.) 
 
175-жаттығу.  Мәтіннен  қыстырма  сөздері  бар  және жоқ сөйлемдерді бір-
бірінен  ажыратып,  тиісті  тыныс  белгілерін  қоя  отыра,  бағанға  бөліп 
жазыңыздар. 
Үлгі 
Қыстырма сөзі бар сөйлем 
Қыстырма сөзі жоқ сөйлем 
Немене
шабыныңды 
басар 
деп 
қорқамысың? 
Немене 
айтып 
отырғаныңды 
өзің 
түсінемісің? 
 
Оның  кешігіп  жүруі  мүмкін  емес.  Мүмкін  бұл  Максим 
Горькийдің  жазған  беташарының  әсері  болар.  Бала  кезде  естіген 
ертегілерім әлі есімдеӘлі есімде бір күні тауға шықтық. Биыл несін 
айтасың  егіннің  шығымы  өте  жақсы!  Бұл  сөзді  бұрын  мен 
естігенмін,  қайталап  оны  несін  айтасың.  Мен  саған  бірдеңе 

 
115 
айтпақшы  едім.  Айтпақшы  сол  жүнді  колхоздың  отарларында 
тонналап  қырқып  жатады...  (Ш.А.)  Рас  қазақ  тілінде  адамға 
байланысты  есім  сөздер  тікелей  жіктеледі  де,  жіктік  жалғау  тікелей 
сол түбірге жалғана алады. (С.И.) Оның айтқаны рас екен. Екінші ел 
алатын  тәсілді  айттыңыз.  (М.Ә.)  Екінші  тілек  тілеңіз,  Ер  шұғыл 
пасық залымның Тіліне еріп азбасқа. (Бұқар жырау) 
 
176-жаттығу.  Мәтінді  қыстырма  сөздердің  тыныс  белгілерін  қойып, 
көшіріңіздер. Қыстырма сөздердің астын бір, қыстырма сөз тіркестерінің астын 
екі, қыстырма сөйлемдердің астын үш сызықпен сызыңыздар. 
Осы  кезде  Құнанбайға  Жексен  шаққан  болу  керек  әкесі  Абайға 
айғайлады.  (М.Ә.)  Байжанның  қолына  түскен  материалдарға 
қарағанда ұзын сөздің қысқасы осы дәуірге шейін Сырдың асау суын 
бағындырған  бір  ел  де,  бір  мемлекет  те  болмаған.  (С.М.)  Сөз  жоқ 
барлық сөздер әрине олар грамматикалық сипаты жағынан белгілі сөз 
таптарына жатады, «тілдің сөздік құрамына енеді», бірақ бұл екеуі екі 
түрлі құбылыс қой. (С.И.) Шыңғыстан Жақып, Шоқан (жұртқа мәлім 
Шоқан  Уәлиханов),  Мақы,  Махмет  туады.  –  Астапыралда  (солай 
дейтін  оның  кейде  әдеті  болушы  еді)!  –  деді  Итбай.  (С.М.)  Сөйтіп 
сөздерді біріктіру, тіркестіру, қосарлау (сөзжасамға қатыстысы) жеке-
жеке сөзжасам үлгілері болып табылады. (С.И.) Өлең шарттылығына 
байланысты  және  белгілі  бір  регион  тұрғындарына  (Қ.Өмірәлиевше 
Батыс  Қазақстан  өлкесіне)  біршама  түсінікті  болғандықтан,  кейбір 
лексикалық  және  грамматикалық  көнеліктер  өзгермей  жеткен.  (Р.С.) 
– Ақыл аға! Осы айтқаныңыз мен білсем талай хакім, ойшылдардың 
да  сан  кітаптарында  осылайша  қойған  сауалы  сияқты...  –  деп 
Мағашқа қарады. (М.Ә.) 
 
177-жаттығу. Көркем шығармалардан қыстырма сөздерге, сөз тіркестеріне 
және сөйлемдерге бес мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
 
Қыстырма сөздер 
Қыстырма сөз тіркестері 
Қыстырма сөйлемдер 
 
 
 
 
178-жаттығу.  Мәтіннен  үлгіге  сәйкес  қыстырма  сөздері  бар  я  жоқ 
сөйлемдерді бір-бірінен ажыратып, тыныс белгілерін қоя отыра, бағанға бөліп 
жазыңыздар. Ережемен дәлелдеп түсіндіріңіздер. 
Үлгі 
Қыстырма сөздері бар сөйлемдер 
Қыстырма сөздері жоқ сөйлемдер 
Әрине,  жақ  пен  жіктелу  ұғымы  бір-біріне 
толық балама емес. (С.И.)  
Қорыққаннан  тіпті  даусы  шықпай  қалды. 
(Ә.Н.) 

 
116 
 
Әсіресе  Тәңірберген  болыстық  қолда  тұрғанда  теңіз  жағасының 
шұрайлы шабындығын өздеріне қаратып алғысы кеп, софы ағасының 
дегеніне көнбей қойды. (Ә.Н.) Сөйтіп ілік септік пен тәуелдік жалғау 
арқылы  тіркескен  сөздер  арасындағы  байланыс  түрі  өте  күрделі. 
(С.И.)  Бірақ  көптен  бері  күн  жылымық  тартып,  ұлы  теңіз  ұстаса 
қоймайды.  (Ә.Н.)  Сондай-ақ  қалып  етістіктері  есімдерше  етістік 
тұлғаларының  ішінде  есімше  жіктеледі.  (С.И.)  Ал  кең  жайлау  көз 
жеткен  жерге  дейін  шұбыртқан  мал.  (Ә.Н.)  Ең  алдымен  етістік 
семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әртүрлі өзгеріс, 
құбылысты  білдіретін  сөздер  болып  табылады.  (С.И.)  Ал  әлгі 
қолжетпес  жадыра  жаздың  керемет  дүниесі  бұрқасынның  бұрқ-сарқ 
сарынына  үн-түнсіз  батып  кетіп,  біржола  ғайып  болды.  (Ш.А.)  – 
Қысқасы  жұрт  жұмыста  жүргенде,  біздің  бүйтіп  шуақтап 
отырғанымыз  келіспейді,  солай  емес  пе?  (Ғ.Мүс.)  Жорғаның  бүкіл 
түр-тұлғасын,  тіпті  алдыңғы  оң  аяғының  шашасына  біткен 
қарақошқыл мүйізге дейін көрді. (Ш.А.) Тіпті анамның қыр мұрынды 
қызыл  жүзі,  қалың  келген  қара  қасы,  басын  әнтек  бұрып,  төмен 
отырып келгенде көрінетін ақ тістері де көз алдымда. (С.Ш.) Сондай-
ақ  сапалық  және  қатыстық  сын  есімдердің  ара  жігін  ажыратуда  да 
кейде  қиындық  туып  отыратынын  да  ескерте  кеткен  жөн.  (С.И.) 
Сондықтан  салттылық-сабақтылық  сипатты  етістіктің  лексика-
грамматикалық  категориясы  деп  таныған  жөн.  (С.И.)  Сонымен 
кәдуілгі жұрттан оқшауланып, үйсіз-күйсіздерге қосыла алмай, көзге 
шыққан сүйелдей жалғыз қаңғырдым да қалдым. (Ғ.Мүс.) Әрине үш-
төрт ұрпақты қамтитын бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде қазақ 
қауымынан  шыққан  сөз  зергерлері  бұдан  әлдеқайда  көп  болғаны 
даусыз. (Р.С.) 
 
179-жаттығу.  Қыстырма  сөздерді  пайдалана  отырып,  «Біріншіден,  не 
жаман?» тақырыбында эссе жазыңыздар. 
 
Одағайлардың тыныс белгілері 
 
Кісінің  көңіл-күйін,  сезімін  білдіретін,  сөйлемдегі  өзге 
мүшелермен  синтаксистік  байланысқа  түспейтін  сөздерді  одағай 
сөздер дейміз. Одағай сөздерден кейін кейде үтір, кейде леп белгісі де 
қойылады. 
 

 
117 
ОДАҒАЙ СӨЗДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚОЙЫЛАТЫН ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Одағай сөздің сөйлемнің 
басында келуі 
Одағай сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Одағай сөздің сөйлемнің 
аяғында келуі 
–  Қап,  кетіп  қалды-ау,  – 
деді  Көкетай  санын  бір 
соғып. (Ш.А.) 
–  Мұның  не,  әй,  сірі  тақым? 
Шөп ұрлап жатыр ма екен? – 
деді үй иесі. (Ғ.Мүс.) 
Бүгінгі  дос  –  ертең  жау,  Мен 
не қылдым, япырмау?! (Абай) 
 
180-жаттығу. Одағай сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды 
көшіріңіздер. 
–  Ананы  қара,  ананы  қараңдар!  О  ғажап  –  деді  ең  алдымен 
Сейдахмет. (Ш.А.) – Ах шіркін мылтық болар ма еді?! Ең аз дегенде 
екі центнер ет бар-ау ә шамасы? – деді Сейдахмет аузынан қағынып 
(Ш.А.).  –  Е-е  бір-екі  рет  еңбегін  еш  қылса,  «итше  жер  тырмалап 
жаман  ырым  бастама!»  десе,  өзі  де  көшеді,  –  деп  Әзімбай  атынан 
түсіп,  жайланып,  бел  шешіп  жатыр.  (М.Ә.)  –  Қандай  ғажап  ә  –  деді 
бадырақ  көз,  сырттай  жуас  көрінетін  шофер  бала  шыдамай.  – 
Фотоаппаратымды  ұмытып  кеткенімді  қарашы,  түсіріп  алғанымда 
оңды  болатын  еді  (Ш.А.).  –  Моһ-моһ  –  деп  мұрнынан  күліп, 
Сейдахмет  жүре  беретін  (Ш.А.).  –  О  бәрекелді  келіңдер, 
жоғарылатыңдар,  –  дегенде  Томаршаның  даусы  бұрынғысынша 
шықты. (Ғ.Мүс.) – Жә Дәрмен, Мағрипа қалай? Оны неге айтпайсың? 
(М.Ә.)  –  Ой  балалар!  Мынау  қазақ  емес.  Ойбай  орыс!  Әне  орыстар. 
Мәтүшкелер де жүр! – деді. (М.Ә.) 
 
181-жаттығу.  Одағай  сөздердің  тыныс  белгілерінің  қойылуына  назар 
аударып, қандай көңіл-күйді
 
білдіріп тұрғанын айтыңыздар. 
–  Пай-пай!  Осы  ұлықтың  осындай  бір  айбаты-ай!  (М.Ә.)  Мағаш 
өзі  күткен  кеңес  бұл  емес  екенін  еске  ала  отырып,  дағдылы 
шапшаңдығы бойынша: – Е, Оспан ағамның жылы толмай тұрып, ол 
кісілердің  асыққаны  несі?  –  деп  қалды.  (М.Ә.)  –  Жә,  жеңеше,  енді 
«қайсысы  қайсысын  алады?»  деген  түйін  сөз  бар  ғой!  Осыны  не 
дейсіз?  (М.Ә.)  –  Япыр-ай,  осы  екеуі  қырбай  деп  еді.  Қақтығып 
қалмаса игі еді! – дейді. (М.Ә.) – Бәрекелді, Шәке дұрыс айтады. Бұл 
әйелдер  бәріне  де  жақсы  келін  ғана  емес,  іні-бауыр  есепті  де  боп 
кеткен.  Үшеуінің  де  алдарынан  өтілу  осы  отырған  бәріміздің 
қарызымыз.  Сөзді  осылай  шешу  керек!  –  деді.  (М.Ә.)  –  Пай-пай! 
Аяқтарының  астында  қаламыз-ау,  ойбай!  Шынаяғыңды  жи,  ал 
ұстасты! – дейді. (М.Ә.) 

 
118 
 
182-жаттығу.  Жан-жануарлар,  жәндіктер  қалай  дыбыстайтынын  есте 
сақтаңыздар. 
Түйе  боздайды.  Бура  күркілдейді,  бұрқылдайды.  Жылқы,  құлын 
кісінейді.  Айғыр  арқырайды.  Сиыр,  қодас,  бұғы  мөңірейді.  Бұқа 
күжілдейді,  өкіреді.  Қой,  ешкі,  киік,  арқар  маңырайды.  Қошқар 
мекіренеді.  Теке  бақылдайды.  Есек  ақырады.  Ит  үреді,  арсылдайды, 
ырылдайды,  қаңсылайды,  ұлиды.  Күшік  шәуілдейді,  қыңсылайды. 
Доңыз  қорсылдайды.  Арыстан  ақырады.  Жолбарыс,  піл  күркірейді. 
Аю  өкіреді,  ақырады.  Маймыл,  қоян  шыңғырады.  Қасқыр  ұлиды. 
Қорқау қорқылдайды. Түлкі шәуілдейді. Қарсақ шәңкілдейді. Борсық, 
кірпі  мырсыңдайды.  Мысық  мияулайды,  пырылдайды.  Тышқан, 
аламан  шиқылдайды.  Жарқанат  қиқылдайды.  Күзен,  зорман, 
шақылдақ  шақылдайды.  Суыр,  саршұнақ  сақылдайды.  Бүркіт 
шаңқылдайды.  Сұңқар  саңқылдайды.  Аққу  сұңқылдайды.  Қаз 
қаңқылдайды.  Үйрек  барылдайды.  Сұқсұр,  шүрегей  пыр-пырлайды. 
Құр,  кептер  құрылдайды.  Байғыз,  үкі  бақырады.  Сыбызғышы 
сыңсиды.  Безгелдек  безілдейді.  Жапалақ  барқылдайды.  Шағала 
шаңқылдайды.  Өгіз  шағала  өкіреді.  Көкқұтан  қиқулайды.  Тырна 
тыраулайды.  Қарға  қарқылдайды.  Бөдене  пырылдайды.  Торғай 
шырылдайды. 
Қарлығаш 
шықылдайды. 
Бұлбұл, 
мыңсайрам 
сайрайды.  Тоты  сөйлейді.  Әупілдек  әупілдейді.  Шіңкілдек 
шіңкілдейді.  Құрылтай  құрқылдайды.  Жылқышы  шырқырайды. 
Күркетауық  күркілдейді.  Бозтырқылдақ  тырқылдайды.  Тақтақ 
тақылдайды.  Батпылдақ  батпылдайды.  Көкек  көкектейді.  Сауысқан 
шықылықтайды.  Тауық  қыт-қыттайды.  Әтеш  шақырады.  Шақшақай 
шақылдайды.  Тауқұдірет  айғайлайды.  Тауыс  қырқылдайды.  Ара 
дызыңдайды.  Сона  дызылдайды.  Инелік  тызылдайды.  Маса 
ызыңдайды.  Шыбын  ызылдайды.  Қоңыз  быжылдайды.  Шегіртке 
шырылдайды,  ысқырады.  Бақа  бақылдайды.  Құрбақа  құрылдайды, 
шұрылдайды. Жылан ысылдайды. 
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына») 
 
183-жаттығу.  Шақыру  одағайларын  қатыстыра  отырып  еркін  тақырыпта 
шағын әңгіме жазыңыздар. 
 
184-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  одағай  сөздердің  сөйлем  ішінде 
орналасу тәртібіне қарай үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
Одағай сөз басында 
Одағай сөз ортасында 
Одағай сөз соңында 
 
 
 

 
119 
 
185-жаттығу.  Құрамында  одағай  сөздер  бар  сөйлемдерді  қатыстыра 
отырып сұрақ-жауап түрінде диалог құрастырыңыздар. 
 
186-жаттығу.  Сөйлемдерден  грамматикалық  жағынан  байланыспайтын 
оқшау сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер. 
–  Несін  айтасыңдар  мен  баяғыдан  күншуақтап,  құсмамықтап, 
мамырлап  рахат  тапқан  жанмын  ба!  Сондай  сордан,  соққыдан, 
зорлықтан жол табам деген жансебіл емеспін бе!? – дейтін. (М.Ә.) – Е 
бұқпа торғай сияқтанып, әншейін «бұға берсем, құтылады екем» деп 
сол  аурудан  текке  қорқып  жата  беріппін...  (М.Ә.)  –  Япыр-ай  тым 
құрса, «өз атын өзі суаруға жарамайды»,  – деп мазақ та қылмайсың. 
Үп-үлкен  басыңмен  өзіңнен  бұрын  мені  ойлауды  бір  қоймайсың-ау 
Ербол!  (М.Ә.)  Енді  міне  үш-төрт  дуанның  көп  болыстарының 
арасындағы тартыстар, облысты билейтін кеңсеге де түсті...  (М.Ә.) – 
Сен әй сұрқия-сұрдың сұмырай байы, мына кісілерге өтірік лапкеңді 
көрсетпей, шын лапкеңді көрсет! – деді әлгі мосқалдау әйел. (Ғ.Мүс.) 
– Көргенім осы, ал жігіттер атыңа қон! – деп, Байкөкше сөзін бітірді 
де, атына қарай қозғала берді. (М.Ә.) – Осы айтып отырғаның шын ба 
Оразеке – десіп, қатар сұрасты. (М.Ә.) – Ой не дедіңдер шырақтарым-
ау Абайға ұлық солай сәлем айтып па?! (М.Ә.) 
 
Айқындауыш сөздердің тыныс белгілері 
 
Айқындауыш  –  анықтауыштың  ерекші  бір  түрі.  Айқындауыш  – 
анықтайтын сөзінен кейін келіп, оның мағынасын, мүшелік қызметін 
басқа сөздермен нақтылап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын сөздер (сөз) 
тобы. Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) қосарлы, 2) 
қосалқы,  3)  оңашаланған.  Қосарлы  айқындауыш  дефис  арқылы, 
қосалқы  айқындауыш  бөлек  жазылса,  оңашаланған  айқындауыш  өзі 
айқындайтын сөзінен үтір не сызықша арқылы ажыратылады. 
 
Айқындауыштар 
қосарлы 
қосалқы 
оңашаланған 
Инженер-технолог, 
батыр-ұшқыш, 
мектеп-интернат 
Қамбар 
батыр, 
Тойбазар 
ақсақал, 
Әйтеке би 
Дәл  осы  кезде  тыста,  үй  сыртында, 
дабырлап 
жүрген 
ұсақ 
балалар 
сықылығы естіліп еді. (М.Ә.) 
 
187-жаттығу. Сөйлемдерден айқындауыштарды тауып, құрылысына қарай 
топтап жазыңыздар, тиісті тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Күндіз  бала  түс  таянғанда  мынау  қаулап  өскен  Шыралжынның 

 
120 
ішіне  барып  жатқанды  жақсы  көреді.  (Ш.А.)  Әнеугүні  Шүйгінсуда 
Жігітек үстіне баса қонған қақтығыстан бері қарай Базаралы жағынан 
жамандық  күткен  кісінің  бірі  осы  Әзімбай  болған.  (М.Ә.)  Қалалы 
жердің  молдасы  да  мәдениетті  болады  екен-ау  деп  ой  түйді  де 
Нығыметпен  қатарласты.  Беттері  халықтың  жиын  жері  базар.  (Т.К.) 
Сейдахан  болыс  Құрбан  ұстаны  әулетімен  осы  Шеңгелдіге  асырып 
көшірген.  (А.Тоқм.)  Қорықтан  шыққалы  таңертеңнен  бері 
бөгелместен  тартқан  үш  салт  атты  аттарын  қан  сорпа  қылған 
қалпында  кешкі  екінті  кезінде  Көлқайнардағы  Құнанбай  аулына 
Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына кеп жетіп еді. (М.Ә.) 
Ұзақ түн бойында ас пен сауық кезектесіп ауысып отырған кездерде 
әрбір  әредікте  домбырашы  Ақылбай  әнші-күйші  Әлмағанбеттер 
қонақ  тартып  өткен  полька-мазурка  сияқты  билердің  кейбір 
қайырмаларын  өздерінің  домбырасына  ақырындатып  іліп  тартып 
ұғып  қалып  отырғандарын  да  байқатып  отырды.  (М.Ә.)  Шоқан 
Жиренше  шешен  аңыздарын  «ноғайлы  философы»  Асанқайғы 
толғауларын Әз Жәнібек сөздерін осы ноғайлы-қазақ дәуірінде туған 
деп  топшылайды.  (Р.С.)  Жұмыр  шал  осы  ауылдың  қасына  көшіп 
келген соң Ысқақтың осы кесір кердең Мәніке бұл екі баланың атын 
мазақ еткен. (М.Ә.) 
 
188-жаттығу.  Төмендегі  қосарлы  және  қосалқы  айқындауыштарды 
қатыстыра отырып сөйлем құраңыздар. 
Қобыланды  батыр,  Қаз  дауысты  Қазыбек  би,  ғалым-ұстаз 
Нұржамал  Оралбай,  Ақан  сері,  Біржал  сал,  Төле  би,  би-шешендер, 
Алпамыс  батыр,  телефон-автомат,  Бұқар  жырау,  Жиренше  шешен, 
әнші-композитор. 
 
Оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері 
Үтірмен келетін оңашаланған 
айқындауыш 
Сызықшамен келетін оңашаланған 
айқындауыш 
– Мүйізді Бұғы ана, біз, атамыз екеуіміз, 
сізді өте жақсы көреміз. Сіздің келуіңізді 
көптен бері күтіп жүр едік, – деді. (Ш.А.) 
Сүйіндік  бәйбішесімен  және  екі  баласы  – 
Әділбек,  Асылбекпен  –  бәрі  де  қонақтармен 
бірге болды. (М.Ә.) 
 
189-жаттығу.  Мәтіннен  оңашаланған  айқындауышы  бар  сөйлемдерді 
тауып, тыныс белгілерін қойып жазыңыздар. 
Бұл  ауыл  Оспанның  әйелі  Еркежанның  төркіні  Байтас  ауылы. 
(М.Ә.)  Осыны  алдыңғы  жыл  былтыр  екі  жыл  зорлап  алып  кеп  енді 
міне  биыл  үшінші  жыл  тағы  орақшысын  әкеп  салып  отыр.  (М.Ә.) 
Байғабылдан  көп  жатақ  ішінен  әр  қыстаудан  дәл  осы  шақта  тағы 

 
121 
талай  аттылар  жосыта  шығысқан  еді.  (М.Ә.)  Шолпанның  баурында 
күнұзын  Тәкежанның  баласы  мен  жылқышылары  мал  үшін 
қырқысқан  күні  сол  Шолпаннан  тай  шаптырым  жерде  Ақшоқыда 
Абайдың іні-достары Лермонтовқа айрықша шұғылданып жатқан-ды. 
(М.Ә.) Күні әнеугүні күзекте ғана сол Базаралының жоғын жоқтап кеп 
аузына  келгенін  айтып  кеткен.  (М.Ә.)  Қалың  көпшілік  арбалылар  да 
салттылар  да  жаяулар  да  соның  соңынан  шұбап  қыртысы  қалың 
жасыл  көделі  жердің  шаңдағын  аспанға  шығарды.  (С.М.)  –  Бұл 
жөнінде  ертең  сағат  тоғызда  тресте  отырып  кең  сөйлесейік.  (Ғ.М.) 
Жаңа кешке жақын бұлақ басындағы бір тақырға жиналған өз құрбы 
балаларды  бастап  осындай  ат  қоюды  көп  ойын  қылған.  (М.Ә.) 
Қыстауға  қонғалы  қазіргі  қалың  қыстың  ортасына  шейін  Абай 
Аралтөбеде  Әйгерімнің  оңаша  қыстауында  кітап  соңында  уақыт 
өткізетін. (М.Ә) 
 
190-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үтір  не  сызықшамен  келетін 
оңашаланған айқындауышқа үш мысалдан тауып, кестені толтырыңыздар. 
Үтірмен келетін оңашаланған айқындауыш 
Сызықшамен келетін оңашаланған 
айқындауыш 
 
 
 
191-жаттығу.  Оңашаланған  мүшелердің  тыныс  белгілерін  қойып,  оның 
қойылу себептерін түсіндіріңіздер.  
Шеткі  үлкен  ақ  үйге  Құдайменде  болыстың  үйіне  ат  басын 
туралап  еңкілдеп  төніп  қалды.  (Ә.Н.)  Жұмыртқадай  ақ  үйлердің  ең 
үлкені  Тәңірбергеннің  үйіне  жұрт  жиналып  жатыр.  (Ә.Н.)  Артта 
қаусаған  арба  адыра  қалды  ал  алдарында  күнбатыста  қара  жолдың 
үстін  күлгін-күңгірт  қараңғылық  тұмшалап  алған.  (Ш.А.)  Баяғыда 
Базаралы  жас  шағында  білетін  Дәркембайдың  інісі  Көркембай  бар 
еді.  (М.Ә.)  Ел  ішінде  Абай  айналасында  осы  ауылда  жүрген  аз  ғана 
өнерпаз  жарыққұмар  жастар  болмаса  Абайға  қарсы  арналған  өштік 
араздық  қызғаныш қастық  атаулы соншалық мол екенін  Әбдірахман 
көп  естіген.  (М.Ә.)  Долы  далада  қатуланған  суық  жүзді  өгей  далада 
бұлар  тағы  да  ұзақ  жортты.  (М.Ә.)  Қонақтарды  түнде  Сыздықтікіне 
жер  үйге  жатқызғанмен  тамақты  бәйбіше  өз  үйінде  киіз  үйде  берді. 
(Д.И.)  Келіссөз  бейтарап  алаңда  қалалық  демалыс  паркіндегі  көлдің 
Арал  ресторанында  мейлінше  жылы  шырайлы  екі  жақты  толық 
түсініскен жағдайда өтті. (Д.И.) 
 
 

 
122 
Оңашаланған айқындауыштың сызықшамен келуі  
Оңашаланған  айқындауыш  ішінде 
бірыңғай 
мүше 
келгенде, 
екі 
жағынан сызықша қойылады  
Оңашаланған  айқындауыш  айқындайтын  сөзімен 
септік,  тәуелдік  жалғаулары  жағынан  қиыспай 
тұрса, 
араларына 
сызықша 
қойылады 
да, 
айқындауыштан кейін тыныс белгісі қойылмайды 
Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа екеуі де 
–  бірі  кәрі,  бірі  жас  бала  –  қызғана 
да, тамашалай да қараған еді. (М.Ә.) 
Жаңа  жерге  қонғанда  жас  төл  –  қозы,  лақ  қандай 
рахаттанады. (Ә.Н.) 
 
192-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  сызықшамен  келетін  оңашаланған 
айқындауыштарға үш мысалдан теріп жазыңыздар. 
 
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі 
 
Сөйлемде  бір  ғана  сұраққа  жауап  беріп,  бір  сөйлем  мүшесі 
болатын,  бір-біріне  бағынбай,  өзара  салаласа  байланысатын 
мүшелерді бірыңғай мүшелер дейміз. 
Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір 
Бірыңғай 
мүшелер 
жалғаулықсыз келгенде  
Да,  де,  әрі,  я,  яки,  не,  немесе, 
әлде  жалғаулық  шылаулары 
бірыңғай 
мүшелермен 
қайталанып келгенде  
Да, 
де 
жалғаулық 
шылаулары 
бірыңғай 
баяндауыштар 
арасында 
қайталанбай келгенде  
Қызғалдақ, 
жауқазын, 
сарғалдақ, 
бәйшешек 
дегендер 
қызыл, 
сары, 
көкшіл 
түстермен 
құлпырып 
жайнайды. 
(М.Ә.) 
Жиынға  түсінікті  қазақ  әні,  әрі 
скрипкада,  әрі  өнерлі,  жіңішке, 
ашық  үнді  әншінің  көмейінде 
ырғалғанда, 
жұрт 
жаңадан 
рахат  тауып  тамашалап  отыр. 
(М.Ә.) 
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін  тап  та,  бар  қалан! 
(А.Қ.) 
 
193-жаттығу.  Көшіріп  жазып,  тыныс  белгілерін  қойыңыздар.  Бірыңғай 
мүшелердің қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтап, астын тиісті сызықпен 
сызыңыздар. 
1) Құлақтағы әшекей сырғасы бастағы кәмшат бөркі білек толған 
неше білезіктері баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні 
сияқты.  (М.Ә.)  2)  Биыл  жұт  болады  деп  күн  бұрын  есепшілер  де 
айтқан  шөптің  шығысы  жаман  серейген-серейген  еркек  шөп  бұйдай 
бас  көде  боз  қаптап  кетті.  (Ж.А.)  3)  Осылайша  бар  сорақысы 
бадырайып тұрған әрі зорлық әрі жуандық әрі арамдық ұясындай бай 
аулында  сол  күнгі  қазақ  сахарасының  басындағы  тарихтай  күйзеу 
күздің  күнінде  Абайдың  анық  өлмес  өшпес  және  бір  сазы  туып  еді. 
(М.Ә.) 4) Мұсабай өзі өнерпаз болмаса да неше алуан әзілқой күлдіргі 
әңгімеші  сауықшыл  адамдарды  аса  жақсы  көретін.  (М.Ә.)  5)  Ақ 
сеңсең тымақ астынан тұздай көк көзді сары сақалды шикіл сары кісі 
күліп  тұр  екен.  (Ә.Н.)  6)  Құдайменде  Темірке  Ақсақ  Жагор  бас  боп 

 
123 
күтіп  тұрған  кісілер  жас  Федоров  алдында  жел  соққан  қамыстай 
жапырылып  иіліп-бүгіліп  жатыр.  (Ә.Н.)  7)  Шоқпардай  кекілі  бар 
қамыс  құлақ  Қой  мойынды  қоян  жақ  бөкен  қабақ.  Ауыз  омыртқа 
шығыңқы  майда  жалды  Ой  желке  үңірейген  болса  сағақ.  (А.Қ.)  8) 
Енді ол тізгінге де қамшыға да айқайға да бағынбай жолды тек соқыр 
сезіммен  бағдарлап  дауылды  түнді  қақ  жарып  сабалаған  нөсердің 
астымен  зымырап  келеді.  (Ш.А.)  9)  Әйеліне  қызына  сақманшыларға 
жылы-жылы  сөйлеп  ақжарқын  жүрмек  болуға  тырысты бір жағынан 
олар  әлдеқалай  сезіктеніп  қалар  деп  те  тосылды.  (Ш.А.)  10)  Қыбын 
тапса  қарап  қалмайды  атады  шабады  соққыға  жығады  сөйтеді  де 
айдап әкетеді арбалап әкетеді. (С.Ш.) 11) Ақпан қаңтар бірдің айы – 
баршасы да қазір Абайлар жүріп келе жатқан сары дала қоңыр адыр 
сай-сала  қорық-қойнауларға  өздерінің  ақ  ирек  саргідір  омбыларын 
оқаптарын мұздақ жалтырларын жапқан көрінеді. (М.Ә.) 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет