Пунктуациясы



жүктеу 1.36 Mb.
Pdf просмотр
бет13/19
Дата28.12.2016
өлшемі1.36 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19

205-жаттығу. 
Сөйлемдердегі 
нүктелі 
үтірдің 
қойылу 
мәнін 
түсіндіріңіздер. 
Аңшылық  құру,  бәйгеге  ат  апарып  қосу;  палуан  апарып 
күрестіру;  қаршыға,  лашын  салғызу;  жүйрік  ат  пен  мықты  жігіт 
сақтап,  ұры  түсіру;  қасқыр  соққызу;  ақын,  әнші,  күйшіні  сақтап, 
өнерді қызықтау сияқтының барлығын да өзі де көрді, бала-інілеріне 
де  толық көрсетті.  (М.Ә.)  Қатар қонған  екі  ауыл, кейде үш ауылдың 
үлкендері қонаққа шақырысып, ана жақта келелі кеңес құрып жатса, 
мына жақта суға барған қатындар құдық басында шұрқырасып, ымы-
жымы  ыңғайласып,  ыдыс-аяқтар  араласа  бастар  еді;  жастар  жағы 
бәрінен бұрын жол тауып, күнде-күнде күн батқанын асыға күтер еді 
де,  қалай  қас  қарайды,  солай  ауыл  сыртындағы  жазғы  таң  сары 
белден  ағарып  атқанша  ақсүйек  ойнап,  алтыбақан  теуіп,  ән  шырқап 
ұлы  түрсіл  салар  еді;  қыста  қалың  түскен  қар  қайсы  бір  жылдары 
көктем  шығар-шықпаста  қауырт  еріп,  көл  табанға  жиналған  ағыл-
тегіл  мол  суға  қаз,  үйрек  жаз  бойы  қанаты  сылдырлап  ұшып-қонып 
қиқу сап жатыр еді. (Ә.Н.) Аят оқығанда күйеу Мағзұмның мақамына 
да салып алды; құран оқығанда шарта жүгініп, көзін жұмып, сызылып 

 
134 
отыруды  да  білді.  (Ж.А.)  Қазақ  тілінде  салалас  құрмалас 
сөйлемдердің  қалыптасқан  мынадай  түрлері  бар:  1)  ыңғайлас 
(мезгілдес) салалас; 2) қарсылықты салалас; 3) себеп-салдар салалас; 
4) талғамалы салалас. 
 
206-жаттығу. 
Көркем  шығармалардан  нүктелі  үтірдің  жоғарыда 
көрсетілген ережелеріне байланысты екі мысалдан тауып жазыңыздар. 
 
207-жаттығу.  Сөйлемдердің  қажетті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
Дауыс  жер  астынан  шыққандай  селк  етіп  зәресі  зәндемге  кетті 
жығылып  барып  оңалды.  (Ж.А.)  Ұзын  сапты  ақ  балтасын 
жарқылдатып құлаштай соғып құлатылған қарағайларды бұтарлайды 
да жатады үнемі сөзбен де ісі жоқ әкем сияқты үндемейтін бір пенде. 
(С.Ш.)  Төңкерістің  арғы  жағында  қазақтың  қанішер  хандары 
батырлары  парақор  болыс  би  ауылнай  ақсақалдары  еңбек  жегіш 
байлары  төңкерістің  тап  соғысының  кезіндегі  оқиғалар  алашорда 
осылардан  да  жазылғандар  аз.  (С.М.)  Ін  үстіне  мүйіз  тұяқтар 
тасырлап дүбірлеп келді айқай-дабыр молайды. (М.Ә.) Күнікей күліп 
отырып  томсарып  қалады  томсарып  отырып  күліп  жібереді  біресе 
апасымен  шартпа-шұрт  келіп  қалды  біресе  жайдарымсып  апасының 
мойнынан  құшақтайды  бір  сағаттың  ішінде  күзгі  күндей  қырық 
құбылады.  (Ж.А.)  Өздерінің  сиырларын  суарам  ғой  деп  барып  еді 
Қартқожаның  ол  ойы  болмады  ауылдың  сиыры  қаптап  кетті.  (Ж.А.) 
Бақпен  асқан  патшадан  мимен  асқан  қара  артық  Сақалын  сатқан 
кәріден  еңбегін  сатқан  бала  артық.  Айдын  сөзінің  қазіргі  тіліміздегі 
негізгі  мағыналары  1  айбын  күш-қуат  2  көлдің  тұнық  судың 
жарқыраған  беті.  Сегіз  жарымда  атыма  мініп  генералға  бардым 
генералдың  да  адъютанттың  да  қазір  қолдары  тимей  жатқан  шығар 
деп  көшеге  тоқтадым  да  атымды  дуалға  байлап  генерал  атына  мініп 
шыққан  кезде  артынан қуып жетермін деген оймен үйдің іргесіндегі 
қалама отырғышқа барып отырдым. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Нүкте қойылатын орындарды белгілеңіздер 
A) жай, лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін 
B) сөйлемдегі бір сөздің мәні екіұшты болып, күмән тудырғанда 

 
135 
C)  кейіпкердің  сөзіне  қатысы  жоқ,  автордың  түсінігі  ретінде 
айтылған ремаркадан кейін 
D)  жазушы  айтып  келе  жатқан  оқиғаның  жалғасын  созбай 
тоқтатқан жағдайда 
E) цифр не әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден 
кейін 
F) санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз қолданылған цифр не 
әріптен кейін 
 
ІІ. Нүктелі үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады  татымсызға  қылған 
болыстық өзі адамды бұзады. 
B) Оттың жалыны әзір көрінбейді жаңа тұтанды. 
C) Марқакөлдің суын ішіп отын  жеген сары қарын тұтам емшек 
жануардың бауырынан сүт сорғалап сүт емес-ау құт сорғалап көнек-
көнек  лықылдайды  қара  саба  еміздіктеп  қою  салқын  сары  қымыз 
бажылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. 
D)  Сөздер  тұлғасына  қарай  беске  бөлінеді  1  түбір  сөз  2  туынды 
сөз 3 қос сөз 4 қосалқы сөз 5 қосымшалар. 
E) Біресе аузы қимылдайды біресе қолы қимылдайды. 
F)  Жаңағы  әңгімеден  соң  Әсия  реңі  мүлде  өзгеше  жүзінен  шуақ 
есіп  мойнынан  ғаламат  бір  ауыр  жүк  түскендей  сергек  жеңілденгені 
сезіледі үлкен кісіге ғана тән биязылық ұстамдылық та мұнар шалған 
жанарынан аңдалады. 
 
ІІІ. Нүктелі үтір қойылатын орындарды белгілеңіздер 
A)  сөйлемдегі  белгілі  бір  сөздің  мағынасын,  негізгі  ойды 
айқындап, қосымша түсінік беру үшін қолданылатын қыстырма мәнді 
сөздерден кейін 
B)  рет-ретімен  әріптер  не  цифрлар  арқылы  санамаланып 
айтылатын сөйлем не сөздерден кейін 
C)  баяндауыштары  тұлғалас  сөйлемдер  бірін-бірі  толықтырып 
тұратын болса 
D)  баяндауыштары  тұлғалас,  мағыналық  жағынан  жақын,  өзара 
теңдес  келетін  құрмалас  сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдер 
арасына 
E) мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден кейін 
F)  жалғаулықсыз  салаласқан  жай  сөйлемдердің  алдыңғысының 
мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалса 

 
136 
 
ІҮ. Нүктелі үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)
 
Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады  татымсызға  қылған 
болыстық өзі адамды бұзады. 
B)
 
Жаңағы әңгімеден соң Әсия реңі  мүлде  өзгеше жүзінен шуақ 
есіп  мойнынан  ғаламат  бір  ауыр  жүк  түскендей  сергек  жеңілденгені 
сезіледі үлкен кісіге ғана тән биязылық ұстамдылық та мұнар шалған 
жанарынан аңдалады. 
C)
 
Жанқия  апай  сені  елжіретіп  сүймейді  де  өтінбейді  де  алайда 
шыж-быж етіп ұрыспайды да... 
D)
 
Сөздер  тұлғасына  қарай  беске  бөлінеді  1  түбір  сөз  2  туынды 
сөз 3 қос сөз 4 қосалқы сөз 5 қосымшалар. 
E)
 
Мектеп  бітіруімізге  бірталай  уақыт  бар  сонда  да 
әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды. 
 
Ү. Нүктелі үтір қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Адамдарға  мұғалімнің  еткен  әсері  мәңгі  қалып  қояды 
сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс... 
B) Түсінен шошынып дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады 
бірақ қайда барса да көретіні қазып жатқан көр болады. 
C)  Марқакөлдің  суын  ішіп  отын  жеген  сары  қарын  тұтам  емшек 
жануардың бауырынан сүт сорғалап сүт емес-ау құт сорғалап көнек-
көнек  лықылдайды  қара  саба  еміздіктеп  қою  салқын  сары  қымыз 
бажылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. 
D)  Сахара  жұрты  естен  кетпес  бұрын-соңды  естіп  білмеген 
көрініске  куә  болатынын  Қажымұқан  шапанын  шеше  бастағанда-ақ 
сезді. 
E)  Ақыл  менен  білімнен  Әбден  үміт  үзіппін  Айла  менен  амалды 
Меруерттей тізіппін Жалмауыздай жалаңдап Ар, ұяттан күсіппін. 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Жақша, оның қойылатын орындары 
 
Мағынаға негізделіп қойылатын тыныс белгілердің бірі – жақша. 
Жақша  ішіндегі  және  сыртындағы  сөздер  өзара  грамматикалық 
байланысқа түспейді. Жақшаға алынатын сөздер сөйлем ішіндегі бір 
ойды  не  жеке  бір  сөзді  түсіндіреді,  автордың  белгілі  бір  нәрсе 
жайында көзқарасын білдіреді. 

 
137 
 
ЖАҚША 
 
Қойылатын орындары 
Сөйлемдегі 
белгілі бір сөздің 
мағынасын, 
негізгі 
ойды 
айқындап, 
қосымша  түсінік 
беру 
үшін 
қолданылатын 
қыстырма  мәнді 
сөздер  
Үзінді, 
мысал, 
нақыл сөздің 
шығу 
дерегін, 
кімнен 
алынғанын 
көрсететін 
түсініктер  
Драмалық 
шығармалардағ
ы 
ремаркалар 
(автор 
түсіндірмелері) 
Мәтіндегі 
кей 
сөздің 
мәні 
екіұшты,  күмәнді 
болып  келсе,  сол 
сөзден 
кейін 
қойылатын  сұрау, 
леп белгісі  
Белгілі  сөздерді 
түсіндіруде 
оның 
аудармасы, 
синонимі, 
екінші 
бір 
тілдегі 
баламасы 
Таңбалар  жеке 
ұғымдардың 
(тілдік  жағынан 
қарағанда  жеке 
сөздердің, 
тіркес-
оралымдардың) 
шартты 
белгілері 
ғана. 
(С.И.) 
Қазақ  тілі  – 
әрі  бай,  әрі 
көркем  тіл. 
(М.Әуезов) 
Ынтықбай. 
Шәрбан, 
ағам 
арбасын  жекті 
ме  екен?  Тысқа 
шығып  келші. 
(Кетеді.) (Ж.А.) 
– 
Әдебиетті, 
– 
дейді  марксшілдер, 
– 
тіл 
сияқты 
қоғамдағы  барлық 
тап 
бірге 
жасамайды  (?),  әр 
тап  белгілі  тарихи 
жағдайға  сай  өз 
әдебиетін 
туғызады. (З.Қ.) 
Өзі бір бөлімнің 
бөлімшесінде 
(подотделение) 
орынбасарлық 
қызметін 
атқарушы 
еді. 
(Ж.А.)  
 
 
208-жаттығу.  Сөйлемдердің  тиісті  жеріне  жақшаны  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
І.  Ұлық  алдына  барған  сайын  өзі  әрқашан  ойындағы  сөзін  айта 
алмай  ал  тілмаш  арқылы  сөйлескенде  де  бір  түрлі  айызы  қанбай, 
шала  құмар  боп,  булығып  шығатын-ды.  Ә.Н.  Әне,  олар  Гүлсарыны 
ұстағанын,  басына  қалай  басқа  жүген  кигізгенін  өзінің  жүгенін 
Танабай  өліп  кетсе  де  бермес  көрді.  Ш.А.  Қанапия  күрсініп.  Заман 
осылай  болды,  сәулем!  Тым-тырыс.  Тым  болмаса,  Ынтықбай  да 
қалмады.  Шәрбану  Қанапияның  қолтығына  кіріп,  көзін  сүртеді. 
Сонда да үмітсіз шайтан деген ғой, ақырының қайырын тілейік. Ж.А. 
Скульптура  кескін  өнерінде  өнерпаз  Дитрихтың  жасаған  бейнесі 
бойынша  Ташкент  қаласында  Науаиге  зор  ескерткіш  қойылғалы 
отыр. М.Ә.  Жанр қазіргі әдеби практикада  әрі әдебиеттің тегін  эпос, 
лирика,  драма,  әрі  әдеби  шығарманың  түрлерін  әңгіме,  роман, 
баллада,  поэма  т.б.  белгілейтін  термин  ретінде  екіұдайы  мағынада 
қолданып 
жүр. 
Ә.Н. 
Мектептегі 
баладан 
басқа 
мектеп 
программасынан  тысқары  жолмен  қара  халықты  оқыту,  қырға 
шығатын  мұғалімдердің  қыр  халқымен  жақындасып,  қалаған  игілік 
жұмыстарын жұрт құлағына тез сіңіруіне үлкен себеп болатын нәрсе 

 
138 
– қара халықты оқыту үшін мұғалімдердің жоғарғы курстағы оқитын 
сабақтары:  1  Халыққа  қысқаша  лекция,  сөйлеудің  жөні,  жақсы 
кітаптар,  газет-журналдар  оқып,  түсіндірудің  жөні.  2  Ел  арасында 
кітапхана  ашудың  жөні.  3  Театр  жасаудың  жөні  һәм  басқалар  болу 
керек. М.Ә. 
 
ІІ. Ол окказионалдық  әдеттен тыс, сол контекстегі ауыс мағына, 
көп  мағыналық,  метафора,  метонимия,  синекдоха,  эпитет,  теңеу, 
салыстыру,  гипербола  сияқты  түрлі  көркемдік  тәсілдер  арқылы 
беріледі.  (С.И.)  Қара  шұға  шалбары  да  ескінің  жұрнағы  ғой,  қоңыр 
пенжегі  де  әлі  сыны  кете  қойған  жоқ,  қайырма  жаға  тақталы 
көйлегіне  қара  шұбар  галстук  те  тағып  қойыпты.  (Ж.А.)  Әрі  өз 
басының,  әрі  досының  пайдасы  бірдей  табылған  соң  адам  шын  дос 
боп жүреді әлде «шын ұлтшыл», «шын әлеуметшілдер» де сондай ма 
екен?  (Ж.А.).  ХҮ-ХҮІ  ғасырлар  –  қазақ  ру-тайпаларының  өз  алдына 
халық  народность  болып  құрала  бастаған  дәуірлері.  (Р.С.)  –  Жә, 
біздің  ауылдың  кісілері!  Ахкем  үйінде  қонақ  болдың,  ішер  асыңды 
іштің Ахкем деп ол қайнағасы Тәкежанды айтатын. Енді қайтыңдар. 
Малдарыңа,  шаруаңа  жөнел,  түге!  –  деді.  (М.Ә.)  Қазақ  әдебиетінің 
сын  мәселесінде  біреуді  «оңшыл»  деп  Садуақасов,  Мұстанбаев  т.б., 
біреуді  «солшыл»  деп  Сәкен,  Бәйділдин,  мен  т.б.,  енді  біреулерді 
«байшылдар»  деп  Мұхтар,  Мағжан  т.б.  айыптайтын.  (С.М.)  Осылай 
жүрген Жанпейіс бір сәтте орыстың сұлу қызына Жанпейістің өзі де 
сымбатты,  бірсыдырғы  кескінді  жігіт  еді  ғашық  болады.  (С.М.) 
Газеттің  шығарушысы  выпускающий  боп  негізі  шалақазақ  Кәрім 
Балтабаев  дейтін  жолдас  қызмет  атқарады.  (С.М.)  Бірақ  іштей  қара 
жылан  Қарагөз  бұл  сезіміне  осындай  ат  қойған  өмірінде  бұл  күнге 
шейін  болмаған  асаулықпен  жүз  толғанып  иіріледі...  (М.Ә.)  Сенен 
«мынандайын»  шынашағын  шошайтып  аяған  құдайды  да  тәйірі 
алсын! (Ж.А.) 
 
209-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  үш  мысалдан  тауып,  кестені 
талапқа сай толтырыңыздар. 
 
Сөйлемдегі 
белгілі 
бір 
сөздің 
мағынасын,  негізгі  ойды  айқындап, 
қосымша 
түсінік 
беру 
үшін 
қолданылатын қыстырма мәнді сөздер 
Үзінді,  мысал,  нақыл 
сөздің  шығу  дерегін, 
кімнен 
алынғанын 
көрсететін түсінік 
Драмалық 
шығармаларындағы 
автор түсіндірмелері 
 
 
 
 

 
139 
210-жаттығу.  Сөйлемдердегі  жақшаның  қойылу  себебін  дәлелдеп 
түсіндіріңіздер. 
Ертедегі  герман  тайпалары  ірі-ірі  5  топқа  бөлінген:  1) 
гиллевиондар 
Скандинавияның 
оңтүстігінен 
Дат 
аралдарын 
мекендеген;  2)  ингвеондар  ютландияның  оңтүстігінен  бастап  Эльба 
бойын, Солтүстік теңіз жағалауын жайлаған; 3) иствеондар Везер мен 
Рейн  аралығын  қоныстаған;  4)  эрминондар  Эльба  бассейні  мен 
жоғарғы Дунай аралығында болған; 5) шығыс герман тайпалар тобы 
төменгі  Одер  мен  Висла  өзені  сағаларында  өмір  сүрген.  (Ә.Х.)  Тағы 
да  осы  көркем  шығармалар  арқылы  жаргон  деп  танылып  жүрген 
құлап  қалу  (экзаменде  екі  алу  –  студенттер  арасында),  телик 
(телевизор),  жатақ  (жатақхана),  ақмағамбет  (арақ),  аққайнар 
(шампан) сияқтылар әдеби тілдің игілігіне айналып бара жатқан жоқ 
па?!  (С.И.)  Осыны  Көпбаев  Әбдіраш  былай  аударады:  «Көрсетті 
бойына  өлшеу!  Бұл  тіпті  корольдердің  де  сыбағасына  сирек  тиетін 
нәрсе  (бәрінен  бұрын  тігіншілердің  қолы  тез  жетеді)  құдайшылық 
жеріне  (?!)  жанасу  –  иығы,  мойыны,  қыпша  белі,  қыз  балтыры». 
(Ә.Н.) Демек, сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек (единица) дыбыстар 
екен. (С.И.) Қалай болғанда да аудармашы қазақ сөзін қатты талғамға 
сап,  саралап,  екшеп  жатпастан  қолына  бұрын  ілінгенін  ала  салған 
салақтығынан  (иә,  тек  салақтығынан,  әйтпесе  олақтығы  деуге 
аузымыз  бармайды)  келесі  үзінділерден  әсіресе  анық  көреміз.  (Ә.Н.) 
Ораз  (мылтығын  Қорабайға  беріп).  Мынаның  көзін  жытыр!  Мен 
бандыға кеттім. (Жөнеледі.) (Ж.А.) 
 
211-жаттығу. 
Мәтінді 
рөлдерге 
бөліп 
оқыңыздар. 
Драмалық 
шығармаларда қойылатын тыныс белгілеріне назар аударып, есте сақтаңыздар. 
Молда (орнына отырып). Балаларың оқу бақпайды, ойын бағады 
деп  бай  ұрысып  жатыр.  Ұятсыз,  доңыздар,  неге  ойнайсыңдар? 
Жұмалықтарың қайда? 
Нөкеш. Мінекей, молдеке! (Он тиын береді.) 
Тілеу. Мінекей, молдеке! (Бес тиын береді.) 
Жеке. Бір аяқ бауырсақ әкелдім. 
Еске. Бір аяқ құрт әкелдім. 
Нұрым. Апамнан жұмалыққа ақша сұрап едім, өзімді ұрды. 
Әліш. Мінекей, молдеке! (Бір тиын береді.) 
Бекен  (қалтасын  сипалап  отырып,  молда  қараған  кезде  жылап 
жібереді). Жұмалығымды жоғалтып алыппын. 

 
140 
Молда. Ақшаны жоғалтып, атаңның басын бағып отырсың ба? Е, 
Нұрым!  Сабағыңды  тыңдат.  (Нұрым  өңі  қашып,  молданың  алдына 
келіп шарт жүгініп отырады.) Оқы! 
Нұрым.  Әліпсана  ламга  сәкін  ал,  қысынқа  мөмге  сәкін  алқам 
тұрлу алқамду. Лам асылы латады. 
Молда.  Атаң  басы  латады.  (Шыбықпен  тартып  жібереді.)  Лам 
тады ла деп оқы! 
Нұрым (жыламсырап). Лам тады ла. (Үш рет айтады.)  
Молда.  Лам  тады  лада  әкеңнің  көз  құны  қалды  ма?  (Тағы  да 
тартып  жібереді.)  ...Сенің  арқаңда  тарсылдаған  не?  Тез  шешін! 
(Нұрым  жыламсырап  шешінеді,  арқасынан  қабық  түседі.)  Сен  мені 
алдайын  деген  екенсің...  Еске!  Арқала  доңызды.  (Еске  арқалап 
тұрады,  молда  ұрады.)  ...Үш  жыл  оқып,  әлі  еже  білмейсің,  миғұла! 
Бекен,  сабағыңды  тыңдат.  (Бекен  қорқып,  орнынан  әрең  тұрады.) 
Сүйретілмей, доңыз, тез кел! 
Бекен. Молдеке, аяғым ауырып жүр. 
Молда.  Ауырмақ  түгіл,  түсіп  қалсын,  шапшаң!  (Бекен  шарт 
жүгініп отырады.) Оқы. 
Бекен. Әбзет, ауаз. 
Молда.  Тіліңді  шығар  (Қалтасынан  орамалын  алады,  Бекен 
жылай бастайды.) 
Бекен. Тілім ауырып жүр. 
Молда  (бақырып).  Неғылған  ауру?  Шығар  деген  соң,  шығар! 
(Еріксіз  аузын  ашып,  орамалмен  Бекеннің  тілін  созғылайды.  Бекен 
шыңғырып  жылайды.)  Неге  оқымайсыңдар?  (Жекені  тартып 
жібереді.) Бекен мен Әліш байдың үйінің бұзауларын айдап келіңдер. 
(Екеуі кетеді.) Сендер түні бойы ақсүйек ойнайсыңдар, кешке шейін 
босамайсыңдар! 
Нөкеш (орнынан тұрып, есік алдына барады). Молдеке! 
Молда.  Рұқсат  (Дұғалық  оқып,  тасбық  тартуға  айналады.  Аттың 
дүбірі естіледі.) 
Дауыс.  Көпірбайдікі  дастарқанға  аят  оқып  берсін  дейді.  (Молда 
жалма-жан киініп жөнеледі.) 
(Қ.Кемеңгерұлы «Ескі оқу») 
 
212-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  аң-құс  атауларын  есте  сақтаңыздар. 
Түсіндірме сөздігін негізге ала отырып, басқа да аң-құстардың балалары қалай 
аталатынын теріп жазыңыздар. 
 

 
141 
Аң-құс балалары қалай аталған? 
Халқымыз  табиғаттағы  аңдардың  баласын  жалпы  күшік  десе, 
құстардың  баласын  балапан  деген  жалпы  атпен  атады.  Алайда 
табиғатпен етене өскен ата-бабаларымыз аң-құс балаларын жеке-дара 
атауға,  олардың  әр  кезеңдегі  мінез-құлқын  дөп  басып,  әрқайсысына 
жеке  атау  беруде  алдына  жан  салмаған.  Мысалы,  мысық  пен  түлкі 
балаларының  атауына  көз  салайық.  Мысықтың  баласын  соқыр, 
мәулен  және  безек  деп  атайды.  Алғаш  туған  кездегі  көзі  ашылмай 
жатқан  мысық  баласының  соқыр,  бұйығып  жата  беретін  шағында 
мәулен  және  ойынға  тоймай,  бөлмені  кезіп,  кім-көрінгенге  ұрынып 
жүретін  есейген  кезінде  оның  безек  аталуы  қандай  ұнамды!  Әлі 
толық қалыптаса қоймай, бойы да, тұрқы да қораш көрінетін кезеңде 
түлкі  күшігі  мыршық  деп,  жетілгенмен  еркін  ойнақтай  алмайтын 
кезеңі жәутік аталуы, ал аяғы сидаланып, денесі пошымданған кезде 
ін  ішіне  еніп  алып,  өзіңді  мазақтағандай  қылық  көрсететін,  көзі 
жаутаң-жаутаң ететін шағы жаутаң атануына үйлесіп-ақ тұр. 
Өз-өзіне  әлі  келе  қоймаған  шағында  іннен  шықпайтын  сілеусін 
күшігі  інсін  аталады.  Жас  кезінде  денесін  теңбіл  басатындықтан, 
арыстанның  күшігі  теңбілше  делінсе,  қорбаңдап  жүретін  аю 
күшігінің қонжық аталуына несіне таңданамыз? Жолбарыс күшігінің 
шөнжік, сарымақ атануының да жөні бар. Жас күшік әлсін-әлсін кіші 
дәрет сындыруға әуес келеді. 
Борсық  баласы  –  әзборақ,  барыстың  күшігі  –  алан,  қасқырдың 
күшігі  –  бөлтірік,  ал  марал  мен  бұғының  төлі  –  қодыға,  арқар  және 
муфлон  төлі  –  қозыға,  құлан,  домбай,  есек  төлі  –  қодық  аталғаны 
жұртқа мәлім. 
Аққудың  балапаны  –  көгілдір,  тауықтың  балапаны  –  шөже 
аталған. Бұдан басқа да бізге беймәлім атаулардың болуы ғажап емес. 
Сондықтан халқымыздың қазынасына сақ болып, тіліміздің байлығын 
арттыра берейік, ағайын! 
(Қ.Қайым) 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Аяулым  да  Асыл  да  Меруерт  те  не  үйге  кірерлерін  не  кері 
бұрылып кетерлерін білмей дал болды. 
B) Салжігіттен Темірбекті ол Салжігіт дейтін еді неге қалдым? 

 
142 
C)  Айнұр  мен  Айдын  Ардақ  пен  Қанат  кезекшілікті  бөліп  алып 
кезекшілік міндеттерін пысықтады. 
D)  Иесі  Әбіл  әйелге  бұлайша  еркек  атын  қоюды  бірінші  естуім 
дейтін жесір әйел. 
E)  Тау  жақтан  самал  есті  мен  өзен  суының  салқын  лебін 
сезінгендей болдым жүрегімді сағыныш сезімі шым еткізді. 
 
ІІ. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Амантай  Серғазыларға  ақылдасып  еді  Жамантайдың 
науқасының түрі жаман болғандықтан олар ырық бере қоймады. 
B) Қорған кезінде топырақ араластыра тастан қалаған екен де бұл 
кезде  қорғанның  үстіне  жыңғыл  мен  шеңгел  араласа  шығып  өзінше 
ол да бір сән беріп тұр. 
C) Бірақ менімен Раушанның Рауза деп бірге оқитын жолдастары 
атап  кеткен  көрінеді  оқысында  үлкен  айырма  бар  екенін 
сезгендеймін. 
D) Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп көзі шатынап тұра бергенде 
Шолақ  құлағын  төмен  қарай  тұқырта  басып  қалып  еді  ат  етпетінен 
түсті. 
E)  Еміс-еміс  естуімше  қыздың  бір  дұшпаны  неге  дұшпан 
болатыны  айтпай-ақ  мәлім  қызға  мен  жіберетін  өлеңдердің  біреуін 
түсіріп алады. 
 
ІІІ. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) 1900 жылдың желтоқсанында шетелде Искра Ұшқын газетінің 
бірінші нөмірі шықты. 
B) Газеттің атынан соң Ұшқыннан жалын лаулайды деген нақыл 
сөз эпиграф жазылды. 
C) Дастарқандай қағаздағы шимайда не сиқыр жатқанын Шәрипа 
мен Нұрбай біле алған жоқ бірақ дән шығындалу тыйылған соң екеуі 
де  инженерге  ден  қойып  оның  аузынан  шыққан  сөз  атаулыны  бас 
шұлғи мақұлдады. 
D) Бізше адам өмірін түзеуге барлық адамдар тату тұруға негізгісі 
адал еңбек ақ жүрек арлы ақыл болуға керек. 
E)  Ақырында  өмір  тіршіліктің  таласы  сондықтан  адам  таласып 
бірін-бірі қыруға жаралған деген ой негізсіз өйткені барлық зат оның 
ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз. 
 
ІҮ. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 

 
143 
A)  Ақбозға  сол  күні  өмірінде  бітпеген  шабыс  пайда  болған 
сияқтанды  төрт  тұяғымен  жердің  топырағын  уыстай  аспанға  атып 
зымырағанда  көлденеңнен  көзі  түскен  жұрт  оны  ұшып  барады  екен 
деп ойлады. 
B)  Мен  жетпіс  екі  жасқа  келгенше  өмірде  болатын  неше  алуан 
қилы  оқиғаларға  түрлі  жамандық  жақсылыққа  кездесіп  солардың 
көпшілігін 
керекті-керексіздерін 
өзім 
де 
істеп 
басымнан 
өткізгендерім көп. 
C)  Алдыңда  өнегелі  көрерің  болсын  дегендей  алдымда  Абай 
марқұм  болған  соң  содан  ғибрат  алып  мен  де  адамдықтың 
адалдықтың  жолын  қуғаным  жөн  деп  басымды  шытырман  шатақтан 
ерте босатып алып білім жолына түстім. 
D)  Шыңғыстан  Жақып  Шоқан  жұртқа  мәлім  Шоқан  Уәлиханов 
Мақы Махмет туады. 
E)  Үлкендердің  айтуынша  Қазақтың  әкесі  атын  ұмыттым 
Ноғайлы деген жұрт. 
 
Ү. Жақша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Әбіш командирдің қасына келіп честь беріп Камандір жолдас 
хабар естіртуге рұқсат сұраймын. 
B) Әбіш Таяна бергенде сендер де осы жерге келесіңдер Уай әлі 
ауыл атынан кім сөйлейді? 
C) Шәрбану Жалғыз өзіңіз қалай әкетесіз? 
D)  Қанапия  Жалғыз  емеспін  жолдастарым  бір  шақырым  жерде 
күтіп отыр. 
E)  Шәрбану  жүрегін  басып  Менің  жүрегім  тулап  барады  Біз 
биттей шімірікпейміз-ау! 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет