Пунктуациясы


Сызықша, оның қойылатын орындары



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Сызықша, оның қойылатын орындары 
 
Сызықша  –  мағынаға,  интонацияға,  сөйлемнің  синтаксистік 
ерекшелігіне байланысты қойылатын тыныс белгі. 
 
 
 

 
154 
СЫЗЫҚША 
 
Қойылатын орындары 
Бастауыш  та, 
баяндауыш  та 
бір 
сөз 
табынан 
болса  
Жалпылауыш 
сөздің алдынан 
Оңашаланған 
айқындауыштың 
екі жағынан 
Салалас 
құрмалас 
сөйлемдер
де  
Төл 
сөз 
бен  автор 
сөзі, 
диалогте  
Сөйлемді 
ықшамдап 
қолдануға 
байланысты 
Абайдың 
көзін оған көп 
тартатын  бір 
нәрсе 
– 
мұның 
бітікшелеу, 
кішкене 
келген 
көздері. 
(М.Ә.) 
Ортасында: 
Құнанбай, 
Бөжей,  Байсал, 
Қаратай, 
Сүйіндік. 
Майбасар 
– 
бәрі бар. (М.Ә.) 
Үшіншісі  –  бұл 
ауылдың 
кенжесі, 
осы 
үлкен 
үйдің 
иесі, жас, толық, 
орта 
бойлы, 
ақшыл  қызғылт, 
сұлу  жүзді  жігіт 
– 
Мұсабай. 
(М.Ә.) 
Бардым, 
– 
жолыға 
алмадым. 
Айтудай-ақ 
айттым,  – 
көнбеді. 
–  Әй,  осы 
мынаның 
өнері  жоқ 
па екен, ән 
салғаны 
әжептеуір 
ғой,  –  деді 
Арын. 
(Т.К.) 
Жақсы 
тәжірибе  – 
көпке 
ортақ. 
(мақал) 
 
223-жаттығу.  Сызықшаның  қойылуына  назар  аударып,  қандай  ережеге 
негізделгенін дәлелдеңіздер. 
Ана дүниеден иман тілеген, өлімге бас байлаған үмітсіз аурудай 
ендігі  тілек  –  жол  амандығы,  денсаулығы.  (Ж.А.)  Бірінің  дәлелі  – 
қойдың  қай  қосқа  сойылуы,  екіншінің  дәлелі  –  қойдың  кімнен 
алынғандығы. 
(Ж.А.) 
Алыстан 
әлдекімдердің 
күбірлеген 
дауыстарының  жаңғырығы  естілген  сияқтанды,  –  қай  жақтан 
естілгенін  шамалай  алмаймын.  (С.М.)  Талап  –  пендеден,  көмек  – 
Алладан.  (Мақал)  Солардың  үлкені  төрге  жуық  отырған,  мынау 
ерекше  кесек  денелі  –  Жақып.  Екіншісі  –  толық,  биік  келген,  үлкен 
ақсұр жүзді, қара қас, қара сақалды, үлкен қара көзді  – Мұса. (М.Ә.) 
Бұл  уақыттарда  ол  абақтыдан  шығып  келгендіктен,  аға-іні,  шеше-
жеңге, жанкүйер-жақын – барлығына ыстық болған. (М.Ә.) Бұрыннан 
қайындап жүрген күйеуі – Көкше Қаратайдың туысы, Алатай баласы 
Дүтбай. (М.Ә.) Ер – елінде, гүл – жерінде. (Мақал) Сәуір – бұл айдың 
арапша аты. (М.Ә.) Абайдың мінгені – ақ жал, сары жорға ат. (М.Ә.) 
Жақсының  жаны  –  бүтін,  Жаманның  жаны  –  түтін.  (Мақал) 
Тапсырманы орындау – міндет, міндетті тындыра орындаса, қонымды 
еңбеккүн  жазылады.  (Ғ.М.)  Керуен  көшетін  сауда  жолдары,  ұлы 
базарлар,  атақты  қалалар,  су  жолдары  –  барлығы  да  бүгін  айрықша 
керек  болатын.  (Ғ.М.)  –  Әй,  Сейфуллин,  сөзіңде  тұрдың.  Жүр  өзім 
кіргізіп жіберейін, әйтпесе тағы да үстіңнен рапорт түсер, – деп біраз 
жер шығып кеткен ұстаз кері оралды. (Т.К.) 
 

 
155 
224-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  сызықшаның  әр  түріне  бес 
мысалдан тауып жазыңыздар. 
 
225-жаттығу.  Сөйлемнің  тиісті  жеріне  сызықшаны  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін анықтап, ережесін еске түсіріңіздер. 
І.  Жаңағы  қараны  жыққан  Байсал,  септі  бұзған  Сүйіндік,  енді 
мынау  тұл  атты  бауыздаған  Байдалы  үшеуі  де  кейін  «жол»  алады. 
(М.Ә.)  Бұл  үлкен  қақпаның  бір  босағасы  сияқтанып  ұлы  теңізге 
шығар  ауызда,  дәл  мінбеде  тұрған  көк  қатпар  шың.  (Ә.Н.)  Сойыл 
соғарға  келгенде,  қолға,  санға  келгенде  Құнанбайдың  мықтап 
сүйенетіні  сол  Байсал  елі  Көтібақ.  (М.Ә.)  Бақанас,  Байқошқар  бұл 
өңірдегі  Тобықтының  ең  үлкен  өзені.  (М.Ә.)  Ортасындағысы 
Абайдың  үлкен  енесі  Алшынбайдың  әйелі,  семіз,  қара  бәйбіше. 
(М.Ә.)  Пісіргені,  қуырғаны  бәрі  де  келіп  жатыр,  бұл  жағын 
жайғастырып, дедек қағып жүрген Гүлжамал мен кемпір. (Ш.А.) Бұл 
баланың  өмірінде  көрген,  іштей  сенген  жалғыз  адамы  Оразқұлға 
шамасы келер, бар қылмысын көзіне шұқып айтар  осы Құлбек қана. 
(Ш.А.)  Кемпір  де,  Бекей  апай  да,  Гүлжамал  да,  ең  ар  жағы  Момын 
атай  да  бәрі  қосылып  Мүйізді  Бұғы  ананың  етін  мақтады.  (Ш.А.) 
Көріп те, сағынып та келе жатқаны асқақ Алатау. (С.Ш.) Мұның бірі 
бурыл  сақалды,  кішілеу  шегір  көзді,  ер  мұрынды  салмақты  адам. 
Екіншісі сорайған атжақты, көселеу келген, өткір жүзді, ұзын бойлы 
қара жігіт. (М.Ә.) Үлкендер тобына бір жақтан, әкеден төмен отырып, 
телміре қараған Абай болса, дәл осы тәрізденіп, барынша бой салып, 
қарап  отырған  ана  шеттегі  жас  жігіт  Жиренше.  Бұл  Көтібақ  ішінде 
Байсалдың жақын туысқаны Шоқанның баласы. (М.Ә.) 
 
ІІ.  Тыстағы  ойын:  ат  шабыс,  көкпар,  серке  тарту,  теңге  алу, 
балуан  күрестіру  баршасы  да  осы  күні  болды.  (М.Ә.)  Қазір  онан 
тыйылып, бәрінің бағатыны Мөңкенің қабағы. (Ә.Н.) Өмірде бұл шал 
бес  аспап  ағаш  жону,  есік-терезе  жөндеу,  шөп  шабу,  күде  тұрғызу 
әйтеуір,  қолы  тиген  шаруаның  қай  жағы  болса  да,  тап-тұйнақтай 
болып  шыға  келеді.  (Ш.А.)  Ол  көзі  тышқанның  көзіндей  жылтырап 
тұратын  қушық  бет  қара  кісі  Садыр.  (С.Ш.)  Баланың  да,  жігіт-
желеңнің  де,  егде-мосқал  үлкеннің  де  барлығының  аузында  бір 
жаңалық,  бір  хабар.  Ол  осы  жақында  болатын  ас  туралы,  Бөжейдің 
асы  туралы.  (М.Ә.)  Біреуі  бұрынғы  күйге  үйлескісі  келмей, 
заманынан,  ортасынан  озып  шығып,  сыншы,  ұстаз,  ақын,  данышпан 
болуға  айналған  Абай  да,  екіншісі  күндегі  өмірдің  талқысы  мен 

 
156 
шырмауынан шыға алмаған, содан азап шегіп, қиналған Абай. (М.Ә.) 
Сол  себепті  философия  адам  баласының  жан  тәрбиесінің, 
адамшылығының,  бірінші  өрлейтін  басқышы,  екіншісі  көркі.  (М.Ә.) 
Дауыл  дүниедегі  үш  алып  күштің,  үш  апаттың  бірі.  (Ғ.Мүс.)  Сол 
ретте  қалың  елдің  аузына  түгел  тараған  қалжың  мысқылдың  бірі 
ояздың  әйелі  айтты  деген,  бағана  күндіз  жаңсақ  ұғылған  бір  сөз. 
(М.Ә.)  Осыдан  соң  бұлардың  әрбір  күлкісі,  әзіл  сөздері,  қабақ 
қимылдары  барлығы  да  сондайлық  бір  тәттілік,  қуаныш  белгісін 
көрсетіп отырды. (М.Ә.) 
 
226-жаттығу.  Бұрыс  қойылған  және  түсіп  қалған  сызықшаларды  тауып, 
тиісті  жеріне  орналастырып,  жаттығуды  көшіріп  жазыңыздар.  Оның  қойылу 
себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. 
Баласын, туысқанын қалдыра гөр  – деп, біреулер құдайдан тілек 
тілеп  жүрсе,  құзғындар  ынты-көңілі  етке  тою,  тері,  май  пайда  қылу. 
(Ж.А.)  Қартқожа  –  өзінің  жаман  ойын  жүгіртіп,  дүниенің  қызығын 
көруге  екі-ақ  нәрсе  керек  екен  деп  жорыды:  бірі  ақша,  бірі  ғылым. 
(Ж.А.)  Мұнда  төрт  старшын  –  Сақтоғалақтың  атқамінері  Абыралы, 
екі  старшын  –  Жігітектің  баласы  Бейсенбі,  Ерболаттан  Оразбай, 
Көтібақтан  Жиренше,  Бөкеншіден  Күнту,  Жуантаяқтан  Байғұлақ, 
Топайдан  Байділда  бар.  (М.Ә.)  «Базаралы,  Тәкежан  дауы»  деген 
бәлеге  –  бүкіл  бір  ояз,  Семей  оязының  болысы  мен  жуандары 
атсалыса  бастады.  Аршалы,  Керейінен  Рақыш,  Бәсентиіннен  Әлі, 
Бурадан Алдоңғар, Ылди бойынан Нүрекенің Темірғалысы, Көкеннің 
Уағынан  пысық  болыс  –  Нүрке,  Қарағай  ішіндегі,  ішкі  жақтағы 
Белағаш  болысынан  Шынжы  сияқты  бүтіл  бір  ояз  ел  сабағы 
қосылған.  (М.Ә.)  Жол  үстінде  келе  жатқанның  барлығы  –  атты-
жаяулысы  болсын,  машина-тракторы  болсын  бәрі  де  алақандағыдай 
айқын  көрінеді.  (Ш.А.)  Базаралының  қашып  келгені  де  рас  және 
«бұрын  емес,  дәл  биылғы  жылы  қашып  келуіне  себеп  Күнтудың 
болыс боп тұрғандығы» дегені де дұрыс. (М.Ә.) 
 
227-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  көшіріңіздер.  Сызықшаның  өлеңді 
оқу мәнеріне әсерін түсіндіріңіздер. 
 
Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ. 
Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын, 
Көзің – ай, шашың – жібек, мамық тамақ. 

 
157 
Көзің – нұр, сөзің – алма, аузың – алтын, 
Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын. 
Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай 
Бұрқырап нұр төгілсін, маған талпын!
 
 
Бір сенсің дүние көрген көзім нұры, 
Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі! 
Егілген ер көңілім қол сермейді
Тартса да аспаннан көп жұмақ хоры. 
 
Жан сәуле, кеуде күйген, жүрек жалын! 
Кеудем от, жүрегімнің байқа халін?! 
Дауасы ауыр дерттің – жалғыз сенсің, 
Қолың бер, кетсін қайғы, сөнсін жалын! 
(С.Торайғыров) 
 
228-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  жеріне  сызықшаны  қойып,  көшіріңіздер. 
Оның қойылу себебін талдап түсіндіріңіздер. 
Қазір  бұл  ауылдағы  күзетші,  сауыншы,  түйеші,  қауғашы, 
отыншы,  асшы  атаулы  бәрі  де  жаман  жыртық  киімдерінен  жел 
азынап,  бүрсең  қағып,  бай  малының  қамында  жүр.  (М.Ә.)  Жиналған 
көптің  жүзі  жаз,  көңілдері  жайлау,  езуінде  күлкі,  көзінде  шаттық. 
(Т.К.)  Жас  шалғыны  мол,  кең  қоныс  Барлыбайда  отырған  Абай 
ауылы. (М.Ә.) Олар үлкен үйде Еркежанның қолында өсетін Әубәкір 
және Пәкизат. (М.Ә.) Бұрын жеткен Кәкітай, Дәрмен және Оспанның 
бір  ұл,  бір  қызы  Әубәкір,  Пәкизат.  (М.Ә.)  Ол  ол  ма,  Оразқұл  мас 
болып  келгенде  ол  арсыздың  бетіне  түкірудің  орнына  атам  елпек 
қағып, атының шаужайынан ұстап, аттан түсіріп, үйіне апарып, үстіне 
тон  жауып,  тоңып  қалмасын  деп  жік-жаппар  боп  жүреді.  (Ш.А.)  Ең 
алдымен тіл қатқан Жиренше: ... Бізге де олжа түссін деп, тым құрса 
мезіреті  жасады  ма?  Ол  ол  болсын,  жә,  мынау  көргеніміз  қай 
мазағымыз!? деп қатарында келе жатқан Күнтудің, опырылып қалған 
ерінің қасына қамшысымен салып кетті. (М.Ә.) 
 
 
 
 
 
 

 
158 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын 
сызықша 
 
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша 
Бастауыш  та,  баяндауыш  та  зат  есімнен, 
заттанған өзге сөз таптарынан болғанда 
Сендер  үшін  ең  қолайлы  тау  –  мына  бергі 
Алмалы. (С.Ш.) 
Бастауыш  жіктеу,  сілтеу  есімдіктерінен, 
баяндауыш  ІІІ  жақтағы  зат  есімнен 
болғанда 
Бұл  –  болашақ  университет  қаласының 
құрылысы. (С.Ш.) 
Бастауыш 
қимыл 
есімінен 
(тұйық 
етістіктен), 
баяндауыш 
ІІІ 
жақтағы 
жалғаусыз  зат  есімнен  не  керісінше 
болғанда 
Соны тәрбиелеп адам қылу – міндет. (М.Ә.) 
Бастауыш  та,  баяндауыш  та  бір  сөздің 
қайталануынан жасалғанда 
Ортасында  бес  үлкен  ақ  үйлер  бар,  көп  үйлі 
ауыл  –  Абайдың  екі  шешесі  Ұлжан  мен 
Айғыздың ауылы. (М.Ә.) 
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не 
сан есімнен жасалғанда 
Олақ – меншіл, Қызғаншақ – күншіл, Сырғақ 
– сыншыл. Бес жерде бес – жиырма бес. 
Бастауыш  есімшеден,  ал  баяндауыш  не  зат 
есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда 
Құнанбайға  бұлардың  ішінен  көз  алмай, 
қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал. 
(М.Ә.) 
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, алдыңғысы, 
соңғысы,  көбі  деген  сөздерден,  баяндауыш 
атау  тұлғадағы  зат  есімнен  не  қимыл 
есімінен (тұйық етістіктен) болғанда 
Жайлауда 
Құнанбай 
аулының 
көбірек 
орнығып отыратын қонысының бірі – Ботақан 
ошағы. (М.Ә.) 
Бастауыш  өзінен  кейінгі  сөзбен  тіркесіп, 
сөйлемнің  басқа  мүшесімен  шатасып 
кететін болса 
Жиырма – беске қалдықсыз бөлінеді. 
Бастауыш  зат  есім  не  заттанған  басқа  сөз 
таптарынан 
болып, 
баяндауыш 
болымсыздықты 
білдіретін 
емес 
сөзі 
тіркескен есімдердің бірінен болса 
Жоқтық  –  ұят  емес,  байлық  –  мұрат  емес. 
(Мақал) 
Бастауыш 
пен 
баяндауышты 
байланыстырушы дегеніміз, деген, ... сынды 
сөз тұрса 
Уақыт деген – көзге көрінбеген терең мазмұн, 
әлуетті  күш,  шешегін  жармаған  гүл, 
оқылмаған  кітап,  болуға  тиісті  оқиға, 
ашылмаған ғылыми жаңалық. (С.Ш.) 
Ол  –  ол  ма,  бұрынғы  –  бұрынғы  ма,  бұл  – 
бұл  ма  сияқты  қыстырма  сөз  тіркестерінің 
араларына 
Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті. 
 
229-жаттығу. 
Ақын-жазушылар 
шығармаларынан 
бастауыш 
пен 
баяндауыштың арасында қойылатын сызықшаның әр түріне 3 мысалдан теріп, 
ережемен дәлелдеңіздер. 
 
230-жаттығу.  Көшіріп  жазыңыздар  да,  бастауыштан  кейін  тиісті  жеріне 
сызықша  қойыңыздар.  Егер  бастауыштан  кейін  сызықша  қоюға  болмайтын 
болса, оның себебін түсіндіріңіздер. 

 
159 
Осы  орайда  «Қан  мен  тердің»  шетелдік  зерттеушілері 
(Л.Анинский  т.б.)  автордың  шығармаларына  өзек  етіп  алған 
философиялық  ұстанымының  «адамзат  тарихы  дегеніміз  адам 
баласының өкініштері мен адасуларының тарихы» деген көзқараспен 
үндесіп  айтылады.  (Ә.Н.)  Жотаның  құла  берісіндегі  сайда 
жапырайған  жер  кепелер  жұмысшылар  мекені.  (Т.К.)  Сөйтіп,  ауру 
шешемнің  алғашқы  шипасы  мен,  менің  келуім  болды.  (С.Ш.)  Бір-
бірінен  жасырынып  кеткен  молдалардың  бар  ойы  Шәймерденді 
жамандап  қана  қайту  емес,  өзіне  бәсекеші  боларды  даттау,  сөйтіп, 
өзінің  имам  болсам  деген  арманына  жету.  (Т.К.)  Ішіндегі  есебі 
кемпірді өз үйіне кіріптар ете түсу. (М.Ә.) Тәкежанның өз үйі көл жақ 
шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. (М.Ә.) Шақыртуға келмегені бұғып 
қалып,  бастарын  алып  қашқаны.  (М.Ә.)  Ақымаққа  айтқан  сөз  ағып 
жатқан  сумен  тең,  ақылдыға  айтқан  сөз  қолға  ұстаған  тумен  тең. 
(Мақал) 
 
231-жаттығу.  Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  сызықша  қойып, 
ережемен дәлелдеңіздер. 
Соңғы  алты  ай  ішінде  барлық  жалын  атқан  қайғысы  жалғыз 
баласы  Құтжан  жайы.  (М.Ә.)  Өзге  жұрттан  бөлініп  көшкен  бұл  бір 
топ  ауылдар  шетінен  Ырғызбай  руы.  (М.Ә.)  Сол  жердің  орта  тұсы 
Жексен  қыстауы  Қарашоқы.  (М.Ә.)  Бұл  екеуі  Бөжейдің  жақын 
ағайындары.  (М.Ә.)  Тегінде  Шыңғыстың  асыл  шөбі  мық  жусан. 
(М.Ә.)  Ол  Өскенбайдың  үлкен  үйі  Зере  отырған  ауыл.  (М.Ә.) 
Тізесімен тербетіп отырғаны Айғыздан туған немере қызы үш жасар 
Кәмшат.  (М.Ә.)  Олардың  тілеуі  мен  қақпайына  еру  өзін-өзі  аямау. 
(М.Ә.)  Құлыншақ  сол  Торғайдың  басты  кісісінің  бірі.  (М.Ә.)  Бала 
атаулының  жаз  болады  десе  ерекше  сағынатыны  бүлдірген.  (М.Ә.) 
Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай қысырдың тайы. Енесі асау көк 
бие.  (М.Ә.)  Жиырма-отыз  қойы  бар,  үш-төрт  қорасы  бар  үй  қалың 
елдің  көпшілігі.  (М.Ә.)  Ана  дүниеден  иман  тілеген,  өлімге  бас 
байлаған  үмітсіз  аурудай  ендігі  тілек  жол  амандығы,  денсаулығы. 
(Ж.А.) Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Марғасқа, 
Жиембеттер,  негізінен,  екі-үш  жанрда  жырлаған:  бірі  дидактикалық 
толғау,  оның  тақырыбы  жалпы  ақыл,  насихат  айту,  екіншісі  арнау 
толғау,  яғни  нақтылы  біреуге,  не  оқиғаға,  не  өзіне  қарата  айтылған 
сөз,  оның  тақырыбы  көбінесе  қоғам,  адам,  ел  қорғау,  үшіншісі 
портрет өлеңдер. (Р.С.) 
 

 
160 
232-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  бастауыш  пен  баяндауыштың 
арасына қойылатын сызықшаға бес мысалдан тауып жазыңыздар. 
 
233-жаттығу.  Мәтіндегі  сөйлемдердің  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар.  Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  қойылған  сызықшасы  бар 
сөйлемдерді тауып, сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
 
Үш бәйтерек 
Сәкен  Бейімбет  Ілияс  Үшеуінің  де  жөргегі  ұлан-ғайыр  бір 
даланың  топырағы  Біреуі  соның  кіндік  ортасында  біреуі  теріскей 
біреуі  күнгей  шалғайында  бір  жылы  туыпты  Үшеуі  де  бір  жаздың 
майсасынан  алғаш  нәр  тартып  бір  қыстың  ызғарынан  алғаш  қар 
басыпты 
Үш бәйтерек Үшеуінің туысы қандай бір болса тұрысы қандай әр 
бөлек Біреуі дәйім биікке талпынып алға ұмтылған өр халықтың асыл 
арманындай  асқақ  біреуі  талайды  бастан  кешіп  тауқыметке  төзіп 
өскен  қауымның  сарқылмас  сабырынан  жаратылғандай  сом  мығым 
Біреуі көпті көріп көпті сүйген халықтың парасат-парқын сіңіргендей 
қуатты  да  нәрлі  Үшеуі  де  ел  өміршеңдігінің  түлегі  Үшеуі  де  халқы 
мен заманының ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл 
(Ә.Кекілбаев) 
 
234-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  жеріне  сызықша  қойып,  олардың  қойылу 
себебін  түсіндіріңіздер.  Үлкен  адамдармен  қалай  сәлемдесу  керектігі  жөнінде 
өз ойларыңызды айтыңыздар. 
 
Сәлемдесу – сөз басы 
Адамдардың  бір-біріне  лебіз  білдіруі  сәлемнен  басталады. 
Сәлемдесу тұрмыстық қатынастағы сөз басы. Сәлем сөз анасы, сөздің 
қасиеті,  сондықтан  оның  мағынасына  мән  беру  әдептіліктің, 
адамгершіліктің, сөз мәдениетін байыптаудың баспалдағы. 
Кішінің  үлкенге  сәлем  беруі  үлкеннің  құрмет  көруі,  жастың 
ізеттілік білдіруі. 
Сәлемдесу ағайын мен туысты, дос-жаранды, іні мен ағаны, бала 
мен  дананы  жарастыру  ғана  емес,  ата  салтын  жалғастыру,  алысты 
жақындату. 
Адамның  кейіп-кескінін  тану,  оның  болмысын  байқау,  көңіл-
күйін білу әрі оған да өз ниетіңді ұқтыру. 
(«Әдептілік қағидалары» кітабынан) 
 

 
161 
235-жаттығу.  Төмендегі  сөйлемдерге  сызықша  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
1)  Сабыр  ақыл  серігі.  2)  Аргентинадағы  Аконкагуа  сөнген 
жанартауы  Батыс  жарты  шардағы  ең  биігі.  3)  Ғашықтың  тілі  тілсіз 
тіл.  4)  Тропиктер  Жердің  экватордар  жер  шары  ортасының 
айналысымен  көзге  елестетілетін  сызықтан  оңтүстікке  немесе 
солтүстікке қарай жатқан өңірлері. 5) Ең үлкен төрт планета Юпитер, 
Сатурн, Уран және Нептун алып газ шарлар. 6) Үлкен Шатқал АҚШ, 
Аризона  штатындағы  Колорадо  өзені  кесіп  өткен  жер  бетіндегі 
орасан  зор  сай.  7)  Диктатура  дегеніміз  бір  адамның  немесе  адамдар 
тобының  билікке  толық  ие  бола  отырып,  елді  басқаруы.  8) 
Акулалардың  сүйекті  балықтардан  айырмашылығы  қимыл-қозғалыс 
жасамай, 
суда 
өзін-өзі 
ұстап 
тұруға 
көмектесетін 
жүзу 
торсылдағының болмауы. 9) Дауылдар Үнді мұхитындағы циклондар 
және  Тынық  мұхитындағы  тайфундар  деген  атпен  белгілі  ең 
қиратушы жойқын желдер. 
 
236-жаттығу.  Көп  нүктенің  орнына  қажетті  сөз  не  сөз  тіркесін  тауып 
қойыңыздар.  Сызықшаның  қойылу  себебін  түсіндіріп,  бір  мақал-мәтелді 
тақырып етіп шағын шығарма жазыңыздар. 
1) ... ... – қызыл тіл. 2) Жақсы болсаң – ... , жаман болсаң – ... . 3) 
Әдептілік ар-ұят  –  ... ... . Тұрпайы  мінез, тағы жат  –  ... ... . 4) ... ...  – 
ұлы ұстаз. 5) ... – білім бұлағы, ... – өнер шырағы. 6) ... – сөздің атасы, 
... – ердің опасы. 7) Сөз анасы – ... , су анасы – ... , жол анасы – ... . 8) 
... – зор байлық. 9) Денсаулық кепілі – ... . 10) Су жүрген жер – ... , ел 
жүрген жер – ... . 11) ... ... – елдің ырысы, ... ... – жанның тынысы. 12) 
Жақсының жүрген жері – ... , жаманның жүрген жері – ... . 13) Бірінші 
байлық  –  ...  ,  екінші  байлық  –  ...  ...  ,  үшінші  байлық  –  ...  ...  .  14) 
Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің 
ішіндегі гауһары – ... ... . (М.Көпеев) 15) Әркімге ... ... – туған шеше, 
Оған бала міндетті сан мың есе. (С.Мұқанов) 
 
Қажетті  сөздер:  өнер  алды,  денсаулық,  азарсың,  өмірдің  өзі, 
мереке,  білім,  мақал,  құлақ,  жақсы  жер,  бұлақ,  тұяқ,  денсаулық, 
тазалық,  береке,  озарсың,  жақсы  адам,  базар,  азар,  ақ  жаулық, 
надандықтың  белгісі,  он  саулық,  оқу,  қазақ  тілі,  уәде,  адамдықтың 
белгісі, туған тілі. 
 
237-жаттығу. 
Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  қойылатын 
сызықшаны келтіре отырып мамандыққа байланысты әңгіме құрастырыңыздар, 

 
162 
тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 
 
238-жаттығу. 
Мәтіннің  тиісті  жеріне  сызықша  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін дәлелдеңіздер. 
Адамзаттың  ақыл-ойының  даму  жолын  айқындайтын,  көркемдік 
танымының  бағыт-бағдарын  белгілейтін,  өткен  өмірді  қалпына 
келтіріп,  бүгінгі  өмірді  таңбаға  түсіріп,  замандармен,  халықтармен 
бірге  ғұмыр  кешетін  тірі  бейнелер  кейіптеп,  өз  тарапынан  жаңа  бір 
әлем  жасап  шығаратын,  халық  рухы  әбілхаят  нәрімен  сусындап, 
фәниден  озған,  бақиға  бата  алған,  ескірмейтін,  өлмейтін  мерейлі 
шығармалармен  бұ  дүниеде  мәңгі  жасайтын  Жазушы  болу  айрықша 
бақыт.  Үш  дүниенің  сырын  тоқыған,  төрт  тарабын  түгел  таныған 
Қазақ Жазушысы болу он есе артық бақыт. Талабы таудай жан балам, 
көкірегіңде  от  болса,  туған  халқыңды  жан-жүрегіңмен  сүйсең,  сенің 
де  ірі  жазушы,  зор  тұлға  болып  шығарың  күмәнсіз.  Ірі  болмасаң  да, 
ұлы болмасаң да, қатарыңша қызмет жасасаң мұратыңа жеткенің. Ол 
сенің адамдығыңа байланысты. 
Жазушының  адамдық  бейнесі  әділдік,  адалдық,  кісілік  деген 
ұғымдардың  жиынтық  көрінісі.  Қазақ  жалпақ  тілде  «жақсы  адам» 
дейді,  «жақсы  кісі»  дейді.  Жақсы  адамның  бәрі  бірдей  жазушы 
болмайды,  бұл  жалпылық  өлшем,  бірақ  жақсы  жазушының  барлығы 
да жақсы кісі болған. Кісілігі кем жазарман ешқашан да тәуір жазушы 
дәрежесіне  жетіп  көрген  емес.  Өйткені  жазу  ең  алдымен,  кісіліктің 
жемісі.  Тетігін  білмеген  адам  трактордың  өзін  жүргізе  алмайды. 
Жақсылық  пен  жамандықтың  тетігін  айырмаған  жан  қалай  тәуір 
жазбақ. Жаза алмайды, болмайды. 
Қаламгердің  азаматтық  келбеті  яғни  отаншылдық,  ұлтшылдық, 
қаншылдық  бұл  да  кісілікке  жалғас,  дарынмен  бірге  бітетін,  өскен 
орта,  алған  тәрбие  негізінде  қалыпқа  түсетін  қасиет.  Онсыз  тағы  да 
жазушы  жоқ  деп  біліңіз.  Әсіресе,  біз  сияқты  отар  ел  жағдайында. 
Халқын  сүймесе,  ұлттық  намыстан  кенде  болса,  адамдық  қасиеті  де 
жоқ  деген  сөз,  жазушылық  қайда,  дені  түзу  кісі  есебіне  қосу  қиын. 
Қаламгер  аруақтың  аманатын  арқалаушы,  халықтық  рухтың 
жаршысы, яғни ұлттық сана оның шығармашылық бітіміндегі ең игі 
негізгі көрсеткіші болуға тиіс. 
Сонымен,  жазушы  қайдан  шығады  деген  әуелгі  сауалымызға 
қайтып  оралдық.  Бірінші  шарт  дарын  дедік,  ал  бұл  дарынның  туа 
бітетіні  талассыз  ақиқат.  Бірақ  сол  туа  біткен  қасиет  жүзеге  асуы 
үшін тағы қаншама жағдай керек екен. Соның ішінде адамның өзіне 

 
163 
тікелей  байланысты  және  ең  мәнді,  ең  басты  шарт  таудай  талаптан 
серпін алған табанды еңбек. 
Бойдағы  дарын  тәңірінің  сыйы  еңбексіз  келді.  Өзгеше  талай  бақ 
қонды.  Енді  соны  жетілдіру,  жеріне  жеткізу,  кәдеге  асыру  құт 
орнаған  кісінің  өзінің  қолында.  Дарын  Көктен  түсті.  Жеміс  емес, 
тұқым.  Өнер,  оның  ішінде  жазушылық  сол  тұқымның  мәуеге 
айналған  көрінісі.  Екі  арада  ауыр  әрі  қызғылықты,  ақыр  түбінде  бір 
адам емес, бүкіл жұрт үшін, оларды ұлыс үшін игілікті еңбек тұр. 
(М.Мағауин «Мен») 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет